АУДИОЛИНГВАЛДЫ ӘДІСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Филология және педогогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Аудиолингвалды әдіс - қазақ тілі сабағында тіл дамытудың бір жолы
Мамандық шифры
Оқу бөлімі
5В020500
Күндізгі
Орындаған: __________________ Оразбаева А.А
Тексерген: __________________ Жукенова С.К.
Бағасы: __________________
Көкшетау, 2020
Мазмұны
КІРІСПЕ
3
І АУДИОЛИНГВАЛДЫ ӘДІСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
5
1.1 Аудиолингвалды әдістің қалыптасу тарихы туралы түсінік
5
1.2 Аудиолингвалды әдістің мақсаты мен міндеттері, принциптері
8
1.3 Аудиолингвалды әдістің модельдері мен аудиомәтін талаптары
10
ІІ АУДИОЛИНГВАЛДЫ ӘДІСТІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
12
2.1 Аудиоматериалдарды тыңдап түсіну дағдыларын қалыптaстыруға арналған жаттығулар
12
2.2. Аудиолингвалды әдістің сабақта қолданылуы мен тиімділігі
13
ҚОРЫТЫНДЫ
19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
20
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру саласына жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Сондықтан жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеу, үйлесімді тұлғаны қалыптастыру қазіргі таңдағы басты міндет. Осы тұрғыдан келгенде, мұғалім сабақ барысында түрлі әдістерді ұтымды пайдаланып, оқушыларға жан-жақты білім бере отырып, олардың білігі мен практикалық дағдысын қалыптастырып, белсенділігін оятып отыруы керек. Яғни оқушы тыңдаушы ғана емес, белсенді әрекет етуші, өз білімінің нәтижесі болып табылады. Оқушының ынтасы тікелей мұғалімге байланысты, себебі мұғалім өз сабағының басшысы, оқушылар жүргізетін жұмыстардың, орындайтын тапсырмалардың ұйымдастырушысы. Мәселен, білім алуға жетелейтін әдіс-тәсілдерді қолдану; өздігінен білім алудың жолдарын ұйымдастыру, әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдану; оқушы еңбегін ұйымдастыра білу; оқу процесін ұйымдастыру жолдарын ойластыру; оқушы пікірімен санасу, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, қадағалау, топ жетекшілері арқылы тексеру, бағалау сияқты жұмыс түрлері арқылы оқушыға әрекет жасайды. Ал оқушы өз тарапынан сұрақтарға жауап іздеу; өздігінен білім алуға ұмтылу; жауапкершілікпен қарау; білім алу үшін қажетті дағдыны өз бетімен қолдана білу; өз еңбегін өзі ұйымдастыра білу; бірлесіп жұмыс істеу; басқаларды құрметтеу, бірін-бірі тыңдау; проблемалы сұрақтарды шеше алуы және топтың мүддесін қорғау; өзін-өзі, бірін-бірі бағалау сияқты жұмыс түрлері арқылы мұғаліммен қарым-қатынас, кері байланыс орнатады, яғни бірлесе әрекет жасайды. Ал бұл бірлескен жұмыс түрлері белгілі бір әдістердің негізінде жүргізіледі. Себебі әдіс арқылы мұғалім мен оқушы ғылыми негізде бірлескен әрекет жасайды. Сондықтан мұғалім оқушы белсенділігін арттыруда аудиолингвалды әдісті пайдалану арқылы қазіргі заман сұранысын өтеуге мүмкіндік береді. Аталған әдіс негізінде оқушыны білім нәрімен сусындатып, теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, өздерінің қажеттіліктеріне қарай жұмсай білуге дағдыландырады. Сондықтан біз көтеріп отырған мәселе қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Аудиолингвалды әдіс - қазақ тілі сабағында тіл дамытудың бір жолы екенін таныту әрі қазақ тілі сабақтарында пайдаланудың жолдарын көрсету. Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей нақты міндеттер қойылды:
қазақ тілін оқытуда қолданылатын аудиолингвалды әдістің даму тарихын зерттеу;
қазақ тілін оқытуда қолданылатын аудиолингвалды әдістің ұтымды жолдарын көрсету;
қазақ тілін оқытуда қолданылатын аудиолингвалды әдістің оқытудағы ерекшеліктерін ескеру;
қазақ тілін оқытуда қолданылатын аудиолингвалды әдістің маңыздылығын арттыру.
Зерттеу нысаны: Аудиолингвалды әдіс - қазақ тілі сабағында тіл дамытудың бір жолы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Қазақ тілін оқытуда қолданылатын аудиолингвалды әдіске негізделген тапсырмалар жүйесі топтастырылды;
Сабақ үдерісінде аудиолингвалды әдістің тиімділігі анықталды.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: Зерттеуде қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған еңбектер, жаңа технологиялар жайлы әдебиеттер, психология, педагогика, лингвистика, қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты ғылыми-әдістемелік зерттеу еңбектері, оқулықтар мен оқу құралдары негізге алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңызы: Аудиолингвалды әдіс арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, жұмыстың ғылыми-практикалық негіздері берілген. Бірінші қазақ тілін оқытуда қолданылатын әдістер мәселесіне арналады. Диплом жұмысының қорытынды бөлімінде жалпы жұмыс мазмұны тиянақталып, ондағы негізгі ой-пікірлер дәлелденді.

1.1 АУДИОЛИНГВАЛДЫ ӘДІСТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Атақты ғалым, әдіскер Ахмет Байтұрсынұлы Қай әдіс жақсы? деген еңбегінде: Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі - бір ғана әдісті болу. Шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу, керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек - деп атап көрсетті. Сол себепті әр мұғалім өз сабағына жауапкершілікпен дайындалып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін әр түрлі жақсы әдіс-тәсілдерді қолданады. Сондай әдістердің бірі - аудиолингвалды әдіс болып табылады.
Аудиолингвалды оқыту әдісі (АЛОӘ) - негізіне бірнеше рет тыңдау мен тілдік үлгілерді бірнеше рет қайталау кіретін шетел ауызекі сөйлеу тілін оқыту әдісі. Берілген әдіс ХХ ғасырдың 40-50 жылдарда АҚШ-та қалыптасқан. Оның пайда болуы ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында елде қалыптасқан саяси және экономикалық жағдайдың ерекшеліктерімен байланысты. Елде тіл білмейтін еңбек адамдары көп болды. Ол кезде АҚШ-қа түрлі шетел тілдерін білетін мамандар өте қажет болды, сондықтан мемлекеттік деңгейде көші-қоны адамдарды тез арада ағылшын тіліне үйрететін тиімді әдіс-тәсіл ойлап табу басты міндетке қойылды. Оқытудың тиімді әдістерін іздеу жұмыстары негізгі принциптері Латын Америкасынан келген студенттерді оқытуға арналған оқу құралдарының топтамасының негізіне енген АЛОӘ жасап шығаруға әкелді. Жұмыс нәтижесінде Латын Америкасынан келген адамдарды оқытатын бірнеше оқу құралдары жазылды, және аудиолингвалды әдіс дайындалды. Аудиолингвалды әдіс Мичиган университетінде Ч.Фриз және Р.Ладо бастауымен мұғалімдер ұжымы (Л. Блумфилд, Б. Блок, Дж. Трейгер және т.б.) дайындаған. Жұмыс нәтижесі Ч.Фриздің Преподавание и изучение английского языка как иностранного [1967] атты кітабында жария көрді. Сонымен қатар аталған кітап АЛОӘ теориясы мен мазмұнының жүйелендірілген бірінші түсініктемесі болды. Әдіс жетістіктерін жалпыландыру жұмыстары Р.Ладоның Обучение языку. Научный подход [1964] атты кітабында жария көрді. Оның әдістемелік негізі ретінде тура әдіс концепциясы көрініс тапты, психологиялық - бихевиоризм (мінез-құлық теориясы)болса, лингвистикалық - дискриптивті лингвистика болды.
Аудиолингвалды әдістің теориялық негіздері. Г.Палмер Аудиолингвалды әдіс - тілін үйреніп жатқан халықтың мәдениетін, ұлттық түсініктерін оқумен басталады. Тілді меңгеру білім мәселесі емес. Тілді меңгеру- практика мәселесі деген.
Бұл әдіс негізінде ересек адамдарды оқыту үшін жасалған. Дегенмен бұл әдіс идеялары мектеп әдістемесіне де айтарлықтай ықпал етті. Ч.Фриз бен Р.Ладоның ұсынған принциптері:
1. Тіл табиғатынан дыбыстық құбылыс болғандықтан тілді үйретудің негізі ауызекі сөйлеу тіліне үйрету. Соған орай ауызекі сөйлеу тіліне үйрету жазба тіліне үйретумен қатар жүргізілуі керек.
2. Тілдік материалды меңгеру теория негізінде емес, еліктеуге, жаттығуларға, ұқсастыққа құрылуы керек.
3. Грамматиканы меңгеру құрылымдық лингвистиканың ұсынған және белгілі бір критерийлер негізінде сұрыпталған идеяларға сәйкес ерекшеленген құрылымдар негізінде жүзеге асады.
4. Бұл әдіс жүйесінде басты роль тілдің дыбыстық жағын оқуға бөлінген. Оны меңгеру үшін тек еліктеушілік қана емес, сонымен қатар көрсетілім, түсіндіру, қарама-қайшылық жағдайлар туғызу қолданылады.
5. Сөздер мен кейбір түсініктердің әрқилылығына байланысты оқыту процесінен ана тілі мен аударма жұмысы шеттеп қалады. Дегенмен, кейбір модельдер мен құрылымдарды оқытуда ана тілін есепке алу керек.
Беріліп отырған әдістің ерекшелігі шет тілін оқытудың мазмұнының нақтылығында. Ч.Фриз бен Р.Ладо жұмыстары тілдің негізін оның дыбыстық жүйесі мен құрылымы құрайды деген пікірге құралған. Р.Ладо былай деген: Екі тілдің арасында айырмашылық сөздердің әр алуандылығанда емес. Әр тілдің өзінің модельдері, интонациясы, екпіні, дауысты және дауыссыз дыбыс жүйесі болғандықтан, тілдің ерекшелігі оның құрылымында ([1],14). Осы ережеге сәйкес тілді оқыту курсына тілдің дыбыстық жүйесіне қатысты дүниелердің барлығы (дыбыстары, интонациясы, ырғағы, екпіні, т.б.) енуі тиіс.
Оқыту бірліктері ретінде солардың негізінде сөйлемдер құрылатын құрылымдар жүреді. Бұл концепция авторлары материалды сұрыптау кезінде продуктивті және рецептивті меңгеруге жататын құрылымдарды ажыратты. Продуктивті меңгерілетін құрылымдарды сұрыптау кезінде негізгі критерийлерге қолданылу аясы кеңдік, үйреншіктік, сонымен қатар ана тілге жақындық жатқызылды. Рецептивті меңгерілетін құрылымдарды сұрыптау кезінде тек қолданылу жиілігі қарастырылды. Оқытудың бастапқы кезеңі үшін, Ч.Фриздің пікірінше, құрылымдардың саны барынша шектеулі болуы тиіс. Оның ойынша продуктивті кезеңде өзара алмастырушы құрылымдарды меңгеру тек тілдің практикалық қолданысын тежейтін қажет емес қосымша жүктеме болып табылады ([3],32). Тіл құрылымы қиындығына қарай өсу ретімен құрылуы керек.
Бұл технологияның әдістемелік бағытында сөйлем-үлгілермен жұмыс түрлері жан-жақты өңделген. Л. Ладо құрылымдарды меңгерудің келесі кезеңдерін ұсынды:
Еліктеу арқылы дыбыстау;
Осыған дейін белгілі модельдермен салыстыра отырып, жаңа сөздерді саналы таңдау;
Модельдермен жаттығу практикасы;
Модельді еркін қолдану.
Бұдан басқа модельдермен жұмыс жасау үшін келесі жаттығу түрлері ұсынылды:
модельдерді өзгерту;
сұрақ-жауап жаттығулары;
мұғалім бастап берген сөйлемдерді аяқтау;
модельдерді кеңейту және біріктіру.
Р.Ладо сөздердің ана тіліндегі сөздермен ұқсастығы мен айырмашылығына және күрделілігіне қарай бірнеше топтарға бөліп ажыратқанын атап өту керек. Ол мәнді сөздерді 3 топқа бөлді:
1. Формасы, мағынасы және дистрибуциясы жағынан ана тіліндегі сөздерге ұқсас, жеңіл сөздер;
2. Формасы жағынан ана тіліндегі сөздермен ұқсастығы жоқ, яғни орташа қиындықтағы сөздер;
3. Қолданысында ерекше жағдайлармен ерекшеленетін қиын сөздер
Оқу әдістемесі Ч.Фриз және Р.Ладомен арнайы жасалған жоқ. Себебі олар оқу және жазу дағдылары дербес сипатқа ие емес, оқушы ауызша жақсы меңгерген материалды ғана жазып оқу алады деп есептеген. Балаларды оқуға бейімдеу бүтін сөз әдісі бойынша жүрді. Ал ересек адамдарды оқыту транскрипциялық әдіс арқылы жүргізілді: алдымен транскрипциялық жазу, кейін дәстүрлі жазу ұсынылды. Егер оқуға үйрету ақпарат алу мақсатында жүргізу мәселелеріне келетін болсақ, бұл әдістеме өкілдерімен мұндай мәселе қарастырылмады. Сонымен бұл әдіс ең алдымен ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдісі ретінде белгілі.
Әдістің лингвистикалық дәйектемесі. Л.Блумфилд бастауымен лингвистикалық мектеп өңдеп дайындаған дескриптивт лингвистика ережелерін қолдана отырып жасалды. Олар басқа элементтерге қатысты тіл элеметтері ұстанымдарының жиынтығы ретінде дистрибуцияны анықтады және оның көмегімен фонологиялық, морфорлогиялық және синтаксистік деңгейдегі бірліктерді мәтіннен бөліп алуға мүмкіндік берген дистрибутивтік талдау принциптерін тұжырымға келтірді.
Психологиялық негізі. Дж. Уотсон және Э.Торндайк еңбектерінің арқасында бихевиоризм ХХ ғасыр басында американдық психологияның жетекші бағыттарының бірі ретінде орнықты. Бихевиористердің зерттеу обьектісіне сана емес, мінез-құлық жатты. Бихевиористер мінез-құлық сыртқы тітіркендіргіштерге ағзаның жеңілдетілген әрекеті болып табылатын дағдылар жиынтығы деп жазған. Кез келген дағды ынта-әркет байланыстар жиынтығынан тұрады.
АЛОӘ - қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту мақсатына жетудегі бірден-бір оңтайлы әдіс.
АЛОӘ-ті сабақта пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттері қалыптасады, ассоцативтік өрісі кеңейеді, қазақша сөйлеу және жазу қабілеттері дамиды, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығы және белсенділігі артады. Сол себепті аталған әдістердің ішіндегі ең тиімді деген әдіс аудиовизуалды әдіс деп айта аламыз.
Қорыта келе айтарымыз, аудиолингвалды әдіс оқу материалын терең түсінуге, оқу мотивациясының артуына, алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына, білім беруге жұмсалатын уақыттың азаюына ықпал етеді, әрі осы әдісті ұтымды пайдалана білсек, оқушылардың мемлекеттік тілді тиімді және ұтымды меңгеруіне септігін тигізеді деп ойлаймыз.
1.2 АУДИОЛИНГВАЛДЫ ӘДІСТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, ПРИНЦИПТЕРІ
Аудиолингвалды оқыту әдісі - негізіне бірнеше рет тыңдау мен тілдік үлгілерді бірнеше рет қайталау кіретін шетел ауызекі сөйлеу тілін оқыту әдісі. Бұл әдіс есту каналдарының жұмысымен тығыз байланысты.
Берілген әдістің мақсаты қазақ тілін екінші тіл ретінде үйретуді тіл дыбыстарын табиғи жағдайда ескере отырып жүргізу. Оқушылардың дыбыстар, сөздер немесе сөйлемдерді қабылдауы мұғалімнің айтқан сөзінен емес, сауатты, табаиғи дыбысталуында жазылған күйінде есту жағдайында жақсы жұмыс істейді. Аудиолингвалды әдістің тағы бір артықшылығы тіл үйренушінің басты қабілеттерін, яғни есту, көру, жазу, оқуын дамытады. Бұл мақсатқа жету жолында әдіс зерттеушілері алдарына бірнеше басты міндеттер қояды:
1. Тіл үйренуде баланың бірнеше қабілеттерін бір уақытта белсендендіру;
2. Табиғи дыбысталуы жағдайында үйреті;
3. Оқушыны өз жұмысына өзі талдау жүргізіп, қатесін таба білуге үйрету;
4. Мұғалімнің де өз біліміне түзетулер енгізуіне мүмкіндік беру.
Аудиолингвалды әдістің ұстанымдарына тоқталмас бұрын жалпы дидактика саласына тоқталуды жөн көрдік.
ҚТОӘ жалпы дидактиканың теориясына негізделеді. Тіл оқыту әдістемесі дидактиканың ұстанымдарына сүйене отырып, тілді оқыту әдістері мен тәсілдерін, амалдарын белгілейді. Ғалым Ф.Оразбаева қазақ тілінен білім беру мен оқытуға байланысты ұстанымдарды: жалпыдидактикалық, жалпыәдістемелік, салаәдістемелік деп үш топқа бөледі:
1. Жалпыдидактикалық принцип - барлық пәнге қатысты білім беру мен оқыту, тәрбиелеу теориясы;
2. Жалпыәдістемелік принцип - жалпы әдістеме ілімінің бәріне тән, зерттеу обьектісі ортақ ғылым салаларының әдістемесіне қатысты принциптер;
3. Салаәдістемелік принцип - қарастырылып отырған объектінің белгілі бір саласына қатысты оқытудың тиімді ережелері [16,130-131]. Аталған ұстанымдар әр пәннің өз ерекшеліктері мен заңдылығана сай іріктелініп алынады.
Аудиолингвалды әдіс концепциясы келесі принциптерге негізделеді:
Оқытудың тәжірибелік бағыттылық принципі.
1. Тілдің тілдік жүйесін шектелген лексикалық материалмен оқу;
2. Тілдің құрылымдық амалдарын меңгеру, оларды автоматтандыруға жеткізу;
3. Үйреніп жатқан тіл халқының мәдениетімен танысу;
4.Оқу уақытының көп бөлігін (85%) тілдік практикаға, тек 15% түсіндіруге немесе талқылауға жіберу.
Ауызша озық болу принципі. Әрбір тілдік құбылыс ауызекі сөйлеу тілінде (тыңдалым - айтылым), сосын ғана жазу тілінде өңделуі керек. Жаба тілде айтылуы, интонациясы, ырғағы, екпіні көрсетілмейді, сондықтан да тіл ауызекі сөйлеу тілінде көбірек айшықтала түседі.
Модельдер бойынша жұмыс істеу принципі. Модельдер бойынша оқытудың мақсаты оқушыны модель бойынша сөйлемдер құрай білуге үйрету. Егер оқушы онымен қолдана білсе, яғни қатынас мақсатына сәйкес оның көмегімен сөйлемдер құрай білсе, модель меңгерілген болып есептеледі.
Ана тілін есепке алу принципі. Бұл принцип бойынша тілді үйрету оқушы ана тілінің ерекшеліктерін барынша есепке алу арқылы жүргізіледі. Тек екі тілдің сәйкес құбылыстарын салыстыру нәтижесінде ғана беріліп отырған оқу материалының негізгі қиындықтарын анықтауға болады.
Оқытудың техникалық құралдарын қолдану принципі. Тілдік автоматизмдерді қалыптастыру үшін дыбыс жазушы және дыбыс шығарушы аппаратуралар және көруге арналған көрнекі құралдар қолданылады. Әдіс төңірегінде магнитафонмен жүргізілетін жаттығулардың негізгі типі жасалды, ол үш қадамнан тұрады: ынта - жауап - күшею - қайталама жауап. Бұл жаттығулар типі ары қарай бағдарламаландырылған оқытуда жалғасын тапты.
Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр оқытушының өзіне, білім деңгейі мен кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі - сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын, қызықты болуы тиіс. Ол - басқа ұлт оқушыларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Сабақта жаңа әдіс ретінде аудиовизуалды әдісті пайдалану сабақтың тиімділігі мен уәжін арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпалын тигізері сөзсіз [3,109]. Аудиолингвалды әдіс сабақты түрлендірудің, ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар сабақты жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі болып табылады. Оны біз төмендегідей мысалдардан көруімізге болады:
1. Ассоциация және болжам. Оқушылар топпен, жұппен немесе жеке тапсырма алады. Мәтіннің тақырыбын естігеннен кейін қандай ассоциация пайда болды? Мәтін не туралы болады деп ойлайсыз?
2. Сұрақ-жауап. Мәтінді үнтаспадан тыңдайды, содан кейін оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Өздерінің жауаптарынан мәтін құрады. Құрастырған мәтіндері мен аудиомәтінді қайта тыңдап, салыстырады.
3. Мәтінді тыңдап, аяқта. Оқушылар мәтіннің басын тыңдап, соңын өздері аяқтайды.
4. Мен диктормын. Аудиомәтінді бірнеше рет тыңдап, диктор рөліне еніп, сөйлейді.
5. Мен музыкамен көркемдеушімін. Мәтінді тыңдап, мәтін мазмұнына сай әуен таңдайды. Бұл әуенді неге таңдағанын түсіндіреді.
Оқытудың аудиолингвалды технологиялары дегеніміз оқытудың мақсатына жету үшін қолданылатын аудиовизуалды компьютерлік құралдарды пайдалану арқылы қызметті ұйымдастырудың тәсілі және де оқытудың кез келген технологиясы сияқты аудиовизуалды технологияларға бірнеше белгілер тән: диагностикалық мақсатталу; алгоритмдік; қойылған мақсатқа сәйкес аудиовизуалды құралды таңдау; оқыту үдерісінің басқарылуы, яғни кері байланысты болуы; нәтижелілік; үнемділік.
Аудиолингвалды әдісті сонымен қатар, көптеген әдіскерлердің пікірінше, оқыту құралы ретінде оқу үдерісінің кез келген кезеңінде пайдалануға болады: уәждік, ақпараттық, дербес ақпарат көзі, білімді тексеру мен бақылау және түзету [21].
Қорыта келгенде, аудиолингвалды әдіс арқылы оқытушы жұмыс түрлерінің қайсысын болсын сабақ үдерісінде ұтымды пайдалануына болады, әрі көзделген мақсаты мен күтілетін нәтижесіне жете алады деп айта аламыз.
1.3. АУДИОЛИНГВАЛДЫ ӘДІСТІҢ МОДЕЛЬДЕРІ МЕН АУДИОМӘТІН ТАЛАПТАРЫ
Аудиолингвалды әдіс бойынша жұмыс істеу жеңіл және сабақтың кез келген бөлігінде қолдануға болғанымен, оның нақтылы жұмыс істеу тәртібі бар. Аудиолингвалды әдіс бойынша оқыту келесі тәртіпте ұйымдастырылады:
Оқушылар аудиожазылымдағы диалогты тыңдайды және оның контекстегі мазмұнын түсінуге тырысады;
Мұғалім ым-ишараны, көрнекілікті қажет болған жағдайда аударманы қолдана отырып тыңдалған материалдың мазмұнын түсіндіреді;
Диалог оқушылар естерінде сақтап қалмайынша арасына уақыт салып бірнеше рет қайталанады.
Лексиканы бекіту және оны меңгерілуін тексеру мақсатында лексикалық жұмыс ұйымдастырылады;
Модельдер бойынша жаттығулар орындалады және грамматикалық қорытулар өткізіледі;
Шығармашылық жаттығулар ұсынылады;
Оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.
Аудиолингвалды әдіс бойынша тілдің бөлек аспектілерімен жұмыс барысында бірқатар ерекшеліктері бар:
1. Тілдің фонетикалық жүйесін практикалық меңгеру;
2. Сөздік-минимум негізінде лексикалық база қалыптастыру;
3. Грамматикалық құрылымдармен жұмыс;
4.Оқытудағы аударманың рөлі.
Аудиомәтінді тыңдап-түсінуге байланысты ерекше талап қойылады, себебі таспа арқылы тыңдалатын мәтінді түсіну қиындық туғызады. Осы мәселеге қатысты қойылатын талаптар:
1. Мәтіннің дыбысталу уақыты тілді жаңадан үйрене бастаған кезде 1-2 минут, кейін сөздік қоры байыған кезде 20-30 минутқа жеткізуге болады.
2. Мәтінде берілетін лексикалық-грамматикалық материал минимумы. Алғашқыда тіл үйренушіге таныс, кейіннен таныс емес, адаптацияланбаған мәтіндерді тыңдау бірте-бірте сөздік қорын байытуға көмектеседі.
3. Мәтіннің құрылысы. Тыңдап-түсінудегі табыс - көбіне мәтіннің құрылысына байланысты болады, себебі мәтінде берілетін негізгі ақпарат анық және нақты болуы керек.
4. Мәтіннің функционалдық-семантикалық түрлері. Мәтін материалдарын баяндау, суреттеу және пайымдау сияқты функционалдық-семантикалық түрлері оқу процесінде қолданылады.
5. Мәтіндегі ақпараттың молдылығы. Аудиомәтінді оқу үдерісіне қолдану үшін іріктегенде міндетті түрде мәтіннің ішіндегі сапалы ақпараттың молдығы қамтылуы, ескерілуі қажет.
6. Тыңдалынатын мәтіннің ұсынылу қарқыны.
Жоғары қарқынмен дыбысталатын мәтінді тыңдатудың тиімділігі жоғары. Ал баяу қарқынмен дыбысталған мәтінді тыңдағанда үйренушінің жадына сақтау және болжам жасауына кедергі көбірек болады.
7. Аудиомәтінді тыңдаудың, қайталап тыңдаудың мөлшері.
Аудиомәтінді таспадан екі рет тыңдау керек. Екінші қайталану негізінде мәтінге дейінгі саты бойынша қиындықтарды жеңуге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz