Тілдің даму барысында есім мен етістіктің ара жігін ажырату кезеңінде қалыптасқан есімше категориясы - етістіктің функционалды формасы
Мазмұны
Кіріспе
1. Есімше жұрнақтарының шығу тарихы
1.1. -ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтарының шығу тарихы
1.2. -ар, -ер, -р, -с, -мақ, -мек, -атын, -етін жұрнақтарының шығу тарихы
2. Көсемше жұрнақтарының шығу тарихы
2.1. -ып, -іп, -п жұрнақтарының тарихы
2.2. -а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнақтарының шығу тарихы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
К І Р І С П Е
Зерттеудің өзектілігі.
Диплом жұмысының тақырыптық нысаны.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың ғылыми жаңалықтары.
Зерттеу жұмысының дереккөздері.
Жұмыстың ғылыми маңызы.
Жұмыстың практикалық маңызы.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
1. ЕСІМШЕ ЖҰРНАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

Тілдің даму барысында есім мен етістіктің ара жігін ажырату кезеңінде қалыптасқан есімше категориясы - етістіктің функционалды формасы. Есімшелер есім сөздер мен етістіктің қасиетін бірдей иеленген тілдік құрал болып саналады. Алайда есімшеде етістіктің қасиеті молырақ, өйткені бұл тілдік тұлғаның табиғаты етістіктен туады. Сонда да бұл функционалды форма етістікке сындық мән беріп, анықтауыш бола алады. Осы ерекшелігін ескеріп, әйгілі ағартушы, лингвист Ахмет Байтұрсынов бұл форманы есімше, яғни есім сияқты деп атаған: Есімше дейміз - есім сияқты айтылатын етістіктің түрін мәселен, айтушы адам, шабатын ат, жазған хат дегенде айтушы, шабатын, жазған деген сөздер есімше болады [1, 153 б.].
Есімшелер мен көсемшелердің бөлек формаларының этимологиялық дамуын басшылыққа алған түркологиялық әдебиеттер аз емес. Алайда есімшелердің шығу, даму тарихы жайлы зерттеушілер ұсынған пайымдардан бір жүйелі теория жасап шығу мүмкін емес. Түркі ататілі дамуының бастапқы, ортаңғы және соңғы сатыларында есімшелер әр түрлі категориялық қасиетке ие болған.
Түркі ататілі дамуының алғашқы сатысындағы ежелгі есімшелер уақытқа қатысты болмай, көбіне етістіктен жасалған сын есім болып келген. Мұндай сын есімдер іс-қимыл нәтижесі секілді етістікке тән қасиеттерге ие болған. Ежелгі етістік негізді сын есімдердің мұндай ерекшеліктері олардың кейінгі семантикалық көпмағыналылығының тууына ықпал жасады. Олардың кейбңр бөлігі сол қимыл нәтижесі мағынасын сақтап қалған болса, кейбірі субстантивтеніп, толықтай есім сөздерге айналған.
Ататіл дамуының бастапқы және ортаңғы кезеңдерінде-ақ ежелгі етістік негізді сын есімдердің семантикалық бөліну процессі жүрді. Нәтижесінде тілдің грамматикалық сферасында етістік негізді сын есімдер мен есімшелер - нәтижелі есімшелік мәнді этимологиялық сын есімдер ұғымдары пайда болды. Бұл периодта сан түрлі есімше мәнді етістік негізді сын есімдердің пайда болуы байқалған. Бұл есімшелер ол кезде әлі де шақтық мәнде орындалмаған болып кездеседі [2, 445 б.].
Қазіргі түркі тілдеріне қарағанда көне түркі тілінде есімшелік тұлғалар да сан жағынан әлдеқайда көп болып келеді. Бір қызметте кейде бірнеше морфологиялық тұлғалар қолданылған. Бұған қарағанда, тілдің даму барысында есімшелік тұлғалардың азаюына бұрын бірнеше формалар арқылы берілетін мағыналық мәнерлердің бір ғана форма айналасына шоғырлануы себеп болған көрінеді. Қазіргі тіліміздегі кейбір есімше тұлғаларының қызмет аясының өте кең болуы тілдің тарихи даму барысында осындай процесспен байланысып жатады [3, 228 б.].
Көне түркі тілінде есімше мағыналы қолданыстар қазіргі түркі тілдеріндегі қолданыстарқа қарағанда кең ауқымды болатындығын айттық. Ал көне түркі тілдерінде қолданылған кей есімшелік форманттар кейбір фонетикалық ерекшеліктерін ескермегенде қазіргі тілдерімізде дәл сол күйінде көрініс тапқан болса, кейбірі жеке сөздер құрамына сіңісіп, өлі қосымшаға айналып отырған. Сол кезеңдерде кең қолданыста болған, қазіргі түркі тілдерінде кездеспейтін есімшенің ең көне жұрнағы - Орхон-Енисей жазбаларында көп кездесетін -мыш формасы. -мыш Орхон-Енисей жазбалары тілінде, сонымен қатар, кейінгі орта ғасыр жазбаларында да етістіктің өткен шағын жасаған аффикс. Көптеген қолданыстарда бұл аффикс қазіргі қазақ тілінде қолданылатын есімшенің - ған қосымшасының қызметін атқарған: тегміш (түйіскен), қалмыш (қалған). Бұл аффикс сол уақыттарда көп мағыналарда жұмсалған, соның ішінде қимыл есімі қызметінде де кездесіп отырады. Бұл мәнде -мыш формасы қазіргі тұйық етістік тұлғасы -у жұрнағына сай: бітміш (жазба, жазу), берміш (беру, бересі). Орта ғасыр жазбалары тілінде - мыш тұлғасы істің болған не болмағанын дүдамалдап, оны біреудің сөзі арқылы хабарлау мәнінде де кездеседі. Орта ғасырда ғұмыр кешкен түркі ғалымы, әйгілі Түркі сөздерінің жинағы атты еңбектің авторы Махмұд Қашқари -мыш аффиксінің бұл қызметі жайлы былай жазған: -мыш, -міш қосымшасы да іс-әрекеттің өткен уақытта болғанын білдіреді. Бірақ мұнда сөйлеушінің өзі көрмегендігі, анық еместік мағына бар: ол бармыш - ол барған болуы керек, бірақ мен өзім көрмедім; ол келміш - ол келген болуы керек, бірақ мен өзім көрген жоқпын [4, 64 б.]. Осы келтірілген қолданыстарға қатысты қазіргі қазақ тілінде ұшырасатын, сөйлемнің баяндауышына тіркесіп, істің болмағандығын, алайда болды деп жорамалдағандығын білдіретін -мыс, -міс болжалдық демеулік шылауларын еске түсіруге болады: болыпты-мыс, келіпті-міс. Бұл ыңғайда -мыс демеулігі жақтық қосымшаның қандай болғанына қарамай, өзгермей тіркеседі. Совет түркологы Эмир Наджип XIV ғасырдағы Египет мәмлүктерінің қыпшақ-оғыз әдеби тілі еңбегінде ортағасырлық Алтын Орда әдеби тілінде -мыш тұлғалы есімше сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалғанда тек қана III жақты білдіретінін ескеріп, жақ жалғауларын қабылдамайтынын айтады [5, 71 б.]. Бұл заңдылық қазіргі қазақ тіліндегі барыпты-мыс тұлғаларының қалыптасуына қатысты екендігі сөзсіз. Қазақ тілінде -мыш формантына тән барлық мән-мағына есімшенің -ған формантына ауысқан кезде -мыш реликт есебінде қазіргідей позицияда қалып қойған деп есептеуге негіз бар. Қалай болғанда да, қазақ тіліндегі -мыш тұлғасының бқл қолданысы бір жағынан көне түркілік қолданыспен, екінші жағынан қазіргі чуваш тіліндегі қолданыспен тығыз байланысты деп қарасақ болады. Қазіргі қазақ тілінде бұл форма кейбір жеке сөздер құрамында ғана сақталған: тұрмыс - бірге тұрған, жазмыш - маңдайға жазған, озмыш - озған, болмыс - болған, тарамыс - тараған, таралған, т.б. Қазақ тілінде Жазмыштан озмыш жоқ деген мақал маңдайға жазғаннан қашып озған пенде жоқ деген мағынаны береді. -мыш тұлғасының бұрынғы өз мағынасы қазіргі оңтүстік-батыс тілдерінде диалекті ретінде ғана сақталған.
Қазіргі қазақ тілінде етістіктің бұрынғы өткен шақ мәнін беретін -ған тұлғасы VII-VIII ғасырға жататын Орхон-Енисей көне түркі сына жазбаларында кездеспейді, бірақ XI ғасырдағы Қашқари сөздігінен бастап аса иі қолданыс тапқан формант. Махмұт Қашқари бұл тұлғаны өткен шақтық мән беретін форманттың бірі деп пайымдаған. Алайда Қашқаридің түсіндіруінше -ған тұлғасы істің дүркінділігімен байланысты ұғынылатын формант болған екен. Диуани лұғат ат-түрк еңбегінде берілгендей: Іс-әрекеттің көп мәрте болғанын, созылыңқы екендігін білдіруші сипат. Бұл сипат барлық тайпа тілдерінде және әрбір бөлімде бұйрық рай тұлғасында жасалады. Бұйрық рай қатаң қ-ға бітсе, -ған, жұмсақ сөздерге -ген қосылады. Сондықтан бірнеше рет қайталанған іс-әрекетті білдіруші сипат барған бар бұйрық райынан, тұрған тұр бұйрығынан жасалған [4, 58 б.]. Осыған ұқсас Қашқари айтып отырған істің көп қайталануы мәні қазақ тілінде -аған тұлғасымен де беріледі. -аған тұлғасын Қашқари оғыз тілінен басқа түркі тілдерінде қолданылады деп көрсеткен [6, 328 б.]. -аған тұлғасының қалыптасуы мына жолмен жүрген: -а (көсемше) + түр көмекші етістік, байланыстырушы ған + а + түр + ған аған. Қысқасы, бұл құбылыс - екі тұлғаны байланыстырушы қызметті атқаратын түр көмекші етістігінің түсіп қалуының нәтижесі [7, 359 б.]. Генезистік жағынан бұл қосымша есімшенің басқа формасы -атын тұлғасымен ұқсас болып шығады.
Көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеген әйгілі қазақ түркологы Мархабат Томанов Қазақ тілінің тарихи грамматикасы еңбегінде есімшенің -ған формасын этимологиялық жақтан құранды жұрнақ деп көрсетеді. Ғалым бұл жұрнақты екі бөлікке бөлген: оның алғашқы бөлімі -ға - қимыл есім тұлғасы да, соңғы -н бөлігі ежелгі дәуірде өткен шақты білдірген қосымша [3, 229 б.]. Есімше іс-әрекеттің де, есім сөздердің де сипатын ашатын болғандықтан оны көптеген ғалымдар етістік негізді сын есім (Исхаков, Дмитриев) деп атаған. Осыны негізге алып кейбір түркітанушылар есімшені қимыл есімі деп санағанды дұрыс көрген. Бұл құранды жұрнақтың бірінші бөлігі қимыл есім тұлғасын жасайтын аффикс деп көрсеткендігін түсіндіре алады. Көне түркі тілінде -ға, -қа жұрнақтары қимыл есім тұлғасы ретінде қалыптасып, уақыт өле келе түбірге сіңісіп кеткен. Оны қазіргі түрік тіліндегі өрге - өрілген шатыр; әзірбайжан тіліндегі говурға - қуырылған бидай, говур - қуыр түбірінен шыққан сөздерден байқай аламыз. Бұл негіздің нәтижесінен кейін заттанған етістіктер пайда болған болуы керек: қырғыз тіліндегі қапқа - жабылған нәрсе; чуваш тілінде тытқа - баспалдақ қоршауы, тыт - ұстау түбірінен. Тілдің қалыптасу кезеңінде бұлар көнерген жұрнақ ретінде түбірге еніп, осы қолданыстарда қалыптасып қалған. Қазіргі түркі тілдерінде бұл форма қолданылмайды.
Мархабат Томанов айтқан -ған формасының екінші бөлігі - ежелгі көне жұрнақтардың бірі -н жұрнағы. Жоғарыда айтып кеткенімдей, -н формасы тарихтың тереңіне кетеді. Кәріс тілінде қимыл есімінің -n жұрнағы есімшенің өткен шағын, ал етістіктің осы шағын білдірген: pon - көрген (poda - көру үшін түбірінен); pon - көрінген, көрінетін (poda - көріну) [8, 93 б.]. Г.Рамстедттің пайымдауынша бұл жұрнақ көне түркі тілінен-ақ түсіп қалған, алайда чуваш тілінде дәл сол мағынасында әлі де қолданылады. Көне монғол тілінде сөз соңына келетін -н жұрнағы баяндауыш рөлінде көптік жалғаумен де көп кездескен: ja`u ulugenci - сенің айтқандарың [8, 92 б.].
-ған есімше формасының шығу уақыты мен қолданылу уақыты жайлы қайшы пікірлер кездесіп жатады. 1988 жылы жарық көрген Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков еңбегінде есімшенің -қан (-qan) формасы қыпшақ қоғамы кезінде белсенді қолданысқа енген деп келтірген [2, 456 б.]. Оғыз тілдерінде, оның ішінде чуваш тілінде -qan формасы жеке қимыл есімі жасалымы ретінде берілген. Көне түркі тілдеріндегі -gan формасы әзірбайжан тілінде jargan `жыра' (jar - `айыру, ажырату'), gudurgan `жынды, құтырық' (gudur - `құтыру, жындану'), түрік тілінде kurgan `қамал' (kur - `құру, құрастыру'), чуваш тілінде xytkan `құрғақ' (xyt - `қатаю'), қырғыз тілінде tu:gan `туысқан, ағайынды' (tu: туу) болып кездеседі. Осыдан біз -gan формасы қыпшақ тілдерінде де қимыл есімін жасайтын тұлға болғандығын байқаймыз [9, 316 б.].
Қазіргі қыпшақ тілдері мен көне түркі ескерткіштерінде кең қолданыс тапқан - gan формасы шақ жағынан нейтралды болып келеді. Әбілғазы ханның жазбаларында кездескен Ol vaqtda turkmandin nary tarafynda olturgan illar kob ardi Сол уақыттарда түрікменнің арғы жағында өмір сүрген иллер көп болды; башқұрт тілінде Xamza jasagan auul Хамза өмір сүрген ауыл, татар тілінде Xorma uskan Ispanija құрма өскен Испания, ноғай тіліндегі Tamaklari toq, qajgylary bolmagan balalar Қарны тоқ, қайғылары болмаған балалар, өзбек тіліндегі Aliser jasagan ujda Алишер тұрған үй, қырғыз тілінде Zurogundo juk bolgon pikir Жүрегінде жүк болған қайғы, алтай тіліндегі Menin kelgen jolymla Мен келген жолда, сібір татарлары диалектісіндегі Uqybagan xalyq qara оқымаған халық қараң, бараб татарлары тіліндегі Рalaga saryajgan pabaj балаға зарыққан қария, хақас тілінде axxan аққан, ағымдағы қолданыстары осыған дәлел бола алады.
Қазіргі қазақ тілінде есімшенің -ған формасы бұрынғы өткен шақ жасайтын жұрнақ болып қалыптасқан. Қыпшақ тілдерінде бұл форма ауыспалы өткен шақ пен меншіктік мағынаға да ие болып, кейде септік аффикстерін де қабылдаған: Әбілғазы ханның жазбаларында кездескен Man bilganni `мен білгенді'; татар тіліндегі "gazik" jaqynlasyp kilganen kurde `ол газиктің жақындап қалғанын көрді'; тува тіліндегі Caj ortkenin bilbein qaldym `жаз өткенін байқамай қалдым'; хақас тіліндегі Altyn axcalyq abdyrany pu atygjilar alganyn cox-cos xaryndas sizip saldy `Кедейдің ағасы алтын салынған сандықты садақшылар алғанын бірден байқады'; алтай тілінде Qaryj bergenik koro lo `қартайғанын көрген соң...'; қарашай-балқар тілінде Temirni stolga salgany `темірді үстелге қойғаны'; өзбек тілінде Qoronqulik erta tusganga uxsab kurindi `ерте қараңғы түскенге ұқсады'қолданыстары осы тұжырымға мысал. Бұл форманың мезгілдік-мекендік септіктермен байланысы ол тұлғаны етістіктің басқа категориясы - көсемшеге жақындастырады.
Есімшенің -ған формасы құранды жұрнақ екендігі дау туғызбайды. Алайда оның құранды бөліктерге бөлгенде ғалымдардың ойы бір жерден шыға бермейді. Б.А.Серебренников пен Н.З.Гаджиеваның Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков еңбегінде адъективтенген етістіктің екі жұрнағы -к мен -ан бөліктерінен құралған деп көрсетілген [9, 227 б.]. Алғашында бұл етістікті сын есімдер шаққа қатысты болмай, бір істің нәтижесін білдірген. Бұл форманың алғашқы қолданыстарын байқасақ, етістікке қарағанда көбіне сын есім мағынасын, кей кездері зат есімнің мағынасын беретін болған: түрік тіліндегі чалышкан - жұмыскер, чалыш - жұмыс істеу түбірінен шыққан; әзірбайжан тіліндегі гудурган - жынды, гудур - құтыру, жындану түбірінен; түрік тілінен курган - қамал, кур - құру, құрастыру түбірінен.
-ған формасы жайлы Б.А.Серебренников пен Н.З.Гаджиеваның пайымдарын жүйелеп көрейік. Олардың ойынша бұл морфема -ғ-қ + -ан формаларының тіркесуінен болған. Ал соңғы -ан бөлігі көне түркі тілінде іс-қимылдың нәтижесін білдірген: түркімен тіліндегі доған - аға (алғашқы мағынасы - туған); әзірбайжан тілінен кечән - өткен, өтіп кеткен; өтән - өткен, т.б. Осы форма негізге алынып, түркімен тілінде өткен шақтың есімшесі пайда болды: оқан - оқыған, гелен - келген, ишлэн - жұмысшы [9, 232 б.]. Ал бұл -ан, -ән формасының чуваш тіліндегі -на жұрнағымен қандай байланыста екендігі әлі белгісіз: сырна - жазған, ілнә - алған, т.б.
Б.А.Серебренников пен Н.З.Гаджиеваның еңбегіне сүйенсек, -ан формасының өзі де құранды болып келеді екен: -а - осы шақ көрсеткіші; -н - іс-қимылдың нәтижесін білдірген қимыл есімінің көне аффиксі [9, 231 б.]. Бұған жығын - жиналған нәрсе (әзірбайжан тілінен) сияқты мысалдар дәлел бола алады. -н формалы нейтралды шаққа осы шақтың -а формалы көрсеткіші қосылып күрделенгенде осы шақтың есімше тұлғасы пайда болған: түрік тіліндегі жазан - жазған, жазушы, т.б.
Алайда бұл есімше формасы да тұрақталмай, уақыт өте келе қолданыстан шығып қалған. Бұл морфеманың қалдығы ретінде біраз заттанған есімшелер қалды: хақас тіліндегі чылан, чуваш тілінде с`элен, татар тілінде йылан - жылан, жылжу түбірінен болған сөз (алғашқы мағынасы - жылжитын, жорғалау); татар тілінен қуйан - қоян (қу түбірінен шыққан).
Есімшенің бұл формасы қолданыстан шығып қалғанымен, кейбір түркі тілдерінде, оның ішінде түрік, әзірбайжан және гагауз тілдерінде осы шақтың есімше көрсеткіші ретінде әлі күнге дейін қолданылады: түрік тілінде алан - алушы, йазан - жазушы; әзірбайжан тілінде кедән - кетуші, алан - алушы; гагауз тілінде учан - ұшушы; түркімен тілінде оқайан - оқушы, ишлэйән - жұмыс істеуші, т.б.
Бұл форманың алдыңғы бөлігін жүйелеу барысында есімшенің көне -қ, -ғ формалары еске түседі. Түркі ататілінің ерте кезеңдерінде -(ы)қ, -(ы)ғ формалы етістіктен болған сын есім (есімше) көп қолданылған болуы керек, алайда тілде синонимдік қолданыстар көбейген сайын өзінің есімшелік позициясынан айырыла бастаған. Себебі, біріншіден, -қ, -ғ формалы етістіктер белсенді түрде субстантивтеніп отырған, екіншіден, екіншілік тұлғада көп пайдаланыла бастады: barygjaq - баруға ниеттенді, korugma - көрген, көруші, т.б. [10, 164 б.].
Бұл теорияны ұсынушы түркітанушы, лингвист Александр Михайлович Щербак осы -(ы)қ, -(у)қ, -(ы)ғ, -(у)ғ формалы сөздер есімшелі субстантивтің белгілерін көп қабылдаған, сол себепті де қазіргі түркі тілдерінде осы формалы зат есімдер мен сын есімдер өте көп. Көне түркі тіліндегі jaruqjarug - жарық, сәуле, buzuqbuzug - бөлік, bitikbitig - жазбаша құжат, кітап; ескі өзбек тіліндегі capuq - кесік, қиық, qorqaq - қорқақ адам; әзірбайжан тіліндегі gorxag - қорқақ, urkag - үркек; гагауз тілінде kapak - қақпақ; тува тілінде dazyg - жазық, көгал, шалғын; түрік тілінде jataq - төсек, т.б. сөздер бұған мысал бола алады. Қазақ тілінде де мұндай сіңісіп кеткен жұрнақтар аз емес.
Түркі халықтарының ажырап, бөлек топ құра бастаған кездерінде -ған формасымен түрленген қолданыстар көбейе бастаған. Кейінірек есімшенің осы формаын негізге алған -agan (жиілету семасын білдіретін аффикс -a + -gan) формасы қолданысқа ене бастады. Түрколог Севортянның есептеуінше есімшенің қазіргі қазақ тілінде түбірлерге сіңісіп кеткен -аған формасы - ған қосымшасының негізі болып, ататіл қалыптасқан кезеңнің жемісі болып табылады [11, 322 б.]. Оны қазіргі қыпшақ тілдерінде де, оғыз тілдерінде де кездесетін адъективтенген етістіктерден байқай аламыз: әзірбайжан тіліндегі buragan `құйын, су иірімі' (bur - бұралу, айналу); өзбек тіліндегі qopagan `тістеуік, тістеуші' (qop - тістеу, жармасу); чуваш тіліндегі vereneken `оқушы, үйренуші' (veren - оқу, үйрену); этиген `үнді' (эт - айту, үндеу). Ал ғалым А.М.Щербактың ойлауынша - agan формасы қарлұқ-ұйғыр және қыпшақ тілдерінде көп қолданысқа енбеген. Сонда да бұл форманың ежелгі түркі тілдеріне ортақ болғандығын жоққа шығара алмаймыз. Махмұд Қашқаридің сөздігінде берілген ежелгі түркі тіліндегі baragan `барушы', ескі өзбек тіліндегі tutagan `(әрдайым) ұстап тұратын', sapagan `жүгіргіш', әзірбайжан тіліндегі gacagan `жүгіргіш, жүгіруші', түркмен тіліндегі duragan `тұрған, тір тұрушы', қазақ тілінің диалектісінде сұраған `қайыршы' сияқты мысалдардан бұл форманың кең қолданыста болғандығын біле аламыз.
Бұл форманың қолдану жиілігі құмық диалектілері таралған аудандарда байқалады: men sata turagan at - мен сатып тұрған жылқы. Бұл қолданыста есімшенің -аған формасы осы шақта беріліп тұрғанын көреміз. Бұл форма Әзірбайжан елінің Дағыстанға жақын аймақтарында көп байқалады: urkagan at ~ hurkan at `үркіген ат'. Әзірбайжанның орталық аудандары мен басқа да адам көп шоғырланған аудандарында бұл қолданыс есімше мағыннасында кездеспейді. Түрік диалектісі көп таралған Шығыс Анатолия аймақтарында да бұл қолданыстың есімшелік мағынасы толықтай жойылған.
Есімшенің -аған формасы Махмұд Қашқаридың Түркі тілдерінің сөздігінде де кездеседі. Ол жерде бұл форма өткен шақ пен осы шақтың тұрақтылық парадигмасында көрінеді: оl evke baragan ol `ол үнемі үйіне оралады', ol kisi ol bizke kelegen `ол адам бізге жиі келеді'. Дәл осы функциясында бұл форма Ресейдегі Дербент ауданының говорларында да кездесіп отырады.
Ғалымдар -аған формасының алғашқы қолданыстары Орта Азия мен Сібір аймақтарында пайда болды деп санаған (Дмитриев, Рамстедт, Мелиоранский, Севортян). Орта Азиядағы ноғай тілі мен Сібір тілдері генетикалық тұрғыдан жақын болмаса да осындай құранды жұрнақтың шығуына себепші болған. Жоғарыдағы мәліметтерді жүйелей келіп, -аған формасы екі құрамнан тұратынын білдік:
* -а - герундивті есімше немесе дуративті (ағымдағы, аяқталмаған) іс-әрекет білдіруші аффикс;
* -ған - есімшелік мағына немесе кішіретушілік сема.
Бұл форма қазіргі қазақ тілінде жұрнақ ретінде мүлдем кездеспейді. Тіл қалыптасуы кезеңінде актив қолданылып, қазіргі кездегі жеке сөздер құрамында өлі жұрнақ болып сақталған -аған формасын біз тарихи сөздерден кездестіре аламыз. Қазғыш сөзінің альтернативі ретінде көркем әдебиетте қазаған болып келіп, құдық қаза алатын адам деген мағынаны білдірген; жатаған - жерге жақын, жатып өсетін өсімдіктің түрі; озаған - алға талпынғыш, қатарластарын озып түскен адам; білгіш сөзінің альтернативі ретінде білеген сөзі; қашаған - көбіне жылқыға теліп айтылатын сөз, үйірінде болмай, сыртқа қашқыш келетін ат. Қарақалпақ диалектісінде Береген қолым алаған деген мақал бар. Бұл сөз жомарттықпен берген адам жомарттықпен алады деген мағынада қолданылып жүр.
Есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен формаларының қай формасы бірінші пайда болған деген сұрақ түркітанушыларды әлі де мазалап келеді. Не болса да бұл формалардың алдыңғы элементтері -ғ, -г, -қ, -к дыбыстары - бір біріне артикуляциясы жағынан да, акустикасы жағынан да, түп-төркіні жағынан да бір-біріне өте жуық туыстас дыбыстар. Сол себепті де бұл дыбыстар өзара дыбыс сәйкестіктерін түзеді. Бұл дыбыстардың бір мағынада бір-бірінің орындарына жұмсалуы бұл дыбыстардың бір Һ дыбысынан шыққандығынан болуы керек. *Һ ата дыбысының жұтқыншақ арқылы шығатын (фарингаль) дыбысы уақыт өте келе ғ, г, қ, к дыбыстарына түрленіп қалыптасқан.
Бұл аталған дыбыстардың арасында ең жаңасы - фарингаль г дыбысы. Г дыбысы к-дан фонологиялық жолмен туындаса, ғ-дан фонетикалық жолмен туындаған [12, 15 б.].
Қазіргі түркі тілдерінде к~г сәйкестігі жиі кездеседі: түрік тіліндегі екинчи мен татар тіліндегі игэнще, қазақ тілінде егінші; әзірбайжан тіліндегі экиз бен қазақ тіліндегі егіз; чуваш тіліндегі тага(қой) мен тәкә(теке); ага (жыртылған жер) мен әкә(егін), т.б. [9, 36 б.]
Қазіргі тілде г дыбысы к-ның, ғ дыбысы қ-ның жұмсақ варианты ретінде саналады. Қазақ тіліндегі қатаң қ мен к-ге біткен сөздерге дауысты дыбысты қосымша тіркескенде олардың автоматты түрде ғ мен г-ге айналатыны осыған байланысты болуы керек.
ғанның қорытындысы
1.2. -ар, -ер, -р, -с, -атын, -етін, -мақ, -мек жұрнақтарының шығу тарихы
Түркологияда кең тараған ой-пайымдардың көбісі есімше синкретті мағынадағы етістік негізді есімдер қатарына жатады дегенге саяды. Синкретті мәндегі етістіктен болған есімдер бір уақытта есімшенің де, субстантивтің де рөлін атқаратын болған. Бұл көзқарас етістік пен есімнің қайсысы бірінші пайда болған деген сұрақтың актуалдылығын бейнелейді.

Түркі тілдерінде кейінірек етістіктен болған сын есімдердің белсенді түрде есімшеге көшу үрдісі қатты байқалады. Бұл тенденция белгілі бір уақытқа қатысты шыққан ерекше есімшелердің шыға бастағанынан көрінеді. Яғни өткен шақ, осы шақ және келер шаққа қатысты арнайы есімшелер пайда болды. Мұндай қолданыстардың есімді білдіретін белгілері қандай да бір шамада өзін көрсетіп қалса да, есімшенің белгілі бір уақытқа қатысты белгілері басым болды.
Етістіктің осы шағы мен келер шағына қолданылатын есімшенің осындай бір ерекше формасы - көне түркі тілдерінде көп қолданыс тапқан -ар, -ер, -р формалары. Бұл етістіктен дамыған көне сын есім формасының қимылға қатысты мезгілді білдіруі, оның ішінде осы шақ пен келер шақта қолданыс тапқандығы байқалады. Бұл тұлға бір заттың не құбылыстың қандай да бір тұрақты белгісін көрсетуде, көбіне бір нәрсеге қабілеттілігін көрсетуде қолданылған, мысалы: учар - үнемі ұшатын, жалпы ұшуға қабілетті. Мұндай қолданыстың өткен шаққа қатысы тек сол белгінің тұрақтылығын білдіріп, жалпы мәні тек логикалық өткен шақтың нышанын қамтыды. Осы себепті мұндай етістіктен шыққан сын есімдер өткен шаққа қатысты бола алмады [9, 231 б.].
Жалпы түркі тілдеріне ортақ болып келетін -ar, -yr формасы көне түркі ескерткіштері тілінде де, чуваш тілінен басқа қазіргі түркі тілдерінде де кең қолданыста болған. Күлтегін жазбаларында кездесетін Altyn, kumus, isigti, qydai bunsyz anca birur tabqas, budun saby susig aqysy jymsaq armis `Бізге шексіз алтын, күміс, дән, жібек беретін табғаш ұлтының үнемі сөздері тәтті, сыйлықтары жұмсақ'; Құтты білік дастанында кездесетін Axir tagdi Alik turur orduqa `Элик өмір сүретін лагерге ақыры жеттім', түркімен тіліндегі barar eri `барар жері, оның келетін жері', sovulmar jaz `бітпейтін көктем', kun batar betke `күн батар жерге', т.б. қолданыстар оған мысал бола алады.
Есімшелер мен етістік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz