Суармалы ауыспалы егіс территориясын реттестіру


Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университет
«Қорғауға жіберілді»
«Жерге орналастыру және геодезия»
кафедра меңгерушісі
Толеубекова Ж. З.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Қызылорда облысы Сырдария ауданы «Абзал және К» ЖШС суармалы жыртылған жер территориясын реттестіру жобасы»
мамандығы 5В090300 - «Жерге орналастыру»
Opындaғaн: Әубәкір Ғ. Д.
Ғылыми жетекшiсi : Карбозов Т. Е.
Астана 2020
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ
Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті
Жерге орналастыру және геодезия кафедрасы
5В090300 - «Жерге орналастыру» мамандығы
(Шифр, атауы)
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
Төлеубекова Ж. З.
(қолы)
«»20___ж
(күні, айы, жылы)
Студент Әубәкір Ғазиза Дүйсенқызы
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша
тапсырма
Жобаның (жұмыстың) тақырыбы: «Қызылорда облысы Сырдария ауданы «Абзал және К» ЖШС суармалы жыртылған жер территориясын реттестіру жобасы»
«___»2020ж. № бұйрықпен бекітілді
Студент бітірген жобаның тапсыру мерзімі
Жобаның бастапқы мәліметтері:
1. жер пайдаланушылық планы;
2. топырақ картасы;
3. ЖШС-тің табиғи және экономикалық жағдайлары, шаруашылықтың жер қоры туралы статистикалық мәліметтер.
Түсіндірме-есептік жазбаның мазмұны (қарастырылуға тиісті сұрақтар тізімі)
Кіріспе
1. Тақырып бойынша әдебиетті шолу
2. Жобалау объектісі туралы мағлұматтар
3. Жобаның мазмұны және техника-экономикалық тұрғыдан негізделуі
4. Еңбек қорғау
5. Қоршаған ортаны қорғау
Графикалық материалдың тізімі (міндетті нақты сызбаларды көрсету керек)
1. Жер пайдаланушылық планы (1:25 000; 1 : 50 000)
2. Топырақ картасы (1:25 000; 1 : 50 000)
3. Жобалық план (1:25 000; 1: 50 000)
Ұсынылған негізгі әдебиет: 1 ҚР Жер кодексі 20 маусым 2003 ж (өзгертулер және толықтырулармен) ;
2 Землеустроительное проектирование М. А. Гендельман ред., Оқулық, Алматы, 1999 ж. ;
3 М. А. Гендельман, Ж. Қ. Қырықбаев Жерге орналастырудың және кадастрдың ғылыми негіздері, Оқулық, Астана 2004ж. ;
4 Карбозов Т. Е. Агроқұрылымдарды ішкішаруашылық жерге орналастыру - Оқу құралы, Астана, 2006ж. ;
5 Озеранская Н. Л., Карбозов Т. Е. Агроқұрылымдарды ішкішаруашылық жерге орналастыру - Әдістемелік нұсқаулар, Астана, 2013ж.
Жоба бойынша кеңесшілер (оларға қатысты жоба бөлімдерін көрсетіңіз)
Тапсырманың берілу күні
Жобаның жетекшісі Карбозов Т. Е., э. ғ. к., доцент
қолы аты-жөні, қызметі
Тапсырманы орындауға алған студент Әубәкір Ғ. Д.
Студенттің қолы Аты-жөні
Мазмұны
Кіріспе.
1. Әдебиетті шолу (суармалы аймақтардағы жыртылған жердің территориясын реттестіру ерекшеліктері)
2. Жобалау объектісінің сипаттамасы
2. 1 Жалпы мәліметтер
2. 2 Табиғи жағдайлары
2. 3 Су пайдаланушылықты және ирригациялық жүйенің сипаттамасы
2. 4 Ауылшаруашылық өндірісінің сипаттамасы
3. Жобаның мазмұны және негізделуі
3. 1. Су пайдалануды ұйымдастыру
3. 2 Суармалы жыртылған жердің территориясын реттестіру
3. 3 Жобаны экономикалық тұрғыдан негіздеу.
4. Еңбектің қорғалуы.
5. Қоршаған ортаны қорғау.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдеби бастаулардың тізімі.
I Әдебиетті шолу
I. 1. Суармалы егіншілікті шаруашылықтардың ішкішаруашылық жерге орналастыру мазмұны мен міндеттері аграрлы егіншіліктегідей болғанмен, жобалық-іздестіру әдістемесі ирригациялық жүйені пайдаланумен байланысты. ІШЖО кешенді құрамы үш бөліктен тұрады:
1) графикалық жобалық план түрінде: барлық жобалық құрылыстар көрсетілген жерге орналастырулық; ирригациялық - барлық ирргациялық желілер және қондырғылар, негізгі каналдарды басқару аймағы, бедер, суарылатын учаскелердің межелері. Осы екі планда каналдардағы судың ағысының бағыты және танаптармен учаскелерді суару бағыты стрелкамен, сонымен қатар топырақ картасының сипаттамасы топырақтардың агроөндірістік топтары, жер асты суының жату тереңдігі, тұздануы көрсетіледі.
2) жазбаша - экономикалық негіздеулер, жобалық шешімде есептелген түсініктеме қағаз.
3) ұсыныстар бойынша жасалған өндірістік бөлімшелердің су пайдалану планы. Дайындық жұмыстары. Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасын жасағанға дейін жерге орналастырулық, агроэкономикалық, топырақтық, геоботаникалық, ирригациялық-мелиоративтік, су шаруашылықтық және жолдық зерттеулер жүргізіледі. Жерге орналастырулық дайындық мыналарды қамтиды: ішкішаруашылық суару, су бөлу және дренаждық желілермен олардағы қондырғылардың жағдайы; суарылатын жерлердегі қолданылатын су айналымының сипаттамасы; алаптарды жақсарту (құрғату, гипстеу және т. б. ) жөнінде орындалған жұмыстардың сипаттамасы; ауызсу және шаруашылықты сумен жабдықтау көздерін орналастыру; Шаруашылық орталықтары мен өндірістік бөлімшелерді орналастыру ерекшеліктері. Суармалы егіншілік жерлеріндегі шаруашылықтарда өндірістік бөлімшелердің саны, өлшемдері және орналастырылуы болашақта суармалы жерлердің кеңейтілуіне байланысты анықталады. Бөлімшелердің территорияларының шамалас өлшемдері келесідей болады: мақта және күріш шаруашылықтарында - 1500-2000 га жыртылған жер, соның ішінде күріш егістігі - 100 га, ал мақта - 1000-1500 га; жаңбырлатқыш машиналарды қолданатын дәнді және дәнді-мал шаруашылықтық шаруашылықтарда - 250-5000 га; көкөніс сүт шаруашылықтарында - 800-900 га, с. іш. көкөністік дақылдар - 400-500 га; жеміс және жүзімдіктер - тегіс жерлерде - 400-700 га, ал тау етегіндегі жерлерде - 300-500 га. Келтірілген көлемдер жергілікті жердің жағдайларына байланысты (топырақ, бедер, территорияның бөлшектенуі) өзгеруі мүмкін. Ішкішаруашылық жолдарды орналастыру. Суармалы шаруашылықтарда әдеттегі ішкішаруашылық жолдардан басқа, арнайы эксплуатациялық жолдар - жобаланады. Олар негізінен каналдарды тазалау және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде каналдың бойымен жер қазатын техниканың кедергісіз қозғалуын қамтамасыз етеді. Олар ішкішаруашылықтық транспорттық магистралдармен және ортақ пайдаланылатын жолдармен байланыстырылады. Танаптар мен суарылатын учаскелерге қызмет көрсететін жолдар да негізгі эксплуатациялық жолдармен байланыстырылады. Эксплуатациялық жолдардың ені жер қазатын техниканың жүріп өте алуын ескере отырып жобаланады. Алаптарды ұйымдастыру. Суармалы егіншіліктегі шаруашылықтарда алаптарды трансформациялау оларды мелиорациялау (суару немесе құрғату) планымен байланысты. Жобаланатын алаптардың құрамы, кейбір дақылдардың ауданы, сонымен қатар жоспарлық шығымдылық, суармалы жерлердің мөлшері жоспарланған су мөлшеріне сәйкес өнімді өндіру көлемінің негізінде анықталады.
Алаптарды трансформациялау планын жасай отырып, алаптардың құрамы, соның негізінде көпжылдық көшеттердің ауданын кеңейту қажеттілігі анықталады. Мұнда суарылатын алаптардың ауданы шаруашылықтағы су мөлшерімен, суару режимімен және тәсілімен байланыстырылады. Сонымен бірге суарылмайтын алаптардың және басқа жерлердің ауданы анықталып орналастырылады.
II. 2. Ауыспалы егіс жүйесін ұйымдастыру. Негізгі каналдардың су басқару жүйесі таралмаған жерлердің суарылмайтын (богарлы) болып қалады. Суармалы жерлерге және аграрлы жыртылған жерлерге де жеке ауыспалы егістер жобаланады. Арнайы мамандандырылған шаруашылықтарда жыртылған жердің негізгі бөлігіне негізгі дақылдар отырғызылған ауыспалы егістер жобаланады. Олардың алғы егістері көпжылдық және бір жылдық шөптер. Мал азықтық ауыспалы егістер, мал шаруашылығын сүрлемдік азықтармен қамтамасыз ететіндей мөлшерде жобаланады. Дәнді-дақылды малшаруашылықтық шаруашылықтарда барлық немесе жыртылған жердің едәуір бөлігі дәнді - дақылдық ауыспалы егіске бөлінуі тиіс. Жыртылған жердің кейбір бөлігіне тасымалдауға қиындық келтіретін дақылдар егілген, мал азықтық ауыспалы егістер егіледі. Көкөністік сүттік және көкөністік картофельдік шаруашылықтарда суармалы жыртылған жердің көпшілік бөлігіне көкөністік, көкөніс-картофельдік немесе көкөніс-малазықтық ауыспалы - егістер орналастырылады. Суарылмайтын жыртылған жерлеріне дәндідақылды немесе біріктірілген ауыспалы егіс жүргізіледі. Шаруашылықтың өндірістік бағытына, ауыспалы егістердегі дақылдардың ара қатынасы мен құрамына, жергілікті жағдайларға байланысты суармалы жерлердегі далалық ауыспалы егістер мақталы шаруашылықтарда 500га, дәнді-дақылдыларда - 1500га және одан астам. Күрішті шаруашылықтарда 700-900га, соның ішінде: 460-600 га-на күріш егіледі. Далалық суармалы ауыспалы егістің әрбір массиві жеке біртұтас су пайдалануы керек. Әдетте оны бригадаға бекітеді.
III. 3. Суармалы ауыспалы егіс территориясын реттестіру . Ауыспалы eгic территориясын орналастыру кезінде топырақтың тұзданғандығына, дұрыс агротехниканы қолдану, суару немесе арнайы химия-мелиоративтік шараларды қолдану арқылы оны өзгерту мүмкіндігін қарастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Жер асты суының жату тереңдігі, топырақтың су сіңіргіштігі, жер бедері, беткейдің экспозициясы, суару желісінің салаласуы ескеріледі. Суармалы егіншілікті шаруашылықтарда бірқатар ерекшеліктер бар. Ішкішаруашылықтық тұрақты және уақытша суару желілерінің ұзындығы, түрі, ондағы қондырғылардың саны ауыспалы егіс территориясын реттестірумен байланысты;
Суармалы егіншілік шаруашылықтарының ауыспалы егістерінің территориясын реттестіру мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
- дұрыс отырғызу және суармалы отамалы дақылдарды
- өңдеу үшін қолайлы территориялық жағдай жасау;
- ауыспалы егістік территориясына - қызмет көрсететін
- ирригациялық желінің арзан болуын;
- суару жұмыстарын, суару алдында және суарғаннан кейінгі өңдеулерді, егілген дақылдарды мерзімінде жинауды жақсы орындау;
- ауыспалы егістердің танаптары суарылатын учаскелер мен оларға қызмет көрсететін ирригациялық желімен байланыстырылып жобаланады.
Суарылатын учаске дегеніміз бір тұрақты ішкішаруашылықтық учаскелік су таратқыштан суарылатын, жолдармен немесе танап қорғайтын орман белдеуімен, су бөлу желісі және суару каналы немесе табиғи шөптермен шектелген суармалы территория бөлігін айтамыз. Суармалы учаске бөлшектенген кезде суармалы жердің майда учаскелері пайдаланылмай қалатындықтан, жерді пайдалану коэффициенті (ЖПК) төмендейді.
Р е г і с
ЖПК =
Р суару уч.
Мұндағы, P егіс - егістік егілген көлем;
Р суару уч. - суару учаскесінің жалпы ауданы.
Суару учаскесіне қойылатын негізгі талаптар - ондағы топырақтардың, беткейдің экспозициясының біртектілігі және еңістің біркелкі болуы. Танаптар мен жеке учаскелер біртекті топырақтарда жобалануы керек.
II Жобалау обьектісінің сипаттамасы
II. 1. Сырдария ауданы - облыстың орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Жер аумағы 77, 6 мың км 2 . Халқы 39, 8 мың адам (2016) . Аудан аумағындағы 17 елді мекен бір кенттік және 12 ауылдық округке біріктірілген. Әкімшілік орталығы - Тереңөзек кенті.
Сырдария ауданы 1938 жылы құрылған. Оның аумағында 1936 - 40 жылдары аралығында жалпы саны 25 ұжымшар болған. 1967 жылы Сырдария, Тереңөзек аудандары негізінде жаңа Сырдария ауданы бөлініп шықты. 1997 жылы облыс аумағында әкімшілік аумақтарды оңтайландыру саясатына байланысты Сырдария және Тереңөзек аудандары негізінде қазіргі Сырдария ауданы құрылды.
II. 2. Аудан аумағы толығымен Тұран ойпатында (солтүстіктен оңтүстікке қарай 360 км-ге, батыстан шығысқа қарай 210 км-ге созылып жатыр) жатыр. Сондықтан оның жер бедері, негізінен жазық келген. Тек ауданның солтүстік пен оңтүстік бөліктерінде бірнеше шағын қырат, аласа таулар мен құмды төбелер кездеседі. Солтүстігінде Арысқұм құмды алқабы, батыстан шығысқа қарай созылып жатқан құмды-саздақты келген Дариялықтар жазығы бар. Бұлар ауданның солтүстік бөлігін (Сырдарияның оң жағалаулық аңғарын) алып жатыр. Шартты түрде алынған Сырдария ауданының оңтүстік бөлігі Сырдарияның сол жағалық аңғарын қамтиды. Бұл өңірде Сырдарияның жайылмасы, Заңғартөбе тауы, одан әрі құмды-төбелі Қызылқұм құмды алқабына ұласып кетеді. Құм төбелер мен төбелі-белесті келген аудан өңірінде мал жайылымына қолайлы көптеген қоныстар (Іңкәрдария, Айдарлы, Қараойсор, т. б. ), қыстаулар мен құдықтар (Көшеген, Тасқұдық, Табаққабыл, Айдарлы, Қараойсор, т. б. ) орналасқан. Ауданның жер қойнауынан құрылысқа қажетті материалдардың (құм, саз, қиыршықтас, т. б. ) қоры барланған. Олардың кейбіреуі өндіріледі. Мұнай мен газ кен орындарына барлау жүргізілуде. Сырдария ауданының климаты тым континенттік. Оның солтүстіктен оңтүстікке карай созыла орналасуына байланысты ауданның солтүстігіндегі қаңтар айының жылдық орташа температурасы -12ᵒC, оңтүстігінде ол -7ᵒC-ты құрайды. Қар жамылғысының қалыңдығы 10-15 см, оңтүстігінде (Қызылқұм өңірінде) тұрақты қар жамылғысы болмайды. Солтүстігінде боранды күндер жылына орташа есеппен 17 күнді құрайды. Кейбір жылдары қыс айларындағы ауа температурасы -36ᵒC-қа дейін төмендейді. Шілде айының жылдық орташа температурасы 26-29ᵒC, кейде ауа 52ᵒC-қа дейін, ал Қызылқұм өңіріндегі құм бетінің температурасы 72-76ᵒC-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын мөлшері өте төмен (110-160) . Оның көбі көктем мен күз айларында (92%) түседі. Аудан жерімен Сырдария және оның тармақтары (Шіркейлі, Қараөзек, т. б. ) ағып өтеді. Ауданның солтүстігінде Арыс, Телікөл көлдері жатыр. Олардан басқа осы өңірде көптеген сор (Арыс, Тораңғылтүбек, Қарайойсор, т. б. ) кездеседі. Ауданның топырақ жамылғысы негізінен сортаңды сұр, сор, құмдаұты сұр топырақтан, Сырдария жайылмасында шалғынды-сұр топырақтан тұрады.
II. 3. Өңірдің жалпы су қорларын өзен тармақтары, каналдар, жер бетіндегі бірлі-жарым бұлақтар, уақытша ағын сулар, көлдер мен тақырларға жиналатын және жер астындағы сулар құрайды.
Аудан жерімен Сырдария және оның тармақтары Шіркейлі, Қараөзек т. б ағып жатыр. Ауданның солтүстігінде Арыс, Телікөл көлдері жатыр. Өңірде жер бетіндегі тұщы су қоры өте аз. Өңірде жерасты суларының, оның ішінде дүмпу (артезиан) сулар да бар, қоры мол. Сырдария өзенінің арнасын бойлап, ені 100, 0 км-дей жолақпен созылатын аллювиалдық жазықта жерасты суларының деңгейі өзен суының деңгейіне, ирригациялық жармалар мен жауын-шашынның мөлшеріне байланысты болады. Өзен, көл және жармаларға жақын телімдерде көбінесе тұщы немесе кермектеу сулар 5, 0 м тереңдікке дейін жатыр.
Шіркейлі каналы
Тақырлы жазықтарда (Жаңадария) өте күшті минералды қабаттағы судың тереңдігі 10-30м. Кейбір майда құмтөбелер шоғырланған телімдерде - 5-10м.
Сыр өңірінде шаруашылық мақсатқа пайдаланатын судың негізгі балансы Сырдария өзенінің бойындағы Көктөбе су бекетінен өтіп, өзеннің төменгі ағысындағы су тораптарына келетін судан тұрады.
Өзен ағысының азаюы Сырдың атыраулық аймағында табиғи кешендерді түбегейлі өзгертіп жіберді. Қабаттағы су тереңдеп, топырақтың жоғарғы қабаты құрғады; ылғал топырақтар (гидроморф) кеуіп, қуаңдану қатарымен дамыды. Көлдер мен көлшіктер құрғап, олардың төңірегіндегі бұрын су шайып тұратын телімдер қабыршақты және борпылдық сорларға айналды. Топырақ профилінде тұздың жылжуы төменнен жоғары қарай бір бағытта ғана жылжитын болды. Бұрынғы гидрологиялық режимге байланысты жоғары-төмен жылжып тұратын маусымдық қайтымды тұз режимі енді маусымдық қайтымсыз тұз режиміне айналды, яғни қабаттағы тұз топырақтың бетіне шоғырланды. Оған өзен суының минералдығы көтерілуі, ауаның құрғақтығынан қабаттағы ащы судың күшті булануы және Арал теңізінің құрғаған орнынан желмен тарайтын тұзды шаң қосылып, өңірде топырақтың қайта сорлануын күшейтіп отыр. Бұрын сор жерлер бедердің ойлау телімдерінде ғана тараған болса, қазір бедердің барлық элементінде кездесетін болды. Өңірде орын алған қуаңшылықтың әсері Сырдың атыраулық ландшафтарында өсетін плаккаттық топқа жататын өсімдік қауымдастығына жайлы болмады. Өсімдік қауымдастығының түрлік құрамы күшті өзгеріске түсіп, ылғал сүйгіш өсімдік қауымдастығын ксеро-галофилдік және галоксерофилдік топтары ауыстырды. Бұл соңғылары топырақтың сорлануын күшейте түсуде. Өңірде табиғаттың азғындауына өзен суының сапасы да ықпалын тигізіп отыр.
Ауданның көл жүйелері.
Қазақстандық Шығыс Арал өңірінде табиғаттың кескін келбетін анықтайтын Сырдария өзені. Көне заманда Сырдария Арал ойпатына жеткенше жолай Шу мен Сарысу өзендерінің ағысын қосып алып ағатын суы мол өзен болды. Дария тасығанда көптеген көлдер пайда болған. Көлдерді балық өндірісінде пайдаланудың жергілікті тәжірибесіне сүйеніп, олар аймақтық және гидрографиялық белгілеріне қарай ірі-ірі көл жүйелеріне топталды. Бұл көл жүйелерінің пайда болуы мен гидрология-гидрохимиялық режимінің сақталуы Сырдария өзенінің ағысымен тікелей байланысты еді. Сыр өңірінде өзен ағысы азайып, қуаңшылық күшейгенге дейін аталмыш көлдердің суы мол, деңгейі биік, іші толған балық болды. Көлдер мен өзектер тыран, майбалық, сазан, қаяз, торта, тісті (судак), шортан, ақбалық, жайын және әр түрлі майда балықтарға толы болды. Алайда, 1970 жылдардан бастап өзеннің сол жаға массивінде күріштік алқаптардың игерілуіне байланысты Соркөл, Қоңыздыкөл, Тукөл, Қаңбақты көл, Күміскөл т. б. көлдер кеуіп қалды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz