Облыстық бағыныстағы қалалар бюджеті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету, және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.

Бюжет - қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының аса маңызды құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды қамтамасыз етілуіне, ғылыми - техникалық процесті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады.

Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.

Тақырыбтың өзектілігі елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын ескере отырып, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі оңтайландыру қажеттілігінен туындайды.

Жоспарлау өз кезегінде мақсаттардың, приоритеттердің жолдарын және оларға жету құралдарын анықтаудың ғылыми негізделген процессі. Тәжірибеде ол жоспар құру арқылы жүзеге асады. Оның негізгі ерекшелігі көрсеткіштердің нақтылығы, олардың сандық және уақыт бойынша анықталғандығы болып табылады.

Бюджеттің ролі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсенді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету, және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты қоғамдық қаржы жүйесінің маңызды элементі болып табылатын мемлекеттік бюджет саясаты, оның құрылуының, орындалуы мен ұйымдастырылуының, бюджеттік жүйе мен бюджеттік процестің негізгі шарттарының талдауы болып табылады.

  • жұмыстың мақсатына байланысты қарастырылатын міндеттер:
  • бюджет саясатының экономикалық маңызы;
  • бюджет процесін ұйымдастыру;
  • бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру;
  • мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру.

Берілген жұмыста экономикалық қауіпсіздік мүддесінің Қазақстандағы бюджетті жоспарлау процедурасымен сәйкестігіне талдау жасалды. Нарықтық моделі бар экономикасы дамыған елдерде болжамдау мен жоспарлау экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды құралы болып табылады. Бұл құралды мақсатты түрде қолданып, бұл елдер техникалық прогресте, халықтың өмірлік деңгейін жоғарлатуда және басқа да әлеуметтік-экономикалық облыстарда көптеген жетістіктерге жеткені белгілі.

Бюджеттік әсер етудің нәтижесінің дамуы осы жүйені түсіну дәрежесіне, оның дамуын анықтайтын факторларды білуіне және қажетті өзгерістердің теоретикалық негізделуіне тәуелді.

Бюджет - мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекет өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде өіне тән объективті сипаты бар. Оның дербес бөлу сала ретінде бар болуы дамуы орталықтандырылған сәйкес ресурстарға мұқтаж болатын қоғамдық өндіріспен алдынала объективті анықталған.

Мемлекеттік бюджет жалпы шығын мен табысқа әсер ететін экономикалық факторларды анықтауда басты рольді атқарады.

1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ - ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

1. 1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңыздылығы және оны реттеу

Бюджет - мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекет өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде өіне тән объективті сипаты бар. Оның дербес бөлу сала ретінде бар болуы дамуы орталықтандырылған сәйкес ресурстарға мұқтаж болатын қоғамдық өндіріспен алдынала объективті анықталған.

Ақша құралдарының орталықтануы барлық халық шаруашылығы масштабындағы қорлардың іркіліссіз айналымын ұйымдастыру және экономиканың барлық салаларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуі үшін қажет.

Айрықша бюджеттік саланың құндылық бөлінуінің бар болуы тағы табиғат пен мемлекет функцияларымен шарттасылған. Соңғысы тез қарқынмен дамып жатқан салаларды қаржыландыру үшін, қоғамдық масштабта әлеуметтік-мәдени шараларды өткізу үшін, қорғаныс саласындағы мәселелерді шешу үшін, мемлекеттік басқарудағы жалпы шығындарды өтеу үшін орталықтандырылған қаражаттарды қажет етеді. Сол сияқты мемлекеттік бюджеттің бар болуы - адамдардың субъективті қалау емес, ол кеңейтілген қайта өндірудің қажеттіліктерімен, табиғат және мемлекет функцияларымен анықталған объективті қажеттілік.

Мемлекеттік бюджетте мемлекетпен жүзеге асырылатын қаржылық орталықтандыру қағидасы нақты қолданған. Орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекеттің өндірілетің жоспарланған қарқынын және үйлесімділігін, салалық және территориялық құрылымын дамытуға, бірінші кезекте экономика салаларының прогрессивті дамуына қажетті мөлшердегі қаржыларды қалыптастыру, ірі әлеуметтік жаңғыртуларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Қаржылардың орталықтанылуы арқасында мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының табысты жүзеге асуына жағдайлар дайындап, қаржылар экономикалық және әлеуметтік дамудың шешімді телімдерінде шоғырланады.

Қаржылық қайта бөлудің ерекше бөлімі ретінде мемлекеттік бюджет қзіндік қоғамдық арнаулы қызметін атқарады - жалпы мемлекеттік қаржыларды қанағаттандырады.

Бюджет қатынастары арқасында ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету және қоғамдық өндірістің салалық және территориялық құрылымдардағы жоспарланған жылжытуларға жетумен байланысты өндірісті дамыту шығындары өтелінеді; жалпы мемлекеттік масштабтағы резервтік қорлар құрылды; өндіріске қатысты емес, жалпы басқару шығындары өтелінді; ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және еңбекке жарамсыздарды асырауға арналған қорларды құруға кеткен шығындар, мемлекет шекарасын қорғауға кеткен шығындар, Қорғаныс күштерін асырауға, интеграцияның және басқа да дамуларға кеткен шығындар іске асырылады.

Біз көріп отырғанымыздай, мемлекеттік бюджет қаржылық қатынастардың аңықталған жиынтығы ретінде жалпы қаржы категорияларына тән сипаттарға ие болады: бюджеттік қатынастардың бөлу сипаты; әрқашанда ақша түрінде іске асырылады; қалыптастыру және арнаулы ақшалай қорлармен еріп жүреді. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет құндық бөлудің өзіндік саласы ретінде келесімен сипатталады:

Мемлекет қолындағы кері өнім құны бөлшегінің және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлу қатынастарының экономикалық түрі болып табылады;

Құндылық тұтынуға кіретін өндірістік емес саланың қаржыларын және құру мен құнның өндірістік тұтынуымен байланысты қоғамдық қызмет салаларымен, экономика секторларымен, ел территорияларымен, халық шаруашылығы салалары арасындағы құндылықтарды қайта бөлуге бағытталған;

Қоғамдық өнімнің тауарлы түріндегі қозғалысымен тікелей байланысты емес және одан белгілі айырудағы бөлудің құндылық сатысын білдіреді. Сол уақытта материалды өндірісте және өндірістік емес саладағы қаржылық қатынастар тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста болады;

Қоғамдық өнім құнының бюджеттік бөлу түрлері және пропорциялары қоғам дамуының әрбір кезеңінің алдында мақсаттармен жалпы кеңейтілген қайта өндірудің қажеттіліктермен анықталады;

Бюджеттік бөлу саласы қаржы-несие жүйесінің басқа салаларымен салыстырғанда алдыңғы қатарда жүріп, орталық орынды алады.

Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Мемлекеттік бюджет орталықтандырылған және облыс, аудан, қала бюджеттерінен тұратын жергілікті бюджет болып бөлінеді. Нысаны бойынша мемлекеттік бюджет баланс сияқты болып келеді. Оның кірісті бөлігіне салық, салықтық емес түсімдер жатады, ал шығысты бөлігіне-әлеуметтік қызметтерге кеткен шығындар, шаруашылық қажеттіліктері (кәсіпорындарға дотациялар, субсидиялар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін кеткен шығындар), мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын қамтамасыз етуге кеткен шығындар, мемлекеттік қарыз бойынша төлемдер және т. б. Мемлекетте салық салу шарттарын қою мүмкіндігі бар болғандықтан, ол жалпы сұраныс пен ұсыныстың көлеміне белсенді әсер ете алады.

Мемлекеттік баланс концепциясы барлық мемлекеттік шығындар мен кірістердің сомаларының теңдігін қарастырады. Алайда тәжірибеде бюджеттің шығысты бөлігі кіріс мөлшерінен асады. Ең бастысы екеуінің арасы өте алшақ болып кетпеу керек. Көбінесе дефицитті немесе тапшылықты жабу көздерін ішкі және сыртқы қарыз деп бөледі. Сыртқы қарыз көмегімен жабылатын жалпы тапшылық қаражаттарды қолдануды жоспарлаумен байланысты бағаланады. Елдің ішінде шығындарды үлкейтуге бағытталған сыртқы қарыз мемлекет экономикасына ынталандырушы әсер етеді. Егер де сыртқы қарыз шетелде шығындардың өсуіне әкелсе, онда ол ішкі сұранысқа әсер ете алмайды.

Қаржыландырудың ішкі көздеріне Ұлттық Банктен, коммерциялық банктерден және банктік емес сектордан алынған қарыз жатады. Ұлттық банктен алынған таза қарыз ақша массасының көлемін (қарыздың жалпы сомасы мен сол бойынша қайтару немесе қайтарым қарыз сомасының арасындағы айырым) ұлғайтады.

Мемлекеттік бюджет жалпы шығын мен табысқа әсер ететін экономикалық факторларды анықтауда басты рольді атқарады. Яғни, бюджетті құрайтын табыстың, шығыстың және басқа да қаржылық баптардың болжамы керек. Табысты болжамдауда экстрополяция әдісін қолдануға болады, бірақ мұндай есептеудің нәтижелері нақты болмауы мүмкін, өйткені ол салықтық база эволюциясын есептемейді, бұрынғы даму негізіне базаланады. Нақтырақ болжамға функционалды тәуелділіктерді құру арқылы жетуге болады. Мұндай құрылым дезагрегировалық деңгейі туралы шешім қабылдауды және де сәйкесінше есепті салықтық базаны таңдауды талап етеді. Негізгі салықтық категориялар арасындағы айырмашылықтарды талдау керек және егер де салық топтарының базалары едәуір ерекше болса, онда бұл салық топтарын дезагрегировалау керек.

Қосылған құн салығы үшін салықтық база болып қосылған құн мөлшері табылады, табыс салығы үшін - салық салынуға жататын пайда сомасы, акциз үшін- акциз қойылған тауарлар сатылымының сомасы, және т. б.

Салық сомасының өсімшесі салық базасының және де салық салудың да (мысалы, салық қойылымдарының өсуі) өсуімен байланысты болуы мүмкін. Өзгерудің бірінші түрін автоматты әсер, ал екінші түрін дискреционды деп атауға болады.

Автоматты әсер икемділік коэффициенті көмегімен өлшенеді. Мысалы: салықтық табыс өсімшесінің қарқыны мен ЖІӨ өсімшесінің қарқыны арасында қарым-қатынас құрылсын. Және салықтық жүйе салыстыру мерзімі ішінде өзгермеді деген шарт қойылсын.

Дискрециондық әсерді есептеу үшін қай жылы салықтық жүйе өзгертілгені туралы ақпаратқа ие болу керек және осы өзгерістердің салықтық табыс сомасына әсер етуінің абсолютті шамасын анықтау қажет. Бұл мақсат үшін пропорционалды корректировка әдісі қолданылады. Бұл әдіс фактілі салықтық түсімдерге және дискрециондық шаралардың әсер етуінің есептелген деңгейіне негізделген. Салықтық емес түсімдерге мүлікті қолданғанынан түскен табыс, баждар және жинақтар кіреді. Бұлардың мөлшерлерінің болжамы осындай әдіспен және де қаржыландыратын ұйымдардың ақпараттарына негізделу арқылы есептеледі.

Мемлекет табыстарына қарағанда өкіметтік шығындарды болжамдауда олардың деңгейін анықтау мүмкіндіктері аз (тек жай ғана экономикалық қатынасқа сүйене отырып) . Бұл мемлекеттік шығындар бойынша шешім қабылдау процесінің саяси табиғатының салдары болып табылады. Бірақ та шығыстардың экономикалық классификациясының шегінде кейбір негізгі көрсеткіштердің эндогенді анықтамаларын қарастыруға болады. Мысалы: несие бойынша пайыз төлемдері олардың мөлшерімен және мемлекеттік қарыздың көлемімен анықталады. Қайтарымсыз төлемдер (трансферттер) экономикалық іс-әрекет деңгейімен қатынаста қарастырылуы мүмкін.

Мемлекеттiк бақсарудың бюджеттiк қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын: Қазақстан Республикасының Президентi; Қазақстан Республикасының Парламентi; Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi; Қазақстан Республикасының Үкiметi; экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; мәслихат; жергiлiктi атқарушы орган құрайды.

Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган: Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатының жобасын әзiрлейдi; тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлейдi және оларды қарауға Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс етедi; тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлейдi; бюджеттiк өтiнiм жасаудың және табыс етудiң тәртiбiн айқындайды; мемлекеттiк мекемелердiң өз иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн түсiмдер мен ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгiлейдi; бюджет түсiмдерiн болжау әдiстемесiн айқындайды; бiрыңғай бюджет сыныптамасының жобасын әзiрлейдi; жылдық қаржыландыру жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi; республикалық бюджетті нақтылау (түзету) жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырады; мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алуды және борышты жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады; бюджеттiк кредиттеудi жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында:

  • республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарының жобасын әзiрлейдi;
  • басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастырады;
  • байланысты гранттарды тартуға басымдығы бар өтiнiмдердiң тiзбесiн қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзедi;
  • бюджеттiк инвестициялар мен байланысты гранттардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзедi;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган: республикалық бюджеттi атқарады және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетудi жүзеге асырады; тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге қатысады; тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлеуге қатысады; бюджетке түсетiн түсiмдердi болжауға және мемлекеттiк бюджетке кiрiстердiң түсуi саласындағы мемлекеттiк саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысады; республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекiтедi және оларға өзгерiстер енгiзедi; республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар бередi; мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеудi жүзеге асырады; мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асырады; уақытша бос бюджеттiк ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi салымдарға (депозиттерге) орналастырады; банктiк шоттардан шетел валютасын єайта айырбастау тәртiбiн айқындайды; осы Кодексте белгіленген жағдайларда қаржыландыруды тоқтата тұрады; бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда мемлекеттiк мекемелердiң шоттарын ашу, жабу және жүргiзу тәртiбiн айқындайды; бюджеттiк есепке алуды жүргiзу тәртiбiн айқындайды; есептiлiк жасаудың және табыс етудiң тәртiбiн айқындайды; Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарыздарын алады, пайдаланады, тiркейдi, өтейдi және оларға қызмет көрсетедi, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өзi шығарған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады; мемлекеттiк емес қарыздардың мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етедi; бюджет қаражатын игеру мониторингiн жүзеге асырады; республикалық бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігiн бағалауды жүзеге асырады; республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бюджеттiк есепке алу, есептiлiк жөнiндегi әдiстемелiк басшылыєты жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша келiссөздер жүргiзедi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыздар шарттарына қол қояды, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер бередi; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыздарына және мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттiк емес қарыздарға қызмет көрсетуге екiншi деңгейдегi банктердi конкурстық негiзде айқындайды және оларға уәкiлеттiк бередi; республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджет кредиттерiнiң берiлуiн, оларға қызмет көрсетiлуiн және олардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингiн және қайтарылуын қамтамасыз етедi; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:

1) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгіне iшкi бақылауды жүзеге асырады;

2) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, ол бойынша есеп және есептiлiк жүргiзу, байланысты гранттардың, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекет активтерiнiң, мемлекеттiк мекемелердiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатуынан түскен өз иелiктерiнде қалатын ақшаның пайдаланылуы бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңдары талаптарының бұзылу себептерiне баға бередi;

3) бақылау iс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты:

1) жергiлiктi бюджеттi және оның атқарылуы туралы жылдық есептi бекiтедi;

2) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мәслихаттың тексеру комиссиясын сайлайды;

3) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау жүргiзу туралы есептердi қарайды;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi: жергiлiктi бюджет жобасын әзiрлейдi және оны мәслихатқа табыс етедi; жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi және мәслихатқа оның атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi; тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы жергiлiктi өкiлдi органның шешiмiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды; жергiлiктi атқарушы органның орта мерзiмдi фискалдық саясатын бекiтедi; экономикалық, бюджеттiк жоспарлау, бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарды құрады; облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды; Бюджеттік Кодексте көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспарын бекiтедi; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Бюджеттiк комиссиялардың құзы ретiне:

  1. алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясат жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
  2. тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының көрсеткiштерiн айқындау жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
  3. алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы жылында қаржыландыруға арналған бюджеттiк бағдарламаларды iрiктеу, орта мерзiмдi фискалды саясатты негiзге ала отырып, оларды iске асыру тетiгiн айқындау жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
  4. республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ұсыныстар талдап-жасау;
  5. тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттердi нақтылау жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
  6. бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын бағалау нәтижелерiн қарау және солар бойынша ұсыныстар талдап-жасау;
  7. Бюджеттік Кодексте, сондай-ақ бюджеттiк комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкiлеттiктер кiредi.

1. Бюджеттiк комиссиялардың құрамына:

- бюджеттiк комиссияның төрағасы;

- бюджеттiк комиссия төрағасының орынбасарлары;

- бюджеттiк комиссияның хатшысы;

- бюджеттiк комиссияның мүшелерi кiредi.

2. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органдар тиiсiнше бюджеттiк комиссиялардың жұмыс органы болып табылады.

3. Бюджеттiк комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылыұ жасайды, бюджеттiк комиссияның отырыстарын өткiзедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. Бюджеттiк комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттiк комиссия төрағасының өзi тағайындаған орынбасары орындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті бюджеттің қалыптасуы мен тиімді пайдалануының есебі мен аудитін ұйымдастыру
Бюджет жүйесі туралы ақпарат
Шетелдердегі бюджетаралық қатынастар саясаты
Қаржы жүйесіне жататындар
Жергілікті бюджеттерді ұйымдастыру
Жергілікті бюджетті жетілдіру жолдары
Жергілікті бюджеттің табыстарын қалыптастыру
Мемлекеттік бюджеттің атқаратын ролі, оның міндеттері мен қалыптасу қағидаларын, ұйымдастырылуы
Жергілікті бюджеттің құрылымы
Мемлекеттік қаржы және оның құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz