Көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушылар


«Базалық» факультеті
«Дене тәрбиесі» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету»Пән і Инклюзивті білім беру
Орындаған: Сүйіндік Рахат Жеткізгенқызы студентіМамандығы: 5B010800 - Дене шынықтыру және спорт
оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А. Р. ., аға оқытушы
Курстық жұмысты қорғау
уақыты ___ 2020 ж.
бағасы
Ақтау, 2020 ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіБазалық факультеті» факультеті
«Дене тәрбиесі» кафедрасы
Пәні Инклюзивті білім беру
Мамандығы- : 5B010800 - Дене шынықтыру және спорт
ТАПСЫРМАКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН
Студент : Сүйіндік Рахат Жеткізгенқызы
Тақырыбы : «Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету»
Курстық жұмыстың көлемі: 30 бет.
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі 2020 ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі Ерубаева А. Р
___ 2020 ж.
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен
инжиниринг университетінің Базалық факультеті
5B010800- Дене тәрбиесі және спорт 2 - курс студенті
Сүйіндік Рахат Жеткізгенқызы « Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету » атты курстық жұмысқа
РЕЦЕНЗИЯ
Аталмыш жұмыста, Мектептің оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы мемлекетінің «Білім туралы» Заңының 1 бабына сәйкес, инклюзивті білім берудің мақсатын жүзеге асыратын жүйелі білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндігі шектеулі жандарды біріктіріп оқытуда, дамуындағы ақаулықты түзетуде және әлеуметтік бейімдеуде арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.
Инклюзивті білім білім беру келесідей ұйымдарда ұйымдастырылуы мүмкін: жалпы білім беретін мектеп, шағын жинақты мектеп және тірек мектебі (ресурстық орталық), түзету мекемесіне қарасты жалпы білім беретін мектеп, кешкі мектеп, девианттық мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы, мектеп-интернат, ерекше режимдегі балаларға арналған білім беру ұйымы және ауруханаға қарасты мектеп.
Инклюзивті білім беруді іске асыру отбасының белсенді қатысуымен, коррекциялық-педагогикалық және баланың жеке қажеттіліктерін әлеуметтік қолдау мен балалардың жеке ерекшеліктерінің білім алу ортасына бейімделуі және білім алуына қатысты қажеттіліктерін, яғни білім алуға толық жағдайларды жасау жолымен жүзеге асырылады.
Логопед, арнайы психолог, арнайы педагог т. б. мамандары жоқ жалпы білім беретін ұйымдардың инклюзивті сыныптарында оқитын мүмкіндігі шектеулі балалар психологиялық-педагогиалық түзету кабинеттерінде және оңалту орталықтарында коррекциялық - педагогикалық қолдау ала алады. Инклюзивті білім беретін жалпы орта мектептерде сабақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларға жеке, дербес тұрғысынан қарастырылып өткізіледі.
Студенттің курстық жұмысының мазмұны осы мәселелерді қарастырған Базалық факультеті 5B010800- Дене тәрбиесі және спорт 2 - курс студенті
Сүйіндік Рахат Жеткізгенқызы «Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету» атты курстық жұмысы стандарттық талапқа сай тақырыбы өзекті, сапалы түрде жазылған жұмыс деп қарауға ұсынамын.
Кілттік сөздер: . білім беру жағдайында көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету
Рецензент : Ерубаева А. Р., аға оқытушы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
1. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА КӨРУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ . . . 7
1. 1 Көру қабілеті зақымдалған (көрмейтін, нашар көретін, кейін көрмей қалған) оқушыларға арналған арнайы мектепте (сыныпта) оқыту ерекшеліктер . . . 7
1. 2 Көру қабілеті бойынша әртүрлі сабақ өтуге мұқтаж балалар бойынша оқушыларға арналған арнайы мектепте оқыту түрлері . . . 13
2 . ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН (ПДТ) ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕ (СЫНЫПТАҒЫ) ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕР. . ……21
2. 1. Көруінде ауытқуы бар балаларды отбасында тәрбиелеуде жүргізілетін жұмыстың барысы . . . 21
2. 2. Көріуінде ауытқуы бар балаларға ата-аналарымен сыныптан тыс жұмыстар . . . 26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30
КІРІСПЕ
Тақырыптың маңыздылығы . Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде инклюзивті білім берудегі оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - ҚР МЖМБС 1. 4. 002- 2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы мемлекетінің «Білім туралы» Заңының 1 бабына сәйкес, инклюзивті білім берудің мақсатын жүзеге асыратын жүйелі білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндігі шектеулі жандарды біріктіріп оқытуда, дамуындағы ақаулықты түзетуде және әлеуметтік бейімдеуде арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.
Тақырыптың өзектілігі . Инклюзивті білім білім беру келесідей ұйымдарда ұйымдастырылуы мүмкін: жалпы білім беретін мектеп, шағын жинақты мектеп және тірек мектебі (ресурстық орталық), түзету мекемесіне қарасты жалпы білім беретін мектеп, кешкі мектеп, девианттық мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы, мектеп-интернат, ерекше режимдегі балаларға арналған білім беру ұйымы және ауруханаға қарасты мектеп. Инклюзивті білім беруді іске асыру отбасының белсенді қатысуымен, коррекциялық-педагогикалық және баланың жеке қажеттіліктерін әлеуметтік қолдау мен балалардың жеке ерекшеліктерінің білім алу ортасына бейімделуі және білім алуына қатысты қажеттіліктерін, яғни білім алуға толық жағдайларды жасау жолымен жүзеге асырылады .
Зерттеу жұмысының мақсаты . Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету
Зерттеу жұмысының мiндеттері.
- Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету
- Көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушылар
- Инклюзивті білім беру арқылы көмек
Зерттеу нысаны . Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету
Зерттеу пәні . Инклюзивті білім беру жағдайы, оқушыларға көмек көрсету
Ғылыми болжамы. ЕгерИнклюзивті білім беретін жалпы орта мектептерде сабақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларға жеке, дербес тұрғысынан қарастырылып өткізіледі.
Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселесі бойынша тиісті әдебиеттерді теориялық талдау, педагогикалық бақылау, әр тарауға тоқталып нақтылап жазу.
1 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА КӨРУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ
- Көру қабілеті зақымдалған (көрмейтін, нашар көретін, кейін көрмей қалған) оқушыларға арналған арнайы мектепте (сыныпта) оқыту ерекшеліктер
Арнайы білім беру ұйымдарының қызметі жөніндегі Типтік ережелер ҚР Үкіметінің № 499 қаулысымен 2013 жылы 17 мамырда бекітілген; Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының қызметі жөніндегі Типтік ережелер ҚР БҒМ № 258 бұйрығымен 2013 жылы 4 шілдеде бекітілген;
Жалпы білім беретін ұйымдардың қызметі жөніндегі Типтік ережелер (бастауыш, негізгі орта, жалпы және жалпы орта), ҚР Үкіметінің № 499 қаулысымен 2013 жылы 17 мамырда бекітілген; Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға бастауыш, негізгі орта, жалпы және жалпы орта білім берудің Типтік оқу жоспарлары ҚР БҒМ № 61 бұйрығымен 2014 жылы 25 ақпанда бекітілген мектептер мен арнайы сыныптардағы оқу-тәрбие үдерістері реттеледі. Арнайы білім беру және инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарда оқу жылының басталуы мен ұзақтығы, каникул күндері республиканың барлық жалпы орта білім беретін мектептерінде іске асырылып жатқан оқу мерзімдеріне сәйкес бекітіледі.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті сыныптарға қабылдануы нормативтік нұсқамалармен айқындалған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларының» қаулысымен бекітілген 18) тармақшасына сәйкес, атааналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.
Инклюзивті білім беретін арнайы сыныптар оқушылардағы ауытқу түрлері бойынша сараланған, яғни: - есту қабілеті бұзылған балаларға арналған (ішінара естімейтін, сөйлеу қабілеті қиын, бірақ есту құралының көмегімен сөз қорын өз бетінше жинақтау мүмкіндігін сақтайтын балалар) ; - көру қабілеті бұзылған балаларға арналған (көру өткірлігі ерекше төмендеген нашар көретін 0, 05 - 0, 5-ке дейін оптикалық түзетілген балалар) ; - ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған (балалардың сөйлеу қатынасын шектейтін ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің тұрақты бұзылысы, яғни сөйлеу тілінің қарым-қатынас қызметі бұзылған балалар) ; - тірек-қимыл аппаратында бұзылысы бар балаларға арналған (қимылқозғалысының жартылай немесе толық бұзылысы) ; - психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балаларға арналған (психикалық дамуының қалыпты жағдайдан ауытқуы, яғни органикалық минималды зақымдары немесе орталық жүйке жүйесінің функционалдық кемшілігі бар, сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы әлеуметтік депривация жағдайында болған балалар) ; - зияты зақымдалған балаларға арналған (танымдық әрекеттерінің тұрақты бұзылыстары, яғни ақыл-ой кемшілігінің жеңіл және орташа түрі) жүзеге асырылады.
Инклюзивті сыныптардағы оқу үдерісі Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарына сәйкес жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға білім берудің Типтік оқу жоспары факультативті сабақтар, еңбекке дайындық және түзету курстары мен инвариантты компоненттегі жалпы білім беретін пәндер арасындағы оқу сағат жүктемесін құрайды.
Есту, көру қабілеттері, тірек-қимыл аппараты зақымдалған, ауыр тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген оқушыларға арналған Типтік оқу жоспарларының инвариантты бөліміндегі жалпы білім беретін пәндер тізімі мемлекеттік білім беру стандарт талаптарына сай. «Түзету компоненті» - оқушылардың даму ақаулықтарын жоюға бағытталған түзету пәндері енгізілген типтік оқу жоспарының арнайы бөлімі.
Зиятында бұзылыстары бар оқушыларға (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі) арналған Типтік оқу жоспары таным әрекетінің тұрақты бұзылыстары мен орталық жүйке жүйесінің органикалық бұзылысымен айқындалатын эмоциялық-ерік сферасының себептері бойынша мазмұны МЖМБС талаптарына бағытталмаған оқу пәндері енгізілген.
Ақыл ойы кем оқушыларға білім беру тек қана арнайы әзірленген оқу бағдарламаларымен, оқулықтармен және ОӘК жүзеге асырылады. Типтік оқу жоспарының негізінде оқушылар контингентінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, әрбір сыныпқа оқу жоспары әзірленеді. Типтік оқу жоспарының инвариантты бөлігінің 15- 20% оқушылардың психофизикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес қайта бөлуге болады (сыныптарға бөлінген жалпы сағат санының аясында) .
Күрделі кемістіктері бар оқушыларға білім беруде (есту және зият бұзылысы, көру және зият бұзылысы, тірек-қимыл аппараты және зият бұзылысы) есту немесе көру, немесе тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар оқушыларға типтік оқу жоспарының түзету компоненті енгізіліп, ақыл-ойы кем (жеңіл және орташа) балаларға арналған Типтік оқу жоспарының негізінде оқу жоспары әзірленеді.
Оқушыларға білім беру ақыл-ойы кем балаларға арналған бағдарламалар негізінде, яғни көрсетілген категориядағы оқушыларға білім берудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Есту анализаторларының перифериялық бөлігі зақымданған кезде, ауызша сөйлеуді қабылдау мүмкіндігі бұзылады. Бұл сенсорлық афазия немесе алалияны туғызады, сөйтіп, фонемалық қабылдау қабілеті зардап шегеді. Ал көру анализаторының кейбір бөліктерінің зақымдануы, жазба тілді қабылдау мүмкіндігін қиындатады. Сол сияқты, қозғалыс анализаторларының моторлық аймақтарының зақымдануы, дыбыстаудың кемістігін тудырады.
Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі оқуда қиындықтар туғызатын үйде оқытылатын оқушылардың қабілеттілігіне қарай жеке оқу жоспарлары мен жеке оқу бағдарламаларын бекітеді. Арнайы білім беру ұйымдарында және инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында үйде оқытылатын оқушылардың дамуының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сыныптар бойынша үйде білім алуының Типтік оқу жоспарында көрсетілген сағаттар ауқымында пәндер бойынша білім мазмұны меңгерілуі қамтамасыз етілуі тиіс.
Оқытылатын пәндер тізімі мен үйде білім алудың Типтік оқу жоспарында көрсетілген сағаттар пәндер бойынша ата-аналармен (немесе олардың орнындағы тұлғалармен) келісе отырып бөлінеді. Инклюзивті сыныптарда мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ, арнайы оқу бағдарламалары бойынша ПМПК нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті сыныптарда түрлеріне сәйкес арнайы білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарының және жеке оқу жоспары, баланы оқытуға ұсынылған үлгілі бағдарламалар негізінде, оқу жоспарының әрбір оқу пәндері бойынша жеке жұмыс жоспары әзірленеді. Білім берудің жеке бағдарламалары - оқушылардың даму деңгейінің өзектілігін ескеріп, оқытылатын пәндер саласындағы және дамудың жақын аймағындағы білім, білік және дағдыларын құрайды.
Жалпы білім беретін мектептердің инклюзивті сыныптарындағы оқушылардың саны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Шетелдіктер балалары мен білім беру ұйымдарында мекендеген (тұрақтанған) азаматтығы жоқ тұлғаларға ана тілін терең меңгеруі үшін жағдай жасалуы қажет.
Осы категориядағы балаларды оқу-тәрбие үрдісіне біріктіру мақсатында және қазақ тілі мен орыс тілін меңгеруге қосымша сабақтар, тілдік үйірмелер, факультативті сағаттар ұйымдастырылады.
Жалпы білім беретін мектептерде оқыту барысында даму мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 10-нан асқан жағдайда, қызметі «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға біріктіре (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда» көрсетілген инклюзивті білім берудегі педагог-дефектолог-үйлестірушінің жалақы мөлшері қарастырылады. Білім беру үдерісіне қатысушыларға арнайы қолдау жеке және топтық үлгіде жүргізіледі.
Инклюзивті білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне тиімді жету мақсатында жалпы білім беретін мектептер оралмандарды бейімдейтін және біріктіретін орталықтармен, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдейтін орталықтармен, арнайы білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ,
ПМПК, оңалту орталықтары және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерімен серіктестік ұйымдастырады.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті сыныптарға қабылдануы нормативтік нұсқамалармен айқындалған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларының» қаулысымен бекітілген 18) тармақшасына сәйкес, атааналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.
Инклюзивті білім беретін арнайы сыныптар оқушылардағы ауытқу түрлері бойынша сараланған, яғни: - есту қабілеті бұзылған балаларға арналған (ішінара естімейтін, сөйлеу қабілеті қиын, бірақ есту құралының көмегімен сөз қорын өз бетінше жинақтау мүмкіндігін сақтайтын балалар) ; - көру қабілеті бұзылған балаларға арналған (көру өткірлігі ерекше төмендеген нашар көретін 0, 05 - 0, 5-ке дейін оптикалық түзетілген балалар) ;
Ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған (балалардың сөйлеу қатынасын шектейтін ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің тұрақты бұзылысы, яғни сөйлеу тілінің қарым-қатынас қызметі бұзылған балалар) ; - тірек-қимыл аппаратында бұзылысы бар балаларға арналған (қимылқозғалысының жартылай немесе толық бұзылысы) ; - психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балаларға арналған (психикалық дамуының қалыпты жағдайдан ауытқуы, яғни органикалық минималды зақымдары немесе орталық жүйке жүйесінің функционалдық кемшілігі бар, сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы әлеуметтік депривация жағдайында болған балалар) ; - зияты зақымдалған балаларға арналған (танымдық әрекеттерінің тұрақты бұзылыстары, яғни ақыл-ой кемшілігінің жеңіл және орташа түрі) жүзеге асырылады.
Инклюзивті сыныптардағы оқу үдерісі Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға білім берудің Типтік оқу жоспары факультативті сабақтар, еңбекке дайындық және түзету курстары мен инвариантты компоненттегі жалпы білім беретін пәндер арасындағы оқу сағат жүктемесін құрайды.
Есту, көру қабілеттері, тірек-қимыл аппараты зақымдалған, ауыр тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген оқушыларға арналған Типтік оқу жоспарларының инвариантты бөліміндегі жалпы білім беретін пәндер тізімі мемлекеттік білім беру стандарт талаптарына сай. «Түзету компоненті» - оқушылардың даму ақаулықтарын жоюға бағытталған түзету пәндері енгізілген типтік оқу жоспарының арнайы бөлімі.
Зиятында бұзылыстары бар оқушыларға (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі) арналған
Типтік оқу жоспары таным әрекетінің тұрақты бұзылыстары мен орталық жүйке жүйесінің органикалық бұзылысымен айқындалатын эмоциялық-ерік сферасының себептері бойынша мазмұны МЖМБС талаптарына бағытталмаған оқу пәндері енгізілген.
Ақыл ойы кем оқушыларға білім беру тек қана арнайы әзірленген оқу бағдарламаларымен, оқулықтармен және ОӘК жүзеге асырылады.
Күрделі кемістіктері бар оқушыларға білім беруде (есту және зият бұзылысы, көру және зият бұзылысы, тірек-қимыл аппараты және зият бұзылысы) есту немесе көру, немесе тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар оқушыларға типтік оқу жоспарының түзету компоненті енгізіліп, ақыл-ойы кем (жеңіл және орташа) балаларға арналған Типтік оқу жоспарының негізінде оқу жоспары әзірленеді.
Оқушыларға білім беру ақыл-ойы кем балаларға арналған бағдарламалар негізінде, яғни көрсетілген категориядағы оқушыларға білім берудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Даму қажеттілігі. Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін дайындық (0) сыныптары ұйымдастырылады.
Бастауыш білім беру бағдарламаларын меңгеруде (1-4 сыныптар) оқушылардың функционалды сауаттылығының негіздері қалыптасады, оларды негізгі қарым-қатынас біліктері мен дағдыларын және оқу еңбегімен қаруландырады, отандық және әлемдік мәдениет негіздеріне баулиды, сонымен бірге, негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын меңгерудің базасын құрайды.
Көру қабілеті зақымдалған балаларға білім беру негізгі орта білім деңгейінде 6 жыл мерзімде жүзеге асырылады. Осыған орай, пән мұғалімдерімен жүзеге асырылатын әр оқу пәнінің аясында оқу жылдары бойынша, сынып оқушыларының ерекшеліктерін ескеріп, оқу материалын қайта бөледі. Жалпы орта білім беру деңгейінде бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған профильді білім беру жүзеге асырылады. Профильді білім беру оқушылардың қабілеттілігі мен бейімділігіне сәйкес саралау жүйесі ретінде қарастырылады.
Екі бағыт жүзеге асырылады: қоғамдық-гуманитарлы және жаратылыстану-математикалық. Бір немесе екі бағытты таңдау оқушылардың қажеттіліктері мен ата-аналарының сұранысы бойынша мектеппен жүзеге асырылады.
Білім беру үдерісінің коррекциялық бағыты жалпы білім беру пәндерін және қалдық көру қабілетін, көріп қабылдауын дамыту және оны қорғау; әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау (ӘТБ), кеңістікте бағдарлау; мимика мен пантомимиканы дамыту; сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету (логопедтің сабақтары), емдік дене шынықтыру (ЕДШ) және түзету ырғағы арнайы түзету сабақтарында жүзеге асырылады.
Түзету сабақтарының мақсаты - көрмейтін және нашар көретін балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту, олардың бейнелі және саналы ойлауын дамыту, өзін-өзі бақылау мен қимылдарын реттеу тәсілдерін қалыптастыру, кеңістік және уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру, бағдарлама материалын толық меңгеру үшін графикалық дағдыларын дамыту.
Сабақтар қоршаған ортадан ақпарат алу және сезім тәжірибесінің тапшылығын толықтыру тәсілдерін кеңейтуге бағытталған. Білім беру үдерісі білім алу деңгейіне сай қамтамасыз етіледі: - бастауыш білім беру - 1-4-сынып; - негізгі орта білім беру - 5-10-сынып; - жалпы орта білім беру- 11-12-сынып.
Мектепке дейінгі білім алмаған 6-7 жастағы балаларға пропедевтикалық-диагностикалық қызмет ететін дайындық (0) сынып ұйымдастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz