Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық - педагогикалық қолдаудың міндеттері, қағидалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар инжиниринг университеті

Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Баланың ерекше білім алу қажеттілігін анықтау бойынша,педагог-психолог, логопед-мұғалім, дефектолог, әлеуметтік педагогтың атқаратын қызметі
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В011300 - Биология

Орындаған: Туманбай Лаура , 2 курс студенті

оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А.Р., аға оқытушы
________________________
Курстық жұмысты
қорғау уақыты ___ ___ 2020 ж.

Бағасы

Ақтау, 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы

Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В011300 - Биология
ТАПСЫРМА
Курстық жұмысты орындауға арналған
Студент: Туманбай Лаура
Тақырыбы: Баланың ерекше білім алу қажеттілігін анықтау бойынша,педагог-психолог, логопед-мұғалім, дефектолог, әлеуметтік педагогтың атқаратын қызметі
Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
1) Баланың ерекше білім алу қажеттілігін анықтау
2) педагог-психолог, логопед-мұғалім, дефектолог, әлеуметтік педагогтың атқаратын қызметі
3) Ерекше білім беру үшін анықтама.
Негізгі әдебиеттер:
1) Семаго Н.Я. Опыт системного развития инклюзивного образования в Центральном округе Инклюзивное образование. 1 шығарылым. Мәскеу, Школьная книга орталығы, 2010
2) Методические рекомендации по определению детей с аутизмом в организации образования. ҚР БжҒМ 2010 жылғы 28 мамырдағы № 4-02- 41435 хаты
3) Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілік қағидалары. ҚР Үкіметінің2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген
4) Ямбург Е.А., Забрамная С.Д.Управление службой сопровождения детей 2011
5) Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 524 бұйрығы.
Курстық жұмыстың көлемі: 30 бет.
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ___ ___ 2020 ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі ________ Ерубаева А.Р. ___ ___ 2020 ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1. БАЛАНЫҢ ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ., ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың міндеттері, қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...7
1.2 Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды педагогикалық қолдаудың түрлері мен кезеңдері, мамандардың қызметінің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНЕ ҚОСЫЛҒАН МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ ОҚУШЫЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... .22
2.1.Педагог-психолог, логопед-мұғалім, дефектолог, әлеуметтік педагогтың атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.2 Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Осы курстық жұмыста Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басты міндеттерінің біріне әрбір балаға сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Балалардың сапалы білім алу құқықтары ҚР Конституциясымен, ҚР Білім туралы, Баланың құқықтары туралы заңдармен бекітілген.
Әрбір баланы сапалы біліммен қамтамасыз ету ісінде мектептік популяцияда әлеуметтік мәдени факторлар немесе\және балалардың психофизикалық даму ерекшеліктерінің себебінен оқуда қандай да бір қиындықтарды сезінетін оқушылар кездесетінін де есепке алу қажет. Әсіресеоқудағы қиындықтар мүмкіндіктері шектеулі балаларда жиі кездеседі. Осыған байланысты мектептік ортада аталған санаттағы оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында арнайы білім беру жағдайларын құру өзекті мәселе болып отыр
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың нысаны білім беру (оқутәрбиелеу) үдерісі. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың мәні - баланың әлеммен, қоршағандармен (ересектер, құрдастары), өзімен-өзілік қатынастың жүйесі ретіндегі оның даму жағдайы.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау әр түрлі мамандардың (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың, әлеуметтік педагогтың) өзара тығыз әрекетін, жұмыстың командалық түрін білдіред
Зерттеу пәні: Инклюзивті білім беру
Зерттеу нысаны: Зерттеу мақсаты:Баланың ерекше білім алу қажеттілігін анықтау Зерттеудің міндеттері:
1 Баланың ерекше білім алу қажеттілігін анықтау.
2. Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басты міндеттерінің бір
3. Тілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының отбасында тәрбиеленууі дамыту жағдайларын айқындау.
Зерттеудің болжамы: Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы жағдайларды құруда оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау маңызды рөл атқарады. Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың жүйелі ұйымдасқан, бір тұтас әрекеттерінің барасында әрбір баланың білім беру-тәрбиелеу үдерісінде өзінің мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін қажетті әлеуметтікпсихологиялық және педагогикалық жағдайқұрылатын балаға көмек (немесе қолдау) көрсетудің ерекше түрі ретінде қарастырылады.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Әрбір баланы сапалы біліммен қамтамасыз ету ісінде мектептік популяцияда әлеуметтік мәдени факторлар немесе\және балалардың психофизикалық даму ерекшеліктерінің себебінен оқуда қандай да бір қиындықтарды сезінетін оқушылар кездесетінін де есепке алу қажет.
Зерттеудің практикалық құндылығы.Жұмыста қарастырылған нәтижелер.әрине, бұл тəуелділіктің сипаты өзгереді. Осы әдістемелік ұсынымда жалпы білім беру үдерісіне қосылған мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың міндеттері, негізгі қағидалары, ұйымдық негіздері мен мазмұны ашып көрсетілген.
Құрылымы: курстық жұмыс кіріспе, қорытынды, екі тараудан турады. Жұмыс соңында әдебиет тізімі берілген.

1. БАЛАНЫҢ ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ
1.1 Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың міндеттері, қағидалары

Психологиялық-педагогикалық қолдау мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған және арнайы білім беру жүйесінде әзірленген және жүзеге асырылған технология болып табылады.
Жалпы білім беру жағдайындағы оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау арнайы білім беру ұйымдарының тәжірибелерін пайдалану негізінде құрылуға міндетті.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алудағы ерекше қажеттіліктері: - психологиялық-педагогикалық қолдауға қажеттілік анықтала салысымен бірден онымен қамтамасыз ету; - қалыпты дамыған балаларды оқытуға қатысты қолданылмайтын оқытудың арнайы құралдары мен тәсілдерін пайдалану; - оқытудың таңдалған бағдарламасының баланың даму деңгейіне, шынайы жетістіктеріне (білім беру мониторингісі)
сәйкестігін үнемі бақылау; - балалардың психосоматикалық ерекшеліктеріне сәйкес келетін кеңістіктік және мезгілдік білім беру ортасын ұйымдастыру; - баланықоршаған барлық ересектердің оның білім алудағы ерекше қажеттіліктерін шешуге қатысуы.
Жоғарыда аталғандарға негізделе отырып, психологиялық-педагогикалық қолдау (педагогикалық қолдау) бағытталуға тиістілер: - баланың денсаулығын және дене күшін қолдау: бала өмірінің денсаулық-сақтау түзімін ұйымдастыру, оларды жеке таңдалған қимылдық белсенділіктерге, денсаулықты нығайтатын сабақтарға қатыстыру; - балалардың зерде дамуын қолдау: әрбір баланың танымдық ерекшелігін анықтау және дамыту, оқу әрекетінің табысты болуы үшін жағдай тудыру; - баланы қарым-қатынас саласында қолдау: балаларға гуманистік өзара әрекеттенуіне жағдай тудыру, балалардың қолы бос кезіндегі әрекеттерде жеке қабілеттерін байқатуларын қолдау, тәртіп түрін саналы түрде таңдауына көмектесу; - баланың жанұясын қолдау: жанұялық қатынасты зерттеу, олардың үйлесімді болуына көмек көрсету.
Педагогикадық қолдау ерекше шығармашылық ахуалды құру мен балаларға жағдайды таңдауды ұсынуды білдіреді. Бұндай жағдайлар оқушылардан білімді, икемділікті ғана емес, сондай-ақ рефлексия тәжірибесін, шешімді өздігінен қабылдауды, ерік пен мінезін байқатуды талап етеді. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары:
1) бала дамуындағы кез келген мәселені шешудің кешенді, пәнаралық тәсілдемелері. Кәсіпаралық серіктестік баланың мектепте және жанұяда дамуының, мамандар (психолог, логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог) мен 5 мұғалімдердің іргелес ғылымның білімін, әдістемелерін меңгерудің бірыңғай стратегиясын әзірлеуге және жүзеге асыруға бағытталған.
2) Білім беру үдеріндегі баланың дамуын қолдаудың үзіліссіздігі. Балада тұлғалық, танымдық және әлеуметтік мүмкіндікті арттыру міндетін табысты шешу үшін мектепте оқытудың барлық сатыларында жүзеге асырылатын мамандар мен педагогтардың командасының ұзақ та күрделі жұмысы қажет болады.
3) Қолдау үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамсыздандыру. Білім беру ұйымнындағы оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша мамандардың командасының жұмысын реттемелеу үшін жергілікті нормативтік актілерді әзірлеу. Психологиялық-педагогикалық қолдау үдерісін оқу-әдістемелік қамсыздандыру.
4) Қолдау әрекетін әлеуметтік-педагогикалық және Баланың кез келген жастағы мінез-құлқындағы əлеуметтік немесе психологиялық аспектінің барлығы оның қазіргі күнгі жəне өткен уақыттағы отбасылық жағдайына байланысты болады.
Қолдаудың бірізділігін құру барынша икемділікті және вариативтілікті, баланың дамуындағы әрбір кезеңдегі оның психофизиологиялық жас ерекшеліктерін есепке алуды білдіреді.
Оқытудың әр түрлі сатыларында қолдау қызметінің кейде бір, кейде басқа мүшелері басқаларын шетке ығыстырмай, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушының жеке тұлғалық қалыптасуының осы сатысында өзінің ерекше жауапкершілігін түсіне отырып, бірінші қатарға шығады.
Сонымен оқушыны оқытудың бастапқы сатысында олардың оқудағы қиындықтарының туындау себептерін анықтауда, оқушылармен жеке және топтық сабақтарда жұмыс істей отырып, оларды жою мәселелері бойынша педагогтарға кеңес беруде дефектолог пен логопедтің рөлі өте үлкен. Негізгі мектепке көшкенде негізгі жүктеме күрделі жасөспірімдік кезеңді бастан өткізетін жасөспірімдердің жеке тұлғалық мәселелерін шешетін психологқа артылады, әлеуметтік педагогтың да шаруасы көбейе түседі.
Бұл сенситивтік кезеңдегі жаста түзете дамыту жұмысының тиімділігімен қамтамасыз ететін логопед пен дефектологтың жұмыстары аяқталады. Жеке тұлғалық мәселелер басым болатын жоғары мектепте психолог рөлінің маңыздылығы сақталады. Əрине, бұл тəуелділіктің сипаты өзгереді. Мысалы, баланың үлгерімі жəне оның оқуының ұзақтығы отбасының материалдық деңгейіне байланысты болса, енді ата-анасының білім деңгейі əсер етеді (жоғары білімді ата-ананың балалары жақсы оқиды).
Ата-анасының білім деңгейінен басқа балалардың тағдырына отбасының құрамы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарының сипаты əсер етеді.
Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды және білім үрдісінде толық енгізу әлеуметтік бейімдеуге жынысына, шығу тегіне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарды белсенділікке шақыруға, балаларды түзету-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдану, қоршаған ортаның балалардың жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімдеріне жағдай туғызу, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға арналған мемлекеттік саясат.
Инклюзивтік оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оларға арнайы жағдай қалыптастыру негізі жатыр.
Бала - біздің болашағымыз. Балаларға бәріміз жауаптымыз. Ата-аналардың басым бөлігі балаларының оқу-тәрбие мәселесіне келгенде жайбарақаттығы, салғырттығы басым. Көптеген ата-аналар балаларының тілі жай шыққанына, есте сақтау қабілетінің нашарлығына дер кезінде мән бермейді, білікті маманға апарып көрсетпейді.
Тіпті баласының болашағына алаңдайды дегеннің өзінде қаражат жоқтығын сылтауратып қозғала қоймайды. Олардың көбі психологиялық-медициналық-педагогик алық көмектің қызметі тегін екенін логопедтен, дефектологтан, психологтан тегін кеңес алуға болатынын білмейді.
Соның кесірінен баланың ақыл-ой дамуы нашар деңгейде екенін мектепке барғанда белгілі болады.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалы қ қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.
Субъективті қиындықтар: стандарттық процедуралардың әзірленбегендігі мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу дәрежесін үнемі қадағалау мақсатында білімді мониторинг жүргізу үшін индикаторлардың жоқтығы және қазақ тілінде оқу әдістемелік құралдардың аздығы.
Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиеші педагогтардың арнайы білімдерінің болмауы және мамандар тарапынан тұрақты кеңестің аздығы. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымға келетін мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы көліктің болмауы.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке проблемаларының болуы, яғни олардың ауырып қалуы, мектепке дейінгі ұйымға тұрақты қатыспауы.
Объективті қиындықтар: материалдық техникалық базаның төмен болуы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту процесінде жеке дара тіл табудың қиындығы. Мамандарға арналған кабинеттердің жетіспеушілігі. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге біліктілігін арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі.
Қазақ тілінде оқытатын педагог-дефектологтардың жетіспеушілігі, ауылдық аймақтарда арнайы мекемелер үшін тифлопедагогтар мен сурдопедагогтар, логопедтер санының жетіспеушілігі күрделі мәселе болып қалады.
Балаларды тəрбиелеудегі отбасылық əлеуметтендіру дегеніміз бала мен ата-ананың тікелей жұптасып өзара қарым-қатынас жасауын ғана білдірмейді. Идентификацияның əсері қарсы рөлдік өзара толықтыру арқылы бейтараптандырылады. Мысалы, ата-ананың екеуі де шаруашылықпен жақсы айналысса, балада мұндай қабілеттің дамымауы мүмкін, себебі баланың көз алдында жақсы үлгі болса да, отбасы баланың осы қабілеттерін қолдауын керек етпейді.
Керісінше, шешесі шаруашылықпен айналыспайтын отбасында бұл рөлді қызы жақсы атқарады. Психологиялық қарсылық механизмінің де маңызы зор: еркіндігі шектелген жасөспірімнің дербестікке ұмтылу қабілеті жақсы қалыптасады, ал ештеңеден шектелмеген бала тəуелді болып өседі.
Сондықтан баланың нақты қасиеттері, негізінде, ата-анасының қасиеттеріне байланысты болмайды (ұқсастығы жағынан да, айырмасы жағынан да), тəрбиелеудің жеке əдістерінен де шықпайды.
Отбасылық тəрбиенің ерекшелігін оның анықтамасынан көруге болады. Отбасылық тəрбие дегеніміз - ата-ананың баласының рухани жəне дене бітімінің қасиеттерін саналы түрде қалыптастыру үрдісі.
Тəрбиелеу əдістерінің түрлі топтамасынан да, оның ерекшеліктерін байқаймыз. Отбасылық тəрбиеде біз келесі əдістерді қолданамыз:
сендіру;
тіршілікті ұйымдастыру;
түзету;
марапаттау жəне жазалау;
Сендіру əдісінің басты мақсаты тəрбиеленушілердің саналығын дамытуда, көзқарастар мен пікірлер жүйесінің қалыптасу үрдісін ұйымдастыруда, өзіндік ойлауды дамытуда (ақпараттық, іздестіру, өзара ағарту, дискуссиялық əдістерінің көмегімен).
Тіршілікті ұйымдастыру дегеніміз баланың дене бітімінің, əлеуметтік жəне рухани қалыпты дамуы үшін ересектердің тиімді жағдай жасауы. Бұл əлеуметтік, шаруашылықтұрмыстық, санитарлық-гигиеналық жағдай, отбасындағы еңбек жəне рухани атмосфера, ата-ананың білімділік деңгейі.
1 нұсқау: Мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивтік білім алуда логопед, дефектолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, психологтан жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ жартысында өзімен жасты балалармен қатынасады (сурет салу, жапсыру т.б.). және мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек алады.
ІІ нұсқау: Даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы топта тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатынасып Алғашқы қадам, Зерек бала, Біз мектепке барамыз бағдарламалары бойынша білім алады.
ІІІ нұсқау: Даму мүмкіндігі шектеулі балалар бөбекжайдың өміріне белсене қатысады: іс-шаралар мен ойын-сауықтарға өзге балалармен бірігіп қатысуы,ертегілер мен концерттерді ұжыммен көруі олар үшін шынайы мереке. Осындай шараларға қатыстыру арқылы балалар ұжымда өмір сүріп, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе, мектепте оған едәуір оңайырақ болады.
Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады.
Бөбектерге тәрбие алу үшін, еліктейтін дұрыс үлгі қажет.
Бір нәрсені дұрыс жасау үшін, бірнеше рет қайталап көрсетуге болады,бірақ ол мұны өзімен жасты балалар жасағанын бір рет көріп, есіне сақтап, көргенін қайталап жасай алады.
Өмірдегі түрлі жағдайларға даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың физикалық және әлеуметтік бейімделуіне, өмірге деген құштарлығы және дертпен күресуі - қоршаған ортаға меншікті қажеттілік түйсігімен байланысты.
Туылғаннан және жүре пайда болған кереңдіктен балаларды есту қабілетінің қалдығы болады. Мысалы, жуан дыбыстарды, қатты шуларды, дауысты дыбыстарды, қабылдайды. Алайда, бұл есту қабілетінің жағдайы, балалардың өзбетімен сөйлеуге, ауызша сөйлеу тіліне үйренуіне жеткіліксіз болып келеді.
Ортаңғы ми қабығына түсетін барлық мәліметтерді есту қабілетінің зақымдылықтарын қабылдайтын болғандықтан, даму процесінің бірінші зақымдануы болып табылады.
Сол себептен есту зақымдылықтары мен байланысты бірқатар психикалық даму ерекшеліктері туады. Есту қабілеті зақымдалған балалардың дамуына әсер ететін жолдарды іздеу барысында көптеген әр түрлі естімейтін және нашар еститін оқушылардың жеке ерекшеліктерімен әлеуметтік қолдауларын, кемістікті компенсациялаудың оңай, әсерлі жолдардың оқушылардың физиологиялық деңгейін ескеру керек.
Ресей дефектологтары оқушылардың оқу бағдарламасындағы қажеттіліктерін анықтай отырып, осы қажеттіліктерді іс-әрекет талаптарын өзгерте отырып қалыптастыруға болатыны дәлелді.
С.А.Зыкова зерттеулері осы қажеттіліктерді заттық тәжірибиелік іс-әрекет кезінде мақсатты түзетуге үлес қосты.
Отбасымен жұмыс істеу қазіргі кезеңде қиындады жəне нысандар мен əдістерді, жаңа көзқарастарды талап етеді. Отбасының балаларды тəрбиелеу қызметі күрделі бұзылған, ол күн көруге ақша іздеу, өмір сүру мəселесімен басылып қалған, отбасының маңыздылығы шайқалды. Балалар мен ата-ана қарым-қатынастары барынша аз шамаға дейін жиылып тасталған. Бұның себептерінің бірі қазір Қазақстан, басқа да көптеген кеңес кезіндегі мемлекеттер тəрізді, Батысқа теңеседі. Бұл дұрыс емес, себебі біздің дəстүрлеріміз, мəдениеттеріміз бір-біріне ұқсамайды, біздің тіліміз басқа. Бұл қазіргі уақыттағы өте өзекті мəселе, қазір ерекше орынды - адамды құрастыру мен тəрбиелеудің маңызды ортасы ретінде отбасын бекіту жəне дамыту міндеттері алып отыр.
Тəрбиенің жоқтығы да - тəрбиеге жатады. Қараусыз қалу, қараусыз қалғандағы жағымсыз əсерлер де тəрбиелейді. Өзіне деген назарды сезінбегенде, бала басқаларға немқұрайды немесе долданғыш, қарсы келгіш болады. Бағытталған тəрбиелеуші əсері жоқ, бірақ та жанама түрде бар. Бала отбасында тұрғандықтан жəне оған оның үлкен мүшелерінің өмір сүру салауаты əсер етеді.

1.2 Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды педагогикалық қолдаудың түрлері мен кезеңдері, мамандардың қызметінің мазмұны

Басым бөлігін мүмкіндіктері шектеулі балалар құрайтын білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды мамандардың командасы мектептің педагогтық ұжымымен серіктестікте жүзеге асырады.
Мамандар командасының жұмысын үйлестіру мақсатында мектепте жалпы білім беру мектебінің толыққанды құрылымдық бөлімі болуға міндетті психологиялық-педагогикалық қызметі қолдау (ППҚҚ) құрылады.
Бұл үшін мектеп басшысы қызметтің құрылғаны және оның қызметінің ережелері туралы бұйрық шығарады (А қосымшасы).
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құрамына мектеп директоры, оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары, логопед мұғалім, педагог-психолог, дефектолог мұғалім, әлеуметтік педагог, ЕДШ нұсқаушысы және т.б. кіреді. Жалпы білім беру мектебінің жұмыс құрылымына өзінің кәсіптік әрекетінің белгілі бір алгоритмі бар психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ендіру қажеттілігі мектепті басқару жүйесіне өзгерістер енгізуді талап етеді.
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысты мектеп үшін жаңа ақпараттар мен қызметтер пайда болады.
Басқару кадрларына қолдау мамандары мен педагогтардың өзара әрекеттенуін реттеу; олардың қатар бағыну иерархиясын және өзара әрекеттену қағидаларын құру қажеттілігі; басқарудың әрбір деңгейінде ақпараттарды жинау және өңдеу формасын анықтау; балалар ұжымының жіктелуіне жол бермейтін жағдай тудыру; пәнаралық негізде мұғалімдер мен мамандардың кәсіптік өсуіне жағдай тудыру мәселелері жүктеледі.
Директор мен директордың орынбасарының атқарымдық міндеттемелеріне өзгерістер енгізіледі. Директор оқу-тәрбиелеу үдерісін ғана емес, сондай-ақ ол психологиялық-педагогикалыққолдау қызметін де біліп, басқаруға және өтіп жатқан үдеріс туралы ақпаратты жинау және өңдеу тәсілдерін де меңгеруге міндетті.
Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары балаларды қолдау үдерісін басқаруға, психологпен, дефектологпен, логопедпен және т.б. мамандармен өзара әрекеттенуге, оқушыны қолдаудың жеке бағдарламасын құруға қатысуға, балаларды сүйемелдеу жүйесін дамыту және жетілдіруге бағытталған әр түрлі шараларды, формаларды, тәсілдерді әзірлеу үшін мұғалімдер мен мамандардың уақытша ұжымын ұйымдаструға міндетті.
Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары күннің екінші жартысында сыныптан тыс және демалыс шараларын ұйымдастырған кезде әр түрлі сыныптардың (арнайы және әдеттегі) оқушыларын біріктіруге қатысты жауапкершілікті өзіне алуға міндетті.
Сонымен бірге оқушылардың мүмкіндіктерінің бірдей еместігін есепке алып, балалар арасындағы бәсекелестік жағдайын жайластыруға міндетті. Оқудан тыс әрекеттерде оқуда 8 жоғары нәтижелерді көрсете алмайтын оқушылар үшін өздерінің қабілеттерін барынша ж Мүгeдeк aдaмдaрды әлeумeттік қорғaу шaрaлaрының тиімді жүйecін құру мeмлeкeттің әлeумeттік caяcaтының бacым бaғыттaрының бірі болып тaбылaды.
Қaзaқcтaн Рecпубликacындa мүгeдeк aдaмдaрдың құқықтaрын қaмтaмacыз eту жәнe тұрмыc caпacын жaқcaрту жөніндeгі 2025 жылғa дeйінгі ұлттық жоcпaрдың (бұдaн әрі - Ұлттық жоcпaр) мaқcaты Мүгeдeктeрдің құқықтaры турaлы конвeнцияны рaтификaциялaуғa бaйлaныcты Қaзaқcтaн Рecпубликacы aлғaн міндeттeмeлeрді іcкe acыру жәнe Қaзaқcтaнның 2030 жылғa дeйінгі әлeумeттік жaңғыруы шeңбeріндe бaрлық оcaл топтaр үшін қолaйлы ортa құру aрқылы инклюзивті қоғaм қaлыптacтыру болып тaбылaды.
Мүгeдeктeрдің құқықтaры турaлы конвeнция нормaлaрының eрeжeлeрін имплeмeнтaциялaуғa жaғдaй жacaуғa бaғыттaлғaн Қaзaқcтaн Рecпубликacындa мүгeдeктeрдің құқықтaрын қaмтaмacыз eту жәнe өмір cүру caпacын жaқcaрту жөніндeгі 2012 - 2018 жылдaрғa aрнaлғaн іc-шaрaлaр жоcпaрын (бұдaн әрі - Іc-шaрaлaр жоcпaры) үш кeзeңдe іcкe acыру aяқтaлды. Іc-шaрaлaр жоcпaрының нeгізгі мaқcaттaры мeн міндeттeрі орындaлды.
Көрудeн шaршaуы aқыл-ойы мeн .физикaлық жұмыc жacaу қaбілeтінің төмeндeуінe әкeліп cоғaды. Жaлпы білім бeрeтін мeктeптeрдe aтaлғaн caнaттың оқушылaрын оқыту бaрыcындa олaрдың жұмыc жacaу қaрқыны қaлыпты көрeтін бaлaлaрдaн aрттa қaлaды.
Оcығaн бaйлaныcты нaшaр көрeтіндeрді көзін caқтaуғa мүмкіндік бeрeтін, көріп қaбылдaуын жeңілдeтeтін, шaршaуын болдырмaйтын eрeкшe жaғдaйдa жүзeгe acырылуы қaжeт. Нaшaр көрeтін бaлaлaр үшін aрнaйы көрнeкі құрaлдaр, aнық cызылғaн cызықтaрымeн дәптeрлeр, aртық бөлшeктeрcіз cурeттeр, ірі әріптeрмeн жaзылғaн кітaптaр қaжeт.
Эмоционaлды eрік cфeрacы зaқымдaлғaн жacынa дeйінгі мүмкіндігі шeктeулі бaлaлaрды әлeумeттeндіру
Көру қaбілeті бұзылғaн бaлaлaрды aрнaйы оқыту жaғдaйы Дaмуындa бacқa бұзылуы жоқ зaғип жәнe нaшaр көрeтін бaлaлaр МЖБC тaлaптaрынa cәйкec aрнaйы оқу жоcпaры мeн бaғдaрлaмaлaры бойыншa жaлпы білім бeрeтін мeктeптeрдe білім aлaды.
Пcиxикaлық дaмуы тeжeлгeн зaғип жәнe нaшaр көрeтін бaлaлaрды оқыту пcиxикaлық дaмуы тeжeлгeн бaлaлaрды оқыту тaлaптaрынa cәйкec жүргізілeді aлaйдa, көруіндe кeміcтігі бaр бaлaлaрғa aрнaлғaн қоcымшa түзeту caбaқтaры қaрacтырылуы қaжeт. Эмоционaлды eрік cфeрacы зaқымдaлғaн жacынa дeйінгі мүмкіндігі шeктeулі бaлaлaрды әлeумeттeндіру aуыр aуру түрлeрімeн aуырaтын зaғип бaлaлaрды дәргeрлeрдің ұcынымдaмacын eceріп ПМПК бeкітуі бойыншa дeрбec бaғдaрлaмaмeн оқушылaр ұжымымeн ішінaрa кіріктіріліп үйдe оқыту ұйымдacтырылaды.Кіріктірілу дeңгeйі жәнe оның формacы оқушының дeнcaулығынa қaрaй aнықтaлaды.Дeрбec үйдe оқыту мeктeп жaғдaйындa aрнaйы мaмaндaрдың, тexникaлық жәнe отбacылық жaғдaйғa бaйлaныcты жүзeгe acaды
Оқыту процесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді. Принцип-латын сөзі - негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді.
Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін мектеп қызметінің құрылымына қосу жағдайында мектептің әдеттегі басқару органдарының (педагогикалық кеңес, пән мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі) жұмысын өзгерту қажеттілігі туады.
Педагогикалық кеңес құрамына мұғалімдерден басқа психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары да кіруге міндетті. Олардың педагогикалық кеңес жұмысына қатысуы оқушылардың үлгермеушіліктері мен тәртіп бұзуларының себептерін талқылауға мүмкіндік тудырады.
Қолдау мамандары оқушылардың оқу нәтижелерін педагогикалық кеңес отырысында талқылай отырып, педагогтардың жұмысына қатысты ұсынымдарды тұжырымдауға, ал әдістемелік бірлестіктердің отырысында мұғалімдерді оқытудың арнайы әдіс-тәсілдерімен, оқушыға сараланған және дараланған тәсілдемені қолдануды жүзеге асыру технологиясымен таныстыруға мүмкіндіктері болады.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру материалдық, кадрлық және ғылыми-практикалық жағдайлардың болуын талап етеді. Білім беру ұйымдарында мүмкіндіктері әр түрлі балалардың торлық құнды жеке бастық өзін-өзі танытуына және олардың жалпы білім беру ұйымдарындағы бағдарламаларды толық құнды меңгерулеріне мүмкіндік беретін бейімдеуіш ортаны құру қажет..
Нeгізгі ортa білім бeру дeңгeйіндeгі жaлпы білім бeрeтін бaғдaрлaмaның мaзмұны оқудың 1 жылғa ұзaртылуынa бaйлaныcты қaйтa бөлінeді, оқушылaрдың eрeкшeлігін ecкeрe отырып өңдeлeді.
Зaғип оқушылaр үшіноқу процecіндe жaлпы білім бeрeтін мeктeптeрдe жaппaй қолдaнaтын Брaйлдің рeльeфті-нүктe шрифтіcімeн бacылып шыққaн оқулықтaр, оқу құрaлдaры жәнe әдeбиeттeр қолдaнылaды.
Оқытудағы көрнекілік принципі абстрактілі ұғымдарды толығынан игеру үшін оқушыларды сезімдік танымдық тәжірибемен қамтамасыз етуді көздейді, және оқыту процесінде түрлі көрнекілік құралдарды қолдануды талап етеді; оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне тәуелді өзгеретін дифференциалды, мазмұнды, вариативті (ауыстырмалы) көрнекіліктерді қолдануды талап етеді.
Оқытудағы оқушылардың саналылық пен белсенділік принципі оқылатын оқу материалының мәнін түсінуді және оны өмір мен практикалық іс-әрекетте нәтижелі қолдануды белгілейді; оқушылардың белсенді психикалық дамуына әсер етеді; оқыту процесін белсендіруге бағытталған әдістемелік тәсілдерді қолдануды көздейді; күрделі материалды бөлшектерге бөлуді, негізгісін айқындауды, тұтасты бөлшектерден құрастыруды, жасалынатын әрекеттерді сөйлеу арқылы бейнелеуді, материалды ауыстыруды және т.б. көздейді.
Оқытудағы жеке және дифференциалды ыңғайжасау принципі оқушыларды жан-жақты зерттеудің және олардың жеке ерекшеліктерін есепке алу (жеке ыңғай жасау), сонымен қоса белгіленген оқушылар топтарына (дифференциалды ыңғай жасау) тән типтік ерекшеліктерді анықтау қажеттілігімен байланысты; жақын және болашақ міндеттерді, сыныптың фронтальды жұмысына баланы қатыстыру бойынша шаралар жүйесімен жеке түзете әсер етуді бейнелейтін, бүкіл сыныппен жұмыс істеу мен әр оқушының жеке дамуы бағдарламасының әзірленуін көздейді.
Білімді, іскерліктерді және дағдыларды игеру мықтылығы принципі оқытудағы оқушылардың саналылық пен белсенділік приницпімен байланысты және саналы алынған білімдерді тереңдету мен бекітуді және оларды іскерліктер мен дағдыларға айналдыруды көздейді; материалды жүйелі және вариативті (ауыстырмалы) қайталаумен, арнайы жаттығулар жүйесін қолданумен, практикада жүзінде қалыптасқан білімдер мен іскерліктерді қолданумен қамтамасыз етіледі.
Педагогикалық оптимизм принципі адамның ерекшеліктеріне және өмір сүру мүмкінішіліктерінің шектелуіне тәуелсіз, әр адамның білім беру процесіне қатысуына құқығының бар екендігін қолдайтын қазіргі гуманистік көзқарасқа негізделеді; білім алуда ерекше қажеттіліктері бар адамға басқаша қарауды көздейді. Ол әлеуметтік құндылығы аз индивид емес.
Осындай тексеру нәтижесін бірге талқылау оқушыны басқа мамандардың көзімен көруге ғана емес, сондай-ақ баланың мәселелері, оның даму ерекшеліктері туралы бірыңғай жан-жақты түсініктерді алуға, оқушыға оқуда табысты болуына көмектесетін педагогикалық шаралар кешенін анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл коллегиалды жұмыстың қорытынды бөлігіне оқушының білім алудағы жеке қажеттілігіне сәйкес психологиялықпедагогикалық сүйемелдеудің бағдарламасының мазмұнын анықтау, сондай-ақ оның дамуына қажетті түзету және дамыту бағдарламаларын анықтау жатады. Бұл жерде мамандардың бір-бірімен ары қарайғы өзара әрекеттенуін үйлестіру мен келісу талаптары талқыланады. Қажет болған жағдайда оқушымен жұмысқа әр түрлі мамандардың қосылу тәртібі анықталады.
Қолдау мамандары қызметінің пәнаралық қағидасы оқушының қажеттілігіне жалпы ұғынуды қалыптастыруды қарастырады. Бұл өз кезегінде коллегиалды талқылауды жүргізудің қажетті технолгиясын, яғни пәнаралық өзара әрекеттену технолгиясын талап етеді. Бұл жағдайда негізгі жүктеме оқушының мәселесін талқылауды жүргізу атқарымын өзіне алған маманға түседі. Жетекші маманның маңызды міндетіне оқушыға арнайы педагогикалық көмектің қажеттілігі туралы мамандар мен педагогтардың өзінің пікірі туралы айтылымдарының бірізділігін анықтау мен реттеу жатады.
Коллегиалды талқылаудың қорытынды шешімінде мамандардың балаға қойған қандай да болмасын бірде-бір диагнозының болмауы маңызды. Ол жағымды дамып келе жатқан және әлеуметті толық тұлға, егер де қоғам қажет етсе, егер де қоғам ол үшін қажетті жағдайларды жасаса.
Ерте педагогикалық көмек(жәрдем) беру принципі алғашқы айлардан бастап және адамның бүкіл өмірі бойынша арнайы білім беру қызметін ұсынуда уақытша шекараларын кеңейтіп, баланың дамуында алғашқы бұзылысты анықтау кезеңімен мақсатталған түзету-педагогикалық көмектің басталуының арасындағы үзілістің максималды қысқаруын көздейді.
Оқытуда және тәрбиеде іс-әрекетті ыңғай жасау принципі психологиядағы жетекші әрекет ұғымына сүйенеді.
Арнайы білім беру жүйесінде заттық-сарамандық іс-әрекет, дамуында түрлі ауытқуы бар баланың компенсаторлық дамуын қамтамасыз ететін (бұзылған психикалық функцияларды түзету мен толықтыру (компенсация) құралы болып), білім беру мен еңбек әрекетінің қажетті элементтерінің пропедевтикасын қамтамасыз ететін спецификалық (ерекше) құрал болып саналады. Қалыпты баланы сөз арқылы оқытуға болса, білім ауда ерекше қажеттіліктері бар балаға арнайы ұйымдастырылған және педагогпен бағытталатын өздік іс-әрекет процесінде ғана түсінікті болады.
Арнайы педагогикалық жетекшіліктің қажеттілігі принципі. Тек арнайы педагог, баланың даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін және танымдық мүмкіншіліктерін, бір жағынан, және оған берілетін түзету мен толықтыруға бағытталған көмектің (жәрдемнің) мүмкін жолдары мен әдістерін білу - екінші жағынан, оқу-танымдық іс-әрекеті процесін ұйымдастырып, осы процесті басқара алады. Көптеген жағдайда білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуының күрделі ерекшеліктеріне байланысты олардың өздік оқу-танымдық іс-әрекеті қиындатылған немесе мүмкін емес.
Түзету-педагогикалық процесте арнайы білім беру принциптері сәйкесті әдістер мен тәсілдер, сонымен қоса білім беру технологиялар арқылы жүзеге асырылады
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар адамға білім беру процесінде арнайы педагогика арнайы білім беру технологияларын, оқыту әдістері мен тәрбие әдістерін қолданады.
Тәрбие әдістері - оқушылардың қажеттілік-мотивациялық аумағының және сананың дамуына, баланың мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына, оны түзетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері.
Қазіргі жағдайда педагогикалық санада жасөспірім адамның қалыптасуы, дамуы және әлеуметтенуі туралы, оқыту мен тәрбиені үзбей біріктіретін оның білім алу процесі туралы ретінде қарастырылуы деген, тұрақты көз қарас қалыптасқан. Оқыту мен тәрбие тәсілдерін бөліп қарастыру тек арнайы білім беру процесінің әр жақтарын зерттеп және талдау мақсатында ғана мүмкін. Сондықтанда білім беру (педагогикалық) технологиясы деген ұғымды қолдану, білім беруде педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесуінің түрлі тәсілдерін біріктіретін, дұрыс болып саналады.
Білім беру технологиясы дегеніміз педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған педагогтың бірізіділік өзара байланысты әрекеттер жүйесі немесе алдын ала жобаланған педагогикалық процестің практика жүзінде бірізділікпен жүзеге асырылуы.
Педагогикалық технология - бұл нақты ғылыми жобалау және сәттілікті кепілдейтін педагогикалық әрекеттердің дәл орындалуы. Бұндай контекстте білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың дамуы мен білім алуының арнайы білім беру технологиялары туралы айтуға болады.
Интернаттағы тәрбие процесімен педагогикалық жетекшілік ету, тәрбиеленушінің өз бетімен әрекет жасауы дамыту ұсынады. Тәрбие жұмысының нәтижелігі тәрбиешінің әрбір оқушының жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Ең маңыздысы тәрбие нәтижесіне жетуге тырысу.
Интернаттағы педагог жұмыстарының мазмұны есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеудің мақсаттары және міндеттерімен анықталады, балалардың түрлі әрекетінде орындалады - оқу - танымдылық, еңбек, ойындық коммуникативті.
Интернаттағы оқу-танымдық әрекет мектептегі оқу-тәрбие процесін жалғастыру болып табылады. Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқу-танымдылық әрекет түрлі ғылыми көзқарас арқылы қалыптасады, қоршаған табиғат және әлеуметтік орта туралы білім кеңейеді, тұлғалық бақыттар қалыптасады.
Психолог баланың әрекетінің сипатын: оның қарқынын, жұмысқа қабілеттілігін, өнімділігін, белсенді зейін деңгейін бағалай отырып, педагог үшін оқу жүктемесін, оқу материалының көлемінмөлшерлеу туралы, баланың жұмысқа қабілеттілігін есепке ала отырып, оқу материалын ұсыну қарқыны туралы және сыныптағы жаппай жұмыс кезіндегі баланың өзіндік қарқынын есепке алу қажеттілігі туралы ұсынымдар әзірлейді.
Мүмкіндігі шектеулі оқушының психикалық қызметін ұйымдастыру ерекшелігін бағалау оны оқытуға арналған сайма сай ұйымдастырылған жағдайды тудыруға мүмкіндік береді: сынып бөлмесіндегі тиімді жұмыс орны, сыртқы тіректерді ұйымдастыру, жекеше тәсілдемені пайдалана отырып, оқу материалын беру мен бекітудің арнайы тактикасын таңдау.
Педагог дефектолгтың қызметінің негізгі мазмұнына оқу әрекеттін мөлшерлеу; оқу білімін, икемділігі мен дағдыларын меңгерудегі қиындықтарды жеңу жатады. Есту қабілеті бұзылған оқушылармен жұмыста арнайы педагог өзінің күшін есту арқылы қабылдауға, сөйлеу тілін және коммуникативтік атқарымды дамытуға бағыттайды.
Көру қабілеті бұзылған оқушылар көру арқылы қабылдауды, кеңістікте бағдарлауды, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауды дамытуға мұқтаж болады. Тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар оқушылармен жұмыс мазм Интернаттағы оқу - танамдылық әрекет өз бетімен дайындықты ұйымдастыру кезінде орындалады.
Бұл дыбыс күшейткіш аппараттары (ДКА) бар сынып бөлмесінде өткізіледі.
Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектептегі өз бетімен дайындықты ұйымдастыру және өткізудің негізгі талаптары болып табылады:
Аталған дайындықтың түрлері күн тәртібімен сәйкес, түскі астан кейінгі қосымша демалыстан кейін жүргізілуі қажет. Осы жаста өз бетімен дайындық уақытында білім беру, тәрбие, түзету міндеттері шешіледі. Естімейтіндердің үй жұмысын орындауға формальдық қарым-қатынас белгіленеді. Үй жұмысын орындаудың негізгі міндеттері балаларды өз бетімен жұмыс тәсілдерін үйреткенде ғана бекітіледі.
Қажетті лекциканы үйрету арқылы тәрбиеші жаңа білімді бекітеді. Үй жұмысын орындау кезіңде соған жақын жағдай жасау керек. Тапсырманың белгілі бір бөлігін орындағаннан кейін, баламен пікір алмастырылады. Үй жұмысын орындаудың негізгі міндеттері балаларды оз бетімен жұмыс тәсілдерін үйреткенде ғана бекітіледі. Қажетті лексиканы үйрету арқылы тәрбиеші жаңа білімді бекітеді.
Үй жұмысын орындау кезінде соған жақын жағдай жасау керек. Тапсырманың белгілі бір бөлігін орындағаннан кейін, баламен пікір алмасытырады.
Үй жұмысын орындау уақытында тәрбиеші ауызша және жазбаша жұмыстарды өзара тексеріп, үлгерімі төмен оқушыларға көмек көресту керек. Үй жұмысын орындаудың қорытындысы жайында тәрбиеші сурдопедагогқа хабарлауы керек.
Экскурсия жаңа білімді тереңдету, кеңейту, бекіту мақсатымен өткізіледі. Экскурсия тақырыбы оқу пәнімен байланысты болу керек. Кез келген экскурсияны ұйымдастыру арнайы дайындықты талап етеді: білімділік, тәрбиелік, түзетушілік міндеттерін қою, оның мазмұнын сөздерін анықтау, жеке оқушылар үшін тапсырмалар, көрнекі құралдар дайындау.
Экскурсия уақытында тәрбиеші балаларды бақылауларына жетекшілік етеді, жеке тапсырмаларды қалай орындайтындарына мән береді, қиналған кездерінде көмек береді.
Экскурсиядан алған білімдерін, әсерлерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беру мектептерінде білім беруге ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытудың негізгі шарттары
Психология-медико-педагогикалық консилиумның қызметін ұйымдастыру
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың психологиялық - педагогикалық негіздері
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийі және өлшемшарттары
Инклюзивті білім беруде балалардың педагогикалық - психологиялық жағдайлары
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға инклюзивті оқыту идеясының артықшылықтары
Оқытудың арнайы немесе балама әдістерін қолдану
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері
Пәндер