Қоғамдық - гуманитарлық сыныптарда математикалық талдау элементтерін оқыту әдістемесін құруға ұсыныстар


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Мұқанбетсадықова Ақбота Қадырбекқызы
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда математикалық талдау элементтерін оқыту әдістемесі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5B010900 - «Математика» мамандығы
Нұр-Сұлтан 2020
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Наурызбаев Н. Ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда математикалық талдау элементтерін оқыту әдістемесі»
5B010900 - «Математика» мамандығы бойынша
Орындаған: Мұқанбетсадықова А. Қ.
Ғылыми жетекші
а. о., PhD: Мусабаева Г. К.
Нұр-Сұлтан 2020
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
- Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-гуманитарлық бағыт сыныптарында математикалық талдау элементтерін оқыту жүйесіне талдауҚоғамдық-гуманитарлық бағыт сыныптарының математика пәнінен оқу бағдарламасының мазмұныҚоғамдық-гуманитарлық сыныптарда математикалық талдау элементтерін оқытудың ғылыми-әдістемелік әдебиеттеріне шолу
- Қоғамдық-гуманитарлық бағыт сыныптарында математикалық талдау элементтерін оқыту әдістемесі және оны ұйымдастыруҚоғамдық-гуманитарлық сыныптарда математикалық талдау элементтерін оқыту әдістемесін құрудың психологиялық-педагогикалық алғышарттарыҚоғамдық-гуманитарлық бағыт сыныптарында математикалық талдау элементтерін оқыту әдістемесіне қойылатын талаптарҚоғамдық-гуманитарлық сыныптарда математикалық талдау элементтерін оқыту әдістемесін құруға ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Еліміздегі мектептік білім беру жүйесіндегі орын алып жатқан өзгерістердің негізгі жағдайы - оның үздіксіз білім берудегі негізгі компонент ретіндегі орнын анықтау қоғамдағы бұлтартпас шынайы өмір көрінісінің теория жүзіндегі айғағы. Ал ол шындық жоғарғы сынып оқушыларының орта мектепті бітірместен 1-2 жыл бұрын өз қызығушылықтары мен қабілет-қарымын ескере отырып болашақ мамандығына, қызмет саласына таңдау жасайтынында. Белгілі бір мамандыққа бейімделу, дайындалу оқушылардан олар үшін кәсіптік маңызға ие пәндерді меңгеруге баса назар аударуды талап етеді. Осы және өзге де қажеттіліктерге білім беру үдерісі дифференциалдап оқыту арқылы бейімделеді.
Қазіргі таңда дифференциалдап оқытудың негізгі екі түрі қарастырылады: деңгейлік және бейіндік. Деңгейлеп оқыту оқушылардың бір сыныпта бір бағдарламамен және оқулықпен оқи отырып, материалды әр түрлі деңгейде меңгере алуына бағытталған. Бейіндік оқыту оқушыларды оқу бағдарламасының әртүрлілігімен, материал мазмұнының тереңдігі және ақпарат көлемімен өзгешеленетін топтарға бөліп оқытудан көрінеді.
Бейіндік оқыту жүзеге асырылатын жоғарғы сыныптарда білім беру мазмұны белгілі бір білім саласын меңгеру барысында білім алушының жеке даму ерекшелігіне қолайлы жағдай жасай отырып, таңдаған қызметтік бағытына дайындықты қамтамасыз етуге тиісті.
Мемлекеттік базалық оқу бағдарламасына сәйкес математика міндетті оқу пәндерінің қатарына енеді. Математикалық талдау элементтерін міндетті математика курсына енгізу қажет пе, жоқ па деген сұрақ әлі күнге дейін қойылып келе жатыр. Дегенмен де, барлық бағыт үшін оқу курсына енгізілу себебі қоғам дамуындағы рөлі және математикалық талдау элементтерін меңгерудің тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерінің даму барысында атқаратын қызметімен түсіндіріледі.
Алайда бағдарлама мен оқу әдебиеттері әр түрлі оқу бағыттары үшін мазмұны бойынша да, оқыту әдістемесі бойынша да өзгешеленуі тиіс.
Елімізде жалпы білім беретін мектептерде бейінді оқытудың негізгі екі бағыты бар:
- Жаратылыстану-математикалық;
- Қоғамдық-гуманитарлық.
Жаратылыстану-математикалық бағытта математикалық талдау танымның негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Оны меңгеру оқушыларда математиканың негізгі идеялары мен әдістерін түйсінуді, математикалық ойлау жүйесі мен математикалық ой-өрістің қалыптасуын қамтамасыз етіп, білім алушыларға математикалық модель мен математикалық талдауды қолдануда терең де, берік қабілет-дағдылар беруі тиіс. Математиканы кеңірек пайдалана білулері үшін ол туралы түсініктерінің орнығуына жағдай жасауы керек. Бұл бейіндік оқыту бағыты үшін білім беруді ұйымдастыру бастауын еліміздегі тереңдетілген физика-математикалық мектептер мен сыныптардағы білім беру тәжірибесінен ала алады.
Математика жалпымәдениеттік пән рөлін ойнайтын қоғамдық-гуманитарлық бағытта ол білім алушыларға адамзат өміріндегі математиканың маңызы туралы түсінік беруі, негізгі қызмет саласы мен болашақ мамандығына дайындық барысында математика басты рөл ойнаматын жағдайда да техникамен толықтай дерлік жабдықталған заманауи өркениетте өз орнын табулары үшін қажетті білік беруі жеткілікті.
Аталған екі бағыт үшін математикалық талдауды оқытудың тиімді әдістемесін, ұтымды әрі қолайлы мазмұнын құру қазіргі оқыту әдістемесінің көкейтесті сұрақтарының бірі.
Осыған байланысты бұл ғылыми жұмыстың қарастыратын мәселесі қоғамдық-гуманитарлық бағыт сыныптарында математикалық талдау элементтерін оқытуға қойылатын шарттар мен талаптарды анықтап, оларды іс жүзінде қолдану әдістемесін құру.
Зерттеу нысаны осы сыныптарда математикалық талдау элементтерін енгізу мен оқыту үдерісі болып табылады.
Зерттеу пәні - болашақ қызмет саласын математикамен байланыстырмайтын білім алушыларға математикалық талдау элементтерін оқыту әдістемесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты - математика пәні қызметтік маңыза ие емес сыныптарда математикалық анализ элементтерін оқытудың тиімді әдістемесін құру қажеттілігінің негізгі себептерін атап көрсету.
Қарастырылып отырған мәселе келесі жекелеген міндеттердің орындалуын талап етеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz