Көру кемшілігі бар балаларды мектепте оқыту


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
инжиниринг университеті
«Педагогика» факультеті
«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы : « Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу жолдары »
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы : 5B010200- Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Орындаған: Лепесова Гүлден, 2 курс студенті
оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А. Р., аға оқытушы
Курстық жұмысты
қорғау уақыты ___ ___ 2020 ж.
Бағасы
Ақтау, 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Педагогика» факультеті
«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5B010200-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
ТАПСЫРМА
Курстық жұмысты орындауға арналған
Студент : Лепесова Гүлден
Тақырыбы: « Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу жолдары »
Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
- Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу жолдары »
- Жалпы білім беру үрдісіне қосу
- Білім беру саласындағы ҚР халықаралық заңдары кандай
Негізгі әдебиеттер:
- В. И. Ядэшко. Ф. А. Сохин «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы «Мектеп» 2010
- М. Жәмеков. С. Жұмабеков. О. Исақов. «Балабақшадағы бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен методикасы» Алматы «Мектеп» 2001
- «Тәрбие құралы» Астана 2009
- Специальная педагогика /Под ред Н. М. Назаровой-М. - 2001.
- Еременко И. Т. Олигофренопедагогика-М. - 2002.
Курстық жұмыстың көлемі: 25 бет.
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ___ ___ 2020ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі Ерубаева А. Р. ___ ___ 2020 ж
МАЗМҰНЫ
- СЕНСОРЛЫ БҰЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ҚОСУ . . . 7
- Дамуында ауытқуы бар балалар . . . 7
- Сенсорлы білімнің балаларға пайдасы . . . 14
- СОҚЫР ЖӘНЕ НАШАР КӨРЕТІНДЕРДІ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. . . . 19Көру кемшілігі бар балаларды мектепте оқыту . . . 19
2. 2 Зиятында жеңіл деңгейдегі ауытқушылығы бар балалар, . . . 24
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс өзектілігі. Сенсорлық бұзылысы бар балаларды бұзу жолдары-мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғам көзқарасы өзгерген сайын оларға әлеуметтік көмек көрсетудің қолайлы түрлерін іздеуге мүмкіндік тудырады. Әлеуметтік көмек мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекетгік-әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Жәбірлсген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің құрамына кіреді.
ҚР "Білім туралы" Занындағы 6 бапқа сәйкес білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті- дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету. Ал білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктері бойынша даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедек балалар әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатына кіреді. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шағыстарын толық немесе ішінара өтейді. Әлеуметік көмектің мөлшерін, көздерін және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Білім беру саясатының негізгі ережелері бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттарда күтіледі: ҚР" Білім туралы" Заңы, ҚР" Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңы, 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және т. б. "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" және "инклюзивті білім беру жүйесі" негізінде Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін дамуында ауытқулары бар балалар мен ересектерге бағдарланған мектепке дейінгі білім беру, мектеп және кәсіптік білім беру жүйесі құрылатын болады.
Мүгедек балалар-18 жасқа дейінгі балалар, туа біткен аурулардың, бар-жоғы немесе аурудың салдарынан пайда болған, белгіленген тәртіппен расталған дене және (немесе) психикалық бұзылулар салдарынан мүгедектік.
Инклюзивті білім беру барлық балаларға балабақша, мектеп және институт өміріне толыққанды қатысуға және қоғамдық және ұжымдық қызметке тең негізде қатысуға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыс мақсаты: Сенсорлы білім беру, балаларды оқыту арқылы ой өрісін дамыту
Курстық жұмыс міндеттері:
- Инклюзивті білім беру саласындағы заңдарды талқылау;
- Мүмкіндіктері шектеулі балалар қатарында жиі кездесетін ақыл-ой кемтар балаларды анықтау, Сенсорлы білімнің қыр-сырын анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: инклюзивті білім беру саласындағы ҚР нормативтік-құқықтық база арқылы қорғау, инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеу.
Курстық жұмыстың құндылығы : инклюзивті білім беру саласындағы Сенсорлы білім берудегі барлық құндылықты дамыту Зиятында ауытқулықтары бар адамдар бойындағы кемістіктің ерекшелігін анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Инклюзивті білім беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттен құралады.
Курстық жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы: Сенсорлы бұзылысы бар балалардың оқытуға жол беру жолы.
1 СЕНСОРЛЫ БҰЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ҚОСУ
1. 1Дамуында ауытқуы бар балалар
Cенсорлы бұзылысы бар балаларды жалпы білімді-Балаларды оқу мен жазуға үйрету оп - оңай шешілмейді. Әсіресе тіл кемістігі бар баланы мектепке дейін, яғни 4-5 жасында логопедке көрсету керек. Баланың сөйлеу жүйесінің бір ғана құрылымдық құрамдасының бұзылуы басқа да ауытқуларға, атап айтқанда тіл кемістігі оқу ғана емес, жазу процесінің, зейін қою, есте сақтау мен ойлау қабілетінің бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл кемістіктерді мектепке дейінгі түзетуге болады. Оның басты бағыттары - дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру, фонетикалық есту қабілетін жетілдіру, сауат ашу оқуына дайындық және байланыстырып сөйлеуін дамыту. Қазіргі уақытта баланың сөйлеу кемістігінің екінші, үшінші ауыр түрлеріне оқу мен жазуды меңгерту өте қиынға соғатыны тәжірибеде анықталып отыр. Бұндай - баланы жазуға үйрету үшін бірнеше жыл бойы олардың ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырумен айналысу керек.
Сенсорлы бұзылысы бар Соқыр және нашар көретін балаларға арналған арнайы мектептің бастауыш сыныбында өз ана-тіліне үйрету программасының ерекшелігі дайындық кезеңінің ұзақтығы болып табылады. Бұл жұмыстар ана тілін үйретудегі келесі этаптарда да жалғасады. Соқырларға арналған мектептің тілді үйрену программасының өзіндік ерекшелігі, онда тактилді қимыл-қолзғалыс сезімінің негізінде Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазуға көп көңіл бөлетіндігі болып табылады. Математика сабақтарында көлемі, формасы, саны жағынан жақты білімнің қалыптасуына көп көңіл бөлінеді.
Нашар көретін балаларға арналған мектептегі «Айналамен танысу және табиғаттану» программасында экскурсия мен практикалық сабақтар саны көбейтілген. Көшеде жүруі үшін арналған таяқшаны қалай қолдану керектігі жөнінде үйрететін арнайы сабақтар да бар. Орта мектептегі көру бұзылыстары бар балаларды оқыту программасы жалпы білім беретін мектептің программасымен сәйкес келеді, бірақ мұнда арнайы әдістер, тифлотехникалық құралдар қолданылады.
Көру бұзылыстары бар балалар жалпы мектепте оқуға болады, бірақ оған арнайы білім беру жағдайы қарастырылуы керек. Арнайы тифлопедагогпен, тифлопсихологпен жұмыс жүргізу керек. Көру бұзылыстары бар балалармен арнайы түзету жұмыстары ритмика, емдік денешынықтыру, сөйлеу тілі бұзылуын түзету, көру арқылы қабылдауды дамыту және т. б. жұмыстар жүргізіледі. Көрмейтін және нашар көретін, бірақ интеллектуалдық бұзылыстары жоқ балалар, білімді негізгі орта немесе жалпы орта білімді немесе арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау алу арқылы, қалыпты дамитын балалармен бірігіп оқу процесінде алады.
Соқырлар (көрмейтіндер) - көру бұзылыстары бар тұлғалардың бір категориясы олардың көру түйсіктері мүлдем жоқ, қалдықты көру немесе сәуле қабылдау түйсіктері бар (көзілдірік) түзетуімен жақсырақ көретін кезде - 0, 04-ке дейін және прогредиентті аурулары мен көру шеңбері тар (10-15-ке дейін), көру өткірлігі 0, 08-ге дейінгі тұлғалар.
Көру бұзылысының деңгейіне байланысты тұлғалар бөлінеді: абсолютті (тотальды) соқырларға (екі көзге де), көру қабылдауы жоқ және соқыр адамдар, олардың сәулені, түсті заттардың пішінін қабылдауға мүмкіндік беретін сәулені қабылдау түйсіктері сақталған.
Нашар көретіндер - көзілдіріктің көмегімен жақсырақ көретін көзді түзетуде 0, 05-тен 0, 2-ге дейін көру өткірлігі сақталған, көру бұзылыстары бар тұлғалардың бір категориясы. Көру өткірлігінің төмендеуімен қатар нашар көретіндердің көру қызметтерінің қалпында басқа да бұзылыстар болуы мүмкін (түсті және сәулені қабылдау түйсіктерінде және т. б. ) .
Нашар көретін оқушылар жалпыға білім беретін мектептің үлкен шрифтпен басылған және көру қабылдауына әсер ететін арнайы өзгертілген суреттері бар кітаптармен оқытылады. Көрмейтін балалар Брайль жазу жүйесінің көмегімен оқытылады. Нашар көретін балалар үшін сыныпта жағымды жағдай жасалуы керек - нашар көруге сәйкес анық сызылған сызықтары бар дәптерлер, көмек көрсетудің оптикалық және техникалық құралдары:
Сөздік қоры өте кедей бала қарапайым сөздің мағынасын түсінбейді, оны жиі шатастырады, алмастырады. Сөйлеу тілі граматикалық құрылысы қалыптасуының жеткіліксіздігінен бала жазуында дыбыстарды түсіріп алады немесе алмастырып жібереді.
Себебі бала қалай атайды, солай жазады, жазудағы қателік айтудағы кемістіктен.
Сөйлеу кемістігі бар балалар арнаулы түзету мектептерінде оқытылып, онда әр оқушының жеке ерекшеліктері ескеріледі. Дегенмен ең дұрысы, жоғарыда айтқанымыздай, тіл кемістігі бар баланы 4-5 жастан логопедке көрсету керек.
1. Қазақстан Республикасының денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қамтамасыз ету туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының
Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. жетім балаларды, психикалық аурулары бар балаларды, табысы аз отбасыларды және мемлекеттік қолдауға мұқтаж адамдардың басқа да санаттарын мемлекеттік қолдауға байланысты қатынастар осы Заңмен мүгедек балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауға қатысты бөлігінде ғана реттеледі.
3-бап. Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаты, міндеттері мен принциптері
1. денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы сүйемелдеу баланың туған сәтінен бастап және ол кәмелеттік жасқа толғанға дейін жаппай кешенді медициналық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік тексеру және кәсіптік диагностика жүргізу, оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету және еңбекке баулу жолымен басталады.
2. әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзету сүйемелдеуінің мақсаттары:
1) туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларды, қалыпты дамудан ауытқуларды ерте анықтау (туған сәттен бастап) ;
2) балалардың дамуындағы кідірістер мен бұзушылықтардың алдын алу, мүгедектіктің ауыр түрлерінің алдын алу;
3) балалар мүгедектігі деңгейінің төмендеуі;
4) мүгедек балалардың дене, ақыл-ой және өзге де қабілеттерін толықтыру немесе қалпына келтіру, олардың әлеуметтік құқықтарын іске асыру, неғұрлым толық әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесу.
3. әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзету сүйемелдеуінің міндеттері:
1) мүгедек балаларды анықтау мен тіркеудің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру;
2) арнаулы білім беру және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар желісін дамыту;
3) денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу;
4) мүгедек балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау;
5) әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық, ғылыми, ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету;
6) денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жөніндегі Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының қызметін қоса атқару болып табылады.
4. әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау келесі қағидаттарға негізделеді.
Елестерін қалыптастыру және білім мен дағдыны меңгерудегі, әртүрлі іс - әрекеттің тежелу қиындығына қарамастан жеңіл зият бұзылысы бар балаларда дамуға мүмкіндігі бар. Оларда негізінен нақты көрнекі сипатындағы ойлауы сақталған, бірақ олар практикалық жағдайда бағдарлауға қабілетті, көбінде сезімді - еріктік сферасы танымдыққа қарағанда сақталған, олар еңбек әрекетіне ықыласпен қатысады.
Зиятында жеңіл деңгейдегі ауытқушылығы бар балалар, психикалық даму ерекшеліктерін ескеретін, оқытудың арнайы әдіс, тәсілдерін және құралдарын кажет етеді. Олардың дамуын ескеретін ерекше білім беру жағдайларын қамтамасыз ететін арнайы балабақшалар, жалпы балабақшадағы арнайы топтар арқылы білім беру жүйесі ұйымдасқан. Сонымен бірге зиятында жеңіл ауытқушылығы бар 2-3 баланы қалыпты дамитын құрбылар ұжымына қосып тәрбиелеу тәжірибесі тараған, жағымды нәтижелері мен жетістіктермен сипат алады.
7-8 жастан зиятында ауытқуы бар балалар арнайы (түзету) мектептеріне қабылданады.
Кіші қалаларда жалпы мектептерде зияты бұзылған балалар үшін арнайы сыныптар ашуға болады. Бірақ бұл сыныпта оқитын оқушылар үшін арнайы білім беру жағдайларын қамтамасыз ету, білім беру саласындағы кепілдіктерге сәйкес білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдары мен мектеп әкімшілігі міндетті.
Инклюзивті білім беру моделі. Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары. Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу. Зияты зақымдалған балаларды жалпы беру үрдісіне қосу.
Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары. Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздері (Халықаралық және отандық нормативтік-құқықтық актілер) . Интеграциялық оқыту жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру. Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару. Зиятында жеңіл деңгейдегі ауытқушылығы бар балалар мектеп бітірер шағында өздерінің психометрикалық және клиникалық көрсеткіштері бойынша қалыпты дамитын адамдардан аз ғана ерекшеленеді. Олар ойдағыдай жұмыска орналасады, өндірістегі еңбек ұжымына сіңіп кетеді, отбасын құрып, балалары болады.
Бұл адамдарды қоғам өз қылықтарына заң алдында жауап беруге, мұраға ие болуға, жергілікті басқару органдарын сайлауға қатысуға қабілетті деп қабылдайды. Аталмыш кемістігі бар балалардың зият коэффициенті IQ 50-69.
Зиятында ауытқушылығы бар балалардың түйсік пен қабылдау процестері көптеген ерекшеліктерімен, баяу қалыптасады. Бұл өзгешілік барлық психикалық процестердің дамуына әсерін тигізеді. ( Рубинштейн С. Я. )
Ойлаудың жетілмеу қабылдау, сөйлеу тілінің, практикалық әрекет дұрыс дамымауымен байланысты. Жалпылау деңгейі төмен болғандықтан, ақыл-ойы кемтар балалар нақты ойлайды. Мысалы бір қатар заттарды топтастыру кезенінде олар болмашы көрсеткіштерге сүйеніп жинақтайды. Бұл кемістікті "Төртінші артық" әдістемені пайдалану арқылы байқауға болады. Оқыту барысында жалпылаудың төмендігі ережелерді жаттағандағы қиындықтар туғызады. Ақыл-ойы кемтар балалар нақты ойлағандықтан, абстрактілі ойлау өте қиын. Ойлаудың тағы бір кемістігі жасаған қателерін байқамауы, түземеуі. Ойлаудың реттеу қызметінің жетілмеуі, түрлі әрекеттерде бағыттау кезең жоқтығымен сипатталады. Аталмыш балалар жаңа әрекет орындауда алдын ала өз бетімен жоспар құрастыралмайды.
Ақыл-ойы кемтар балалардың 40-60 % сөйлеу тілінде ауытқуылар кездеседі, олар түрлі дыбыс айтудағы кемістіктер, тұтықпа мен сөздік қорының аздығы. Сөйлеу тілі тежеліп дамиды, бірінше сөздер 2-3 жасында, аграмматикалық сөйлемерді 5-6 жасында пайда болады. Сөздік қоры өте аз, шектелген, балалар сын есім, етістіктерді көп уақытқа дейін өз бетімен пайдаланбайды.
Жазбаша жұмыстарында көптеген қателер кездеседі.
Есте сақтау қабілетінде ауытқулар бар. Ақыл-ойы кемтар балалар ұмытшақ болады және жаңа мәліметті есте сақтауда қиындықтармен кездеседі. Аталмыш балалар есте сақтау үшін қалыпты балаларға қарағанда көп қайталауды қажет етеді (Замский Х. С., Леонтьев А. Н., Занков Л. В. )
Ақыл-ойы кемтарлықтың шамалы деңгейі -имбецильдік, барлық ақыл-ойы кемтар тұлғалар ішінде 10 %, ал зият коэффициент IQ 35-49 немесе 54.
Имбецилдік - ақыл ойы кемдіктің орташа деңгейі. Бұл түрде бас миының үлкен жартышарының қабығы және де төмеңде жатқан құрылымы да зақымдалады. Бұл бұзылыстар бала дамуының ерте кезеңінде пайда болады. Нәрестелік жаста мұндай балалар басын ұстауды, өз бетінше аунап, отыруды кеш бастайды. 3 жастан кейін жүреді. Оларда гуілдеу, былдыр, «жандану комплексі» қалыптаспайды.
Сөйлеу тілі мектепке дейінгі жастың соңында сөз, кейде сөз тіркесі ретінде пайда болады. Жиі дыбыс айтуы едәуір бұзылған, моторикасы бұзылғандықтан, өзін - өзі күту дағдысы қиындықпен, кеш, ересектердің көмегімен қалыптасады. Танымдық мүмкіндіктері бірден төмендеген: сезінуі, қабылдауы, есі, зейіні, ойлауы қатты зақымдалған.
Бұл топтағы адамдарға тән негізгі белгісі, өз бетінше ұғымдық ойлауға қабілетсіздігі. Сөйлеу тілінің дамуы қарапайым, өз сөйлеу тілі кедей, тұрмыстық деңгейде сөйлеу тілін түсіну сақталған.
Имбецил балалар балалық мүгедектер деп саналады. Бұл балалар оқи алады, яғни қатынас дағдысын, әлеуметтік - тұрмыстық дағдыны, санауды, қоршаған орта туралы кейбір қарапайым мәліметтерді меңгеруге қабілетті. Сонымен бірге, ерекше жағдайын бірі олар өзбетінше өмір сүре алмайды, қамқорлықты қажет етеді.
Мектепке дейінгі жастағы балалар зияты бұзылған балаларға арналған балабақшаға, ал 7-8 жастан арнайы мектепке кабылданады (зиятында шамалы ауытқушылықтары бар сыныптарына) .
Мектеп бітірген бозбала мен қыздар отбасында болады, олар карапайым күтуші еңбекгі орындауға кабілетті, мамандықты, еңбекті талап етпейтін жұмысты үйге алып істеуге қабілетті. Тәжірибе көрсеткендей, имбецилдер ауылшаруашылық еңбегін жақсы істейді.
Нақұрыстық - ақыл ой кемтарлықтың ең ауыр деңгейі. Бұл кемістіктің көптеген белгілері ішінен статикалық және моторикалық функциясының бұзылысы ерекшеленеді: әртүрлі сезімдік реакциясының көрінуіндегі тежелулер, айналасына барабар реакция, тұру, жүру дағдысының кеш шығуы, былдыр және бірінші сөзінің кеш пайда болуы, айналасындағы заттар мен құбылыстарға және ойынға деген әлсіз қызығушылық байқалады.
Ересектерде ес, қабылдау, зейін, ойлау процестері терең зақымдалған. Сөйлеу тілі жай өте дамиды және шектелгіш немесе мүлдем дамымайды. Бұл балалардың моторика, қозғалыс координациясын, кеңістікте бағдарлауы ауыр деңгейінде зақымдалған. Бұл бұзылыстың ауыр болғандығы соншалықты, нақұрыстар жатып өмір сүруге мәжбүр болады. Қарапайым өзін-өзі күту, гигиеналық дағдылары жай және қиындықпен қалыптасады (А. Р. Маллер, Г. В. Цикото) .
Бүгінгі таңда Сенсорлы білім беру жақсы дамуда. Түзете отырып оқыту арқылы ықпал етудің дәстүрлі әдістерімен үйлесімділікте ақпараттық технологияларды қолдану - баланың ақыл-ойының, моторикасының, көру және моторлық анализаторларының дамуына айтарлықтай әсер етеді. Бұндай балаларға білім беруде оқыту мен дамытуға арналған компьютерлік ойындар маңызды рөл атқарады. Зердесі бұзылған бала бойындағы дефектіні түзеу үшін тәжірибелі маман үшін бірнеше ай қажет десек, бұл дефектіден арылуға компьютермен жұмыс тез әрі оңай көмектеседі. Компьютердегі қарапайым түрінен күрделісіне дейінгі ойынды үйренуде баланың саусақпен қажет пернелерді баса алуы - ұсақ моториканы жетілдіруге көмектеседі. Қолдың қозғалысы баланың көзбен бақылап отырған экранында түрлі бейнелердің қозғалуын қамтамасыз етеді.
Ойынның мақсатына жетуде дұрыс шешімнің табылуы - баланың тиісті пернені басып, экрандағы бейненің қажетті бағытта жылжуын қамтамасыз етуіне байланысты. Осылайша, арнайы қосымша сабақсыз-ақ, баланың көру-моторлық координациясы дамиды. Егер бала компьютермен жұмыс істеуде қиналатын болса, тиісті пернені басу үшін қандай іс-әрекетті орындау керектігі туралы қосымша мәлімет беретін арнайы ұяшықтар жасап қою қажет.
Сонымен қатар экрандағы бейнелердің қимылын тездету немесе баяулату арқылы қозғалыстың бағытын балалардың тез түсінуін жеңілдетуге болады. Баланың қолының жазу-сызуға бейімделуі үшін түрлі кескінді суреттердің, бояудың, сурет салудың үлкен көмегі бар екенін білеміз. Осы мақсатта арнайы дамытуға арналған бояуға арналған компьютерлік бағдарламалар немесе кәдімгі «Paint» графикалық редакторын пайдалануға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz