ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СИПАТТАМАСЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚAЗAҚCТAН PECПYБЛИКACЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИCТPЛIГI
Ш.ECEНOВ aтындaғы кacпий мeмлeкeттiк тexнoлoгиялap жәнe инжиниpинг yнивepcитeтi
Бизнес және құқық фaкyльтeтi
Құқықтaнy кaфeдpacы

КYPCТЫҚ ЖҰМЫC
Пәнi: Конституциялық құқық
Тaқыpыбы: Егеменді мемлекеттің негізгі белгілері

Opындaғaн: ЮП 19-9 тoбының cтyдeнтi
Қaлышбeкoвa Aйзaдa
Рецензент: аға оқыт. Жалғасов Н.А.

Ақтау 2020
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.ЕГЕМЕНДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІГІ МЕН ЖАЛПЫ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Егемендіктің теориялық түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Егемендіктің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Егемендіктің тарихи негіздемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2Қазақстан Республикасы егемендігі туралы декларацияның конституциялық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..29

КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. ҚР Конституциялық мәртебесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде оның мемлекеттік рәміздері - туы, елтаңбасы, ән ұраны, есептеледі. Оларда ел тәуелсіздігі, мемлекет астанасы Астана бейнеленді.
Қазіргі қоғамымыздың әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, рухани өміріндегі өзгерістер адамгершілік құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі қайта қарастыруды қажет етеді. Әсіресе әлемдік деңгейде тәуелсіз Қазақстан Ресупбликасының қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында адамның адамға қатынасын ізгілендіріп, жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде. Қазеқстан Республикасының Білім туралы заңында ... жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы, экономикалық дамуы және кәсіби жетілуі үшін жағдайлар жасау атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1991 жылғы 16 желтоқсан. Осы кезеңге дейін де бұл мекенде талай мемлекеттер шаңырақ көтеріп, өркендегенін, кейін тарих сахнасынан біржола сөнген оттай болғанын біз білеміз.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: ҚР Конституциясы 2-ші бабында айтылғандай, өзге бір мемлекеттен тәуелсіз, өз бетінше билік жүргізетін мемлекетті айтады. Мемлекет суверенитетінің тағы бір белгісі - мемлекеттік биліктің үстем болуы, ел бірлігі және тәуелсіздігі.
Конституцияның 91-бабында бекітілгендей, мемлекеттің біртұтастығы мен территорясының бөлінбестігі, биліктің басқару тұрпаты өзгертілуі мүмкін емес. Мемлекеттік тіл - бұл заң шығарушылық істерінде және ресми ісжүргізуде қолданылатын мемлекеттің негізгі тілі.
ҚР Конституциясының 7-ші бабына сәйкес ҚР-да мемлекеттік тіл - қазақ тілі болып табылады. Қазақ тілімен бірдей мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі де қолданылады. Сонымен бірге Мемлекет Қазақстан халықтарының өсіп-өркендеуіне, үйренуіне қамқорлық жасайды. ҚР Конституциялық құқықтың мәртебесінің негізгі элементі ретінде оның шетелдермен халықаралық қатынас жасау құқығы аталады. ҚР тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық және мемлекетаралық келісім-шарттар жасайды, халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады, ұжымдық қауіпсіздік пен аймақтық одақтарға мүше бола алады. ҚР міне осы қадамдарға негіз болатын барлық құқықтық субъектілерге ие.
Қазақ атамыз айтқандай, Ел болам десең - бесігіңді түзе демекші: Тәулсіз, егеменді ел боламыз десек ұрпағымызды отанға деген сүйіспеншілікке баулуымыз абзал.
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматтары үшін, оның саяси - әлеуметтік дамуы үшін еліміздің территориясында өмір сүрген түрлі мемлекеттер мен олардың құқықтық жүйелерінің ерекшеліктерін оқып үйренудің маңызы үлкен. Осы орайда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиатының бастауларын түсінгеніміз жөн, деуінің мәні ерекше.
Осы жұмыстың объектісі болып, Қазақстан Республикасының егемендігі және оның тәуелсіздігі табылады.
Осы жұмыстың пәні болып, Қазақстан Республикасындағы егемендіктің конституциялық-құқықтық мәртебесі сипаттайтын негізгі ұғымдар мен институттар, олардың өзгеруі мен өзара байланысы, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілер және оларды саяси партиялардың қызметін реттеуде қолдану тәжірибесі.
Курстық жұмысының мақсаты: саяси партияларды Қазақстан Республикасының егемендігінің және оның түсінігін, олардың еліміздегі егемендік декларациясын қарастыру.
Осы жұмыстың мақсатына төмендегідей міндеттерді шешу арқылы жетуге болады:
Егемендіктің теориялық сипаттамасын, мазмұны мен тарихи негіздемесін қарастыру;
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде зерттеу;
Қазақстан Республикасы егемендігі туралы декларацияның конституциялық сипатына көз жүгірту.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының Егемендігі тақырыбына жазылған курстық жұмыста қазіргі таңда Қазақстан Республикасының егемендігі, жалпы оның сипаты мен декларациясы олардың жалпылама сипаты қарастырылған.
Курстық жұмыстың құрылымы. Қазақстан Республикасының Парламентінің конституциялық құқықтық мәртебесі тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ЕГЕМЕНДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІГІ МЕН ЖАЛПЫ МАЗМҰНЫ
Егемендіктің теориялық түсінігі

Конституциялық құқық ғылымында егемендік түсінігі өте маңызды әрі күрделі түсінік болып табылады. Ол мемлекет және құқық ғылымы мен конституциялық құқық ғылымының және өзге де бірқатар заң ғылымдары салаларының ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан да егемендік ұғымының құрылуы мен дамуы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің қалыптасып, реттелуі мәселелері феодалдық-буржуазиялық, кеңестік кезеңдерде егемендік жайлы орын алған көзқарастарды қарап, саралауды және даму талаптарына сәйкес өтпелі кезеңде және бүгінгі күнде қалыптасқан тиісінше түсініктерді қарастыруды қажет етеді.
Жалпы алғанда егемендік категориясы өркениеттік институты ретінде мемлекеттің мәнін ашатын саяси-құқықтық категория. Егемендік институтының мәнін, түп-тамырын түсіну үшін алдымен егемендік терминіне назар бөлу қажет. Түрлі мемлекеттерде ол тиісінше аударылып, белгілі бір мәнге ие болады. Мысалы, егемендік сөзінің ағылшын, француз, неміс тілдеріндегі мәндері бірдей. Ол ең жоғары, жоғары билік, тәуелсіз деген мағынаны білдіреді. Орыс тілінде егемендік сөзтіркесі самодержавие, самостойкость түсініктеріне сай келеді деп есептеледі. Қазақ тілінде егемендік термині егемен түсінігіне, яғни еркіндік, тәуелсіздік, еріктілік түсініктеріне сәйкестендірілген.
Егемендік ұғымының ғылыми, теориялық тұрғыда анықталуына көз салсақ, саяси және құқық ғылымдары егемендік ұғымын, ілімін осы терминді енгізген Жан Боденнің атымен байланыстырады. Ол өзінің Шесть книг о государстве атты еңбегінде алғаш рет мемлекеттің мәнді белгісі ретінде егемендік ұғымын қалыптастырды. Оның есептеуінше егемендік - мемлекеттің шексіз және тұрақты билігі. Мемлекет туралы бірінші кітабының Х бөлімінде ол егемендіктің ерекшеліктерін анықтайды және егемендіктің белгілері ретінде тұтастай мемлекеттің емес тек мемлекет басшысының, яғни бір адамның егемендігі билігін анықтайтын нақты критерийлерді қарастырады. Атап айтсақ, Ж. Боден егемендіктің келесідей 5 негізгі белгілерін бөліп көрсетеді:
біріншісі - магистраттарды тағайындау және әрқайсысы үшін қызметтік міндеттерді бөлу;
екіншісі - заңдарды қабылдау, күшін жою және жариялау;
үшіншісі - соғыс жариялау және бейбітшілікті бекіту;
төртіншісі - барлық магистраттар мен азаматтар үшін жоғары сот инстанциясының болуы;
бесіншісі - заң құқықбұзушыны кешіру немесе оның жазасын жеңілдету үшін мүмкіндіктер бермеген кезде жазалау және кешірім жасау құқығын иелену .
Тиісті мәселені ары қарай зерттеу халықтық егемендік идеясына алып келеді. Оның негізін қалаушы Ж.Ж.Руссо болып табылады. Ол өзінің Об общественном договоре или принципе политического права деген еңбегінде жалпы көпшіліктің еркімен басқарылатын өкімет - егемендік деп аталады, - деп көрсетті. Әрі ол монархия, аристократия, парламент түріндегі егемендікті мойындамады, ол егемендіктің бір ғана субъектісі - халық деп таныды. Тиісінше Ж.Ж.Руссо биліктің бастауы, қайнар көзі тек халық деген идеяны алға тартты.
Келесі кезекте кеңестік заманда егемендік түсінігінің анықталуына тоқталсақ, кеңестік мемлекет танушы ғалымдар егемендікті негізінен мемлекеттің, мемлекеттік биліктің ажырамас мәні, қасиеті (белгісі) ретінде, ішінара мемлекеттік биліктің немесе мемлекеттің жағдайы ретінде қарастырғанын байқаймыз. Нақты тоқталсақ, кеңестік ғалымның бірі А.Н.Лепешкин егемендікті мемлекеттік биліктің белгісі, қасиеті ретінде қарастыра отырып, осы арқылы ол сыртқы мемлекеттермен қарым-қатынас жасау функциясын жүзеге асыру кезінде өз-өзіне ие және кез-келген мемлекеттік биліктен тәуелсіз, - деп өз көзқарасын білдірген еді .И.Д.Левин де егемендікті осы тұрғыда анықтайды, яғни Егемендік - мемлекеттің өз аумағында толық билікке ие болу жағдайы және оның басқа мемлекеттерден тәуелсіздігі, - деп жазды . Келесі ғалымдар В.А.Доронин, Н.А.Ушаков, И.Д.Левин т.с.с. тиісті анықтаманы дамыта отырып, өз еңбектерінде мемлекет егемендігінің түсінігі мен мәнін СССР жағдайымен шектей отырып, таптық сипатта анықтады. Атап айтсақ, Доронин В.А. Егемендік - бұл үстем таптың мемлекеттік билігінің қасиеті. Осы арқылы ол мемлекет функциясын жүзеге асыруда кез-келген өзге биліктен тәуелсіз деп көрсетті . Ал, И.Д.Левиннің көзқарасына сәйкес таптық диктатура егемендіктің өзегін, мәнін құрайды. Н.А.Ушаков үшін егемендік - бұл барлық мемлекеттің қажетті саяси-заңи қасиеті. Бұл аталған кеңестік замандағы көзқарастар үшін тән ортақ пікір: егемендік - мемлекеттік биліктің қасиеті, ал оның мәні - мемлекеттік биліктің (өкіметтің) таптық сипатында. Біз кеңестік мемлекеттанушылар анықтағандай егемендікті мемлекеттің белгісі, қасиеті деп көрсете алмаймыз. Егемендік - ол толыққанды және функционалды дербес мемлекеттік биліктің өзі. Ол мемлекеттік биліктің бірлігін, үстемдігі мен тәуелсіздігін анықтайтын мемлекеттің мәні. Олай болса, егемендіктің өзі мемлекеттің мәні болып табылады деп көрсетуге болады. Егемендікті мемлекеттің мәні ретінде танымау мемлекеттің егемендіксіз өмір сүруі немесе егемендіксіз мемлекет деп түсінуге тең. Мемлекет және құқық теориясы бойынша бұл - нонсенс, ал саяси тұрғыда - апологетика, сепаратизм деп есептеледі. Әдетте, көп мемлекеттерде егемендіктің түсінігі Мемлекеттік егемендік туралы арнайы актілерде (Қазақстанда Декларацияда, т.с.с) немесе мемлекеттің Ата заңында беріледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігіне сәйкес Республика егемендігі - бұл мемлекеттік биліктің бірлігін, үстемдігі мен тәуелсіздігін анықтайтын мемлекеттің мәні. Белгілі ғалым, академик С.А.Сартаев атап кеткендей Көптеген белгілі ғалымдардың еңбектерінде мемлекет, мемлекеттік билік және мемлекет егемендігі категориялары күрделі қоғамдық-саяси және құқықтық құбылыс ретінде қарастырылады. Содан барып, мемлекет, мемлекеттік билік пен егемендік барлық қырынан жан-жақты ашылып зерттеледі. Айталық, мемлекеттің дамуы мен алға басуы мемлекеттік билік пен мемлекет егемендігінің мәніне де өзгеріс әкелетін әрі табиғи, әрі тарихи процесс .
Егемендіктің функциясы әмбебап және жасампаз. Себебі, оның мәні таптық емес әлеуметтік болып табылады. Егемендік өзгеше саяси-құқықтық құбылыс болып табылады және оған мынадай әлеуметтік-саяси нышандар тән болып келеді: халық, ұлт және мемлекет. Егемендіктің бұл нышандары жеке-жеке және олардың арасында белгілі бір объективті байланыстар, біртұтастықтар бар.
Көпшілік елдерде халық биліктің бастауы, субъектісі және билікті жүзеге асырушы ретінде танылған. Тиісті мәселенің Қазақстан Республикасы Конституциясында ретелуіне келсек 3 бапта Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық деп бекітілген. Бұл конституциялық норма мемлекеттік биліктің халықтан туындайтынын, тиісінше оның халыққа ғана қызмет ететінін көрсетеді. Мұндай түсінік бойынша егемендік ұғымының мәні - халық болып табылады. Тиісінше егемен мемлекет халықтың егемендігін байқатады және оған кепілдік береді. Мемлекеттік егемендік ол нақты аумақты, сол аумақтық шектегі халықты және мемлекеттік билікті қамтиды.
Жалпы, мемлекет халықтың толық билігін, ұлттық егемендікті, мемлекеттік биліктің жоғарылығын біріктіретін заңи нысан. Сондықтан да егемендік халықтық, ұлттық және мемлекеттік егемендіктің бірлігін көрсетеді. Белгілі ғалым С.Н.Сәбікеновтің сөзімен айтқанда егемендік мемлекеттік егемендік, халықтық егемендік және ұлттық егемендік секілді үш түрлі кең ауқымды құқықтық категорияның басын құрайды. Белгілі ғалым профессор Ғ.С.Сапарғалиев атап кеткендей Ұлттық егемендік ұлттың өз тағдырына өзі ие болуынан, мемлекеттік, экономикалық және рухани салаларда өзін-өзі тануынан көрінеді.Ал, халықтық егемендік - бұл халықтың толық билігі, яғни халықтың саяси, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерді иеленуі, қоғамдық және мемлекеттік істерді басқаруға қатысуы. Халықтық егемендік демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет мәнінің мазмұнынан ажырағысыз. Халықтық егемендік қандай да болмасын мемлекеттің демократиялығының көрінісі болып табылады. Халықтық егемендік егемендіктің өзге құқықтық категорияларына (ұлттық, мемлекеттік) қарағанда негізгі әрі анықтаушы болып табылады деп түсініледі.
Мемлекеттік егемендікті мемлекеттік биліктің ел ішіндегі жоғарылығы мен сыртқы саяси тәуелсіздігі ретінде анықтауға болады. Жоғарылық және тәуелсіздік мемлекеттік биліктің егемендік қасиеті ретінде оның саяси-құқықтық мәнін көрсетеді, тиісінше мемлекеттің ішкі қызметі мен сыртқы қызметінде белгілі бір нысанда байқалады. Мемлекеттік биліктің жоғарылығы (үстемдігі) мемлекеттің бүкіл аумағында бірыңғай құқықтық тәртіпті орнатудан байқалады. Ал, мемлекеттік егемендіктің келесі қасиеті, белгісі - мемлекеттік биліктің (мемлекеттің) сыртқы саяси тәуелсіздігі оның басқа мемлекеттерден дербестігінен көрінеді. Тиісінше қандай да болмасын мемлекет нақты мемлекеттің ішкі ісіне араласуға құқылы емес, себебі ол егеменді мемлекет.
Мемлекеттің егемендігінің мәнін құраушылар қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылысымен, мемлекеттің қоғамдық тұрақтылығымен анықталады. Сонымен, егемендіктің не екенін жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігіне сәйкес қорытындылайтын болсақ, егемендік - бұл мемлекеттік биліктің бірлігін, үстемдігін, тәуелсіздігін анықтайтын мемлекеттің мәні. Осы аталған қасиеттер (мемлекеттік биліктің бірлігі, үстемдігі, тәуелсіздігі) тығыз байланысты және олар тұрғын халықты жалпыға бірдей және тең құқықпен мемлекет азаматтарының мемлекеттік-құқықтық қауымдастығына топтастырады .

Егемендіктің мазмұны

Егемендіктің маңызды белгісі -- онда мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілдік орган -- Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламент екі палатадан: Мәжілістен және Сенаттан тұрады. Олар тұрақты қызмет істейді. Мәжіліс депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. Ал Сенат депутаттарының басым көпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті депутатын Президент тағайындайды. Мемлекеттің басшысы-Президентті азаматтар сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық буындарының келісіп қызмет істеуін қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің көлемінде атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол атқарушы органдардың жүйесін басқарады. Атқарушы органдардың жүйесіне жататындар-министрліктер, мемлекеттік комитеттер, коммиссиялар, бас басқармалар және жергілікті атқарушы органдар -- облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, селолық әкімшіліктер. Атқарушы органдардың өкілеттіктері зандарда және арнаулы ережелерде анықталады.
Ерекше құқық қорғау органдары бар, олар -- соттар, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура. Олардың ішкі құрылымы, өкілеттіктері арнаулы зандарда анықталады.
Егенмендіктің тағы бір маңызды белгісі -- өз азаматтығының болуы. Азаматтыққа байланысты мәселелер Конституцияда, азаматтық туралы заңда, Президенттің заң күші бар Жарлықтарында қарастырылған. Азаматтық -- адамдардың мемлекетпен тұрақты саяси және құқықтық байланысының жағдайы. Мүндай байланыстан мемлекет пен азаматтардың өзара құқықтары мен міндеттері келіп туады. Мемлекет, оның органдары азаматтарға ол құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы үшін қажетті жағдай жасауы керек. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылган болса, лауазым иелері, заң қорғайтын органдар кінәлілерді тиісті жауапқа тартады. Азаматтың міндеттері -- Конституцияны, зандарды сақтау, мемлекеттік тілді, барлық ұлттардың тілдерін, әдеттерін, дәстүрлерін құрметтеу, еліміздің экономикалық қуатын күшейту.
Егемендіктің тағы бір маңызды белгісі -- басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау қабілеттілігі. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі. Көптеген шет мемлекеттермен елшілік қатынастарын жолға қойды. Олармен саяси, экономикалық, мәдени, т.б. мәселелер бойынша халықаралық шарттар жасасты. Сол мақсатпен Қазақстан Республикасының Конституциясы Президентке, Парламентке және Үкіметке қажетті өкілеттіктер берді.

Егемендіктің тарихи негіздемесі

Қазақ ССР-інің Жоғарғы Советі 1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның тәуелсіз, шынайы егемен мемлекет ретінде қалыптасуының алғышарты болған тарихи маңызды құжат - Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдады. Бұл акт Қазақ ССР-інің егемендігін бүкіл әлемге паш етті. Декларацияның 1 тармағында Қазақ ССР-інің басқа республикалармен бірге Егемендi Республикалар Одағына ерiктi түрде кіретіндігі және олармен өзара қатынасын шарттық негiзде құратындығы бекітілді. Сонымен қоса, Декларацияда Қазақ ССР-інің егемендi мемлекет ретінде тиісті одақтан еркін шығуға құқылы екендігін білдіретін норма да көрініс тапты. Тиісті актіде Қазақ ССР-інің егеменді мемлекет болып табылатындығының бекітілуіне сәйкестікте әрі оған негізделе отырып мемлекеттік биліктің Республика iшiндегі үстемдігі, дербестігі және толық болып табылатындығы, ал сыртқы қатынаста Одақтық шартта белгiленген шеңберде осындай қасиеттерге ие болатындығы нақтыланды. Ары қарай, Қазақ ССР-інің дербес түрде республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтiк және ұлттық-мәдени құрылысқа, оның әкiмшiлiк-аумақтық құрылымына байланысты барлық мәселелердi шешетіндігі, мемлекеттiк өкiмет және басқару органдарының құрылымы мен құзыретін, сондай-ақ Республиканың рәміздерін белгiлейтінін бекітті. Байқап отырғанымыздай, Қазақ ССР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация республиканың шынайы егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Алайда, жоғарыда аталған профессор Ғ.С.Сапарғалиев кезінде Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның іс жүзінде дербестікке ие болмағынын атап кеткен еді. Ол біз қарастырған Қазақ ССР-інің егемендігін анықтайтын Декларация нормаларының, қағидаларының бұрыңғы ҚазССР Конституциясында да бекітілгендігін көрсете отырып, КСРО жағдайында егемен, тәуелсіз Қазақстан мемлекеті туралы сөз етудің өзі бекер екендігін, тіптен мүмкін еместігін негіздеген еді .Дегенмен, саяси-құқықтық мәні аса зор бұл құжат - Қазақ ССР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация Қазақстан мемлекетінің егемендігін қамтамасыз етудің барлық дерлік қажетті шарттарын құрды, заңи бекітті. Декларацияның 15 тармағында Республиканың егемен құқықтарын қорғау Қазақ ССР-і мен Одақпен жүзеге асырылатындығы, ал Республиканың ажырағысыз құқықтарын құрайтын мәселелерді шешуге араласу оның егемендігін бұзу деп бағаланатындығы анықталды.
Республикамыздың егемендігін жариялаған бұл тарихи актінің келесі бір маңызы ол Қазақстан мемлекеттігінің келесідей үш принципалды құқықтық нормасын бекітуі болды:
1) оның өз еркiмен Одаққа берген мәселелерiн қоспағанда Қазақ ССР-інің аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының жоғарылығы (үстемдiгi) бекітіліп, тиісінше Одақтың заңдары мен оның жоғары органдарының басқа да актiлерi Республиканың егемендi құқықтары мен Конституциясын бұзған жағдайда Қазақ ССР-інің өз аумағында олардың қолданылуын тоқтата тұруға құқығы танылды. Декларацияның бұл нормасы жөнінде ғалым А.К.Котов былай деген еді: 1978 жылғы ҚазССР Конституциясының нормалары ... 1977 жылғы СССР Конституциясы нормаларына толығымен сәйкес келген жағдайда ол Одаққа қауіп төндірмеді, қайта ол ұлттық ерекшеліктер мен әлеуметтік-экономикалық өсудың қажеттіктерін ескере отырып өз аумағында заң шығарушылықта егемен құқықтарды иеленуге жол ашты.Бұл акті республикамыздың заң шығармашылығына егемендік бере отырып оның жалпы құқық шығармашылықта егемен болуына жол ашқан ресми құжат болды.
2) Қазақ ССР-інің экономикалық жүйесінің негіздері бекітілді. Атап айтқанда, республиканың барлық ұлттық байлығы - жері және оның қойнауы, су, әуе кеңiстiгi, өсiмдiктер мен хайуанаттар дүниесi, басқа да табиғи ресурстары, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкiл экономикалық, ғылыми-техникалық потенциал Қазақ ССР-інің ерекше меншiгiнде болатындығы және олар мемлекеттің егемендiгiнiң негiзiн құрайтындығы бекітіліп, Республикамызда меншiк нысандарының алуан түрлiгі мен олардың тең болуы қамтамасыз етiлетіндігі, олардың қорғалуына кепiлдiк берiлетіндiгі реттелді. Декларацияда табиғи ресурстардың, республиканың экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетінің ҚазССР-ң ерекше меншігінде болуының бекітілуі, Қазақ ССР-інің Республика үлесiне сәйкес жалпыодақтық мүліктегi, оның iшiнде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесiне құқығы бар екендігінің анықталуы, Қазақ ССР-ң егемен мемлекет ретінде өзінің қаржылық-несиелік жүйесін, мемлекеттiк ұлттық банк құруға, мемлекеттiк бюджетiн дербес қалыптастыруға, салық және одақтық-республикалық кеден жүйесiн ұйымдастыруға хақылы болып табылатындығының бекітілуі олардың алғаш рет өз реттелуін тапқаны еді.
3) Декларация Қазақстанның халықаралық қатынастың толыққанды субъектісі ретіндегі конституциялық-құқықтық мәртебесін анықтады. Қазақ ССР-інің мемлекеттік билігінің республика ішінде ғана емес, Одақтық шартта белгіленген шеңберде сыртқы қатынаста да үстем, дербес, толық болатындығын бекітті. Байқап отырғанымыздай, Декларацияға сәйкес Республиканың сыртқы егемендігі шектеулі болды, яғни Қазақ ССР-інің сыртқы қатынастағы егемендік жағдайы (үстемдігі, дербестігі, толықтығы) Одақтық шартпен белгіленетін болды. Бұл Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігінің тек қағаз жүзінде ғана 100 пайыз толықтай (толыққанды) болмағанын көрсетеді. Оның үстіне бұл проблема болмады. Себебі, Одақтық шарт жасап үлгерместен КСРО-ның тарап кеткені бізге тарихтан белгілі. Осы себепті біз Қазақ ССР-і тиісті Декларацияны қабылдап, жариялағаннан бастап-ақ әрі Одақтық құрылымда бола отырып сыртқы қатынаста ол егемен, тәуелсіз болды деген қорытынды жасауға негіз бар деп айта аламыз. Декларацияның 14 тармағында Қазақ ССР-інің сыртқы егемендігін байқататын жағдайлар көрініс тапты. Онда Қазақ ССР-інің халықаралық қатынастардың дербес субъектiсi болуға, сыртқы саясатты өз мүдделерiне сай белгiлеуге, дипломатиялық және консулдық өкiлдiктер алмасуға, халықаралық ұйымдардың, оның iшiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының және оның мамандандырылған мекемелерiнiң қызметiне қатысуға құқысы бар екендігі анықталды. Басқаша айтқанда, республикамыздың сыртқы қатынаста да егеменді болып табылғандығын дәлелдейтін негіздер бекітілді.
Декларацияның келесі бір маңызды тұсы - жалпыадамзаттық құндылықтарды тану шегінде осы Декларацияда өзге де құқықтық міндеттермен қатар қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершіліктің танылуы болды. Бұл норманың енгізілуі жойыла бастаған қазақ тілі мен мәдениетіне деген мемлекеттің қамқорлығын байқатады. Әрі мемлекеттің тарихи ұлттың дамуы үшін жауапкершілігін бекіту халықаралық құқықта жалпыға танылған норма болып табылады.
ҚазССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация алғаш рет Қазақ ССР-інде мемлекеттік биліктің заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөліне отырып жүзеге асатынын бекітті. Заң шығару билігін ҚазССР Жоғарғы Советі жүзеге асырады деп белгіленді. Президент Республика басшысы және жоғары өкімші-атқарушы билікті иеленеді, жоғары сот билігі ҚазССР Жоғарғы Сотына тиесілі деп реттелді.
Жалпы, Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы республикамыздың тәуелсіз, өркениетті мемлекет ретінде дамуында айтарлықтай оқиға болды. Қоғамдық даму формациясының социалистік кезеңінде қабылданса да әлі күнге дейін мемлекеттік және қоғамдық өмірдің ең биік төрінен орын алып отырған бұл акті Қазақстанды алғаш рет өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі, өзіндік даму болашағы бар егеменді мемлекет ретінде жариялады. Тиісінше Декларацияда болашақ тәуелсіз Қазақстан Республикасының шынайы егемендігінің барлық белгілері көрініс тапты: аумағының біртұтастығы және қол сұғылмаушылығы, азаматтығы, мемлекеттік биліктің дербестігі мен толықтығы, мемлекеттік бюджет, халықаралық қатынастардың дербестігі, мемлекеттік тәуелсіздіктің классикалық нышандары - Елтаңба, Ту, Әнұран, өзінің ұлттық валютасы.
Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның маңызын Қазақстанның белгілі академигі С.З.Зимановтың сөзімен анықтар болсақ Декларацияда республиканың тағдыры мен мәртебесін, оның жаңа федерациядағы, одақтас мемлекеттегі орнын анықтаған, биліктің экономика, мәдениет, заң шығармашылығы салаларындағы және аумақтық кеңістік салаларындағы жоғарылығының көлемі мен шегін анықтаған қағидаттық ережелер бекітілді. Декларация Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының негізі болған алғашқы баспалдақ болды.
Егемендік - (фр. souverainete - жоғарғы билік) - мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы. "Егемендік" ұғымын алғаш рет XVI ғасырда француз ғалымы Жан Боден қолданды. Бұл ұғым қоғам дамуының әр кезеңінде әр түрлі мәнге ие болды. Қазіргі кезде мемлекеттік биліктің үстемдігі мен тәуелсіздігі егемендіктің саяси құқықтық мәнін білдіреді және ішкі-сыртқы саясатта көрініс табады. Бұл үстемдік мемлекеттік органдарда қоғамдық тәртіп орнатуға және құқық тәртіптерін сақтауға қабілеттілігінен, лауазым иелері мен лауазымы жоқ адамдардың тең құқықтарын қамтамасыз етіп, бірдей міндеттер жүктеуінен көрінеді. Сыртқы саясатта әр мемлекет өзге мемлекеттің егемендігін ескермей тұра алмайды. Сондықтан егемендік пен тәуелсіздікті өзара құрметтеу принциптері халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықтағы негізгі мәселе болып табылады. Оның басты шарты - тәуелсіз мемлекеттердің әлеуметтік-саяси жағдайының ерекшеліктеріне, халық саны мен аумағының көлеміне және т.б. жағдайларына қарамастан, бір-бірімен тең дәрежеде қарым-қатынастар жасасып, араласуы. Бұл принциптер БҰҰ жарғысында және бірқатар халықаралық келісімдерде бекітілген. Халықаралық қатынастарда мемлекеттер бір-бірімен ықпалдасу кезінде өздерінің іс-әрекеттерін егемендікті құрметтеу қағидаттарының белгілі бір ережелеріне бағындырады. Мұндай ережелер келісім жасалған сәттен бастап әлгі мемлекеттер үшін міндеттілік сипат алып, халықаралық құқық нормаларына айналады. Сонымен қатар егемендік сол мемлекетті құрап отырған ұлттың саяси билігін қорғауы тиіс. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің егемендігін жариялады. "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы" Қазақстанның тәуелсіздігін бекітуге жасалған алғашқы қадам болды. Онда елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы жасалды. Осы бағдарлама негізіңде 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданды.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін баянды етті. Қазақстан мемлекетінің егемендігі мына белгілермен сипатталады: Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Қазақстанның аумағы бес мемлекетпен: Ресеймен, Қытаймен, Өзбекстанмен, Қызғызстанмен және Түркменстанмен шектес. Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды. Мемлекетіміздің аумағына басқа мемлекеттің қол сұғуы агрессия деп аталады. Агрессияны халықаралық құқық айыптайды. Конституцияда жарияланғандай, Қазақстан басқа мемлекеттермен тату көршілік, олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу, бірініші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді. Республикаға қарсы агрессия бола қалған күнде немесе сырттан тікелей қауіп төнсе, Президент республиканың барлық аумағында немесе кейбір жерлерде соғыс жағдайын енгізіп, ішінара немесе жалпы әскерге шақыруды жариялайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заң бойынша біздің мемлекет өз аумағын құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде өз қарулы күштерімен қорғайды. Республика шекарасын Қазақстанның шекара әскері күзетеді, ол республика тұтастығына қандай болсын қарсы әрекетке тойтарыс беруі қажет, адамдарды қылмыстық әрекеттерден қорғауы тиіс. Қоғамда өтіп жатқан процестер мен мемлекет қызметінің бағытына сәйкес бұл факторлар мемлекеттегі дағдарыс пен тұрақтандыруға жауап береді. Соңғы жылдары экономика саласында көп деңгейлі меншік жүйесі қалыптасып, шаруашылықтың барлық элементтерін қамтитын жаңа құрылымының қалыптасу процесі жүріп жатыр. Өндірісте экономикалық саясат, құрылымдық саясат жүргізу, айырбасты дамыту, өндіріс технологияларын жаңарту, сауда-бұның барлығы мемлекеттің міндеті болып табылады. Жұмысы әдістер мен жұмыс жасауында және мемлекеттік ұйымдастырушылық пен реттеу функцияларын көрсетілген процестерге ендіру болып табылады. Бірінші орынға монопольді мемлекеттік жоспарлау кезеңінденгі мемлекет функциялары мен басқарудың командалық әдістері шығады. Ең алдымен есептеу, бақылау, экономика мен шаруашылыққа анализ жасау функцияларын ұйымдастырады. Ал белгілі бір тарихи немесе әлеуметтік жағдайдағы бар модельдерді көшіріп алып қайталауға жол берілмейді.
Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері -- Елтаңбасы, Туы, Гимні бар. Олар Қазақстанның дамуының тарихи жолдарын бейнелейді. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиісті. Зандарда оларды пайдалану тәртібі белгіленген.
Қазақстан мемлекеті ежелгі қазақ жерінде құрылды. Демек, қазақ ұлты осы аумақта бұрыннан өмір сүріп келе жатқан этнос болғандықтан, мемлекеттің сол ұлттың атымен аталуы табиғи және занды жағдай. Қазақ тілі -- бірден -- бір мемлекеттік тіл. Басқа ұлттардың тілдерін кемсітуге жол берілмейді. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін -- өзі басқару органдарында ресми түрде қолданылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, ұлтына қарамай барлық азаматтарға тең құқық бере отырып, оларды тату тұруына заңдық негіз құрады. Сондықтан Қазақстан -- бүкілхалықтық мемлекет. Бүл жағдай Конституцияда жазылған мемлекеттің, оның органдары қызметінің принциптерінде анық айтылған. Біріншіден, мемлекет, оның органдары қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге талаптануы қажет. Қоғамдық татулық дегеніміз қайшылыққа, әлеуметтік топтар арасында, түрлі ұлттар арасында қарсы тұрушылыққа жол бермеу. Мұндай татулықты қамтамасыз ету қоғамның тұрақтылығының, әр адамның тыныш өмір сүріп, оқуының, жұмыс істеуінің алғы шарты. Екіншіден, мемлекет өзінің экономикалық саясатын қоғамның экономикасын дамытуға бейімдеп, тек бір топ адамның емес, бүкіл халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағыттауы керек. Үшіншіден, мемлекет органдары мемлекет өмірінің маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешуі керек. Бұл халық ең маңызды мемлекеттік мәселелерді, мысалы, Конституцияға өзгерістер енгізуді референдум арқылы шешеді деген сөз. Референдумды өткізу тәртібі ерекше заңмен қарастырылады.
Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мүндай мемлекет құрудың негізгі шарты-барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негзде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Конституция халық деген ұғымды қолданады. Саяси-құқықтық мағынада халық деген-мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге қатысуға хақысы бар, барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының жиынтығы. Мысалы, Конституцияға, Президенттің Қазақстан Республикасында сайлау туралы жарлығына сәйкес азаматтар, саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер Республика Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар ұсынуға ерікті. Оларды жан-жақты талқылап, қолдап немесе қарсы үгіт жүргізуге хақылы. Барлық саяси партиялар тең құқылы, олардың біреуіне қандай да болсын жеңілдік немесе артықшылық берілмейді. Азаматтар өз қалауымен саяси партиялардың біреуін қолдай алады немесе олар депутаттыққа ұсынған кандидаттарды қолдауға немесе қолдамауға ерікті. Мұның өзі халықтың ой-пікірін айқындауға мүмкіндік береді.
Демократияның бір көрінісі -- азаматтардың қоғамдық бірлестіктеріне мемлекет органдарының заңсыз қол сұғуына тыйым салу. Қоғамдық бірлестіктерді азаматтар түрлі мақсатпен: өздерінің саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени, діни қажеттіктерін қанағаттандыру үшін қүрады. Әрине, қоғамдық бірлестіктер Конституцияны, завдарды сақтауға міндетті. Олар әлеуметтік, ұлттық, діни, нәсілдік арандатушылықпен айналыспауы керек. Олардың жұмысы мемлекеттің қауіпсіздігіне, конституциялық құрылысты өзгертуге, Қазақстан аумағының тұтастығына қарсы бағытталмауы тиіс. Қазақстан Республикасы -- зайырлы мемлекет. Елімізде түрлі діни бірлестіктер әрекет етуде. Азаматтардың қандай дінге сенгісі келсе өз еркі, тіпті, ешбір дінге сенбеуге де хақылы. Дін мемлекеттен ажыратылған. Оның мәні мынада: бірінішіден, мемлекет қандай да болсын діни идеологияны мойындамайды; екіншіден, мемлекеттік оқу орындарында (мектептерде, институттарды, т.е.с.) діни ілімді уағыздауға жол берілмейді; үшіншіден, Республикамызда дінге сүйенген саяси партиялардың ұйымдастырылуына және қызметіне тыйым салынған.
Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол- құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезшуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін түсінуі қажет.
Қазақстан Республикасында, Конституцияда айтылғандай, әлеуметтік мемлекет құрылуда. Әлеуметтік мемлекетте Конституция, заң халықты таптарға, ерекше әлеуметтік топтарға бөлмейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына: шаруаларға, жұмысшыларға, қызметшілерге, мұғалімдерге, ғалымдарға, оқушыларға, аналарға, зейнеткерлерге, жетімдерге, т.е.с. тиісінше қамқорлық жасайды. Мемлекет әрбір әлеуметтік топтың ерекшеліктерін ескеріп, көмекке мұқтаждарға тиісті қаражат бөледі. Себебі еңбекке қабілетсіз, хал- жағдайы төмен адамдарға мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. Мемлекеттің сипаты оның жастарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларына қамқорлық жасап, олардың адамға лайық өмір сүруіне жағдай туғызғанына қарап анықталады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, ол біртұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Қазақстанның біртұтастығы -- оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерден құрылатындығы, автономияға бөлінбеуі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы беру
Конституциялық құқығының түсінігі, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі жайлы
Қазақстанда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамсыз ету жолдары
Қазақстан Республикасы Прокуратурасы
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде
Конституциялық-құқықтық нормалар, институттары мен қағидалары
Қазіргі таңдағы конституциялық құқықтың қайнар көздері
Пәндер