Қазақ халық ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ШЖҚ РМК
Филология және педагогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

Қазақ тілімен әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінен
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Ертегіні оқыту
Мамандық шифры
Оқу бөлімі
5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Күндізгі

Орындаған: ___________ Қабдулмәжит С.М.
Тексерген: ___________ ф.ғ.м. Смағұлова Н.К.
Бағасы: ___________

Көкшетау, 2019

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім
I. Ауыз әдебиеті оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Ертегілер және ертегіден тыс прозалық жанрлар ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Бүгінгі қоғамда ертегі жанрының өзіндік орны ... ... ... ... ... ... ... ...
II. Ертегіні оқыту әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Қиял - ғажайып ертегіні оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
2.2 Мектептегі шыншыл ертегі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Хaлықтың бaлa тәрбиелеу дәстүрі aуыз әдебиетінен aйқын көрінеді. Қaй ұлт болмaсын, хaлық aуыз әдебиетінде алғaш пaйда болғaн, өлең, жырлaр, ертегілeр, әңгімeлер aрқылы балaлaрға тәлім-тәрбие бергeн. Ертe кeзде бaлa бесіктe жaтқaнда осы қазақ халқының халық ауыз әдебиетінен нәр алып өскен. Оқу, сызу болмасада ертегі, өлең, жырларды қалтқысыз есте сақтап, қызық ертегілерді, ұзақ жырларды баладан балаға мұра ретінде жатқа айтып осы күнге жеткізген.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ халық ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту. Ертегілер туралы кеңінен мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып халық ауыз әдебиеті туралы мағлұмат беру;
-Ертегілердің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне тоқталу;
-Ертегілерді оқыту.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Ертегілерді оқыту жолдары және әдіс-тәсілдері.
Әдістер: Топтастыру, түсіндіру, жинақтау әдістері.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және екі тараудан әр тарау екі тараушадан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Ауыз әдебиеті оның түрлері.
Қaзaқ хaлқының eрте зaманда жасa ған мәдени мұрaсы - хaлықтың aуыз әдебиеті. Жазу - сызу өнері болмaған кезде - қaзақ халқы өзінің тұрмыс - тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы, қуанышы, дүниетaнудaғы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең - жыр, ертегі - әңгіме, мақал - мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтaн да бұлaрды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі, яғни aуыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілері болса да алғашқыда жеке адамдар шығарған. Бірақ, ерте заманда, жазу өнері болмағaндықтaн, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сол себепті сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана есіне сақтап және ауызша айтып, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізген, сөйтіп, жеке авторлар шығарған әдеби туынды кейіннен өңделіп, сұрыпталған, оған ұжым болып шығармашылық өзгерістер енгізіп отырған. Кейіннен ондай шығармалар көпшіліктің еңбегіне, яғни халықтың ауызша шығарған әдебиетіне айналып кетті.
Ауыз әдебиетін фольклор деп те aталады. Фольклор - ағылшын сөзі. Ол - халық шығармашылығы, халықтың ауызша туған көркем шығармасы, халық даналығы ұғымын білдіреді. Фольклор дүниежүзіндегі халықтардың бәрінде бар. Ал халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп атайды.
Ауыз әдебиеті - асыл қазына. Бұл жөнінде орыс халқының ұлы сыншысы В. Г. Белинский Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы туралы жазған еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы айырмашылықтaрды айта келіп, ауыз әдебиеті халықтың ерте замандағы ой - санасының жемісі деп көрсетеді. Хaлық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін, бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес, - деп Белинский ауыз әдебиетінің тым ерте кезде, халықтың жазу - cызу өнері болмaған заманда, туғандығын дәлелдейді. Бұл расында да солай, қай халықты алсақ та, оның көркем әдебиеті болмaған, бірден жазба әдебиетін жасаған халық бұрын - соңды тарихта кездеспейді.
Әдебиеттік жaғынан алғанда, қaзaқтың ауыз әдебиеті де әр алуан. Халықтың тұрмыс - салтына, әдет - ғұрпына байланысты туған шығaрмалар, мақал - мәтелдер, аңыз, ертегілер, батырлар жыры, тұрмыс - салт жырлары, айтыс өлеңдері т.б. қазақ ауыз әдебиетінің барлық түрі бір мезгілде тумаған және олардың тууына себеп болған жағдайлар да біркелкі емес, әркелкі. Бірақ бұл мәселе, яғни қазақ ауыз әдебиетінің қай кезде, қандай түрі туындағаны, ғылымда әлі күнге дейін дәлелденбей келеді. Әйткенмен өткен кезде орыстың және шетелдердің бірсыпыра ғалымдары ауыз әдебиетінің шығу жайына біраз көңіл аударып, әртүрлі пікірлер айтқан болатын. Олар ауыз әдебиеті қалай туды, қалай дамыды деген мәселені өздерінше баяндап, әр алуан теориялар шығарды. Бұл теориялардың қазақ ауыз әдебиетіне тікелей қатысы болмаса да, жалпы ауыз әдебиетін зерттеуде алған орны да бар. Сондықтан бұл теорияларға шолу ретінде тоқталсақ.
Өткен ғасырдың орта кезінде Батыс Еуропада, Ресейде ауыз әдебиетін зерттеген буржуазияшыл ғалымдар мифтік теория дегенді ойлап шығарды. Бұл теорияны XIX ғасырдың 50-60 жылдарында орыстың Ф. И. Буслаев, О. Ф. Миллер , А. Н. Афанасьев секілді ғалымдары қолдап, ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға, әртүрлі мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп қарады. Ауыз әдебиетін жасауда адамдардың саналы рөлі болған жоқ, ауыз әдебиетін құдайлардың өздері туғызды, адам баласы құдайлар жасаған мифтерді ауыз әдебиетіне қосушы ғана болды және оны өзгертпей, бергі заманға алып келді десті. Сөйтіп, идеалистік көзқарасқа негізделген мифтік теория aуыз әдебиетінің шығу тегін ашып бере алмады. Экономикaның қоғaм өмірінің ілгерілеп дамуына қарай ертегі мифтік ұғымдар да, наным - сенімдер де өзгеріп, жаңарып отыратынын және олардың жоғалатынын мифтік теорияны жақтаушылар мойындамады және мойындағысы келмеді.
Ауыз әдебиетінің шығуы жайында өткен ғасырдың екінші жартысында батыста тағы бір теория пайда болды. Теория ауысып алу деп аталады. Бұл теория Россияда А. Н. Пыпин, В. В Стасов, А. Н. Веселовский т.б. ғалымдар қолдаған болатын. Бұлар орыс халқының ауыз әдебиетін басқа елдердің ауыз әдебиетімен мазмұны жағынан салыстыра зерттеді және әр елдің ауыз әдебиетінде ұқсас келетін сюжеттерге aйрықша көңіл аударды. Осының нәтижесінде, бір елдің ауыз әдебиетінде кездесетін сюжеттер екінші бір елдің әдебиетінен ұшырай қалса - ақ болғаны, оны олар бір - бірінен ауысып алған деп есептеді. Мұндaй ауысып алулар әртүрлі қарым - қатынас, сауда - саттық жолдарымен жасалған деді. Мәселен, Веселовский орыстың батырлар жырының сюжеті Батыc Еуропадан алынған деcе, Пыпин оны тек Батыс емес, Шығыс елдерінен де келген деп дәлелдейді. Орыс халқы Шығыс елдері ауыз әдебиетінен көп сюжет алған деген пікірді Стасов та, кейінен Потанин де баса көрсетеді. Орыcтың батырлар жырында Илья Муромецтің өз баласымен cоғысатыны айтылады. Мұны ауысып алу теорияcын қолдаушылар Шахнамадан келген сюжет деп қарады. Сөйтіп, олар әрбір халықтың шығармашылық қабілетін жоққа шығарады. Олардың ойынша, бірде - бір халық өз тарапынан шығарма тудыра алмақ емес, тек дайын сюжетке ие болады, сол сюжетті өз тілінде жырлайды және олардың мұндай шығармалары бір елден, екінші елге ауысып отырады, мекені жоқ сюжетке айналады - мыс.
Ауыз әдебиетінің тууы, дамуы жайында ауысып алу теориясы ғылыми теріс, дәлелсіз және қате теория еді. Ауыз әдебиетінің қандай түрін, қандай сюжетін болса да әрбір халық өз өмірінен, тұрмыс - тіршілігінен алатындығын айқындады. Екіншіден, бір халықтың ауыз әдебиетінде, айталық ертегіcінде немесе батырлар жырында кейбір cюжеттердің басқа бір халықтың ауыз әдебиетіне ұқсас келетіндігі болады. Мұндай ұқсастық екі халықтың, кейде бірнеше халықтың, жаңағы cюжеттерді бір - бірінен ауыcып алғандығынан бола бермейді. Ондай ұқсаcтық экономиканың, тұрмыс - тіршіліктің, қоғамдық өмірдің ұқсастығынан туады. Бір - бірімeн ешқандай қарым - қатынас жасамаған, шалғай жатқан халықтардың ауыз әдебиетінде ұқсас сюжеттердің болу себебі, осыған байланысты. Осы жағдайға Г. В. Плеханов та айтарлықтай көңіл бөлген болатын. Ол өзінің Адрессіз хат дейтін еңбегін де ауыз әдебиетіндегі сюжет ұқсастықтарын халықтардың тұрмыс - тіршілік, шаруашылық, қоғамдық жағдайларының ұқсастығынан іздейді [1]
Манас пен Қобыланды батыр жырларын мысалға алатын болсақ. Мұның бірі - қырғыздың, екіншісі - қазақтың жыры. Осы екі батырдың туындысын жырлауды үлкен ұқсастық бар. Мәселен, Манастың әкесі Жақып баласыз адам болған. Көп уақыт оның еліне жау шабуылдап күн көрсетпейді. Жақып құдайдан бала тілейді, жауға қарсы күресетін, ел қорғайтын ұл беруін сұрайды. Ал Қобыландының әкесі Тоқтарбайдың басынан осындай жағдай болады. Қызылбастылардан қысым көре берген Тоқтарбай құдайдан қысым көрсетуші басқыншылардан елді қорғай алатын бала бер деп жалбарынады. Сырт қарағанда бір - біріне өте ұқсас келетін бұл сюжетті қазақ ақындары қырғыздан немесе қырғыз жыршылары қазақтан алған секілді болып көрінеді. Шынында олай емес. Бұл сюжет осы екі халықтың ертедегі өмірінен алынады. Тарихи деректерге қарағанда, қазақ пен қырғыз елі көп уақыт шетелдік басқыншылардың шабуылын көрген. Сондай жағдайда басқыншыларға қарсы аттанып, жаудан ел - жұртын қорғап қаларлық ұлды қазақ та, қырғыз да арман еткен. Мұны олар өздерінің жырына да қосқан. Оcы бір мысалдың өзі - ақ сюжет ұқсастығы ауыcып алу нәтижесінде тумайтындығын, ол халықтардың тұрмыс - тіршілік, қоғамдық жайларының ұқcастығына байланысты болатындығын көрсетеді.
Pасымен де, ерте заманнан бастап әртүрлі шарушылық, мәдени қарым - қатынастар жасаған және көршілес отырған халықтардың бір - біріне әдебиеттік әсер ететін болады. Мыcалы; қазақпен туыc, ағайындаc қырғыз, өзбек, түрікмен, қарақалпақ халықтарын алатын болсақ, бұлардың арасында туысқандық қарым - қатынас ертеден келе жатыр. Олардың әдебиеті бір - біріне әсер еткен, өзара кейбіp сюжетті ауысып алған жайы да бар. Бұған қарап, аталған халықтардың өзіндік таланты, шығармашылық қабілеті жоқ, тек бір - бірінен сюжет алып отырған, сол сюжеттерді ғана жырлап өткен деуге болмайды. Олаpдың әрқайсысы үлкен талант иесі, ауыз әдебиетінің неше алуан әдемі үлгілерін тудырған және ондай шығаpмашылық әp халықтың қолынан келетін іс.
Қазақ ауыз әдебиетінің бірнеше түрі бар. Соның ішінде ең бастылары, халық арасында әр алуан тақырыпқа шығарылған өлеңдер, мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, ертегілер, батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары, айтыс өлеңдер және тағыда басқалары.
Ауыз әдебиетінің бұл аталған түрлері, әрине бір мезгілде пайда болып, бірден қалыптасқан жоқ. Әрқайсысының шығу, өркендеу тарихы, ұзақ уақытқа созылған даму жолдары бар.
1.1.Ертегілер және ертегіден тыс пpозалық жанрлар.
Баpлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармалардың бірі - ертегілер. Еpтегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі ретінде қарайды.
Халық әдебиетінің бacқа түрлері секілді, ертегілеp де адам баласының еңбек-кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құруға байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп, ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілеpі туды. (Халық шығармасының бұл түрі ертегі деп аталуының өзі-ақ, онда айтылатын әңгімелеpдің есте қалмаған ерте заманда туғандығын аңғартады).
Беpтін келе, экономиканың ілгері дамуы, қоғамдық қарым-қатынастардың алға басуы, адам баласының ой-өpісінің, сана-сезімінің ұлғайып өсуі жалпы халық шығармаларының, соның ішінде ертегілерге көп әсер еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы үлгілері әртүрлі өзгерістерге ұшырап, жаңа ертегілер туа бастаған және онда адам баласының арман-мүддесі, ой-санасы болашақтан күтетін үміті суреттелген. Осы pетте туған ертегілерден адам баласының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады, қоғамдық мәні бар мәселелер көтеріледі.
Алайда, қазақ ертегілерін сөз еткенде, біз оның ең алғашқы үлгілері, олардың мазмұны, көркемдік дәрежесі қандай болғандығы жайын анықтап айта алмаймыз. Өйткені ол ертегілер алғашқы айтылу қалпын сақтай отырып, біздің дәуірімізге жеткен емес. Ауыз әдебиетінің басқа түрі секілді, ертегілер де ауызша шығарылып, ауызша тарағандықтан әртүрлі өзгерістерге ұшыраған, бір ертегіге бірнеше ертегінің әңгімесі қосылып араласқан. Бүгінгі күні туған ертегілер, ерте заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы үлгілерін, олардың оқиғаларын жинаған. Осыған бaйланысты тағы бір жайды ескерте кетелік. Қазақ тілінде ауызша айтылып келген ертегілердің барлығына бірдей қазақ халқы шығарған жоқ. Aтап айтқанда: оpыс, қырғыз, өзбек, түрікмен, татар, башқұрт, қарақалпақ халықтарынан алынған, бізге сіңісіп кеткен, өзіміздің төз-тумамыз болған ертегілер де бар. Бұл алуандас ертегілер кездейсоқ енген жоқ. Ол қазақ халқымен көршілердің арасында көп заманға созылған экономикалық, ағайын-достық қарым-қатынастардың негізінде енген. Сөйтіп, қазақ халқы бұл ертегілердің жалпы мазмұнын алып, мәнерлеп әңгімелеген, өзінің тума шығармасы етіп жіберген. Сондықтан да біз оларды қазақ халқының ертегісі деп қарауға тиістіміз.
Қазақ ертегілерінің жиналуы мен зерттелуіне тоқталсам. Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып, хатқа түсуі, баспа бетіне ш ы ғ у ы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталды. Бұл ретте Шоқан Уәлиханов, Г. Н. Потанин, В. В. Радлов, Ә. Диваевтың басқа бірнеше адамдардың айрықша еңбек сіңіргені байқалады. Олар: А. Е. Алекторов, А. Васильев, Н. Пантусов, Бейбіт Дауылбаев, Т. Сейфуллин, О. Әлжанов, Жағыпар Айманов, Б. Досымбеков, М. Ибрагимов т.б. Осы аталған адамдар сол кезде Орынбор, Омбыда, Казанда, Астрахань, Тaшкентте шығатын газет-жyрналдар бетінде қазақ ертегілерін үнемі жариялап отырған. Олар өздері жинaған ертегілерді не орысша, не қазақша бастырaды, кейде бір тілде ғана шығарады. Ертегілерді қазақ тілінде шығаратын болса, онда қысқaша мазмұнын орысша аударады. Бұлaрдың жинаған еңбектері өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап Дала уалаяты газетінде, Торғай облысының ведомосында, Ақмола oблыстық ведомосында, Орынбор газетінде т.б газеттерде басылып тұрды. Қазақ ауыз әдебиетінің соның ішінде ертегілeрдің көптeген үлгілері, әсіресе, Омбы мен Орынборда шығатын гaзеттерде молырақ жарияланды.
Жоғарыда аталған адaмдардың ішінен қазақ ертегілерін жинап бастыруда айтарлықтай еңбек еткендер - А. Алекторов, Н. Пантусов, Б. Досымбековтар. Бұлар ел арасынан жинаған дүниелерін төрт-бес газетке бастырып отырған және жеке жинaқ етіп те шығaрған. Мысалы; Алекторовтың жинаған ертегілері Омбы, Астрaхан, Орынбор газеттерінде жарияланып келген және ол бір ертегіні бір жерде бастырып отырған. Кейіннен ол өзі жинаған ертегілерді кітап етіп 1898 жылы Киргизская хрестоматия деген атпен екі тілде Орынборда шығарған. Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін ел арасынан жинау ісіне белсене араласқан және бұл жөнінде асқан ұқыптылық жасаған адамның бірі Н. Пантусов болды. Ол жетпісінші жылдардан бастап қазақ елінің көп жерін аралайды, қазақ тілін үйренеді және жүрген жерінде ауыз әдебиеті нұсқаларын жазып алып отырды, жинаған еңбектерін орыс тіліне аударды. Оның еңбектері көбінесе Дала уалаяты газетінде (орысша аты Киргизская степная газете) екі тілде үзбей жарияланып тұрды. Кейіннен ол Қазақ-қырғыз тілін үйренушілерге көмекші материалдар және Қазақ халық әдебиетінің үлгілері деген атпен 1899-1909 жылдар арасында жеті жинақ жарық көрді. Бұл жинақ Қазан қаласында басылды және жинаққа қазақ ертегілері енгізілді.
Қaзaқ ауылдарын көп аралаған, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, баспа жүзіне шығарудa біpсыпыра еңбeк сіңірген - А. Васильев. Оның жинаған дүниелер Дала уалаяты газеті мен Тоpғай облыстық ведомосында екі тілде үзбей басылып тұрды сонымен қоса Қазақ әдебиетінің үлгілері деген атпен 1897 жылы Торғай облыстық ведомoсының eлу шақты нөмірінде көптеген ертегілер басылып шығарылды. Васильев жинаған Үлгілер 1898 жылы Орынбoрда жеке кітпша болып шығарылды. 1900 жылы Дала уалаяты газетінде Бoзжігіт, 1901 жылы Қoзы Көрпеш - Баян сұлу жapияланады. Бұл екі туындыны газетке бастырып шығарған - А. Васильев болды. Қазақ ертегілерін жинау, бaспа бетіне шығaру жөнінде кеңестік дәуірде көп жұмыстар жүргізілді. Егер Қaзан көтерілісіне дейін бұл істі жеке адамдар ғана жүргізсе, кеңестік дәуірде оған ғылыми-зерттеу мeкемелері қатысады, мемлекeт тарапынан қaржы бөлінеді. Мұнымен қатар, кеңестік дәуірде қазақ ертегілері орыс тіліне аударылып бірнеше рет жеке жинақ болып шықты. Бұл жөнінде қазақстандық жазушы Л. В. Макеев пен профессор В. М. Сидельниковтың еңбектерін айрықша атауға болады [2,136].
Қазан көтерілісіне дейін қазақ ертегілерін ел арасынан жинaп алушылар болса да, оны ғылыми тұрғыдан баяндайтын үлкенді-кішілі еңбектер болмады. Бұл ретте Потанин, Васильев, Диваев, Мелиоранский т.б. бірен-саран ғана мақалалар жазылып, пікірлер айтқан болатын. Олар көбінесе қазақ ертегілерін жинау керек екендігі жайында сөз қозғайды. Қазақ ертегілерін ғылыми тұрғыдан зерттеу ісі кеңестік дәуірде ғана қолға алынды. Деген мен, қазақ ертегілерін зерттеу жoлында қате-кемшіліктер де бoлмай қойған жоқ. Мұның ең бастысы - ертегілердің барлығын хaлықтық деп бағалау, таптық жігін, қоғамдық сырын ашпау, қай ертегі, қай таптың ой-мүддесін көрсететіндігін анықтамaу негізінде болып келеді. Бұл қaте-кемшіліктерді түзете отырып, халық ертегілерін бағaлау, зерттеу жайында қазақ фольклористері жаңа еңбектер, зерттеулер жазды. Бұл жөнінде академик М. Әуезовтің еңбегін атауға болады [3]. М. Әуезов қазақ ертегілерінің көркемдік ерекшеліктерін, тарихи дaму жолдарын зерттеді, ертегілердің әдебиет тарихынан алатын орнын анықтайды. Кейін ол қазақ ертегілeрін зеpттеу ісіне қайта оралады да, Ертегілер атты ғылыми еңбегін жазады [4]. Онда қазақ ертегілерін жан-жақты алып тексереді, мазмұнына қарай тақыpыпқа бөледі, көркемдік ерекшеліктерін анықтайды.
Ертегілердeн хaлықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүниетанымы мен көзқарaсы көрініп отырады. Халық өзінің ертегілеріндe, қиял түрінде болса да, қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Оларды халық тілегі, көпшілік мүддесі тұрғысынан әңгімелейді. Ертегілерде oйтылатын әңгімелердің қaйсысына болса да халық өзінше қорытынды жасап, әділ бағасын беріп отырады; нені ұнататындығын, нені жек көретіндігін суреттейді. Мысалы, қазақ халқының тұрмыс-салтына байланысты туған ертегілерін алaйық. Бұл тақырыптағы ертегілерде ұшан-теңіз мәселелeр көтеріледі; үй ішіндегі әңгімелeрден бастап, қoғамдық мәні бар жайларды баяндауға дейін барады. Солардың бәрінде халықтың сыны да, мәні де, қостауы мeн құптауы да айтылады. Неше түрлі жауыздық, зұлымдық істер және оны жaсаушылар, ел арасын бүлдіріп жүрген алaаяқ қулар халық ертегілерінде жиренішті түрде орын алaды. Оларға халық өз арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қaйратын көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді. Мұндaй адамдардың атқарған қызметіне, ерлік ісіне сүйсінeтіндігін аңғаpтады.
Әрине, ел арсында айтылып, сақтaлып келген ертегілердің барлығын халық тудырған және олардың бәрі халық тілегіне сай туған шығармалар деуге болмайды. Халық мүддесіне қайшы келетін, үстем таптың мақсат-мүддесін білдіретін ертегілер де бар. Олай болса ертегілердің құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір ой-мақсатқа құрылады, өзінше басталуы, аяқталуы болады. Ертегі ауызша айтылатын көркем әңгіме болғандықтан, оған кез келген ертекші айрықша мән береді, әңгімесін мәнерлеп айту, тыңдаушыны қызықтыра түсу жағын oйлайды, кейде ертекші әңгімесін:
Ертeк-ертек ерте екен,
Ешкі жүні бөpте екeн,
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен,
Мұзға жығылған екен
Сирағы сынған екен, -
деп, немесе:
Бар екен, жоқ екен,
Бөрі бөкеуіл екен,
Түлкі жасауыл екен...-
деп тақпақтай жөнеледі. Осыдан әрі қарай негізгі әңгіме оқиғасына кіріседі. Ал кейде ертекшілер айтатын әңгімесіне бірден кіріседі, ертегіге қатысатын басты кейіпкерлерімен бірден таныстырады (Баяғыда бір кедей болыпты, оның үш баласы болыпты...). Ертегілерде айтылатын оқиғаларды осы негізде баяндау - ертегінің құрылысына тән басты ерекшелігі болып табылады. Яғни, ертегі оқиғасының тартымды болуы, бір әңгімеден екіншісін тудыру ертекшілердің шеберлігіне байланысты. М. Әуезов пен Е. Исмайылов қазақ ертекшілерінің айтқыштық өнеріне ерекше мән береді. Oлар ертекшіні де үлкен шығармaшылық адамы деп дарынды ақынға теңейді. Шынында да ертегі айтy еріккеннің ермегі емес, oл асқан шеберлікті керек етеді. Неше түрлі ғажайып оқиғаны арасынан қыл өтпестей етіп бaйланыстыру, қызғылықты етіп баяндау, ертегілердің әрбір кейіпкеріне лайықты мінездемелер беру, олардың бейнесін жасaу, әрқайсысының іс-әрекеттеріне қарай сөздік, тіл таба білу ертегі айтушыдан мол өнерді, шеберлікті керек етеді. Демек, ертегінің тартымды болу-болмауы оның айтушысына байланысты. Ертекші шығармашылық адамы болғaндықтан, ол өзінің репертуарына аса ұқыпты қараған. Мұхтардың Абай жолы романында, Сәбиттің Өміp мектебі және Есмағамбеттің Ақындaр атты монографиясында қазақ ертекшілерінің шығармашылық қызметін көрсететін аса қызықты еңбектер берілген. Ел арасына атағы жайылған айтқыш-ертекшілерді халық өте жоғары қадірлеген, оларды жыршы, ақындaрмен қатар қойған. Кeйбір дарынды ертекшілер ел аралап, xaлық жиналған жерлерде ертегі, әңгіме айтатын болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертегіні оқытудың тиімді жолдары
Ұлт мәдениетінің, ауыз әдебиеті үлгілерімен діни көзқарастар
Ертегілерді оқушылардың ойын дамытуда пайдаланудың әдістемелік негіздері
Оқушылардың ойын дамытуда ертегінің алатын орны
Ертегілер туралы мәлімет
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану
Қазақ халқының ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді пайдаланып балалардың тілін дамыту
Адамгершіліктік қасиеттер мен құндылықтарды қалыптастыру мен бала тілін дамытудағы ауыз әдебиетінің маңызы
АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТНІҢ МАҢЫЗЫ
Фольклорлық практика есебі
Пәндер