Жер планетасының қабаттары


Черкешова С. М., Табылганов М. Т.
ЖАЛПЫ ЖӘНЕ МҰНАЙ ГЕОЛОГИЯСЫ
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
АҚТАУ 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Инжиниринг» факультеті
«Геология» кафедрасы
«ЖАЛПЫ ЖӘНЕ МҰНАЙ ГЕОЛОГИЯСЫ»
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
6В07210 - «Мұнайгаз инжинирингі»
АҚТАУ 2020
УДК 550(075)
ББК 33. 1я73
Пікір жазғандар: С. Ж. Нурумова техника ғылымдарының кандидаты, доцент;
С. М. Черкешова, М. Т. Табылганов Жалпы және мұнай геологиясы: Оқу құралы. - Актау: КГУТИ, 2020-96б.
«Жалпы және мұнай геологиясы» пәніне арналған оқу құралы 6В07210-«Мұнайгаз инжинирингі» мамандығында оқитын білім алушыларға арналған.
Оқу құралында Геология ғылымының даму тарихы, ғарыш және күн системасы, планеталар, ішкі, сыртқы геосфералар туралы, жер планетасының құрамы, физикалық қасиеті туралы түсінік береді.
Жер планетасының жасы, даму кезеңдері, эндогендік, экзогендік геодинамикалық құбылыстары, мұнай туралы түсінік, мұнайдың физикалық және химиялық қасиеттері туралы анық, жүйелі білім беру мақсатына арналған.
Ш. Есенов атындағы КМТжИУ оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған.
УДК 551. 7/8. (075. 8)
© С. М. Черкешова, 2020
© КМТИУ, 2020
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
«Жалпы және мұнай геологиясы» базалық ғылымдарына кiретiн таңдау пəн болып табылады.
Жалпы және мұнай геологиясы пәнін оқытудың мәні мен мақсаты студенттерге геология негіздері, жер қыртысымен жоғарғы шөгінді тысының құрылысы, таужыныстары мен минералдар, мұнайдың құрамы мен физикалық қасиеттері, мұнай және газ коллекторлары мен табиғи резервуарлары, мұнай және газ тұтқыштары, мұнай мен газдың жер қыртысында таралу жағдайы туралы түсінік беру болып табылады.
Бүгінде мұнай және газ өндірісі, мұнай және газдың жыңа кенорындарының ашылуы мұнай газ ісі мамандары үшін ғана емес, сондай-ақ еліміздің экономикасы үшін қазіргі және де келешек уақытта маңызды стратегиялық шикізат ретінде қарастырылады. Осыған байланысты «Жалпы және мұнай геологиясы» пәнін оқытудың негізгі тапсырмасы болашақ мұнай газ ісі мамандарының геология негіздері геологиялық процесстерді зерттеу мұнай және газ шоғырлары мен кенорындарының құрылысы олардың жер қыртысында пайда болу шарттары мен таралу заңдылықтары туралы негізгі түсінік алу болып табылады.
Студенттер курсты оқу нәтижесінде мынадай мағлұматтарды білуі тиіс:
- Жер және оның ішкі қабықтарының құрылысы туралы;
- Жер қыртысы мен жоғарғы шөгінді қабатының құрылысы туралы;
- Жер қыртысында және шөгінді қабатында болып жатқан геологиялық процесстер, соның ішінде мұнай газ түзілу және мұнай газ жинақталу жағдайлары туралы;
- Мұнай және газдың құрамы мен физикалық қасиеттері, коллектор тау жыныстары мен жапқыш тау жыныстар, мұнай және газдың табиғи резервуарлары, тұтқыштары, шоғырлары және мұнай және газ кенорындары туралы;
- Мұнай және газдың жаратылыс проблемалары, миграциялық процестер туралы.
«Жалпы және мұнай геологиясы» мұнай және газ кенорындарын игерудің геологиялық негіздері және кәсіптік мұнай геологиясы арнаулы пәндерді оқытуда кеңінен қолданылады.
Тарау 1 ЖЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, КӨЛЕМІ МЕН ПІШІНІ.
§1 Ғарыш және күн системасы
Біздің өмір сүріп жүрген планетамыз, жер, ғарыш, әлемінде орналасқан күн системасының бір планетасы болып есептеледі.
Күн системасын, планеталарды және де басқа космос бөлшектерін үйрену үшін, бүкіл әлем космос жүйесінің құрылысы туралы түсінік алуымыз керек. Қазіргі заман астрономия ғылымдарының зерттеу нәтижелерінде бүкіл әлем: ғарыш, метагалактикаға, галактикаға, жұлдыздарға, күн системаларына, планеталарға; планеталар-серіктерге, кометаға, астеройд, болид т. б. ұсак космос бөліктеріне, ұнтақтарына бөлінеді. Біздің ғарыш системамыздың бөліну жүйесін төмендегі кестеден көруге болады.
Метагалактика
↓
Галактика
↓
Жұлдыз (Күн системаларыы)
↓
Планета
↓
Серік
↓
Астероид
↓
Метеорит
↓
Комета
↓
Космос ұнтақтары (бөлшектері)
↓
Газдар
Ғарыш. Космос грекше бүкіл әлем, жерді қошаған шетсіз- шексіз әлем кеңістігі. Ғарыш әр түрлі мөлшердегі бөлшектенген космос шаң-тозаңдарымен, газдардан құралады. Космос бөлшектерінен: метеориттер, кометалар, жұлдыздар құралған.
Метагалактика - дегеніміз ғарыш кеңістігінің зерттеуге мүмкін деп саналатын бөлігі. Метагалактика миллиардталған галактика топтарынан, жұлдыздардан құралған.
Галактика
Галактика - (“галактос” - грекше құс жолы) жұлдыздарды, күн системасын біріктіреді. Біздің галактикамыз 150 миллиард жұлдыздардан, яғни күн системаларынан құралады.
“Құс жолы” галактикасының жасы 12 миллиард жыл щамасы деп есептелінеді. Біздің галактикамыз 200 миллион жыл ішінде өз өсінен бір рет айналады.
Күн системалары, планеталар
Галактикалар Күн системаларына немесе жарық жұлдыздарына бөлінеді. Біздің Күн системамызда 9 планета, 5 серік, 5 астероидтар орналасқан. Біздің күніміздің массасы 99, 87% болып, қалған 0, 3%-і оның сыртынан айналатын 9 планетаның массасына тең.
Планеталардың ішінде ең ірісі Юпитер - массасы 0, 1%.
Планеталар системасын зерттейтін ғылым Планетология деп аталады.
Галактиканың жаратылысы бұдан 12-15 млрд. жылдар бұрын ғарыш кеңістігінде болған үлкен қопарылыс заттарының бір орталыққа шоғырланып, жиналуымен байланысты.
Күннің беткей жағындағы температура +6000 о С шамасында, ал ішкі қабатында, млн. градусқа дейін көтеріледі.
Әрбір жұлдыз сәуле шығару кезінде көп энергия жоғалады. Соған сәйкес жұлдыздың массасы да кеміп отырады. Мысалы, күн әрбір секунд сайын 3, 8*10 33 эрг энергия (1*10 25 кал) бөліп шығарады. Соның нәтижесінде ол өз массасының 4*10 12 г бөлігін жоғалтады. Мұндай энергияны 100 млн. -нан астам ең ірі деген жер сілкінісі кезінде бөлініп шығатын энергиямен салыстыруға болады.
Жұлдыздардың беткі қабатындағы температура бірдей болмайды. Кейбір қабатындағы температура 1-3 о С-қа (сирегірек 1 о С) дейін жетеді. Мұндай жұлдыздар ақ немесе көгілдір түсті сәуле шығарады. Сондықтан да олар - ақ жұлдызша деп аталады. Күн - сары жұлдыздар қатарына жатады.
Бұлардан басқа суық жұлдыздар немесе қызыл жұлдыздар да бар. Олардың беткі қабатындағы температура 2000 - 3000 о С -тан аспайды. Көлеміне қарай жұлдыздар алып (гигант) жұлдыздар және кіші (карлик) жұлдыздар болып ажыратылады. Алып жұлдыздардың көлемі Күнмен салыстырғанда одан ондаған-жүздеген есе үлкен (1- кесте) .
1-кесте Планеталар өлшемі
Планеталар (грекше “адасқандар”) Күннен алыс- жақындығына қарай ішкі (жер тектес) және сыртқы (алып) планеталар болып екі топқа бөлінеді (1- сурет) .
Жер тектес планеталар (Меркурий, Шолпан, Жер және Марс) алып планеталармен салыстырғанда көлемі жағынан ішкі, тығыздығы жоғары, атмосфераның массасы аз және өсінен айналу жылдамдығы төмен болып кездеседі.
Алып планеталар (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон) жалпы көлемі
мен массасының өте үлкендігімен жылдамдығының жоғарылығымен, серіктерінің көптігі мен сипатталады. Мысалы, Юпитер планетасының 15 серігі Юпитермен бірге өзіндік планеталар жүйесін құрайды деуге болады.
Жер - Күн жүйесіне енетін планеталардың ішінде өзіндік ерекшеліктермен айрықша ажыратылады: атмосфера, гидросфера, биосфера және литосфера қабатына жіктеледі.
Айдың табиғатын, құрылысын үйренетін ғылым - Селенология деп атайды (селена- ай) . Ай Жерге жақын (384395 км) болғандықтан, Жерге тартылу және өзіне тарту күшіне қарай гидросфера мен литосфера қабаттарында толқу әрекеттерін тудырады, айдың көлемі Жермен салыстырғанда 4 есе, ал массасы 81 есе кіші. Тығыздығы 3, 3 г/см 3 , айдың өз осінен айналу жылдамдығы Жермен шамалас, сондықтан да ол Жерден әр уақытта да бір жағымен ғана байқалады. Өзіне тарту күші Ай бетіне Жермен салыстырғанда 6 есе аз. Өйткені Айда атмосфера қабаты жоқ. Ай бетінде байқалатын бедер пішіндері - кең таралған жарық алқаптар (ай теңіздер) мен биік таулы аймақтар (материктер) түрінде орын алған: күн сәулесінің әсерінен және метеориттік бомбалау әрекеттеріне байланысты үлгілі заттар жиі кездеседі. Сонымен қатар, магмалық (әсіресе вулкандық) процестер де байқалады.
Ай қыртысының қалыңдығы шамамен 30 - 65 км. Оның жоғарғы бөлігі регодиттен (базальтты қабаттың үгілу күлі) тұрады. Айдың ішкі құрылысы жердің ішкі құрылысы сияқты мантия (960 км) және ядро (750 км) қабаттарынан тұрады деп жорамалданады.
Астероидтар . Марс және Юпитер орбиталар аралығында ішкі және сыртқы планеталарды бір-бірінен бөліп тұратын шекараны астероидтар немесе планеталар белдеуі деп атайды. Олардың ішіндегі ең ірілері - Церера (767 км), Паллада (489 км), Веста (386 км), Юнона (193 км) болып саналады.
Астероидтардың жалпы саны 100 мыңнан астам, ал массалық салмағы жер массасының 0, 001 бөлігіндей ғана деп есептеледі.
Метеорлар - кометаның өте ұсақ сынық бөлшектері болып саналады. Жердің атмосфера қабатына үлкен жылдамдықпен (11 - 72 км/с) келіп соқтығысады да, буға айналып “аққан жұлдыз” секілді із қалдырады.
Осы уақытқа дейін табылған метеориттердің ішіндегі ең ірісі - Гоба (Африка, 1920) атты метеорит болып саналады. Оның құрамы темірлі метеоритке жақын, ал массасы 60 тоннаға жуық. Одан кейінгі орында Кейп- Йорк (Гренландия) - 33, 2т. ТМД территориясынан табылған ең ірі метеориттер: Богуславка (1916) - 257 кг, Сихотэ-Алинь (1947) - 130 кг.
Кометалар - аспан әлемінде ұзынша созылған, құрамы жағынан алып планеталардың атмосфералық құрамына жақын ғарыштық денелер. Олар эллипстік орбита бойымен Күнге жақын аралықты және одан әрі Плутон орбитасын басып өтіп, Күннен біртіндеп қашықтай береді. Кометалар ыстық денелер емес. Олардың жарық шығаруы Күн сәулесіне байланысты. Қазіргі кезде 100-ге жуық кометалар белгілі болды. Олар өз орбиталарынан айналып кеткен жағдайда, басқа планеталармен соқтығысып қалуы да мүмкін. Мұндай жағдайда ірі ойықтар мен кратерлер пайда болады. Соңғы кезде ғалымдар Сібір территориясында (1908 ж. ) байқалған белгілі Тунгус метеоритінің жаратылысын - шағын (5 млн. т) кометаның Жермен соқтығысуы әрекеттерімен байланысты деп түсіндіреді.
§2 Жер планетасының пішіні, өлшемдері
Жер планетасының пішіні, келбеті, бедерінің пайда болуы туралы әртүрлі ғылыми және фантастикалық аңыздар болған. Жер планетасының шар көрінісінде екендігі алғаш грек ғалымдары Аристотель, Пифагордың еңбектерінде көрсетілген.
Жердің пішіні шар секілді, элипсоид, сфероид деген көзқарастар кең жайылған. Негізінде Жер планетасының мүсіні ешқандай геометриялық фигураға ұқсамайды. Жердің тек қана өз формасы, өз фигурасы бар. Сол себепті Жердің пішіні “ Геоид ” деп аталады.
Гео- жер, ид- форма, яғни жер тек қана өз пішініндегі геометриялық фигура. Геоид - сөзін неміс ғалымы физик И. Л. Люстих (1873) енгізген.
Қазіргі уақытта жер алмұрт пішінді немесе жүрек секілді деп саналады.
Совет ғалымдары Ф. Н. Крассонский, А. А. Изовтың ғылыми еңбектері бойынша Жер планетасының өлшемдері төмендегідей:
Жер планетасының өлшемдері:
экваторлық радиусы а = 6378, 245 км;
поляр радиусы б = 6356, 863км;
қысқаруы = 1/298, 3 (21, 36 км) ;
экваториялдың қысқаруы=1/3 (231 м) ;
меридионал ұзындығы= 40008, 50 км;
экватор ұзындығы=40075, 696 км;
жердің көлемі=1, 083*1012 км 3 ;
ауданы=510, 10 6 км 3 .
Қатты Жер құрылымы негізінен XX ғасырда сейсмология жетістіктерінің арқасында, ал атмосфераның жоғарғы қабаты мен магнитосфера XX ғасырдың 2- жартысында ракета мен спутниктерді қолдану негізінде түсіндірілді (2-3-сурет) .
Элементтердің радиоактивтік ыдырауының ашылуы арқасында тау жыныстарының абсолюттік жасын демек көптеген геологиялық процестердің ұзақтығының және Жердің жасын анықтау тәсілін жасауға мүмкіндік туды.
Жердің пішіні мен мөлшерін - геодезия, Жердің аспан денесі ретіндегі қозғалысын - астрономия, Жердің күш өрістерімен барлық геосферадағы физикалық процестерді - геофизика, химиялық процестерді - геохимия зерттейді. Табиғат құбылыстары физикалық географияда зерттелсе, атмосфера - метеорология мен климатология, гидросфера - гидрологияда, тірі организмдер биология және ішінара география ғылымында зерттеледі.
Жерді зерттеудегі ұшан-теңіз жетістіктерге қарамастан Жер ядросының құрылысы мен құрамы, Жердің магнит өрісінің шығу тегі т. б шешілмей отыр.
Жер планетасының геоид аталу себебі, жер үсті оның рельефі ешуақытта ең жоғарғы нүктесі 8848м биіктікте орналасқан (гималай тауы, Жомалұнғыма шыңы) . Ең төменгі нүктесі - 11022м (Тынық мұқиты, Мариан шұңғымасы) болып саналады, яғни Жер үстінің төменгі, жоғарғы бедер пішіндерінің орналасу амплитудасы 20 км-ге дейін өзгеріп тұрады.
Жер планетасын өзіне сәйкес физикалық қасиеті, химиялық құрамы бар.
ЖЕР ПЛАНЕТАСЫНЫҢ ҚАБАТТАРЫ
Сыртқы геосфералар
Жер планетасы екі түрлі: ішкі және сыртқы геосфераларға бөлінеді.
Жер планетасының сырқы геосфераларына:
- Атмосфера,
- Биосфера,
- Гидросфера қабаттары жатады.
Атмосфера
Атмосфера - жер планетасының ауа қабығы.
Жер планетасын қоршаған және онымен бірге айналатын газ түріндегі ортаны - атмосфера немесе Жердің ауа қабаты деп атайды.
Атмосфераның салмағы 5, 5*10 15 кг-га тең. Жер бетіндегі атмосфераның орта қысымы теңіз деңгейінде 101325 Н/м 2 -ге тең (бұл 1 атмосфераға немесе 760 сынап бағанасына тең) . Биіктік артқан сайын атмосфераның тығыздығы мен қысымы тез кеми береді. Атмосфера қат-қабат құрылымды болады және қабаттары физикалық, химиалық қасиеттері (температурасы, химиалық құрамы, молекулалардың ионизациясы т. б) жағынан бір- бірінен айырма жасайды.
Атмосфераны қабаттарға бөлу тәртібі мынаған негізделеді: биіктеген сайын атмосферадағы температура өзгере береді және мұның өзі атмосферадағы негізгі энергетикалық процестердің балансын бейнелейді.
Атмосфераның төменгі бөлігі, оның бүкіл салмағының 80%-іне жуығы тропосфера деп аталады. Ол экватролық 16-18 км биіктікке дейін, полярлық ендіктерде 8-10 км-ге жетеді. Тропосфераның температурасы, ондағы ауа жер бетінен жылынатындықтан, әр 100 м биіктік сайын орта есеппен 0, 5 К-ға төмендейді.
Тропосфераның үстінде 55 км биіктікке дейін стратосфера орналасқан, онда атмосфера салмағынан 20%-тей дерлігі жиналған. Ол тропосферадан өтпелі қабат-тропопузамен бөлінген; оның температурасы 190-220 К. Стратосфераның температурасы 25 км-ге дейін біршама кемиді, бірақ одан әрі қайта өсе батсайды да, 50-55 км биіктікте максимумға (≈270К) жетеді. Бұл өсу негізінен стратосфераның жоғарғы қабаттарында күннің әсіресе күлгін сәулесін мол сіңіретін озонның көп жинауына байланысты.
Стратосфераның үстінде мезосфера (80 км-ге дейін), термосфера (80 км-ден 800-1000 км-ге дейін) және экзосфера (800-100 км-ден жоғары) бар. Бұл қабаттардың бәрінің жалпы салмағы атмосфера салмағынан 0, 8%-інен аспайды. Стратосферадан стратопоаузамен бөлінген мезосферада озон жоғалып, жоғарғы шегіне таяу тұста (мезопаузада) температура қайтадан 180-200 К-ға дейін төмендейді. Термосферада температура тез өседі, бұл негізінен онда Күннің қысқа толқынды сәулелерін сіңетіндігімен байланысты.
Темеператураның өсуі 200-300 км-ге дейін, байқалады. Одан жоғарыда, шамамен 800-1000 км-ге дейін, температура тұрақты күйінде қалады (~1000 К), өйткені онда атмосфераның тығыздығы аз болғандықтан, Күн сәулесін нашар сіңіреді.
Атмосфераның жоғарғы қабатында (экзосфераның) тығыздығы өте аз (оның төменгі шегіндегі протондардың саны 1 м 1 -де ~10 11 ) және мұнда оның бөлшектерінің соқтығысуы сирек болады. Экзосфераның жеке бөлшектерінің жылдамдығы екінші космос жылдамдығынан артуы мүмкін. Егер бұл бөлшектерге соқтығысулар кедергі жасамаса, олар жердің тарылуын жеңіп, атмосферадан планета аралық кеңістікке негізінен сутек және гелий атомдары таралады.
Жер атмосферасының химиялық құрамы бір тектес емес. Жер бетіне таяу құрғақ атмосфера ауасында көлем жағынан азот 78, 08%, оттек 20, 95%, аргон0, 93% және көмір қышқыл газ 0, 03%; сутек, неон, гелий, метан, криптон т. б газдар бәрін қосқанда 0, 1%-тен аспайды.
Тропосфераның жоғарғы шегі мен стратосферада озонның ең көп болатыны байқалады. Озонның ең мол жиналатын қабаты - 21-25 км-дің арасы.
Атмосфераның электр өткізгіштігі иондау дәрежесіне байланысты. Иондалу ең мол мөлшерге жететін 250-300 км биіктікте атмосфераның электр өткізгіштігі шамамен 200 км-ге дейін ауаның негізгі компоненті азот N болады. Одан әрі атом күйіндегі оттек басым бола бастайды. 600 км-ден астам биіктікте басым компонент - гелий, 2 мың км-ден бастап және одан жоғарыда - сутек; ол Жердің қошаған сутек тәжін (сутектен тұратын қабатын) құрайды.
Жер бетіне Күннің электромагниттік сәулесі географиялық қабығы, физикалық, химиялық және биологиялық процестердің негізгі көзі - атмосфера арқылы өтеді.
Күннің қысқа толқынды сәулелерін (рентген және гамма сәулелерін) атмосфераның бүкіл қабаты сіңіреді, сөйтіп бұл сәулелер жер бетіне дейін жетпейді. Сонымен, Күннің қысқа толқынды сәулелерінің кеселді әсерінен, аса қазап кетуден биосфера қорғалады. Күн сәулесі энергияның 48% -і ғана жер бетіне тура және шашыранды радиация түрінде жетеді. Сонымен бірге атмосфера жерден бөлінетін жылуды толық дерлік өткізбейді. Егер атмосфера болмаса, Жердің бетінде орташа теипература - 23 о С болар еді; шын мәнінде жер бетіндегі жылдық орташа температура 14, 8 о С-қа тең. Атмосфера космостан келетін сәулелердің біразын ұстап қалып, метеориттерден қоғайды. Қорғайтын атмосферасы жоқ болғандықтан. Айдың беті метеориттік кратормен тілімделген.
Атмосфера мен жер бетіне оң таяу қабат арасында эенергия (жылу айналымы) және зат (ылғал айналымы, оттек т. б газдар алмасуы) алмасуы ұдайы болып жатады. Әр түрлі биіктік пен әр түрлә ендіктерде құрлық және теңіз үстіндегі атмосфераның біркелкі таралмауына әкеп соқтырады. Жылу айналымы мен ылғал айналымы, атмосфера циркуляциясы климатты қалыптастырушы процесстер болып табылады. Құрлық бетіде, су қоймаларының жоғарғы қабатында болатын әр түрлі физикалық процестер мен атмосфера аса маңызда фактор болады (КСЭ, 1976) .
Гидросфера
Гидросфера - деп жер планетасын су қабығын айтамыз (гидро - су, сфера - қабат) . Гидросфераға жер үстіндегі су бассейндері, өзен, көл, теңіз, жер асты сулары, жер үсті мұздықтар (криолитосфера) тиісті. Гидросфераның жалпы көлемі 94%-ке жуығы - мұхиттар мен теңіздер, жер астындағы сулар, 2%-ке жуығы - сұз бен қар (негізінен Арктикада, Антарктида және Гренландияда), 0, 4%-і - құрлық бетіндегі сулар (өзендер, көлдер, батпақтар) . Атмосфера мен өсімдіктерде су бар. Су массаларының барлық формалары айналыс процесінде бір түрден екінші түрге айналып отырады. Жыл сайын жер бетіне түсетін жауын-шашын мөлшері құрлық пен мұхит бетінің суымен тең.
§3 Жер планетасының физикалық қасиеттері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz