Педагогикалық инновацияларды лақап новаторлардан қорғау


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Гуманитарлық ғылымдар факультеті«Білім технологиялары» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: 2-сынып оқушыларының ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын СТО технологиясы арқылы қалыптастыру
Ғылыми жетекші:
PhD, доцент
м. а. Г. Т. Абдуллина
Орындаған:
ППМ-611Ғ тобының студенті
Кәрімова Ұлжан
Түркістан-2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Қорғауға жіберілді»
«Білім технологиялары»
кафедрасының меңгерушісі
п. ғ. к., доцент м. а Б. Ортаев
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: 2-сынып оқушыларының ағылшын тілінде сөйлеу
дағдысын СТО технологиясы арқылы қалыптастыру
5В010200 - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы
Орындаған:
ППМ-611Ғ тобының сдуденті: Ұ. Кәрімова
Ғылыми жетекшісі PhD, доцент м. а: Г. Т. Абдуллина
Түркістан-2020
Нормативтік сілтемелер . . .
Анықтамалар . . .
Белгілеулер мен қысқартулар . . .
Мазмұны
1 2-сынып оқушыларының ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастырудың теориялық негіздері.
- Инновациялық технологиялар арқылы ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастырудың педагогикалық негіздері.
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тілінде оқытудың психологиялық - педогогикалық негіздері.
1. 3 СТО технологиясы арқылы ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастырудың мүмкіндіктері.
2 2-сынып оқушыларының ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастыруда СТО технологиясының тиімді әдіс-тәсілдері.
2. 1. 2-сынып оқушыларында СТО технологиясы арқылы сөйлеу дағдысын қалыптастырудың мазмұны.
2. 2 СТО технологиясы арқылы ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастырудың әдістері.
2. 3 Тәжірибелік - эксперименттік жұмысының нәтижесі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Егеменді еліміздің болашағы-оқушылар білімінің тереңдігімен бағаланады. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес байлығы. ҚР Тұңгыш Президенті-Елбасы Н. Ә. Назарбаев “Елім менің . . . ” атты елбасының ел тағдыры туралы толғамдарында “Қандай байлық болмасын, оның түбі бір сарқылатыны хақ. Сарқылмайтын, терең бойлаған сайын, керісінше, еселеп арта беретін бір байлық бар, ол - білім. Ал білім негізі - мектепте” деп атап көрсетілген [ 1 ] . Олай болса, қазіргі білім беру мекемелерінен тәуелсіз еліміздің өркениетке жету жолында тұғыр бола аларлықтай қабілетті ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа деңгейге көтеруді талап етіп отыр. Қазіргі қоғам алдындағы негізгі міндеттеріміздің бірі - заман талабына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптап, мектепте оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру, оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыру, бүгінгі уақыттың кезек күттірмес мәселесінің бірі болып отыр.
Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бұл заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлаудың сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, . . . білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады». - деп атап көрсетілген. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын мектеп практикасына белсенді түрде ендіру - қоғам талабы.
Қазіргі инновациялық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы қызметін атқарады[2] .
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат - саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан - жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени - ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу - кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.
Балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері ( Ф. И. Буслаев, К. Д. Ушинский, Н. А. Корф, В. И. Водовозов және т. б. ) аса мән берген.
Қазіргі кезде өмір сүру күрделенді, біздің елімізде демократиялық құрылымдар пайда бола бастады. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуды үйрететін жаңа технологиялардың бірі - “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту”.
СТО-ды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. СТО дегеніміз - не нәрсенің анығына барып, оның себеп салдарына барып анықтау, бағалау одан шығатын салдарына көз жеткізе білу, қорытынды жасау. Джон Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушының табиғи әуесқойлығын оятып, СТО-уға итермелейді.
Сыни тұрғыдан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тəн деп ойлау аса дұрыс емес. Бастауыш сынып оқушыларының да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сəйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз[3] .
Сыни ойлау - өзіндік ойлау. Сыни ойлау - сұрақ қоюдан жəне шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.
Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет - ағылшын тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға жағдай жасау.
Ағылшын тілін үйрену адам үшін және қоғам үшін көзқарастық, мәдени, әлеуметтік және білім беру артықшылықтарын ұсынады. Ағылшын тілін үйрену оқушыларға басқа мәдениеттерге деген оң көзқарасты қалыптастыруға, сонымен қатар өз мәдениеті туралы хабардар болуға көмектеседі.
Қазіргі заманғы, коммуникативті әдістер арқылы ағылшын тілін үйрену студенттерге интерактивті дағдыларды дамытуға және басқалармен өзара әрекеттесу арқылы үйренуге мүмкіндік береді, осылайша жақсы коммуникатор болады. Ағылшын тілін жетік меңгерген және жақсы қарым-қатынас жасай алатын студенттер қазақстандық қоғамға оң ықпал етеді.
Ағылшын тілінде сөйлесу мүмкіндігі жаппай жаһандық коммуникацияның қазіргі әлемінде өте маңызды. Жастар ағылшын тілінде оқи, жаза және сөйлесе алады, сонымен қатар өз мұғалімдері мен құрдастарын жоғары деңгейде түсінеді. Ағылшын тілі - коммуникация, ғылым, бизнес, ойын-сауық, саяхат және спортта жиі қолданылатын тіл. Ағылшын тілін жақсы білу жастарға осы салаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді және олардың білім беру, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Бастауыш мектепте ағылшын тілін үйрену балалардың әлемге деген қызығушылығын оятады. Балалар тілді әртүрлі тәсілдермен қолдана алады: белсенді ойындар, әндер, өлеңдер, жобалық туындылар және басқалар. Бастауыш деңгейдегі ағылшын тілі мұғалімдері балаларға алғашқы кездерінде тіл туралы білімдерін дамытып, тіл үйренуге деген ләззат алуға көмектеседі. Бұл балалардың сенімін арттырады және кейінгі жылдары одан әрі дамуға негіз болады[4] .
Сол себептен, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «2-сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын СТО технологиясы арқылы қалыптастыру» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы сын тұрғысынан ойлау жобасының қолданудың тиімділігін анықтау.
Зерттеу обьектісі: 2-ші сыныптағы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу міндеттері:
- сын тұрғысынан ойлау технологиясының ғылыми теориялық негізін ашу;
- сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқушылардың жан-жақты танып білуін қамтамасыз ететін шығармашылық жүйе жасау, әдістерін ұсыну;
- сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың өз бетінше ізденудің және сөйлеу дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: мектеп бағдарламасы бойынша сын тұрғысынан ойлау жобасын ағылшын тілі сабақтарында қолдану процесі.
Зерттеу болжамы:
Егер бастауыш сыныпта ағылшын тілі сабақтарында «сын тұрғысынан ойлау» жобасымен оқытудың тиімді жолдарын қарастыру оқушының санасына, ақыл-ойына қозғау салып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, тілге деген сүйіспеншілік сезімін оятуға игі ықпалын тигізер еді. Сын тұрғысынан ойлау жобасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізетін болсақ, онда:
- оқыту үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдіс, тәсілдері мен формаларын тиімді пайдалануға;
- оқушыларды өз бетімен ізденуге, олардың ойлау қабілеттерін арттыруға;
- берілген оқу материалын толық меңгеруге, өз бетімен білім алуға, сөйтіп білім сапасын арттыруға, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға және ой-өрісін дамытуға қол жеткізуге болар еді.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2050, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, озат мұғалімдердің тәжірибелері.
З ерттеу әдістері : философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау, қорыту, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдарын талдау және жүйелеу; білім беруді ақпараттандыруға байланысты құжаттармен танысу.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1. 2-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
- Инновациялық технологиялар арқылы ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастырудың педагогикалық негіздері.
Білім беру үдерісі дамуынан ғылымның дамуы, одан техника мен технология және өндірістің дамуының жүзеге асырылатыны белгілі. Дамудың негізі философиялық заңдылықтардың жүзеге асырылуымен байланысты қарастырылады. Қоғам дамуының кез келген деңгейінде білім беру жүйесі дамуы айқындалады. Өндірістің және өндірістік қатынастар дамуының нәтижесінде білім берудің, білім беру мекемелеріндегі білім алушылардың дамуы жүзеге асырылады. Осыған байланысты білім беру жүйесіндегі даму оның барлық құраушыларымен жүзеге асырылатындығын көруге болады[5] .
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында мектептің міндеті оқушыларға тек білімнің жиынтығын беру ғана емес, оқушылардың өз бетінше білім алуына, өзіндік білім алудың тәсілдеріне үйрету де болып табылатындығы жайлы айтылған. Сондықтан білім беру, оқу үдерісін ұйымдастыруға деген көзқарасты қайта қарап, білім, білік және дағдыны меңгертуде мұғалім құзыреттілігін дамытуға, оқушыға оқу ақпаратын беруде оқушылардың күтілетін нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін оқу үдерісін жобалауға, оқушының әр пәнді меңгеру икемділігін қалыптастыруға қарай өзгерту қажеттілігі туып отыр [6, б. 3] .
Қазіргі заман талабы тұрғысынан алып қарастырсақ, бүгінгі мектеп оқушыларының жаңалық атаулыға жаны құмар, интеллектуалдық деңгейі әлдеқайда жоғары екеніне көз жеткізуге болады. Инновациялық оқыту технологиясы негізінде пәндік білім беру идеясы жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде инновациялық оқыту технологияларының теориялық негізіне терең зер салуды талап етеді.
«Инновация» ұғымы педагогиканың сөздік қорына ежелден енген деген пікір бар. Кейбір ғалымдардың еңбектеріне «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетілген.
Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін, екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.
Кейбіреулері оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Мәселен, И. П. Подласый «Педагогика» атты еңбегінде ХХғ. 80-жылдары кәсіби түрде, алдымен журналистер, содан кейінгі кездерде педагогтар «инновация» сөзін пайдалана бастағанын жазады [7] . Сондай-ақ инновацияны (ағылшынның іnnovatіon - нововведение, новация) ескі жүйенің өзгерісі деп қарастырады. Бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез келген өзгерісті сипаттайды.
Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде көпке дейін берілмей келді. Берілетін анықтамалардың көпшілгі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмады. Сондықтан да «Инновацияны «білім беру жүйесінде жаңалық енгізу» деп айтсақ, «Введение принципиального в образовательную систему» ұғымының мағынасын тарылтқан болар еді» - деп, жазады ізденуші Қ. Нағымжанова [8] .
Инновация (латын сөзі іn -в, no-vіs -жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді. С. И. Ожегов сөздігі бойынша: инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес, енгізілген жаңалық ретінде қарастырылады [9] . Үлкен энциклопедиялық сөздікте « инновация» ұғымы «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі [10] .
«Инновация» ұғымын әр елде әр түрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған, ал Арабия, Жапония сияқты елдерде “инновация“ ұғымын сөздіктерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттерді, баспа беттерін зерттеді. Ресейде, шет елдерде, республикамызда «инновация» ұғымына берілген анықтамаларды жинақтаумен қазірде көптеген ғалымдар айналысуда.
«Инновация» ұғымы педагогика ғылымымен бірге жасасып келеді деуге болады. Олай дейтініміз, бұл ұғым ежелгі педагогикалық еңбектерде ұшырасып отырады. Ең алдымен инновация ұғымы (латынның in - в, novus - жаңа) жаңарту, жаңалық, өзгерту деген мағынаны білдіреді [11] .
Ресейде ғалымдардың көбі бұл ұғымды әр түрлі түсіндіреді. Орыс ғалымдары В. И. Днепрова, В. С. Лазереваның еңбектерінде «инновация» ұғымы пайда бола бастады. Олар «инновацияны білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасау, енгізу, қолдану және тарату деп сипаттайды. М. М. Поташник, А. С. Доренсов «жаңалық» дегенді құрал ретінде, ал «инновацияны» осы тәсілдерді меңгеру үдерісі деп санайды.
Республикамызда «инновация» ұғымын пайдалану соңғы жиырма жылдықтың еншісіне тиеді. Ең алғаш болып «инновация» ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Немеребай Нұрахметов. Ол былай дейді: «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» [8, с. 9; 72] .
Инновацияның негізін құраушы ұғымдардың - «инновация», «нововведение», «новшество», «новое», т. б. қазақша аудармаларын жасаған К. Құдайқұлова болып табылады. Өз еңбектерінде «инновацияны» нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған:
Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа тұжырымдарды жасап, оларды қолдану деп анықталған.
«Инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасалмаған. Көптеген зерттеу жұмыстарында педагогтар Ш. Таубаева мен К. Құдайбергенованың берген анықтамаларын басшылыққа алады, яғни «инновация» - нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа нәтиже. Ш. Таубаева және С. Н. Лактионова инновацияны «жаңа түзілім» ретінде анықтайды [11, с. 30-36] .
Педагогикалық энциклопедияларда төмендегідей анықтамалар берілген: «инновация» сөзі латын тілінен енген «обновление - жаңарту», «новинка - жаңалық», «изменение - өзгеріс».
Инновация дегеніміз - білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды жасап, оларды қолдану деп анықтаған [12] .
К. Ж. Бұзаубақова «инновация» ұғымын зерделей келе, ғалымдардың еңбектеріне сәйкес оны ««білім беру жүйесінде жаңалық енгізу» деп айтсақ, бұл ұғымның ауқымын тарылтқандай боламыз» деген ойын білдіреді [13, 15] .
Жоғарыдағы мағлұматтарды бір жүйеге келтіріп педагогтар төмендегідей қорытынды шығарады: инновация - жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үдерісі, өзгеріс, құрал, әдіс.
Біздің пікірімізше, инновация дегеніміз - білім беру жүйесін жаңартуға серпін беру, білім беруді неғұрлым тиімді ете түсудің құралы мен әдісі.
Инновация термині қазіргі таңда кеңінен қолданылуда. Терминдік сөздікте нақты анықтамасы педагогикалық тұрғыда берілмеген. Көптеген ғылыми педагогикалық еңбектерде «инновацияны» ұғымын білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды. Атап айтатын болсақ Н. Р. Юсуфбекова «О педагогической инноватике» деген еңбегінде «инновация» - білім беру жүйесіндегі жаңартудың үдерісі деп көрсетеді. Инновациялық үдеріс дегеніміз - жаңалықтарды жасау, оқу-тәрбие үдерісінде қолдану [14] .
Педагогикалық қызметте енгізілген жаңалықтың қандай жағымды жақтары бар, ол қандай табысқа жеткізуі мүмкін, кемшіліктері жоқ па, оның салдары қандай болуы мүмкін деген сияқты сұрақтар туындайды. Білім беру үдерісінде педагогикалық инновация басқаша түрде қарастырылады. Олар:
1. Дәстүрлі алты күндік жұмыс аптасы сақталатындай жүйе енгізу.
2. Сабақ берудің әдісі мен әдістемелері өзара сабақтаса отырып, сабақ пен сабақтан тыс жұмыстардың мазмұнын байыта түсу.
3. Білім берудің халықаралық стандарттарына сай ізденісін арттыру [15] .
Білім беру үдерісіндегі инновациялық әрекетті төмендегідей етіп көрсетуге болады:
1. Жаңалықтар.
2. Сыртқы факторлар.
3. Ішкі факторлар.
4. Жаңалықтар нәтижесі.
Ғылыми инновациялар, алға ұмтылған үдерістер адам білімінің барлық салаларын қамтиды. Әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-басқарушылық, техника-технологиялық инновациялар болып ажыратылады. Әлеуметтік инновация түрлерінің бірі педагогикалық инновациялар болып табылады.
Педагогикалық инновациялар - бұл педагогика саласында жаңа енгізілімдер, оның жеке компоненттерін, сондай-ақ жалпы білім беру жүйесінің, білім беру ортасына қалыпты элементтер (жаңашылдықтар) енгізетін, сипаттамаларын жақсартатын мақсатты бағытталған прогрессивті өзгерістер.
Педагогикалық инновациялар білім беру жүйесінің жеке қоры есебінен (дамудың интенсивті жолы), сондай-ақ қосымша күштердің (инвестициялық) - жаңа құралдардың, жабдықтардың, технологиялардың, капитал тартылудың және т. б. (дамудың экстенсивті жолы) есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Педагогикалық жүйелердің интенсивті және экстенсивті жолдарының қосылуы «интеграциялық инновацияларды» жүзеге асыруға мүмкіндік береді, олар әртүрлі жоспарлы, әртүрлі деңгейлі педагогикалық жүйелер мен олардың компоненттерінің тоғысуынан құралады. Интеграциялық инновациялар ойластырылған, «сыртқы» іс-шаралар ретінде емес, терең қажеттіліктер мен жүйені білуден туындайтын мойындалған қайта құрушылар ретінде көрінеді. «Жетілдірілмеген» жерлерін жаңа технологиялармен нығайту арқылы педагогикалық жүйенің жалпы тиімділігін арттыруға болады.
Педагогикада инновациялық қайта түзілімдердің негізгі бағыттары мен объектілері мыналар болып табылады:
білім берудің және білім беру мекемелері тұжырымдамаларын (концепцияларын) және даму стратегияларын дайындау;
білім мазмұнын жаңарту;
білім беру және тәрбие беруде өзгерістер мен жаңа технологиялар дайындау;
білім беру мекемелерін және жалпы білім беру жүйесін басқаруды жетілдіру;
педагог кадрларды дайындауды жақсарту және оның біліктілігін арттыру;
білім беру үдерісінің жаңа модельдерін жобалау;
оқушылардың психологиялық, экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім берудің денсаулық сақтау технологияларын дайындау;
білім беру мен тәрбие берудің жемісті болуын, білім беру үдерісінің және оқушылар дамуының мониторингін қамтамасыз ету;
жаңа буын оқулықтарын және оқу құралдарын және т. б. дайындау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz