Дамуында бұзылыстары бар балалардың білімін бағалау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар

инжиниринг университеті

«Педагогика» факультеті

«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы : « Дамуында бұзылыстары бар балалардың білімін бағалау»

Пәні : Инклюзивті білім беру

Мамандығы : 5В011300-Биология мамандығы

Орындаған: Джанабергенова Айгерим, 2 курс студенті

оқу формасы: күндізгі

Жетекші: Ерубаева А. Р., аға оқытушы

Курстық жұмысты

қорғау уақыты ___ ___ 2020 ж.

Бағасы

___ ___ 2020 ж.

Ақтау, 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Педагогика» факультеті

«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы

Пәні : Инклюзивті білім беру

Мамандығы : 5В011300 - Биология

ТАПСЫРМА

Курстық жұмысты орындауға арналған

Студент: Джанабергенова Айгерим

Тақырыбы: «Дамуында бұзылыстары бар балалардың білімін бағалау»

Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:

1) Дамуында бұзылыстары бар балалардың білімін бағалау

2) балалардың білімін бағалау

3) балаларды отбасында өсіріп жетілдіру

Негізгі әдебиеттер:

1) Инклюзивное образование. Учебно-методическое пособие. М. : УЦ «Перспектива», 2016

2) Пашков А. Г. Педагогические основы социальной реабилитации детей с органиченными возможностями (методические рекомендации) . 2006.

3) Aутaeвa A. Н., Мexмeтовa A. A. мүмкіндігі шeктeулі: оқу құрaлы. -Aлмaты, Aбa aтындaғыКaзҰПУ, 2008. -94б

4) Cурдопeдaгогикa: учeбник для cтуд. выcш. пeд. учeб. зaвeдeний/под рeд. E. Г. Рeчицкой. - М., 2004. - 655c

5) Кожекина Т. Инклюзивное образование, 2016.

Курстық жұмыстың көлемі: 30 бет.

Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ___ ___ 2020 ж. дейін

Курстық жұмыс жетекшісі Ерубаева А. Р. ___ ___ 2020 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ДАМУЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТЫ . . . 6

  1. Дамуында ауытқуы бар балаларға жалпы сипаттама және инклюзивті оқыту теориясы . . . 6
  2. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру ерекшеліктері . . . 12

2 ДАМУЫНДА БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ҮРДІСІ . . . 17

2. 1 Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау . . . 17

2. 3 Инклюзивті білім беруде оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және бағалау . . . 23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30


КІРІСПЕ

Курстық жұмыс өзектілігі. Кеміс балалар немесе аномалды балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрлішс ауытқулары бар және жаллы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномалды дегеніміз -ол апоmolоs грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны көрсетеді.

Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе - бүл міндетті түрде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулыктардағы тақырыптарды окуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді.

Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткеиі оның психикалық даму цроцессі қалыпты жағдайда өтті.

Сондықтанда, кеміс балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады.

Кеміс балалардың негізгі категорияларына жататындар:

1. есту қызметі бүзылған балалар (керең немесс саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар) ;

2. көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін) ;

3. сөйлеу қабілеті бұзылған - логопаттар;

4. интеллект немесе ақыл-ой, сана-сезімінің дамуы бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы тежелгендер) ;

5. психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті түрде бұзылған (соқыр мылқаулар, естімейтін, көрмейтін, ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін, ақыл-ойы жетілмеген және т. б. ) ;

6. тірек-қимыл аппаратыныд қызметі бүзылған;

7. нсихопатиялық түрде жүріс-тұрысы, мінез-қүлығы бұзылған балалар жатады.

Кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру - күрделі әлеуметтік және педагогикалық моселе болып отыр.

Аталған тақырыпта жазылған курстық жұмыстың мақсаты - инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін жалпы мектеп педагогтеріне әр түрлі санаттағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыруды қарастыру болып табылады.

Берілген материалдар педагогтерге, сонымен қатар білім беру ұйымдарының басшыларына, әдіскерлерге, білім беру процесін қолдау мамандарына да пайдалы болады.

Курстық жұмыс мақсаты: дамуында бұзылыстары бар бастауыш сынып оқушыларын пән сабақтарында бағалау жұмыстарын қарастыру болып табылады.

Жоғарыда аталған курстық жұмыстың мақсатын сүйене отырып, біз келесі міндеттерді алға қоямыз:

- мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың теориялық моделін сипаттау;

- мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық шарттарын қарастыру;

- дамуында бұзылысы бар балалардың білімін бағалау критерийлеріне тоқталу

- есту және көру қабілеті бұзылған балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу болып табылады.

Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: жұмыс барысындағы қарастырылған бағалау критерийлері дамуында бұзылыстары бар балалардың оқуын бағалауға мүмкіндік береді деген жоспар бар.

Курстық жұмыстың практикалық құндылығы: жазылған зерттеу жұмысын бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік нұсқаулық ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Зерттеу әдісі: курстық жұмысты жазу барысында біз талдау, анықтау, болжау, индукция, дедукция, абстракциялау әдістерін қолданған болатынбыз.

Зерттеу пәні: Инклюзивті оқыту.

Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпта жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ДАМУЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТЫ

1. 1 Дамуында ауытқуы бар балаларға жалпы сипаттама және инклюзивті оқыту теориясы

Жалпы білім беретін мектептегі балалардың үлгермеушілік мәселесі көптен бері педагогтардың, психологтардың, медиктердің және социологтардың көңілін алаңдатуда. Олар дамуы артта қалған балаларға жатпайтын, бірақ білім деңгейі шектелген балалар категориясын ашып тапты және оларды «ПДК» деп атады.

М. С. Певзнер және Т. А. Власова (1968, 1973) ПДК баланың жеке бас қалыптасуындағы эмоциалық даму роліне көңіл аударды. Баланың ПДК - ананың екіқабат алғашқы айларында түрлі патогендік факторлар арқылы орталық нерв жүйесіне әсер етілген қолайсыз жағдайлар арқылы пайда болатындығын анықтайды. Сонымен қатар, ПДК психологиялық-педагогикалық түзетумен қатар, емдеу шараларды да жүргізілу керектігі айқын болды.

Жалпы айтқанда, тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге және еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамды тарихи тәрбие беру процесі болып табылады. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құрылыс ретінде барлық салаларын қамтиды: жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу, тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информатика құралдары және басқа орындар. Тәрбие процесі- күрделі диалектикалық процесс. Жас ұрпақ, бойына саналықты қоршаған ортаға адамгершілікті көз-қарасты, мектеп мақсатына сай, адамзат тарихының бай процестерін игеру. Тәрбие процесі- ұжымды дамытумен, қалыптастыруға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсатты және өзара байланысты қызметі.

Тәрбие бұл- жағдайды ұйымдастырудың үрдісі, сондықтан жағдайды ұйымдастыру мақсатты түрде болса ғана, тәрбиенің қорытындысы жоғары және сапалы болады. Осындай жағдайлардың негізінде, тәрбиенің мөлшері шектелген, таяз түрі оқытушының, оқушыға әсер ету процесі деп байқау, осындай жағдайдың негізінде құрастырылған. Сондықтан да, бұл тәрбиеден бас тартуға тура келеді.

Тәрбие- балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне дайындығы мен даму дәрежесіне лайық іске асырылады. Тәрбие арқылы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін тәрбиелеп, тәрбиешінің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Демек, тәрбие алдын-ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Сондықтан да, тәрбиешінің ортадан айырмашылығы осындай заңдылықтарға байланысты.

Педагогика тарихында тәрбиенің рөлін аса артық бағалаушылар да болады. Д. Локк: «Адамның көзқарастарымен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі!» деген сыңар қорытындыға келді. Локк бойынша, бала жаны табиғатынынан-ақ тақта сияқты тап-таза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза, ақ тақтаға жазуы тиіс.

Бұл жерде Локк тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, әлеуметтік орта тұқым қуалаушылық факторларының адамды дамытудағы ықпалын жете бағаламайды.

В. Г. Белинский бала жаны не болса, соны жаза беретін таза, ақ тақта емес, оған өмір жазатын әріптер тәрбие мен жазу құралына және сол тақтаның сапасына байланысты деп жазды. Белинский тәрбиешінің рөлін жоғары бағалай келе, адамның дамуына тұқым қуалаушылықпен ортаның әсерін де ескерген жөн деді

Локк пен Белинскийдің көзқарастары бойынша, адамды адамның қанауы жағдайында тәрбие арқылы адамдарды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен, кесірліктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсарту және сапасын өзгертіп жөндеуге болады деген жорамалды ойға әкелді.

Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс- әрекеттерінің тиімді етуін ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының саралау жолдарын табудың нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.

Қай білім ошақтарын алсақ та, ол жерде білім алу мен қатар тәрбие де алып шығады.

Енді арнайы мектептегі тәрбие мәселесіне тоқталсақ, революциядан кейін арнайы мектептер ашыла бастады. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзге жуық арнайы мектептер бар. Бұл мектептерде орыс және қазақ тілдерінде білім беріледі. Республикамыздағы арнайы мектептер балаларға білім беруде және тәрбиелеуде көптеген жетістіктерге жетті. Арнайы мектептің педагогикалық ұжымы білім беруде және тәрбие дәрежесін көтеруге өз үлестерін қосты.

Арнайы мектеп, жалпы мектептің тәрбиелік міндеттері бірдей. Арнайы мектептің тәрбиелік проблемаларына оқушының жеке ерекшеліктері, кемістіктері күрделеніп, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік жағынан жанұя, кемістіктің құрамы, жас ерекшеліктері, тәрбиешілердің арнайы білімдерінің жоқтығы жатады.

Сондықтан тәрбие процесі мұғалім мен тәрбиешінің жұмысына байланысты. Сондықтан біз, яғни келешек ұрпақтың мақсаты- мүмкіндігі шектеулі бала- болашақта қандай адам болатыны педагог пен тәрбиешінің жұмысына байланысты.

Ол үшін оқушыларға дәйекті білім беру мен мамандарды еңбек білімін, іскерліктерін және дағдыларын жариялау ғана емес, қалыпты адамға сай, адамгершіліктік сапаларын тәрбиелеу керек, яғни, еңбек сүйгіштік ұжымда жұмыс істей алу, кіші, үлкендерді сыйлау, жауапкершілік, адамгершілік. Тұлғаны қалыптастыруда және арнайы мектеп баласының ақауын түзетуде келесідегідей жағымды жағдайларда қалыптастыру керек.

Ұжым тұлғаның мінезіне толығымен әсерін тигізеді. Л. С. Выготскийдің айтуы бойынша « Ең бастысы- адам ұжымда қалыптасады. Сол себептен бала ұжымын тәрбиелеу басты міндет болып табылады. » Тәрбие процесін жүргізу үстінде тұлғаның жағымды жақтарын айқындау қажет және де есту мүшелері зақымданған балалардың қалыпты қызметке сүйене отырып, түзету жұмыстарын жүргізу керек.

Мектеп ұжымының іс-әрекеті баланың арасындағы қарым-қатынасты ұлғайтады. Балалардың қарым-қатынасын сабақта және сабақтан тыс уақыттарда да ұйымдастырады.

Қазіргі уақытта арнайы мектепте, жалпы мектептегідей сынып жетекшісі оқытады және тәрбиелейді. Сынып жетекшісі- өзінің сыныбына тәрбие жұмысын қалыптастыру болып табылады. Арнайы мектеп оқушылары қозғыш болып келеді. Мұғалімдерді тыңдамай, жан-жағына алаңдап, қасындағы жолдасына жұмыс жасауына мүмкіндік бермей, кедергі келтіреді. Осы себептен арнайы мектепте тәрбие тәрбие мазмұнының рөлі аса зор. Мұғалім оқушыға тек бір жақты қарамай, оның мінез-құлқына, кемістігіне, дәрежесіне, денсаулығына аса зор мән беру қажет. Кейбір есту қабілеті зақымданған балалар қарапайым нәрсені орындаудан бас тартады. Мұндай кезде мұғалімнің талап қойғыштығы болу керек. Балаға бас салып ұрыспай, оған түсіндіру, дұрыс жолға бағыт беруі тиіс.

К. С. Лебединская өзінің ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде ПДК этиопатогенетикалық жұмыс жүйесін ойлап тапты. Бұл жұмыста ПДК әр түрлі сыныпиникалық типтері анықталады, олардың бәрі құрылымы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді.

1. Гармониялық инфантимум - ПДК-ның конституциялық пайда болуы, - эмоциялық - ерік өрісі алғашқы даму сатысында болады және әдеттегі құрылымда көрінеді. Бұл балаларда кездесетін қиындықтарды М. С. Певзнер және Т. А. Власова жалпы жеке бастың мотивациялық өрісінің жетіспеушілігімен байланыстырады.

2. Соматогендік негізінде пайда болған ПДК. Бұл тип (аномалияның) соматикалық жетіспеушіліктен пайда болады: хроникалық инфекциялар, аллергия, туа біткен және кейін пайда болған жүрек ақауы (порок сердца) . Мұндай балалар - өзіне-өзі сенімсіз, қорқақ, қимыл-қозғалысы баяу, шектеулі.

3. Психогендік негізде пайда болған ПДК - тәрбиенің қолайсыз жағдайларына, жеке бас дамуына дұрыс қалыптаспауына байланысты. Мұндай балаларды педагогикалық бағусыз қалған балалардан ажырата білу қажет. ПДК кезіндегі балалардың психикалық тұрақсыздығы - олардың қадағалаусыз болғандығына да байланысты, мұндай жағдайда жауапкершілік төмендейді, аффектінің белсенді тежелуіне байланысты мінез-құлық өзгереді.

а) «Отбасы табынушысы» (кумир) типтегі аномальдық даму варианты (гиперопека) - өте қамқорлықта болған балаларда кездеседі - еркелетіп тәрбиелеу, еңбекке үйретпеу, өзіндік инициативасы жоқ, ерік күші аз, эгоист, біреудің көмегіне сүйеніп кеткен, қабілетсіз балалар.

б) Невротикалық типтегі аномальдық даму варианты ата-аналарды дөрекі, қатыгез балаларда кездеседі - қорқақ, эмоциялық жетілмеуі өзін-өзі сенімсіздікке, онжарлыққа, шешім қабылдай алмауға әкеледі.

в) Церебральді-органикалық негізінде пайда болған ПДК - екіқабат патологиясы, инфекциялар, ана мен бала қанының сәйкес келмеуі, интоксикация, жарақат. Органикалық инфантимум - балалардың эмоциялық - ерік қуатының жетіспеушілігімен ерекшеленеді. Екі түрін атауға болады: тұрақсыз тежелген. Эмоция айқындығы жоқ, баға алуға тырыспайды, талаптану деңгейі төмен.

Церебральды органикалық негізде пайда болған КДП балалардың таным әрекеттері бұзылған, ойлау, зейін т. б. жеткіліксіз деңгейде, баяу қимылдайды, бір істен екінші іске ауысуы да жай, төмен.

Тіпті оңға - солға бағдарлану, жазу, қағаз бетінде бағдарлану да қиынға соғады.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында дефектілік кең мағынада түсіндірілген. Дефектілікке дене және психикалық аномалиялары бар балаларды (соқыр, керең, ақыл-есі кем) ғана емес, сонымен қатар тәрбиесі бұзылған балаларды да (тәртіпсіз, қылмыскер, нашақор және т. б. ) жатқызған. Балалар дефектілігімен күресу балаларды қорғау жалпы мемлекет ағымдарының орталығында тұрды. Аномальды балаларды қорғау мемлекеттің ісі, яғни, оның алдында бұл балаларды кемсітпей керісінше, оларды қоғамдық пайдалы іс әрекетке ортақтастыру міндетті болды.

Аномальды балалар үшін оқу жоспары мен оқу бағдарламалары, оқыту мен еңбек дайындықтары, ортақ жүйелі арнайы оқу-тәрбие мекемелері құрылған. Олардың негізінде жалпы қоғамдық қол жеткізу және міндеттелген білім беру принциптері жатады. Аномальды балаларға білім және тәрбие беру дайындықтары мемлекеттің педогогикалық жоғарғы оқу орындарының дефектологиялық факультеттерінде өткен квалификацияланған мамандармен ұстаз дефектологтармен қамтамасыз етілген .

Ақыл-ой дамуы бұзылған балалардың орталық жүйке жүйесінің органикалық (табиғи) зақымдануы (ЦНС) баланың таным процестерінің өте төмендеуіне және ақыл-ой дамуының іркілуіне әкеліп соғады. Олигофренопедагогика- осындай балаларды оқыту, тәрбиелеу және зерттеу мәселелерімен айналысатын арнайы сала. Термин «олигофрения» (грек olygos - аз және phren - ақыл) неміс психиаторы Э. Крепелиннен басталған. Арнайы әдебиеттерде 60 жылдарға дейін «ақыл-ес дамуы артта қалған» терминімен бірге, «кем ақыл, ақымақтық» термині де қолданылады (кейде қазірде қолданылады) . Ақыл есі дамымай қалған балалардың көбісін олигофрендер құрайды.

Олигофрения - бұл ақыл-ой және психикалық жағынан дамымай қалу формасы. Себептері: экзогендік жағымсыз ф-р туа біткен олигофренияға әкеліп соғады. Оларға жататындар: патологиялық тұқымқуалаушылық (ата-ананың венерикалық және басқа да аурулары, екеуінің де немесе біреуінің ақыл-ес кемдігі), хромосомдардың бұзылуы (хромосомная аберрация), эндокриндік жүйенің бұзылуы (фенилкетасурия), ананың және баланың қан құрамының резусфактор бойынша сәйкес келмеуі болып табылады. Алкоголділік және наркомания экзогендік те, эндогендік те факторлар болып табылады. Олигофрения үш деңгейге бөлінеді: идиотия, имбецильность және дебильность.

Идиотия - олигофренияның ең ауыр түрі (милау, нақұрыс) Идиот - балалар өзін қоршаған орта туралы да ойлана алмайды, тіл функциясы өте баяу және шектелген түрде дамиды, кейбір жағдайларда дыбыстар тіпті айтылмайды. Мұндай балалардың қимыл үйлесімділігі жоқ, кеңістікте бағдарлана білмейді моторикасы дамымайды (кейде жатып қалады) . Гигиеналақ, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары тіпті қалыптаспауы мүмкін. Идиот балалар арнайы медициналық көмек көрсетілетін және бақылау жүргізіліп отыратын мекемелерде тәрбиеленеді. (ата-аналарының келісімімен) 18 ге жеткен кезде олар хрониктерге арналған интернаттарға көшіріледі.

Имбецильность - миқұла идиотизмге қарағанда ақыл-ес кемдіктің жеңілдеу түрі. Имбицильді балалар тілді, кейбір қиын емес еңбек дағдыларын белгілі мүмкіндіктерімен меңгереді. Алайда, қабылдау, ойлау, ес және ерік-қуат т. б. функциялардың терең, дөрекі дефектілері мұндай балаларда жалпы білім беретін және қосымша мектептерде оқу мүмкіндігін жояды. Бұлар да арнайы мекемелерде оқылып тәрбиеленеді.

Дебильділік - миақы ең жеңіл түрі. Дегенмен олардың интеллектерінің, ерік-қуат сферасындағы ерекшеліктердің төмендігі жалпы білім беру мектептерінде оқуларына кедергі жасайды. Қарапайым математикалық білімдерді, жазу және оқу дағдыларының өзін меңгеру оларға қиынға соғады, өйткені абстрактілі ойлау функциясы оларда бұзылған. Жалпы дене әлсіздігі, моториканың бұзылуы, мінез-құлық ерекшеліктері олардың кәсіптік- еңбек іс-әрекетінің шеңберін шектейді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды арнайы оқытудың және тәрбиелеудің негізгі міндеті ақыл-есі кем балаларды мектепке дайындау барысында олардың дене, ақыл-ой және адамгершілік даму мүмкіндігін барынша қамтамасыз ету. Біздің елімізде арнайы м. д. мекемелерінің жүйеленген системасы құрылған.

Арнайы балабақша және балалар үйіне, қосымша-мектепинтернаттарға 4 тен 8 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Білім беру жүйеде арнайы яслилер, психоневрологиялық санаторийлер бар. Бөбектер тобына екі жастан қабылданады. Ақыл-есі кем балалардың дамуы өмірдің бірінші күнінен бастап дені сау балалардан әжептеуір бөлектеніп тұрады.

Оларда бастарын дұрыс ұстау, отыру, тұру, жүру сияқты қимылдар кем басталады. Мектеп жасына жеткенше дейін оларда көрнекі-бейнелік міндеттерді шешу қабілеті қалыптаспайды. Тіпті ойын процесінің өзі оларда заттың әрекет барысында белгілі бір деңгейде пайда болуы мүмкін. Арнайы оқытусыз ақыл-есі кем балаларда негізгі әрекет ойын-емес, зат қана болып табылады.

Ал, еңбек іс-әрекетінің элементтері (өзіне-өзі қ. ету) мұндай балаларда қоршаған орта талабының ықпалымен қалыптасады. (отбасында осыған көңіл аудару қажет) .

Тіл дамуы да ерекше артта қалады, алғашқы сөздер оларда 3 жастан кейін, фразалар - мектеп алдында ғана пайда болады. Ақыл-есі кем балаларда жеке бас дамуының шарттары да қалыптаспайды, әдеттен балалар 3 жастан бастап өзіндік «Мен» деген ойға ие болса, ақыл-есі кем балаларда тек 6-7 жас кезінде өзін-өзі сезінудің алғашқы белгілері пайда бола бастайды, олардың мінез-құлқы ырықсыз сипатта болады.

Бұл б-дың ересектермен, жолдастарымен қарым-қатынасы да басқаша қалыптасады. (отверженные -аластатылу, шеттетілу) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийі және өлшемшарттары
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың психологиялық - педагогикалық негіздері
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
Дамуы зақымдалған төменгі сынып оқушыларына орыс тілін оқыту
Көмекші мектептегі маметикалық білімді тексеру
Мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Артпедагогика
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Жалпы білім беру мектептерінде білім беруге ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытудың негізгі шарттары
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНІҢ ТҮЗЕТУШІЛІК БАҒЫТЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz