Балалардың есту қабілетін дамыту үрдісі
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
инжиниринг университеті
Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Есту бұзылыстары бар балаларды жалпыға білім беру мектепте оқыту шарттары
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В011300-Педагогика және психология мамандығы
Орындаған: Айтбайкызы Ару, 2 курс студенті
оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А.Р., аға оқытушы
_____________________
Курстық жұмысты
қорғау уақыты ___ ___ 2020 ж.
Бағасы _____________
Ақтау, 2020
___ ___ 2020 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
1 ЕСТУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Есту бұзылыстары бар балаларға жалпы сипаттама және инклюзивті оқыту теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-7
Естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған оқушыларды оқытуды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-13
2 ЕСТУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІ
2.1 Инклюзивті білім беру жағдайында есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) оқушыларды оқыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-22
2.3 Есту қабілеті бұзылған оқушылармен инклюзивті тәжірибе ... ... ... ... ... ..22-24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс өзектілігі. Курстық жұмыстың өзектілігі: Осы курстық жұмыста балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың тәсілдері мен жолдары қаралады. Есте сақтау қабілеті - бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістен тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Есте сақтау қабілеті адамға қажет. Ол оған өмірлік тәжірибені жинақтауға, сақтауға және кейін де пайдалану мүмкіндігін береді. Білім мен дағдыларды бекітудің бәрі есте сақтау қабілетінің жұмысына жатады. Осыған сәйкес психологиялық ғылым алдында есте сақтау қабілеті үрдісін зерттеу бөліміне енетін бірқатар күрделі мәселелер тұр.
Бүгінгі күнде есте сақтау қабілетін зерттеумен түрлі: психология, биология, медицина, генетика және тағы басқа да ғылым өкілдері айналысады. Осы ғылымдардың әр қайсысында есте сақтау қабілетінің теориялары бар: психологиялық (Г. Эббингауз, К. Левин, П. Жане), биогенетикалық (И.П. Павлов, И.М. Сеченов), физиологиялық (Л.С. Выготский). А.А. Смирнов пен П.И. Зинчеконың зерттеулері есте сақтау қабілетін үрдіс ретінде қарастырып, есте сақтау қабілеті баланың мағыналы қызметі ретіндегі жаңа және маңызды заңдарды ашты. Есте сақтау қабілеті қандай да бір жеке функциямен емес, ол тұлғамен, оның ішкі дүниесі, қызығушылықтары, ынтасымен тығыз байланысты. Сондықтан даму мен жетілу баланың дамуымен қатар жүреді.
Бүгінде есте сақтау қабілеті үрдістерін зерделеудің көптеген әдіс-тәсілдері бар, негізінен оларды түрлі деңгейлі деп есептеуге болады, өйткені психологиялық қызметтің осы күрделі жүйесін психологиялық, физиологиялық және нейрондық, сондай-ақ биохимиялық деңгейде зерттейтін есте сақтау қабілетінің теориялары бар. Көптеген теория бүгінде болжам түрінде қала береді.
Қазіргі уақытта көптеген елдер, оның ішінде АҚШ, Жапония, Англия,
Канада, Германия, Венесуэлла білім беру жүйесіне қомақты жаражат жұмсайды, тілдік теорияны үйрету үрдісінде есті дамыту деңгейін арттыруға арналған күрделі құрылғылар мен жүйелер ойлап табуда.
Есте сақтау қабілетін зерттеумен Г. Эббингауз, З. Фрейд, А. Бине, К. Бюлер, А.Н. Лентьев, А.Р. Лурия, С.Л. Рубинштейн, Б.В. Зейгарник, Л.С. Выготский және т.б. көптеген шетел және отандық ғалымдар айналысқан.
Бүгінгі күнде де есте сақтау қабілетін зерттеумен медицина, генетика, психологияы, кибернетика және басқа ғылымдар өкілдері айналысуда.
Біз зерттеу тақырыбын мәселенің актуалды болуына байланысты таңдадық. Психолого-педагогикалық әдебиетті зерттеуде біз мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту қажеттілігі және тілдік теорияны үйрету үрдісіндегі мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту бойынша әзірлемелер саны аз болуы арасында қарама-қайшылықты айқындадық.
Айқындалған қарама-қайшылық: тілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау зерттеу мәселесін белгілеу мүмкіндігін берді.
Зерттеу пәні: оқыту үрдісінде балалардың есту қабілетін дамыту жағдайлары.
Зерттеу нысаны: Балалардың есту қабілетін дамыту үрдісі.
Зерттеу мақсаты: оқыту үрдісінде балалардың есту қабілетінің дамуы деңгейін теориялық айқындау және тәжірибе-эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті үйрету.
2. Мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілеті дамуының ерекшеліктерін анықтау.
3. Тілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау.
Зерттеудің болжамы: Зерттеу тақырыбы бойынша психолого-педагогикалық әдебиетті зерделеу мынадай болжам жасау мүмкіндігін берді. Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту табысты өтеді, егер тілдік теорияны үйрету үрдісінде көрнекілік пайдалану; мағыналы жаттаудың оңтайлы тәсілдеріне үйрету, есте сақтау өнімділігін арттыруға бағытталған жаттығулар, мектепке дейінгі жас балаларында жанама есте сақтауды қалыптастыру, яғни есте сақтау үшін қосымша құралдарды пайдалану, оның ішінде символ-белгілер сияқты жағдайлар жасалса.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті теориялық талдау және жалпылау, оқу-тәрбие үрдісін бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық экспериментті талдау әдісі, мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістері.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Балалардың есту қабілетін дамыту жүйесімен оқытудың әдістемелік тұғыр арқылы жасалған өзіндік құрылымдық - мазмұндық болмысы мен технологиясы туралы теориялық түйіндер мен дидактикалық ұстанымдар жүйесінің құрамдас бөлшегі ретінде ағылшын тілін жаңаша жаңғыртып оқытуға қосылған үлес ретінде таныла алады.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Жұмыста қарастырылған нәтижелер арнайы мектептерде есте сақтау дағдысын қалыптастырудың тиімді жүйесі ретінде ақпараттық технологияны, компьютерді мультимедианы қолданудың артықшылығы тәжірибе жүзінде дәлелденіп, негізделді; зерттеу нәтижелерін мектепте ағылшын тілі сабағында қолдануға болады.
Құрылымы: курстық жұмыс кіріспе, қорытынды, екі тараудан турады. Жұмыс соңында әдебиет тізімі берілген.

Есту бұзылыстары бар балаларға жалпы сипаттама және инклюзивті оқыту теориясы
Есту қабілетінің сол немесе басқа деңгейлері әр түрлі жастағы балаларда жиі кездесе бермейді. Тіпті ерте жастағы есту қабілетінің маңызды емес бұзылыстары да баланың сөйлеу тілінің құрылысына өзіндік кері әсерлерін тигізеді. Кереңдік және саңыраулықтың ауыр түрі кезінде балаға арнайы оқыту ұйымдастырылмаса сөйлеу тілін меңгере алмайды.
Себебі, бала өзінің дауысын және қоршаған ортаның сөйлеу тілін естімегендіктен еліктей алмайды. Естімейтін баланың сөйлеу тілінің жылдам дамымауы немесе оның болмауы баланың қоршаған ортамен байланысына, танымдық әрекеттерімен тұлғасының дамымауына әкеліп соқтырады.
Саңыраулықтың және кереңдіктің 30-50%-ы генетикалық факторлардың әсерлерінен болған жағдайлардан туындайды. Есту қабілеті бұзылыстарының тұқым қуалаушылығынан болған кейбір түрлері прогрессивті түрде болып келеді. Кейде олар басқа бұзылыстарымен сәйкес келуі мүмкін: көру интеллектісінің, бүйрек ауруларымен, сүйек-бұлшықеттерінің жүйесімен, тері және басқа да бұзылыстарымен. Есту қабілетінің бұзылыстары әр түрлі ішкі ұрыққа әсер ететін, босану кезінде немесе босанғаннан кейінгі кезде пайда болуы мүмкін. Себептердің арасында есту қабілеті жүйесіне зиян келтіретін ішкі ұрық инфекциялары, әсіресе қызылша, анасының бірінші, үшінші апталығының жүктілік кезінде басынан кешкен, сонымен қатар тұмау, туғаннан бастап сифилис, токсоплазмоз, цитомегалия және т.б. болуы мүмкін. Сәбилік шақтағы ядролық сарыауру, анасының және балалардың резус-факторы немесе қан топтарының сәйкес келмеуі де есту қабілетінің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін. Есту нервтері әсіресе сәбилік шақтағы интоксикацияның әсеріне сезімтал болып келеді. Есту қабілетінің бұзылыстары дұрыс жетілмеген балаларда кездесетіні дәлелденген. Бұл бұзылыстар әсіресе анасының қанымен сәйкес келмегенде және ұрықтың резус-факторларымен қан топтарымен сйкес келмегендіктен өсе бастайды, және жетілмеудің кесірінен әр түрлі нерв жүйесімен басқа ағзалардың дамымауы пайда бола бастайды.
Есту қабілетінің бұзылыстары анасының ішімдікті пайдаланғаннан пайда болуы да мүмкін. Балалармен ересектердегі есту бұзылысы функцияларының классификациясы дәрігер-отоларингологтардың ғана емес, сонымен бірге сурдопедагогтардың да қызығушылықтарын тудырады. Отоларингологияда есту бұзылыстарының профилактикалық ауруларын емдеуге рұқсат етуден медициналық классификациялар өңделіп жасалған. Педагогикалықклассификация әр түрлі топтағы есту қабілеті бұзылған адамдарға дифференсациялық қолдауда оқыту және абилитациялық көмек көрсетуге құрылған. Ресейдегі медициналық классификация арасынан кереңдік және саңыраулық классификациясы бойынша Л.И.Нейманның классификациясы кеңінен таралды (1961).
Бұл классификацияның ерекшелігін саңыраулық диагнозы есту арнасының қабылдау көмегімен және көлеміне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бұл классификацияны тональдық аудиометриямен сөйлеу арқылы классификацияны белгілейміз. I топ. Ең төменгі арнаны қабылдайтын саңырау балалар (125-150гц). Бұл балалар құлақ түбіндегі өте қатты дыбыстарға, айқайға реакция береді. II топ. Есту арнасын қабылдайтын саңырау балалар (150-500гц). Олар о, у дыбыстарын ажырата біледі. III топ.(125000гц) арасындағы есту арнасын қабылдайтын балалар. IV топ. (125-2000гц) арнаны қабылдайтын балалар. III-IV топтағы балалар жақын жердегі дыбыстарды ажырата алады. IV топтағы балалар барлық дауысты дыбыстарға, қысқа сөздерге реакция беріп, ажырата алады. VI топтағы балалар барлық дауысты дыбыстарға, қысқа сөздерге реакция беріп, ажырата алады.
Нашар естушілік түрлі деңгейде сипатталады. Л.В.Нейман нашар еститін балалардың 3 тобын анықтады: 1.Сөйлеу диагнозы кезіндегі естудің төмендігі 50 дб-ден аспаса, есту арнасы 125-8000 гц. Мұндай балалармен сөйлесуге, қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік туады. 1 метрден артық қашықтықта тұрып, ауыз екі сөйлесуге болады. 2.70 дб. Қарым-қатынасқа түсу қиын, 1 метр қашықтықта тұрып сөйлесуге болады.
3.75-80 дб. Сөйлесуде қатты дауыстар арқылы құлақ түбінде отырып, сөйлесуге болады. Нейманның ұсынуымен 15-20 дб есту қабілеті төмен балалармен қарым-қатынас жасауға болады. Медицинада балалардың есту жағдайларын бағалау ХАЖ бойынша есту қабілеті бұзылысының классификациясын пайдаланады. Орташа деңгейдегі естудің бұзылуы 500000-2000гц арасында анықталады. 1 деңгейдегі естудің төмендеуі 40 дб аспайды. 2 деңгейдегі естудің төмендеуі 40-55 дб аспайды. 3 деңгейдегі естудің төмендеуі 55-70 дб. 4 деңгейдегі 70-90 дб. 90 дб артық естудің төмендігі саңыраулық болып табылады.
Адамның есту қабілеті - оның туған кезінен бастап әрекет етеді. Әр түрлі биіктіктегі немесе тербелмелі жиіліктегі дыбыстарды қабылдай алады. Адамдар төменгі шегі, секундына жиілігі 16 тербеліспен жоғарғы шегі секундына 2000 тербелісті қабылдайды.
Адамдардың есту қабілетінің ерекшелігі, оның тілдегі дыбыстарды, тек қана психикалық құбылыс емес, мағына беретін бірлік-фонема ретінде қабылдау. Бұл қасиет адамда сенсорлық сөйлеу орталығының болуымен қамтамасыз етіледі. Ол бас миының сол жағының жоғарғы санатының артқы бөлігінде орналасқан. Бұл ортаның жұмыс істемей қалса сөйлеу тілі қабылдауы және талдау процестері бұзылады.Бұл ретте үн мен қабылдау сақталады. Бірақ үн үнмен сөйлеуді ажырату қасиеті жойылып, сенсорлы афазия пайда болады. Біздің есту мүшеміздің сезімталдығы өте жоғары. Дұрыс есту қабілеті бар адамдар дабыл жарғағының өте аз тербелісін тудыратын дыбыстарды ести алады. Адам жасының ұлғаюына сай дыбыстардың сезімталдығы өзгереді. -- 20-15 жаста есту қабілеті өте жоғары. -- 40 жаста 2000 гц -- 40-60 жаста 2000 гц -- 60 жастан кейін 1000 гц Қаттылығы жоғары дыбысты естігенде жаңа туған нәрестенің жауап реакциясын байқауға болады. Мысалы, демалуы өзгеріп, т.б. әсерлер болады. 3 айға толғанда нәресте дыбыстарды сапасына қарай (тембр,үн, биіктігі) ажыратады.
1.2 Естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған оқушыларды оқытуды ұйымдастыру
Естімейтін (саңырау) балалардың ерекшелігі
Саңыраулықта есту аппараты бөлігінің дыбысты қабылдау қызметі бұзылады, негізгі сөйлеу жиілігі 80-85 дБ-ден төмен емес орташа қабылдау шегінде аудиометрдің үнді қабылдауы көбінесе 125 - 4000 Гц арасында өзгеріп отырады.
Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік бермейді. Естімеуі немесе нашар естуі баланы ең маңызды ақпарат көзінен айырады, әсiресе егер ол ерте жаста естуден айырылса сөйлеу және психикалық дамуының тежелуіне әкеледі.
Психофизикалық дамуында артта қалушылықты көрсету дәрежесi әр түрлi себептерге, есту қабілетінің нашарлау уақыты мен ауырлығына байланысты болады.
Есту қабілеті ерте бұзылса және ауыр болса баланың психологиясы және сөйлеу тілі тежелуі айқын. Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілеті нашар балалардың психологиялық процестерінің дамуына теріс әсер етеді, олардың танымдық қызметінің өзгеруіне алып келеді.
Қазiргi уақытта сурдопедагогикада жалпы бiлiм беру деңгейінде естімейтіндердің еститiндермен тең дәрежеде оқуына мүмкiндiк беретін, есту қабілетінің бұзылу салдарын жеңілдететін арнайы тәсілдер әзірленген.
Тілдің лексикалық қорын, оның грамматикалық заңдылықтарын меңгеру, қарым-қатынас құралы ретінде тілді меңгеру естімейтін әлемдегі өмірдің әлеуметтік проблемаларын кеңінен шешуге мүмкіндік береді.
Белгілі болғандай, оқу-танымдық қызмет есту қабілеті тұрақты бұзылған балаларға даму мүмкіндіктерін береді.
Ол естімейтіндердің танымдық қызығушылығын және зияткерлік қабілеттерін дамытады, оқуға әлеуметтік себептерін қалыптастырады.
Меңгерген ғылыми білімі, жалпы оқу және арнайы біліктілігі балалардың ой-өрісін кеңейтеді, жан-жақты дамуы үшiн жағдай жасайды. Қалыптасқан ауызекі сөйлеу және психикалық процестерді дамыту, толығымен естімейтіндердің білім деңгейін жетілдіруге ықпал етеді, негізгі орта білім беруді қамтамасыз етеді.
Барлық жоғарыда аталған естімейтін балаларды дамыту ерекшеліктері, және оларды еститіндермен тең білім алу құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігі арнайы әзірлемелердің маңыздылығын анықтайды. Оқытудың әрбір кезеңіндегі нақты психологиялық-педагогикалық міндеттерді нақты шешуге мүмкіндік беретін жағдайлар естімейтіндерді бейімдеуге және әлеуметтік оңалтуға мүмкiндiк туғызады.
Нашар еститін балалардың ерекшеліктері
Нашар еститін балалардың естімейтін балалардан айырмашылығы қалдық есту мүмкіндігін оқу процесінде қоршаған ортаны тану және адамдармен қарым-қатынаста жеткілікті деңгейде тиімді пайдалануы мүмкін.
Есту қабілеті жоғалған бiрақ сөйлеу тілі сақталған, кейіннен естімей қалған балалардың да артықшылықтарын атап кету керек. Осы балалардың сөйлеу қабілетінің сақталу дәрежесі бірқатар төмендегі факторларға әсер етеді: естімеуі басталған уақыт, баланың өсуі мен даму ерекшеліктері, қалдық есту қабілетінің деңгейі, баланың ауызша сөйлеуін дамыту жұмысының сапасы.
Дамудың кейінгі кезінде пайда болған естімей қалу, егер балада оқу және жазу дағдылары қалыптасқан болса, айтарлықтай түрде сөздік қорын бұза алмайды.
Нашар еститін балалар 75 дБ аспайтын сөйлеу жиілігінің аймағында (500-ден 2000 Гц) есту қабілетінің төмендеу дәрежесінің тәуелділігіне қарай дыбысты ажыратады.
Сөзді нашар еститіндердің дамымаған және бұрмаланған сөздiк қорының жұтаңдығы байқалады, сөздердің лексикалық мағынасы дұрыс меңгерiлмеген, грамматикалық құрылымдарды дұрыс емес, мысалы: әртүрлi санаттарды араластырған, олардың мәнін дұрыс түсінбеу және соның салдары ретінде өз сөзінде оларды дұрыс пайдалана алмауы.
Нашар еститіндердің ішінара естуі сөйлеуді қалыптастыруға мүмкіндік туғызады, бірақ сөйлеу қоры және сөзді түсінуі бұрмаланған.
Соның салдарынан сөйлемдерді өзгеше қабылдайды және бұрмаланған түсінік пен ұғымдар қалыптасуы мүмкін.
Сөзді түсінуі және қабылдауы өзінше көрініс береді, бала ұғымдарды бірыңғай біріктіре қабылдай алмайды, көп жағдайда қоршаған орта туралы жаңсақ пікір қалыптасады.
Бұл танымдық iс-әрекетте көрініс табады: салыстыру, талдау, жинақтау әрекеттері ерекшеленіп тұрады.
Сөздік қорының аздығы, баланың сөзді бұрмалау сипаты, естуді қабылдауы бұзылғанда қалыптасады, танымдық қызметінің дамуы барысында өзіндік ерекшелігі болады.
Естуі ішінара бұзылған баланың даму ерекшелігінің биологиялық (естудің физикалық ақауы) себептері әлеуметтiк зардаптарға алып келедi (қарым-қатынастың бұзылуына, психологиясының қалыптасуында ауытқуға әкеліп соқтырады).
Осының салдарынан пайда болған көріністер функционалдық сипат береді (сөйлеудің дамымай қалуы, ойлау ерекшеліктері, есте сақтауы, зейіні, қабылдауы, көзқарасы).
Сондықтан, кемшіліктердің дамуына тосқауыл қою, өзінің табиғаты жағынан тұлғаға тұтастай әсер ететін әлеуметтік жолдарды және арнайы құралдарды, ұйымдастырылған оқыту жағдайын талап етеді.
Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық түзету процесі кейін естімей қалған және нашар еститін оқушыны тұлғалық жанжақты қалыптастыруға бағытталған.
Арнайы оқыту нәтижесінде оларда ойлау, сөздi есте сақтау қабілеті, сөйлеу тілі дамиды, компенсаторлық және потенциалдық мүмкiндiктері кеңейетін қажетті жағдай жасалады.
Есту қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту жағдайлары
МЖБС талаптарына сәйкес естімейтін және нашар еститін оқушылар оқу материалын меңгеру үшін арнайы жағдай жасалуы мүмкін және онда арнайы сыныпта саралап оқыту арқасында нақты оқу құралдарын, арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламаларды қолдану, оқыту уақытын арттыру, мүмкіндігі болады.
Арнайы сынып жағдайында естімейтін және нашар еститін балалар негізгі орта білім беру деңгейінде білім алады . Қысқартылған білім беру бағдарламаларын пайдалануда білім алушылардың танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас ерекшелік нормаларынан төмен болуы мүмкін.
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту ұзақтығы бастауыш және негізгі мектепте - 11 жыл:
- 0 (дайындық сыныбы),
- бастауыш деңгейі (1-4 сынып),
- 1-ші негізгі деңгей (5-7 сынып),
- 2- ші негізгі деңгей (8-10 саты).
Нашар еститін және кейін естімей қалған балалардың оқыту ұзақтығы:
- бастауыш деңгейі - 0 - 4 сынып,
- негізгі деңгей - 5 - 10 сынып,
Естімейтін және нашар еститіндер оқушылар оқуын жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында немесе кәсіптік колледждерде, жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім беруді арнайы мектептің кешкі бөлімде 11-12 сыныптарында жалғастыра алады.
Оқытудың барлық кезінде деңгейге бөліп оқыту қарастырылады және ол естімейтін және нашар еститін балалардың жас ерекшелігінің психофизикалық мүмкіндіктеріне байланысты, сол арқылы әр оқу пәндерінің әр түрлі деңгейіндегі арнайы мазмұнын және өз кезегінде дәстүрлі түрлі қатынасты анықтайды.
Сонымен қатар білім беру сабақтастығы және үздіксіздігі қағидаттарына негізделген базалық білім тұтастығын қамтамасыз етеді және біртіндеп пропедевтикалық оқу пәндерінен жүйеге көшеді (арнайы бағдарламалармен оқытудан жалпы білім беретін мектептің оқыту бағдарламаларымен оқытуға көшу).
Саралап оқытудың қажеттілігі сөйлеуді дамыту ерекшеліктеріне және есту қабілеті бұзылған оқушылардың танымдық қызметіне негізделген.
Бастауыш мектепте оқытудың мазмұны қалдық есту қабілетін дамытуға, сөйлеу тілін қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға және оқушылардың танымдық қызметін дамытуға бағытталған.
Бастауыш мектепті оқуы аяқталғаннан кейін ауызша сөйлеуді меңгерген кезде сөзді қабылдау және айтуда шағын кемшіліктері бар оқушы, мектепаралық логопедтің немесе психологиялық- педагогикалық түзету сияқты арнайы педагогикалық қолдауды сақтай отырып кәдiмгi сыныпқа ауыстырыла алады.
Аз сөйлейтін және сөзді айтуда елеулі кемшіліктері бар оқушылар, жалпы орта мектептің арнайы сыныбында оқуын жалғастырады.
Арнайы оқу -әдістемелік қамтамасыз ету Есту қабілеті нашар балаларға арнайы сыныпта білім беру түзету компоненті бар арнайы типтік оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Оқыту төмендегідей жүзеге асырылады:
а) естімейтін оқушылардың "0" (дайындық) және 1-7-сыныптарда - арнайы бағдарламалар бойынша, 8-11 сыныптарда жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқиды, білім беру мазмұны оқудың ұзақтығы 1 жылға артуына байланысты қайта бөлінеді және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып бағдарлама бейімделеді.
б) нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар 0 (дайындық) және 1-4 сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 5-11 сыныптарда жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша, білім беру мазмұны оқудың ұзақтығы 1 жылға артуына байланысты қайта бөлінеді және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып бағдарлама бейімделеді.
Арнайы бағдарламалар мазмұнында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың естуінің төмендігі және сөйлеу қабілеті дамымай қалғандығын ескерген.
Ол коррекциялық бағытта сипатталады және есту түйсігін дамытуды, тілдік дағдыларды практикалық қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру мазмұнын анықтау кезінде білім алушыға жалпы білім беру және тәрбиелеудің, сондай-ақ арнайы білім берудің міндеттері есептеледі.
Оқытудың негізгі міндеттері мен принциптерінде балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып айқындалған және есту қабілеті бұзылуы салдарын тиімді меңгеруге қажетті педагогикалық жағдайды құру, оқыту процесінде түзету-алмастыру (компенсаторлық мүмкіндіктерін қосу) базасын қамтамасыз ету қарастырылған.
Естуді қабылдауды дамытуға арнайы еріннен оқу, дыбысты айту жұмысы, есту- көру негіздерін қалыптастыру ықпал етеді, оқушылардың ауызша сөйлеуін жетілдіруге және түйсіну дағдыларын қалыптастыруға, әр түрлі сөзге жатпайтын дыбыстар шығаруын, музыканы қабылдауына назар аударылады.
Білім алудың ерекше қажеттілігін қанағаттандыру
Түзете-дамытушылық жұмыс бүкіл педагогикалық процесті қамтиды және балалардың оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы түзету жұмысының бағыттары ақпараттар мен білімдерін талдауға ерекше жағдайлар жасау, әлеуметтік байланыстар мен балалардың қажеттіліктерін, пәнаралық байланыстар мен танымдық қызығушылықтарын дамыту, арнайы оқыту әдістерін таңдау, арнайы түзету пәндері арқылы жүзеге асырылады.
Типтік оқу жоспарында арнайы түзету курсы қарастырылған: Заттық-тәжірибелік оқыту, Түзету ырғағы және жеке-топтық сабақтарда естуді қабылдауы мен дұрыс айтуын дамыту.
Заттық-тәжірибелік оқыту (ЗТО) оқу курсының мақсаты: тілді меңгеру мен жоғары психикалық функцияларды қалыптастыру үшін полимодальды сезіну негізінде танып білу және қарапайым тұрмыстық түсініктерді пайдалану деңгейінде білім беру.
Түзету ырғағы оқушылардың есту қабілетін музыка арқылы дамытуға, есту-көру және есту, сөйлеу қабілетін жетілдіру яғни естіп қабылдауын интенсивті дамыту жағдайында сөйлеу тілі мен қимылдарын дамытуға бағытталған.
Оқушылардың назарын, жадын, ақыл ой, шығармашылық қабілеттерін, ұжымдық іс-әрекетінің дағдыларын дамытады.
Естуді және айтылуды дамыту үшін түзету сабақтары жеке және шағын топтарда жүргізіледі. Бұл сабақтарда түзету жұмысы электроакустикалық аппаратураны қолданып, естіп қабылдауын интенсивті дамыту жағдайында сөйлеу тілі мен қимылдарын дамытуға бағытталған.
Ауызша сөйлеуді дамыту жұмысы кешенді зерттеу негізінде анықталған мүмкіндіктер мен есту-көру резервтерін дамыту, ауызша сөйлеуді естіп қабылдау, оқушылардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін, сөйлеуді дамыту деңгейін ескере отырып айтылу дағдыларына саралап құрылады.
Ым-ишараттық сөйлеу тілі оқу курсы тек құлағы естімейтін балалар үшін, оның қалауы бойынша естімейтіндердің шағын әлеуметтік ортасына кіруіне негізделіп 4- 11-сыныпқа енгізілген және оқушы үшін сол ортадағы коммуникативтік қызметті атқарады.
Қазақстан Республикасында естімейтіндерді оқыту үдерісі есту-көру негізінде жүзеге асырылады, ал білім беру үдерісінде ым-ишараттық сөйлеу тілі көмекші тәсіл ретінде қолданылады. Ым-ишараттық сөйлеу тілін сауатты меңгерудің нәтижесінде оқушылар бағдарлама материалын сапалы игереді.
Есту қабілеті бұзылған оқушылар негізгі орта білім беру мектебін бітіргенге дейін оқу процесіне қатысуы үшін түзету курстарын қажет етеді. Ол арнайы ұйымдастырылған есту-сөйлеу ортасын қамтамасыз етеді, бағдарламада талап етілетін білім көлемін қажетті даму деңгейіне дейін меңгеруіне мүмкіндік береді, оқытудың барлық кезеңінде балаларды іргелі қабілеттерін қалыптастыру үшін функционалдық қолдау болады.
Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларда біліктілікті, дағдыларды және денсаулықтың психо-совматикалық резервін меңгерудің түрлі мүмкіндіктері бар. Жалпы білім беретін мектептер осы айырмашылықтарды ескеру керек. Атап айтқанда, жалпы білім беретін ортада балалардың енгізу түрлі нысандарын қамтамасыз етуге қажетті:
а) қалыпты сыныпта оқыту-танымдық қабілеттері сақталған оқушыларға арналған мұғалімнің жеке әрекеттері ғана қажеттілігі мүмкін болып табылатын арнайы білім беру бағдарламалары, олар үшін талап етілмейді. Осы сыныпқа ерекше қажеттіліктері бар 1-2 оқушыны оқытуға болады. Мұндай сыныпта ауытқуы жоқ оқушыларды оқытатын педагогтар, білім беру саласындағы маман бола алады. Қажет болған жағдайда, мұғалім, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандарынан, ресурс орталықтарынан қосымша кәсіби ақпараттар ала алады.
б) арнайы сыныпта оқыту - арнайы жағдайлар талап етілетін (арнайы бағдарлама, арнайы әдістер мен оқыту, нақты жабдықтар мен дидактикалық құралдар, нәзік психологиялық-педагогикалық режимінде) оқушыларға арналған. Бұл сыныптарда арнайы педагогикалық білімі бар немесе курстық оқудан өткен мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс. Арнайы білім беру ұйымдарының ұсынымымен оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру барлық талаптарға сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
Есту қабілеті, көру, интеллект, сөйлеулерінде қатты бұзылулары, ақыл-есі, тірек-қимыл жүйесінің патологиясы бар балаларға арналған - арнайы сыныптар бұзылушылық түрлері бойынша саралануы тиіс. Оларда контингенттердің болуына қарай, сонымен қатар ата-аналардың ниеттеріне байланысты балаларды оқыту үшін арнайы сыныптар ашылады. Бұл жағдайда барлық сабақтан тыс іс-шаралар (үйірмелер, факультативтер, спорттық, тәрбиелік), қалыпты сынып оқушыларымен бірлесе отырып жүзеге асырылады.
Түзету курстары және жалпы білім беретін пәндердің құрамдас түзету бөлігі есебінен есту қабілеті бұзылған оқушыларға МЖМБС талаптарына сәйкес білім беру мүмкіндігі бар.
Барлық жалпы білім беретін пәндер мен түзету курстарының бағыттары:
- түйсініп қабылдау (сенсорлық - перцептивті) белсенділігін ынталандыру (есту-көру және естуді қоса алғанда барлық қабылдау түрлерін дамыту);
- айналадағы заттарды түрліше сезіну түйсігін (түрлі модальді), соның ішінде дыбыстарды сезінудің көптүрлілігі ұғымын дамыту;
- қимыл-қозғалысын дамыту (моторикасын), шынайы нысандарды зерттеу тәсілдері мен олардың кескіні мен модельдерін жасау;
- дыбыс күшейткіш құралдарды тұрақты қолдана отырып, кең ауқымда коммуникативті практиканы дамыту үшін жағдай жасау ;
- әлеуметтік қажеттіліктерін жандандыру, дербес және түрлі бірлестікте жұмыс жасау біліктіліктерін дамыту;
- әртүрлі сөйлеу түрін қолдану мүмкіндігін және қажеттілігін дамыту (есту-көру, сөйлеуді естіп қабылдауы, ауызша, жазбаша , ауызша-дактильді сөйлеу түрін қолдану);
- өз іс-әрекетін жоспарлау және жобалау дағдыларын дамыту (практикалық және сөйлеу);
- қарым-қатынасқа арналған қажетті және жалпыға ортақ сөйлеудің білім құралын жасау арқылы, оның ішінде, терминологиялық сөздік және базалық лексика-грамматикалық құрылым арқылы қайталап өту;
- танымдық үдерістерін және эмоциональды-еріктік аймағын кеңейту.
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытуға қолданылатын әдістемелер бірнеше қосымша жүйелерден тұрады:сөйлеуді қалыптастыру әдістемесі және мектептегі білім беруде тілге үйретуді пән ретінде оқыту , ғылым негіздерін оқыту әдістемесі, естіп қабылдауды қолдануды дамыту әдістемесі. Барлық оқыту әдістемелері есту қабілеті бұзылған оқушылардың материалды көпсенсорлық сипатта қабылдауына арналған . Педагогикалық процесс естіп көру негізіне құрылған, педагогты олардың естіп қабылдауын бақылап, үнемі назарда ұстауына, түзетіп отыруға, дыбыстап-буындап сөйлеу құрылымын нақтылап отыруға міндеттейді.
Көрнекі құралдардың да рөлі айрықша: ол біріншіден оқу материалын иллюстрацияламайды, ол оның мазмұнын көрнекі түрде ашады. Көрнекі-іс-әрекет құралдары мен әдістері түсіну мен елестетуді қалыптастыруға, осы және басқа құбылыстарға себеп-салдарлық қарым-қатынас орнатуға, пәнаралық байланыстарды көрнекілікпен белгілеуге көмектеседі.
Естімейтін және нашар еститін балаларды оқытуда қосымша құрал ретінде сөйлеуді қабылдауын, сөздің дыбыстық құрамын түсінуді жеңілдететін дактилология тәрізді арнайы құралдарды қолдану қажет. Ым-ишарамен сөйлеу оқытудың негізгі емес қосымша құралы ретінде тек естімейтін балаларға қолданылады. Оқу материалын қабылдау есту-көру негізінде аудио визуальды және сурдотехникалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту түрлі типтегі электроакустикалық дыбыскүшейткіш аппаратураларды тұрақты пайдалану арқылы өткізіледі (күндізгі ұжымдық және дербес пайдалану және дербес есту аппараттарын, есту кабинетіндегі және мектеп залындағы магниттік ілгіш, радиофицирленген мектеп залы, рекреациялар, кіреберіс, вестибюль).
Еступротездеу және қалған естуін дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізу үшін аудиометрлер мен сурдолог- дәрігердің, аудиологтің көмегі қажет. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытатын мектептердің фонотекасы, музыкалық құралдары, дыбыс шығаратын ойыншықтары болуы қажет. Мектепте есту қабілеті бұзылған балалардың өмір сүру әрекетіне сәйкес орта құрылу қажет, сенсорлық жағдаймен қамтамасыз ететін оқу-материалдық базасы, сөйлеуді қабылдауға арналған қолайлы жағдайы болуы керек. Мектеп жеке және ұжымдық түзету сабақтарын өткізуге арналған кабинеттермен, түзету ритмикасы сабақтарын өткізуге арналған залмен , оқу шеберханаларымен, сонымен қатар, арнайы компьютерлік бағдарламалармен, оқу, әдістемелік және балалар кітапханасымен жабдықталуы қажет.

2.1 Инклюзивті білім беру жағдайында есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) оқушыларды оқыту ерекшеліктері
Сөйлеу тілі есту қызметінің нашарлауына тікелей тәуелді. Естімейтін балалар нашар еститіндерге қарағанда даму деңгейі төмен. Естімейтін балалар сөйлеу тілін арнайы оқыту барысында ғана меңгереді, ал нашар еститіндер өздерінің есту қызметінің қалдығы көмегімен, сөздік қорын аз да болса жинай алады. Педагогикалық дерісті дұрыс ұйымдастыру үшін сөйлеу тілінің деңгейін, арнайы білім беру мекемесін анықтау мақсатында есту қызметінің деңгейін білу қажет.Сөйлеу тілінің дамуына есту қызметінің бұзылу уақыты үлкен әсер етеді. Есту қызметі бала өмірінің қай кезеңінде болмасын бұзылуы мүмкін, сөйлеу тілінің деңгейі де осыған байланысты болады.
Есту қызметі қанша ерте бұзылса, сонша сөйлеу тілінің деңгейі төмен болады. Мектеп жасына дейінгі нашар еститін балалардың сөйлеу тіл деңгейінің диапазоны кең: бала нақты заттарға қатыстырмай, жеке буындарды айтып, былдырлағаннан қысқа сөз тіркесіне тіпті аграмматизмді және онсыз сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлеу тілін меңгерген болуы да мүмкін. Бірақ есту қызметі бұзылған бала қарым-қатынастық сөйлеу тілі дамыған кезде де оның тілінде өзіндік ерекшеліктері болады.
Дыбысталудың өзіндік бұзылушылықтары болады (жазылған артикуляция, екпінді бұрып айту және т.б.). Нашар еститін балаларда пассивті және активті сөздігінің көлемі қатысты, ал есту қызметі қалыпты мөлшерде пассивті сөздік қорынан әлде қайда басым болады.
Есту қызметі бұзылған бала өзі сөйлеу тілінде қолданатын сөздерді ғана жақсы түсінеді. Бұл балалардың сөздігінде жалпы мағыналы сөздер болмайды (керемет, жеңіс, арман, еркін, байсалды және т.б.), сол сияқты бүтіннің бөліктерін білдіретін нақты сөздер де бар. Бала ұқсас заттардың атауын білмейді. Мысалы,үй деп шалашты да, ит үйшігін де атайды. Сол сияқты мағынасы мен дыбысталуы, ұқсас сөздерді ауыстырады (бақ-гүлзар және т.б.). Мағынасы ұқсас сөздер лексиконында қажетті сөздер болмағандықтан, есту қызметі көмегімен ажырата алмағандықтан акустикасы ұқсас дыбыстарды шатастырады. Сөйлеу тілінің тәжірибесінің аздығы, сөздік қорының таяздығы және сөздің басы мен аяғын толық естімегендіктері тілдің грамматикалық құрылысын меңгеруге әсер етеді. Жиі кететін қателіктері тоқталып өтейік: -- синтаксистік байланыстың үйлесімділігі мен ережесінің бұзылуы; -- артық шылау сөздерін қосу, ауыстыру, қоспау; -- септік жалғауларын шатастыру; -- сөздерді дұрыс қолданбау; -- сөйлем мүшелерін тастап кету.
Нашар еститін балаларда сөздің дыбыстық құрамы туралы нақты түсініктері болмайды, бұл олардың дыбысты айтуы мен жазуынан байқалады. Бала сөзді бұрыс естігендіктен сөздерді өзгерген түрінде естерінде сақтайды, сондықтан да оны қате айтып, жазады. Жиі кездесетін қателіктер түрі: -- дыбыстарды араластырып жіберу (қатаң-үнді, ұяң және т.б.); -- аффрикат; -- дыбыстарды тастап кету; -- дара дыбыстардың орнын ауыстыру және қосу; -- сөздің екпін түспейтін бөлігін тастап кету. Бала қаншалықты кіші болса,оның арнайы сабақ өтілі соншалықты аз, сондықтан да жіберетін қателері де көп болады.
Сөйлеу тілінде синтаксистік құрылымдарды пайдалану, оның сөйлеу тілінің дамуына тәуелді болады. Нашар еститін балалардың дауыс реңі кедей, сөйлеу тілі бірқалыпты, айқын емес,көңілсіз болады. Балалар жиі қайталап сұрайды, айтқан адамның артикуляциясын бақылайды. Балалардың көп бөлігі сөзге түсетін екпінді дұрыс қоя алмайды. Ұсынылған әдістеме нашар еститін мектепке дейінгі балалардың сөздік қор көлемін, өзіне айтылған сөзді түсінуін, байланыстыра сөйлеу тілінің даму деңгейін анықтауға бағытталған. Сөздік қор көлемін анықтау және өзіне айтылған сөзді түсінуін бағалау. Сұрақтар мектеп жасына дейінгі нашар еститін балаларда жиі кездесетін қиындықтарды талдау үшін таңдалып алынған. Сұрақтар мазмұны нашар еститін мектеп жасына дейінгі балалардың меңгеруіне қиындық туғызатын тақырыптарға негізделген. Түсініктерді жинақтауы, адамдардың кәсібін, туыстық қатынасы, табиғат құбылыстары мен заттардың белгілері туралы білімі тексеріледі. Сұрақтың әр түрлі лексикалық - грамматикалық құрылуы, өзіне айтылған сөзді түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. А). Әр түрлі қатынасты түсінуді талап ететін сұрақтар. Алмұрт, алма, апельсин - бұлар не? Сен қандай мамандықтарды білесің? Алматы, Мәскеу, Астана - бұлар не? Сен көліктің қандай түрін білесің? Үй (жабайы) жануарларын ата. Байланыстыра сөйлеу білу деңгейін анықтау.
Бала ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz