Банктің атқаратын қызметтері
КІРІСПЕ
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен , оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша - несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.
Экономиканы ақша-несиелi реттеудi қаржы саласының басты секторы банк жүйесi iске асырады.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң рөлi ерекше. Банктiк жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады. Осылайша банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып, экономиканың тиiмдi қызмет етуiне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлi саясаттары арқылы экономиканы өтпелi кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.
Қазiр елiмiзде банк жүйесi егемендiң алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгiлi.
Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылдың желтоқсанында ҚазКСР - нің Жоғары Кеңесі қабылдаған Банктер және банк қызметі туралы заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды: жоғарғы (бірінші) деңгейдегі банк ҚазКСР - ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк - коммерциялық банктер жүйесі.
Қазақстан Республикасындағы Банктер және банк қызметі туралы республика президентінің 1995 жылы 31 тамыздағы заң күші бар аралығында Қазақұстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық Банк - мемлекеттіің Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіндегі банктер.
Бүгінде елімізде 36 екінші деңгейдегі банк бар, оның үшеуі мемлекеттік, он алты банк шетелдік акционерлердің қатысуымен құрылған. Бiз осымен банктiк жүйенi тоқтатпай, одан әрi дамытуымыз керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы мамандық деңгейiмiз жоғары болуы керек. Тiптi соңғы уақытта бiздiң елiмiздiң банктiк жүйесiнен ТМД елдерi тәжiрибе де алып жүр. Бұл әрине үлкен жетiстiктерiмiздiң бiрi деп санаймын.
Тақырыптың өзектілігі: Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Нарықтың экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі банктік жүйе туралы дұрыс түсінік қалыптастырып, хабардар ету және де банктік жүйенің мәні және Қазақстанның экономикасындағы рөлін қарастыру. Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуын бақылау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметін, мақсатын, міндеттерін атқару. Екінші деңгейлі банктердің Қазақстан экономикасының дамуын қарастыру және де коммерциялық банктер қызметінің Қазақстанда жетілдіру.
Зерттеудің алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшін келесі міндеттерді шешу алға қойылды:
oo Банктердің экономиканың тиімді қызмет етуіндегі мәнін, маңызын және рөлін ашып көрсету;
oo Банктердің негізгі қызметтерін және олардың қоғамдық дамудағы маңызын атап өту;
oo Қазақстанның экономикасындағы банк жүйесінің рөлін қарастыру;
oo Еліміздің Ұлттық банкінің негізгі банк ретіндегі атқаратын қызметтері мен саясаттарын талдау;
oo Коммерциялық банктердің қаржы делдалы ретіндегі атқаратын қызметтері мен негізгі операцияларына тоқталып өту.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмысым кіріспеден, үш тараудан, алты бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының теориялық және практикалық өзектілігі, тақырыптың зерттелу деңгейі, зерттеу мақсаттары мен міндеттері, зертеудің объектісі анықталып, қорғауға ұсынылған негізгі ғылыми жаңалықтары келтірілген.
Бірінші бөлімінде банк сөзіне жалпы түсінік беріліп, жалпы банктердің пайда болу тарихы, себептері жазылған. Сонымен қатар банктің түрлері олардың ерекшеліктері сипатталған.
Екінші бөлімінде банк жүйесінің басқа ел емес, өзіміздің Қазақстан Республикасындағы даму ерекшелігі жазылған.
Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк пен Коммерциялық банктерге сипаттама берілген.
1 БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
0.1 Банктік жүйенің даму тарихы мен құрылымы
Банк жүйесінің маңызды элементі банк болып табылады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) ХІҮ- ХҮ ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар - ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
ХҮІ - ХҮІІ ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер - клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиро банктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде - феодализм тұсында пайда болды деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады. Өкінішке орай, банк сөзінің өзі бізге оның мәнәі ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелі мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақтқаттығына күмән туғызады.
Банк сөзі banco деген италиан тілінен аударғанда айырбас столы дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталармен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда - саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша - сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларына айрбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай - ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады. Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. ҮІ ғасырда Ежелгі Вавилонда салым операциялары: салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б.э.д. ІҮ ғасырда Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді.
Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар және қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен. Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең тиімді, сенімді орындар болған. Сол уақыттары белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалаундағы елдердің салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік операцияларжүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банктер қызметінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда - саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк - Ағылшын банкі 1694 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды. Әрине мұның бәрі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышартын ғана сипаттайды.
Ендеше осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны таң қалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бір нәрсе - бұл несиенің жеке формасы мен банктік несие арасындағы айырмашылықтың болуы. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір талабы жеке тұлға емес, несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін. Анықтамалық басылымдарда банк ірі несиелік мекеме ретінде сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шарушылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмлелелер жасаумен бірге несие берушінің өзінің клиенттерінің тапсыфрмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналады. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамда болғандығына тарих куә.
Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы нормаларға сәйкес б.э.д. ІІІ ғасырда айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлердікумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қоймай, сондай - ақ жер бөлімшелерін сатып алу - сату және басқа да операцияларды орындаған.
Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға жақындайды, бірақ та банктің толық мәні әлі де болса жұмбақ болып қала бермек.
К. Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі....
Сонымен қатар банктер несие ісінің екінші жағы - өсім әкелетін капиталды да басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің және халықтың жинағы мен табыстары сияқы уақытша бос ақша қаражатын өзінде шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы алып, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес аласына айналады.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу - сату, кей жағдайларда делдалдық мәмлелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңды және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы, банктік операциялар ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақ та, банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.
0.2 Банктің атқаратын қызметтері және түрлері
Банк ісі - қарыз капиталын жинаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.
Банктің атқаратын қызметтері
Экономикалық және қаржылық кеңес беру
Уақытша бос ақша қаражатын тарту , жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру
Айналымға несие құралдарын шығару
Ақша айналымын реттеу
Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу
Сурет 1. Банктің атқаратын қызметтері
Банктік қызмет - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Банктік операцияларға мыналар жатады:
заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде, корреспондент - банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттарыбойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операциялары жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формадашығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
төлем карточкаларын шығару;
банкнота мен монеталарды және бағалы заттардыинкассациялау және жөнелту;
шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
чек кітапшаларын шығару;
бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
аккредетивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
ақшалай формада орындауды көздейтін, банктік кепілхаттарды беру;
үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.
Шетелдің қатысуымен құрылған банк - акциясының 50 проценттен астамы төмендегі иеленушілердің қарамағында, меншігінде жәненемесе басқаруында болатын екінші деңгейдегі банк:
Қазақстан Республикасының резиденті емес;
Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға, акциясының 50 процентінен көбісі республиканың резидентіеместің қарамағында меншігінде жәненемесе басқаруында;
Қазақстан Республикасының резиденттері еместің қаражатын басқаратын сенімді адамы - республиканың резиденті.
Мемлекетаралық банк - халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның жарғылық қорының иеленушісі - Қазақстан үкіметі және келісімге қол қойған мемлекеттердің үкіметі.
ҚР - ның несиелік жүйесі
Парабанк жүйесі
Банк жүйесі
Пошта - жинақ жүйесі
Банктік емес мекемелер
Эмиссиялық емес банктер
Эмиссиялық банктер
Ломбардтар
Несиелік серіктестіктер
Сақтандыру қоғамдары
Инвестициялық компаниялар
Ипотекалық компаниялар
Екінші деңгейдегі банктер
Қазақстан Ұлттық банкі
ҚҰБ-ның Алматы қалалық филиалы
ҚҰБ-ның облыстық басқармалары
Қазпошта
Сурет 2. Қазақстан Республикасының несиелік жүйесі
Банк емес несие-қаржы мекемелері - Ұлттық банктің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банк емес заңды тұлғалар.
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банкік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банкердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне, осында коммерциялық банк деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің коммерциялық деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатынбілдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мүндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банкі несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді актитер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндац кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.
Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс табады.
Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда). Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.
Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын қаржылық қызметтердің формасы ретінде, ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндіруіне мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
1 БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РӨЛІ
1.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесі қазіргі жағдайы
Банк жүйесі - банк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір-бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланыстағы банкілердің жиынтығы.
Еліміздегі қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес ҚР-дағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.
Банк жүйесі
Екінші деңгейдегі банктер (34 банк)
Ұлттық Банк (Орталық)
Сурет 3. Банк жүйесі
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында банктердің саны өзгеріссіз қалды. Сектордың жиынтық активтері 25,35 трлн теңгені құрады, бұл 2019 жылдың 1 қаңтардағы сектор көрсеткішінен 0,42% - ға аз.
Қазіргі таңда, банктердің несиелік қоржыны жыл басынан бері 13,76 трлн теңгеден 0,8% - ға төмендеп, 13,65 трлн теңгеге жетті.
Мерзімі өтіп кеткен несиелер 1,99 трлн теңгеден 1,96 трлн теңгеге дейін қысқарды,оның ішінде 90 күннен астам мерзімі өтіп кеткен несиелер 1,28 трлн теңгені құрады.
Ал 2019 жылдың 1 шілдесіне 22,22 трлн теңгені құрады. Бірақ жеке тұлғалардың салымдары 8,69 трлн теңгеге дейін 0,9% - ға және заңды тұлғалардың салымдары 3,8% - ға 7,96 трлн теңгеге дейін қысқарды.Өз капиталы керісінше, 3,5% - ға 3,13 трлн теңгеге дейін ұлғайды.Сектордың жиынтық табысы 211,6 млрд теңгені құрады.
Активтер бойынша ең ірі банктер - Қазақстан Халық Банкі - 8,73 трлн теңге, ForteBank - 1,99 трлн теңге, Сбербанк - 1,98 трлн теңге, Kaspi bank - 1,91 трлн теңге және ЦентрКредит банкі-1,5 трлн теңге болды.
Кесте 1
01.07.2019 ж. жағдай бойынша Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық көрсеткіштері
№
Банктің атауы
Активтер
Несие портфелі
Міндеттемелер
Табыс салығын төлегеннен кейін ағымдағы кірістерді ағымдағы шығыстардан арттыру
1
Қазақстан Халық Банкі АҚ
8 729 518 087
3 998 243 847
7 648 098 329
159 326 479
2
Сбербанк АҚ
1 983 840 092
1 382 858 796
1 779 894 339
36 561 632
3
Forte Bank АҚ
1 985 956 865
730 241 053
1 788 508 494
12 767 596
4
First Heartland Jýsan Bank АҚ
1 217 617 065
801 617 458
1 088 938 511
-165 096 180
5
KASPI BANK АҚ
1 907 391 103
1 253 970 777
1 683 920 429
70 666 691
6
Банк Центр Кредит АҚ
1 495 599 542
1 098 912 389
1 378 713 393
5 045 066
7
АТФБанк АҚ
1 314 405 536
941 888 480
1 202 484 187
8 076 207
8
Еуразиялық банкі АҚ
1 040 820 999
630 315 799
942 639 871
3 324 386
9
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ
1 148 974 349
821 247 390
916 894 985
13 940 614
10
Ситибанк Казахстан АҚ
758 117 020
86 306 100
624 386 427
17 475 187
11
Bank RBK АҚ
618 310 738
328 533 218
537 054 131
2 789 284
12
АЛЬФА БАНК АҚ
504 777 556
277 199 147
433 123 509
6 588 618
13
Altyn Bank АҚ
421 018 633
156 682 639
371 601 035
6 852 703
14
Нұрбанк АҚ
408 442 557
234 807 205
340 884 580
2 486 256
15
Банк Хоум Кредит АҚ
372 901 871
300 007 681
302 130 561
16 782 992
16
Қазақстандағы Қытай Банкі АҚ
324 386 349
18 734 868
282 507 074
3 751 247
17
Алматы Қытай Банкі АҚ
140 792 847
62 079 500
117 620 931
1 829 062
18
ВТБ Банк АҚ
184 247 490
107 096 233
165 370 135
2 063 520
19
First Heartland Bank АҚ
173 058 018
26 619 632
159 358 794
2 560 396
20
Банк Kassa Nova АҚ
133 910 512
74 855 137
117 572 685
1 183 549
21
Tengri Bank АҚ
133 721 602
104 767 380
110 084 079
887 081
22
Asia Credit Bank АҚ
99 659 306
54 716 929
78 093 124
-2 289 545
23
Capital Bank Kazakhstan АҚ
85 702 895
66 457 514
60 937 738
1 823 973
24
КЗИ Банк АҚ
65 240 704
49 316 500
36 990 711
987 601
25
Шинхан Банк Казахстан АҚ
43 323 406
11 604 960
29 512 707
338 121
26
Ислам Банкі - Al Hilal АҚ
30 562 279
10 571 974
13 755 796
876 985
27
Ислам Банкі - Заман Банк АҚ
22 969 984
13 293 864
10 241 679
90 168
28
Қазақстандағы Пәкістан Банкі АҚ
4 705 084
3 971 935
318 648
-57 393
Барлығы:
25 349 972 489
13 646 918 405
22 221 636 882
211 632 296
Қазақстанның банк жүйесі тәуекелдерінің деңгейі Екінші деңгейдегі банктердің баланстарын ауқымды тазалаудың және проблемалы ойыншылардың лицензияларын қайтарып алудың арқасында тұрақтанды - мұндай пікірді сарапшы-қаржыгерлер айтады. Дегенмен, 2019 жылдың І тоқсаны сектор үшін 1 қаңтардағы деректермен салыстырғанда негізгі қаржылық көрсеткіштердің төмендеуімен аяқталды,ал соңғы нәтиже 50,33 млрд теңгеге теріс көрсеткіште қалыптасты.
2019 жылдың І тоқсанында ҚР банк нарығында 28 ЕДБ жұмыс істеді. Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, 1 сәуірге сектордың жиынтық активтері 24,58 трлн теңгені құрады, бұл қаңтар айының басындағы көрсеткіштен 2,6% - ға аз. Осы жылдың 29 сәуірінен бастап Цеснабанк Japan Bank бөлшек брендімен бірігіп, First Heartland Japan Bank болып өзгертілді.
Талданып отырған кезеңде активтер көлемі бойынша жетекші позицияны Қазақстан Халық банкі - 8,52 трлн теңге сақтап қалды. 1 қаңтарға ұйымның активтері 8,67 трлн теңгеге жетті.
Екінші орын - Сбербанк активтермен 1,98 трлн теңге, бұл көшбасшыдан 4,5 есе аз. Бірақ, халық санына қарағанда, банк жыл басындағы нәтижелермен салыстырғанда өз активтерінің көлемін 1,1% - ға ұлғайтты.
Үшінші орынды ForteBank басып озған Kaspi Bank иеленді. Ұйымның активтері жыл басына 1,7 трлн теңгеге қарсы 1,8 трлн теңгеге жетті.
Сондай - ақ, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 111,97 млрд теңгеге, 1,14 трлн теңгеге дейін және Қазақстандағы Қытай Банкі 68,29 млрд теңгеге, 324,38 млрд теңгеге дейін активтерді арттыра алды.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері активтердің өсуі негізінен бағалы қағаздар көлемінің 94,6 млрд теңгеге (2018 жылдың аяғындағы деректермен салыстырғанда 127% - ға артық) және кредиттік портфельдің ұлғаюына байланысты екенін түсіндірді.
S&P Global Ratings сарапшылары Қазақстанның ЕДБ активтерінің төмен сапасын ҚР банк жүйесінің негізгі тәуекелдерінің бірі деп атады. Бұл тәуекел ішінара секторды реттеудің тиімсіздігіне, сондай-ақ байланысты тараптарға берілетін кредиттердің едәуір көлеміне және алаяқтық жағдайларына байланысты.
Қазіргі таңда Қазақстандықтарда 11 миллион несие бар екен. Егер сіздің өзіңізде болмаса, яғни, басқаларда екі немесе үш несиеден бар. Бірінші кредиттік бюро өткен жылдың қорытындысына арналған сараптамалық дайджест жариялапты. Енді соған назар аударып көрсек.
Қазақстандық несие алушы, кредитінің сомасы 519 мың теңге болғанда, орташа есеппен банктерге 904 мың теңге қарыз екен. Адамдар ынталы түрде несие алады, әсіресе тұтыну тауарларын немесе автомобиль алуға әуес, ал енді уақытында қайтаруға келгенде асыға қоймайды.
Қазақстандықтардың қарыздары бойынша қалай төлейтіндері туралы Бірінші кредиттік бюро өзінің ақпараттық - сараптамалық дайджесінде кеңінен тоқталған. Бұл құжатта Қазақстанның жиынтық кредиттік қоржыны өткен жылы 23 триллион теңгеден көп соманы құраған. Жеке тұлғалардың кредиттері бойынша жиынтық несие берешектері 6 трлн теңге белгісінде тұрақтады, ал бизнес - несиелер бойынша - 17,2 трлн теңге. Сонымен қатар кредиттер саны желтоқсанда 1,8%-ға және қорытындысында 11,6 теңге құрап, жыл басынан бері 24,8%-ға өскен (1-диаграмма).
Диаграмма 1. Қазақстанның жиынтық кредиттік қоржыны
Қазір банктердің жеке тұлғаларға ұлттық валютамен берген кредиттері бойынша орташа есептелген мөлшерлемесі 19,6 % құрайды. Жыл басында бұл мән 20,1 %-ға сай болса, ақпанда 19,4 % болды.
Жыл басында кредит қызметтеріне сұраныс жоғарылағаны байқалды. Сонымен қаңтар-ақпанда 1 698,9 миллиард теңге сомасына мәміле рәсімделді. Бұл 2017 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 33 % жоғары. Бұл ретте жиынтық кредиттер 2,3 миллиард теңгеге өскенін көрсетті және қаңтар деңгейінде сақталып, 12,5 триллион теңгені құрады. Оның ішінде 36,2 % немесе 4 триллион теңгесі халық қарызын құрайды.
Сонымен бірге 2018 жылдың бірінші тоқсанының ортасында шетел валютасымен берілетін кредиттер үлесі біршама -- 25,5 % немесе 3,2 триллион теңгеге кеміді.
Базалық мөлшерлеменің өзгеруіне қарамастан, көптеген банктер өздерінің кредит өнімдері бойынша мөлшерлемелерді өзгертуге асығар емес. Алайда барлығы емес, мысалы, Qazaq Banki мен Альфа-Банк ЕБ. Біріншісінде ипотеканы жылдық 16,5 %-бен рәсімдеуге болса, екіншісінде кепілсіз тұтынушылық кредитті 20 %-бен (ақпан айында болғандай) емес, 25 %-бен алуға болады.
Кесте 2
Қазақстан банктеріндегі 2018 жыл, сәуір айының басындағы кредиттердің минималды мөлшерлемесі
№
Банктердің аты
Кепілсіз несиелер, %
Кепілге берілетін кредиттер, %
Ипотекалық кредиттер, %
Көлік құралдарын сатып алуға, %
1
Қазақстан Халық Банкі АҚ
34,4
30,6
21,9
25,6
2
Казкоммерцбанк АҚ
20,6
18,7
16,3
-
3
Цеснабанк АҚ
35,0
-
27,2
31,1
4
Сбербанк АҚ
27,42
25,5
21,8
29,2
5
АТФБанк АҚ
17,2
19,2
17,4
19,0
6
Банк Центр Кредит АҚ
23,1
18,3
15,9
18,6
7
Forte Bank АҚ
23,1
24,9
16,7
7,5
8
KASPI BANK АҚ
21,4
-
-
-
9
Bank RBK АҚ
28,1
24,2
21,8
23,0
10
Еуразиялық банкі АҚ
-
-
-
21,4
11
Qazaq Bankі АҚ
-
29,4
21,3
29,3
12
Нұрбанк АҚ
35,8
34,4
38,3
29,2
13
АЛЬФА БАНК АҚ
28,6
30,77
30,77
-
14
Altyn Bank АҚ
25,6
17,3
17,3
-
15
Asia Credit Bank АҚ
28,1
22,0
-
-
16
ВТБ Банк АҚ
20,8
22,2
18,9
4,1
Қазіргі Қазақстанның нарықтық банк жүйесіндегі әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекеммелері қызмет істеуде.
Екінші деңгейдегі банктердің түрлері:
1. Мемлекеттік банк - үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
2. Инвестициялық банк - негізінен тікелей және портфельдік инвестиция таратумен шұғылданатын екінші деңгейлі банк.
3. Шетелдің қатысуымен құрылған банк - акциясының 50 % - дан астамы төмендегі иеленушілердің қарамағында, меншігінде немесе басқаруында болатын екінші деңгейлі банк:
ҚР-ның резиденті емес;
ҚР-ның резиденті - заңды тұлға акциясының 50 % - нан көбі республика резиденті емес тұлғаның қарамағында, меншігінде немесе басқаруында;
ҚР-ның резиденттері емес тұлғаларының қаражатын басқаратын сенімді адамы - республика резиденті.
1. Мемлекетаралық банк - халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның жарғылық қорының иеленушісі - Қазақстан үккіметі және келісімге қол қойған мемлекеттің үкіметі.
2. Банктік емес несие-қаржы мекемелері - ҰБ-тің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар, банк емес заңды тұлғалар.
3. Коммерциялық банктер - кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер. Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы.
Банк жүйесі мемлекет пен қоғам үшін аса маңызды жүйе. Оның тұрақтылығы мен үздіксіз жұмысынан елдің экономикалық гүлденуі тікелей тәуелді болады. Қазақстанның банк жүйесі позитивті макроэкономикалық жағдайлардың айнасында дамып келе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz