Музыкалық қабылдаудың дамуы музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МКҚК


Мектепке дейінгі бөлім
Мектепке дейінгі және
шығармашылық пәндер
бірлестігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ ІС - ӘРЕКЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ

Орындаған: 0101000 Мектепке дейінгі
тәрбие және оқыту мамандығы 0101013
Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі
біліктілігі бойынша оқитын 4 курс,
215КЖ тобы студенті
Нурмаганбетова Азиза
Жетекшісі: Ғ. А. Жумабаева
Музыка және жеке әдістемелер
оқытушысы

2018 - 2019 оқу жылы

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ ІС - ӘРЕКЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ МАҢЫЗЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1.Балабақшадағы музыка сабағының- теориялық маңызы
мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 1.2.Музыка сабағындағы іс-әрекет түрлерінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 7
1.3.Музыка сабағындағы әр түрлі іс- әрекеттердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ ІС - ӘРЕКЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ МАҢЫЗЫНЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
2.1 Балабақшада музыкалық қабілетті дамытудағы әдістеме және жүргізілетін жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Зерттеу жұмысының сараптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ГЛОССАРИЙ
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміз егемендік алып, Қазақстан өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасқалы жеткіншектерімізге жеткілікті көңіл бөлінуде. Бүлдіршіндерімізді жан- жақты етіп тәрбиелеуге, отансүйгіштікке, мейірімділікке, әсемдікті сүюге тәрбиелеуде музыканың алар орны ерекше. Баланың музыкалық мәдениетін, эстетикалық талғамын, ұлттық сана- сезімін қалыптастыруда сөзбен жеткізе алмайтын әсемдікті музыка тілімен жеткізуге болады. Музыкалық тәрбие беру әдістері мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық жағынан жетілдіріп, тәрбиелеудегі қызметтің барлық түрінде сенім мен жүйелі жаттықтырудың қажеттігін айқындайды. Тәрбиеші мен балалар арасындағы қарым - қатынасты, ересек адамның балаға музыка туралы қарапайым білімдерді үйретіп, оның музыкалық қабілетін дамытуға көмектесетін практикалық дағды мен шеберлікті меңгеруіне мүмкіндік туғызатын мақсаты іс- қимылдарды оқыту әдістері деп түсіну керек. Балабақшада музыка сабағының мақсаты ,балалардың музыкалық тыңдау қабілеттерін, мәдениетін қалыптастыру. Өйткені, бүгінгі күннің баласы болашақтағы өзінің қызығушылығы мен талғамын білдіретін тыңдаушы.
Музыкалық шығарманы қабылдау-әр түрлі әсерленушілік, белгілі бір эмоцияның пайда болуы, теңеулер , ассоцияциялардың (айырым психика- жүйелік процестер арасының байланыстылығы) әсерінен пайда болған күрделі психикалық процесс. Балабақшадағы музыка сабағының жүйелі түрде өтілуіне байланысты балалардың көбіне музыкалық қабылдауының дамуы мектептен басталады. Баланың классикалық музыканы қабылдауы үшін, тек тыіңдатып қана қоймай аспаптық және вокалдық әндердің жеңіл-оңайын айтқызу керек. Балалардың ән айтуда, би билеуде, аспапта ойнауда белсенділік танытуына және музыкалық- эстетикалық дамыту саласындағы тәрбиелік міндеттердің ойдағыдай шешуне көмектеседі.
Арнайы әдебиетке шолу: Әр түрлі жастағы балалардың, музыкалық қабілеттерін дамытудағы әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау.
Курстық жұмыстың мақсаты: Балаларға музыканың маңыздылығын түсіндіру, оқу қызметі барысында балалардың музыкалық қабілетін зерттеу. Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Тақырыпқа сай әдебиеттерге шолу, әдебиеттерді іріктеу.
2. Балалардың музыкалық қабілеттерін дамытудағы іс - әрекеттерін зерттеу, балаларды сол ұғымдармен таныстыру.
3. Балабақшада балалардың музыкалық қабілеттерін дамытуға байланысты тәжірибелік жұмыстар жүргізу, нәтижелерін шығару.
Зерттеудің нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеудің болжамы: Егер музыка мұғалімі жан- жақты болса тиімді жоспар құрып, нәтижелі сабақ өткізе білсе, онда балалардың шығармашылық қабілеті, музыкаға деген ынта жігері жоғары болары анық.
Зерттеудің теориялық маңызы: Балабақшадағы балаларды музыкалық іс - әрекеттермен таныстыру. Баланың алдынан жаңа өмір есігшін ашып, музыкаға деген қабілеттерін ояту.
Зерттеудің практикалық маңызы: Балалар музыкалық әдістеме қолдану негізінде талданып, зерттелді. Балалардың музыкалық қабылдауын, олардың дамуындағы жетістіктерін көрсету.
Зерттеудің құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды, глоссарий, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Зерттеудің әдіс - тәсілдері: Әдебиеттер, баспасөз материалдар, озат іс - тәжірибені қолдану.
Зерттеу базасы: Нұр-Сұлтан қаласы Айдын балабақшасы, ересектер тобы

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ ІС - ӘРЕКЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ МАҢЫЗЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1.Балабақшадағы музыка сабағының - теориялық маңызы мен міндеттері

Балабақшадағы мақсатты бағытталған және жүйелі қойылған музыкалық білім беру жұмыстары музыка сабағында іске асырылады. Пәннің аталуынан-ақ оның басқа пәндерден айырмашылығы бар екендігін анықтауға болады.Баланың музыкамен айналысуындағы алғашқы қадамы мектепке дейінгі кезеңде басталады. Ол теледидардан, балаларға арналған мультфильмдер мен музыкалық хабарларды көріп эмоцияланады, әсер алады. Ол музыка тыңдай отырып, ырғағына сәйкес қимылдар жасап қуанышқы бөленеді. Егерде бала мектепке дейін бала-бақшасында тәрбиеленсе, онда баланың эмоционалды қабылдауы, музыкалық есту қабілеті, ән айтуы, музыкалы-ырғақтық қимылдар жасауы, балаларға арналған аспаптарда орындауы сияқты бастапқы дағдылар дамиды.
Қабылдау негізінде балалар музыка өнеріндегі әр түрлі шығармалардың түрлерін, белгілі бір жанрда, формада екендігін, музыкалық сөз элементтерін түсіне алады.20 жылдардағы музыкалық өнерді қабылдау музыка тыңдау атағын алды. Қабылдау процесі тек музыка тыңдаумен шектелмейді, оған талдау, түсіндіру қосылады. Қабылдау процесі дұрыс ұйымдастырылған тәсілдер арқылы балаларды музыкалық өнерге тарту қажеттілігі алғашқы бағдарламалық құжаттарда берілген. Музыка біртұтас еңбек мектебінде бағдарламасында балалардың музыканы қабылдауы мен сол музыка әсерінен пайда болған эмоциялық әсерленуде дамыту бірінші орынға қойылды. Мұнда балалардыңмузыка тілі туралы тиісті білімін қалыптастыру, орындаугылық шеберлік пен дағдыны музыкалық құбылыстарды терең ұғынып қабылдау арқылы дамытуға ерекше көңіл аударылады. Мектепке дейінгі жастағы балалармен музыка сабағын өту жоспарында музыка тыңдату музыкалық әрекеттің міндетті түрі ретінде қарастырылады, осы салада жұмыс істеу әдісі қарастырылады. Сондай ақ музыкалық қабылдау процесіне мүлде өзгеше көзқарас пайда болды. Олардың балабақшада музыка сабағын ұйымдастыру мәселесі де басқаша. Мұның себебі 20жылдардағы мектепке дейінгі педагогикаға еркін тәрбие беру қатты әсер етті. Мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі III-бүкілроссялық сьезде жалпы мектепке дейінгі педагогиканың негізгі мақсаты тұжырымдалды, жеке тұлғаның творчестволық (шығармашылық) потенциялын дамытуға ғана көңіл бөлінеді. Баланың дамуындағы музыкаға оқытудың қаншалықты роль атқаратыны туралы айтылмайды.
Музыканы ұйымдастырылған түрде бақылау процесі барысында баланың есту дағдысының дамуының қажеттілігі туралы. В.Асафьев те жазды. Бұл баланың табиғи естуде (ырғақ, интервалика, немесе темп, колорит немесе тембр), оқушының эмоционалды мазмұнында (толықтығында), көрініс пен бейнелеудің символикалық мәнінде еркін жөн табуына көмектеседі. Сонымен қатар музыка тыңдау орындаушылық қабілеті жоқ балалар үшін музыка өнері туралы информация алуға, музыкалық құбылыстардың мазмұнын, ондағы болып жатқан процестердің дамуын түсінуге болатын жалғыз ғана тәсіл.
Музыкамен және музыкадағы қабылдау - ойлау процестері
Жоспар:
+ Есту, әсерлену, түсіну жүйесі.
+ Эстетикалық эмоциялар - музыкалық ой актісінің серігі.
+ Музыкадағы сезім және эмоциялар.
+ Эстетикалы және негізгі эмоциялар.
+ Музыкадағы шығармаларжың арақатынасы.
Музыкалық қабылдауды қалыптастыру-маңыздылығы, мақсаты, мазмұны бар музыкалық әрекет. Н.Черноивикенко музыканы қабылдау мәселесіне байланысты музыкалық қабылдауды қалыптастыру музыкалық тәрбиенің негізгі мақсатарның бірі дейді. Музыкалық қабылдаудың дамуы музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты. Бала кішкентайынан эмоциясына әсер ететін әр түрлі музыканы тыңдайды. Музыкалық қабылдауды дамыту үшін баланың музыкалық талғамын қабылдауға дайындық деңгейін, эмоциялық әсерленушілік дәрежесін білу қажет. Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану, балалардың музыканы тереңірек түйсіну, музыка арқылы беріліп отырған ойды, сезімді түсіну мүмкіндіктерін туғызады.Музыканы қабылдау баланың рухани өміріне, жақсы мінез-құлық қасиеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Музыканы уақыттан және кеңістіктен тыс ойлаудың мүмкіе еместігін Музыка жайлы айтып отырып талдаудың асқан дәлдік деңгейіне өту оңай. Бұл музыкалық бейненің бұзылуына әкеліп соғады.
Музыкалық білім жүйесінің аспектілері.
2.Музыка-педагогикалық қатынастың психологиясы.
3.Тұтастықтардың коммуникациясы: ұстаз тұлғасы, оқушы тұлғасы, музыка.
4.Педагог музыканттың ерекшеліктері.
5.Жеке және топ сабақтары.
Балаларға музыкалық білім беру процесін ұйымдастыру оқытудың негізгі мақсаттарының нақты тұжырымды болуын ғана емес, сонымен қатар музыкалық жұмыс тиісті түрде өтілуін анықтауды және балалардың музыкалық тәжірибені меңгерудің негізгі әдіс-тәсілдерінің орнатылуынталап етеді. 20жылдар кезеңінде музыка саласыны мамандарының еңбектерінде бұл мәселелер ерекше орын алады. Бұл уақытта музыкалық тәрбие мен музыкалық дамудың әрекеттестігі (екі жақтың өзара қатынасы) туралы сұрақ әлі шешілмегендігін ескеру керек. 20 жылдардағы педагогика еркін тәрбие беру теориясының әсерін басынан кешірді, педагогикалық процесті басқару жөніндегі сұрақ еленбеді. Мұндай тенденциялар (негізгі ой-мақсат) музыкалық-педагогикалық еңбектерде кездеспеді. Музыкалық жұмысты өтудің көлемін талқылай отырып, мамандар музыкалық тәрбиені бала бақшада, топтық сабақтарда жүзеге асырылуы керек деп шешті. Сабақ өтілу әдістемесі жасаралық ерекшелікке байланысты түзілу керек. Музыка өмірге қуаныш, шаттық береді.

1.2. Балабақшадағы музыка пәні мұғалімінің ролі.

Кез-келеген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері болады. Музыка мұғалімінің де өзіне тән ерекшелігі бар. Музыка мұғалімі әрдайым шығармашылық ізденісте жүреді. Өйткені ол оқу тәрбиелік жұмыстарын жүргізе отырып, балалардың көзқарастарын, сенім-нанымдарын, талғамдарын қалыптастырады. Ол тек жан жақты дамыған білімді, өз пәнін жақсы меңгерген маман иесі болып қана қоймай, жеке тұлға болуы тиіс. Музыка өнері арқылы балаларды тәрбиелеуде оның дүниетанымдық көзқарасының, түсінігінің мәнділіші қажет. Бұл мамандықты қалаған мұғалім әрдайым өзінің музыкалық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін жетілдіруде болуы тиіс. Мұғалімнің музыкалық аспапта орындауы, дауысымен еркін ән салуы сабақтың қызықты әрі әсерлі, мазмұнды өтуіне септігін тигізеді. Әсіресе қажет болған жағдайда тактіні, музыкалық сөйлемді қайта қайталауға ыңғайлы болады. Сонымен қатар балалардың өздерінің орындауға қызығушылығын ар ттырады. Музыка мұғалімі кез-келген сауатты музыкант ретінде музыкалық әдебиетті, музыканың тарихын, музыка тілінің ерекшеліктері мен заңдылықөтарын талдай білуі тиіс. Сондай-ақ қоғамның дамуына байлансты музыкалық өнердің маңызын, оның басқа да өнер салаларымен, атап айтқанда әдебиетпен, бейнелеу өнерімен байланысын түсінуі қажет.
Қазіргі заман талабына сай бұл маман иелерінің алдында көптеген талаптар қойылуда. Қазіргі уақыттағы жүргізілген педагогикалық еңбектің психологиясынң зерттелулеріне сүйенсек, музыка мұғалімінің қызметінің келесі қажетті жақтарын атауға болады. Зерттеушілік (музыкалық шығармаларға және өнердің басқа түрлеріне шығармаларына талдау жасау, әріптестерінің оқушылардың тәжірибелерін зерттеу, өз еңбегін талдау; өз жұмыснан қолдану мақсатындағы ғылыми жәнге әдістемелік әдебиеттерді зерттеу), Проектілеу (оқушылапрдың эстетикалық тәрбиесіне бағытталған оқу тәрбиелік міндеттерді, олардың білімді меңгеруді дағдыларымен іскерліктерін қалыптастыруды, олардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды жоспарлау); Конструктілеу (сабақтардың, сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық сабақтарды құрастыру); Коммуникациялық (оқушылармен қарым-қатынасты сенім мен сыйластыққа негізделіп жасау, оқушылардың алдында беделді болу); Ұйымдастырушылық (оқу тәрбиелік міндеттерді іс жүзінде шешу). Әрине осының барлығы мұғалімнің жұмыснда байланысып, оқушыларға музыкалық білім берудің міндеттерін шешуге бағытталады. Музыка мұғалімінің бойында зерттей білу дағдылары болуы тиіс. Ол музыкалық шығармаларды балаларға әсер етуіне байланысты таңдап, талдайды, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың музыканы қабылдауларын зерттейді. Музыкалық сабақтарды шығармашылық ізденісте жоспарлауы тәжірибесін толықтырып, мұғалімнің проспектеушілік, конструктілеушілік шеберлігі артады. Оларға: оқу тәрбиелік міндеттерді алдын-ала болжап, әрбір сабақтың міндеті мен мақсатын анықтау, оларды шешудегі қажетті тәсілдерді ойша жүгіртіп, қолайлы қалыптастырудағы әдіс-тәсілдерді табу жатады. Мұғалімнің балалармен тіл табыса білу іскерлігі болуы тиіс. Мұғалім тек музыкалық шығармаларды орындап қана қоймай, сол шығарма жайында әнгімелеп, сазгерге, оның шығармашылығына, музыкаға деген өзінің көзқарастарын айта отырып, балалардың көңіл-күйлеріне әсерін тигізеді. Мұғалімнің балалар алдындағы беделінің артуы, оның талап қоя білуіне, ісіне мән беруіне де байланысты.
Тақырыптарды ашу барысындағы танымдық сұрақтарды қоя білу мұғалімнің тіл байлығы мен педагогикалық шеберлігіне, іскерлігіне байланысыты. Орынды қойылған танымдық сұрақтар оқушыларды ойландырып, музыкалық шығармалар жайында өзщдерінің пікірін айтуға бағыттайды, қиялдарын дамытады.Сыныптан тыс уақытта жүргізілген музыкалық тәрбие жұмыстарының түрлерін ұйымдастфыруда осы қабілетіне сүйеніп, оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырады.
Мұғалімнің шығармашылығы оның педагогикалық ізденістері мектептегі алғашқы музыка сабақтарынан басталады. Мұғалімнің бойындағы қалыптасқан шығармашылық қабілеті оқушылардың қызығушылықтарын арттырады. Музыка сабағында қолданылатын музыкалы-дидактикалық ойындар, ребустар мен викториналывқ сұрақтар оқушылардың музыкалық қабілетін арттырып, дүниетанымын кеңейтеді. Қоғамымыздың өміріндегі өзгерістерге байцланысты қойылып отырған жаңа талаптар мұғалімнің өз білімін әрдайым жетілдіріп отыруын мақсаттайды. Сонымен қатар музыка мұғалімі музыка пәніне арналған бағдарламалардың барлық түрлерімен танысып, оларға талдау жасап, оның ішіндегі қажеттілігін іс-жүзінде қолданып, өмір талабына сай шығармашылық тұрғыда түрлендіріп отыруы тиіс. Алға шолу және өткенге қайта оралу әдісі бағдарламадағы тақырыптардың бір-бірімен жүйелі байланысып құрылуы. Алға шолу және өткенге қайта оралу әдісінің талдамасының болуын қажет етеді. Бұл әдіс оқушылардың саласына музыка жайындағы бүтін түсініңтердің тұрақталуын көздейді. Педагогикада бұл әдісті перспективті және ретроспективті әдіс деп атайды. Перспективтілігі алдағы міндеттерді көре білу, ал ретроспективтілігі - өткенді көре біліп жаңа жағдайларда оны қолданып, бағалау. Мұнда оқытудың кезеңдерінің тоқсандарының тақырыптарының және музыкалық шығармалардың арасындағы байланыс байқалады. Жаңа тақырыптың таныс материалмен қиылысуында музыкалық мәдениеттің меңгерілу процесі бірлесіп, үзіліссіз екендігі белгіленеді. Эмоциялық драматургиялық әдіс - ең әуелі оқушылардың музыкаға деген эмоционалды қарым-қатынасын белсендіруге бағытталған. Бұл әдіс музыкалық сабақтарға деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға себебін тигізеді. Эмоциялық драматургиялық әдісі сабағында бағдарлама бойынша жоспарланған шығармалардың бірінен соң бірін (сабақтың басын, кульминациясын, соңын) нақты жағдайларға байланысты сынып оқушыларының музыкалық дайындықтарының деңгейін ескеріп шығармалардың бірінен соң бірін қолдануды нақтылайды. Эмоциялық драматургиялық әдісі сабақты қызықты және нәтижелі өтуін қамтамасыз етеді. Музыкалық білім беруде ғылымилық принципі. Ғылымилық принципке сүйеніп оқыту - берілетін пәннің ұғымдарын нақты дәлелдер мен заңдылықтар негізінде оқыту болып табылады.
1.3. Музыка сабағындағы әр түрлі іс- әрекеттердің түрлері.

Мектепке дейінгі мекемелердегі сәбилердің ұлттық музыкаға қызығуы, оның құндылығын сезінуі мүзыка сабағының ұйымдастырылу формасына, мәніне , мазмұнына оның әдістемелік тұрғыда дұрыс құрылу сипатына, балалардың қызығушылығын тудыруына сабақта қолданылатын іс- әрекеттердің өз ара іскерлікпен кіріктірілуіне байланысты( кейінгі кезде іс-әрекет тәжірибеде музыкалық қызмет деген ұғыммен де беріліп жүр). Сабақта қолданылатын іс- әрекет түрлеріне мыналар жатады: ән салу, музыка тындау, музыкалық- ырғақты қыймылдар, балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау балалар шығармашылығы. Ән салу- баланы әнді дұрыс айтуға тәрбиелесе, музыка тындау - оны музыкалық шығармаларды, әндерді саналы түрде қолдануға үйретеді, музыкалық- ырғақтық қимылдар - баланың жан дүниесін байытып, әдемі жүріс- тұрысының қалыптасуына, дене мүшелерінің өсіп жетілуіне, көңіл- күйінің жақсаруына, музыка өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға әсерін тигізеді, балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау- балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке, сезімтадыққа, адамгершілікке баулиды, балалар шығармашылығы - балалардың бойындағы шығармашылық қабілетті дамытуға игі ықпалын тигізеді, ойын ұштап, қиялын қанаттандырады.
Музыкалық-ырғақтық тәрбиенің жүйесі Н.Г.Александрова, М.А.Румер, Е.В.Конорова, В.А.Гринер және басқалар тарапынан жасалған. Мектепке дейінгі жасқа қолдану үшін арнайы зерттеулер Н.АВетлугина, А.В.Кенеман және олардың шәкірттері М.Л.Палавандишвили, А.Н.Зимина тарапынан жүргізіледі.
Ырғақ мазмұнын жасауға М.А.Румер, Т.С.Бабаджан, Н.А.Метлов, Ю.А. Двоскина қатысты. Біраз кейінірек бұл жұмысқаА.Н.Заколиская. С.Г.Товбина, Е.Н.Соковнина, В.В.Цивкина, Е.П.Иова, И.В.Слепович және басқалар қатысты. Бұл жүйелі жетілдіру жөніндеС.Д.Рудиева, Л.С.Генераловалар кейбір ұсыныстар енгізді.
Музыкалық - ырғақтың дағдылар музыкалы ойындарды,секірме билерді,қол ұстасып жүріп өлең айтуларды (мейлі ол жаттығулық,хеографиялық болсын) орындауға қажет қимылдармен бірлікте жетілдіріледі және қол ұстасып жүріп өлең айтуда және т.б. тән қимылдардағы музыкалық-ойындық образдарды мәнерлеп орындауға көметеседі. Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтың қимылдарға үйретудің әдісі. Музыкалық-ырғақтық қимылдар музыканыңсипатымен, оның музыкалық бейнелердің дамуымен айқындалады. Алты жастағы балалардың шығарманы тұтастай қабылдауы және қимыл жасау аркылы оның сипатын, көңіл күйін бере білуі мүмкін. Олар қарқынның, жылдамдық ерекшеліктердің, пьесаның екі бөлімді түрінің өзгерістерін (әсіресе қарама-карсы берілген) тез сезеді, бірақ, егер бала алуан түрлі музыкалық құралдардың мағынасын түсінген болса, жасалатын қимыл барынша мәнерлі бола түседі. Пьесаның саздылығы ұстамдылық сипатымен ерекшеленеді дейік, жалпы дыбыс шығару баяу, кұпия, қаркын жіті емес, біртіндеп ақырындай түседі; мұны түсінген балалар тасада тұрған аңды абайлап қарап алатын сақ аңшылардың бейнесін өте мәнерлі көрсете алады.
Сабақты ұйымдастыру формасына келер болсақ, музыка сабағында балалардың барлығы да оның ерекше қабілеттілігіне, икемділігіне, қызығушылығына қарамай, бәрі бірдей білім алуы тиіс, сонымен қатар сабақтың ұзақтығы, жаңа материял түсіндру, пысықтау, өткен сабақтардан алған білімін тексеру т.б. секілді компонеттер бар. Сабақ өткізілместен бұрын, алдын- ала оның мақсатымен міндетін және оларды іске асыру жолдарын, мазмұны мен құрылысын, оқыту әдістері мен құралдарын, тәрбиелік, білімділік мәнін, дамытпалы мүмкіндіктерін анықтап алған жөн.
Музыкалық тәрбиенің міндеттерін жүзеге асыру үшін тыңдауға, айтуға арналған шғармаларды іріктеп, таңдап алудың мәні зор. Ол баланың жас ерекшелігіне, әр топтың қабылдау мүмкіндігіне сай болуы тиіс. Сабақта балалардың белсенділігін түсіріп алмау үшін, сол сабақта қолданылатын музыкалық материялдардың сипатына, қиындылығына формасына қарай, сабақта қолданылатын іс- әрекеттерді өте іскерлікпен ауыстырып отыруға дағдыланған жөн. Әрине бұл музыка жетекшісінен ерекше дарындылықты, шығармашылықты, тапқырлықты қажет етеді. Музыка жетекшісінің бала алдында беделді болуы оның жауапкершілігіне, қамқорлығына, талап ете білуіне байланысты. Музыкадан алған әсерінің жемісті болуы үшін балаға әрқашан музыка жетекшісі тарапынан қамқорлық, тірек болатын ілтипат, ықлас қажет. Әрине, музыка жетекшісі жұмысында оның ұйымдастырушылық қабілетінің үлкен рөл атқаратынын атап айтқан жөн. Музыкалық іс- әрекеттің барлық түріне баларды еліктіріп әкету үшін мұғалім өзі отты, жігерлі болуы тиіс.Музыка жетекшісінің жан- жақты білімділігі, жан- дүниесі, ақыл- ойы, жылы жүзі, өнегесі балалардың музыка сабығына қызығушылығын арттырады, олардың бұл іске белсене араласу дағдысын қалыптастырады.

2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ ІС- ӘРЕКЕТ ТҮРЛЕРІ МАҢЫЗЫНЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
2.1 Балабақшада музыкалық қабілетті дамытудағы әдістеме және жүргізілетін жұмыстар

Тақырыбы:"Әніміз бар тамаша"
Мақсаты: балалардың ән туралы түсініктерін қалыптастыру; әнді мұқият тыңдай отырып, сипатын ажырата алу, бірге ән салу, ән ырғағын дәл сақтап орындау дағдыларын жетілдіру; әнге деген қызығушылықтарын ояту; музыкалық есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Әдіс - тәсілдер: салыстыру, сәйкестендіру, ой қозғау, миға шабуыл, топтық жұмыс, дидактикалық ойын.
Көрнекілігі: ойынға арналған үйлер және суретті алмалар, Әнші төлдер макеті,Көңілдішарлар.
Музыка жетекшісінің іс - әрекеті
І. Бастапқы жүріс
Балдырғандар маршыМарш екпінді әуен ойнап, балаларды қабылдайды.
Әндете сәлемдеседі.
Біз - көңілді баламыз,
Өнер қуған дарамыз.
Әнге салып әдемі
Би де билеп аламыз.
ІІ. Музыкалық - ырғақты қимылдар
Келші, құрбым билейікӘн сөздеріне және ырғағына сәйкестендіре, жұптаса би қимылдарын орындауға шақырады.Балалармен бірге ән салып, би қимылдарын дұрыс орындауларына ықпал етеді.
ІІІ. Музыка тыңдау
Ой қозғау. Балаларға әнге қатысты бірнеше сұрақтар қояды. Әуен мен сөздің үйлесуімен ән пайда болатыны жөніндегі түсініктерін пысықтайды. Ән, әуен сөздерінің орыс тіліндегі аудармасын қайталатып, үйретеді.Бір баладан өзі білетін әнніңәуенін ля - ля буыны арқылы орындауды, екінші баладан сөзін ақпақтап айтуды ұсынады.
- Әнді кім шығарады?
- Қандай сазгерлерді білеміз?
- Әннің сөзін кім жазады?
- Әнді орындайтын адамды кім дейміз?
- Қандай ырғақтағы әндерді білеміз?.
Балалардың назарын ақылды тақтаға аударады.
Бұл үйдегілер не істеуде? муз. дид. ойынын ойнауға шақырады.

1.Елімізді сүйеміз (марш) Ж. Қалжанова
2. Күзге сәлем! ( вальс) А. Еспенбетова
3.Әлдихалық әні (бесік жыры)
Ойын шарты бойынша әртүрлі сипаттағы әуендерді ойнап, үйдегілердің қандай іс - әрекет үстінде екенін табуды сұрайды.
Жауаптары дұрыс болған жағдайда көңілді әуен ойналатынын айтады.
ІV. Дауыс жаттығулары
Жаттығуларды бірүнділікпен, әуенін дұрыс айтуларына мән береді.
Музыкалық баспалдақ арқылы жаттығу жасатады.
V. Ән салу
Елімнің ертеңгі иесі біз!әні: А. Еспенбетова. Өткен әнді естеріне түсіреді. Әннің атын, сазгерін атауды сұрайды.Әнді хор мінбесіне барып үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
2. Әніміз бар тамаша!Ән үйренуді жалғастырады. Ақылды тақтадағы әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен, кіші алмаларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.Тамаша әнімізге қосылуға әнші төлдер келгендігін айтады.Балаларға төлдермен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.Әннің І қатарын - ботақандар тобы, ІІ қатарын - бұзауқандар тобы, ІІІ қатарын - лақтар тобы, ІV қатарын - құлыншақтар тобы, ал, қайырмасын барлық топ қосылып орындауға үйретеді.
VІ. Ойын ойнау
Ән салған кім? муз. дид. ойын.Ойын алаңына көңілді шарларды алып баруларын сұрайды. Ойын шартын түсіндіреді. Санамақ арқылы ойын бастаушысын сайлайды.Достығымыз жараса,Асыр салып таласа
Ойынды тез бастайық,Шартын қатаң сақтайық1 - 2 - 3. Ойын баста, ұш!
Әннің І шумағын орындау кезінде шарларды артқа тығып,
шеңбер бойымен жай баса жүріп, әндетуді, қайырмасында - көңілді шарларды іске қосып, ырғағын соғуды ұсынады.

2.2 Зерттеу жұмысының сараптамасы

Әдістеме №1
Тақырыбы: Баланы музыкалық аспаптарға үйрету
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарға деген тәрбиелік қабілетін анықтау.
Зерттелінушілер: ересектер тобы
Қатысқандары: 15 бала
Зерттеудің барысы: Музыкалық аспаптарға үйрету барысында балаларды нақты әрі мұқият орындауын қадағаладым.
Зерттеудің қорытындысы: Зерттеу нәтижесі бойынша төмендегідей көрсеткіш шықты.
Қорытынды нәтижесі, бағалануы:
10 ұпай - бала берілген тапсырманы тиянақты орындады, барлық тапсырманы дұрыс анықтап, қайталады.
8-9 ұпай - бала берілген тапсырманы нақтылау, тек аспапты жай шертті
6-7 ұпай - бала берілген тапсырманы көп ойланып, 10 минуттың ішінде ғана орындай алды.
4-5 ұпай - бала берілген тапсырманы орындауға деген ынтасын ғана көрсетті.
2-3 ұпай - бала берілген тапсырманы мүлдем орындай алмады.

10 ұпай - өте жоғары
8-9 ұпай - жоғары
4-7ұпай - орташа
2-3 ұпай - төмен

Ұсыныс: Мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы балаларға музыкалық тәрбие берумен қатар музыкалық аспаптарды дұрыс қолдануға үйрету қажет

Балалардың тәжірибеге дейінгі көрсеткіші

Балалар тізімі
Музыкалық аспапқа үйрету
1
Амантай Асим
8
2
Үсенова Зере
5
3
Мырзағали Аяла
10
4
Қарымсақ Мадияр
6
5
Ахметжан Карина
3
6
Ахметжан Оразалы
10
7
Хизат Арнұр
5
8
Байдүйсен Айзере
1
9
Тілеулес Әбу
8
10
Теміржанов Нұрбек
6
11
Борисов Иля
10
12
Дактарова Азалия
8
13
Қамбар Асылбек
10
14
Дүйсенбина Амина
5
15
Азнагулов Арлан
1
16
Барлығы
96

Балалардың тәжірибеден кейінгі көрсеткіші

Балалар тізімі
Музыкалық аспапқа үйрету
1
Амантай Асим
9
2
Үсенова Зере
7
3
Мырзағали Аяла
10
4
Қарымсақ Мадияр
8
5
Ахметжан Карина
5
6
Ахметжан Оразалы
10
7
Хизат Арнұр
8
8
Байдүйсен Айзере
5
9
Тілеулес Әбу
9
10
Теміржанов Нұрбек
10
11
Борисов Иля
10
12
Дактарова Азалия
10
13
Қамбар Асылбек
10
14
Дүйсенбина Амина
8
15
Азнагулов Арлан
5
16
Барлығы
124

Шығармашылық білім беру саласы

Аты - жөні
Музыка
Барлық ұпай саны
Орташа ұпай саны
Үлгілік оқу бағдарламасын меңгерген деңгейі

4-5 қарапайым жанрларды ажыратады (күй, өлең, би, марш)
4-5 қарапайым музыкалық терминдерді, ән айту дағдыларын игерген
4-5 пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды
4-5 дыбысталуын тембрі бойынша ажыратады және оларды атайды
4-5 балаларға арналған музыкалық аспаптарда жеке және топпен ойнай алады

1
Амантай Асим
ІІІ
ІІІ
ІІІ
ІІІ
І
13
3
ІІІ
2
Үсенова Зере
ІІ
ІІ
І
І
ІІ
8
2
ІІ
3
Мырзағали Аяла
ІІ
ІІ
ІІІ
ІІ
ІІІ
12
2
ІІ
4
Қарымсақ Мадияр
І
ІІ
ІІІ
І
ІІ
9
2
ІІ
5
Ахметжан Карина
ІІІ
ІІ
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың музыкалық қабілеттілігін дамыту
Ересек топтағы мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қабылдау ерекшеліктері
Музыкалық қабілет мәселелеріндегі адамның тұжырымдамасы
Білім саласындағы әлемдік даму
Бастауыш сыныпта оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру жолдары
Орта топ балаларын музыка тыңдауға үйретудің ерекшеліктері (4-5 жас)
Бастауыш сыныпта хор өнерін үйретудің мақсаты мен міндеттері
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық мәселелері
Музыка сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға музыканы қабылдауды оқыту әдістемесі
Пәндер