Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым - қатынас қандай деңгейде


Тараз қаласы
Физика - математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Бағыты:
Қазақстан экономикасының дамуы
Тақырып:
Қазақстан экономикасының дамуында Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынастар қаншалықты маңызды?
( сөз)
Орындаған:Тұрсынбекова Дильназ
(аты-жөні, қолы)
Жетекші: Есжанова Галия Кенесбековна
(аты-жөні, қолы)
Ішкі модератор: Дидарбекова Айгуль Ержановна
(аты-жөні, қолы)
Тараз, 2020
Кіріспе
Халықаралық қатынастар ұғымы мемлекеттердің арасындағы саяси, экономикалық құқықтық, дипломатиялық байланыстар жүйесі деген мағынаны береді. Бейбіт мемлекетаралық қарым-қатынастардың елдің, қоғамның тиімді дамуына, экономиканың өркендеуіне тигізер әсері зор. [1]
Дипломатия келіссөз жүргізу процесімен тікелей байланысты. Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздігін алысымен көптеген мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. Солардың бірі Ресей Федерациясы. ҚР Сыртқы Істер министрлігінің мәліметі бойынша қазіргі Қазақстан 186 мемлекетпен достық қарым-қатынас орнатқан. [2]
Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 22 қазанында бекітілген. Екіжақты байланыс пен ынтымақтастық кең құқықтық базамен реттеледі (300-ден астам келісімшарттарға қол қойылған) . Қазақстан және Ресеймен қабылданған мемлекетаралық келісім-шарттар, декларациялар, құжаттар 1992 жылы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісімі, 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім мен Бағдарлама, 1999-2007 жылдарға арналған шекаралық аумақтардағы ынтымақтастық туралы Келісімі. [3]
Қазақстан мен Ресейдің арасындағы өзара тиімді экономикалық қатынастарындағы ұқсастықтары мол табиғи ресурстары мен қазба байлығы, сауда көлемі, әлемдік экономикалық жүйеге ену шарттары, ДСҰ ға мүше болуда екі елдің келіссөздерді бірлесіп жүргізуі болып отыр.
Еліміздің сауда серіктестерінің арасында Ресей бірінші орында, сыртқы сауда айналымындағы үлесі 20, 5%. Бұл РФ-ның Қазақстан экономикасына тигізетін әсерінің зор екендігіне айқын дәлел. Осы қарым-қатынастың отандық экономикаға екі жақты әсері бар. Ресей Федерациясының Федералды кеден қызметінің мәліметі бойынша 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда Ресейге жіберілген экспорт құны өскен, алайда импорт құны әлдеқайда жоғары. [4]
Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс экономиканың сауда-саттық және отын-энергетикалық кешені салаларының дамуына үлкен мүмкіндіктер беруде. Электр энергетикасы, атом энергетикасы мен мұнай-газ салаларында серіктестік артуда. [4]
Өзектілігі:
Қазақстан үшін маңызды, ең басты және сенімді серіктес ел Ресей. Екі ел арасындағы сауда-саттық айналымын арттыруда тартылған инвестициялар, келісімдер мен жобалар Қазақстан экономикасының дамуына тиімді әсер етуде. Сондықтан өзара әрекеттестіктің жаңа мүмкіндіктерін зерттеу маңызды.
Мақсаты:
Қазақстан-Ресей бейбіт қарым-қатынасының Қазақстан экономикасына ықпалын екі жақты талдау. Екі мемлекеттің дипломатиялық байланысының экономиканы дамытудағы маңыздылығын бағалау.
Зерттеу сұрақтары:
1. Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестік маңыздылығы неде?
2. Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қарым-қатынастары экономикаға қалай әсер етуде?
3. Екі ел ынтымақтастық басымдықтары Қазақстан экономикасына қаншалықты тиімді?
Жоба жоспары:
- БАҚ арқылы тақырыпқа қатысты ақпараттарды, мәліметтерді жүйеге келтіру;
- Әлеуметтік зерттеу әдістерін қолдану арқылы (сұхбат, сауалнама) екі жақты дипломатиялық қатынастардың маңыздылығын анықтау;
- Зерттеу нәтижелеріне қорытынды жасау;
- Жүргізілген жұмысты бағалау, жаңалығын ұсыну.
Негізгі бөлім
Зерттеу сұрақтары
1. Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестік маңыздылығы неде?
Ресеймен әріптестік Қазақстанның ықпалы мен беделін, ішкі және сыртқы саясатын, әлеуметтік және экономикалық жағдайын тұрақтандыруда өте маңызды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған 2018 жылғы кезекті жолдауында стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын «Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз», -деп көрсетті. [5]
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «100 нақты қадам» бағдарламасының 65-ші қадамында Қазақстанды халықаралық көлік-коммуникациялық ағымдарға интеграциялауда Ресей Федерациясының маңыздылығы аталған. Нақтырақ, "Еуразиялық Трансконтиненталдық Дәліз" мультимоделдік көлік дәлізін құру жөніндегі жобаның аясында екі бағыт арқылы Азиядан Еуропаға жүктер транзиті кедергісіз жүзеге асырылады, екі бағыт та Қазақстан территориясынан өтеді, ал бірінші бағыт болса Ресей аумағымен жалғасады. [6] Демек, Қазақстан-Ресей дипломатиялық қарым-қатынасы Отандық тауарлардың сыртқа экспортталып, ел бюджетінің артуында үлкен үлесін қосады.
«tengrinews. kz» Отандық жаңалықтар сайтында «ranking. kz» сайтында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, Қазақстанның ТОП-10 инвесторлары анықталған, және Ресей Федерациясы 4-ші орында болған. Жақын көрші мемлекет 2018 жылы 821 миллион доллар көлемінде бірлескен жобаларды инвестициялады, бұл бір жыл бұрынғы 586, 3 миллион доллармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Жалпы, 2016 жылдан бастап өндіріс пен айналымды ұлғайтуға бағытталған «тиімді» инвестициялардың көлемі артып келеді. Солтүстік көрші - Ресей - бұл ұлттық экономиканың негізгі инвесторларының бірі ғана емес, сонымен бірге маңызды стратегиялық серіктес. Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына құйылған ұзақ жылдар бойындағы инвестициялардың ағымы 12, 2 миллиард долларды құрайды. Барлық қаражаттың 24, 3 пайызы ($ 3 млрд) өңдеу өнеркәсібіне бағытталған. [7] Бұл бағытты дамыту Қазақстан экономикасының жаңа деңгейге көтерілуіне үлкен үлесін қосады, себебі қазіргі таңда мемлекетіміздегі өңдеу өнеркәсіптік сала жеткілікті деңгейде дамымаған.
Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобаралары, инвестициялық ағым мен кооперативтік жұмыстар Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігінің маңыздылығын айқындайды.
2. Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қарым-қатынастары экономикаға қалай әсер етуде?
Ресей мен Қазақстан тығыз сауда қарым-қатынастарына ие. 2019 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы $8, 8 млрд құрады. 2018 жылдың ұқсас кезеңінде-тауар айналымы $8, 3 млрд болған. [8]
Қазақстан-Ресей тауар айналымының құрылымы теңгерілмеген: импорт экспорттан басым. РФ-нан Қазақстанға импорттың жалпы көлемі айтарлықтай жоғары - шамамен 37%. Алайда Ресейге экспорт көлемі Қазақстанның барлық экспортының 8% - дан астамын ғана алады. [9] Бірақ Ресейден Қазақстанға инвестициялар ағыны дәстүрлі түрде кері бағыттағы салымдар ағынынан асып түседі, бұл Қазақстанның Ресеймен саудасы кезінде қалыптасатын осы тапшылықты ішінара өтейді. [10] Ресейге шығарылған Қазақстандық экспорт айқын шикізаттық бағытқа ие: оның құрылымының 70% -дан астамы минералды шикізат пен металлургия өнімдеріне (негізінен жартылай фабрикаттар) келеді. Сонымен бірге Ресейден импорттың ең ірі тауарлық тобы «машиналар, жабдықтар және көлік құралдары» тобы болып табылады, олардың үлесі 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте жалпы импорттың 24, 9% құрады. Қазақстанның Ресейден импорты жалпы экспорт бойынша да, жекелеген тауарлар тобы бойынша да едәуір әртараптандырылғаны көрінеді. Оның үстіне Ресей Қазақстанға қосымша құны жоғары тауарларды жеткізетіні анық. [10] Демек, ҚР экономикасы шикізаттық экспорттарға тәуелді, және елімізден салыстырмалы түрде арзан бағадағы шикізат экспортталып, Ресейден одан әлдеқайда қымбат тауарлар ауқымды көлемде импортталады, яғни бұл теріс сальдоны айқындайды. Бірақ Ресейден Қазақстанға инвестициялар ағыны дәстүрлі түрде кері бағыттағы салымдар ағынынан асып түседі, бұл Қазақстанның Ресеймен саудасы кезінде қалыптасатын осы тапшылықты ішінара өтейді. [10] Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорындарының саны жыл сайын артып келеді. Тек 2019 жылы осындай 500 компания құрылды, ал жалпы саны 10 мыңнан асады, оның 6, 5 мыңдайы белсенді. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті халықты жұмыспен қамтуда айтарлықтай үлесін қосуда. Ресейдің Қазақстандағы сауда өкілі Максим Кочетков «Егер бұл жаһандық даму мақсаттары мен міндеттері бар перспективалық жоба болса, бірлескен өндірісті экспорт жоспарланып отырған елдің аумағында дамыту тиімді. », -деп атап өтті. [11] Осы стратегия, яғни бірлескен кәсіпорындардың Қазақстанда жұмыс жасауы мемлекетімізге сол тауарлардың қолжетімділігін арттырады, себебі оны шетелдерден импорттап алып келудің қажеттілігі төмендейді.
3. Екі ел ынтымақтастық басымдықтары Қазақстан экономикасына қаншалықты тиімді?
1. Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестік маңыздылығы неде?
Кілтті сөздермен 2 сөйлем
Ресми құжаттан 2 сөйлем 2050 ме 100 нақты ма, тұжырымдама ма біреуінен алу
Терминологиямен байланыстыру
Зерттеу еңбектен фактілер келтіру, оған аргумент
Мақала Ег Қазақстан автор осы хзерттеу сұрағына қатысты қандай пікірі, факт, оған аргумент
Келесі бір автор мақала факт, аргумент
Сіз осы зерттеу сұрағында әріптестіктің маңыздылығы туралы не дейсіз
осындай келіссөздерді не себептен жүргізуде, оның салдары неге әскелуде, сондықтан ол маңызды болып тұр еліміз үшін . . . деп осы зерттеу сұрағына қатысты өз тұжырыммен көрсету керек.
бұл сұрақта стратегиялық әріптестік тұрғысынан барлығын қарастырасыз
2. Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қарым-қатынастары экономикаға қалай әсер етуде?
Кілтті сөздермен 2 сөйлем
Ресми құжаттан 2 сөйлем 2050 ме 100 нақты ма, тұжырымдама ма біреуінен алу
Терминологиямен байланыстыру
Зерттеу еңбектен фактілер келтіру, оған аргумент
Мақала Ег Қазақстан автор осы хзерттеу сұрағына қатысты қандай пікірі, факт, оған аргумент
Келесі бір автор мақала факт, аргумент
Сіз осы зерттеу сұрағында әріптестіктің маңыздылығы туралы не дейсіз
осындай келіссөздерді не себептен жүргізуде, оның салдары неге әскелуде, сондықтан ол маңызды болып тұр еліміз үшін . . . деп осы зерттеу сұрағына қатысты өз тұжырыммен көрсету керек.
емес бұл жерде әсері тұрғысынан қарастырасыз
3. Екі ел ынтымақтастық басымдықтары Қазақстан экономикасына қаншалықты тиімді?
2050 ме 100 нақты ма, тұжырымдама ма біреуінен алу
Кілтті сөздермен 2 сөйлем
Ресми құжаттан 2 сөйлем 2050 ме 100 нақты ма, тұжырымдама ма біреуінен алу
Терминологиямен байланыстыру
Зерттеу еңбектен фактілер келтіру, оған аргумент
Мақала Ег Қазақстан автор осы хзерттеу сұрағына қатысты қандай пікірі, факт, оған аргумент
Келесі бір автор мақала факт, аргумент
Сіз осы зерттеу сұрағында әріптестіктің маңыздылығы туралы не дейсіз
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz