Бұршақ тұқымдасының тех



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

Ауылшаруашылық және экологиякафедрасы

Бұршақ тұқымдастар аурулары,себептері мен белгілері,бұршақ тұқымдастарын сақтау кезінде ауруларымен күрес шаралары және санитариялық бағалау

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

5В120200-Ветеринариялық санитария мамандығы

Курстық жетекші:аға оқытушы.,Масабаева А.Н
Орындаған:Қайратова Ұ.Қ

Ақтөбе ,2020

Жоспары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-21
1.1.Бұршақ тұқымдасы туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Ботаникалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-6
0.3 Бұршақ тұқымдасының аурулары және олардан қорғану шараларының жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Кіріспе
Фитопатология(грекше phyton - өсімдік, pathos - ауру, logos - оқыту) - өсімдік ауруы туралы ғылым, оның негізігі міндеті - фитопатегенді организмдерден ауыл шаруашылығы дақылдарының шегетін зардабын бәсеңдету жолын іздестіру. Ол ауру өсімдікті, аурудың туу себептерін және дамуына қоршаған орта жағдайының әсерін зерттейді. Фитопатология пәні жалпы фитопатология, ауылшаруашылық фитопатологиясы, орман фитопатологиясы, өсімдік иммунитеті, аурудың дамуын болжау деп бірнеше пәнге бөлінеді.
Фитопатология пәнінің мақсаты - өсімдік пен патоген арасындағы қатынасты химиялық, молекулалық, генетикалық деңгейде зерттеп, өсімдік ауруының пайда болып, таралуын алдын ала болжау, ауруға төзімді сортарды шығару, химиялық, биологиялық, агротехникалық және басқа да әдістерді пайдаланып, аурулардың алдын алып, олардан келетін шығынды мейлінше төмендету.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқындауына байланысты өсімдікті аурулардан тұрақты қорғау, ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары да сапалы өнім алумен қамтамасыз етудің негізгі бір қажетті элементі болып табылады.
Аграрлық ғылымның, оның ішінде гендік жаңғыртылған дақылдар әзірлеудің арқасында Қазақстан өңірлік ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылардың біріне айналады. Болашақ -- аграрлық секторда, әсіресе, шағын және отра бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылы қолдауға тиіспіз. Фермерлер ұзақ мерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына делдалсыз, тікелей шыға алатын болуға тиіс. Ауыл өндірушілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін құруда өзекті мәселе. Қазақстан аграрлық мемлекет болғандықтан көптеген аграрлық секторда жұмыстар атқарылып жатыр. Қазақстан қазіргі таңда өзінің даму сатысының жаңа қадамында тұр. Ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы өз ерекшеліктері бар негізгі салалардың бірі. Ол халықты азық -- түлікпен, өндірісті шикізатпен, ауыл адамдардың жұмыспен қамтамасыз етеді. Еліміздің азық -- түлік қауіпсіздігі мен ішкі қоғамдық саяси тұрақтылығы осы саланың дамуымен тікелей байланысты. Соңғы жылдары әлемдік азық -- түлік нарығында туындаған дағдарыспен оның салдары халықты азық -- түлікпен қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігін айқындап, оны жалпы экономикалық саясаттың алдыңғы қатарына шығады

3.1. Бұршақ тұқымдасы жайлы жалпы түсінік
Бұршақ(Pisum) -- бұршақтар тұқымдасына жататын біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Жапырағының ұшындағы тармақталған мұртшалары арқылы бірнәрсеге жармасып өседі. Гүлі ірі, тұқымы шар тәрізді. Бұршақтың орташа түсімі гектарынан 10-12 центнер, азот колхозшылар мен тәжірибе егістіктері 35-40 центнерден өнім алады. Бұршақтың бұрынғы КСРО-да 6 түрі өседі. Олар: биік бұршақ -- біржылдық өсімдік, бұтақтанған қатаң сабағының ұзындығы 100-150 см-ге барады; мұның кейбір формалары екпе бұршақтың ататегі болып табылады. Биік бұршақтың жемшөптік мәні зор өсімдік. Әсем бұршақ(Р. formosum) -- көпжылдық өсімдік; сабағының ұзындығы 5 -- 15 см, биік тауларда жабайы түрінде бұтақтанып өседі. Мал жақсы жейтін бұршақ тұқымдасы:сиыр жоңышқа, май бұршақ(Р. arvense) -- жабайы түрінде өсетін біржылдық өсімдік. Мұның тағамдыққа онша мәні жоқ, сондықтан оны жемшөп және кейде жасыл тыңайтқыш үшін егеді. Май бұршақ мол өнім беретін өсімдік, гүлденген кезінде гектарынан 150 -- 200 центнер көк шөп, 33 -- 40 центнер пішен береді, 1 га-дан 8 -- 10 центнер тұқым түседі. Екпе бұршақ(Р. sativum) -- біржылдық өсімдік.Бұл көбінесе астық үшін өсірілетін өте құнды өсімдік.Жатаған бұршақ(Р. humile) -- біржылдық өсімдік, әлсіз жіңішке келген сабағының ұзындығы 20 -- 35см. Суармалы жерлерде арамшөп түрінде өседі, мал жемейді.
Бұршақтар тұқымдасы - қос жарнақтылар класына жататын бұта, шала бұта, шырмауық, кейде ағаш, көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. 700 туысы, 17 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 42 туысы мен 650-дей түрі бар. Бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктердің гүліндегі 10 аталықтың 9-ы бірігіп, біреуі жеке орналасады. Аналығы - біреу. Жемістері - бұршақ, бір ұялы. Күрделі жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақсыз түрлері де кездеседі. Кейбір түрлерінде жапырақ орнына тікендер, ал жапырақтарының ұшында мұртшалары болады. Бұршақ тұқымдасының түйінді тамырында ауадан азот жинайтын бактериялар орналасады. Олар ауадағы бос азотты сіңіріп, топырақты азотпен тыңайтып, құнарландырады. Тұқымдары белокқа бай бұршақ тұқымдасы ауыл шаруашылығында да маңызы зор. Бұлар бағалы мал азығы болып табылады. Ал бұршақ, кестежапырақ сияқты түрлері жасыл тыңайтқыш ретінде өсіріледі. Бұршақ тұқымдасын техникалық дақыл ретінде де маңызы зор. Ағаштарының сүрегі құрылыста және жиһаздар жасауға пайдаланылады. Кейбір түрлерінің қабығынан бальзам, шайыр, сапонин, түрлі түсті бояуыш заттар алынады. Олардың ішінде мыс, мия, әйбәтмия, түйежоңышқа, жыланбұршақ сияқты түрлері - дәрілік өсімдіктер. Бұршақ тұқымдасының кейбір түрлері улы, олардың құрамында алкалоидтар, сапониндер, гликозидтер бар.
Бұршақтар тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты). Бұлардың өкілдерінің көпшілігінің бұрынғы БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық, сонымен бірге солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер жабынының қалыптасуында маңызы аса зор. Негізгі өмірлік формалары: ағаштар, бұталар, көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай, тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан, ал ағаштары мен бұталарының көпшілігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшеліктерінің маңызы аса зор. Бұршақтар тұқымдасының көптеген түрлерінің халық шаруашылығында маңызы аса зор. Олар азықтық, жемшөптік, бал жинайтын, сәндік, дәрі-дәрмектік т.б. өсімдіктердің топтарын құрайды. Бұршақтар тұқымдасының азықтық, жем-шөптік сапасы кейде олардың құрамында глюкозидтердің немесе алколоидтардың көп мөлшерде болуына байланысты біршама төмендейді.
Сиыржоңышқа туысы. 150-дей түрі бар, БОР-дың флорасында 84 түрі бар, ал Қазақстанда 25 түрі кездеседі. Олардың көпшілігі жем-шөп ретінде аса құнды және сапасы жоғары пішен немесе дән алу мақсатында мәдени жағдайға ендірілген. Кейбіреулері арам шөп ретінде егістікті бүлдіреді.
Егістік сиыржоңышқа пішен дайындау жөне дән алу мақсатында өсірілетін біржылдық шөптесін өсімдік. Түкті сиыржоңышқа біржылдық, сиректеу екіжылдық өсімдік, оны мал азығы ретінде күздік қарабидаймен бірге себеді. Табиғи жағдайда ол БОР-дың европалық бөлігінде, Кавказдың Солтүстігінде және Орта Азияда кездеседі. БОР-дың барлық жерлерінде, арамшөп ретінде түкті сиыржоңышқа, ал осы республикалардың европалық бөлігі мен Кавказда айылжапырақты сиыржоңышқа өседі.
Асбұршақ туысы. Түрлерінің саны әлі күнге дейін толық дәлелденбеген. БОР-дың флорасында 6-түрі келтірілген. Біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сабақтары жұмсақ, мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып көтеріліп тұрады.
Егістік асбұршақ біржылдық шөптесін өсімдік, егістік және кейбір жағдайларда бақшалық дақыл ретінде кең таралған. Бұл түр дала асбұршағына жақын, шамасы соңғы түр осы кездегі себіліп жүрген сорттарды шығарғанда алғашқы пайдаланған форма болса керек.
Беде туысы. Түрлерінің саны 300-дей, БОР-дың флорасында 65 түрі, ал Қазақстаңда 11 кездеседі. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континентерінде) кездесетін, оның ішінде Солтүстік ендіктің қоңыржай және субтропикалық климатты елдерінде біршама кең таралған көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Сабақтары негізінен тік, сиректеу жерге төселіп өседі. Жапырағы үшқұлақ, сиректеу 5-9 жапырақшадан тұрады. Гүлдерінің түсі сары, қанық қызыл және ашық қызыл болып келеді. Күлтежапырақшалары тұп жағынан біріккен болып келеді.
Қызылбас беде. Биіктігі 30-50 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, мамыр айының екінші жартысынан күзге дейін гүлдейді. Гүлдерінің түсі қызыл, шоқпарбас шоғырға жиналған, бобтарында біреуден ғана дәні болады, мәдени жағдайда көп өсіріледі. Қызғылт беденің күлте жапырақшасының түсі солғын қызғылт болып келеді, оны негізінен орманды аудаңдарда көптеп себеді, жабайы қалпына ауысуы жиі байқалады. Ақ беденің күлте жапырақшасының түсі ақ болады, ол мал азығы ретінде аса құнды өсімдік, әрі малдың таптап-жаншуына шыдамды. БОР-дың барлық жерлерінде кеңінен таралған.
Жоңышқа туысы. 100-дей түрі бар. Табиғи жағдайда жершарының екі ендігініңде тропикалық аймақтарында, Жерорта теңізі жағалауында, Европада, Кавказда, Орта Азияда кездеседі. БОР-дыңфлорасында 36 түрі кездеседі, олар негізінен Орта Азияд аөседі, ал Қазақстанда 18 түрі бар. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жапырақтары үшқұлақ болып келеді, сиректеу бұталар. Бобтары бір дәнді (немесе аз дәнді), формасы бүйрек немесе орақ тәрізді. Құрғақшылыққа, сортаң және сор топырақтарға жақсы бейімделген. Тамырыньң ұзындығы 1,5 м-гедейін жететін, кіндік тамырлы өсімдік. Агромелиоративтік маңызы зор. Мал азығы ретінде аса құңды, құнары жоғары және жақсы желінетін пішен беретін өсімдік.
Сарбас жоңышқақ. Биіктігі 100-120 см болатын, күлте жапырақшасының түсі сары, құрғақшылыққа, ыстыққа және суыққа төзімді өсімдік. Табиғатта (Европада, Сібірде, алдыңғы және Орта Азияда) жөне мәдени жағдайда кең таралған өсімдік. Кәдімгі жоңышқаның гүлі қою-күлгін түсті, бобы спираль тәрізді бұралған болып келеді. Табиғи жағдайда Кіші Азияда, Тибетте, Индияда кеңінен таралған. БОР-дың территориясында, әсіресе құрғақ шөлейт аудандарда тек мәдени жағдайда ғана өседі, кейде жабайы жағдайға ауысқандығы байқалады.
Фасоль туысы.Түрлерінің жалпы саны 200-дей. Табиғи жағдайда негізінен Азия мен Американың тропикалық аймақтарында өседі. Біржылдық шөптесін өсімдік, сабақтары тігінен жайылып, көпжағдайда тіптен шырмалып өседі. Жапырақтары үшқұла күрделі болып келеді. Күлте жапырақшалары сары, ақ, қызғыштау-сары, қоңыр-қызыл және сия-көк түсті болып келеді. БОР-дың территориясында 20-дай түрібелгілі. Олардың барлығы тек мәдени жағдайда көкөніс дақылы ретінде және сәндік өсімдіктер ретінде ботаникалық бақтарда, парктерде, скверлерде өсіріледі.
Кәдімгі фасоль.Көкөніс дақылы, Солтүстік жақта Санкт-Петербургке дейін жетеді. От жалынды-қызыл өрмелеп өсетін біржылдық өсімдік, гүлі ашық-қызыл түсті болып келеді. Сәндік өсімдік ретінде кеңінен отырғызылады, сиректеу тамақ ретінде де пайдаланылады.

1.2.Ботаникалық сипаттамасы

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бір тобының сабағы мықты емес, жер бауырлап өседі. Ал екінші бір тобының сабағы мықты, тік өседі. Енді бірінің сабағы мұртшаға айналып, өрмелеп өсуге бейімделген.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырағы бірнеше кішкене жапырақтардан құралатын қауырсын тәрізді, күрделі жапырақ; қатар салалы, үшқұлақты, саусақ салалы болып келеді. Гүлі дұрыс құрылмаған - зигоморфты, гүл қоршауы, күлтежапырақшасының мөлшері, пішіні де бірдей емес. Гүлсерігі қосарланған, біріккен тостағанша жапырақтардан - 5 тостағанша, күлтежапырақшадан - 5 күлте түзіледі. Күлтежапырақшалардың пішініне қарай аттары бар. Ең ірі жоғарғы күлтежапырақша - желкен, бүйіріндегісі - ескек, төменгі біріккен екі күлте жапырақша - қайықша деп аталады.
Қайықша күлтесінің ішінде 10 аталық, бір аналық болады. Аналықтың бір ғана ұялы түйіні және бірнеше тұқым бүрлері болады. Андроцейіндегі аталық құрылысы туыстарында әртүрлі болады. Ақмия (софора), тентекмия (термопсис) туыстарында андроцейдегі 10 аталығы да бірікпеген бос болады, ал бөрібұршақ (люпин), бекіш (дрок) туыстарында андроцейдегі 10 аталықтары да аталық жіпшелері арқылы бірігіп кетеді. Бұршақ, жоңышқа, сиыржоңышқа (вика), әйкен (чина) туыстарының түрлерінде 10 аталықтың 9 бірігіп, 1 бос болады. Күлтенің түсі әр түрлі: ақ түстен қызыл және күлгін түске дейін өзгереді. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің гүл шоғырлары шашақ гүл, шатыршагүл және жұмыргүл т.б. болады. Жемісі - бұршаққап. Бұршақтың дәні екі қабыршақ болып ашылады және ішінде бірнеше ұрық болады. Ұрықтарының түсі, пішіні және мөлшері әр түрлі болып келеді. Дәнінің негізгі ерекшелігі - оларда ақуыздың көп болуында.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесі кіндік тамырлы болады. Топыраққа терең бойлап жататын негізгі тамырдан жіңішке тамырлар тарайды, бұл жіңішке тамырлардың көпшілігі топырақ бетінен 20-25 см тереңдікте жатқан қабатқа таралады. Барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырынан жуандаған жерін, яғни тамыр түйнектерін көруге болады, бұл жерлерге ауадағы бос азотты бойына сіңіретін бактериялар жиналады. Оны түйнек бактериялары деп атайды.
Түйнек бактерияларымен бұлар селбесіп (симбиоздық) тіршілік етеді. Түйнек бактериялары ауадағы бос азотты сіңіріп, оны ақуыз заттарына айналдырады. өсімдік тамыры қурағаннан кейін осы ақуызды заттардың есебінен топырақ азотты қосылыстарға байиды.
Гүлдері шашақ гүл шоғырына жиналған, симметриясы зигоморфты. Гүлсерігі қосарланған: біріккен 5 тостағаншасы, пішіні әр түрлі жоғарыда сипатталғандай 5 күлтесі болады, күлтесінің түсі көк. Андроцейі 10 аталықтан тұрады. Аналығы біреу, үстіңгі жатын, бір ұялы, бірнеше тұқым бүрлері болады. Гүл формуласы: Са(5) Со 1+2+(2)А(81+1)G1
Жемісі - спираль тәрізді бұратылған бұршақ қап.
Бұршақтар тұқымдасының түйінді тамырында ауадан азот жинайтын бактериялар орналасады. Олар ауадағы бос азотты сіңіріп, топырақты азотпен тыңайтып, құнарландырады. Бұлар бағалы мал азығы (беде, жоңышқа, бұршақ, таспа, т.б.) болып табылады. Ал бұршақ, кестежапырақ сияқты түрлері жасыл тыңайтқыш ретінде өсіріледі. Бұршақ тұқымдасының тех. дақыл ретінде де маңызы зор (мыс., арахис, соя, т.б. майы). Ағаштарының сүрегі құрылыста және жиһаздар жасауға пайдаланылады. Кейбір түрлерінің қабығынан бальзам, шайыр, сапонин, түрлі түсті бояуыш заттар алынады. Олардың ішінде мыс., мия, әйбәтмия, түйежоңышқа, жыланбұршақ сияқты түрлері - дәрілік өсімдіктер. Бұршақ тұқымдасының кейбір түрлері улы, олардың құрамында алкалоидтар, сапониндер, гликозидтер бар (ақмия, бойдана, таспа, кекіре, т.б.).Бұршақ тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты).

1.3.Бұршақ тұқымдасының аурулары және олардан қорғау шараларының жүйесі
Дәнді-бұршақ дақылдарының аса зиянды ауруларына пероноспороз, аскохитоз, антракноз, фузариоз, тамыр шіріктері, тат, бактериоздар мен вироздар жатады.
Аталған аурулардың кейбір түрлері көптеген дәнді-бұршақ дақылдарында бір-біріне ұқсас, сондықтан қоздырғыштардың морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері барлығына жалпы сипатталып, тек дақылдардағы айырмашылықтары көрсетіледі.
Пероноспороз. Аурудың қоздырғыштары - Peronospora туысының саңырауқұлақтары. Бұл саңырауқұлақтар арнайы бейімделген өсімдіктерді залалдайды. Мысалы, асбұршаққа - P.pisi Syd., май бұршаққа - P.manshurica Syd. түрлері бейімделген.
Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен таралып, ал ооспоралары залалданған ұлпа ішінде түзіледі. Конидия тасушылары дихотомиялы бұтақталған, қоңыр-күлгін түсті, конидиялары домалақ немесе сопақша, сарғыш кейде түссіз, көлемі 17-30х14-27мкм. Ооспоралары домалақ шар тәрізді, қос қабатты, сарғыш-қоңыр түсті. Саңырауқұлақтың дамуына қолайлы жағдай 15-260С температура және жоғары ауа ылғалының су тамшысы. Инфекция қоры-өсімдік қалдықтарында қыстайтын ооспоралар.
Ауруға негізінде өсімдіктің жапырағы, кейде басқа жер үсті бөліктері шалдығады. Кесел жергілікті және диффузды болуы мүмкін.
Залалданған жапырақтың үстіңгі бетінде дөңгелек, ашық-жасыл, сарғыш жайылған дақтар пайда болады. Дақтардың астыңғы жағында күлгін-сұр түсті өңез түзіледі. Дақ кейін қоңырланып, ұлпасы жансызданады.
Сабақ пен бұршаққабында дақтар жайылған, хлорозды, күлгін-сұр конидия тасушылардан тұратын өңез пайда болады. Залалданған жас өсімдіктер нашар дамып, буынаралықтары қысқарып, жапырақтары майдаланып, дәндері жетілмей семіп, бойы өспейді. Саңырауқұлақ клетка аралығымен таралған жағдайда аталған белгілер байқалады.
Қытай бұршағының септориозы - Септориоз сои . Қоздырғышы - Septoria glinices Hemmi. Ауру белгілері: Жапырақтарда шектеулі талшықтармен қапталған қызыл-қоңыр үлкен дақтар пайда болады. Тұқымның өсу кезеңінде бұршақтағы дақтар сәл қаралау болып келеді, піскен кезінде дақтар үлкен болады. Сабақатарымен шеткі жапырақтарында ұзыншақ қара қоңыр дақтар пайда болады.
Аурудың сақталу көзі және таралуы: Тұқым арқылы залалданады, ауру өсімдік қалдықтарында сақталады. Саңырауқұлақ (5-300С) температурада дамиды.
Аскохитоз. Ауру қоздырғышы - Ascohytaсаңырауқұлағының түрлері. Кең таралған ауру, әсіресе республиканың оңтүстік-шығысында жиі кездеседі.
Дәнді-бұршақ дақылдарын барлық даму кезеңінде залалдайды. Ауруға шалдыққан өсімдіктің жер үсті мүшелерінде түрлі дақтар пайда болып, олардың бетінде пикнидалар түзіледі. Арудың сыртқы белгілері өсімдік пен қоздырғыш түрлеріне байланысты білінеді. Асбұршақ аскохитозы үш түрлі-бозғылт, қоңыр және тұтасқан.
Бозғылт аскохитоздың қоздырғышы - Ascochyta pisi Lib.саңырауқұлағы. Залалданған мүшелердің қоңыр жиекті бозғылт дақтар пайда болады. Жапырақ пен бұршаққапта дақ дөңгелек, ал сабақ пен сағақта ұзынша болып келеді. Дақтар кейде көмескілеу көрінеді, бірақ екі жағдайда да дақ үстінде көптеген майда қара-қоңыр пикнидалар түзіледі.
Залалданған тұқымдардың беткі қабаты қыртыстанып, ашық-сары түсті дақтар жайылып орналасады. Саңырауқұлақтың бұл түрі басқа дәнді-бұршақтарға қарағанда асбұршақты жиі залалдап, аурудың дамуы жоғары дәрежеде өтеді.
Қоңыр аскохитоздың қоздырғышы - A. pinodes Jones саңырауқұлағы. Өсімдіктің жапырағы, сабағы, бұршаққабы залалданып, оларда дөңгелек немесе бұрыс пішінді, шектелген, түсі қара-қоңыр, ортасы қаралау, диаметрі 0,5-8мм дақтар түзіледі. Пикнидалар көлемі үлкен дақтарда ғана пайда болады. Залалданған сабақта ойық жаралар болуы мүмкін. Кеселденген жас өскін қарайып, оның тамыр мойны шіриді. Ауруға шалдыққан тұқымда қоңыр дақтар түзіледі. Саңырауқұлақтың жынысты споралары да болуы мүмкін, олар солып қурай бастаған өсімдік бөліктерінде пайда болған майда, түс қара-қоңыр псевдотецийлер ішіндегі қалталарда түзіледі.
Тұтасқан аскохитоздың асбұршақтағы қоздырғышы - A.Pisicola Sacc. саңырауқұлағы. Жапырақ пен сабақтарда дөңгелек, ашық түсті, қоңыр жиекті майда дақтар бір-бірімен қосылып тұтас үлкен дақ түзеді. Дақ ортасында ірі, қара пикнидалар орналасады.
Май бұршақ аскохитозының қоздырғышы - A.sojaecola Abr. саңырауқұлағы. Өсімдікті барлық өсу кезеңінде залалдайды. өскіннің тұқым жарнағында қара жиекпен шектелген қара-қоңыр дақ пайда болады. Жапырақтағы дақтар ірі (1см дейін), дөңгелек, түсі ақшыл-сұр, қоңыр жиекті, кейде созылыңқы келеді де жүйке аралығында орналасады. Дақтар үгітіліп, түсіп, тек жиегі қалуы мүмкін. Пикнидалар жапырақтың үстіңгі бетінде шеңберлі орналасады. Залалданған өсімдіктің жас сабақтарының беткі ұлпалары ұзынша тілімдерге ыдырап, ал сүректелген сабақтарда қара, ұзынша, созылыңқы көптеген пикнидалар бар дақтар пайда болады.
Сиыржоңышқа аскохитозының қоздырғыштары - A.viciae Lib.жәнеA.punctata Naum. саңырауқұлақтары. Қоздырғыштар өсімдіктің жапырағын, сабағын, бүршаққабын залалдайды. A.punctata саңырауқұлағы залалдаған мүшеде көмескі тұтасқан дақтар үстінде шеңберлі орналасқан басылыңқы қара пикнидалар, ал A.viciae - майда, дөңгелек, түсі қызылдау, жиегі қоңыр-қызыл дақтар түзеді. Ақшыл дақ ортасында пикнидалар орналасады.
Бөрібұршақ аскохитозының қоздырғышы - A.lupinicola Pet. саңырауқұлағы. Өсімдік жапырағында қызыл-қоңыр, сәл дөңес, жиекті дақ пайда болады. Жапырақ жиегінде орналасқан дақтарда көбінесе дара пикнидалар түзіледі.
Мал азықтық бұршақтың аскохитозы - A.fabe Sped. саңырауқұлағы қоздырады. Өсімдік жапырағында, сабағында, жемісінде дөңгелек немесе созылыңқы қоңыр дақтар пайда болады. Дақ ортасы ашық, шеті қоңыр-қызыл жиекті, бетінде көптеген пикнидалар түзіледі.
Аскохитоз ауруы мол жаңбырлы ауа райы және 20-250С температурада қарқынды дамып, жетілген пикноспоралар жауын тамшысымен, желмен сау өсімдіктерге тарайды. Пикноспоралар төмен температурада (40С) өнеді. Қолайлы жағдайда саңырауқұлақтың инкубациялық кезеңі 4-8, кейбіреулерінікі - 2-4 күн. Жоғары температурада (350С) қоздырғыштың дамуы тоқталады. Инфекция қоры тұқым мен өсімдік қалдықтарында жіпшумақ, пикнида, псевдотеций, хламидоспора түрінде қыстайды. Соңғысы топырақта 3-4 жылға дейін сақталады.
Аурудың салдарынан өскіндер жойылып, өсімдіктің дамуы саябырлайды, жапырақтар мерзімінен бұрын қурап түседі, бұршаққаптағы тұқымдар бір мезгілде пісіп жетілмей, түзілген тұқым әлжуазданып, өнуі төмендейді.
Асбұршақтың аскохитозы немесе теңбілденуі - Аскохитоз гороха. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабыршақ қанаттылар, көбелектер
Дәнді дақылдар, бұршақ, көкөніс, жеміс-жидектерге сипаттама
Тыңайту жүйесі құрылатын ауыспалы егіс дақылдарының қоректенуінің биологиялық ерекшеліктері
Бұршақ тұқымдас дақылдар
Астық тұқымдастар
Картоп және көкеніс зиянкестері жайлы мәлімет
Картоп және көкеніс зиянкестері жайлы
Өсімдіктер жамылғысының құрылу және жүйелеу заңдықтары
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері жайлы мәлімет
Бұршақ тұқымдасы жайлы жалпы түсінік
Пәндер