Оқудың оқытудың мақсаттарын айқындау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31.1 Баға, бағалау, белгі терминдерінің мағыналық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Баға түрлері, оны топтастырудағы көзқарастар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3. Бағалаудың жаңа жүйесі - критериалды бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Кіріспе


Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі білім беру жүйесіндегі бағалау түрлерін анықтап, оны қолданудың жолдарын тәжірибеде көрсету, бағалаудың жүйесін құру. Бұл жүйе барлық бағалау түрлерін қамтуы керек. Әрі оқушылардың өздігінен жұмыс істеу, шығармашылық қабілетін дамыту, алға қойған мақсатына жетуге бағыталуы тиіс.

Курстық жұмыстың міндеті: Қазақ тілі сабақтарында бағалау түрлерін қолдана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Бағалау түрлерін оқу үдерісінде қолдану қазақ тілінің сапасын арттырады, жалпы орта білім беретін мектеп оқушылардың түрлі оқу қызметін жетілдіреді. Олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін дамытады. Сонымен қатар олар өзін-өзі, әрі өзара бағалауды үйренеді.




1.1 Баға, бағалау, белгі терминдерінің мағыналық сипаты
Кез келген елдің негізгі тірегі - білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшы, фермер, инженер, банкир, өнер қайраткері, мұғалім, дәрігер, зауыт пен биржа иелері болады делінген [4]. Соған сай ғылым мен техниканың даму деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеретіні заңды. Сол себепті жұмыс мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қарастыру қажет. Ол әрине тек білім арқылы келеді.
Білім - адам үшін де, қоғам үшін де жоғары құндылық әрі қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін құбылыс болып есептеледі. Оның қызметі - адамның шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осы тұрғыдан келгенде, білім беру жүйесінің міндеті мен мазмұнын айқындалды. Бұл мамандардан жоғары кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі жетілдіруді талап етеді.
Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерістің алғашқысы өзің бол деген тұжырым қазіргі жаңа формациядағы мұғалім бейнесінің қалыптасуына үлкен септігін тигізуде. Себебі бүгінгі ұстаз - рухани дамыған, шығармашыл, кәсіби дағдыларды, рефлексия қабілетін меңгерген, жаңалыққа ұмтылғыш, білім құндылығын түсінетін, мәдениетті, өз пәнін, оны оқыту әдістемесін терең білетін, жеке тұлғасын әрі қарай дамыту мотивациясы қалыптасқан болуы тиіс. Осы орайда, Маған айт - мен ұмытамын. Маған көрсет - сонда мен есте сақтаймын. Менің өзіме әрекет етуге мүмкіндік бер - сонда мен үйренемін деген қытай даналығының мәні зор. Бұның өзі не істеу керек? нені өзгерту керек? нені жетілдіру керек? деген сауалдарға жауап беруді қажет етеді әрі өзіндік қорытынды шығаруға негіз болады. Себебі күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың 5 балдық жүйесі оның сапасын, дәрежесін анықтап белгілеуде объективтілікті толық қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту үдерісінде рейтинг-тестік жүйе оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі ретінде қолданылады. Бұл жүйесінің ерекшелігі оқытушының педагогикалық әрекеті мен оқушылардың оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерін тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады.
Осы тұрғыдан келгенде, оқу үдерісінде бағалау не үшін керек? деген сұраққа білім алушылардың білімін тексеру үшін деген жауап беретінбіз, өйткені бағалау оқытушы тарапынан оқушының білім деңгейін анықтау деп қарастырылады. Оқытушылар өз әрекеттерін аралық бақылауда немесе емтиханда оқушылардан берілген сұрақтарға ауызша, жазбаша жауап алумен немесе тест қабылдаумен шектелетін. Алайда мұндай тексеріс көп жағдайда оқушылардың есте сақтау қабілетін ғана анықтап, олардың не үйренгендігін, білімділігі мен біліктілігінің жалпы деңгейін айқындамайды. Бағалау ұғымы баға қою ретінде қабылданады, ал мұндай түсінік бағалаудың мазмұны мен барлық ерекшеліктерін айқындай алмайтыны сөзсіз. Өйткені ... пәленше сен тамашасың, сен жақсы оқушысың, сен керемет дайындалыпсың, өте жақсы, жарайсың, 5, 4, 3 деп айтамыз. Себебі біздің оқыту жүйеміздегі оқушы білімін бағалау көрінісі осындай әрі сабақ бергеннен кейін өтетін әрекет болып табылады. Ал қазіргі таңда бағалау сабақ беру мен зерттеудің ажырамас бөлігі. Сондықтан бағалауға жаңаша заманауи көзқараспен қараған дұрыс. Яғни, дәстүрлі үлгіден шығып, жаңа оқыту әдістерін меңгеру керек. Бұндaй өзгеpiстеpдi iске aсыpу үшiн жaңa фоpмaцияның педaгогы қaжет. Себебі бiлiм беpудегi ескi мaзмұнның оpнынa жaңaсы келуде. Ол - оқушының өзiн-өзi өзектендipу, өзiн-өзi тaну, өзiн-өзi дaмушы тұлғa pетiнде қaлыптaстыpуғa бaғыттaлады. Оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді сабақта қолдану арқылы ғана нәтижелі мақсатқа қол жеткізуге болатындығын байқадық. Атап айтқанда, оқуды бағалау және оқу үшін бағалау. Сондықтан бірінші кезекте, бағалау мәселесіне қатысты ұғымдарға тоқталған дұрыс деп санаймыз.
Қазіргі кездегі мектептің білім беру жүйесінде бағалау, баға, белгі деген сөздер тек синоним түрінде қолданылады. Бірақ іс жүзінде олай емес. Мысалы, бағалау - оқыту мәселелерінің диагностикасы мен жетістіктерін, кері байланысты, оқу үдерісіне қатысушыларды білім берудің жағдайымен, мәселелерімен және жетістіктерімен таныстыруды өлшеудің негізгі құралы болып табылса элементі [5], оқушының оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесі - білім беру бағдарламасын меңгеру сапасын бағалайтын оқу үдерісінің негізгі элементі [6] болып табылады. Грин: Бағалау латын тілінен аударғанда жақын отыру дегенді білдіретін элемент [7], бағалау кезінде біз оқушылармен бірге отырамыз, барлығын солармен және солар үшін жасаймыз,- деген ойды айтса, Блэк пен Уильям: Бағалау - бұл оқытуды дамыту мақсатында оқушылардың дәлелдерін жинау үшін қолданатын формальды және формальды емес үдерістер,- деген болатын [8]. Бұдан бағалау - оқу мақсаты мен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеуде қолданылатын термин, жақын отыру дегенді білдіреді деген қорытынды шығаруға болады. Бұның өзі:
oo біріншіден, өзімізді білім беруді жетілдіруші, жаңа формациядағы оқытушы ретінде сезінуге ықпалын тигізеді.
- екіншіден, оқушылар арасында оқыту үшiн бaғaлaу модулiнiң тиiмдiлiгiн ұғынуда және бaғaлaу тәсiлiн пaйдaлaнуда қиындықтар мен кемшіліктер барын анықтауға мүмкіндік тудырады. Себебі олар баллдық-рейтингтік жүйеге үйренген және қалыптастырушы бағалауды бұрын қолданбаған.
- үшіншіден, оқушыларды топқа бөле отырып, өзін-өзі бағалау және өзара бағалауға арналған негізгі ережелермен таныстыруға әрі оны оқу үдерісінде қолдануға жол ашады.
Десек те, бағалау - оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі саналады. Себебі оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың негізгі мақсаты - алынған білімдік нәтижелердің алдын ала жоспарланған нәтижелерге сәйкестік дәрежесін анықтау. Ол рейтинг жүйесінде іске асады. Ал рейтинг - бағалау немесе жетістік өлшемі деген ұғымды білдіреді. Ол тест түрінде де алынады. Тест - оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы [9]. Осы екі ұғым қосыла келіп рейтинг-тест жүйесін құрайды. Бақылауда рейтинг-тест жүйесін қолдану ерекшелігі - оқу материалдары логикалық тұрғыдан аяқталған бөлік немесе тарау болып саналатын модульдерге біріктірілуінде. Әрбір модуль нақтылы міндеттерден және өз бетінше тереңдетіп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынан құралады [10].
Рейтинг жүйесі ағылшын тілінде torat - "бағалау" немесе "жетістік өлшемі" деген ұғымды білдіреді [11]. Оның мақсаты:
оқу - таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру;
оқу - таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиімділігін жетілдіру;
оқу - таным әрекетінің білім, білік, дағды сапасын, дәрежесін бақылауда жүйелілікті қамтамасыз ету;
оқушылардың жауапкершілігін, белсенділігін арттыру.
Ендігі кезекте баға ұғымына келетін болсақ, үлкен түсіндірмелі психологиялық сөздікте: Баға дегеніміз - бір нәрсенің маңыздылығын немес құндылығын анықтау,- деген түсінік берілсе [12], оқыту үшін бағалауды жүзеге асыруға арналған әдістемелік еңбекте: Баға - бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты деген анықтама берілген [13]. Ал белгі - оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, әріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты - формальды символы болып табылады [14].
Бұл жоғарыда аталған мәселелер С.Мирсейітованың бағалау терминінің ағылшын тіліндегі үш мағынасына сай келеді.
1. Бағалау (Evaluation). Мұнда бағалау - талдау ретінде қарастырылады.
2. Мониторинг (Assessment). Бағалау - құрал ретінде танылады.
3. Баға (Grade немесе Mark). Бағалау - сандық (мөлшерлік) құрал ретінде қарастырылады [15].
Бірінші мағынада бағалау оқушылардың жетістіктерін жан-жақты қарастырып, білімді сандық және сапалық тұрғыдан анықтау деп түсіндіріледі. Бұл ретте бағалау - оқушылардың оқу жетістіктерін белгілі бір талаптармен (критерийлер, стандарттар, үлгілер, эталондар, идеалдар) салыстыру, сол тұрғыдан нақты өлшемдер (балл, процент) көмегімен оларды сипаттап және тексеріп, соңынан қорытынды шығару. Мұндай түсініктегі бағалау сыртқа, яғни қоғамға бағытталады.
Екінші түсінікте бағалау оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жету көрсеткіштері ретінде қарастырылады. Мұнда оқушылардың дамуы мен өзгерістері олардың әрекеттері арқылы көрсетіледі: тест, эссе және басқа да жазба жұмыстары, жоба, интервью, портфолио және т.б. Өз жетістіктерін басқалардың білімі немесе өзінің кешегі білгенімен салыстыра отырып, үйренуші өзінің қаншалықты дәрежеде дамығандығын айқындап, өз білімін әрі қарай қалай дамыта керектігін анықтайды. Мұнда бағалау ішке, яғни оқушының тұлғасына немесе оқу орнына бағытталады.
Үшінші вариантта бағалау біздің қолданысымыздағы баға, баға қою ұғымымен байланыстырылады: емтихан, тест, жазба жұмысы, балл мөлшері (мәселен, жүз балдық) немесе сандық жүйе (дәстүрлі бес балдық), әріптік жүйе (A, B, C, D, F) негізінде оқушының жұмысына қойылатын баға.
Десек те, оқушылар білім алуда сапалы нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі бағалау мынадай болуы керек:
oo оқу процесіне қатысушылардың барлығына түсінікті;
oo икемді;
oo көп жабдықты;
oo психологиялық жағынан жағымды;
oo көп құрылымды.
Оқушының білім алудағы жетістіктерін тиімді бағалау мақсатында мұғалім бағалаудың қалыптастырушы (формативтік), жиынтық (суммативті) баға түрлерін қолдануы тиіс. Бағалауда оқушының оқудағы мақсаты мен жетістіктерге жету критерийіне көңіл аударылып, төмендегі талаптар басшылыққа алынғаны дұрыс:
1) мұғалімнің әрекеті әр оқушыны жеке дамыту технологиясын жетілдіруге бағыттау;
2) оқушыға өз күшін қайда бағыттау, неге көңіл аудару, нені жақсарту, нені түзету, қай жағынан жетілдіру қадет екенін ұғындыру;
3) оқушыға өзін өзі бағалау дағдысын қалыптастыру;
4) оқушылармен үнемі кері байланыста болу;
5) оқушыға ары қарай мақсатты түрде білім алу керек екендігін дәлелдеу;
6) ақпараттарды беру:
7) оқушыға оның жұмысының сапасы туралы пікір білдіру;
8) оқушыдағы процестер туралы мұғалімдерге айту;
9) білім алу нәтижесіндегі жетістіктердің деңгейі туралы ата - аналарға хабарлама беру;
10) мектеп және елді мекен (аудан, қала, облыс, т.с.с) бойынша жалпы есеп беру саясатын қалыптастыру [16]. Себебі бұл талаптар алдағы оқу жылында жалпы қазақстандық мектептердің оқу үдерісіне толықтай енеді.
Сөзімізді қорытындылай келгенде, бағалау бірінші кезекте білімнің сапасын айқындау үшін қажет. Егерде біз елеулі табыстарға қол жеткізгіміз келсе, онда жұмысымыздың оң жақтары мен кемшіліктерін айқындап, оны бағалауымыз қажет. Оның сапасы өз мақсаттарымыздың қандай деңгейде орындайтындығымен байланысты болады. Бұл ретте, сапа мәселесіне тоқталған жөн. Мәселен, сапа - пәннің, сабақтың, оқытушының оқу нәтижелеріне қол жеткізуде оқушыға қандай деңгейде көмектесіп, оқушының не үйренгендігінің айғағы болып табылады [17]. Осыған орай, оқыту сапасын қажетті деңгейде қамтамасыздандыру үшін бағалауда келесідей мәселелерге назар аударылады:
1) Мақсат. Оқудыңоқытудың мақсаттарын айқындау. Яғни, білім жүйесінде бағалау не үшін керек? бағалау кім үшін қажет және оның нәтижелерін кім пайдалана алады? деген сұрақтар төңірегінде жұмыс жасалу керек. Біріншіден, бағалау білім деңгейінің сапасын айқындау үшін қажет:
- оқушы өзінің біліми ахуалын білгісі келеді,
- мұғалім оқушының білімі қандай дәрежеде екендігін және өзінің оқыту әдіс-тәсілдерінің нәтижелігін анықтағысы келеді,
- мектеп әкімшілігі бұл екеуінің де жұмысқа деген қабілеті мен біліми, кәсіби деңгейін білуді мақсат тұтады,
- мемлекет министрлік арқылы бюджеттік қаржының қалай жұмсалатындығын және болашақ мамандардың дайындау ісінің ахуалы мен деңгейін білгісі келеді.
Екіншіден, бағалау жоспарланған нәтижелермен салыстырғанда білім деңгейі мен оқудыңоқытудың қаншалықты дәрежеде екендігін білу үшін қажет.
Үшіншіден, бағалау оқу мен оқытуда қолданылып жатқан әдістемелік ұстанымдардың тиімділігін білу үшін қажет.
2) Нәтиже. Оқудыңоқытудың нақты нәтижелерін айқындау және оларды пәннің мақсатымен салыстыруқажет. Бұл жерде нені бағалау керек? оқу үдерісінің қандай нәтижелерін (білім, білік, дағды, машық, түсінік, қатынас) бағалау арқылы анықтау маңызды? деген сұрақтар қарастырылады. Себебі оқу үдерісінің тиімділігі мен нәтижелігі оқушылардың не білгендігімен айқындалады. Ол үшін оқушылар оқу үдерісі барысында және нәтижесінде төмендегідей білік, дағды, құзырлылықтарды меңгеруі керек:
- ақпараттың шексіз көп мөлшерінен қажеттісін таңдау:
- оны өз қажеттілігіне қарай бейімдеп, тәжірибеде қолдану;
- өздігімен үйрене білу;
- мәселелерді шешу мен шешім қабылдау сияқты тапсырмаларды орындау;
- қандай да болмасын мәселе бойынша өз пікірін, ойын, тұжырымын, түсінігін білдіру;
- оларды ұтымды түрде басқаларға жеткізу, дәлелдеу және қорғау;
- қарым-қатынас жасай білу, бірлесе жұмыс жасау;
- тыңдай білу, басқаларды сыйлау, өзге пікірлерге икемді және бейімді болу;
- өмірге деген көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыру;
- өз білімі мен танымының қандай деңгейде екендігін біліп, оларды әрқашан да дамытып отыру. Аталған талаптар оқушылардың білік, дағды, құзырлылықтарын бағалау үшін қажет.
3) Тұжырымдама. Оқушылардың жетістіктерін анықтауда қандай қағидаларды ұстану керектігін айқындау. Мұнда бағалауда ұстанған жалпылама қағидалардың қандай болуы керек? бағалауда қандай саясат ұстану керек? деген мәселелер жан-жақта талданады.
4) Құрал. Оқу үлгерімінің дәлелдерін жинақтау. Онда қалай бағалау керек? оқушылардың тақырып бойынша қандай білімді және қандай деңгейде меңгергенін қалайша білуге болады? оқушылардың білім игергендігінің дәлелі қандай болу керек? бағалаудың қандай тәсілдері мен құралдарын қолдану керек? деген мәселелер бойынша жұмыс атқарылады. Ол үшін оқушылардың білім игеруде қандай нәтижелерге жеткендігін дәлелдейтін тәсілдерді таңдап алып, көп тапсырмалар дайындау керек.
5) Талаптар. Оқушылардың берілген тапсырмаларды қандай дәрежеде орындайтындығын анықтайтын және олардың үйренгендігін дәлелдейтін критерийлер құрастыру. Яғни, бағалаудың критерийлері қандай болуы керек? деген сауал бойынша жұмыс жасалады.
6) Жариялау. Оқушылардың жазу жұмыстарын оқу процесіне қатысушылардың назарына ұсыну жолдарын анықтау. Бұл ретте, бағалаудың нәтижелерімен көпшілікті қалай және қашан таныстыру керек? деген мәселе қарастырылады. Бағалау процесіне қатысты адамдар үшін оның нәтижелерін жариялау өте маңызды.
7) Кері байланыс. Оқушылардың үйрену көрсеткіштерін зерттеу және оларды өз жұмысын жақсарту үшін қолдану, оқу жоспарларын құруда оқытудың нәтижелерін ескеру. Яғни, бағалаудан кейін оқу процесіне қандай өзгерістер енгізу керек? бағалау нәтижелері қашан қажетті болады және оларды қалайша пайдалануға болады? бағалаудан кейін оқу процесіне қандай өзгерістер енгізу керек? деген сұрақтар төңірегінде пікір алмасады, ой қорытады. Сондықтан оқушылардың сапасын үнемі жетілдіру үшін тиімді кері байланысты қолдану керек. Бағалау білім игерудің белгілі бір кезеңіндегі оқушы жұмысының сапасын анықтайды, ал оқушы оның нәтижелерін өзгерту мүмкіндігіне ие болады. оның өзі интербелсенді оқыту мәселесімен тығыз байланысты. Себебі интербелсенді оқыту бағалауды оқушының өсуі мен дамуының көрсеткіші деп есептеп, оларды оқу әрекеттері арқылы анықтайды. Бұл жерде бағаланатын нәрсе - оқу процесі, оқушының өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалайша даму керектігін түсінуі, яғни оқушының қалайша жұмыс жасағандығы, оның қалайша ойлайтындығы бағаланады. Жалпы интербелсенді оқыту тәжірибесінде бағалау термині келесідей мағынада қолданады:
- оқушылардың оқу үдерісінде қаншалықты табысты болғандығын, олардың жетістіктерін, өсуі мен дамуын анықтау.
- оқушылардың қолынан не келетіндігін (білім, білік, дағды, машық, құзырлылық, құндылықтар) айқындау.
- білім игеру процесіне қатысушылардың (оқытушы және оқушылар) әрекеттері қандай деңгейде екендігін, олардың сапасын анықтау.
- оқушылардың білімін қалайша әрі қарай дамытып, олардың алдағы білім игеру әрекеттерінің деңгейін қалайша жақсартуға болатындығын білу, жоспарлау және оқушыларды соған ынталандыру.
- оқу процесінің қаншалықты нәтижелі екендігін анықтап, мақсаттардың қандай дәрежеде жүзеге асырылып жатқандығын анықтау.
Қорыта келе айтарымыз, баға, бағалау, белгі ұғымдарының сипаттамасын білу, бізге бағалау мәселесін жан-жақты түсінуімізге септігін тигізеді. Сонымен қатар, бағалауда қандай ұстанымдарды басшылыққа алу керектігін, қандай мәселелерге көңіл аудару қажеттігін, оқу жүйесіндегі бағалаудың ерекшеліктерін үйренуге мүмкіндік береді.

1.2 Баға түрлері, оны топтастырудағы көзқарастар
Бағалаудың алғашқы жүйесі Германияда пайда болған. Ол үш ұпайдан тұрған және разрядтарды білдірген. Разрядтар бойынша оқушылар үздік, орташа және нашар деп бөлінген. Уақыт өте орташа разрядты екі класқа бөледі, өйткені оқушылардың көпшілігі осы разрядта болған. Осылай бес ұпайлық шкала пайда болған. Ресейде алғашқы рет 1737 жылдан бастап білімді бағалай бастаған. Бағалар ол кезде сөздік түрде, жақсы-жаман ұғымдары шеңберінде болған. Кейінгі уақыттарда ресейлік бағалау 3, 5, 8, 10, 12 ұпайлық жүйеден өткен. Белоруссияда 2003 жылдан бастап 10 ұпайлық бағалау жүйесі енгізілсе, Молдова, Латвияда да 10 ұпайлық жүйе, Украинада - 12 ұпайлық бағалау енгізілген. 10, 11, 12 ұпайларына оқитын бала бұл жерде үздік болып танылып, мектепті бітіруде алтын медальмен марапатталады. Польшада оқушылар 6 ұпаймен бағаланса, Францияда 20 ұпайлық шкала бойынша оқиды, бірақ ең жоғарғы ұпай бұл жерде - 18 ұпай саналады. Француздардың түсінігі бойынша 20 ұпайды тек Алла тағала жинай алса, 19 ұпайды мұғалім мырза жинай алады екен. 14-16 ұпай керемет нәтиже болып табылады. Француздік жақсы оқитын оқушылардың көпшілігі 10-нан 12-14 ұпайға дейін жинайды екен.
Жапонияның бағалау жүйесі өте қызық. Мұнда 100-ұпайлық жүйе, бірақ оқушының білім деңгейі жеке бағаланбайды. Тоқсан соңында бүкіл сыныпқа білім сапасының жалпы пайызы мен үлгерімнің орта ұпайы шығарылады. Бірақ соңғы кезде мұндай бағалау шынайы емес деген көптеген пікірлер айтылуда, сондықтан жуырда жапондықтар бұл бағалау жүйесінен бас тартуы мүмкін деген көзқараста жоқ емес 19. Бағалауда оқушының өзі емес, оның жұмысы бағаланады. Ал басты назарды жұмыстың кемшіліктеріне емес, жетістіктеріне аудару керек. Кемшіліктер екінші кезекте қарастырылады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау оқу үдерісінің маңызды бөлігі саналады. Сондықтан заман талабына сай оқушылардың жетістіктерін жаңаша бағалау қажет. Себебі оқу үдерісінде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалаудың белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, бұған дейін мұғалім оқушыға жауап бергені бойынша не сабақ оқымағаны бойынша баға қойды. Сол себепті оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей күмәнданатын еді. Ал жаңа бағалау жүйесі бойынша оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Осыған ретте оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, ол оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдетеді. Үшіншіден, оқушыны қандай мақсатта, не үшін, қалай бағалаймыз? деген мақсаттар жүзеге асады. Ал бағалау кезінде нақты қандай мақсаттар бар, оны төмендегі кестеден көруге болады.

Кесте-3. - Бағалау кезінде қолданылатын мақсаттар

Бұл келтірілген мақсаттарды іс жүзіне асырғанда бағалаудың барлық түрлерінде оқушылардың тапсырманы орындау деңгеін бақылау, тапсырма бойынша интерпретация жасау, оз ой пікірлерін жүйелей келе қорытынды шығару сияқты жұмыстар қамтылады. Себебі Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау бойынша білім беру оқу қолданылатын барлық әдіс-тәсілдермен тығыз байланысты. Сондықтан оқу үдерісіне енген жеті модульдің мән-мазмұнын толық игере отырып, болжам жасау, материалдарды сұрыптау, үдерісті бақылау, жасалатын кадамдарды жоспарлау әдіс-тәсілдерін, олар арқылы жасалатын амалдарды білуіміз керек. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСЫН ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Студент пен оқытушы
Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері
Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау әдістемесін теориялық зерттеу
Факультативті сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі
Математиканы модульдік-рейтингтік технологиямен оқыту
Оқушыларға білім беретін дерек көздеріне сәйкес топтастырылған әдістер: сөздік әдістері, көрнекілік әдістері, тәжірибелік әдістер
Менеджмент пәнін оқытуда дамыта оқытудың тиімділігі
Оқыту технологияларын сабақта пайдалану тиімділігі
Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде 7 сыныпта физика пәнін оқытудың мүмкiндіктерін айқындап, әдістeмесін әзірлеу
Пәндер