Қазақстанның халықаралық деңгейдегі қадамдарын талдау


Тараз қаласы
физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Бағыты:
Жаһандану трендтері
Тақырыбы:
«Қазақстан халықаралық деңгейінде имиджін қалай арттыруда?
сөз
Орындаған: Мырзаева Анель Кадыржановна
(аты-жөні, қолы)
Жетекші: Есжанова Ғалия Кеңесбековна
(аты-жөні, қолы)
Ішкі модератор:
(аты-жөні, қолы)
Тараз - 2020
Мазмұны1. Кіріспе2
2. Негізгі бөлім3
2. 1 Қазақстанның жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті нығайтудағы бастамаларының маңыздылығы неде?3
2. 2 Қазақстанның бітімгершілік саясаты әлемдік деңгейдегі имиджін танытуға қалай әсер етуде?4
2. 3 Жаһандық сынақтарға қарсы тұрудағы бейбіт саясаты қаншалықты тиімді?5
Зерттеу әдістері6
Зерттеу нәтижелері7
Бағалау14
3. Қорытынды16
КіріспеХХІ ғасыр лаңкестікпен күрес және жаһандық және өңірлік үдерістерді геоэнергетикалық қайта құрылымдау белгісімен өтуде. Халықаралық аренадағы күштер серпінді өзгеруде. Сондықтан Қазақстан әлемдік жағдайға қарай бейімделу саясатын жүргізуде. Қазақстанның ғаламдық бастамалары әлемдік проблемаларды шешу саясатымен үндестік табуда. [1]
ҚР -ның тұңғыш президенті, Елбасы Н, Ә. Назарбаев “Алып ауқымды әлем және ядролық қауіпсіздік” мақаласында әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан Қазақстан қаруды таратпау, қарусыздану және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселелерінде халықарлық қоғамдастыққа сенімді әріптес екендігін көрсеткен. [2]
Қазақстан БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік кеңесін Жаһандық Даму Кеңесіне қайта құру, Дүниежүзілік дағдарыс жоспарын пысықтау, әлемдік валюта әзірлеу, жаһандық ядроға қарсы қозғалыс құру, БҰҰ рөлін әмбебап ұйымдар ретінде нығайту бастамаларын ұсынды. Әлемдік өзекті мәселелер терроризм, мемлекеттердің бүлінуі, көші-қон, экономикалық дағдарыс, кедейшілік, сауатсыздық, жұмыссыздық салдармен күресуде бірлесу қажеттілігі туралы ұсыныстарымен әлемге танылды. Бейбіт өмірді қалайтын Қазақстанның ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту, экономикалық интеграция және еркін сауда аймағын құру идеясы, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу, G-global алаңындағы коммуникация, БҰҰ бітімгерлік қорын құру, ескертпелі дипломатияны нығайту сияқты бастамалары аса өзекті. [3]
БҰҰ, МАГАТЭ ұйымдары алдында ядролық лаңкестік қаупіне қатысты мемлекеттер көшбасшыларының түсінігіне қол жеткізу, ядролық нысандар, материалдар мен технологиялардың лаңкестер қолына түсіп кетуден сақтану мәселесін қоюы мемлекетіміздің заманауи саяси имиджін әлем алдында нығайтуға мүмкіндік жасады. [4]
Өзектілігі:
Қазіргі жаһандық экономикалық құлдырау, мемлекетаралық қайшылықтар, этникаралық және конфессияаралық қатынастардың ушығуы белең алуда. Сондықтан мемлекетіміз ұлт қауіпсіздігін сақтауда халықаралық аренадағы саяси жетістіктерімен, түрлі бағыттағы бастамаларымен өзара әрекеттестікті дамытуға ықпал етуде. Қазақстанның сыртқы саяси стратегиялары мемлекеттің имиджін танытудаөзекті мәселе болып отыр.
Мақсаты: Қазақстанның сыртқы әлемге имиджін таныту жолдары мен ерекшеліктерін анықтау. Қазақстанның халықаралық деңгейдегі қадамдарын талдау. Халықаралық дау жанжалдарды шешудегі саяси келісімпаздық әрекеттерін бағалау.
Зерттеу сұрақтары:
1. Қазақстанның жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті нығайтудағы бастамаларының маңыздылығы неде?
2. Қазақстанның бітімгершілік саясаты әлемдік деңгейдегі имиджін танытуға қалай әсер етуде?
3. Жаһандық сынақтарға қарсы тұрудағы бейбіт саясаты қаншалықты тиімді?
Жоба жоспары:
- БАҚ - нан тақырыпқа қатысты мәліметтерді жүйелеу;
- Зерттеу еңбектері, зерттеу мақалалардан зерттеу сұрақтарына байланысты өзекті мәселелерді анықтау;
- Зерттеу нәтижелеріне қорытынды жасау;
- Жүргізілген жұмысты бағалау, жаңалығын ұсыну.
2. 1 Қазақстанның жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті нығайтудағы бастамаларының маңыздылығы неде?
Мемлекеттік шекара - бұл Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту және Мемлекеттік Гимн сияқты бірдей атрибут. Барлық уақытта, барлық елдерде шекараны қорғау мәселесі елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығының маңызды шарты ретінде басымдыққа ие болды. Тәуелсіз Қазақстанның пайда болуының алғашқы күндерінен бастап оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны ретке келтіру және Шекара қызметін құру тұңғыш Президент - еліміздің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше назарында болды. Осыған орай, Н. Назарбаев «Қазақстан 2030» қазақстандық азаматтарына жолдауында бірінші кезектегі басымдық ретінде ұлттық қауіпсіздікті атап өтті [6] .
Орталық Азия - ядролық қарудан азат аймақ. 2006 жылы Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қойылды, ал 2012 жылғы 29 тамызда Н. Назарбаев Астанада өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан - ядролық қарудан азат әлемге» халықаралық парламенттік конференциясында АТОМ жобасын іске қосты [1] . Бұл шаралар әлемдегі басты төніп тұрған қауіп - ядролық соғысты болдырмау, қорғаныс шаралары мемлекет қауіпсіздігін нығайтуда.
Халықаралық лаңкестіктің, есірткінің заңсыз сатылуы мен қылмыс деңгейінің өсіп келе жатқан қатерлеріне жауап ретінде қазірде барлық өткізу пункттері құжаттарды тексерудің арнайы заманауи техникалық құралдармен, көліктерді іздестіру құралдарымен қамтамасыз етілген, бұл қызметкерлерге адамдар мен көліктерге жоғары сапалы шекаралық бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Жаңа технологиялар кеңінен қолданылуда: электрондық-сигналды жүйелер. Шекара авиациясы мен мобильді топтар шекараны құрлық, тау және теңіз учаскелерінде күзету үшін де қолданылады. Осының барлығы - жаһандық саясаттағы біздің рөлімізді тану.
Мұндай ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар міндетті түрде елдің әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен кезеңдерін стратегиялық жоспарлау кезінде, сондай-ақ осы саладағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қабылдау және орындау кезінде ескеріледі [2] . Ал ұлтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің стратегиялық мақсаттары ҚР-ның ұлттық мүдделерін ескеру, яғни, заңмен мойындалған саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да қажеттіліктердің жиынтығында негізделеді, оның іске асырылуы мемлекеттің адамның, азаматтың құқығын, қоғам құндылықтарын қорғауды қамтамасыз етуіне әсерін тигізеді. Өз қауiпсiздiгi мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан күштi мемлекет болуға және көршiлерiмен берiк және достық қарым-қатынаста болуы тиiс. Сондықтан ең жақын және тарихи достас көршi - Ресеймен сенiм мен теңқұқылы қарым-қатынасты дамытып, нығайта беруі жөн.
2. 2. Қазақстанның бітімгершілік саясаты әлемдік деңгейдегі имиджін танытуға қалай әсер етуде?
Тәуелсіздікті алған жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан бүкіл әлемге экономикалық дамудың және Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің позитивті үлгісін көрсетті.
1991 жылы, 29 тамызда мемлекеттің тұңғыш Президенті - Н. Ә. Назарбаевтың бұйрығы бойынша әлемдегі ең ірі Семей облысындағы ядролық қару полигоны жабылды. Қазақстанның әлемдегі төртінші ең қуатты ядролық арсенал бола тұра осы қадамға баруы бүкіл әлемді дүрліктірді [7] . Бүгінде республика жаһандық процесстерге, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне белсенді қатысады. Мемлекет Сириядағы қақтығысты, Ресей мен Түркия арасындағы жанжалды шешуде зор үлес қосты. Жетекші коалиция елдерінің саяси көшбасшылары Қазақстанның Ирактағы жағдайды тұрақтандыруға, қауіпсіздікті және бейбіт құрылысты қамтамасыз етуге қосқан үлесін бірнеше мәрте жоғары бағалады. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының басшылығы біздің әскерлеріміздің дайындық деңгейіне оң баға берді және қызығушылық білдірді.
Әлемдегі және аймақтағы әскери-саяси жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан басқа мемлекеттермен әр түрлі деңгейдегі ынтымақтастықты жүзеге асырады. Оны қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі көп деңгейлі дипломатияны жүзеге асыру болып табылады. Болашақта да Қазақстан халықаралық міндеттемелерге сәйкес көпвекторлылық, өзге елдермен тең дәрежелі қарым-қатынастарға түсу, өз ұстанымдарын өзге елдерге таңбау ұстанымдарына негізделеді. Осы ұстанымдарды басшылыққа алған мемлекет әлемдегі барлық елдермен, оларда үстемдік құрып отырған билік тәртібіне қарамастан, тату-тәтті қарым-қатынас орнатады. Ал бұл - әлемдегі тепе-теңдікті сақтаудағы басты талап. [8] .
Ең маңыздысы - Қазақстан өте қысқа тарихи кезеңде ешкім танымастан әлемдік істерге толықтай қатысуға сенімділікпен бет бұрды. Мемлекет қазіргі әлемдік тәртіптің аймақтық және жаһандық мәселелерін шешуге сындарлы үлес қосты және жалғастыруда. Қазақстан халықаралық деңгейде белсенді позицияларға ие, олардың көпшілігі бұрыннан іске асырылып келе жатқан прагматикалық бастамалар мен идеяларды алға тартады. бұл сындарлы сыртқы саяси капитал айтарлықтай экономикалық пайда мен даму үшін артықшылықтарға дәйекті түрде айналады. Мысалы, осы онжылдықтар ішінде Қазақстан экономикасына 300 млрд доллардан астам тікелей инвестиция әлемдік қауымдастық тарапынан бізге деген сенім туралы жақсы айтады. Қазақстан дәйекті еңбекпен, ұтымды сыртқы саяси шешімдермен және халықаралық ынтымақтастықтағы жауапкершілікпен л айықты сенімге ие болды [9] .
Бұл ретте жаһандық геоэкономикалық үдерістердегі республиканың рөлі жыл сайын артып келеді. Қазіргі уақытта қазіргі заманғы Жібек жолы құрылысының арқасында біздің еліміз Үлкен Еуразияның шалғай өңірлерін табысты біріктіріп, үш мұхит - Тынық, Атлант және Үнді арасындағы құрлықтағы көпір ретінде бекітіледі. Бұл континенттік оқшауланған Қазақстанның экономикалық перспективаларын түбегейлі өзгертіп, даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Нәтижесінде біздің елімізге тиімді серіктес ретінде халықаралық қызығушылық жыл сайын артып келеді. Ішкі тұрақтылық пен инфрақұрылымды дамытудың арқасында қазіргі таңда Азия арқылы Еуропаға жүктерді жеткізу дәстүрлі теңіз жолымен жеткізуге қарағанда 4 есе аз уақытты алады. Нақты нәтиже де бар: біздің еліміздің транзиттен түскен табыстары 2018 жылы 1, 5 млрд доллардан асты және болашақта 5 млрд долларға жетеді деп күтілуде.
Осының бәрі біздің еліміздің инвестициялық имиджін жақсарту бойынша пікір алмасудың, идеялардың және ұсыныстардың тікелей алмасуының беделді алаңына айналдырды.
2. 3 Жаһандық сынақтарға қарсы тұрудағы бейбіт саясаты қаншалықты тиімді?
Әріптестермен ынтымақтастықтағы тұрақтылық және стратегиялық принциптерге адалдық отандық дипломатияның танымал визит карточкасына айналды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаев өзінің ұлықтау рәсімінде: "Қазақстан үлкен беделге ие болып, өзін бейбітшілік сүйгіш және ашық ел ретінде, халықаралық істердегі сенімді жауапты серіктес ретінде бекітті. Біз көпвекторлы сыртқы саяси бағытты жалғастырамыз" деп айтып кеткен.
Осы жылдар ішінде Қазақстан өзі туралы және халықаралық қауіпсіздік, диалог және ынтымақтастық саласындағы көптеген нәтижелі бастамалар арқылы айқын мәлімдеді. Бұл жаһандық ядролық қауіпсіздік және жаппай қырып-жою қаруын таратпау. Бұл ШЫҰ, ҰҚШҰ, АӨСШК және басқа да беделді халықаралық ұйымдарды құруға қатысу. Бұл діндер арасындағы диалогты нығайту, тиімді бітімгершілік және мұқтаж елдерге гуманитарлық көмек.
Тату көршілік белдеуі мен ойластырылған сыртқы стратегияның арқасында Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі құрлықтық саудада басты қақпаға және негізгі транзиттік буын болып отыр. Ұлы Дала Елі коммуникациялардың өсіп келе жатқан желісі есебінен ірі еуропалық, азия және Таяу Шығыс нарықтарын тиімді біріктіреді және жаңа континенттік геоэкономиканың негізін қалыптастырады. Бұл сыртқы саяси жетістіктерді нақты экономикалық дивидендтерге айырбастаудың нақты мысалы.
Қазақстан өзінің алдына маңызды міндет қойып отыр - елдің жетекші әлемдік компаниялар үшін барынша тартымды ете отырып, тікелей шетелдік инвестициялар ағынының тұрақтылығын бекіту. Инвесторлармен жұмыс істеу бойынша жаңартылған архитектурада ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің рөлі айтарлықтай артады. 20 жылдан астам уақыт бойы кеңес қажетті инвестициялық климатты қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық мәселелерді табысты және нәтижелі шешумен айналысады.
Мемлекет басшысының қатысуымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті 32-ші пленарлық отырысы адами капиталды дамыту арқылы ұлттық экономикаға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Қазақстанның жұмысын жаңа деңгейге шығаруға арналған. Кеңестің қызметін бұдан былай СІМ үйлестіріп отырады және жаңа жағдайларда қазақстандық дипломаттар осы жылдар ішінде қол жеткізілген сыртқы саяси мүмкіндіктерді перспективалы экономикалық тиімділікке қайта құру үшін барлық күш-жігерді жұмсайды. Біздің ведомствоның тарихы көрсеткендей, тәжірибе, құзыреттілік пен білім бар.
Тек осы негізде ғана азаматтық бейбітшілікті, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, әлеуметтік және ұлтаралық жанжалдардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды бейтараптандыру мүмкін. Осы базада азаматтарымызды, сондай-ақ қоғам мен мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан тиімді қорғауды қамтамасыз етуге, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа, экстремизмге және терроризмге қарсы пәрменді күрес жүргізуге болады.
Зерттеу әдістері
Курстық жұмысты жазу барысында келесі көрсетілген әдіс-тәсілдер пайдалынылды: зерттеліп қойған жобалардан мәліметтер жинақталды, БАҚ-на шолу жасау арқылы керекті фактілер алынды. Ақпарат көзі ретінде ресми сайттар, соның ішінде khabar. kz, kazteleradio. kz, azattyq. kz, adilet. kz қолданылды. Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджі жайлы ақпарат жинау мақсатында тек баспа мәліметтеріме шектелмеу керектігі анықталды, сондықтан жастар арасында дереккөз мәліметтерімен салыстыру үшін сауалнама (surveymonkey. com) жүргілді. Бұл сауалнама респонденттердің Қазақстанның имиджін бағалап, оның статусын жоғарылатуға, кемшіліктерін анықтап, өз пікірлерін қалдыруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты нақты дәлелдер мен фактілер арқылы дәл қолдану мақсатында ресми сайттар мен БАҚ, саясат туралы кітаптар қолданылды. . Мәліметтердің шынайылығын бағалау мақсатында мәліметтер автор және шығарылу мерзімі бойынша іріктелді. Шығарылу мерзімі 3 жылдан жоғары материалдар пайдаланылды себебі, бұл Қазақстанның қазіргі жағдайын талдау мен сараптауға мүмкіндік берді.
Қолжетімділік, уақыт факторын ескере отырып әлеуметтік зерттеу әдісіне онлайн сауалнама жүргізу шешімі қабылданды. Сауалнама көбінесе ЖОО студенттеріне, НЗМ оқушыларына және орта мектеп , сондықтан алынған нәтижелер бүкіл Қазақстанға жалпылана алмайды, бұл сандық сауалнаманың кемшілігі. Жалпы сауалнамаға 50 адам қатысты, шолу сұрақтан тұрады, орташа санағанда әр жауап беруші 5-6 минут жауап береді. Алынған нәтижелерді зерттеу мақсатында статистикалық өңдеу әдісі, жас ерекшелігіне байланысты жіктеу әдісі қолданылды.
Зерттеу нәтижелеріКурстық жұмысты жазу барысында, әлеуметтік зерттеудің төмендегідей кезеңдеріне бөлініп түсіндірілді: проблеманы анықталық әдебиет көздеріне шолу жасалынды, болжамды түйіндеу арқылы деректерді өнделінді.
№1
Ең алғашқы сұрақ қатысушылардың жасын анықтауға арналған, себебі адамдар түрлі жаста ойлау қабілеттері түрліше болады. Сауалнамаға қатысушылардың көп бөлігі (83. 6%) 14-26 жас аралығында болды, ал қалған (16, 33%) бөлігі 12-16 жасар адамдар болды. Бұл зерттеудің сенімділік деңгейін арттыруға, әр түрлі жастағы қатысушылардың ойын зерттеу мақсатында қажет болды.
№2
Екінші сұрақ респонденттердің әлеуметтік тобына қатысты болды. 50 қатысушының арасында 39 адам оқушы болса, қалған 11 адам студенттер тобы болды. Сауалнама барысында оқушылар мен студенттердің ойларының әртүрлілігі байқалды.
№3
Бұл сұрақ тақырыпты ашуға бағытталған. Респонденттердің Қазақстан Республикасының имиджінің рөлін тексеру мақсатында қойылған. 50 адамның 38%-ы өте маңызды деп есептесе, 58%-ы жай ғана маңызды деп шешті. 2 адам, яғни 4%-ы имиджді жақсарту орташа маңызды деп жауап берді.
№4
Келесі сұрақ имиджге әсер етуші негізгі факторларды анықтауға бағытталған. Заманауи ғасырда әрбір адам, мемлекет сыртқы әлеммен байланысқа ерекше тәуелді. Осы себептен БАҚ ақпараттық арна бола отырып, қоғамдық пікірдің қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан жауап берушілердің 32 пайызы қоғамның ұлттық және мәдени мұрасын халықтың даралығын көрсетер басты фактор ретінде атады. Екінші орында туризм, оның қаншалықты дамығандығы 30 пайызды құрады. 14 адам экономикалық тұрақтылықтың маңызын ерекшелей түсті, мұнда экономикалық реформалар, инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы мен ашықтығы тартымды имиджі қалыптастырады. 50 адамның 4-і тарихи оқиғаларды атай өтсе, қалған 1 адам мемлекеттің географиялық орналасуының ерекшелігіне мән берді.
№5
ҚР әлемдік саяси картаның толыққанды ойыншысы болып табылады. Потенциалы жоғары мемлекет екендігі барша әлемге мәлім. Дегенмен оны қаншалықты тиімді пайдаланып жатқандығын анықтау үшін 5-ші сұрақ қойылды. Респонденттердің басым көпшілігі, яғни 68%-ы жақсы деген баға, ал 28%-ы орташа деген баға берді. Яғни, мемлекеттің уүш-жігері бекер өтіп жатқан жоқ деген қорытынды жасауға болады. Тіпті 2 адам өте жақсы деген бағаны берді.
№6
Қазақстанда БАҚ нарығы жоғары дамыған. Ол арқылы имидж қалыптасады және белгілі бір әлеуметтік бағыттың ақпараттық өнімі ретінде қоғамға ұсынылады. Белгілі бір пікірді таңып қана қоймай, баршалық талқылауға тақырып ұсынады. 6-шы сұрақта жауап берушілердің ойы бөлінді, 50 адамның ішінен 17 адам қоғамдық пікірдің қалыптасуына, 17 адам мемлекет танымалдылығының артуына теңдей дауыс берді. Қалған 16 адам қазақ халқы жайлы стереотиптердің жойылуына ерекше мән берді. Яғни, БАҚ қызметінің реттеліп отыруы да маңызды.
№7
Келесі сұрақ терең ойлануды қажет етеді, бұл сұрақ респонденттердің мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігінің нығайту маңызы жайлы ойларын білуге бағытталған. Бұл сұрақ қатысушылардың ойымен ашық бөлісуге мүмкіндік берді. Жауаптарды зерттей отыра респонденттердің ойларының ұқсас келетіндігін аңғаруға болады. Яғни, әрбір мемлекеттің өз алдына қойып отырған басты мақсаты - әскери қақтығыстардың жосықсыз екенiн әлемнiң ұғынғанына зор сенiм артып отырғанымен, парасатты мемлекет басқа үкіметтердiң уәдесiне сенiп қана қоймай, өз елiнiң қуатына да сүйенетiнiн ескеру қажет. Сол себепті жауаптардың негізгі категориялары - мемлекетішілік пен мемлекетаралық жанжалдарды болдырмау мен қауіпсіздік шараларын нығайту болып табылады.
№8
Сегізінші сұрақ та жауап берушілердің ғаламдық қақтығыстардағы қорғаныстың нығаюы мен ұлттық қауіпсіздік шараларының маңыздылығы тақырыбы төңірегіндегі ойын білу мақсатында қойылған. Қазіргі кезде дүниежүзінде саяси тұрақтылық проблемасы аса өткір қойылып отыр және барлық елдердің саяси билігі әлеуметтік-саяси тұрақтылыққа жету проблемасын шешуге тырысады, Қазақстанның істері ерекше қарастырылуда. Осыны түсіне отырып, респонденттердің басым көпшілігі, яғни 50-ден 27 адам жақсы бағаласа, қалған 23 адам орташа баға берді. Толыққанды даму үшін қоғамның тіршілік-қызметінің барлық салаларында тұрақтылық қажет екенін атап көрсеткен жөн.
№9
Тоғызыншы сұрақ ғаламдыық қорғаныс мәселелерін шешудегі Қазақстанның рөлін анықтауға бағытталған. Респонденттердің ойынша, ядролық қарудан бас тарту ең айқын, әрі әділ шешім болды, сондықтан 50 адамның ішінен 19-ы, яғни көпшілігі осыған дауыс берді. Бітімшілік саясаты, яғни ҚР-ның өзге елдермен тығыз, тату қарым - қатынаста болуы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне қатысуы сияқты бірдей құндылыққа ие боллды, мұнда 13 адамнан дауыс берілді. Келесі орынды ҚР-ның мемелекетаралық жанжалдарды шешуге көмектесуі алды, яғни мұнда Сирия, Ауғанстан, Ирак секілді елдер кіреді, 8% - ды құрады. Ең соңғы 1 адам Сирия азаматтарына көрсеілетін көмекті маңызды атады.
№10
Соңғы сұрақ мемлекетің тәуелсіздік алған жылынан бері ұстанып отырған бітімгершілік саясатының маңызын анықтау мақсатында қойылған. Зерттеу бойынша, мемлекеттер арасындағы тауарлар тасымалының жеңілдей түсуі мұнда басым рөл ойнайды(32%) . Ерекше үлес қосып отырған шетелдік инвесторларлың құйылатын инвестициялары артып отыр(28%) . Ерекше мәнге мемлекеттің басқа да әлемдік геоэкономикалық үрдістерде рөлінің артуы ие болды(22%) Соңғы орында қаржылай көмек пен сұраныстың артуы болды, бұлардың пайыздық өлшемі 16% мен 2% болды.
Зерттеу нәтижелері бойынша келесі қорытындылар жасалуы мүмкін: 1 - жауап берушілердің көбісі Қазақстанның имиджі жайлы ақпаратпен таныс, 2 - мемлекеттің жетісітіктеріне жоғары баға берді, 3 -Қазақстанның имиджін жақсару әлі де уақытты талап етеді.
Кез келген мәселені әр түрлі тұстарынан қарастыру керек. Бұл мәселенің объективті себептерін анықтауға көмектеседі. Біздің әлем қарқынды өзгеру кезеңін бастан өткеруде. Технологиялар, экономика және әлеуметтік тәртіп кешенді және серпінді өзгеретіні көпшілік мойындаған. Осы орайда Мемлекет басшысы халықаралық белсенділіктің айқын векторын берді. "Біз ұлттық мүдделерді әлемдік аренада ілгерілететін боламыз. Елдің сыртқы саяси қызметі елге, ұлттық бизнеске, әрбір азаматқа нақты пайда әкеледі", - деп атап өтті Президент өзінің ұлықтау рәсімінде. Екі зерттеу әдістері арқылы халықаралық аренадағы Қазақстанның имиджінің жақсы жақт ары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Оның үстіне, оның дамуының тигізер мүмкін қауіп-қатерлері анықталды. Зерттеу нәтижелерін көрнекті түрде көрсету мақсатында SWOT талдауы таңдалды. Бұл зерттеу тәсілі Қазақстанның имиджінің күшті жақтары мен әлсіз жақтарын, қауіп - қатерлері мен мүмкіншіліктерін анықтауға мүмкіндік берді.
Күшті жақтары:
+ Шетелдік инвестиция көлемінің артуы
+ Қазақстанның геосаяси жағдайы нығаюы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz