Тірек - қимыл аппараты зақымдалған балаларға білім беру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫ БIЛIМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИCТPЛIГI
Ш.ECEНOВ aтындaғы КACПИЙ МEМЛEКEТТIК ТEXНOЛOГИЯЛAP ЖӘНE ИНЖИНИPИНГ УНИВEPCИТEТI
Пeдaгoгикa фaкyльтeтi
Пeдaгoгикaлық тexнoлoгиялap кaфeдpacы

КУPCТЫҚ ЖҰМЫC
Тaқыpыбы: Инклюзивті білім беру жағдайында тірек-қимыл аппараты зақымдалған мектепке дейінгі мектеп оқушыларына көмек көрсету
Пәнi: Инклюзивтi бiлiм бepy
Мaмaндығы: 5В011700 - Қaзaқ тiлi жәнe әдeбиeтi

Opындaғaн: Саулебай Нұрайна, 2 кypc cтyдeнтi
oқy фopмacы: күндiзгi

Ғылыми жeтeкшi: Epyбaeвa A.P., aғa oқытyшы
_____________________
Кypcтық жұмыcты
қopғay yaқыты ___ ___ 2019 ж.

Бaғacы _____________


Aқтay, 2020
ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫ БIЛIМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИCТPЛIГI
Ш.ECEНOВ aтындaғы КACПИЙ МEМЛEКEТТIК ТEXНOЛOГИЯЛAP ЖӘНE ИНЖИНИPИНГ УНИВEPCИТEТI
Пeдaгoгикa фaкyльтeтi
Пeдaгoгикaлық тexнoлoгиялap кaфeдpacы

Пәнi: Инклюзивтi бiлiм бepy
Мaмaндығы: 5В011700 - Қaзaқ тiлi жәнe әдeбиeтi

ТAПCЫPМA
Кypcтық жұмыcты opындayғa apнaлғaн
Cтyдeнт: Саулебай Нұрайна
Тaқыpыбы: : Инклюзивті білім беру жағдайында тірек-қимыл аппараты зақымдалған мектепке дейінгі мектеп оқушыларына көмек көрсету

Жұмыcқa (ғылыми-зepттey) қaтыcты нeгiзгi cұpaқтap:
___________________________________ __________________________;
___________________________________ __________________________;
___________________________________ __________________________;
Нeгiзгi әдeбиeттep:
1)___________________________________ __________________________;
2)___________________________________ __________________________;
3)_________________________________ ____________________________.

Кypcтық жұмыcтың көлeмi: ___ бeт.

Кypcтық жұмыcты тaпcыpy мepзiмi ___ ___ 2019 ж. Дeйiн

Кypcтық жұмыcтың жeтeкшici: ____________ Epyбaeвa A.P., aғa oқытyшы

Тaпcыpмaны бepy күнi___ ___ 2019 ж.

МAЗМҰНЫ
КIPICПE ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-6
I. Тірeк-қимыл aппaраты зақымдалған бaлaлaрға арналған арнайы білім
1.1. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды жалпы білім беретін мекемелерде оқытудың шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға білім беру
2.1.Мектепке дейінгі тірек-қимыл қозғалысы бұзылған балаларға психологиялық-педагогикалық мінездеме ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Мектепке дейінгі тірек-қимыл қозғалысы бұзылған балалардың қимыл-қозғалысын түзетуде ойын тәсілдерін қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚOPЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚOЛДAНЫЛҒAН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...29

КІРІСПЕ
Курcтық жұмыcтың өзектілігі: Мемлекеттің дамуы, өркендеуі үшін сол мемлекетте өмір сүретін азаматтардың денсаулығы мен білім деңгейі өте маңызды. Денсаулық жағдайы мен білім саласы жоғары деңгейде дамыған болса, мемлекеттің одан әрі өркендеуіне де кедергі жоқ десе болады. Мемлекетіміз қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетуде. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалы қ түзеу арқылы қолдау туралы т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, коррекциялық - білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер басымды міндеттер қатарына қойылған. Eлбacымыз Н.Ә.Нaзapбaeв 2002 жылы 11 шiлдeдe Мүмкiндiгi шeктeyлi бaлaлapдың құқықтapы мeн oлapды әлeyмeттiк қaмcыздaндыpy тypaлы зaң қaбылдaды. Бұл зaңдa Бapлық мүмкiндiгi шeктeyлi бaлaлapды тәpбиeлey мeн oқытyдың epeкшe түpiн ecкepe oтыpып, oлapды apнaйы мeкeмeлepгe opнaлacтыpy жәнe жaғдaй жacay, бiлiм aлyынa мүмкiндiктep тyғызy бiздiң бacты мiндeтiмiз дeп aнық aтaп көpceттi. Бaлaлap құқығы (1959 ж) Дeклapaцияcындa былaй дeдi: Бapлық бaлaлap нәciлiнe, aқ - қapaлығынa, жыныcынa, тiлiнe, дiнiнe, caяcи жәнe бacқa дa түciнiгiнe, тyғaн жepi мeн жaғдaйынa қapaмacтaн, төмeндeгi aты aтaлғaн мүмкiншiлiктepдiң бәpiнe құқылы. Epeкшe қaмқopлықпeн қopғaлyғa, coндaй - aқ жaқcы тaмaқ iшyгe, бacпaнa жәнe мeдицинaлық қызмeтпeн қaмтaмacыз eтiлyгe, тәpбиeлeyгe, pyxaни жәнe физикaлық жaғынaн дaмyғa, дeнcayлығы әлciз бoлca, eмдeлyгe, cыpттaн шeктey бoлca epeкшe қaмқopлыққa, aтa - aнacының жәнe дe бacқa aдaмдapдың cүйicпeншiлiгi мeн түciнiгiнe, eгep aғaйын - тyыcтapы жәpдeмдece aлмaca,oндa үкiмeттiң қapaмaғындa қaмқopлықтa бoлyғa құқылы...
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі оларды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік өмір шеңберде тең құқылы тіршілік ете алуларына жағдай жасау.
Қазіргі кезде қимыл-қозғалыс аппараты зақымдалған балаларға медициналық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік реабилитация жасау, ауыр кемістіктің алдын алу мәселесі алға қойылған. Оларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеті әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға интеграциялау, яғни қоғамға пайдалы еңбекке араластыру.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 45 мыңнан астам мүгедек бала бар, бұл еліміздегі кішкентай тұрғындардың 1,2% құрайды. Олардың ішінде 10 000 шамасындағы балаға балалардың сал ауруы диагнозы қойылған. Бірақ барынша шыдамдылық танытып, әдістемелік жүйемен емдеген жағдайда бұл аурудың салдарын түзетіп, баланы жүруге, сөйлеуге үйретуге және қоғамда өмір сүруге бейімдеуге болады.
Қазақстандағы мүгедек балалардың проблемасы олардың ата-аналары мен медициналық мекемелердегі қызметкерлердің ғана проблемасы болып қалмау керек. Мүгедек балаларды, жекелеп алғанда, сал ауруымен ауыратын балаларды сауықтыру мәселесінде әлі де болса тез арада шешуді талап ететін проблемалар жетерлік. Осы мәселелерді шешуде титтей де болса үлесімді қосу үшін курстық жұмысты осы тақырыпқа арнадым.
Курстық жұмыстың мақсаты: Тірек-қимыл аппараты бұзылған мектепке дейінгі балаларды әр түрлі әдіс-тәсіл, ойындар арқылы ақыл-ойын және қимыл-қозғалысын дамыту жолдары.
Курстық жұмыстың міндеті:
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға жалпы сипаттама беру үшін ғылыми әдебиеттерді қолдану, зерттеу.
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды жалпы білім беретін мекемелерде оқыту шарттары мен міндеттерін танып-білу.
Балалардың қимыл-қозғалысын дамытуға тиімді әдіс-тәсілдерді зерттеу, анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: Егерде қимыл-қозғалыс
аппараты зақымдалған балаларды дер кезінде бақылап, қажетті ем-шараларын, педагогикалық-психологиялық әдіс-тәсілдерді қолданса баланың дамуын дұрыс жолға қоюға болады.
Курстық жұмыстың құндылығы: Курстық жұмыста жазылған мәліметтер мен кеңестерді, әр түрлі ойындар мен тұжырымдарды қолдануға болады. Өйткені, барлық мәліметтер балалар үшін өте пайдалы болатыны анық.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Тірек-қимыл аппараты зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға инклюзивті білім беру және көмек көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы: Зepттey жұмыcы кipicпeдeн, eкi бөлiмнeн, қopытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн тұpaды
Бірінші бөлімде тірек-қимыл аппаратының зақымдалуына жалпылама тоқталып өтілді. Тірек-қимыл аппаратынң сырқаттарының түрлеріне және пайда болу себептеріне шолу жасалынды. Осы мәселе бойынша шет ел және отандық зерттеушілердің пікірін қоса айтып өттік. Және де осындай сырқаты бар балалардың білім беру мекемелеріне оқыту шарттары мен міндеттері айтылды.
Екінші бөлімде: мектепке дейінгі тірек-қимылы зақысдалған балаларға мінездеме беріп өттік. Мектепке дейінгі балалардың ақы-ойын, қимыл-қозғалысын дамыту үшін қажетті кеңестер мен әдіс-тәәсілдер, педагогикалық-психологиялық ойындармен бөлістік.
Қорытынды бөлімде: Негізгі бөлімде айтылған әр түрлі мәселелердің шешімдеріне қорытынды жасалды. Балардың дамуы үшін аянбай еңбек ету керектігі айтылды.

I. Тірeк-қимыл aппaраты зақымдалған бaлaлaрға арналған арнайы білім
1.1.Тірек-қимыл аппараты сыртқаттарының түрлері, пайда болу себептері
Балаларда туа біткен және жүре келе пайда болатын кемістіктердің 5-7 пайызына тірек-қимыл жүйесінің бұзылуы жатады. Бұл кемістіктер дүниеге келген кезде және жүре келе пайда болуы ықтимал.
Тірек-қимыл жүйесі бұзылуының мынадай клиникалық типтері бар:
Нерв жүйесінің аурулары: балалардың церебралды параличі, полиомелит, хорея;
тірек-қимыл жүйесінің туа біткен кемістіктері: туа біткен жамбас сүйектерінің бұзылуы; мойын омыртқаларының қисаюы; маймақтық; буын сүйектерінің сырқаты, кеуде омыртқаларының даму кемістіктері, әр түрлі сүйектердің дамуының тежелуі, артрогрипоз, т.б;
қимыл-тірек аппаратының жүре келе пайда болған аурулары: жұлын, бас ми және аяқ-қолдарының аурулары; полиартрит; қаңқа-сүйек сырқаттары (сүйектегі құрт аурулары; ісіктері, остеомиелит), қаңқа-сүйектерінің аурулары (хондродистрофия, рахит ауруы)
Қимыл-тірек аппаратының жүйесі бұзылған балалардың негізгі кемістігі - қимыл-қозғалысының кемістігі (қозғалу, қимыл-әрекеттерінің дамуының тежелуі, зақымдануы немесе мүлдем жойылуы). Дәл осы сияқты кемістігі бар балалардың көпшілігін балалардың церебральдық сал ауруымен ауыратын балалар құрайды екен (89%). Бұл балаларда қимыл-тірек жүйесінің кемістіктері көбінесе жүйке жүйесінің бұзылуымен, тіл мүкістерімен тіркесе жүреді, сондықтан олардың көпшілгі тек қана медициналық-әлеуметтік көмекті ғана емес, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық және логопедтік жәрдемдерді де керек етеді. Әдетте, тірек-қимыл жүйесі зақымданған балалардың ішінде танымдық қабілеті сақталған, арнайы білім алу мен тәрбиені қажет етпейтін балалар да кездеседі. Дегенмен, аталмыш балалардың барлығында ерекше өмір сүру жағдайын, оқытуды және келешек еңбек әрекетінің дұрыс қалыптасуын қажетсінеді. Оларды әлеуметтік бейімдеуде екі бағыт белгіленеді. Біріншісі - қоршаған ортаны балаларға бейімдеу. Ол үшін арнайы техникалық жылжу құралдар (арбалар, балдақшалар, таяқтар, велосипедтер), тұрмыстық заттар (ыдыс-аяқ, электроаспаптардың арнайы сөндіргіштері), арнайы сатылар, жол жиектерінен арнайы түсу жолдары болады. Ал қимыл-тірек аппаратының кемістігі бар балаларды бейімдеудегі екінші бағыт - ол балалардың жеке бастарын әлеуметтік ортаның қалыпты жағдайларына бейімдеу.
Тірек - қимыл аппаратының зақымдануында психика құрылымы психика дамуындағы өзгеше кемістіктерден тұрады. Психиканың даму бұзылуларының механизмі өте күрделі және де мидың зақымдану мерзімімен, дәрежесімен, орналасуымен айқындалады. Құрсақ ішінде қалыптасқан психикалық бұзылулардың көрінісі зиятының тұрпайы жетілмеуімен де сипатталады. Тірек - қимыл аппаратының зақымдануы кезінде психикалық даму кемістігі танымдық әрекетінің, эмоционалдық-жігерлі сферасының және жеке тұлғаның қалыптасуының бұзылуларынан тұрады [2].
Тірек - қимыл аппаратының зақымдануындағы интеллект кемістігінің құрылымы бір қатар өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:
· Қоршаған орта туралы мәліметтің бір шама аз көлемі. Бұл келесі себептердің салдары болып табылады: а) ұзақ мерзім бойы қозғалмау жағдайы және кеңістікте ерсілі-қарсылы жүру қиындығымен байланысты амалсыз оңашалау, құрбылармен ересек адамдармен қарым-қатынастың шектеуілігі, б) тірек - қимыл зақымдануымен байланысты затты-практикалық әрекет барысында қоршаған ортаны танудың қиынға түсуі, в) сенсорлық қызметтердің бұзылуы.
· Тірек - қимыл аппаратының зақымдануы кезінде әр-түрлі талдағыш жүйелерінің үйлесімді қызметінің бұзылулары байқалады. Түрлі заттарды сипау, манипуляциялау, яғни іс-барысында тану қызметтері ТҚАЗ кезінде бұзылады.
· Ой-өріс кемістігінің әркелкі, дисгармоникалық түрде болуы, яғни бір интеллектуалдық қызметтер бұзылып екіншісі тежелсе, үшіншісі қалыпты жағдайда сақталып қалады. Мұндай өзгешелік мидың ерте даму сатысындағы органикалық зақымдануымен байланысты. Сонда көбінесе жоғарғы интеллект қызметімен басқада ең жағарғы қыртыс функцияларды қамтамасыз ететін мидың жастау функционалдық жүйелері күйзеледі. Кейбір балаларда ойлаудың көрнекі түрлері дамиды, басқаларында, керісінше, көрнекі-қызметтік ойлау төмендегенімен сөйлеу-логикалық ойлау жақсырақ дамиды.
· Психоорганикалық көріністердің ұлғаюы: психикалық процестердің бәсеңдігімен әлсіреуі, әрекеттің басқа түрлеріне ауысуы, зейін шоғырлануының жеткіліксіздігі, механикалық зерде көлемінің төмендеуі.
Тірек - қимыл аппараты зақымдалған балаларға эмоционалдық - жігерлі сферанының бұзылулары тән. Кейбіреулерінде ол жоғары эмоционалдық қозуымен қатар шегіндірілген тежелуімен байқалады, басқаларына - ұяңдықпен сескенушілікпен сипатталады. Тәртіп бұзылулары қозғалыстың шегіндірілген тежелу, ашушаңдық, қоршағандарға қарсы шығумен сипатталады. Ал кейбір балаларда керісінше толық немқұрайлық, селқостық, қатынаспаушылық орын алады.
ТҚАЗ балалардың психологиялық сипаттамасы И.О Левченко, И.И. Мамайчук еңбектерінде ұсынылған. Тірек - қимыл аппаратының зақымдануы қозғалтқыш, сенсорлық, когнитивті, әлеуметтік депривацияға және эмоционалды - күш жігерінің зақымдануымен көрініс табады. Эмоционалдық сферасы көптеген себептерге байланысты сәтсіздікке ұшырайды. Бір жағынан баланың орталық жүйке жүйесінде зиянды органикалық зақымдануы оның аффективті тұрақсыздыға әкеп соқтырады. Тірек - қимыл аппараты зақымдалған балаларда сонымен қоса, ақыл - ой кемістігі қатар жүрсе, онда бала сырттан келген тітіркендіргіштерге жауап қайтара алмайды. Егерде ақыл - ойы кем болмаса, онда балалар кез-келген тітітркендіргіштерге жауап қайтара алады.
Тірек қимыл аппараты зақымдалған балалардың кемістік құрылымының 80% тіл мүкістіктері құрайды. Тіл мүкістіктердің ауырлығымен орналасуына байланысты. Тіл мүкістіктерінің механизімінде ең маңыздысы болып қозғалыс патологиясының өзі болып табылады. Тірек - қимыл аппаратының зақымдалуы кезінде тіл мүкістіктері тікелей қозғалыс бұзылуларымен байланысты. Сонымен қатар, артикуляциялық аппараты зақымдалуы ауырлығымен қол қызмет зақымдануынң ауырлығы байланысты. Тірек - қимыл аппараты зақымдалған балаларына әр түріне өзіндік тіл кемістіктері тән. Сөйлеу кемістіктері тірек - қимыл аппараты зақымдалған балалардың басқалармен қарым - қатынасын тежеп қиындата қоймай олардың жалпы дамуына кері әсерін тигізеді. Тірек - қимыл аппараты зақымдалған балаларда келесі тіл кемістіктері байқалады: дизартрия, тіл дамуының тежелуі, алалия, жазбаша сөйлеудің бұзылулары.
Тірек - қимыл аппаратының зақымдануы кезінде баланың сәбилік және ерте жасында ата-аналарының барлық күштері зақымдалған тірек - қимыл қызметін дамытуға және түзетуге, яғни қалыпқа келтіруге бағытталады. Мұның себебі, кейбір ата-аналар баланың психикалық және тілдік дамуының ерекшелігін байқаса да, арнайы педагогтарға, логопедтерге, психологтарға жүгінуге асықпайды. Басқалары баланың психикалық және тілдік дамуы оның қозғалыс әрекетінде үлкен жетістіктерге жеткенде немесе сауығып кеткенде қалыпқа келеді деп есептейді. Ал үшіншілері қандай да бір ауру әрқашан баланың психикасында, тәртібінде өзгерісті қалдырады деп санайды. Осындағы кез келген жеке ойлар көптеген ересектердің тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзету) оқыту мен тәрбиелеу жүйесі бар екенін білмейтіндіктерін көрсетеді. Осыған орай, осындай патологиясы бар балалармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзету жұмыстарының негізгі бағыттары мен жолдары бірнеше онжылдықта әзірленіп, әртүрлі мекемелердің тәжірибесінде кеңінен қолданылып жатыр. Ресейлік ғалымдар тірек - қимыл аппаратының зақымдалуы бар балаларды, оның өмірінің алғашқы айларынан бастап-ақ арнайы оқыту мен тәрбиелеу қажеттілігін негіздеді. Олар негізгі мақсаттарды көрсетіп, сәбилік, ерте және мектепке дейінгі жаста жүргізілетін түзету жұмыстардың мазмұны мен әдістерін ашып, және оларды ерте бастаған жөн екенін түсіндіріп, дұрыс түзету әрекетінің жағдайлары кезінде аса тиімді екенін дәлелдеді [4].
Түзете-дамыту жұмысының мақсаты дер кезіндегі тілдік және танымдық даму, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен қоғамда бейімделуін қамтамасыз ететін іс-әрекеттер жүйесін бірізділікпен дамыту және түзету, қолдың ұсақ моторикасын қалыптастыру болып табылады. Осыған орай, түзете-дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі қағидаларын атауға болады:
- Тірек - қимыл аппараты зақымдалған балалар үшін түзете-дамыту жұмысының ерте басталғаны дұрыс, себебі қимылдық бұзылыстар басқа да қызметтердің екіншілік тежелуіне әкелетіндіктен, өмірінің алғашқы аптасынан және айынан бастау керек.
- Педагогикалық түзету кезінде дефектолог пен мүгедек баланың ата-анасы арасында өзара байланыстың болуы өте маңызды. Отбасылық тәрбие қателіктері психофизикалық дамудың ауытқуын одан да қиындатып жіберуі мүмкін. Сондықтан, ата-аналар дефектологтан баласының өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысы, қолдың ұсақ моторикасын дамытуды, қорғаныс тәртібін сақтау, ерекше баласына шыдамдылықты таныту, үй жағдайында ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен кеңестерді алып жатады. Осындай кешенді түзете-дамыту жұмыстары танымдық, қимыл-қозғалыстық және эмоционалды-ерік саласындағы кемшіліктерді жоя отырып, әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына және әлеуметтік ортаға бейімделіп енуіне оң әсер етеді.
Қорытындылай келе, тірек - қиымл аппараты зақымдалған балаларды психологиялық қолдау мен түзету жұмысын іске асыру үшін, олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуге арнайы жағдай және кедергісіз орта жасау керек. Тірек - қимыл аппараты зақымдалаған балаларды ерте анықтау мен жүйелі емдік-педагогикалық жұмысты ерте бастаудан тұратын көмек беру жүйесін әрі қарай жетілдіру қажеттілігі артады. Тірек - қимыл аппаратының зақымдалуы бар балалар медициналық көмекті денсаулық сақтау Министрлігінің мекемелері жүйесінде ала алады, нақтырақ: алғашқы медициналық-санитарлық көмек беру мекемелерінде, стационарларда, балалар үйлерінде, диспансерлерде, арнайы санаторийлер мен реабилитациялық орталықтарда. Бұл мекемелерде қалыптандыру емі мен мамандардың кәсіби көмегі (логопедтер, дефектологтар, психологтар, тәрбиешілер, дәрігерлер мен т.б.) ұзақ мерзімді жүргізіледі.

1.2. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды жалпы білім беретін мекемелерде оқытудың шарттары
Қимыл-қозғалыс функциясынан айрылу немесе бұзылуы, дамымай қалуы, қалыптасуының кешігуі негізгі сипаттымасы болып табылатын тірек-қимыл аппараты бұзылған (бұдан әрі - ТҚАБ балалар) балалар кең және бір текті емес тобын құрайды. Балалрдың тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы, туа біткен немесе ерте пайда болған аурулар мен зақымдар себебеінен болуы мүмкін.
ТҚАБ балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда, шартты түрде білім беру кеңістігі жағдайында түзету-педагогикалық жұмыстың түрлі нұсқаларын қажет ететін екі санатқа бөлуге болады.
Бірінші санатқа (қозғалыстық бұзылулары неврологиялық сипаттағы) орталық нерв жүйесінің қозғалыс бөліктерінің органикалық зақымдануы себебінен, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар жатады. Балалардың бұл тобын көпшілігінде БСА-сы бар балалардан тұрады. Балалардың дәл осы санаты клиникалық және психологиялық-педагогикалық аспектілерде ең көп зерттелген болып табылады. Өйткені БСА кезінде қозғалыс бұзылулары жеке тұлғалық саланың, сөйлеудің және танымдық дамудың бұзылуымен үйлеседі, онда бұл санаттың балаларының негізгі бөлігі психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзетумен қатар емдеу мен әлеуметтік көмекті де қажет етеді.
Екінші санатқа (қозғалыстық бұзылулары ортопедиялық сипаттағы) көбінесе неврологиялық сипаттағы емес тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар жатады. Әдетте, бұл балалардың зияткерлік дамуында көрініп тұратын бұзылушылық болмайды. Кейбір балалардың психикалық дамуының жалпы қарқыны ептеп баяулаған және жекелеген қабықтық функциялары, әсіресе көру-кеңістіктік ойы парицально бұзылған болуы мүмкін. Бұл санаттағы балалар жеке қозғалыс режимін сақтауға және жүйелі түрде ортопедиялық емдеу аясында психологиялық қолдауға мұқтаж.
Қозғалыс бұзушылықтарының сипаты мен ауырлығы, көру және естудің ықтимал бұзылуы, сенсорлық ақпараттың (сырт қарағанда-мотор үйлестіру және т. б.) кірігуіне негізделген күрделі функциялардың қалыптасу қарқыны мен мерзімдерінің кешігуінің, кез келген сенсорлық ақпараттың қабылдану және өңделуінің сапалы ерекшеліктерін болжайды.
Көріп қабылдау ерекшеліктері көру ықыласы (көзқарасқа көңіл қою және оны объектте ұстау, объекттенысанада бақылап отыру қиындықтармен), шамамен көру реакцияларының әлсіздігімен, жартыкештігімен және ыңғайластырылмағандығымен, қабылдау қарқынының өзгеруімен сипатталады. Оң жақ немесе сол жақ аяқ-қолдары айрықша зақымдалған балалардың бойынан көру өрістерінің айтарлықтай шектелуі немесе айырылып қалуы байқалады, ол күрделі сырт қарағандағы-мотор үйлестіруді қалыптастыруды қиындатып қана қоймай, көру коммуникациясының (көзге көз контакт) бастапқы нысандарының қалыптасуы қиындықтарын айтарлықтай дәрежеде анықтайды.
Естіп қабылдау ерекшеліктері шамамен-іздестіру есту реакцияларының тұрақсыздығымен сипатталады. Бала дыбыс шығарушыға үнемі үйрене алмайды, қарама-қарсы дыбыстарды айыруда, дыбыстың бағыты мен күшін анықтауда қиналып қалады.
Зейін мен зерденің бірқатар ерекшеліктері бар. Көбіне қалай болса солай назар аудару, оның тұрақсыздығы мен ауыспалылығынан зардап шегеді. Іс-әрекеттің бір түрінен екіншісіне көңіл аудару үшін қосымша уақыт қажет болады. Зейінді бір әрекет түрінен екіншісіне ауыстыру үшін қосымша уақытта талап етіледі. Белгілі бір уақыт бірлігінде қабылданатын ақпараттар көлемі әдетте тарылған. Бір анализатор жүйесінде зерде бұзылуы мүмкін (көру, есту, қозғалыс-кинестетикалық). Ойлау процестері салғырттықпен, қорыту операцияларының төмен деңгейімен сипатталады. Балалардың сал ауруы клиникасында сөйлеудің әр түрлі бұзылыстары маңызды орын алады. Жетекші мамандар ретінде дизартрия (артикуляцияның бұзылулары дауыс пен тыныс алу бұзылыстарымен үйлесетін, сөздің сөйлеу таптарының бұзылуы).
Жеке психикалық функцияларының дамуының бұл бұзушылықтар бүтіндей БСА-сы бар балалардың психикалық дамуын тежейді. Алайда БСА-сы бар балалардың психикалық дамуын болжау тірек-қимыл жүйесінің қаншалықты зақымдану тереңдігіне ғана байланысты емес, бұл жерде баланың компенсаторлық мүмкіндіктері (оның ішкі ресурстар) және барабар жағдайлар, оның әлеуметтік бейімделуінің (сыртқы ресурстар) шешуші мәні бар.
ТҚАБ балаларға арналған білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Кедергісіз кеңістік
ТҚАБ бала білім беру ұйымының аумағына кіру үшін ғимаратқа кіреберісте пандус орнату қажет. Пандус бала арбасына өздігінен онымен көтерілуге және түсе алатындай барынша жайпақ болуы керек (10-12°). Пандустың ені 90 см.-ден кем емес болуы керек. Пандустың қажетті атрибуттары, ұзындықтары әрбір жағынан пандустың ұзындығынан 30 см.-ге артық болатын тұтқалары (биіктігі 50-90 см) және қоршап тұратын бортик (биіктігі - 5 см кем емес) болып табылады.
Егер ғимараттың сәулеті дұрыс пандус (мысалы, тар баспалдақ) салуға мүмкіндік бермесе, онда қайырмалы пандус жасауға болады, бұл жағдайда сырттан көмек қажет.
Ғимараттың есіктері пандусқа қарама-қарсы жаққа ашылуы тиіс, әйтпесе бала арбасымен төмен сырғанап кетуі мүмкін.
Қозғалыс патологиясы бар нашар жүретін білім алушылар ғимарат бойынша олардан ұстап жүру үшін барлық периметрі бойынша дәліздер бойымен тұтқалар жасау қажет. Есіктердің ені 80-85 см.-ден кем болмауы керек, әйтпесе бала арбасымен олардан өте алмайды.
Бала арбасымен жоғарғы қабаттарға көтеріле алуы үшін, ғимаратта баспалдақтарда көтергіштер алдын ала қарастырылуы керек [11].
Дем алу, сабақ оқу және т.б. үшін әр аймақта белгілі бір объектілер мен заттардың орналасқан орындарын бекіте отырып, кеңістікті аймақтарға бөлу қолайлы болып табылады. Аймақтарға бөлу әдісі кеңістікті танымал етеді, демек, ТҚАБ бала үшін қауіпсіз және ыңғайлы, оның кеңістікте табысты бағдарлануын қамтамасыз етеді, ұсынылатын нысандағы өзара іс-қимылға бейімдейді, өз белсенділігінің деңгейін арттыруға мүмкіндік туғызады.
Бұл арада келесі шарттар сақталуы тиіс:
- осы ұйымда білім алушы қозғалыс патологиясы бар балалардың қажеттіліктерін ескере отырып санитарлық-тұрмыстық (жабдықталға киім ілгіш, санитарлық торап, орындық, жеке гигиена және т. б. болуы);
- осы ұйымның ТҚАБ баланың нақты қажеттіліктерін ескере отырып әлеуметтік-тұрмыстық (ұйымның жабдықталған кеңістігі, баланың жұмыс орнының және т. б. болуы);
- арнайы жабдықталған медициналық кабинет;
- емдік дене шынықтыруға арналған арнайы жабдықталған зал.
Қажетті арнайы құрал-жабдықтар
- жүріп-тұру құралдары: мүгедектер арбасының әр түрлі нұсқалары (бөлмелік, серуендік, функционалдық, спорттық), қайта отырғызу үшін көтергіштер, шағын автобус, басушылар мен ағашақтар (бөлмелік және серуендік), балдақ, шаяндар, таяқтар, велосипедтер; арнайы тұтқалар, пандустар, тротуарларға шығатын жерлер және т. б. Көптеген көп функционалды кресло-арбаларды балалар көп уақытын өткізе алады. Оларда тамақ ішуге және сабақ оқуға арналған үстел, алмалы-салмалы кеме, кітаптар үшін бөлімшесі, тағаммен термосты сақтауға арналған арнайы орын бар;
- өзіне-өзі қызмет көрсетуін жеңілдететін құралдар (ыдыс-аяқтар мен асханалық аспаптар, киіну және шешіну, есікті ашу және жабу, өз бетінше оқулары, телефонды пайдалану үшін құрал-жабдықтар; электр құралдарын қосатын ерекше, тұрмыстық аспаптарды қашықтықтан басқару құралдары);
- баланың қажеттілігіне сай жиһаз;
- балаларды жатқызып оқытуға арналған сыналы тіреуіштері бар медициналық кушеткалар;
- балаларды тұрғызып оқытуға арналған көлбеу үстелдер.
Қосымша дидактикалық материалдар
ТҚАБ балалардың ерекше білім алудағы қажеттіліктері кейде ауызша емес байланыс құралдарын қолдануды талап етеді. Балама (ауызша емес) қарым-қатынас құралдары болып табылатындар: арнайы таңдап алынған заттар; графикалықбаспа суреттер (фотосуреттер, суреттер, пиктограммалар және т.б. тақырыптық жиынтықтары, сондай-ақ жеке коммуникативтік альбомдардан жасалғандар); электрондық құралдар (бейне жазба құрылғылары, электронды коммуникаторлар, сөйлеу тренажерлер), тиісті бағдарламалық қамтамасыз етілген және қосалқы құрал-жабдықтармен планшетті немесе дербес компьютер және т. б.).
Әр бала үшін жеке ортопедиялық режимді сақтау міндетті шарт болып табылады. Дәрігер- -ортопедтің, ЕДШ инструкторының ұсынымдарына сәйкес қозғалысты жүзеге асыру мүмкіндігі мен баланың кеңістіктегі барынша қолайлы жәйін қамтамасыз ететін сауықтыру техникалық құралдарын пайдалана отырып, баланы отырғызу және қозғалты ережесі, тыйым салу позициясы - рефлексі анықталады (патологиялық рефлекстердің белсенділігінің төмендеу және бұлшық ет тонусын қалыпқа келтіру үшін балаға үлкендер мән берілетін дене тұрысы).
Баланың ұзақ уақыт бойы басы төмен қарай салбырап, арқасы мен аяғы бүгулі отыр мауын қадағалап отыру керек. Бұл тұрақты патологиялық қалыпқа алып келеді, тізе мен жамбас буындарының бүгілунің дамуна қарсы ықпал етеді. Мұны болдырмау үшін баланы орындыққа басы мен арқасын түзулеп, аяғы созыңқы, табаны тіреке тіреп лтырғызу керек.
Ортопедиялық режимді сақтау қимыл-қозғалыстың бұзылуына ықпал ететін теріс тұстарын жоюға мүмкіндік береді, осылайша баланың қозғалыс мәртебесін тұрақтандыруға оң әсер етеді.
ТҚАБ балаларды оқыту келесі: қозғалыс ақауын шамадан келгенше медициналық түзету, жүйке-психикалық ауытқулар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытуды ұйымдастыру
Тірек - қимыл аппараты зақымдалған мектепке дейінгі мектеп оқушыларына көмек көрсету
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктерін анықтау
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктері
Тіл мүкістігі бар балалар
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Инклюзивті білім бeрy жaғдaйындa тірeк – қимыл aппaрaты зaқымдaлғaн мeктeпкe дeйінгі мeктeп оқyшылaрынa көмeк көрceтy
Көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушылар
Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу процесін ұйымдастыру
Тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларға клиникалық-психологиялық-педагогикалық мінездеме
Пәндер