Ажырасудың негізгі себептері
Шымкент қаласы
физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазақстан тарихы (ҚӘҚ)
Курстық жұмыс
Бөлім: Қоғамды зерделеу
Тақырып: "Мемлекеттің дамуындағы жеке азаматтың рөлі"
Тақырыпша: ``Неке және отбасы құндылықтарын сақтай отырып, оның бұзылуының алдын алу жолдары қандай?''
( 3269 сөз)
Орындаған: Қанай Сымбат Жұмаханқызы_____________________
(қолы)
Қабылдаған: Сүлейменова Гүлжамила Марқабайқызы___________
(қолы)
Ішкі модератор__________________________ __________________
(аты-жөні, қолы
Шымкент 2020
Мазмұны
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
II.Негізгі бөлім:
А.Зерттеу сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
В.Зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
С.Зерттеу қорытындысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Д.Бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
I.Кіріспе
Отбасы - тәрбиелі, білімді, мәдениетті жас ұрпақты тәрбиелеуші, үлгі-өнеге мен тұлғалық қасиеттерді сіңіруші негіз. Ол отбасылық қатынастар арқылы отбасы құндылықтарын, сыйластық пен үйлесімділік қасиеттерінің қалыптасуына түрткі болады.
Тақырыптың аясы кең, ауқымдылығы бойынша жаһандық өзекті тақырып болып табылады. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды жоғалтып, жаһанданудың белгілеріне құрбан болған мемлекеттерде көп орын алатын үйреншіктік жағдай, екі тараптың бірінің күйзелісіне, рухани қиналуына, денсаулығына немесе қоғамдағы пікірлерден психологиялық соққыға ие болуы мүмкін. Тақырыпты таңдау мақсатым қазіргі таңдағы өзекті мәселеге айналған некенің бұзылу себептерін анықтап, неке және отбасы құндылықтарына негізделген, осы мәселенің алдын алу жолдарын қарастыру.
Тақырыптың өзектілігі жастардың отбасы мәселесіне салғырт қарауы, отбасылық өмірге дайын болмауы, әлеуметтік жағдайлардың салдарынан өмір сүрудің қиындауы, отбасылық өмірден лайықты қажетті тәжірибені алмау салдарынан елімізде отбасы және отбасылық қатынастар құндылығының беделі төмендеуі, демографиялық өсімнің баяулауы, бала әкелу санының төмендеуі, отбасылардың орташа есепте 2-3 баламен шектелуі, ата-ана қамқорлығынан айрылғандар мен толық емес отбасыда өмір сүріп жатқан балалардың өсімі, баласынан бас тартушы аналардың көбеюі үлкен мәдени, рухани қауіп төндіріп отыр. Ажырасу мәселесі күрделеніп, отбасылық некеде тұрақсыздық орнаған жағдайда моральдық қасиеттер құлдырап, отбасылық құндылықтар құнсызданып, ұлт келешегіне қауіп төнеді. Себебі ажырасу біздің дәстүрге жат, тарихқа қайшы дүние. Қазақ қоғамында ішіме сыйған сыртыма да сыяды деген сияқты теріс пікірлер болмаған, тұрмыстан ажырасып келгендер бүтін бір ауыл үшін ұят, масқара болған, нәтижесінде қыз баланың тәрбиесіне мән беріліп, қырық үйден тыйған. Бала тәрбиесіне жеңіл қарап, арзан ұрыс-керіс пен дау-жанжалдың салдарынан ажырасуға барушы отбасылардың ортадағы баланың азамат болуында жауапкершілікке ат-үсті қарауы байқалады. Ажырасу баланың психологиясына ауыр тиіп, оның келешекте жанұя құрудан жасқануына алып келеді.
Отбасылардың жанұялық атмосферасының нашарлауы, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар - жұмысбастылық немесе жұмыссыздық салдарынан түсініспеушіліктер мен кикілжіңдердің туындауы, отбасылық қызметтердің, ерлі-зайыптылардың рөлдік орыны, арадағы тенденцияның бұзуылуы сынды мәселелері ажырасуға себепкер болады. Жалғыз бала тәрбиелеуші отбасылардың көбеюі және әкесіз\анасыз өскен баланың тұлғалық дамуы, коммуникативтік байланыс орнату қиындығы, жасқаншақтығы мен сенімсіздігі артады, нәтижесінде баланың болашағына нұқсан келеді. Стрессті тудырушы оқиғалардың көшінде ажырасу тұр, ал отбасының ыдырауы жалғыз басты аналардың көбеюіне әкеп соғады. Ананың отбасы ауыртпалығын мойнына алуы, тәрбиенің нашарлауына алып келеді, отбасылық және дос аралық қарым-қатынас төмендейді, балада тұйықтық басталады, мендік концепция бұзылады.
Ажырасу некенің бастапқы жылында көп тіркелген, мұның негізгі себептерін және ұлт болашағын, жарқын келешегін қалыптастыру үшін ажырасудың алдын алу жолдарын және шешуші жолдарын, ажырасу салдары мен қауіп-қатерді нақты, жоспарлы түрде анықтау үшін зерттеу сұрақтары таңдалынды:
Ажырасудың себептері қандай?
Некенің бұзылуы нәтижесінде қандай қауіп-қатерлер туындауы мүмкін?
Некенің бұзылуының алдын алу мен ажырасу көрсеткішін азайтудың қандай тиімді жолдары бар?
Отбасылық құндылықтарды қалай көтеруге болады?
II. Негізгі бөлім
А. Зерттеу сұрақтары
1950 жылдары әр жүзінші отбасы ажырасса, 1980 жылдары әрбір төртінші, 1990 жылдары әрбір үшінші отбасында ерлі-зайыптылар ажырасқан. 2000 жылдары тіркелген 90 873 некенің 27 391-і бұзылған[3].
Қазақстан ТМД елдері арасында некенің бұзылу көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр, 2018 жылға отбасын құрушылар саны 137 мың болса, ажырасу 54 797 құраған[2].
Ел тарихына көз жүгіртсек, қыздарды малға сатқан, қалыңмалға айырбастаған деген заманда ажырасу болмаған, ал махаббатпен қосылуға толық құқық пен мүмкіндік берілген ғасырда ажырасу шешілмейтін түйіткіл мәселеге айналып отыр. ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі бойынша отбасылық қарым-қатынастарда тең құқылық есептеледі, кәсіп таңдау, тұрғылықты мекенді анықтау, міндеттерді анықтау мен бала тәрбиесіндегі жауапкершілік теңдей дәрежеде жүзеге асады[1].
Ажырасудың бір себебі ретінде гендерлік саясаттың жүзеге асуын айтуға болады. Қоғамдағы әйелдің білім алып, кәсіп қууына, тұрмыс құрмай карьераны таңдауына толықтай мүмкіндік бар. Қазірде әйел құқығы, еркіндігі сақталады, өзі үшін өмір сүре алады. Ажырасудың келесі себебі эгоистік көзқарастың қалыптасуында болып отыр, халықтың 30 пайызын құрайтын толық емес отбасылар болса, онда жеке бастың қамын ойлап, бала тәрбиесінде салғырттық танытатындар, жұмысбастылыққа салынып, материалдық байлыққа жету үшін отбасылық құндылықтарды ұмытатын жандар аз емес. Ажырасудың үшінші себебі - көзге шөп салу, бұрында екі-үш әйел әулеттегі бала санын арттыру үшін, жесір әйелді қамқорлыққа алу мақсатында алынатын. Қазірде бұл трендке айналып жатқан індет болып отыр, себебі әйелі бола жасырын жүрістен заңсыз туылған балалардың көбеюі, тастанды балалар, жетімдер үйінің көбеюі мен ата-тегін білмейтін балалардың өсуі ұлт болашағына, ғасырлар бойы қалыптасқан қан тазалығын бұзады.
Психологиялық себептері - жар таңдаудағы асығыс шешім, көрсеқызарлық, отбасы құруға жеңіл қарау, арадағы түсініспеушілік. Ұлттық экономика министрлігі статистикасына сүйенсек, соңғы 10 жылда елімізде 1,5 млн неке қиылып, 500 мыңы айырылысыпты. Ажырасушылардың көп бөлігі 30-34 жаста. Онлайн ажырасу жаһанданудың бір белгісі ретінде танылып отыр, баласыз отбасылар үшін ажырасу үрдісі жылдам жүретінін ескерсек, 2018 жылы 12 775 қазақстандық eGov арқылы үйлену мен ажырасуға өтініш жіберген[3].
Ажырасудың негізгі себептері:
Зорлық-зомбылық;
Материалдық әлеуметтік тұрмыс ахуалының төмендігі;
Ішімдікке құмарлық, есірткіге бейімділік, құмар ойындары сынды жаман әдеттерге салыну;
Түсініспеушілік, дау-жанжал, көзге шөп салу, қызғаныш.
Ажырасудың басты құрбаны - бала. Бала 90 пайыз ситуацияда ана қолында қалса, статистикаға жүгінсек, ажырасқандарда әр оныншы әке алимент төлемейді, төлеуден жалтарады[4]. Ажырасу екі тарапқа да психологиялық қиындықтар алып келеді, оның үлкен қаупі ерте өлім қаупі немесе депрессия әсерінен суицидке бару. Физикалық белсенділіктің азаюы, шылым шегу, ішімдікке салыну, қоғамнан алшақтау сынды әсерлері де бар. Ажырасуды болдырмаудың батыстық үлгісі бір-бірін жақын тану мақсатында ұйымдастырылатын азаматтық неке. Дегенмен, бұл біздің менталитетке, дінге жат дүние болғандықтан, басым бөлігі құп көрмейді. Ажырасуды болдырмаудың қазақи жолы - қалыңмалды көтеру, жоралғылар құнын көтеру. Барыңды беріп, жасауын түгендеген жармен оңайлықпен ажыраспайсың - деген астарлы мағынадағы ой қалыптасқан .
В. Зерттеу әдісі
Курстық жұмыста белгілі бір ақпаратты игеру үшін үш түрлі тәсілдерді қолдандым. Біріншісі ғаламтор ақпараттарымен жұмыс. Бұл кезде интернет желісінен қажетті ақпараттар жүктелінді және олар өңделінді. Ақпаратты өңдеу қиын болғанымен, тақырып аясындағы мәліметтердің жеткілікті болуы көп көмектесті. Саланың ауқымдылығы жоспарлы жұмыс жасауға кедергі болды, бірақ зерттеу сұрақтары негізінде ақпараттарға қол жеткіздім. Сенімді көздерді табуда автордың беделіне, жұмыс тәжірибесіне назар аударылды. Соңғы жаңалықтарға назар аударып, отбасы, неке туралы заңнамаларға шолу жасадым, психологтардың пікірлеріне сүйендім. Алынған ақпараттардың жарияланған мерзіміне көңіл бөлінді, нәтижесінде 2017-2019 жылғы жарық көрген мақала, ғылыми жұмыс, зерттеулерден ақпарат алынды. Статистикалық көрсеткіштердің дұрыстығын өзге ақпараттармен салыстыру арқылы анықталды.
Ғаламтор арқылы зерттеу жұмысын жүргізу барысында төмендегідей негізгі ақпараттарға қол жеткізілді:
Психологтардың зерттеуінше ажырасуда бала өзін кінәлайды, бақытсыз сезінеді, отбасыға деген сенімсіздік, тұйықтық, болашқта отбасылық жауапкершілікке салғырттық сезінеді[4].
2017 жылғы зерттеу бойынша әлемде әр 13 секунд сайын 1 отбасы ажырасады. АҚШ-та жылына 1 млн отбасы некесін бұзады[5].
2017 жыл бойынша жаңа құрылған 140 мың отбасының 51 мыңы ажырасып үлгерген[6].
[5]
Зерттеудің екінші сатысы әлеуметтік онлайн сауалнама жүргізу арқылы 59 адамнан алынды. Зерттеу Survey Monkey сайты арқылы жасалып, 5 сұрақтан тұрды.
Бірінші сұрақ бойынша сауалнамаға қатысушылардың жасы анықталды, сауалнамаға 55.17 пайызбен 16-25 жас аралығындағы жастар қатысса, 18.97 пайызда 41-60 жас аралығындағы ересектер қатысты.
Екінші сұрақ қатысушылардың ұстанымдарын білуге бағытталды. 55.93 пайызы өмірдегі басты құндылық ретінде отбасын таңдады, ал 44.07 пайызы табысқа жету мен кәсіп қууды бірінші орынға қояды.
Отбасындағы ажырасудың себептері үш түрлі категорияда берілді. Негізгі себептердің бірі ретінде 28 адам зорлық-зомбылықты, 19 адам тұрмыстық жағдайдың төмендігін, 12 адам мінездің сай келмеуі сынды арадағы қарым-қатынас, мінез, түсінік сынды моральдық дүниелерді таңдады.
Ажырасудың қауіпті салдарлары ретінде 35.59 пайыз жауап беруші бала болашағының, тағдырының бұзылуын және екі жақтық психологиялық қиындықтардың туындауын таңдады. Бұл баланың ажырасуда өзін кінәлауы, қарсы жынысты адамға болашақта сенбеуі, отбасылық толық құрамды тәрбие ала алмауы, дамуындағы қиындықтары анықталады. Ал екінші психологиялық депрессия сынды күйзелістер салдарынан ішімдікке салыну, бақытсыздық, оқшаулану сынды басқа салдарлары туындайды.
Бесінші сұрақ ажырасуды болдырмау жолдарын қарастырды, мұндағы отбасылық өмірге дайындау мен рухани құндылықтарды дәріптеу 26 қатысушы дауысын жинап, 44.07 пайызды құрады. Мұнда барлық шешім жолдарының маңыздылығы анықталды, себебі көрсеткіштер бір-біріне жақын болғандықтан, барлығы бірдей маңыздылық пен қажеттілікке ие.
Зерттеудің соңғы сұрағы ажырасудың статистикалық көрсеткішін төмендету мақсатында жасалатын іс-шаралар легін анықтаумен қорытындыланды. Сауалнама қатысушыларының жауаптары төмендегі кестеде көрсетілді:
Шешуші жолдар, мемлекеттік бағдарламалар
1
Отбасы құндылықтарды насихаттау, идеологогиялық жұмыстарды жүргізу;
2
Отбасылы адам түсінігінің маңыздылығы арттыру;
3
Қыз тәрбиесіне мән беру, жалаңаштауды тоқтату, батысқа еліктемей, қазақ дәстүрін сақтау, дәіріптеу;
4
Жас отбасыларға әлеуметтік көмек, балалы отбасыларға жәрдемақылар;
5
Гендерлік саясат бағдарламасын қайта жүйелеу;
6
Отбасылық қарым - қатынас жайында кеңес беретін психологиялық әдістемелік орталықтар ашу және мемлекеттік мекемелерді жұмылдыру.
Зерттеу сұрақтарына толық жауап алып, оның ауқымдылығын көрсету және мәселелерге тәжірибелік көзқараспен қарап, практикада жүзеге асатын ұсыныстар қатарын беру үшін арнайы маман, Шымкент қаласы жеке кәсіпкерлік Таң нұры медициналық құрылымының отбасылық психологы Бексұлтанова Амина Абдуламмитқызымен сұхбат жүргізілді. Бұл зерттеудің үшінші сатысы ретінде анализдік нұсқасы ұсынылады:
Кез келген проблема қалыптасады, шиеленіседі және қалыпты жағдайға айналады. Біздің менталитетке жат, бір кездері күнә, қылмыс болған ажырасу қазірде үйреншікті құбылысқа айналып, індет болып келеді. Түсініксіздігі, таңдау еркіндігінің беріліп, қалауымен бас қосу құқығы алынғанымен, отбасы беріктілігі сақталынып жатқан жоқ. Ажырасу - жанұяның ойрандалып, ортадағы бала тағдырының бұзылуы. Ажырасудың негізгі себебі - зорлық-зомбылық, әйелдердің жәбір көруі, ішімдікке салыну, құмар ойындарын ойнау, көзқарастардың сәйкес келмеуі, материалдық қиындықтар мен бедеулік. Адамның отбасын құрудағы басты мақсаты және арманы перзентті болу болса, бір перзенттің, ұрпағының болмауы жанұяның ажырасуын талап етеді. Бедеулік көп жағдайда денсаулыққа байланысты болса, екіншісі кеш тұрмысқа шығу. Әлемдік зерттеулерде тұрмыс құрудың кешіктірілуі 35 жаспен анықталады.
Ажырасу себептерінің қазақи қоғамдағы бір бөлігі ата-енемен тұру, олармен сыйыспау, түсініспеушілік, ата-ана мен келін арасындағы қайшылықтар, ата-ананың екі жастың ортасына түсуі, таңдау шегін қою сынды проблемалар көрініс табады. Үйленуге жауапкершілікпен қараған абзал, қазіргі тек сыртқы факторларды бағалап, асығыс шешім қабылдау, алып қашу, махаббатсыз қосылу, қысыммен өмір сүру ажырасуға әкеп соғады. Біздің қоғамның қаупі - стереотиптер. Ажырасу белгілі бір жағдайда қылмыс, ұрыс, зорлық-зомбылықтан, кейде арты қайғылы оқиғаларға алып баратын жанжалдардың алдын алу, жаңа өмір бастау, өмір сүру мүмкіндігін беру құқықтарын қамтасыз етеді. Дегенмен, қоғам ажырасуда бір жақты кінәлайды, және ол жақ көбіне әйелдер болып негізделеді. Қоғам ажырасқан әйелді бөле бастайды, өсектер, шағымдар мен айыптаулар әйелдің психологиясын улап, оның депрессияға ұшырауына әкеп соғады. Ажырасқан ер адамдардың қайта отбасын құру мүмкіндігі көп, егер ортада бала болса әйелдерге өте қиын болады.
Ажырасуды заңмен шектеуге, мүлдем болдыртпауға болмайды. Бұл заңсыз, некесіз балалардың тууын, балалар үйінің көбеюін, аборт санының артуын жеделдетеді, оның салдары ұлттың жойылуына, ұлттық ерекшелік пен тазалықтың індетіне әкеледі. Тұрмыс тауқіметіне шыдап, мінезге сабырлықпен қарап, нәпсіқұмарлықты жеңген жағдайда отбасыны сақтап қалуға болады.
Сұхбат нәтижесінде ажырасудың бірқатар себептері анықталды: отбасын құруды алдын ала жоспарламау, әлеуметтік-экономикалық факторлар, рухани құлдырау. Сонымен қатар, жұмыссыздық, баспананың болмауы, күнделікті тұрмыста қаражаттың жетіспеушілігі адамдарда ішкі агрессия мен негативті эмоцияларды қалыптастырады.
С. Зерттеу қорытындысы
Зерттеу қорытындысы ретінде жүргізілген үш әдістер арқылы зерттеу сұрақтарына нақты жауап берілетін болады. Зерттеуге дейін ажырасудың негізгі себептерін рухани дүниелермен сабақтастырсам, зерттеуден кейін өмірлік оқиғалар, бедеулік, перзенттің болмауы, зорлық-зомбылық және тұрмыстық деңгейдің төмендеуі сынды факторлардың әсері барын түсіндім.
Отбасылылық құндылықтардың, ар-ұят, намыс, ождан секілді халықтың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz