Топтық жұмыстың мәні


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ

«ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ» МКҚК

Педагогика, психология және

жеке әдістемелер кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ТОПТЫҚ ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Орындаған: 0111000 «Негізгі

орта білім беру» мамандығы

0111083 «Шетел тілі мұғалімі»

біліктілігі бойынша оқитын

4 - курс 4ая тобының

студенті Хибатдолда Ж.

Жетекшісі: Педагогика пәнінің

оқытушысы Тулемисова Г. Е

Нұр-Сұлтан 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ТОПТЫҚ ЖҰМЫС, ОНЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

  1. Топтық оқыту әдісінің түсінігі . . . 5
  2. Топтарды қалыптастыру принциптері және олардың жұмысы . . . 9

2. ТОПТЫҚ ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.

2. 1 Топтық жұмыс ұйымдастырудың жалпы ережелері . . . 12

2. 2 Орта сыныпта топтық жұмыс түрлерін пайдаланудағы тәжірибием. . 17

2. 3 Топтық жұмысты пайдаланатын сабақтардың фрагменттері . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 22-24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25-26

ҚОСЫМШАЛАР . . .

КІРІСПЕ

Егеменді еліміздің өскелең ұрпағының белсенділігін арттыру үшін топтық жұмыстың қыр-сырына терең бойлай алатын шығармашыл, жан-жақты, озық ойлы жаңа тәсілді жетік білетін маман болуы қажет. Сол себепті бала белсенділігін арттыруда кездейсоқ адамдардың бағыт беруі мүмкін емес. Бала белсенділігі - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Баланы белсенді болуы, оны дамыту және білім беруде отбасы мен мектеп өзара тығыз байланыста болуы маңызды. Топтық жұмыс өмір қажетінен туған балалық шақтың ажырамас шарты. Сондықтан топтық жұмыс туралы жүргізілген зерттеу де, берілетін бағыт-бағдар да, ересек адамдар үшін жұмыс қызмет, еңбектің мәні қандай болса, бала үшін топтық жұмыстың да мәні сондай деген оймен тұжырымдалады. Бір сөзбен айтқанда топтық жұмыс- баланың оқуға деген белсенділігін аттырудағы басты құрал.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады. Бастапқы кезеңдегі топтық жұмыс әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдыларын дамытуы қажет, содан кейін оқушылардың арасында қарым-қатынас нығайған соң, мұғалімдер олардың тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады.

Сондай-ақ, өзектілігіміз сабақтың тиімділігін жаңа жұмыс әдістерімен толықтырып, топтық жұмыстың тиімділігін арттыруға үлес қосу болып табылады. Осыған қарай, шет тілін оқыту барысын қарастыруымыз қажет.

Шет тілінде практикалық жағына назар аудару керек, ол үшін әрбір оқушы үшін практика қажет, топтық жұмыс формасы сыныптағы әр оқушының сөйлеу уақытын арттырады. Топтық жұмыс формасы сабақтың барысына ықпал етеді және ынталандырады.

Зерттеу жұмысының мақсаты : Топтық жұмыс және оның түрлерін қалыптастыру қағидаларын қарастыру, шет тілін оқыту әдістемесінде қолданылатын бірлескен топтық жұмыс жасау арқылы оқытудың негізгі идеялары мен әдіс-тәсілдерімен танысып, жан-жақты зерттеп, оларды өз тәжірибиемде қолдану.

Зерттеудің міндеті:

  • практикалық сабақтарда топтық жұмысты қолдану қажеттілігін негіздеу
  • сабақта топтық жұмыс жасау қажеттілігін түсіну
  • топтық жұмыстың негізін теориялық тұрғыдан қарастыру
  • топтық жұмыстың шарттары мен тиімділігін анықтау
  • озық тәжірибелерді зерттеу, жеке тұлғамен жұмыс тәжірибесінде қолдану

Зерттеу нысаны: Оқыту тәрбиелеу үрдісіндегі топтық жұмыс

Зерттеу жұмысының пәні: Орта буын сынып оқушыларын педагогикалық үрдісте топтық жұмыс арқылы балалардың белсенділігін арттыру.

Зерттеу болжамы: Егер топтық жұмыс арқылы белсенділік арттырудың педагогикалық, психологиялық мәні іс-әрекеттілік тұрғыдан қарастырылатын болса, теориялық негіздері айқындалса, оқыту мен тәрбиелеуде топтық жұмыс әрекетін пайдаланудың жүйелі әдіс-тәсілдері қолданылса, онда өскелең ұрпақтың белсенділік жұмысы жақсарып, өзін ортада аша алу мүмкіндіктері кеңінен туындайды.

Зерттеу жұмысының әдістері: Зерттеу міндеттеріне сәйкес, мәселені шешуде психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, тәжірибелік-зерттеу жұмыс жүргізу, сараптау, сауалнама, нәтижелерді жүйелеу, интервью, тест әдістері арқылы қамтамасыз етілді.

Зерттеу жұмысының көздері: Зерттеу проблемасы бойынша педагогтардың еңбектері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары, білім беру саласында ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогика, психология, топтық жұмыс туралы ғылыми еңбектер, озық тәжірибелер, педагогикалық және зерттеушілік іс-тәжірибе.

Зерттеу базасы: № 37 мектеп-лицейі

Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, теориялық және практикалық бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.

1. ТОПТЫҚ ЖҰМЫС, ОНЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

1. 1 Топтық оқыту әдісінің түсінігі

Топтық жұмыс оқушылардың сүйікті жұмыс түрлерінің бірі болып табылады. Бұл жерде «неге?» деген сұрақ туындайды. Себебі, оқушылар үшін ең маңыздысы - қателік жіберіп алмау деген қорқыныш сезімін жеңу, өзіне деген сенімділіктің пайда болуы. Топтық жұмыстың нәтижесінде оқушылар берілген материалды жақсы меңгереді. Олардың шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізеді, сонымен қатар топтық жұмыс сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі.

Бригадаларға біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі. Олар өз беттерімен зертханаларда жұмыс істеп, мұғалімдер оларға кеңес береді. Есепті бригадир береді. Балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық-зертханалық әдіс деп аталатын жүйені ұсынды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3-4 звеноға бөлінеді. Әр звеноны басқаратын бригадирлер белгіленді. Олар оқушылардың жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалары болды. Бригадирлер өз звеносындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай, бригадағы оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Оның нәтижесі педагогикалық тәжірибеде тексерілмей, бірден мектептерге тарап кетті. Ал оқушылардың таным әрекетіне мұғалімнің басшылық ролі ескерілмеді, ол тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды. Осы жағдай Орталық Партия Комитетінің аталмыш 1932 жылғы 25 тамыздағы Қаулысында сыналып, бригадалық-зертханалық оқу тәсілі мектептегі оқу жүйесінен алынып тасталды. Сабақта оқушылардың оқу- таным әрекетін ұйымдастыруда жеке-дара жұмыс түрінен басқа олардың топтық және ұжым болып жұмыс істеуінің маңызы ерекше. Оқушылардың топтық танымдық жұмыстары сабақ барысында оқу міндеттерін шешуде өзара көмекке негізделген екі, төрт, алты, т. с. с. оқушылар тобының белгілі бір жұмыс көлемін атқаруын көздейді.

Жұмыстың бұл түрі негізінен екі бағытта іске асады: біркелкі немесе бірыңғай және бірнеше бөлшекке бөлу (дифференция) жағдайында ұйымдастыру.

Оқушылардың бірыңғай, біркелкі оқу жұмыстары мұғалімнің барлығына ортақ бірыңғай тапсырмасын шағын топтарға бөліп өзара әрекеттесу жағдайында орындауы жатқызылады. Ал бөлшекке бөліп оқыту - бір мезгілде бірнеше тапсырманы әр түрлі тәсілдермен оқушылардың бірнеше тобы арқылы орындалуы қарастырылады. Жұмыстың бұл түрі топ ішінде оқушылардың тапсырманың мақсатын, мазмұнын, оны орындау тәсілдерін бір-бірімен өзара ақылдасып шешуі, оның нәтижесін талдауы, бағалауымен

ерекшелінеді. Оқушылардың осындай өзара бірлесіп атқаратын оқу-танымдық жұмыстары олардың жеке-дара жұмыстарына қарағанда әлдеқандай жемісті болып келеді әрі уақытты аз және тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар бір сыныптағы оқушылардың оқу міндеттерін топ болып шешуде өзара әрекеттесуі немесе жарысы олардың ортақ іске деген жауапкершілік сезімін тудырады. Мұндай жұмыс барысында оқушылардың өз тобының нәтижесіне өзара әсерленуінің маңызы ерекше. Мұғалімнің топтық жұмысты нетижелі ұйымдастыру шартына:

оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйрету;

жолдастарымен ақылдасуға үйрету;

оқушылардың жекелеген топтарына оқу тапсырмалары жүйесінің нақты болуы;

тапсырмаларды оқушылардың жекелеген топтарына үлестіру іскерлігінің болуы, т. б. Оқытуды осындай тәртіппен ұйымдастыру оқушылардың тәрбиесіне, атап айтқанда өздігінен білім алу белсенділігін, олардың өзара тату- тәтті ұжымдық қарым-қатынасын, жауапкершілігін, әсерленушілдігін (күйінішін, сүйінішін), т. б. әлеуметтік қасиеттерін қалыптастырады. Оқушылардың ұжымдық жұмысы дегеніміз - ортақ мақсатты көздейтін жұмыс. Алайда, бұл ортақ мақсатқа жету жолында оқу әрекетінде белгілі бір өте күрделі еңбек бөлінісіне жол беріледі. Оған сыныптағы оқушылардың жеке-дара және топтық жұмыстарының элементтері кіреді. Сондықтан ұжымдық жұмыстың ерекшелігі өз бетімен істейтін дара жұмысқа бөгет болмайды, керісінше әрбір оқушыға өзінің алдына қойылған міндеттерін жақсы ұғынуға көмектеседі. ерекшелігі Топтап (диференциалдық) оқыту дегеніміз жекелеп оқытудан туындайды. Ол әр оқушының қабілетіне, біліміне, алғырлығына, жас және дербес ерекшілігіне, қабілетіне қарай топтап оқыту. Мәселен, 1936 жылға дейін мектептерде педалогиялық қызмет болған. Ол балаларды 1-сыныптан бастап қабілеттеріне байланысты топқа бөлген. Соның салдарынан көптеген балалар арнайы мектептерге жіберілген. Балалардың қабілетін тест арқылы анықтап отырған. 1936 жылы маусымның 4-інде қаулы қабылданып тест тоқтатылды. Бірақ топтап оқытудың кейбір элементтері әлі бар. Оған дәлел - көптеген арнайы спорттық, музыкалық, математикалық, кемтар балаларға арналған мектептердің өмір сүруі. Қазіргі кезде топтап оқыту терендей түсуде. Ғылыми зерттеу институттарында бағдарламалар жасалып жатыр. Дүниежүзілік ғалымдар М. А. Мельников, Н. М. Шахмаев, С. И. Шварцбург, Д. А. Энштейн, т. б. осы мәселелермен шұғылданған және шұғылдануда. Дүниежүзілік ғалымдардың тұжырым-дамалары бойынша: Топтап оқыту барлығына бірдей болу керек. Оның ұлтына, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамайды. Сонымен топтық жұмыс тарихы бойынша қорытынды: Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін елімізде оқытудың жаңа түрлері ене бастады. Оған мұрындық болған дүниежүзілік озық тәжірибе. Бүгінде мектеп оқытушылары сол тәжірибені толығымен оқып, үйреніп, пайдалануда. Ұжымның беделі, абыройы тек жеке ұстаз немесе ұстаздардың беделімен, абыройымен шектеліп қалмайды. Ол әрбір шәкірттің, шәкірттер ұжымының беделі мен абыройына да байланысты. Ұстаздар беделдің не екенін, қандай еңбекпен келетінін білсе, шәкірттер оны біле бермеуі мүмкін. Шәкірттерді беделге, абыройға ие ету үшін ұстаздарға көп еңбек ету керек.

Шәкірттерді беделді, абыройлы ету үшін олардың ұжымын дұрыс қалыптастыра білуіміз керек. Ол туралы келесі дәрісте әңгіме қозғаймын. Сондықтан қысқаша айта кетейін:

a) Ұжым белсенділерін дұрыс таба білу, соларды беделді ету;

б) Ұжымның үш кезеңін, мақсаттарын, қос ықпалды айқындап іске асыру;

в) Үжымның өзін-өзі басқаруына мүмкіндік беру;

r) Әрбір ұжым мүшесі ұжымда өзін еркін сезініп, бірақ ұжым алдындағы жауапкершілігін ұмытпауы керек.

Сонымен әрбір ұстаздың, шәкірттің беделінен ұжымның беделі сомдалады. Әрбір ұстаз, сынып ұстазы, ұжым басшысы, оқушы беделдің иесі. Олардың өзара қарым-қатынасы денедегі қантамырының қатынасындай жүйе. Ұжымның дұрыс өмір сүруіне, белсенділігін арттыру процесін жақсы ұйымдастыру үшін әрбір тұлға беделді болуы керек. Ұстаз беделді бала белсенділігін арттыру құралы ретінде пайдалана білуі қажет. Оқушылардың топтық оқу-танымдық жұмыстарын ұйымдастыру мәселесінде іскерлік қарым-қатынас маңызды рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас топтағы адамгершілік ахуалды қалыптастыруға, оқушының жеке тұлғалық, әлеуметтік рухани құндылық қасиеттерін, ең алдымен, ұжымшылдықты тәрбиелеуге ықпал етеді. Н. К. Крупская жеке тұлғаны қалыптастырудағы, топтың ынтымақтасып дамуындағы топтық жұмыстың маңыздылығына тоқтала келе «Топтық жұмыстағы дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын тудырады. Топтық өмірді ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы бар» деген. Я. Коменский «Ұлы дидактикасында» басқаларды оқытатын адам өзінің білімін тереңдетіп, бекітеді деген, бұл идеяны Н. К. Крупская да қызу қолдап, «Балалардың өзін оқытушылыққа тартудың үлкен тәрбиелік маңызы бар. Бала өзінің білімін тексеріп, толықтырып отыруға мәжбүр болады, оларда ұстамдылық, шыдамдылық, жолдастарының жетістіктеріне деген қызығушылық тәрбиеленеді» деп жазады. Шағын топтарда дербес жұмысты ұйымдастыру топтық іс-әрекетке мол мүмкіндік ашады, әрбір оқушы жалпы тапсырманың бір бөлігін орындайды, одан кейін топтың барлық мүшелері жұмыстың нәтижесін тыңдап бағалайды, сынып алдында сөйлеуге ұжымдық есеп даярлайды. Е. Конникова топтық жұмыс жетістігінің үш негізгі шартын атап көрсетті:

а) ол қызықтыратын болуы керек;

ә) ол балалардың қызығушылығын ескеріп, оған сүйенуі керек;

б) әрбір оқушы оның белсенді мүшесі болып, өзінің үлесін қосуы керек.

И. Первина ұжымның дамуының негізгі төрт көрсеткіштерін белгілейді:

а) ұйымдастырушылық бірлігі;

ә) психологиялық бірлік (еріктік, эмоциялық, интеллектуалдық) ;

б) дайындық бірлігі ( топтық жұмыстағы әркімнің тәжірибесі)

в) жұмыстың бағыттылығы.

Ж. Пиаже «Адамның ақылы өзін таниды, яғни психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа ақылдармен қатынаста болады» деген. Біз бір-бірімізбен қатынасқа түскенде дамимыз, соның нәтижесінде жаңа түсініктер қалыптасады. Ал, қарым-қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға (олардың пікіріне, идеяларына, көзқарастарына, мінезіне) бейімдеу деген сөз. Шағын топтық, жұптық жұмыстар оқушыларда бірлік, бірегейлік сезім қалыптастырып, сол арқылы өздерінің ұжымға тікелей қатынасы бар екендігін сезіндіреді. Ал, «бірлесе көтерген жүктің жеңіл» екендігі баршамызға аян.

Проблемаларды шешу стратегиялары

Орын алған проблеманы шешу мақсатындағы топтық жұмыс - оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Оқушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады. Бұл тәсіл оқушыларға: уақытты ұтымды жоспарлауға; инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға; топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екендігін анықтауға; топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т. б. ) немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға; тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Трамп жоспарын АҚШ профессоры Ллойд Трамп жасады. Білікті мұғалімдер, профессорлар ОТҚ арқылы 100-150 кісіге дәріс оқып болған соң, 10-15 кісіден тұратын азғантай топтар дәріс материалдарын талдап, ол туралы өз пікірлерін айтады, пікірсайыс өтеді. Аз топтардағы сабақты қатардағы мұғалім не топтағы жақсы оқушы жүргізеді. Мектептің кабинеттерінде, зертханаларында жеке жұмыстар жүреді. Дәріске - 40%, аз топтардағы сабақтарға - 20%, жеке жұмыстарға 40% оқу уақыты кетеді. Сынып болмайды, топтың құрамы өзгеріп отырады. Трамп жоспарымен эксперименталдық мектептер жұмыс істейді. Көпшілік мектептерде жоспардың кейбір жерлері қолданылады. Кемшілігі: оқушылардың білім деңгейінің, жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы, мүғалімнің түсіндіруінсіз тапсырманы орындай алмау.

1. 2 Топтарды қалыптастыру принциптері және олардың жұмысы

Топтық жұмыстан барынша көп басымдылық алу үшін, мұғалімдер мен оқушылар барлығынан хабардар болуы қажет және бақылау мен қарым-қатынас жасау барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып, өз ойларын білдіріп және басқаларға қолдау көрсету өте маңызды. «Топтасқан» және «топтық жұмыс» дегеніміз не? Топтық жұмыс- өзара іс-әрекет жасау философиясы, топтық жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Топтық жұмыс сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі күрметтеліп, атап көрсетілетін, адамдардың жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді. Топтық жұмыстың негізгі аспектісі топ мүшелерінің белсенділігі арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.

Топтық жұмыстың мәні

Белсендді оқу - бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Тотық жұмыс оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы білім алады, ашылады, белсенділігі артады.

Педагогикада топтық жұмыс тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та топтық жұмыс үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:

1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

5. Оқудың топтық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша топтық жұмыс жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Төменгі және жоғарғы сынып оқушылары топқа мүше болудың мәні туралы ойды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болып, басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді бола білуге үйренуі тиіс, соның нәтижесінде олар басқа адамдарға қатысты өзара сыйластыққа және түсіністікке келеді. Тапсырмаларды орындау барысындағы бірлескен жұмыс оқушыларға жағдайды басқа адамдардың пікірлерін ескере отырып, қарауға мүмкіндік береді. Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар: кезекпен сөйлеу; белсенді тыңдау; сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау; ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау; өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу; ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау; көмектесу және көмек сұрау; түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну; идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау; топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу; талқылаудың қорытындысын шығару; дәйекті айғақтар келтіру. Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Кей кездері мұғалімдер (және оқушылар) әріптестерінен (немесе достарынан) бірге жұмыс істеуін өтінеді, басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады. Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтың қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді. Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен иектелмейді. Топ мүшелерінің бір- бірі туралы хабардар болуына қарай, топтың қарқыны біртіндеп өзгереді, және де топ мүшелеріне мұндай өзгерістерге қатысты әрекет ету үшін қажеттілігіне қарай жұмыста түзетуге дайын болу керек.

Топта жұмыс істеу ережелері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топқа біріктіріп оқыту
Топтық психотерапия
Мектепте биологияны оқытуда топтық әдісті пайдаланудың маңызы
Оқыту процесінде топтық технологиясы
Химияда жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар
Практикалық жұмыстарда топтық жұмыстарды ұйымдастыру
Топтық жұмыстарды ағылшын тілі сабақтарында қолдану ерекшеліктері
Ұжымдық жұмыстарды қолдана бастауыш сынып оқушыларының бірлесттікке үйрету
Топтық жұмыстың тиімділігі
Қазіргі сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz