ТМД КЕҢІСТІГІНДЕ САЯСИ ҚАТЫНАСТАР



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Бизнес және құқық факультеті

Қаржы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Макроэкономика
Тақырыбы: ТМД елдерінің экономикалық бірлестігі

Орындаған: УА-18-1 тобының студенті
Дуннина Перизат
Аға оқытушы:Утебалиева Дина

Ақтау- 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1. ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІРЛЕСТІГІ ... ... ... ... ... ... . ... ... .6
1.1 ТМД-ның бастапқы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. ТМД-ның құрылу принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

2. ТМД КЕҢІСТІГІНДЕ САЯСИ ҚАТЫНАСТАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .17
2.1. ТМД-ның органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...30

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы.Бұл курстық жұмыста, 70 жыл бойы бүкіл әлемді өзіне қаратқан Кеңес Одағы ыдырай бастаған кезде кеңес халықтары олардың саяси қайраткерлері, тіпті халықаралық қауымдастық өздерінің алаңдаушылықтарын байқата бастады. Бұған көптеген себептер де болды. Кеңес Одағы көпұлты, экономикалық және әскери потенциалы зор держава болуына байланысты ол саяси жағынан бүтін бір социалистік системаны құрып, оны басқарып, бүкіл әлемде өзінің ықпалын мол көрсетіп отырды.
Бүкіл дүние жүзінде социалистік қоғамды орнатқысы келген Кеңес Одағы ерекше қаруланған милитаристік пиғылдағы ядролық держава ретінде танылды.
Әкімшілдік-әміршілдік жүйе арқылы басқарылған бұрынғы кеңестік жоспарлы экономика тығырыққа тіреліп, өзінің шешімін таба алмаған түрінде жаңадан құрылған 15 мемлекеттін үлесіне тиді. Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан территорияларында орналасқан дүние жүзіндегі ең күшті ядролық потенциал басқарусыз қалып, бүкіл әлем халықтарын және көптеген мемлекеттерді үрейлендіре бастады.
Бұрынғы КСРО басшыларының солақай саясатына байланысты өрши түскен ұлтаралық дау-жанжалдар ерекше қауіпті жағдайды қалыптастырды. Мұның өзі 300 миллион халқы бар әлемнің алтыншы бөлігінде азамат соғысы қауіпін төндірді. Осы кезеңде барлық бұрынғы одақтас республикаларда азаттық қозғалыс жоғарғы деңгейге жетіп, саяси-экономикалық жағдайды басқару жергілікті ұлттардың саяси элитасының қолына көшті.
Жұмыстың өзектілігі- Бірақ республикалардағы ұлттық күштер әртүрлі саяси бағытта болды. Олардың ішінде тек саясатты алға қойған бірақ әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жөнді білмейтін топтар немесе Ресейге сүйеніп бұрынғыша екінші рөлде болғысы келгендер, бұрынғы КСРО кеңістігінен толық бөлініп, тез арада таза этникалық мемлекет құрғысы келген радикалдық ұлттық топтар және қалыптасқан жағдайға салқын қандылықпен қарап, тәуелсіз мемлекеттерінің ірге тасын байсалды және көрегендікпен қалай бастаған саяси күштер де болды.
Ең бастысы, жаңадан пайда болған мемлекеттер алдында шешілмейтіндей көптеген проблемалар шықты. Бұрынғы біртұтас экономиканы, өнеркәсіп орталығын бөліп, олардағы жұмысты ұйымдастыру, көп ұлтты республикаларда саяси тұрақтылықты сақтап қалу, шеқараларды делимитациялау, транспорт, авия және байланыс жүйелерінің қызметін ұйымдастыру, толық істен шыққан бұрынғы қаржы системасының проблемаларын шешу т.б. болды.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - тмд елдерінің экономикалық бірлестігі туралы.
Курстық жұмыстың объектісі - Бүкіл дүние жүзінде социалистік қоғамды орнатқысы келген Кеңес Одағы ерекше қаруланған милитаристік пиғылдағы ядролық держава ретінде танылды.
Әкімшілдік-әміршілдік жүйе арқылы басқарылған бұрынғы кеңестік жоспарлы экономика тығырыққа тіреліп, өзінің шешімін таба алмаған түрінде жаңадан құрылған 15 мемлекеттін үлесіне тиді. Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан территорияларында орналасқан дүние жүзіндегі ең күшті ядролық потенциал басқарусыз қалып, бүкіл әлем халықтарын және көптеген мемлекеттерді үрейлендіре бастады.
Курстық жұмыстың пәні - Макроэкономика
Курстық жұмыстың құрылымы- Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатынасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олардың әрқайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін.
Белгілі салада арнайы аймақтар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД - ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 - жыл шамасымен есептеледі.
Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айта аламыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады.

1. ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІРЛЕСТІГІ
1.1 ТМД-ның бастапқы жағдайы

Қазақстандағы тмд елдерінің экономикалық бірлестігі тауар экспортының өсуі әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда жоғары. Осы он жылда тауар экспорты 3,8% есеге, ал импорт 3,3 % есесге өсті. Қазақстанның тауар экспортының жоғары қарқынды өсуі соңғы 3 жылда білінді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграциясының (бірігуі) көлемін шетел инвестициясы ағымындағы жақындық және аймақтық географияны оқуы негізінде жобалау керек.
Республикадағы экономикалық реформалар негізігі бағыттарының бірі инвестициялық саясаттың тартымдылығы болып қала береді, яғни ол жергілікті және шетел инвестициялары үшін қолайлы жағдай туғызады. Қазақстандағы инвестициялық жағдай транзиттік мемлекеттер арасында тартымды болып отыр. Бұл республикамыз ТМД мемлекеттерінің арасында инвестициялық деңгейде кредиттік рейтингіні бірінші болып алуымен расталады.
Қазақстан потенциалдық инвесторлар үшін экономиканың тартымдылығы, саяси жүйенің тұрақтылығы және қаржы ресурстары арқылы ТМД-дағы қалған мемлекеттердің алдында келе жатыр. Қазақстан транзиттік экономика мемлекеттірінің арасында шетел инвестициясының тура ағымы (ПИИ) көлемі бойынша жетекші орындардың біріне ие.
Жаһандық көлемі бойынша Қазақстанның шетел инвестициясының тура ағымына үлесі жылдан жылға өсу үстінде. 1999-2000 жылдары республикадағы шетелдік инвестицияның тура ағымының салмағы әлемдік көлемде төмендеді, бірақта бұл көрсеткіш тез арада өзгерді. Соңғы 3 жылда жаөандық ағымдағы Қазақстанның шетелдің инветсициясының тура ағымы 0,35% деңгейінде тұр.бұл көрсеткіштің максималды мағынасы жағдайы 2000 жылдан белгіленді. Ереже бойынша инвестициялық климат қолайлы. Кейін, ішкі секілді инвестициясының көлемі өседі.
Шетелдегідей, олардың өндірісі мемлекеттегі экономиканың қарқынды өсуі қолдауды шешеді. Қазақстан, соңғы 9 жылда әлемдегі көптеген мемлекеттер мен аймақтардың шетелдік инвестициясының ағым динамиканың тартымы бойынша анықтады. 2003 жылы 1995 жылмен салыстырғанда, өсу 214,5% өсті.
Дамушы мемлекеттерде бұл көрсеткіш 178,2 %-ке тең, ал дамушыларда ол 153,8 %, орталық шығыс Еуропа мемлекеттерінде 147 %, ал Ресейде 43,3 % түскені белгіленді. 1993-2004 жылдар аралығында шетелдік инвестициялық ағымының Қазақстан экономикасына бағытталған комулятивті ағымы $ 34 млрд. құрады, оның көп бөлігі мұнай-газ секторынан келеді. $ 18,9 млрд. немесе жалпы көлемі 55,1 % .
Әлемдік көлемде макроэкономикалық параметрлерге қарамастан, қазақстанда перспективті дамуы үшін ірі потенциалдар бар, яғни ол табиғи ресурсқа бай. Қазіргі кезде 500 орында 1225 минералды шикізат түрі барын айтуы жеткілікті. Республика осы түрлері бойынша әлемдегі позицияда жетекші орын алады.
Қазақстан мырыш, вольфрам және бариттен әлемде бірінші орын алады, ал күміс, қорғасын, хромнан екінші мыстан, марганец,флюориттан үшінші, малибденнен төртінші орындар алып, алтын бойынша бірінші ондыққа кіреді. Біздің мемлекет әлемде темір рудасы бойынша 8 % құрайды, ураннан шамамен 25 %-ын құрайды. әлемде мұнайды барлау бойынша Қазақстан 13-ші орынға ие. 2003 жылдың басында мұнай және газ барлау бойынша 4,6 млрд тонна құрады, оның ішінде газ 331,5 млн. тонна құрайды.
Каспийдегі мұнай 1,6 млрд - қа бағаланады, ол қара алтының 38% құрайды. Табиғи газ 3 трлн шаршы метрге тең. 1995-2004 жылдары ішкі сауда көлемі 3,6 есеге өсіп, 2004 жылы 32877,5 млн. АҚШ долларын құрады. 1999 жылдан кейің экспорт операциясының өсу қарқыны 10%, ал 2000 жылы 50 %, 2004 жылы 56 % өсті. Ішкі сауда өсімі экспорт көлеміінң ұлғаюы секілді, импорт операцисынада ықпалын тигізді.
Сыртқы сауда географиясы өндірістің әртүрлілігінің кеңеюі (диверсифицированность), яғни тәуелсіздің жылдарында ТМД-ны қосты. 2004 жылы Қазақстандағы сауда құрлымындағы бірінші орынға Еуропалық одақ, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.
Қазақстан Республикасындағы мекемелер әлемдегі 171 мемлекеттер сауда серіктестіктер бар. өткен жылдарда экспорт және импорт географиялық құрлымында өзгерістер болып, ТМД және басқа да мемлекеттер арасында проценттер өзгерді. 2004 жылы Қазақстанның ішкі сауда айналымы ТМД мемлекетірмен 10 215,1 млн АҚШ долларын құрап, 2003 жылымен салыстырғанда 48 %-ға өсті, оның ішінде экспорт $ 4097,2 млн., импорт $ 6117,9 млн. құрады. әлемдегі басқа мемлекеттермен сыртқы сауда айналымы 22662,4 млн құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 57 % өсті, ал экспорт $ 15999,0 млн.құрап 61 % өсті, импорт $6663,4 млн.құрап, 49 % өсті.
Шикізат тауар экспортын тауарлы құрлымының көбісін алып отыр. Минералды өнімдер мен металлдар тауардың негізгі топтарын құрап отыр, сонда да осы тауарлардың салыстырмалы салмағы өзгерді. Өткен жылдармен салыстырғанда минералды өнімдер ұлғайып, металл өнімдері азаюда. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларының салыстырмалы салмағы 2 % және шикізат өнімі мен металл өніміінң үлесі 1 % қысқарып, минералды өнімдер 4 % көбейді.
Азық-түлік тауарларының өсу көлеміне қарамастан, бидай, арпа жіне еттердің жеткізілу операциясы экспорт қорытындысы бойынша түсті. Металл өнеркәсіп өнімдерін өткен жылдармен салыстырғанда 48 %-ға өсті. Қазақстан өнімінің басты сатып алушылар Швейцария (18,7 %), Италия (15,5%), Ресей (14,1%), Қытай (9,8%), Франция (7,3 %), Виргин аралдары (3,8%), Иран (3,5%), Нидерланд (2,3%), Израиль және Португалия (1,6%), Əзербайжан, Испания, АҚШ және Украина (1,4%) тен алады. ТМД мемлекеттері үшін экспорттың жалпы көлемі 20,4 % құрайды.
2003 жылмен салыстырғанда ТМД мемлекеттеріндегі экспорт 38% өсіп, 4097, $ 2 млн. құрады.
Осы аралықта Қазақстандық өнім, түгел ТМД мемлекеттерінде өсті. Әлемдегі басқа мемлекеттердің жалпы экспорт көлемі 79,6 % үлесін құрады. Қазақстан экспортының көлемін Еуропа мемлекеттері құрайды, олардың салыстырмалы салмағы 54,6 % құрайды, оның 34,8 % Еуропа Одағына әкеледі.
Еуропа мемлекеттерінің арасында Қазақстан экспортының негізгі тұтынушылары Швейцария, Италия, Франция, Нидерланд, Португалия, Ұлыбритания және Германия болып табылады. 2003 жылмен салыстырғанда Еуропа мемлекеттерінің жалпы экспорты 2,6 % өсті.
Азия аймағындағы мемлекеттерге Қазақстандық өнімді жеткізу көлемі 31 % өсті. Қытай Республикасының салыстырмалы салмағы аймақтағы жоғары болып қала береді. Америка елдеріне Қазақстан экспорты 2 есеге қысқарды. Импорт Экспорттың тауарлық құрлымын машина, құрал-жабдықтар, транспрот, химиялық өнімдер және осы салаға байланысты өнісдер, металл өнімін өндіру үшін шикізат жатады. Соңғы жылдарда минералды өнімдерді экспорттау үлесі ұлғаюда. Сол сияқты, металл өнеркәсібінің салыстырмалы салмағы белгіленуде. Экспорттың көбеюі физикалық жеткізудің көлемі секілді, көрсеткіштің тұратындығына байланысты көбеюде. Тауарлардың негізгі топтары бойынша көлем деңгейі өсті, олар: мәшине, құрал, транспорт, құбырлар және аппараттар.
Металл өнеркәсібі, минералды өнім, химиялық өнеркәсіп өнімі бойынша импорттың түсу деңгейі байқалуда. Импорт өнімін негізгі жеткізушілері: Ресей, Германия, Қытай, Украина, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Корея, Өзбекстан, Нидерланд болып табылады. ТМД мемлекеттері Қазақстандық нарықта өнімді импорттаушы болып табылады. Еуропа мемлекетіндегі импорттың жалпы 28,9 % түсуінен 50 % әртүрлі мəшине түрлерін әкелуден, Германия және Италиядан әкелінетін бөлшек құралдардан, жеңіл автокөліктер, Италия жиһазынан өсті. Азия импортының өсуіне Жапония көлігі, Үндістан шайы, Қытай және Жапония құбыры, Қытай және Түркияның аллюминий заттары әсерін тигізді. 2003 жылмен салыстырғанда АҚШ - тің импорты 30 % өсті. Тауардың негізгі бөлігі АҚШ-тан түседі.
Қазақстанның ТМД шеңберіндегі ынтымақтастығы
ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет - Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері
ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды. Достастыққа көпжақты өзара әрекеттестіктің түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады.
ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында Қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды.
Еркін сауда аймағын құру, сауда, ауыл шаруашылық, электр энергетикасы және т.б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда.
Аталған Жоспарда бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету туралы,
Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМД Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда.
Бір жыл- бір тақырып формуласы бойынша жұмыс принципін ескере отырып, 2007 жылы келісілген көші-қон саясаты жөніндегі ұсыныстарды дайындауға арналса (2007 жылғы 5 қазанда Душанбеде тиісті Декларация қабылданды), 2008 жыл келісілген көлік саясаты саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау жылы, ал 2009 жыл - энергетика саласындағы ынтымақтастық жылы.
Жалпы дүниежүзілік бейбітшілік-саяси үдерістер шеңберінде Қазақстанның алдында өзінің тұрақты әрі сенімді экономикалық қуатын арттыру, тұрақты саяси жүйесін кұру, әлеуметтік мәселелерді шешу сияқты жеке мүдделерін жүзеге асыру міндеті тұрды.
Осы тұрғыда біртіндеп жалпы дүниежүзілік проблемаларды ғаламдық түсіну орнай бастайды. Қазіргі кезеңде жаһандану-жекелеген мемлекеттердің тіптен ең қуатты деген мемлекеттердің рөлі мен мүмкіндігі төмендеген, ал өркениеттің, ұлттан жоғары бірлестіктердің және ғаламдық желілер кұрылымының (мысалы, трансұлттық корпорациялар, халықаралық әртүрлі топтар) рөлі жоғарылаған сатысына өтті.
ҚР-да кіретін Орталық Азияда құрамының әртүрлілігінің өсу салдары біржақты емес, себебі бұл жағдай бір жағынан, аймақтағы ұлттық мемлекеттердің тәуелсіздігін нығайтуға деген талпынысын ынталандырса, екінші жағынан, шамадан тыс әртүрлілікке ұмтылушы жағдйды жандандырды. Ғаламдық қауымдастықтың ұдайы өндірісіне қатынасу Орталық Азияға тиімді құрамда болмаса да Атлантика - Еуразия - Тынық мұхит және Атлантика-Еуразия-Үнді мұхиты сияқты мұхиттық - конти-нентальдық байланыстарға кіруге мүмкіндік берді.
Мұндай байланыстарға кіру бір жағынан Ұлы жібек жолы сияқты дәстүрлі коммуникацияларды қайта жандандыруға, екіншіден, әсіресе мұнай-газ құбырлары сияқты қазіргі заманғы коммуникацияларды дамытуға қолайлы жағдай тудырды. Соңғылары, ең алдымен осы байланстарды игеруге ұмтылушы жаңа әріптестер (Қытай, Жапония т.б.) табуға, байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жаһанданудың ықпалымен және исламдық дүниеге байланысты Орталық Азия мұхиттық-континентальдық байланыстар құруға тартылды.
Бұл жағдай қазіргі зерттеушілердің пікірінше дәстүрліліктің локальды факторының көлемі мен тереңдігін өзгертуге қалай әсер етсе, артта қалушылық пен тәуелділік өлшемдерін айтпағанның өзінде жеке алғанда нақтылықты, жалпы алғанда діни фактордың рөлін өзгертуге де солай әсер етеді.Өз кезегінде мәдениет пен дін саласындағы Қазақстанның ТМД елдерңмен қарым-қатынасы бүгінде мүмкіндігінше күшейіп келетінін де айтып өтуіміз керек.
Дамудың Қазақстандық моделі казіргі кезеңде барлық ТМД елдеріне үлгі болуда 1. Мұндай қорытындыны Гарвард университетінде өткен конференцияда дүниежүзінің ғылыми орталықтары мойындайтын танымал сарапшылар жасаған болатын. Осы жағдай халықаралық ғылыми және саяси-практикалық қатынастарда таңдап алған тақырыптың өзектілігін айқындайды.
ТМД-ның құрылуын және өмір сүруін тарихи көзқарас тұрғысынан қарастыру қажет. Достастық елдерінің экономикасы құрылымындағы және оны реформалау деңгейіндегі айырмашылықтар, әлеуметтік - экономикалық жағдайларындағы, геосаяси бағыттарындағы өзгешеліктер елдердің әлеуметтік-экономикалық және әскери-саяси өзара әрекеттерінің үлгісін анықтайды.
1990 жылдардың басында Достастық мемлекеттері арасында негізінен екі жақты экономикалық қарым-қатынастар орын алса, одан кейінгі уақыттарда да ТМД шеңберінде жеке мемлекеттердің әртүрлі бірлестіктері (одақтар, әріптестіктер, альянстар т. т): Белорусь пен Ресей Одағы-екілік, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Орта Азиялық Экономикалық Қауымдастығы - төрттік, Белорусь, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Кедендік Одағы - бестік, Грузия, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан және Молдова альянсы (ГУӘӨМ) т.т. байланыс қатынастар орын алуда.
Осы аталған әртүрлі өлшемдегі және әртүрлі қарқындағы қарым-қатынастық үдерістер бұрынғы КСРО республикаларындағы лидерлердің және қалыптасып келе жатқан ұлттық-саяси элитаның Орта Азиялық төрттікте біркелкі экономикалық кеңістік құрудан бастап, бестікте Кедендік одақ кұру, екілікте мемлекеттердің бірігуіне дейінгі мүдделерін бейнелейтін реальды жағдайдың көрінісін береді. Қайта құру жылдары осы тұрғыда жаһандану барысында түрлі жобалардағы Қазақстанның дүниежүзілік тарихи үдерістегі орны мен рөлін талдаушы көптеген еңбектер жарық көрді.
Бұл еңбектердің авторлары Қазақстан - көптеген өркениеттер, этностар және діндер тоғысына орналасуы себепті де конструктивті интеграцияға айрықша мүдделі. Дәл ҚР-сы XX ғасырдың аяғында басталған қайта құрулардың объективті жағдайлары мен ішкі табыстарына байланысты өзара қарым-қатынастың басты күшіне айналып отыр деген пікірге сүйенеді.
Соңғы жылдары ғалымдар ТМД елдерінің кеңестік өткен кезеңді қайта қарастыруда, оған жаңаша баға беруде көптеген қосымша зерттеулер жүргізіп, КСРО кезіндегі қалыптасқан байланыстарды - қазіргі қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларындағы өзара қатынастарындағы қол жеткен табыстардьң объективті негізі деп алады.
Мысалы, Н.Е. Бекмаханова қазақ және орыс халықтарының әлеуметтік құқьқтары үшін жүргізілген бірлескен күрестеріне, 1812 жылғы Отан соғысына бірге қатынасқандығына, екі халықтың да XIX ғасырдың көрнекті саяси және мәдени қайраткерлерінің шығармашылық байланыстарына тоқталып, одан әрі тереңірек зерттеуді қажет ететін жаңа тақырыптар мен проблемаларды ұсынады
Қазіргі тарихнаманьң негізгі ғимаратын әрине посткеңестік кеңістікті дамыту проблемалары мен нақты сюжеттерге және оған кіруші елдер, олардың арасындағы қарым-қатынастарды дамыту, аймақтағы сыртқы саяси ахуалдың ерекшеліктері мәселелеріне арналған еңбектер құрайды.
Көптеген зерттеулерде ТМД елдеріндегі жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени өзгерістер мәселелерінің кең эмпириялық материалдары салыстырмалы талдаулармен бірге беріліп, тарихи тәжірибені дұрыс түсін-діруге және ұзаққа созылған қоғамдар эволюциясының тенденцияларын ашуға бағытталған мазмұнды қорытындылар жасалған.
Ғалымдардың посткеңестік елдер арасындағы ынтымақтастықтың тиімді түрлерін іздестіруге қарай ұмтылысы Еуропадағы осыған ұқсас интеграциялар тәжірибесін зерттеуге деген заңды кызығушылығын туғызды.
М.В. Стрежневаның зерттеулері әлеуметтік мәдени тұрғыдан алғанда Еуропалық Одақ пен ТМД арасындағы салыстырмалылыққа құрылған. Автор, проблемаға тарихи-философиялык кең шолу жасай отырып, аймақтық бірлестіктердің кұрылуын, ұйымдастырушылық түрлері мен қызметін қарастырады. ТМД елдерінің экономикалық және саяси қарым-қатынасының келешегі, институционалдық жүйелерінің ортақ белгілері мәселелеріне тоқталады .
КСРО кезеңінде қалыптасқан біркелкі экономикалық біртұтастықтың ыдырауының себебінен туған дағдарыс салдарларын жою жолдары, ТМД - ның барлық елдері үшін өте маңызды болып есептелетін экономикалық ынтымақтастық проблемалары бірқатар еңбектерде жинақталған. Бұл еңбектер интеграцияның халықаралық тәжірибесін салыстырмалы түрде зерттейді
ТМД-ның құрылуы, ұйымдастырылуы және құқықтық қалыптасуы, функциясы механизмдері мен қызметіндегі сәтсіздіктер себептері тарихына арналған қомақты еңбектер тобын атауымызға болады. Зерттеушілер негізінен Достастық елдерінің экономикалык өзара байланыстары динами-касын, саяси-құқықтық базасындағы өзгерістерді, оның дамуының ағымдағы, соның ішінде - мәдениет, әлеуметтік, қауіпсіздік салаларындағы проблемаларға назар аударады. Бұл еңбектерде Қазақстанның халықаралық байланыс үдерістеріндегі рөлі фрагментті ғана беріледі.
Көптеген авторлар Достастықты бұрынғы кеңестік республикалардың өркениетті ажырасуының құралы ретінде ғана көріп, бұл саладағы табыстарды баяндай отырып, ТМД шеңберіндегі қалыптасқан өзара байланыстың тәжірибесін тиімсіз деген пікірге келеді 7.
Интеграцияның әртүрлі деңгейдегі формаларын ұйымдық бекіту динамикасы ғалымдар назарын Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) және Біртұтас экономикалык кеңістік (БЭК) сияқты болашағы зор ұйымдар тәжірибесін және мемлекетаралық өзара әрекеттің экономикалық аспектілерін зерттеуге қарай ауыстырады
Сол сияқты ЕурАзЭҚ-ғы экономикалық әріптестіктің басты бағыттарын, Еуропалық Одақ (ЕО), Солтүстік-Америкалық еркін сауда аймағы (НАФТА), Латынамерикалық жалпы рынок (МЕРКОСУР), Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақ-тастық форумы (АТМЭЫФ) т.б. осындай кооперациялар мен ынтымақтастық шеңберіндегі негізгі интеграциялық бірлестіктердің жемісті тәжірибелерін басты қозғаушысы әрі көшбасшысы рөлін атқара алады

1.2 ТМД-ның құрылу принциптері

Жалпы тақырыптың тарихнамасында салыстырмалы түрде алғанда 1992-2005 жылдарда ТМД елдері арасындағы байланыс мәселелерін зерттеуде ғалымдардың жиі назар аударған саласы экономикалық сала болып қала береді және бұл көбінесе Қазақстан мен Ресей арасында карастырылады.
Сондықтан біз бітіру жұмысымызда тараулардың басым көпшілігінде Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынастарына көбірек назар аудадық .Сол сияқты, ТМД елдері арасындағы халықаралық қауіпсіздікті қорғаудағы бірлескен күрес, өзара ықпалдастықтың ұйымдық-құқықтық базасын жетілдіру т.т. проблемалар талдауына да біраз еңбектер арналған.
Мысалы, С.Л. Ткаченко мен С. Петерманн КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңдегі ТМД елдері арасындағы әскери саладағы қатынастарына, оған Солтүстік Атлантикалық Альянстың ықпалына тоқталады. 1992 жылғы Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне қол қойысу тарихы мен оның, жүзеге асырылуына, Келісімнің әскери одаққа трансформациясына, 2000 жылдан кейінгі кезеңдердегі Ресей Федерациясының сыртқы және қауіпсіздік саясатындағы өзгерістерге назар аударылады.
Мәдениетаралық өзара байланыстарды қарастыруда достастықты нығайту-дың мемлекетаралық түрлері мен құралдарына, ғылыми, шығармашылық, білім мекемелерінің мемлекеттік емес, жеке құрылымдарынан гөрі кәсіби мемлекеттік жағына ғана көбірек көңіл бөлінеді. Оның ішінде де ең жиі зерттеу тақырыбына айналған мәселе - білім беру үдерісін дамыту саласындағы ынтымақтастық .
Көптеген авторлар, Қазақстанның жалпы сыртқы саясатының, халықаралық қызметінің әртүрлі бағыттарына, жекелеген сюжеттеріне, аспектілеріне, экономикалық әсіресе энергоресурстар саласындағы ынтымақтастыққа, көбіне Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара әрекет өлшемдеріне тоқталады.
Аталған бағыттағы жұмыстар қатарына А.Е Есенбаевтың, Е.Б.Жатқанбаевтың, Б.Сомжуректің, Т.А.Толеубаевтың, Н.Исингарин мен С.Масакованың, А.Иваситаның т.б. еңбектерін 12 атауға болады. Мысалы, Т.А. Мансуров пен Қ.К.Тоқаевтың еңбектерінде әртүрлі құжаттар мен жеке дипломатиялық тәжірибелері негізінде Ресей және ТМД-ның басқа елдерімен интеграцияны дамыту мақсатындағы ҚР-ның сыртқы саяси стратегиясы мен халықаралық қызметі баяндалады.
Отандық ғылым жақын арада А.Шайхутдинов пен С. Абдулпаттаевтың Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мәселелеріне арналған Қазақстан Президенті Қоры жанындағы дүниежүзілік экономика және саясат институты даярлаған еңбекпен толықты.Авторлар елдің сыртқы саяси бағыты динамикасын, проблемалық-хронологиялық және жағрафия-елдік талдауларын қоғамның жаңаруының ішкі саяси, экономикалық міндеттерімен байланысты қарастырады.
Сол сияқты интеграциялық үдерістерге, Қазақстанның әсіресе ортаазиялық көршілес мемлекеттермен, Ресеймен қарым-қатынастары мәселелеріне көңіл аударады.
Ғалымдардың бұл бағыттағы шынайы даму үдерісіне Астананың бастаушы болғандығы, оның заңдылығы жөніндегі пікірлерін толық қолдаймыз.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері 1991-2001 жж. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінге дейінгі жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең Кеңестер Одағының ыдырап, мемлекеттің негізі құрылуымен, экономика мен саяси жүйенің терең кұрылымдық өзгерістерінің іске асуымен ерекше. ҚР-сы Халықаралық ЕурАзЭҚ т.т. шеңберінде белсенді қарым-қатынас жасауда.
Зерттеудің максаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен қарым-қатынасындағы экономикалық, саяси, мәдени жағдайларын анықтау.
Содай-ақ, қоғамның жаңаруы мен демократиялық қайта құруларды тиімді жүзеге асыру мақсатында жүргізген саяси-құкықтық, әлеуметтік-экономикалык, әскери-саяси және гуманитарлық салалардағы халықаралық өзара қарым-қатынастарының нақты-тарихи түрлерін, әдістері мен нәтижелерін қарастыру, осы үдерістегі Қазақстанның орны мен рөлін, қосқан үлесін анықтау, талдау және қорытындылау.
Осы мақсат жолында автор өзінің алдына мынандай міндеттер қояды:
ТМД кеңістігіндегі Қазақстанның қарым-қатынастары мен интеграциялық үдерістердің тарихи алғышарттары мен жағдайларын қорытындылау;
бұрынғы кеңестік республикалар арасындағы қарым-қатынас үдерісі қалыптасуының саяси-құқықтык механизмдері мен түрлеріне, ондағы Қазақстан Республикасының рөліне талдау жасау;
Қазақстанның Орталық Азиядағы саяси, этникалық, діни және мәдени үдерістердегі рөлін аша отырып, оның интеграцияға және елдің жалпы дамуына әсерін анықтау;
ТМД мемлекеттерінің халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықтағы Қазақстан мен әртүрлі елдердің екіжақты мүдделерін анықтау.
Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысыы кіріспе, екі тарау, қортынды және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
ҚР-да кіретін Орталық Азияда құрамының әртүрлілігінің өсу салдары біржақты емес, себебі бұл жағдай бір жағынан, аймақтағы ұлттық мемлекеттердің тәуелсіздігін нығайтуға деген талпынысын ынталандырса, екінші жағынан, шамадан тыс әртүрлілікке ұмтылушы жағдйды жандандырды.
Ғаламдық қауымдастықтың ұдайы өндірісіне қатынасу Орталық Азияға тиімді құрамда болмаса да Атлантика - Еуразия - Тынық мұхит және Атлантика-Еуразия-Үнді мұхиты сияқты мұхиттық - конти-нентальдық байланыстарға кіруге мүмкіндік берді. Мұндай байланыстарға кіру бір жағынан Ұлы жібек жолы сияқты дәстүрлі коммуникацияларды қайта жандандыруға, екіншіден, әсіресе мұнай-газ құбырлары сияқты қазіргі заманғы коммуникацияларды дамытуға қолайлы жағдай тудырды. Соңғылары, ең алдымен осы байланстарды игеруге ұмтылушы жаңа әріптестер (Қытай, Жапония т.б.) табуға, байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жаһанданудың ықпалымен және исламдық дүниеге байланысты Орталық Азия мұхиттық-континентальдық байланыстар құруға тартылды. Бұл жағдай қазіргі зерттеушілердің пікірінше дәстүрліліктің локальды факторының көлемі мен тереңдігін өзгертуге қалай әсер етсе, артта қалушылық пен тәуелділік өлшемдерін айтпағанның өзінде жеке алғанда нақтылықты, жалпы алғанда діни фактордың рөлін өзгертуге де солай әсер етеді .
Өз кезегінде мәдениет пен дін саласындағы Қазақстанның ТМД елдерңмен қарым-қатынасы бүгінде мүмкіндігінше күшейіп келетінін де айтып өтуіміз керек. Дамудың Қазақстандық моделі казіргі кезеңде барлық ТМД елдеріне үлгі болуда.Мұндай қорытындыны Гарвард университетінде өткен конференцияда дүниежүзінің ғылыми орталықтары мойындайтын танымал сарапшылар жасаған болатын.
Осы жағдай халықаралық ғылыми және саяси-практикалық қатынастарда таңдап алған тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Тақырыптың зерттелуі. ТМД-ның құрылуын және өмір сүруін тарихи көзқарас тұрғысынан қарастыру қажет. Достастық елдерінің экономикасы құрылымындағы және оны реформалау деңгейіндегі айырмашылықтар, әлеуметтік - экономикалық жағдайларындағы, геосаяси бағыттарындағы өзгешеліктер елдердің әлеуметтік-экономикалық және әскери-саяси өзара әрекеттерінің үлгісін анықтайды.
1990 жылдардың басында Достастық мемлекеттері арасында негізінен екі жақты экономикалық қарым-қатынастар орын алса, одан кейінгі уақыттарда да ТМД шеңберінде жеке мемлекеттердің әртүрлі бірлестіктері (одақтар, әріптестіктер, альянстар т. т): Белорусь пен Ресей Одағы-екілік, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Орта Азиялық Экономикалық Қауымдастығы - төрттік, Белорусь, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Кедендік Одағы - бестік, Грузия, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан және Молдова альянсы (ГУӘӨМ) т.т. байланыс қатынастар орын алуда.
Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т.т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.
Жалпы дүниежүзілік бейбітшілік-саяси үдерістер шеңберінде Қазақстанның алдында өзінің тұрақты әрі сенімді экономикалық қуатын арттыру, тұрақты саяси жүйесін кұру, әлеуметтік мәселелерді шешу сияқты жеке мүдделерін жүзеге асыру міндеті тұрды. Осы тұрғыда біртіндеп жалпы дүниежүзілік проблемаларды ғаламдық түсіну орнай бастайды. Қазіргі кезеңде жаһандану-жекелеген мемлекеттердің тіптен ең қуатты деген мемлекеттердің рөлі мен мүмкіндігі төмендеген, ал өркениеттің, ұлттан жоғары бірлестіктердің және ғаламдық желілер кұрылымының (мысалы, трансұлттық корпорациялар, халықаралық әртүрлі топтар) рөлі жоғарылаған сатысына өтті.
ҚР-да кіретін Орталық Азияда құрамының әртүрлілігінің өсу салдары біржақты емес, себебі бұл жағдай бір жағынан, аймақтағы ұлттық мемлекеттердің тәуелсіздігін нығайтуға деген талпынысын ынталандырса, екінші жағынан, шамадан тыс әртүрлілікке ұмтылушы жағдйды жандандырды. Ғаламдық қауымдастықтың ұдайы өндірісіне қатынасу Орталық Азияға тиімді құрамда болмаса да Атлантика - Еуразия - Тынық мұхит және Атлантика-Еуразия-Үнді мұхиты сияқты мұхиттық - конти-нентальдық байланыстарға кіруге мүмкіндік берді. Мұндай байланыстарға кіру бір жағынан Ұлы жібек жолы сияқты дәстүрлі коммуникацияларды қайта жандандыруға, екіншіден, әсіресе мұнай-газ құбырлары сияқты қазіргі заманғы коммуникацияларды дамытуға қолайлы жағдай тудырды. Соңғылары, ең алдымен осы байланстарды игеруге ұмтылушы жаңа әріптестер (Қытай, Жапония т.б.) табуға, байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді.
Елдегі жүйелік экономикалық қайта құру жолындағы өткен онжылдықты белгілі бір кезеңдерге бөліп қарауға болады. Алғашқы кезең 1992 -- 1993жж. яғни экономиканы түпкілікті реформалаудан өз төл ақшамызды шығаруға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңде макроэкономикалық саясат Ресейде белгіленетін еді. Жалпы республиканың бүкіл экономикасы көрші елді қабылданған шешімдерге тәуелді болатын. Инфляция бұрын болмаған қарқынмен өсті. Өткен жылдың желтоқсанының басындағы процентке шаққандағы тұтынушылық құн индексі 1992ж. соңында -- 3060-ты, 1993ж. -- 2265-ті құрады.
Елдегі нарықтық қайта құрулардың екінші кезеңі 1993ж. қарашадағы ұлттық валютаның енуімен және дербес макроэкономикалық саясаттың қалыптасуымен басталды. Ол салық салу, бюджеттік және банктік салалардағы, сыртқы экономикалық жұмыстардағы, оның ішінде шетел капиталын тарту мен кеден ісі, нарықтарды дамыту мен нарықтың инфра-құрылымдардағы қатынастарды қалпына келтіріп отыратын нормативтік-құқықтық базаның құрылуымен ерекшеленеді.
Инфляцияға қарсы қатаң саясат жүргізілуінің нәтижесінде қаржы тұрақтылығы бойынша алғашқы айтулы нәтижелерге қол жетті, тұтынушылық құн индексі 1994ж. 1258-ге, 1995ж. 160,3-ке, 1996ж. 128,7-ге түсіп, теңгенің валюталық бағамы тұрақталды, бюджеттегі жетіспеушілік азайды, бірқатар экспортқа бағытталған өнеркәсіп салаларындағы өндіріс тұрақты күйге түсіп, біраз жандана түсті.
Реформаның екінші кезеңінің ең басты нәтижесі жаңа экономикалық ахуал болды. Осы ахуалдың нәтижесінде әкімшілік-командалық экономиканы рыноктық экономикаға көшіру процесі маңызды жүйелік қайта құрулардың негізінде қарқынды сипатқа ие болды. Олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналарды жатқызуға болады.
Экономиканы либерализациялау. Нарықтық регуляторлардың іске қосылу, шаруашылық өмірдегі мемлекеттік регламентация формаларының қысқаруы, сыртқы экономикалық жұмыстардың либерализациялануы, шетел капиталына есік ашылуы, тұрақты валюталық режимге қатысты қамсыздандыру шаралары негізінде трансформациялық жүйенің осы ең маңызды саласын жете келтіруде көңіл толарлықтай ілгерілеу пайда болды.
Мемлекет өз қажетін өтеу үшін рыноктың басқа субъектілерімен тең дәрежеде бірігіп жұмыс істей бастады және форвардтың, фъючерстік және т.с.с. шарттарды пайдалана отырып, биржалық сауданы дамытты.
Өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің барынша шектелген шеңбері бойынша мемлекеттік қадағалау механизмін сақтай отырып, еркін баға қою және сұраныс пен ұсынысқа жауап бере алатындай олардың құрылымдарын қалыптастыру принциптерін жүзеге асыру басталды.
Жеке секторы басым көп қырлы экономика негізінің қалануы. Ортақ экономикалық орта өзгерді, нарыққа бағытталған шаруашылық құрылымдарының дамуы, көп қырлы экономика негізінің орнауы және кеңеюі, іскер және жауапкершілікті мойнына алатын меншік иелерінің қалыптасуы үшін жағдай жасала бастады.
Едәуір кідірістерге қарамастан жекешелендірудің кең көлемді процесі аяқталды.
Мемлекет меншігінен айыру және жекешелендіру, жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті қайта жасау бағдарламаларын жүзеге асыру, кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және монополиясыздандырудың өткен кезеңдерінің заңды салдары ретінде экономикадағы дамыған жеке сектордың қалыптасуы, тәртіптің рыноктық үлгілеріне мойын бұрған меншік иесінің аяғынан тік тұруы басталды, сондай-ақ кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің дамуы, рыноктың бәсекеге қажет базаларды кеңейту мен қолайлы жағдайлар жасау өріс алды.
Нарықтық экономика мен инфрақұрылымда институттарының дамуы. Рыноктық инфрақұрылымның негізі қаланды.
Оған банктер желісі, инвестициялық және сақтандыру компаниялары, биржалар, аудиторлық фирмалар және басқа да шаруашылық субъектілеріне қызмет ететін, олардың өнім өндіру ісіне, қызметтеріне деген сенімділіктерін арттырып, коммерциялық тәуекелді азайтуға септігін тигізетін объектілер кіреді.

2. ТМД КЕҢІСТІГІНДЕ САЯСИ ҚАТЫНАСТАР
2.1. ТМД-ның органдары

Егер ТМД-ның басқа мемлекеттері үшін бұл бірлестікке қатысудың экономикалық себептері басым болса, Ресей үшін мұның стратегиялық маңыздылығы да болды. Ресейдің ТМД елдерімен ынтымақтастығының Стратегиялық бағыт-бағдарында бұл елдермен қатынастардың Ресей үшін басымдығы белгіленді. Бұл құжатта ТМД аумағында Ресейдің экономика, қорғаныс, қауіпсіздік, ресейліктердің құқықтарын қорғау бойынша маңызды мүдделері бар және ТМД елдерімен тиімді ынтымақтастық Ресейдің ішіндегі ыдыратушы күштерге қарсы тұратын фактор ретінде қарастыралады делінген.
ТМД-ға қатысты Ресей саясатының басты мақсаты ретінде әлемдік қауымдастықта лайықты орын ала алатын мемлекеттердің экономикалық және саяси ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КСРО-ның тарап кету себептері, тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТАР
АЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ИНТЕГРАЦИЯСЫ
Тәуелсіз Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынасы
ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ – ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛ РЕТІНДЕ
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің саяси жүйесі
Қазақстан және халықаралық ұйымдар туралы
Саясат - бүкіләлемдік құбылыс
Еуразиялық ой - Қазақстанның жаһандану үніне қарсылығы ретінде
ТМД елдерінде ортақ валютаны қабылдау Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Пәндер