Оқшау сөздердің сөйлемдегі қызметі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ОҚШАУ СӨЗДЕР ҰҒЫМЫ
0.1 Оқшау сөздердің түрлері
0.2 Оқшау сөздердің сөйлемдегі қызметі
1 ОҚШАУ СӨЗДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
0.1 Оқшау сөздердің құрылымдық - семантикалық сипаты
0.2 Оқшау сөздердің стилистикалық қызметі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Тілді қолданушы жеке субьекті болғандықтан, ол обьективтік түрдегі тілдік бірліктер арқылы субьективті көзқарасын, яғни тыңдаушыға немесе қоршаған ақиқат шындыққа деген эмоционалды-экспрессивті қатынасын білдіреді. Бұл әсерлілік, экспрессиялық пен бейнелілік тілде әр алуан амалмен жүзеге асырылып отырады. Сол амалдардың бірі ретінде сөйлемнің оқшау бөліктерінің тілде әр түрлі стильдік қызметте жұмсалуын да атауға болады. Стильдік тәсіл ретінде және бейнелеуіш амалдар жүйесінде оқшау сөздердің қазақ тіліндегі, әсіресе, көркем әдебиетте атқаратын қызметі орасан зор.
Зерттеу өзектілігі. Қазақ тіл білімінде оқшау сөздердің морфологиялық құрылымы, синтаксистік сипаты сияқты грамматикалық табиғаты осындай және басқа да мәселелерді қарастырған қазақ тіл біліміндегі А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, М.Балақаев, Т.Қордабаев, І.Кеңесбаев, С.Жиенбаев, С.Аманжолов, М.Томанов, А.Ысқақов, К.Аханов, Ш.Сарыбаев, Р.Сыздықова, Қ.Есенов, Е.Жанпейісов, Б.Манасбаев, Б.Хасанов, Р.Әміров, Б.Шалабаев, Н.Уәлиев, М.Бимағамбетов, Н.Егіншібаева, Л.Дүйсембекова, Г.Садырова т.б. ғалымдардың еңбектері жұмыстың теориялық негіздемесі ретінде алынды. Осы еңбектер негізінде жазылған бұл жұмыстың зерттелу өзектілігі оқшау сөздердің тіл ғылымында әзірше тың жатқан немесе түбегейлі зерттелмеген, әлі де толықтыра, айқындай түсуді қажет ететін проблемаларының бірі - олардың (оқшау сөздердің) стильдердегі қолданысына, өзіндік ерекшеліктеріне арналғандығында болып отыр.
Оқшау сөздер қай тілде болса да жиі қолданылып, сөйлеуде коммуникацияны "жанды" ете түседі, әр түрлі эмоционалды-экспрессивті реңктер үстеуде қызмет атқарады және олардың қолданылуында өзіндік ерекшеліктері болады. Сондықтан оның стильдік қызметін зерттеу стилистиканың жалпы проблемаларын шешуге де көмектеседі. Оқшау сөздерді стильдік жағынан зерттеу арқылы басқа да тілдік бірліктердің, сөз таптарының да функционалды стильдердегі қызметінің сырын аша түсуге мүмкіндік туады.
Тілдік құралдардың, оның ішінде сөйлемнің оқшау бөліктерінің қолданылуының жалпы сырын ашу жалпы тіл мәдениетін жетілдіруге де септігін тигізеді. Зерттеу жұмысында оқшау сөздердің сөйлеудегі қызметінің экстралингвитикалық факторларға байланысты, оның ішінде антропоцентристік бағытта қарастырылып, адам факторымен, ұлт менталитетімен, тілді тұтынушылардың психологиялық ерекшеліктерімен байланыстылығын көрсетілуін де жұмыстың қазақ тіл білімінде өзекті мәселелердің біріне арналғандығы деп көрсетуге болады.
Зерттеудің нысаны. Қазақ тіліндегі оқшау сөздердің ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет тіліндегі, публицистикалық шығармалардағы, ресми-іс қағаздары және ғылыми стильдердегі қызметі.
Зерттеу пәні. Қазақ тіліндегі оқшау сөздердің функционалдық стильдердегі қызметі.
Зерттеу мақсат-міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты қазақ тіліндегі оқшау сөздердің функционалдық стильдердегі қызметінің деңгейін ашып көрсету, оқшау сөз, сөйлемдердің негізгі сөйлемге қатысы, атқаратын қызметін анықтау болып табылады. Осы мақсатқа орай жұмыста мынадай міндеттер қойылды:
* Функционалдық стилистика тұрғысынан оқшау сөздердің тілдік жүйедегі орнын және сөйлеудегі қызметін анықтау;
* Көркем әдебиеттегі оқшау сөздердің қолданылуындағы ерекшеліктерді айқындау;
* Оқшау сөздердің ауызекі сөйлеу стиліндегі стильдік қызметінің ерекшеліктерін ашып көрсету;
Зерттеу болжамы. Қазақ тіліндегі оқшау сөздердің стильдердегі қызметін анықтау, біріншіден, сөз таптарының стильдік қызметін талдап-тануға көп көмегін тигізеді, екіншіден, оқшау сөздердің айтушының сан түрлі субьективтік көзқарастарын, сезімдерін жеткізудегі бар мүмкіншіліктерін аша түседі.
Зерттеудің әдістанымдық негізі. Ғылыми еңбекте негізгі мәселені зерттеуде лингвистика, этнолингвистика, психология, қазақ тілінің стилистикасына байланысты ғылыми - әдістемелік еңбектер мен оқу құралдары негіз болды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында компоненттік, контекстік талдау әдісі, лексика-семантикалық талдау, ғылыми сипаттама, салыстыру, бағалау, қорыту және стилистикалық талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ОҚШАУ СӨЗДЕР ҰҒЫМЫ

Оқшау сөздер - сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері. Оқшау сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемде ойды нақтылай түсіп, басқа сөздермен мағыналық қарым-қатынаста болады. Өзге мүшелермен қабыса, матаса, меңгеріле, қиыса байланыспай, оқшауланып тұрады. Оқшау сөздердің мағыналық белгілері оқиға желісінің кімге, неге арналғандығын (-Балақай, сурет сала білесің бе?), айтушының оған деген көзқарасын (-Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады), көңіл-күй, сезім толқынысын (-Апыр-ай, сөзің сүйектен өтті-ау!) білдіру мақсатында қолданылады. Оқшау сөздер мағыналық белгілері мен жасалу жолдарына қарай одағай, қаратпа, қыстырма сөздерге жіктеледі.
1. Белгілі бір сөйлемнің синтаксистік құрылымына жанаспай, оқшау тұратын қаратпа, қыстырма, одағай сөздер.
2. Фельетон терминінің қызметін атқарған және сол жанрдағы шығармаларды танушы тарихият қолданыс (историзм).
Оқшау сөздер сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтіндігі себепті олардан үтір немесе леп, сұрау белгілерімен дараланып тұрады.
Оқшау сөздер - сөйлем құрамындағы басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін сөздер мен сөздер тіркесі. Оқшау сөздер сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді дегенде оның (оқшау сөздердің) сөйлем құрамындағы өзге сөздермен не қабыса, не матаса, не меңгеріле, не қиыса байланыспайтындығы ескеріледі. Сондықтан да олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемдегі өзге мүшелерден оқшауланып тұрады. Оқшау сөздер арқылы сөйлемнің мағынасы нақтыланады, автордың көзқарасы аңғарылады.
* Мысалы: Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады.
Бірінші сөйлемде бүгін Алматыда жаңбырдың жауатындағы үзілді- кесілді, нақты айтылса, екінші сөйлемде олай емес, ой топшылау, долбарлау ретінде беріліп тұр. Ондай мағынаны беріп тұрған, меніңше деген қыстырма сөз. Оқшау сөздерге қаратпа, қыстырма, одағай сөздер жатады.
1. Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады. Кейде сөйлеушінің қарата айтып отырғаны адам болмай, жансыз заттар да болып келеді, бұл - көбінесе көркем әдебиетте кездесетін құбылыс. Мысалы, Тыңда, дала, Жамбылды! Тыңда, Қастек, Қаскелең, сөйлесін кәрі бауырың (Жамбыл).
2. Қыстырмалар күмәнділікті, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай-ақ ойдың кімнің тарапынан екендігін білдіру үшін қолданылады. Қыстырмалар жеке дербес сөздер ыңғайында да, сөз тіркесі ыңғайында да, тіпті сөйлем ыңғайында да кездеседі. Мысалы, Өзің білесің, мен қазақ баласына жалынып жорғалап көргем жоқ-ты (М. Ә.)
3. Одағайлар кісінің сезімін, көңіл-күйін білдіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы, Япырай, ғажап екен бұнысы! - деді Балқаш. Уа, Қалиса жеңгей, аманбысың! (С. М.)

1.1 Оқшау сөздердің түрлері

Қазақ тілінде сөйлем мүшелерімен грамматикалық байланысы жоқ оқшау сөздер қаратпа сөз, қыстырма сөз және одағай сөз болып үш негізгі топқа бөлінеді.
Қаратпа сөз. Сөздің кімге айтылып тұрғанын көрсететін, тыңдаушының назарын аудару үшін қолданылатын сөйлемдегі оқшау сөзді қаратпа сөз дейміз.
Мысалы: Жолдастар, еңбек пен оқуды ұштастыра біліңдер! Сендер оқымағанда, кім оқиды, немерелерім.
Қаратпа сөздер сөйлем мүшесі болмайды, ондағы басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді.
Қаратпа сөздер құрамы жағынан дара немесе өзін анықтайтын басқа сөздердің қатысуымен күрделі болады.
Мысалы: Балалар, аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым.
Жай немесе І, ІІІ жақта тәуелденген атау тұлғалы мынадай сөздер қаратпа сөз болып жұмсалады:
1. Әдетте, қаратпа сөздер адамға байланысты айтылады.
а) Қаратпа сөздер көбінесе кісі аттарынан жасалады.
Мысалы: Уа, Құлманбет, сөз тыңда! Ғажап іс екен, Хасеке, бұларыңыз!
ә) Адамға байланысты қолданылатын жалпы есімдер: балалар, жігіттер, жолдастар, достар, азаматтар, әке, шеше, қызым, қарындасым, қарағым шырағым т. б.
Мысалы: Мереке құтты болсын, достар! Қарағым, бермен кел, бізге де көңіл бөл.
2. Көркем әдебиетте жануарлар мен басқа зат, құбылыс атаулары келтірінді мағынада бейнеленіп, қаратпа сөз болады. Мысалы: Өлеңім, май күнінің толға жырын!
Қыстырма сөз. Сөйлемдегі ойға сену, күмәндану сияқты түрліше мағына қолданылатын оқшау сөздер қыстырма сөз деп аталады.
Жаздың ыстығында жауған жаңбыр пайда емес деген сөйлемге әрине, сірә деген қыстырма сөздерді қатыстырып көрейік:
Әрине, жаздың ыстығында жауған жаңбыр пайда емес. Сірә, жаздың ыстығында жауған жаңбыр пайда емес.
Сөйлемдегі ойға әрине деген қыстырма сөз арқылы сенім білдірілсе, сірә деген қыстырма сөз арқылы жорамал, болжал жасалған.
Қыстырма сөз де, басқа оқшау сөздер сияқты, сөйлемдегі сөздермен грамматикалық жолмен байланыспай оқшау тұрады, сондықтан сөйлем мүшесі де бола алмайды. Сөйлемдегі айтылған ойға мағыналық трлі өң береді.
Қыстырма сөздердің мағынасына қарай топталуы
Қыстырма сөздер мағынасына қарай мынадай негізгі топтарға бөлінеді:
Сөйлемдегі ойды қуаттау, растау, сендіру үшін қолданылатын сөздер: әрине, әлбетте, рас, сөз жоқ, дау жоқ, жасыратыны жоқ, шынын айту керек, өзіңізге белгілі, шынында, расында т. б.
Мысалы: Әрине, шебер боксшы болу үшін оған көп әзірлену керек. Шынын айтқанда, біз қателігімізді қазірден-ақ таптық.
Сөйлемдегі ойға жорамал, болжал жасау, себеп, деректер іздестіру тұрғысында айтылатын сөздер: сірә, мүмкін, шамасы , асылы, тегі, меніңше, біздіңше, байқаймын, дәу де болса, кім білсін, менің байқауымша, оның айтуына қарағанда, неліктен екені белгісіз, оның пікірі бойынша т. б.
Мысалы: Шамасы, бұл сол кездегі қарауыл тұратын күзет орны болса керек. Меніңше, озат іс білімнен туады.
3 Алдыңғы айтылған ойларға қорытынды жасау, сүйену, кейінгі оймен байланыстыру үшін жұмсалатын қыстырма сөздер: қысқасы, сөйтіп, демек, қойшы, сонымен, ақырында, әйтеуір, мысалы, мәселен, ендеше, сайып келгенде, жалпы алғанда, қорыта келгенде т. б.
Мысалы: Демек, әр жаңа жылдың өз жаңалығы, өз жақсылығыбар. Ақырында, синтетикалықжолмен плазмохин деген зат жасалынды. Қысқасын айтқанда, малды қолдан ұрықтандыру жолымен малдың өнімділігін тезірек жақсартуға болады.
4.Көңіл күйіне, сезімге орай айтылатын қыстырма сөздер: амал қанша, несін айтасың, абырой бергенде, ісің сәтті түсіп, бақытымызға, бәсе, айтпақшы.т.б.
Мысалы: Амал не, бұл жай басқарма басшыларының ойына келер емес. Істің cәті түсіп, қырманға бара қалдық. Б ақытымызға , көп кідірмедік.
Айтылған ойдың дәлелін (себебін) санап көрсететін қыстырма сөздер: біріншіден, екіншіден, үшіншіден, бір жағынан, екінші жағынан т.т.
Мысалы: Бұл бірінші жағы болса, екіншіден түсті металлургияда күкірт қышқылын өндіру экономикалық жағынан да тиімді.
Одағай сөз. Сөйлем мүшелерімен грамматикалық байланысы жоқ оқшау сөздердің бір түріне одағай сөз жатады. Одағай сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқармағанмен, ондағы ойға қатысты көңіл күйін, ішкі сезімді білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Апырау, беймезгілде, бейсауат жүрген кім болды екен бұл?
Одағай сөз сөйлемнің басында оқшау айтылады да, сөйлем мүшелерінен үтір немесе леп белгісі арқылы бөлінеді. Бұл олардың жай не ерекше көтеріңкі айтылу дәрежесіне байланысты.Леп белгісі қойылған соң сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылады. Мысалы: Апырай, Ә! Ал енді соншама жерді егін шаруашығына неге пайдаланбаймыз?

1.2 Оқшау сөздердің сөйлемдегі қызметі

Сөйлем стилін түрлендіруде қаратпа, қыстырма сөздердің де қызметі ерекше. Олар сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланыста айтылмағанымен, мағыналық байланыста жұмсалып, ойды тартымды, әсерлі, дәл түсіндіруге үлкен қызмет атқарады.
Қаратпа сөз әсіресе шешендік сөзде, үндеуде, диалогты сөйлем-де, кім үшін, кімге қарап, неге арналғанын және сөйлеушінің. ішкі сезімін аңғарту үшін жұмсалады. Мысалы, Шырағым, сен ағаңның тілін ал -- деген сөйлемді кім айтса да, жылы шыраймен айтылып отырғаны бірден ан.ғарылады, оның орнынаСен, оңбаған, ағаңның тілін ал! -- десек, біреудің екінші біреуді жек көріп айтқаны аңғарылады. Бұл мағыналық, эмоциялық айырмашылықтың болуы, бір жағынан, сөйлемнін, айтылу эуенімен байланысты болса, екінші жағынан, ең бастысы сөйлемде қолданылған қаратпа сөздердің мағынасымен байланысты. Қаратпа сөздердің түрлері де, сөйлемдерге енгізетін мағыналық өзгерістері де аса елеулі, олардың негізгілері мыналар:
1. Әй, ей -- қаратпа сөздері бар сөйлемдер дөрекілікті білдіреді. Әй, Олжабек бері кел (Ғ. Мұстафин). Бала, әй бала, қайдасың? -- деді аттылы адам (С. Ерубаев).
2. Бірқатар қаратпа сөздер біреуге жылы шыраймен жасы кішіні жақын көріп сөйлегенде қолданылады. Олар -- қалқам, шырағым, күнім, сэулем, бауырымсияқты біреуді басқа затқа балап айтқан сөздер. Мысалы:
Қарағым, бермен кел,
Бізге де көңіл бөл! (Абай). Құстың жемін экелші, қалқам, -- деді Амантай Ботакөзге (С. Мұқанов). Шырағым, сен абыржыма. Жыламашы, күнім. (Ғ. Мүсірепов). Балалар, аманбысың, шырақтарым? (Жамбыл). Не сездің, айтшы, күнім, айым (М. Әуезов). Әбіш, қалқам, сенбісің? (М. Әуезов).
Мұндағы сөйлемдердің эмоциялық мағыналарын әлі де болса құбылта түсу үшін қаратпа сөздердің құрамына модальді шылау сөздер (ай, ау) қосылған.
3. Біреуді жақын көріп, ұлық санап не еркелеп сөйлегенде, кісі атын қысқартып Ақа, Сәке, Жәке деп немесе інішек, қарындас, апа, апеке, ағатай, жеңешедеп, пәленше аға, пәленше апа деп, немесе орысшаның ізімен кісінің аты мен әкесінің, атын қоса айтады.
-- Ақа, қозың бүгін түгел ме?
-- Түгел, қарағым! (Ғ. Сланов).
-- Ибрагим Құнанбаевич! Әрине, белгілі, сіз басы алтын адам-сыз (М. Әуезов). Апа-ау, алты ата екені рас емес пе?
Әдетте қаратпа сөздер адамды нысанаға алып айтылатын сөз болса, көркем әдебиетте сөйлемге ерекше эмоциялы әр енгізу үшін жансыз затты жанды, адам тәрізді қаратпа етіп те жұмсайды.
5. Қаратпа сөздер -- жұртқа шешендік бет бұрудың, ұран-үн-деудің ерекше бір тәсілі ретінде де жұмсалады. Мысалы, жолдас - тар! Қымбатты жолдастар! Азаматтар! сияқты сөздер мұндайда жиі қолданылады.
6. Қаратпа сөздердің мағыналарын күшейту үшін олар бірыңғай қатар тұрып,
кейде екі жарылып не одағай сөздермен қабат-тасып айтылуы да мүмкін.
-- Сақтаған, Нұрбек, сендер өз үйлеріңе баратын шығарсыңдар? (С. Мұқанов). Арылма, өлең, арылма, домбырам, күйден жа-ңылма! -- Күнім, қарағым, сен бе едің? (Ғ. Мұсірепов). Балалар, аманбысың, шырақтарым, майысып көлге біткен шұрақтарым? (Жамбыл). Ойбай, Балжан-ау, менің ойымда... ештеңем жоқ ... Қө-ңіліңе ауыр алма, қарағым! (С. Сейфуллин). Ойбай-ау, не дегенің, қарағым!? (С. Сейфуллин).
Қыстырма сөз -- сөйлемге модальді мағына үстейді. Модальділік -- айтылған ойға айтушының көзқарасын қоса білдіру. Әрбір сөйлемге сондай модальділік тән. Мысалы, сөйлеуші, жазушы бірдеңенің жайына көзі жетіп не болжап, не күмәнданып сөйлем құрауы мүмкін: Қайыржан келді. Қайыржан келетін шығар. Қайыржан келер ме екен? Сөйлемнің осындай мағыналық айырма-шылықтарын түрлендіре түсу үшін оның. ішіне оқшау сөз қосып айтуға да болады. Мысалы,Мен білсем, Қайыржан бүгін келеді. Кайыржан, шамасы, бүгін келетін болар. Қайыржан, кім біледі, келе ме екен?
Қыстырма сөздердің бірқатары ойдың айтылу тәсілін, өз ара қа-тынасын, тағы басқа мағыналарды білдіреді. Қысқа сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқарасын да білдіру мақ-сатымен қыстырма сөздер сөйлем құрамына еніп отырады.
Қыстырма сөздер осындай стильдік қызмет атқаруда сөйлемге ерекше эмоциялы-экспрессивті де мағына енгізеді. Бұл жағынан ::әсіресе кісінің көңіл күйін, сезімін білдіретін қыстырма сөздердің орны ерекше.
Мына атының сымбаты, шіркін, өзгеше екен! Шіркін, жер-ақ екен! (Ғ. Мүсірепов). Шынын айту керек, мен мұны бұрын білмеу-ші едім. Не істер дейсің,тәйір? -- деп, Кайракбай экеме қайрат бе-рейін деді (С. Мұқанов). Е. бәсе, солай болу керек еді! (С. Мұқа-нов). Амал қанша, сен дұрыс айтып тұрған жоқсық (Ә. Әбішев). Биыл, несін айтасың, егіннің шығымы өте жақсы!

2 ОҚШАУ СӨЗДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыруға қатысты шешімін табуға тиісті проблемалар мен қатар кейбір түсінбеушілік жайлар да кездеседі. Мысалы, бұрын соңды жарық көрген қазақ тілі оқулықтарында, тағы басқа бірқатар жеке зерттеу еңбектер де одағай сөз табынан синтаксистің ара қатынасы туралы екіұшты пікір қалыптасады. Қазақ тіл білімндегі сөз таптастыру теориясының даму барысын зерделеу кезінде бұл жағдайдың 40 - жылдардан бастау алатыны анықталды. Г. Бегалиев пен Н. Сауранбаевтың 1948 жылы педагогикалық училищелерде арналып басылып шыққан Қазақ тілінің грамматикасында оқшау сөздерге Сөйлемде сөйлем мүшелерінің ешбір грамматикалық байланысы жоқ тек сөйлемдегі ойдың кімге, неге айтылғанын, айтушының сол ойға көзқарасын, ішкі сезімін білдіру үшін айтылған сөздер деген анықтама беріп, оны іштей үш топқа бөлген: қыстырма, қаратпа, одағай.
Осы оқулықта одағай сөздерге мынадай анықтама берген: Оқшау сөздердің бірі - одағай. Одағай сөйлемдегі айтылған ойдағы сөйлеушінің ішкі сезімін, көңіл-күйін білдіреді. Қаратпа сөз сияқты одағай да сөйлем мүшесі бола алмайды [1, 191]. Қазақ тіліндегі сөздерді алғаш таптастырған Н. И. Илминскийден бастап, П. М. Мелиоранский, В. В. Катаринский секілді т.б орыс түркологтары одағайды междометие деп атай отырып, оның (одағайдың) адам көңілкүйіне қатысты семаниткалық белгісі арқылы жеке сөз табы деп таниды.
Орыс түркологтары сөз таптарына анықтама бермесе де, Қош! Ура! Секілді бір сөзден тұратын толымсыз жай сөйлемдерді интонациялық ұқсастығына қарап, одағай депт тануды да осы көңіл-күйге байланысты семантикалық белгіні басшылыққа алғандықтарын көрсетеді. Олардың (орыс түркологтарының) айтылып отырған толымсыз жай сөйлемдерді одағай деп тануына негіз де бар, бірінші себеп олардың қазақ тілін жеткіліксіз білетіндігі болса, екінші себеп, семантикалық және құрылымдық сипаты жағынан жеке жай сөйлемдерге белгілі дәрежеде ұқсастық қатысы бар одағай сөздедің өзінің табиғатында болса керек.
Қ. Жұбановтың бұлар құрылысы жағынан жеке сөз, атқаратын қызметі жағынан сөйлем не сөйлем жинағы деуі де сондықтан ғалым мысал ретінде шөк - түйе, сен - жат секілді одағайларды келтіреді. Қазақ тіл білімінде одағай терминін алғаш қолданған А. Байтұрсынов болатын. Оның одағайды жеке сөз табы ретінде танудағы ерекшелігі, орыс түркологтарынан айырмашылығы, ғалымның одағайды семаниткалық белгісімен қатар, негізінен синтаксистік белгісін ескергендігінде болып отыр. Одағай дейміз одағайланып, оңашаланып айтылатын сөздерді, - деп ғалым анықтама береді.
Кейінгі тілші ғалымдардың да, одағайды синтаксистік тұрғысынан зерттеуі А. Байтұрсынов тағылымынан аса алмағандығын көрсетеді. Мысалы одағай дегеніміз кісінің сезімін, көңіл-күйін, еркін білдіретін дербес грамматикалық тұлғалары жоқ сөздер - деп, М. Балақаев пен Т. Сайрамбаев Қазіргі қазақ тілі оқулығында одағайға синткасис тұрғысынан анықтама берсе, Ә. Төлеуов сөз таптарында - семантикалық ерекшелігі, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі жағынан өздеріне тән мәні бар сөз таптарының бірі - одағай - деп, одағай сөздердің мағынасын ашып бере алмаған. Н. Оралбаева өзінің Қазіргі қазақ тілінің морфологиясында - Одағай - адамның сезімін, көңіл-күйін, бұйрығын, шақыру мәнін білдіретін сөз табы - десе, А. Ысқақов Қазіргі қазақ тілі еңбегінде одағайдың лингвистикалық сөздікте берілген өзіне тән ерекшеліктерін атап кеткен. Бірақ, одағайға нақты анықтама бермеген.
Қазіргі қазақ тіл білімінде жас тілші ғалымдардың еңбектерінен одағайға анықтама іздеп көрер болсақ А. Салқынбайдың Қазіргі қазақ тілін алуға болады. Ол одағайға былай деп анықтама береді: Сөйлеу тілімізде, лебіз де одағайлардың прагматикалық қолданысы мен қызметі ерекше. Сөйлеушінің не тыңдаушының іс-әрекетке, болған не болатын жағдайға қатысты өзінің эмоциясын, қуанышы мен таңғалысын, сүйініші мен өкінішін білдіру мақсатында жұмсалатын тұлғалар одағайлар,-деп, одағайдың грамматикалық, семантикалық, функционалды-семантикалық сипатын белгілейді.
Оқшау сөздердің грамматикалық сипаты:
1. Сөйлемде эмотивтік, экпрессиялық мағынада жұмсалады;
2. Жеке тұрып сөйлем мүшесі қызметін атқармайды;
3. Сөз тіркесінің сыңары бола алмайды;
4. Ерекше номинативті мағына бермейді;
5. Белгілі сұраққа жауап бермейді;
6. Көмекші етістіктермен тіркесіп, кейде сөйлем мүшесі қызметін атқарады;
7. Сөйлемнен ерекшеленіп, одағайланып тұруына байланысты, одан үнемі үтір арқылы ажыратылады: егер сөйлемнің басында келсе, одан кейін, ортасында келсе екі жағынан, соңында келсе алдынан үтірмен ажыратады;
Ал, семантикалық сипаты туралы былай дейді:
1. Лебізде сөйлеуші мен тыңдаушының әр түрлі көңіл-күйін анықтау үшін жұмсалады;
2. Одағайлардың мағыналық құрылымы мәтіндегі ой мен пікірдің ауанына байланысты өзгеріп, көп мағыналылыққа ие болады;
3. Одағай мағынасы сөйлемдегі интонацимен тікелей байланысты анықталады;
4. Көптеген одағайлардың ішкі терң мағыналық құрылымы халық тіршілігімен біте қайнасқан төрт түлік мал мен үй жануарларына қатысты қалыптасқан;
5. Одағайдың ерекше және арнайы семасы контекст арқылы көрініс табады;
Оқшау сөздердің үшінші функционалды-семантикалық сипатын жетіге жіктейді:
1. Ішкі мағыналық құрылымына сай, одағайлар сөйлемге белгілі интонациялық ырғақ береді;
2. Сөйлемнің ішкі мазмұны мен мәнін анықтап, оның бұйрықтық, лептік, сұраулық сипатын жасайды;
3. Кей одағайлар мәтінде зат есім тұлғаларын қабылдап, заттануы және етістік тұлғаларын қабылдап, етістіктенуі мүмкін;
4. Мәтінде жеке тұрғанымен, одан кейінгі келетін сөйлемнің мағыналық және мазмұндық сипатын айқындай алады; Айталық, бәрекелді одағайынан соң, риза болу, қуану, қштасу мағынасындағы сөйлем келеді т.б.
5. Оқшау сөздердің дені түрленбейді, жеке қолданылады; Тек ойбайым (айғайымнан ойбайым тыныш), ой-пірім-ай, шырағым-ай түріндегі одағайлар түрленеді;
6. Одағайлардың мәтіндегі мазмұны арқылы өкіну, таңғалу, сүйіну, риза болу, ренжу, күйіну, сүйсіну мағыналары көрініс табатындықтан, әдетте сөйлемде осы мәндегі көңіл-күй етістіктері жұмсалмайды, оның орнына көңіл-күй одағайлары келіп ойды ұштайды;
7. Оқшау сөздер, негізінен диалогтар түрінде кездеседі.
Одағай - адамның көңіл-күйін, сезімін білдіру мақсатында ғана емес, амандасу, қоштасу, басқа біреуге бұйыру, ишара білдіру, үй хайуандарын шақыру мағынасында қолданылатын интонацияға бай сөздер.
Ал, жалпы түркі тілдер грамматикасын шолып өтер болсақ, олардан да одағай табиғатынан да жан-жақтылығын ашатын анықтама жоқтығын көреміз. Мысалы, А. Троянский Краткая татарская грамматика атты еңбегнде былай деп анықтама береді: Междометия суть звуки голоса, коими, как бы невольно, выражается какое - либо ощущение, например, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқшау сөздердің морфологиялық құрылымы
Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі
Оқшау сөздер және оның сөйлемдегі қызметі
Қыстырма сөздер
Қаратпалар, түрлері, жасалу жолдары
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Сөйлем құрылымында қолданылатын өзге тыныс белгілері
Сөйлемнің оқшау бөліктері
ОҚШАУ СӨЗДЕР ЖАЙЫНДА
Қазақ тілінен дәрістер
Пәндер