Адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
І. Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
ІІ. Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері
2.1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстардың сипаттамасы
2.2. Соғыс қылмыстарының жекелеген түрлері
2.3. Адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
2.4. Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыстар
2.5. Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылдықты насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған қылмыстар
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Ата заңымыз - Конституцияның 1-бабында ең басты қазынамыз - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп нақтылап көрсетілген болатын. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 2-бабында адамзат қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті, бейбітшілікті қорғау және сақтау Қылмыстық Кодекстің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Тіпті Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің 4-тарауы бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар деп аталды. Бұл қылмыстар қазіргі таңда ең кең таралған әрі актуальды қылмыстар болып табылады. Мемлекет пен халықтардың, әлеуметтік, этникалық, діни топтардың тыныш тіршілігіне қол сұғу, агрессивті соғыс, геноцид нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру халықаралық құқықпен ауыр қалмыстар қатарына жатқызылады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін геноцид деген терминді қолданбаған болатынбыз. Тек екінші дүниежүзілік соғыс кезінде соғыс жүргізу кезінде геноцид тәсілін қолданған болатын. Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар халықаралық қылмыстар болып табылады. Бұл қылмыстарға алғаш рет жауаптылық 1948 жылы Халықаралық әскери трибунал Жарғысы белгіледі. Халықаралық қылмыстармен күресуде мемлекет қызметінің құқықтық негізі болып халықаралық қылмыстық құқық табылады. Қазіргі таңда әлемде үш жүзден аса халықаралық қылмыстар және олардың жазалануы туралы халықаралық шарттар жасалған.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз, зайырлы әрі құқықтық мемлекет ретінде құрылған соң, ұлттық қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін және бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстармен күресу үшін халықаралық ұйымдарға мүше бола бастады. Сондай-ақ Қазақстан Респубикасына діни алауыздық, терроризм, басқыншылық секілді қылмыстар жат емес екені бәрімізге белгілі.
Курстық жұмыстың мақсаты:
* бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға сипаттама беру;
* бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері туралы түсінік қалыптастыру;
* бейбітшілік және адамзат қауіпсізідігіне қарсы қылмыстардың заңи табиғатын түсіндіру.
Осы мақсаттарды қол жеткізу курстық жобаны жазу процессінде келесі міндеттер шешіледі:
* бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың объектісі мен объективтік жағын, субъектісі мен субъективтік жағын ашып көрсету;
* бейбітшілікке қарсы, соғыс қылмыстары, адамзатқа қарсы, халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыстар деп жіктеп, әр қайсысына жеке жеке тоқталу.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
* бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың маңыздылығы;
* бейбітшілік адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жауаптылығы;
* бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, --- тараудан, қорытындыдан тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауы Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы деп аталып, онда аталған қылмыстардың мәні ашылып, толық сипаттама берілген, халықаралық құқықтық нормалардағы алатын орны бейнеленген. Екінші тарау Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлеріне арналған. Қылмыстардың әр түрлері ашылып көрсетіліп, мән-мағынасы ашылған, субъектісі мен субъективтік жағы бейнеленген. Соңғы қорытынды бөлімде, осы жұмыстың барлық өзекті мәселелері түйінделіп, жинақталған, Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары көрсетілген.
І.
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі - жалпы қоғамның және жеке адамның дамуының міндетті және басымда шарты боп табылатын қазіргі өркениеттің маңызды әлеуметтік құндылықтарының бірі. ҚР-ның қылмыстық кодексінде заңшығарушы бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды алғаш рет жеке тарауға бөліп шығаруы ұлттық қылмыстық заңдылықты халықаралық конвенцияларға сәйкес сипатқа келтіруі болып танылады.
Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігі, яғни, халықаралық құқық нормаларын сақтау нәтижесінде қалыптасатын және мемлекет пен халықтардың өмір сүру негізін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар сонымен қатар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі қағидалар құрайтын қол сұғушылықтың жалпы топтың объектісі болып табылады. Осы қылмыстардың кейбіреуінің міндетті белгісі ретінде қылмыс заты саналады. Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың құрамдарының барлығы формальды. Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы жасалатын барлық қылмыстар кінәлінің белсенді әрекеттері арқылы жасалынады. Кейбір құрамдардың объективтік жағының (мысалы, соғыс жүргізудің тиым салынған құрамдары, мен әдістерін қолдану) міндетті белгісі ретінде қылмыстық жасалуының ерекше жағдайы әскери кикілжің немесе әскери әрекеттер жағдайы және қылмыстың жасалу орны басып алынған аумақ жатады. Ал қоғамға қауіпті зардаптардың туындауы құрамның шегінен тыс.
Субьективтік жағы бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың барлығы тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады және қылмыстардың жасалу мақсаты әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір қылмыстар үшін заң шығарушы субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде қылмыстың жасаулының арнайы мақсатын (мысалы), геноцид үшін ұлттық этникалық, нәсілдік немесе діни топты толық немесе ішінара жою мақсаты, халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау үшін соғысқа арандату немесе халықаралық жағдайды ишеленістіру мақсаты көздейді. Ал бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың субъектісі - 16 жасқа толған, есі дұрыс, жай адам болуы мүмкін. Кейбір қылмыстардың субъектісі арнаулы субьект болуы мүмкін, яғни, мемлекеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам (ҚК, 161бабының 2бөлігі), өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адам не қоғамдық бірлестіктің жетекшісі жасауы (ҚК, 174-б. 2-бөлігі) және т.б.
Заң әдебиеттерінен аталған қылмыс топтарының тікелей объектілеріне байланысты әр түрлі топтастыруды кездестіруге болады. Бұл топтастыру осы қылмыс түрлерін оқыған әр адамға түсінікті әрі түсіндірмелерді оңай игеру үшін қажет деп есептеймін. Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды төмендегідей топтастыруға болады:
1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар:
* Басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргізу (ҚР ҚК 160-бап);
* Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу немесе жария түрде шақыру (ҚР ҚК 161-бап);
* Жаппай қырып-жою қаруын өндіру,иемдену немесе өткізу (ҚР ҚК 162-бап);
* Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу (ҚР ҚК 172-бап).
2. Соғыс қылмыстар:
* Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (ҚР ҚК 163-бап) ;
* Соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу (ҚР ҚК 164-бап);
* Жалдамалылық (ҚР ҚК 170-бап);
* Жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерьлер) құру (ҚР ҚК 171-бап).
3. Адамзатқа қарсы қылмыстар:
* Геноцид (ҚР ҚК 168-бап);
* Экоцид (ҚР ҚК 169-бап).
4. Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс:
* Қарулы қақтығыстар уақытында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қылмыстық құқық бұзушылықтар (ҚР ҚК 165-бап);
* Қарулы қақтығыс уақытындағы әрекетсіздік не қылмыстық бұйрық беру (ҚР ҚК 166-бап);
* Халықаралық шарттармен қорғалатын белгілерді заңсыз пайдалану (ҚР ҚК 167-бап);
* Халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (ҚР ҚК 173-бап);
5. Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылдықты насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған қылмыстар:
* Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру (ҚР ҚК 174-бап).

ІІ.
2.1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстардың сипаттамасы
Бейбітшілікке қарсы қылмыстардың түрлері: басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргізу (ҚР ҚК 160-бап); басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу немесе жария түрде шақыру (ҚР ҚК 161-бап); жаппай қырып-жою қаруын өндіру,иемдену немесе өткізу (ҚР ҚК 162-бап). шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу (ҚР ҚК 172-бап).
160-бап. Басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргізу
Басқыншылық немесе агрессия көптеген саясаткерлердің пікірінше бір мемлекеттің екінші мемлекетке қарсы заңсыз күш қолдануы, әсіресе басқа мемлекеттің аумағын тартып алу, тәуелсіздігін жою, саяси және қоғамдық құрылысын өзгерту мақсатында әскери шабуыл жасау. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы өзінің 1974 жылгы 14 желтоқсандағы 3314 (XXIX) карарында тұңғыш рет басқыншылықтың (агрессияның) анықтамасын берген. Онда Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сай келмейтін тұрғыда бір мемлекеттің өзінің қарулы күштерін екінші мемлекеттің егемендігіне, аумақтық тұтастығына және саяси тәуелсіздігіне қарсы қолдану немесе баскадай тәсілдерді пайдалану арқылы оларға ықпал етуі басқыншылық (агрессия) деп танылады деп көрсетілген.
Қылмыстың тікелей объектісі - халықтар арасындағы бейбітшілік, мемлекеттердің бейбіт өмір сүруі және достығы. Объективтік жағынан қылмыс басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу немесе тұтандыру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстың объективтік жағы бірнеше балама әрекеттерден тұрады. Оның біріншісі-басқыншылық соғысты жоспарлау. Жоспарлауға халықаралық құқық нормаларына қайшы түрде бейбіт тұрғындарға қарсы соғыс әрекеттерін жүргізудің арнаулы жоспарларын жасау, соғыс әрекеттерін жүргізуге бағытталған әртүрлі әдістемелік құралдар жасау, соғыстың құрбаны болатын мемлекетті белгілеу, басқыншылық соғыс әрекеттерін жүргізудің мерзімін және көлемін белгілеу әрекеттері жатады. Басқыншылық соғысты әзірлеуге жоспарланған ұрыс әрекеттерін жүзеге асыруға арналған нақты іс-қимылдарға көшулер жатады. Мысалы, соғыс техникасын көптеп шығара бастау; қарулы күштердің санын күрт көбейту, азық-түлік немесе жағар-жанар май қорларын ұлғайту, соғыс жағдайына сай келетін жаттығушыларды жүзеге асыру, тұрғындарды соғыс ісіне моральдық тұрғыдан бейімдеп дайындау т.с.с. әрекеттер жатады. Басқыншылық соғысты тұтандыруға соғысты бастау үшін нақты әрекеттерді жүзеге асыру болып табылады. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1974 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысына сәйкес басқыншылық актісіне: бір мемлекеттің қарулы күштерінің басқа мемлекеттің аумағына басып кіруі немесе соғыс жолымен басып алуы, аннексия жасауы; басқа мемлекеттің аумағын бомбалау немесе басқа мемлекетке қарсы кез келген қару түрлерін қолдану; басқа мемлекеттің құрлықтағы, теңіздегі немесе әуедегі күштеріне қарсы шабуыл жасау, т.с.с. әрекеттер жатады. Басқыншылық соғысты жүргізу деп тұтандырылған соғыс өртін аяғына дейін жеткізу, алға қойған мақсатқа толық жету әрекеттерін жалғастыруды айтамыз. Қарастырылып отырған қылмыс созылмалы қылмыс болып танылады, себебі оның құрамы үздіксіз жасалып отырады. Созылмалы қылмыс әрекет басталған сәттен ескерілініп кінәлінің қылмысты аяқтауға бағытталған әрекетімен (агрессияны не соғыс қимылдарын тоқтатуы) немесе қылмыстың аяқталуына кедергі болған мән-жайлардың болуы (мысалы, агрессордың құлауы) арқылы аяқталынады.
Көрсетілген қылмыс формальдық құрамға жатады, сондықтан да заңда көрсетілген басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу немесе тұтандыру әрекеттерінің біреуі іске асырылған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі соғысқа дайындалу, жоспарлау немесе әзірлеу, тұтандыру сияқты әрекеттерді ұғынып оның қауіпті зардаптары болуын тілейді.
Қылмыстың субъектісі - 16 жасқа толған, есі дұрыс адам. Арнаулы субъект болып соғысты тұтандыру мен тоқтату мәселесін шешетін жауапты мемлекетті қызметті атқаратын адам.
Аталған қылмыс құрамы бойынша жауапылық көзделген. Басқыншылық соғысты жоспарлау немесе дайындау - он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Басқыншылық соғысты тұтандыру немесе жүргiзу - Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.

161-бап. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу немесе жария түрде шақыру
Қылмыстың тікелей объектісі мемлекеттердің өзара бейбіт өмір сүру және өзара тату қарым-қатынаста болу мүддесі болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру арқылы жүзеге асырылады. Басқыншылық соғысты тұтандыруға шақырулар ашық немесе көмескі түрде болуы мүмкін. Шақыруларды жүзеге асырудың нысандары сан алуан ауызша, жазбаша, белгі берулер арқылы болуы мүмкін. Ең бастысы осы шақырулар басқыншылық соғысты тұтандыруға қызмет етуі қажет. Мұндай шақырулар жария түрде болуы шарт. Жариялылыққа - кінәлының үшінші бір адамның қатысқан (митингілерде, жиналыстарда, топтасқан адамдар) алдында соғысты насихаттайтын іс-әрекеттерін жүзеге асыруы немесе байланыс құралдары, почта арқылы соғысқа шақырулар мәтінін жұртқа жіберу, листовкалар тарату, осындай мағынадағы үндеулерді, плакаттарды, суреттерді көрнекті жерлерге іліп қою сияқты әрекеттер жатады. Қылмыс құрамы жағынан формальдық құрамға жатады және осы баптың диспозициясында көрсетілген іс-әрекетті-басқыншылық соғысқа жария түрде шақырған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп танылады.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған есі дұрыс кез келген адам. Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе акпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған не мемлекеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған әрекет осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады. Бұқаралық акпарат кұралдарына, акпараттық-коммуникация желілеріне баспасөз құралдары, радио, теледидар т.с.с. жатады. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану дегеніміз, басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыруға баспасөз, радио, теледидарды қолдануы арқылы жүзеге асыру. Мемлекеттік жауапты қызмет атқаратын лауазымды адамға мемлекеттің міндетін және мемлекеттік органдардың өкілеттілігін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциялық және өзге де заңдарында белгіленетін қызметтерді атқаратын адамдар, сол сияқты мемлекеттік қызмет туралы заңдарда белгіленеген мемлекеттік қызметшілердің жоғары, бірінші және екінші лауазым санаттарына жататын лауазымда істейтін адамдар жатады.
Бұл қылмыс үшін берілетін жазаға келсек, басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу немесе жария түрде шақыру - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ал бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адам жасаған іс-әрекет - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Жалпы соғыс адамзаттың барлығына қайғы мен қасірет алып келеді. Оның мемлекеттердің тыныш өміріне қол сұқпау үшін көптеген күш керек. Белгілі француздық жазушы Ги де Мопассан соғыс туралы: бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағанда соғыс рақымсыздықпен тең, ал Отан үшін күресу - бұл әркімнің міндеті. Сондықтан бейбітшілік үшін күресудің ең тиімді тәсілі- басқыншылық соғыстың өршуіне жол бермеу.
Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу - халықаралық құқық бойынша адамзатқа қарсы қылмыстар ретінде басқыншылық соғыстың пайда болуына, тұтануына әкеп соқтырады. Бүкіл әлемдік Афина конгресінде 1927 жылы: қандай да болмасын соғысқа айдап салу, халықаралық қылмыс деп танылады делінген резолюция қабылдаңды. 1951 жылы Кеңес Одағымен әлемге қарсы соғысты тұтандыруға насихат жүргізгені үшін жауаптылықты белгілейтін қылмыстық-құқықтық нормаларды құрайтын заң қабылданды. Насихаттау (пропаганда) қандай да бір ілімді, көзқарасты, білімді, тереңдеме тарату; бұқаралық көпшілікке идеялық тұрғыда ықпал ету. Заң ғылымының докторы А.Н.Трайнин айтқандай, насихаттан жалпы өзінің қьлмыстық-құқықтық табиғатына қарай, айдап салушылықтың бір түрі деп көрсеткен. Соғысты насихаттау - бұл белгілі бір топтың арасында (топтың үлкен немесе кішілігі маңызсыз) соғыс бастауға, тұтаңдыруға бағытталған көзқарастар мен қағаздар тарату. Бұлар дүниежүзілік немесе мемлекет аралық не мемлекет топтарының арасында, соғыс ашуға ашық немесе жасырын түрде тұтандыруға шақырылуы түрінде болуы мүмкін. Насихаттау, халықаралық дауларды шешудің әдісі ретінде соғысқа шақырудың бір түрі ретінде орын алады. Соғысқа шақыру, бірінші кезекте ұран тастау, жетекшілік тұрғыдағы үндеу түрінде іске асырылады. "Жариялы", яғни ашық түрде көпшіліктің алдында, олардың қатысуымен жүзеге асырылады. Басқыншылық соғысқа шақырудың қауіпті екендігіне ешкім де күмән келтірмейді, аталған бапта, басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізуі туралы айтылады, сондықтан да қылмыстық жауаптылық осы әрекеттердің қайталануы болған жағдайда пайда болады. Жоғарыда аталған мән-жайлар бойынша, қылмыс құрамы жеткіліксіз құралғандығымен түсіндіріледі.

162-бап. Жаппай қырып-жою қаруын өндiру, иемдену немесе өткізу
Қылмыстың тікелей объектісі бейбітшілік қауіпсіздігі және бейбіт қатар өмір сүру қауіпсіздігі болып табылады. Қылмыстың затына Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар бойынша өндіруге тыйым салынған жаппай қырып-жоятын қарулар немесе олардың басқа түрлері, химиялық, биологиялық заттар жатады. Жаппай қырып-жоятын қаруларға-ядролық қарулар жатады. Химиялық қаруларға- уландыратын, тұншықтыратын немесе нерв жүйелеріне басқадай әсер ететін қарулар жатады. Биологиялыққа-әр түрлі бактерия, вирус, адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді жаппай ауруға шалдықтыратын заттар жатады.
Қылмыс объективтік жағынан химиялық, биологиялық, сондай-ақ ҚР халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрін өндіру, алу немесе өткізу арқылы сипатталады. Өндіруге көрсетілген заттарды кез келген түрде дайындау, жасау әрекеттері жатады. Алуға-көрсетілген қылмыстың заттарын кез келген тәсілмен-сатып алу, айырбасқа алу, сыйға алу, қарызы үшін алу, талан-тараж жолымен алу т.с.с. жүзеге асырулар жатады. Өткізуге-көрсетілген заттарды тегін немесе ақы алып тарату әрекеттері жатады. Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көрсетілген осы әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген есі дұрыс адам. Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі әрекеттің қоғамға қауіпті екендігін сезіне отырып, оның болуын тілейді.
Қылмыстың жазасы Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынған химиялық, биологиялық, ядролық, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрiн өндiру, иемдену немесе өткiзу - бес жылдан он жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Адам баласы тіршілік барысында бірі-бірінен үрейленіп, бір-бірінен қорғану үшін ойлап тапқан жерді құрдымға жіберетін оттың үстінде отырғанын сезеді. Алайда, өзі ойлап тапқан апаттан, өзін қорғаудың қарапайым түрін ядролық қауіпсіздік деп атайды.
Әлемде ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа 182 мемлекет қол қойып, 154 мемлекет ратификациялады. Дегенмен де, ашық күйінде қалып отырған күрделі мәселе атом технологиялары мен материалдарының халықаралық лаңкестер қолына түсу қаупі бар. Осы ядролық апатқа байланысты Қазақстан жерінде 2025 ядролық сынақ жасалыпты. Әйгілі Семей ядролық полигонында 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналған. Қауіптілігі жағынан жапон жеріндегі Хиросима және Нагасаки қалаларындағы ядролық жарылыстан 40 мың есе асып түскен. Жерімізде КСРО мемлекеті жасаған ядролық жарылыстан 1 миллион қазақ халқы о дүниелік болып, жарты миллион адам неше түрлі ауруға шалдыққан. Туылған сәбилер арасында адам баласына ұқсамайтын хайуан тәріздес түрлері кездеседі. Осындай азапты ахуалды тоқтату үшін өз тәуелсіздігін алмай тұрған кезде Қазақ КСР-нің Президенті Н.Ә.Назарбаев батыл қадам жасап өз Жарлығымен КСРО мемлекетіне бағынышты болған Семей ядролық сынақ полигонын 1991 жылы 29 тамызда жапты. 1991 жылы Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина басшылары Стратегиялық ядролық күштерге байланысты Алматы декларациясында бұрынғы КСРО-ның ядролық арсеналы қызметіне ортақ бақылау орнату, ядролық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап тұру, қандай да бір іркілістерге жол бермеу тетігін айқындады. Сонымен қатар, стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту саласындағы КСРО-ның халықаралық міндеттемелерін ұстанатындығын растады.
1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда, АҚШ өкілдері аталған төрт мемлекеттің аумағында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қолданылатын Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту және шектеу туралы шарттың ережелерін іске асыруға, олардың жауапкершілік аясын нақтылайтын бес жақты хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар, Лиссабон Хаттамасында Беларусь, Украина және Қазақстанның ядролық қару иеленбейтін елдер ретінде ядролық қаруды таратпау 1992 жылы Қазақстанда Қауіпті Бірлесіп Қысқарту бағдарламасы іске асырыла басталды. Нанна-Лугар бағдарламасы деп аталатын бұл бағдарлама шеңберінде 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан аумағында қалған ядролық, химиялық және биологиялық қарудың нысандары мен инфрақұрылымдарын жою және залалсыздандыру жөніндегі жобалар кешені, стратегиялық шабуыл қаруының демонтаж жасау, экспорттық бақылау жүйесін құру, қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау жүзеге асырылды.
1993 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі Ядролық қаруды таратпау туралы шартты ратификациялады. Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы еліміздің сыртқы саяси бағытын іске асырудың маңызды кезеңіне айналды. Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шартына мүше ретінде осы шартқа сәйкес міндеттемелерді қатаң ұстанады. Ядролық арсеналды шығару бойынша өз міндеттемелерін орындай отырып, Қазақстан өз жеріндегі ядролық қарудың инфрақұрылымын жою проблемасымен және бұрынғы әскери өндірістерді азаматтық мақсаттарға көшірумен айналысты. 1994-1996 жылдардағы ядролық қарусыздану саласындағы белсенді іс-әрекетінің арқасында Қазақстан 1996 жылы бақылаушы мәртебесіне ие болды.1999 жылдың 5 тамызында консенсус арқылы Қарусыздану жөніндегі конференцияның мүшелігіне қабылданды. Қазақстан, химиялық қаруы болмағанына қарамастан химиялық қаруды жасауға, өндіруге, жинақтауға және қолдануға тыйым салу туралы және оны жою туралы конвенцияның қатысушысы болып табылады. Қазақстан оған 1993 жылы 13 қаңтарда қол қойды және 1999 жылы 24 маусымда бекітті. Конвенцияның ережелерін орындау үшін ұлттық орган құрылған. 2002 жылғы 13 мамырда Қазақстан Ядролық Жабдықтаушылар Тобының (ЯЖТ) 40-шы мүшесі болды. ЯЖТ-ға қатысудағы біздің мақсатымыз лаңкестікке қарсы күрес, жаппай қырып-жою қаруының таралуы-на қарсы тұру шараларын жандандыру, ядролық материалдар мен қосарланған мақсаттағы өнімдердің пайдалануы мен қозғалысын бақылауды күшейту болып табылады.
2005 жылдың шілдесінде Қазақстан Краков инициативасы деген атпен белгілі Жаппай қырып-жою қаруының таралуы саласындағы қауіпсіздік бастамасына қосылды. Бұл бастаманың мақсаты - күдікті әуе және теңіз кемелерін, сонымен қатар жаппай қырып-жою қаруымен байланысты материалдарды тасымалдайтын құрлық көліктерін құрықтау үрдісіне барлық мемлекеттерді жұмылдыру болып табылады..
2006 жылы 8 қыркүйекте Қазақстан көрші мемлекеттердің қатарында Семей қаласында Орта Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа қол қойды. Қазақстан алғашқы елдердің қатарында, Ресей мен АҚШ Президенттерінің 2006 жылы шілде айында ұсынған, Ядролық терроризм актілерімен күресі жөніндегі жаһандық бастамаға қосылды. Қазақстан Бактериологиялық және токсиндік қаруды жасау, өндіру және жинақтауға тыйым салу туралы және жою туралы конвенцияға қосылып, оны 2007 жылғы 7 мамырда бекітті. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ аясында 2011 жылы 12 қазанда Астана қаласында Ядролық қарусыз әлем үшін атты халықаралық форум өтті.
Бүгінде шамамен 40 шақты ел бейбіт атом саласында зерттеулер жүргізіп жатыр. Он бес мемлекет атом электр стансаларын салуда немесе салу ниеті бар. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Бүкіл әлемдік уран қорының төрттен біріне иелік ететін Қазақтан үшін ядролық энергетика - болашақ инновациялық клаcстерлердің бірі болып табылады.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 66-шы сессиясында Президент Н.Ә.Назарбаев осыдан 20 жыл бұрын ядролық қатерге қасқайып қарсы тұрған Қазақстанның саналы қадамы - деп нақтылап ядролық қарусыз әлемнің ортақ декларациясын жасауды ұсынды. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ядролық қарусыз әлем құрудағы Қазақстанның орнын айқындап берді.

172-бап. Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу
Қылмыстың объектісі халықаралық құқық нормаларымен белгіленген соғыс жүргізудің, қарулы қақтығыстарға қатысу тәртібін қолдайтын қоғамдық қатынастар. Қылмыс объективтік жағынан - белсенді әрекет күйінде жүзеге асырылады.
Қарулы қақтығыс - бір-біріне қарсы тұрған күштер арасындағы әскери қимылдар. Онда белгілі бір саяси, экономикалық, әскери, т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан түрде қарулы соғыс құралдары қолданылады. Қарулы қақтығыс кезінде мемлекеттер әр түрлі мүдделерді көздейтін саяси күштер, әлеуметтік топтар арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуді мақсат етеді. Әлеуметтік-саяси, ұлттық, діни, аймақтық және басқа негіздерде қарулы күреске, әскери жанжалға ұласып, адам шығындарына әкелуі мүмкін. Қарулы қақтығыс мемлекеттің қоғамдық-саяси дамуына кері әсер етіп, оның ішкі қауіпсіздігіне, саяси тұрақтылығына нұқсан келтіреді.
Қазакстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына жалдамалылық белгілері болмаған кезде қасақана құқыққа сыйымсыз қатысуы - Қылмыстық Кодекстің 172-бабы бойынша сараланады. Қазақстан Республикасының азаматы шет мемлекет аумағындағы қарулы қақтығысқа не соғыс қимылдарына өз еркімен қатысса, оның іс-әрекеті осы бап бойынша сараланады. Егер мұндай іс-әрекет жалдамалылық белгісі бойынша жүзеге асса, онда кінәлінің әрекеті ҚК-тің 170-бабында көрсетілген жалдамалылық бойынша қылмыстык жауапқа тартылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс, Қазақстан Республикасының азаматы. Қылмыс құрамы бойынша тағайындалатын жазаға келсек, Қазақстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына жалдамалылық белгілері болмаған кезде қасақана құқыққа сыйымсыз қатысуы - бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2.2. Соғыс қылмыстарының жекелеген түрлері
Соғыс қылмыстары: соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (ҚР ҚК 163-бап) ; соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу (ҚР ҚК 164-бап); жалдамалылық (ҚР ҚК 170-бап); жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерьлер) құру (ҚР ҚК 171-бап).

163-бап. Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану
Соғыс жүргізуді реттейтін бірсыпыра заңдылық күші бар халықаралық актілер мен конвенциялар бар. Оларға 1856 жылы 16 сәуірде Парижде қабылданған теңіздегі соғыс туралы Декларация; 1868 жылы 11 желтоқсанда Санкт Петербургте қабылданған жарылатын немесе күйдіретін қаруды қолдануды жою жөніндегі Декларация, 1899 және 1907 жылдары Гаагада қабылдаған Декларациялар, 1949 жылы Женева конвенциясы (соғыс құрбандарын қорғау туралы), 1954 жылы 14 мамырдағы Гаага конвенциясы (соғыс жағдайында мәдени құндылықтарды қорғау туралы) және тағы басқалары. Қылмыстың тікелей объектісі халықаралық құқық нормаларымен белгіленген соғыс жүргізудің құралдары мен әдістерін қолдануды реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыс объективтік жағынан әскери тұтқындарға немесе әскери емес тұтқындарға қатыгездікпен қарау, әскери емес тұрғындарды күштеп көшіру, басып алынған аумақта ұлттық мүлікті тонау, ҚР халықаралық шартымен тыйым салынған құралдар мен әдістерді әскери жан-жалда қолдану арқылы жүзеге асырылады. Әскери тұтқындарға соғысушы жақтың қарулы күштерінің қатарына жататын адамдар, партизандар, әскери жасақтарының мүшелері, қарсыласу қозғалыстарының қатысушылары, азаматтық немесе ұлт-азаттық қозғалысының қатысушылары, сондай-ақ қолға түскен әскери журналистер, әскери-медициналық, әскери-заңгер қызметкерлер, интенданттық қызмет немесе басқадай қызмет көрсететін адамдар жатады. Әскери емес тұрғындарды күштеп көшіруге бейбіт тұрғындарды өздері мекендеген жерлерден басқа жаққа зорлықпен еріксіз көшіру, қоныс аудартулар жатады. Басып алынған аумақта ұлттық мүлікті тонауға-соғысушы жақтың өзі басып алған мемлекеттің мүлкін жою, қирату немесе оларды талан-таражға салып, өз мемлекетінің меншігіне алу әрекеттері жатады. Ұлттық мүлікке - материалдық және рухани игіліктер жатады.
Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған құралдар мен әдістерді, әскери жан-жалды қолдануға адамзатқа қасірет әкелетін және қоршаған ортаны мақсатты түрде ұзақ уақытқа залалдан-дыратын шараларды жүзеге асырулар жатады. ҚР халықаралық шарттарға сәйкес күйдіретін, жарылыс жасайтын заттарды, зиянды газдарды, уландыратын немесе басқадай бактериологиялық заттарды, жаппай қырып- жоятын қаруларды, химиялық, биологиялық қаруларды соғыс жағдайында қолданбауға міндетті. Қылмыс құрамы формальдық, сондықтан да ол осы баптың диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген есі дұрыс адам. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі, яғни субъект зардаптың болатынын сезіне отырып, соның болғанын қалайды.
Ешбір қылмыс жазасыз қалмайды. Сол себепті де әскери тұтқындарға немесе азаматтық тұрғындарға қатыгездікпен қарау, азаматтық тұрғындарды депортациялау, оккупацияланған аумақта ұлттық мүлiктi жою немесе тонау, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынған құралдар мен әдiстердi қарулы қақтығыста қолдану - Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруын қолдану - Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.

164-бап. Соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу
Қылмыстың тікелей объектісі - соғыс заңдары мен дәстүрлерінің халықаралық дәстүрлерін реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың объективтік жағы белсенді әрекеттермен - оккупацияланған аумақта немесе соғыс қимылдары ауданында қаруын тапсырған немесе қорғану кұралдары жоқ, жараланған, ауру, кеме апатына ұшыраған адамдарды, медицина жұмыскерлерін, санитариялық және діни персоналды, әскери тұтқындарды, азаматтық тұрғындарды, соғыс қимылдары уақытында халықаралық қорғауды пайдаланатын өзге де адамдарды қарсы жақтың қарулы күштеріне қызмет етуге немесе қоныс аударуға мәжбүрлеу не олардың тәуелсіз және бейтарап сотқа құқығынан айыру не қылмыстық сот ісін жүргізуде осы адамдардың қорғану құқығын шектеу әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Субъективтік жағынан мұндай қылмысты іс-әрекет тікелей қасақаналықпен соғыс заңдары мен дәстүрлерін біле тұра халықаралык норманы бұза отырып жүзеге асырылады. Қылмыстық субъектісі - осы іс-әрекеттерді істеуге тікелей бұйрық берген, жүзеге асырған 16-ға толған есі дұрыс адам. Егер осы іс-әрекеттер нәтижесінде адамдар өлімі орын алса, онда бұл қылмыстың ауырлататын түріне жатады.
Оккупацияланған аумақта немесе соғыс қимылдары ауданында қаруын тапсырған немесе қорғану құралдары жоқ, жараланған, ауру, корабль апатына ұшыраған адамдарды, медицина жұмыскерлерін, санитариялық және діни персоналды, әскери тұтқындарды, азаматтық тұрғындарды, соғыс қимылдары уақытында халықаралық қорғауды пайдаланатын өзге де адамдарды қарсы жақтың қарулы күштеріне қызмет етуге немесе қоныс аударуға мәжбүрлеу не олардың тәуелсіз және бейтарап сотқа құқығынан айыру не қылмыстық сот ісін жүргізуде осы адамдардың қорғану құқығын шектеу - үш жылдан жеті жылға дейiнгi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру
Адамзатқа қарсы қылмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жайлы
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Қылмыс құрамы материалдық
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстармен күрес
Халықаралық терроризмнің жалпы сипаттамасы
Әскери қылмыстың түсінігі, сипаттамасы
Халықаралық пактілер
Пәндер