Ақша - несие реттеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстан Республикасында ұлттық эканомиканы ақша-несиелік реттеу механизмі

Пән: Макроэканомика

Мамандық: ГМУ-18-1

Студент: Айтбай Ғазиза

Оқытушы: Дина Утебалиева

2020жыл

Жоспар:

Кіріспе.

I. Экономиканы реттеудегі ақша-несие саясаты және теориялық негіздері.

II. Ақша-несие саясатының экономикалық мәні, негізгі құралдары.

III. Ұлттық экономиканы реттеудегі ақша-несие саясаты және оның жүргізілу барысы.

IV. Қазақстан Республикасындағы ақша-несиелік реттеудің жағдайы және оның болашақтағы дамуы.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының әлемге нарықтық экономикалы және дербес ел ретінде танылғаны бәрімізге белгілі. Ал нарықтық экономиканың негізгі талабы бұл экономиканың еркіндігі және мемлекеттің экономикаға тек қана жанама реттеу әрекеттерімен ғана араласуы болып табылады. Экономиканы жанама реттеудің негізгі құралдарына: ақша-несие саясаты, бюджеттік-салық саясат, тарифтік және валюталық саясаттар жатады. Өз кезегінде экономиканы ынталандыруда және шаруашылық механизмді реттеуде ақша-несие реттеудің маңызы зор болып табылады.

Ұлттық экономиканың нарықтық экономикаға өтуіне байланысты экономиканың тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін елдегі ақша қатынастарын, оның құнсыздану дәрежесін, ақшалардың және несиенің айналысын, олардың көлемін, банк және қаржы жүйелерінің қызметтерінің тиімді жүргізілуін, сондай-ақ тұрақты дамуға бет алуын реттеу құралдары мен саясаттарын ұтымды жүргізу мемлекеттің және қаржы саласының негізгі міндеті мен мақсаты болып табылады. Осы аталған экономика салаларын реттеудегі кең қолданылатын саясаттардың бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкік жүргізетін ақша-несие саясаты болып табылады.

Ақша-несие саясатын іске асыруда Ұлттық банк өзінің іске асыратын шаралары туралы мемлекеттік қаржы жүйелерімен біреге отырып анықтайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының басты мақсаттарына ұлттық экономиканың даму деңгейіне қарай 2002 жылдан бастап ұлттық экономикада ақша массасының және несиелік қатынастардың артық мөлшерде өсіп кетуіне байланысты алдағы үш жылға негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің шамасын анықтау, яғни инфляциялық таргеттеу саясатына өте бастады. Бұл саясаттың басты қолға алатын объектісі ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығын және шетел валюталарына қарағанда нығаюын қамтамасыз ету болып табылады.

Бүгінгі таңда өзекті және негізгі саясатардың бірі болып отырған ақша-несие саясатының қалай іске асатындығын, қызмет ету механизмін, Ұлттық банктің ақша-несие саясатын жүргізудегі басты қызметтерін және ақша-несие саясатындағы инфляциялық таргеттеудің жүргізілуінің бүгінгі таңдағы негізгі бағыттарын оқып үйреніп және оны зерттеу осы тақырыптың өзектілігі болып табылады. Сондықтан курстық жұмысымның тақырыбын «Ұлттық экономиканы ақша-несиелік реттеу» деп алдық.

Бұл тақырыптың өзектілігі еліміздің ақша-несие саясатының экономиканы жанама ретеудегі маңыздылығын, оның іске асу механизмі мен қазіргі таңдағы даму беталысын қарастыру болып табылады.

Жұмысты орындаудағы негізгі міндеттерге:

• Ақша-несие саясатының экономикалық мәнін, оның іске асу барысын түсіну,

• Ақша-несие саясатының негізгі құралдарына тоқталу және оның Қазақстандағы қолдану барысын талдау;

• Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын іске асыратын басты заңды тұлға ретінде оған талдау жасау,

• Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы ақша-несие саясатының ерекшеліктеріне, атқарылып жатқан нақты шараларға тоқталу,

• Ақша-несие саясатындағы әлемдік стандарттардың бірі болып табылатын инфляциялық таргеттеу саясатының еліміздегі қолданысын және ақша-несие саясатының іске асу барысын жан-жақты талдау мен туындап отырған мәселелерге тоқталу болып табылады.

Сонымен Қазақстан экономикасының тиімді дамуы үшін экономиканың шикізаттық бағытынан арылып және ұлттық қаржы жүйесін, ақша-несие саясатының құралдарын тиімді жүргізу арқылы тұрақты және қарқынды экономикалық өсуге бет бұруымыз керек.

I. Экономиканы реттеудегі ақша-несие саясаты және теориялық негіздері.

Ақша-несие реттеудің теориялық негіздемесі жүйеге фактілерді ендіруге, түсіндіруге және қорытуға негізделді, экономикалық ғылым басқалар сияқты фактілерге, яғни, деректердің немесе белгіленген құбылыстардың қадағаланатын өзгерістеріне негізделу салдарынан-осы ғылымдардың эмпериялылығын айқындайды. Теорияны талдаудың соңғы нәтижесі ретінде фактілер жиынына мағына енгізеді, оларды біріктіріп байланыстырады, олардың арасында өзара байланыс орнатады және олардан белгіленген қағидалар мен беталыстар шығарады.

Ғылыми тұрғыдан фактілер қазіргі бар теорияларды растау (дедуктикалық әдіс) үшін де, сондай-ақ жаңа теория үшін негіз болуы мүмкін.

Замандастар барынша дәрежеде жүргізетін макроэкономикалық саясат негізінде ескеретін макроэкономикалық теориялар (кейнсиандық теория мен монетарлық) - негізінен индуктивтік жолмен пайда болатын теориялар. Бұгінгі күнге көптеген ғалым экономисттер оларды макроэкономика мәселелеріне бір мәнді жауап беретін оқулардан гөрі болжамдарға жатқызды. Осыған қарамастан макроэкономикалық теориялардың болжалдығы олардың маңызын кемітпейді.

Экономистер экономикалық өсу факторларына ықпал ететін ақша-несие саясатының тұжырымдамаларына қатысты ұзақ жылдар бойы пікір таластыруда.

Ақша-несие саясатының мәні айналымдағы ақша мөлшерін өзгерту жолымен экономикалық жағдайға ықпал етуге негізделеді. Монетарлық биліктердің тиісті құралдары болса да, алайда әр түрлі экономикалық бағыттар арасында ақша ұсынысының экономикаға ықпал етуіне қатысты әртүрлі келіспеушіліктер орын алуда. Ақша-несие саясатының негіздемесі, оның стратегиясы мен тактикасын белгілеу алдымен теориялық қағидаларды айқындауды және оның ішкі тетіктерін ашуды талап етеді.

Ақша жиынын зерделеу дәстүрлері көптеген он жылдар бойы терең теориялық әзірлемелерді қамтиды, олар іс жүзіндегі әрекеттер негізі ретінде пайдаланылады. Басты мәселе-осы салада дүниежүзілік ғылыми білім әлеуетінің қолданылуы, бұған мына құбылыстар кіреді:

-экономикалық және институционалдық ерекшеліктерді ескере отырып, ақшаның баламалы айқындамасын қалыптастыруы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының ақша-несиелік саясаты
Қазақстан Республикасы қазіргі кездегі ақша-несие саясаты және оның даму жолдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша-несие саясатына талдау
Ақша-несие саясаты
Ақша-несиелік реттеу саясаты
ҚР-ғы Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Ашық экономикадағы ақша-несие саясатының дамуының кезеңдері
Ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Ұлттық банктің қызметтері және ақша-несие жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz