Ересек топтарында қимыл - қозғалыс ойындарын ұйымдастырудың ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МКҚК


Мектепке дейінгі бөлім
Мектепке дейінгі пәндер ПБК-сы
Алмасқызы Малика

ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ ЕРЕСЕК ТОБЫНДА ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Курстық жұмыс

Ғылыми жетекшісі
А.Е. Иргебаева,
мектепке дейінгі жеке
әдістемелер оқытушысы

Нұр - Сұлтан 2020 ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ ЕРЕСЕК ТОПТАРЫНДА ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚИМЫЛ- ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Ересек топтарында қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастырудың ерекшеліктері ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5 1.2 Ересек топтарда қимыл-қозғалыс ойындарының түрлерін ұйымдастыру арқылы белсенділіктерін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2 ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ ЕРЕСЕК ТОПТАРЫНДА ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМІ
2.1. Тапсырмалардың эксперименталды тәжірибелік шешу нәтижелерінің бастапқы кезеңі.
2.2.Тапсырмаларды эксперименталды-тәжірибелік шешу нәтижелерінің қалыптастырушы кезеңі.
2.3.Тапсырмалардың эксперименталды-тәжірибелік шешу нәтижелерінің қорытынды кезеңі.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ГЛОССАРТЙ
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлға ретінде дамуы мен физикалық денсаулығы мықты болып қалыптасуы ерекше орын алады. Дәл осы жаста мақсатты бағытқа көзделген педагогикалық әсер ету нәтижесінің арқасында денсаулығы, жалпы төзімділігі, жұмыс қабілеттілігі мен өмір тіршілігі және тағы да басқа қасиеттері, жеке тұлға болып дамуына қажетті басқа да қырлары қалыптасады. Ересек жастағы топтарда балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігі әртүрлі болып келеді. Көптеген спорттық жаттығуларды орындаудың жаңа түрлерін меңгеруден басталады. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кейбір балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кейбір балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері өте көп. Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси-әлеуметтік және идиологиялық ерекшеліктері болатыны айқын. Сол сияқты, бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз Тауына қарай аңыз, заманына қарай заңы-деп айтқандай, Қазақстан Респуликасының Білім туралы заңында: білім алушылар мен тәрбиелеушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстар, ұлттық ойындар, семинарлар, конференциялар сондай-ақ, іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу көрсетілген. Ойын дегеніміз-адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тыныс кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды,- дейді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті- ойын. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру барысында жүргізілетін ойындар мен оқу-танымдық іс-әрекеттер баларды дербестікке тәрбиелеуге негізделеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлеріндегі режимдік кезеңі процесінде ересектермен және құрдастарымен мәдениетті қарым-қатынас жасау әдетін қалыптастыруды әрі қарай жалғастыру қажет. Баланың денмаулығын нығайтуға, дене және ақыл-ой қызметінің жұмысын шаршап-шалдықпайтындай, жарақаттанып қалмайтындай, жалықпайтындай етіп ұйымдастыру керек. Сонымен қатар, осы кезеңде күн тәртібін сақтауды қамтамасыз ететін шаралар кешенін жүргізу, жеке бас гигиенасын сақтау, қоғамдық орындағы мінез-құлық мәдениеті мен өз-өзіне қызмет жасау дағдыларын меңгерту өте маңызды. Әртүрлі қозғалыс түрлеріне жаттықтыра отырып, балалардың оны түсініп, дұрыс, дәл орындауы қадағаланады. Бұл мақсатты жүзеге асыруда арнайы ережелері бар қимыл ойындары ойнатылады.
Арнай әдебиетке шолу: Зерттеу жұмысы бойынша бар әдебиеттерді шолу зерттеу жобасын жүзеге асыру барысындағы алғашқы маңызды қадам, оның негізін қалыптастырады. Бұл жұмыс әдеби шолу жүргізу мақсаттары және оның ауқымды дерек сөздерді іріктеу принциптері, дәйексөзді сілтеме жасау және рәсімдеу ережелерді жазба жүргізу материалды жүйелеу және әдеби шолудағы жазу процесі қарастырылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы ересек топ балаларының белсенділігін арттыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалардың денесінің шымыр болуына, ұжымшылдық пен қайраттылыққа, қимыл мәдениетіне қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың қимыл-қозғалыс ойындары арқылы дамытудың теориялық негізін анықтау, тәжірибелік сынақтан өткізу.
Зерттеу пәні: дене тәрбиесі әдістемесі
Зерттеу жұмысының болжамы: егер, мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының дене тәрбиесі оқу-қызметтерінде қимыл-қозғалыс ойындар мен олардың түрлері жүргізіліп, қимылды тапсырмалар беріліп, түрлі әдістер қолданылып, сонымен қатар балалардың дұрыс қозғалуын қимыл-қозғалыс жаттығулар арқылы дамытудың теориялық негіздері анықталып, мектепке дейінгі ұйымның оқу үрдісінде оңтайлы жүзеге асырылса, онда мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың қалыптасуы дами түседі.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы:
- Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың қимыл-қозғалыс ойындар арқылы дамытудың тиімділігін көрсетуге ғалымдардың зерттеулері қарыстырылады;
- Ересек топ балаларының белсенділігін қалыптастырудағы теориялық негізі айқындалды;
- Ұсыныдған әдістемелік жүйенің нәтижесі тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, дәлелденді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың белсенділігінің дамуында ғалымдардың әдістемедері қолданылып, зерттеу барысында қарастырылған жұмыстар балабақшадағы оқу үрдісінде қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

1 ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ ЕРЕСЕК ТОБЫНДА ҚИМЫЛ- ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚИМЫЛ- ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Ересек топтарында қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастырудың ерекшеліктері
Ойын - маңызды іс. Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмысалуы керек, өйіткені ойын баланы дамытады. Ойын адам жолын ынтымақтығымен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындардың қай - қайсысы болсада баладан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, шеберлікті, т.б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді. Қызығу - танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші. Баланың қызығуы жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие болады. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалар зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балалардың аңсары сабақтан гөрі, ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық топтарда қолданылады.
Әр қашан да тәрбиеші ойынға койылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:
1.Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек
2.Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.
3.Ойынға топтағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз етуі керек.
4.Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.
Ойын түрінде өтетін оқу қызметтері балаларды балабақшадан шыққаннан кейінгі өмірге дайындайды. Олар үшін тек қандай да бір жағдайда не істеу керектігін жаттап, есіне сақтаудан гөрі іс жүзінде көріп, өзін рөлге қойып, шешім қабылдау әлдеқайда қызық.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын - оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. "Ойын" ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс - әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:

* Ойын сауық;
* Комумуникативтік немесе қарым - қатынастық;
* Диагностикалық (ойын барысында өзін - өзі тану);
* Коррекциялық (өзін - өзі түзету);
* Әлеуметтендіру.
Әлі де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір - біріне деген сенімділігін арттырады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде қимыл-қозғалыс ойыны. Ойынның негізін-әртүрлі қимыл-қозғалыс әрекеттері шығармашылықпен құрылып, дәлелді мазмұны, тақырыбы, идеясы бар, ережелері, көбінесе қарапайым ойындар құрайды.
Қимыл-қозғалыс ойындары - мектепке дейінгі жастағы баланың сүйікті де, пайдалы іс-әрекетінің бірі болып табылады. Ойын адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттырады. Көңіл-күйін сергітіп, тамаққа тәбетін ашады, еңбекке құлшынысын күшейтеді.
Ойын ежелден келе жатқан адам өмірінің маңызды бөлігі екені сөзсіз. Бала ойынмен өседі - демекші, қимыл-қозғалыс ойындарының бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Ол - көптеген ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Ойын жігерлікке, шыдамдылыққа және ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Сондай-ақ тез арада ойлау қабілеттерін дамытады.
Қимыл-қозғалыс ойындары спорт ойындарынан айырмашылығы ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін орынды және уақыт регламентін талғамайды. Осы ойындар ішінен қысқы ойындарға тоқталып кетсек. Қысқы күндері қар үстінде, айдында, мұз және қар жал төбелерінде көптеген қызықты ойындар ұйымдастыруға болады. Қыс кезінде ауа-райы ауыспалы келеді. Жылы кезде қар жабысқақ болады. Осы күндері балалар қардан қалашық, қорған, аққала жасайды. Ал егер қарды мұз басып қалса, онда шанамен және конькимен көптеген ойын түрлерін өткізуге болады. Қысқы ойындары желсіз күні, ауа-райының көрсеткіші минус 10 градусқа дейін мөлшерді көрсеткен кезде жүргізілу қажет. Ойыншылардың киімдері жылы әрі қозғалуға ыңғайлы болуы керек.
Қимылды ойындар балалардың өздерінің білімдері мен ептіліктерін ойындардың құбылмалы жағдайларында нақтылы қимылдық тапсырмаларды орындау үшін қолдануына мүмкіндік береді. Ойын мақсатына жету үшін қимыл тәсілдерін өз бетінше таңдап ала білуді қажеттілігі өзіндіктің, инициативаның, жеке басының және басқа сапаларының қалыптасуына жағдай жасайды. Қимылды ойындарда тәрбиешінің балалармен араласуға кең мүмкіншілігі бар. Тәрбиеші ойынның мазмұнын, оның шартын әңгімелейді. Балалар жаңа сөздердің мәнін біледі. Сөзге белсене араласу, сондай-ақ сөзді және әнді айта жүріп ойнауларын қалыптастырады. Белгілі бір сюжеті және белгіленген шарты бар қимылды ойындар анағұрлым күрделірек болады. Мұнда ойнаушылардың шығармашылық әрекеттері орындайтын рөлдеріне (Аққу-қаздар, Соқыр теке, және басқа) байланысты болады. Шығармашылық рөлдік қимылды ойындардың шарты балалардың ойын кезіндегі мінез-құлықтарын реттейді, ойындардың өзінің жүргізілу барысын нақтылайды. Өзге ойындарда бекітілген сюжет болмайды. Олар ойыншылардың әлдебір нақтылы қимылдық тапсырмаларды (Маған қуып жетіңдер, Шағынқақпаға қарай және басқа), әлдебір заттарды, әрекеттерді (кегельдер, серсо, классы, бабки, шығыршық лақтыру), орындауларына негізделген.
Қимылды ойындар бала денесінің жан-жақты дамуына ықпал еткенмен, бағдарламада олар негізгі қимыл түрлері бойынша жүйеленеді: жүру, жүгіру, еңбектеу және өрмелеу; секектену және секірулер; лақтыру және қағып алу, сондай-ақ кеңістіктегі бағдарлау ойындары. Бұлайша болу педагогикалық міндеттерге сай жүктелетін ойындарды тәрбиешінің іріктеп алуын жеңілдетеді. Ойындарды жоғары, орташа және аз қимылдылар деп бөлінеді. Қозғалғыштық дәрежесі баланың ойындағы қозғалыс интенсивтілігімен және оның белсенділігі мен, сондай-ақ ойында белсенді әрекет жасаушы балалардың санасына қарай анықталады.
Қимылды ойындарды үнемі қайталап отыру қажетті дағдыларды жетілдіруге және нығайта түсуге, ұжымды ойындардағы қозғалыстың оңай да еркін болуын жетілдіруге, ойын жағдайларындағы жақсы бағыттылыққа, басқа ойыншылардың әрекетіне жауап ретінде тез және ойлы түрде әрекет ете білуге көмектеседі. Ойынның ережелерін қайталап орындау, бұл сәбилердің екінші тобынан бастап, ерекше маңызды, баланың ойлау қабілетінің жетілуіне, оның ерік қасиеттерін тәрбиелеуге көмектеседі. Егер қайталау кезінде ойынның түрі біраз өзгертіліп, күрделендіріліп отырылса, қимылды ойындардың тәрбиелік және танымдық жағы күшейе түседі.
Балалардың белсенділігіне түрткі бола отырып, тәрбиеші олардан басты рөлді кімнің ойнағысы келетінін сұрайды. Тәрбиеші жетекшілік еткісі келгендерді көтермелей отырып, балаларды рөлге тағайындаудағы кезектілікті сақтауға тырысады. Сабырлы, ұялшақ балаларды белсендіреді, рөлді орындауға көмектеседі. Тәрбиешінің қимылды ойынға тікелей қатысуы ойынның эмоциялылығын күшейтеді, тәрбиеші мен балалар арасында достық байланыстың орнауына және балалардың ұжымдық өзара қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етеді. Жыланша ирелеңде, Қоян мен қасқыр, т.б. қимыл-қозғалыс ойындары ойналады.
Қимылды ойындар күнбе-күн жүргізіледі. Ойындардың ұзақтығы 6-10 мин шамасында болады. Қимылды ойындардың сюжеттері балалардың ақыл-ойы мен қозғалу тәжірибелеріне байланысты барыншы түрлендіріле түседі. Сонда да негізгі мазмұндысы балалардың хайуанаттардың, құстардың әрекетін, әр түлі транспорттың қозғалыстарын, адамдардың заттармен қызметтерін қайтадан қайталау болып қала береді. Ойындарда заттарды тану мен есте сақтауға, формаларын білуге байланысты тапсырмалар ( текшелерді, дөңгелектерді, төрт бұрыштарды), негізгі түстерді айыра білу тапсырмалары ( "Түрлі түсті автомобильдер", " Жалаушаға қарай жүгіріңдер!"), дыбыстарды айыру міндеттері пайда болады.
Қимылды ойындардың көпшілігі толық сюжетті және рөлмен қамтамасыз етілген болып келеді. Сондықтан олардан ең алдымен рөлді ойындардың атаулары шығады. Бұл жас шамасындағы балалардың әрекеттерін аша түсу үшін енді ойын тәртіптері мен өзіне алған рөлдің бәрі бір емес.
Ересек топ балалардың қимылды ойындарында айтарлықтай күрделі қозғалыстар кездесіп отырады ( текшелерге тырмысып шығып, олардың үстіне отыру, содан кейін түсу, столдың астына еңбектеп жүру және соған ұқсас) және әр қилы қозғалыстардың ұласуын байқауға болады. Балалар, мазмұны күрделі ойындарға қалыптаса отырып, әрқайсысы тек қана өзінше жеке нәтижеге жетуге тырысып ойнайды. Қимылды ойын балалар тобының әлі де нағыз бірлескен ойыны болып есептелмейді. Бұл - жаттығу ойындарында ерекше байқалады.
Тәрбиеші мен балалардың ойынға дайындығының оны жақсы өткізу үшін зор маңызы бар. Ересек топтағы балалар үшін ойнатылатын ойынның шарттарымен алдын ала танысудың мәні, егер бұл шарттар жаңа әрі белгісіз болса, сол уақытта маңызды болады. Ойынға әзірлене отырып, тәрбиеші ойын барысын, балалардың алаңға орналасуын және мүмкін болатын орын ауыстыруларды, рөлдер бөлісуін және т.б. ойластырылады, ойын материалын әзірлейді.
Балалардың ойынға деген қызығушылығын тудыруға, оларды жұмылдыра түсуге тырыса отырып, тәрбиеші мына сияқты құбылыстармен кездесуі мүмкін: оған жауапты рөлді бермегендіктен бала ойыннан бас тартады. Топтағы мұндай балаларды біле отырып, тәрбиеші алдын ала оларды ойынды әзірлеуге тартады: ленталарды немесе кішкене кубтарды алып келуді және орналыстыруды, балалардың бәрінің де аяғына шапаталары бар ма екен және т.б. тапсырмалар береді.
Мектеп жасына дейінгі балалар сан алуан өмірлік жағдайларда сансыз көп қимылдарды жасайды, ол қимылдар оның моторикасын және күш-қайратын дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл-қозғалыс ойындарының дер кезінде және дене дамуын қамтамасыз ету үшін, бәрінен бұрын ең алдымен қолайлы жағдайлар жасау қажет. Алдымен ойындар өткізілетін бөлмеде балалардың қимылдық әрекеттеріне қажетті жағдай жасау: жиһаздар, құрал-жабдықтарды сәйкесті орналастырып, орын босату, балалардың қимыл-қозғалысын, қимыл белсенділігін арттыратын әр түрлі ойыншықтар мен заттарды еркін пайдаланып ойнауға мүмкіндік беру.
Құрал-жабдықтарды балалардың қимылдық белсенділігін арттыруға пайдасын тигізетіндей етіп орналастырған жөн. Қимыл-қозғалыс ойындарында және қимылдық әрекеттерде құралдарды пайдалануда балалар ықыласын үнемі қолдап отыру өте маңызды. Сондықтан барлық қажетті құралдарды әрқашанда қолданып отыру керек. Әрқашанда қимыл-қозғалыс ойыны балаларды жалықтырмайды, керісінше, олардың көңіл-күйлері көтеріңкі болады.

1.2 Ересек топтарда қимыл-қозғалыс ойындарының түрлерін ұйымдастыру арқылы белсенділіктерін арттыру.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде қимыл-қозғалыс ойындарына жетекші рөл беріледі. Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде көп қозғалысты ойындар сауықтыру және тәрбие, білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Ол бала денесінің дамуына және сауығуына жан-жақты ықпал жасайды. Ойын процессінде балардың қозғалтқыштығы, ширақтылығы бүкіл ағзаға жігерлілік жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді, өмірлік тонусын арттырады. Қимыл-қозғалыс өткізу кезінде қолжеткен сауықтыру тиімділігі балалардың ойнау әрекеті процесінде пайда болуы және баланың психикасына ізгілікті әсер ететін жағымды эмоцияға тығыз байланысты.
Қимыл-қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді. Ойын процесінде бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шартына бейімделіп ептілік көрсетіп және сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсаттылықпен әсер етеді.
Балалардың қозғалу қызметі негізгі дене қасиеттерінің өсуімен байланысты. Оларға жылдамдық, ептілік, күш, төзімділік жатады. Қандай да болсын бір сапаның жекеше жетілуін көз алдына елестету шын мәнінде мүмкін емес. Дененің әртүрлі қасиетін тәрбиелеу бала денесін жан-жақты жетілдірудегі бірыңғай процестің әр қырын қамтиды, соның нәтижесінде функционалдық мүмкіндіктері жаппай өсе түседі.
Әйгілі орыс педагогы Ресейде дене тәрбиесінің өзіндік жүйесін талдап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі қимылды ойындар
Дене тәрбиесі теориясының пәні
Мектепке дейінгі мекемелерде спорттық ойындарды пайдаланудың әдіснамалық негізі
Мектеп жасына дейінгі балабақшадағы дене шынықтырусабағындағы спорттық жаттығулар
Мектепке дейінгі ересек топ балаларының ерекшелігі және қимыл - қозғалыс ойындары
Дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың педагогикалық негіздері
Ойын әрекетінде баланы дамыту
Балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ойынның маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардымен ұйымдастырылатын дене жаттығулары
Үш терек ЖШС Еркем-Ай бөбекжай балабақшасында қыркүйек айында жүргізілген ертеңгіліктер мен ұйымдастырылған оқу кызметтерінің анықтамасы
Пәндер