Ислам дініндегі антрапалогиялық мәселелер

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
I АНТРАПАЛОГИЯ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ АДАМ ӨМІРІНІҢ МӘНІ
9
1.1 Ислам дініндегі адамның жаратылуы және оның әлемдегі алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
1.2 Адамның биологиялық, психологиялық және әлеуметтік қасиеттері ... ... ...
20
II ИСЛАМ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ АДАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
30
2.1 Исламға дейінгі арабтардағы әлеуметтік жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
30
2.2 Исламдағы адам құқықтары және ер мен әйел теңдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
39
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
59
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Діни антропология этнография, этнология, мәдени антропология және де адамды зерттеумен айналысатын басқа гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысты. Діни діни салттар мен ғибадаттарды нақты суреттеуге және терең мағанасын ауғе ерекше көңіл бөледі. Қазіргі ғылыми ортада дінді мәдениеттің бір бөлігі (формасы) ретінде қарастыру көп орын алып жүр. Антропологиялық пәндер шеңберіне адамдардың қарым-қатынасын, қауымдастығын зерттейтін әлеуметтік антропология кіреді. Жалпы алғанда антропология философиялық жүйенің бір тарауына кіреді. Оның зерттеу нысаны адам оның танымы (гносеология) мен қызметі болып табылады. 20 ғасырда антропология ғылым мен философиялық бағыттардың ерекше назарына түсті, адамға оның ойы мен қызметіне байланысты антропологиялық бұрылыс болды. Қандай ғылым саласын алсақ та біз адамзат тың кемелденуіне себепкер болуға негізделген антропологиялық бұрылыстағы теорияға тап боламыз. Зайырлы антропологияның әдiстемелiгi индуктивтiк тәсiлдеме - деректерге сүйену, байланысты анықтау, жалпылау, заңдылық және теорияны құрастыру тән. Діни антропологияның зерттеу пәні - адам, оның сенімі, діни сенімнің мәдениеттегі және күнделікті тұрмыстағы көрінісі. Ағылшын тілді елдерде, соңғы онжылдықтарда - Францияда, басқа да Европа елдерінде Діни антропология мәдениет тарихының дамуының барлық кезеңдеріндегі барлық формаларының көріністерінің бір бөлігі - дін туралы ғылым деп қарастырылады. Дипломдық жұмыста исламдағы адам өмірінің мәні қарастырылып, оның әлеуметтік мәні анықталды. Ғылыми жұмыста адамның жаратылуы, оның әлеуметтік жағдайы сондай-ақ ислам діні бойынша адамның жалпы құқығы мен өзге дін өкілдерінің құқықтары айқындалды.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Бұл ғылыми жұмыста әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі болып саналатын Ислам дініндегі адам мәселелері жан жақты талданды. Қазіргі таңда Исламның сыртында болған басқа діндер әсіресе батыс елдері Ислам дініне қатысты адам құқықтарын қорланып, аяққа таптайтын дін ретінде көзқарас түзілген. Әсіресе бұған жиырмасыншы ғасырдың соңғы онжылдығында ғарыштық серіктер арқылы таратылылып, ешқандай да шекараға бағынбайтын байланыс, жарнама, ақпарат құралдарының қарыштап дамуы орасан ықпал етті.
Адам болмысы XXI ғасырға дейін көптеген қоғамдық формаларды, мәдениеттерді басынан өткерді. Әсіресе өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап дүниенің жаппай жаһандануы, халықаралық қатынастардың нығаюы, мәдениеттердің өзара араласып жақындасуы және ғылыми-техникалық прогресс қоғамның дүниеге деген көзқарасына да белсенді әсерін тигізіп келеді. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамның жаңаша ойлауының, дүниеге жаңаша көзқараспен қарауының бірден бір себебіне айналып отыр.
Сайып келгенде адамның әлеуметтік жағы оның психологиясымен, ой-санасымен қатар өзгеретіні белгілі. Адамның материалдық жағымен қатар (ғылым және техникамен қатар), рухани құндылықтары да дамып жатыр ма? Ғылым мен техника қоғам өмірін тұрмыстық жағынан жақсартса, рухани және әдептілік жағынан адамды өз табиғатынан алшақтататыны байқалады. Сондықтан да адамның әлеуметтік жағын тек біржақты емес, жан-жақты, яғни тұрмыстық өмір тіршілігімен қатар әлеуметтік қарым-қатынасын, рухани жақтарын да жақсарту мәселесі өте өзекті болып табылады.
Әлемдегі жаһандану процесінің қарқындауымен мәдениеттердің өзара жақындасуы заманында, болашақ ұрпақтың қандай рухани құндылықтарды, ахлақтың әдептілік қағидаларын ұстанатыны туралы проблеманы алға тартқанда, әрбір адам өзінің этникалық тегінен, ата дәстүрінен, тарихи болмысынан айналып кетіп, өркениетке, жаңа мәдениетке, өзіндік орны болатындай ілесіп кете алмайтыны даусыз екенін ескерген жөн. Бұл үшін әр халықтың өзінің ата дәстүрін, тарихи қалыптасқан ахлақтық құндылықтарын сақтап, дамыта отырып мәдениетке, өркениетке ұмтылу маңызды болмақ.
Адам мәселесі қай ғасырда болмасын, күн тәртібінен түспей, өзінің өзектілігімен белгілі болып қала береді. Адам болмысы әр кезеңде өзінің белгілі бір қырымен көрініс тапқаны тарихи шындық. Оның жаратылуынан бастап, әлеуметтік, биологиялық, психологиялық қасиеттері, әлемдегі алатын орны, қоршаған ортаға деген қатынасы, оның құқықтары т.б. қасиеттері қайта қарастырылуды қажет ететін маңызды мәселелер болып табылады.
Ислам діні адам өміріне қатысты барлық салаларды өз мазмұнында қамтып, оған өмір сүру тәрізін ұсынғандықтан, бұл мәселелерге ислам діні тұрғысынан жауап іздеу - тікелей біздің зерттеу нысанымыз болып табылады.
19 ғ. бастап адам жануарлар дүнисінен бөлініп шықты деген эволюциялық болжамдар әлі күнге дейін оқу бағдарламасынан алынбай ғылым түрінде оқытылуы, бұл мәселенің қайта қарастырылуының қажеттілігін айғақтап тұр. Аллаһтың ардақты жаратылысы, жер бетінің халифасы болған адам болмысын жануарға теңеп, оның дамыған жоғарғы сатысымен түсіндіру, оның болмысын қорлау, дәрежесін түсіру және өмірінің мәнін де иләхи мақсаттан алшақтатудан басқа ештеңе емес. Сондықтан да, адам баласының жаратылуын қайта қарастыру, оның жаратылыстың ең ардақтысы екенін ашып көрсету және бұл өмірге кездейсоқ келмегенін, осы өмірдің мәнін, мақсатын ашып көрсету тақырыптың өзектілігі болып табылады.
Адам баласы ешбір басқа жаратылыс иесіне ұқсамайды. Оның бойындағы әлеуметтік, биологиялық, психологиялық қасиеттер, оның тек осы дүниеде хайуандар секілді жеп-ішіп, өсіп-өнуіне арналмаған. Демек адам өмірінің мәні басқада. Сондықтанда біздің зерттеу жұмысымыздың келесі нысаны адам бойындағы аталмыш қасиеттерге тоқтала отыра өмірдің мәнін айқындау болып табылады.
Ислам дінінің адам құқығына берген маңыздылықты, бай мен кедей арасындағы теңдікті, әйел мәселесі мен өзге дін өкілдерімен болған үнқатысуды түсіну үшін исламға дейінгі арабтардың әлеуметтік жағдайларын қарастыру және және оның жалпыадамгершілік қағидаларын анықтау, ғылыми зерттеу жұмысының, нысанының, өзектілігінің тағы бір айғағы болып табылады.
Қорыта келгенде, адам мәселесі дұрысталмай қоғамдық өмір де дұрысталмайды. Ең алдымен әрбір адамның алдымен өзіне, сосын қоршаған ортаға деген көзқарасы дұрыс қалыптасуы ләзім. Бұл үшін әр бір адам өз тегінің қайдан шыққанын, не үшін жаратылғанын, осы өмірдің мақсатын білуі қажет. Сонда ғана әр бір адам өз алдына дұрыс мақсат қойып, соған сай өмір сүреді. Сондықтан да бүгінгі күні халқымыздың діни-моральдық бет-бейнесін сақтап қалу үшін жан-жаққа, басқа жұрт мәдениетіне еліктемей, оның табиғи жолмен, ғасырлай бойы қалыптасқан діни сана-сенімін, ішкі қуатын қайта жаңғырту ісіне бел байланса, болашақ адаспайды деген пайымдамыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ислам дініндегі адам мәселесі тақырыбы шетелдерде жан-жақты зерттелгенімен қазақ тіліне аударылған мұндай еңбектердің өте аз болуы, сондай-ақ қазақ тілінде ислам дініндегі адам мәселесі жайлы ғылыми зерттеулердің де біршама аз болуы ғылыми ізденісімізге бірқатар қиындықтар туғызды. Дегенмен халқымыздың дін еркіндігіне қол жеткізген қысқа мерзімнің өзінде ислам жайлы тұтас пікірлер мен әдебиеттердің қазақ тіліне аударылып, сондай-ақ аз да болса ғылыми зерттеулердің жүргізіліп жатқаны да белгілі. Бұл ғылыми зерттеулер ислам жайлы көптеген жүйелі мәліметтерді, көбінесе теологиялық, тарихи және философиялық тұрғыдан қарастырғанмен адам мәселесінің дінтану аспектісінде арнайы зерттеу нысанына алынбауы осы дипломдық жұмыстың әзірленуіне қозғау болды.
Дінтану тұрғысынан қарастырылған исламдағы антрапалогия мәселесі тұтас түрінде зерттеген ғылыми ізденістерді шетелдік әдебиеттерде біршама кездестіруге болғанмен, бұл әдебиеттер көбінесе теология, этика, және мәдениеттану салаларында жарық көрген.
Шығыстық мұсылман ойшылдарын, соның ішінде түрік тілінде жазылған әдебиеттер авторлары қатарында философия және дінтану саласы бойынша зерттеулер жүргізген Алем Якуп [1], Хамди Дөндүрен [2], Осман Нұри Топбаш [3], Гүнай Түмер, Абдуррахман Күчүк [4], Режеб Кылыш [5], Шерафеддин Гөлжүк, Сүлеймен Топрақ, [6], Нежати Өнер [7], Мехмет Айдын [8] және Микдат Ялчын [9] сияқты ғалымдарды атауға болады. Осы аталған ғалымдардың еңбектеріне шолу жасау барысында, Шахин Филиз ислам дініндегі адам мәселесін этикалық тұрғыдан қарастырып, оның объективтілігін діни негіздерге сүйене түсіндіреді.
Гүнай Түмер, ислам дініндегі адам мәселесін философиялық тұрғыдан зерттеп, адам мәселесі жөніндегі ислам философтары мен ұлы ойшылдардың пікірлерін жүйелі түрде талдап шығады. Сондай-ақ ислам дінін философия және дінтану тұрғысынан жан-жақты, бүкіл бастауларымен зерттеп, жоғары оқу орындарында кәләм ілімі ретінде оқытудың құралын әзірлеген Шерафеддин Гөлжүк пен Сүлеймен Топрақтың да еңбектерінің орны ерекше. Бұл еңбектерде Аллаһ, ислам, иман, этика және болмыс жайлы принциптер мен ережелер жүйеге келтіріліп, мұсылмандық дүниетаным көзқарасы жалпы ислами тұрғыдан қарастырылады. Осман Нұри Топбаш, ахлақты жалпы адамзаттық тұрғыдан діни негіздерге сүйене отырып қарастырып, иман мен ахлақтың өмірлік құндылықтар ретіндегі рөлін ашып көрсетеді. Алайда бұл аталған авторлар адам мәселесін философиялық тұрғыдан зерттеуді көздемейді.
Мәселенің теология және моральдық жағын қарастырған еңбектер қатарына, Мустафа Чағрыжы [10], Ахмет Хамди [11], Хусейн Алгүл [12] және Елмас Касаптың еңбектерін жатқызуға болады. М. Чағрыжы адам мәселесін жалпыадамгершілік тұрғыдан жан-жақты зерттеп, әлеуметтік ортадағы орны мен рөлін анықтайды.
Аталған мәселені зерттеушілердің екінші тобына, ТМД, соның ішінде Ресей және батыстық ислам танушыларды жатқызуға болады. Олар: В.В. Бартольд [13], А. Массэ [14], Д.Е. Еремеев, [15], Г.Р. Мавлютов В.Соловъев [16], Рукайя Максуд [17], Е. Смирнов, Г. Гринебаум, Л.И. Климович, Шайх Мухаммад Содиқ, Мухаммад Юсуф, Е. Беляев. Бұл ғалымдардың еңбектерінде исламның пайда болып қалыптасу тарихы, әлемдік дінге айналуы, этно-әлеуметтік топты біріктіруіндегі орны мен рөлі, сондай-ақ Құранның құрылымы мен мәні, Мұхаммед пайғамбардың жеке тұлғасы жайлы кең мәліметтер қарастырылған. Ислам жайлы көптеген мәліметтер қамтылған бұл еңбектерде ішінара адам мәселесі, оның мәдени-әлеуметтік мәніне қатысты мәселелер де көтеріліп отырды.
Еліміздегі ислам жайлы бірқатар мәселелерді ғылыми зерттеу нысанына алған отандық ғылыми ізденістерге; Қайрат Жолдыбайұлы, Ғарифолла Есім, Қ.Құрманбаев, Оразкүл Көбеева, Мұхитдин Исаұлы, Сыздыкова Гаухар, Дамира Өмірзаққызы, М. Бұлытай, Нұрхат Шакузадаұлы мен Жаннат Ерғалиеваның еңбектерін жатқызуға болады. Аталмыш ғалымдардың еңбектеріннен ұсынылып отырған дипломдық зерттеу жұмысының айырмашылығын мынадай түрде белгілеуге болады. Мәселен, Сыздыкова Гаухар Майсұрқызы ислам дінінің Қазақстан аумағына еніп қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін, мәдени-әлеуметтік жақтарын қарастырған. Сондай-ақ ол ислам дінінің қазақ халқының этикалық сана сезіміне, мәдениеті мен өмір сүру салтына, тағдыры мен сезімдеріне белсенді әсерін тигізумен ғана шектемей, оның қоғамдық өмірінің маңызды бір элементі болғанын көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - ислам дініндегі адам мәселесін дінтану аспектісінде зерттеп, тарихи және логикалық талдау жасау және оның мәдени-әлеуметтік мәнін айқындап, исламдағы адам құқықтары мен өзге дін өкілдерінің құқықтарын анықтау. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін дипломдық жұмыста мынадай нақты міндеттер алға тартылады:
- Ислам дініндегі адамның жаратылуы жайында Құран аяттары мен хадистерді анықтап, олардың ғылыми негіздерін ашып көрсету;
- Адамның биологиялық, психологиялық және әлеуметтік қасиеттерін анықтау;
- Исламға дейінгі арабтардағы әлеуметтік жағдайды анықтап, әлеуметтік қарым-қатынастардың реттелуіндегі адам құқықтарының орны мен рөлін айқындап, оның тәрбиедегі ерекшеліктерін көрсету;
- Исламда құлды азат етудің артықшылығы анықтау;
Зерттеудің нысаны мен пәні. Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі нысаны - ислам дініндегі адам мәселесіне тоқтала отыра оның осы өмірдегі орны мен рөлін анықтау.
Дипломдық жұмыста зерттеудің пәні ретінде исламдағы адам мәселесін анықтау үшін Құран мен сүннеттегі адамның жаратылуы және исламға дейінгі арабтардың әлеуметтік-мәдени және саяси-экономикалық жағдайлары қарастырылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері.
Дипломдық зерттеудің объектісі белгілі бір кезеңмен шектелмей, оның пайда болып, қалыптасу және даму жолдары қарастырылды, яғни исламдағы адам мәселесі нысанға алынғандықтан, оның жаратылу кезеңі исламға дейінгі және исламнан кейінгі жағдайлары қарастырылды. Зерттеу жұмысында тарихи және логикалық әдіс қолданылды.
Исламдағы адам мәселесі дінге негізделгендіктен, оның жаратылуы мен әлемдегі алатын орны, табиғаты мен әлеуметтік мәні ислами көзқараспен сипатталып, бір-бірімен жүйелі байланысы бар құбылыс ретінде жүйелілік-құрылымдық әдіс арқылы қарастырылды.
Дипломдық жұмыста ислам дінінің теориялық негізі болатын Құран мен сүннет зерттеу тақырыбына бастау ретінде алынды. Құран мен сүннет исламдағы адам мәселесіне база және арқау болғанын сондай-ақ олардың өзара қатынасындағы тұтастық пен жүйелілікті ескере отыра, зерттеу жұмысына тұтастық пен жүйелілік әдістері қолданылды. Бұл әдіс бізге адам жаратылысының мақсаты мен әлемдегі алатын орнын және оның мәдени-әлеуметтік мәнін көрсетуге мүмкіндік берді.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі ретінде шетелдік, сондай-ақ отандық ғалымдардың теориялық пікірлері алынды. Жұмыстың өзекті мәселелеріне қатысты ғалымдардың өзара пікірталастары ретінде ұсынылған материал дәлелдермен салыстырыла қаралды да, бұл зерттеу тақырыбын ашудың әдістемелік негізін құрады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Исламдағы адам мәселесі дінтанудың зерттелу нысаны болғандықтан, оның жаратылуы, табиғаты мен әлемдегі алатын орны, сондай-ақ қызметі мен мәдени-әлеуметтік мәні де арнайы мәселе ретінде талқыланып келеді. Зерттеу жұмысының жаңалықтарын төмендегідей ғылыми нәтижелерге тоғыстыруға болады:
- Ислам дініндегі адамның жаратылу деңгейлері мен байланысты аят хадистердің ғылыми теориялармен сабақтастығы ашылып көрсетілді. Оның этноәлеуметтік ортадағы орны мен қызметі анықталды;
- Адам жаратылысының мақсаты және оның осы дүниедегі негізгі қызметі, болмысы мен табиғаты оның биологиялық, психологиялық және әлеуметтік қасиеттері арқылы ашып көрсетілді;
- Исламға дейінгі арабтардағы әлеуметтік жағдай қырыстырыла отыра, оның әлеуметтік қарым-қатынастарды реттейтін қағида ережелері, адам құқықтары, ер мен әйел, бай мен кедей арасындағы үйлесімділік анықталды;
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының теориялық тұжырымдары, ғылыми талдау елегінен өткізілген өзекті мәселелер жайындағы тиянақты пікірлер, адам жаратылысының қоғам өміріндегі алатын орны мен рөлін, мәні мен маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Ислам дініндегі адам мәселесінің қарастырылуы, адам болмысын тереңірек тануына мүмкіндік туғызады.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңызы, теориялық пікірлері мен тұжырымдары адам мәселесі мен байланысты қағида ережелердің маңыздылығын түсінуге, қоғамдық өмірдегі орны мен рөлін нығайтуға септігін тигізеді. Бұл зерттеу, Қазақстан қоғамының діни сауаттылығын көтеру мақсатында белгілі бір дәрежеде ұсынылған теориялық пікірлер мен ғылыми тұжырымдардың одан әрі зерттелуіне септігін тигізеді.
Дипломдық жұмыс негізінде арнайы монографиялық еңбек дайындау арқылы болашақ ұрпақты руханилыққа тәрбиелейтін құрал ретінде ұстануға болады. Ғылыми жұмыста келтірілген материалдарды, ғылыми тұжырымдар мен теориялық пікірлерді жоғары оқу орындарында, арнайы курс ретінде жүргізуге, сондай-ақ, философия, мәдениеттану, дінтану, этика және аксиология пәндерін оқытуда пайдалануға болады
Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс екі тараудан; бірінші тарау 3бөлімнен, екінші тарау 2 бөлімнен және кіріспе, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Ислам дініндегі адамның жаратылуы және оның әлемдегі алатын орны
Адам қоғам құруда алғаш қойылған кірпіш тәрізді. Ислам көзқарасы бойынша ол-Алла Тағала жаратқан махлұқтардың ішіндегі ең ардақтысы. Қадірлі әрі құрметті болып жетілуі үшін оған адам құқықтарын сыйлайды. Ислами түсінік бойынша адам материалистер айтқандай маймылдан шыққан, ішіп жеу құмарлыққа құштар біреу емес. Алла Тағала оны Өзі жаратып, оған ақыл берді. Бүкіл нәрселердің атауын үйретіп, тура жолға салды. Ислам дінінде адамның жанына, мал-мүлкіне және абыройына ешкімнің қол сұғуға хақысы жоқ. Адам-бостандықтың барлық түріне: дін бостандығына, сөз бостандығына, ерік бостандығына, іс-әрекет бостандығына, баспасөз бостандығына, ар-ождан бостандығына және бостандықтың басқа да түрлеріне ие.
Жалпы адам мәселесіне келер болсақ бұл тақырып бүкіл философияның - сонау Конфуций Будда, Сократтан бастап, Орта ғасырдағы діни ілімдерге дейін өзекті философияның сұрағы болғаны белгілі. Қайта өрлеу заманында бұл мәселе жаңаша қарала бастайды. Бұл мәселеге өзінің өшпес ізін енгізген Джаноццо Манетти ( 1396-1459) болды. Өзінің Адамның абыройы мен артықтығы жөнінде деген еңбегінде ол Құдайдың адамға арнап жасаған Дүниесінің сұлулығына тоқталып, сонымен қатар сол жаратылған Дүниенің ең биік шыңы - ол адамның өзі дейді. Адамның дене құрылысы, оның әсемдігі басқа Дүниедегі денелерге қарағанда ерекше биік орын алады. Мысалы, әртүрлі нәрселерді жасай алатын адамның қолдары қандай әсем, қандай ғажап! Егер жануарлардың қайсыбірі белгілі бір ғана нәрсемен айналыса алса, адам барлығымен айналыса алады. Рухани денеден тұратын адамның әсемдігі соншалықты, адамдар Құдайдың өзін өзіне ұқсатып түсінеді. Егер Құдай бүкіл Дүниені жаратса, адам өзін жағалай қоршаған мәдениеттің ұлы да әсем туындыларын тудырады.
Адам - философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың нысаны болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары - әпсаналардағы (мифологиядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенека, т.б.) мен Сократтан басталады. (Протагор: адам - заттардың өлшемі, Сократ: өзіңді өзің танып біл). Ежелгі Үнді, Қытай, Грек философиясында адам әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Демокрит түсіндірмесінде адам микрокосм, кіші әлем, ол сондай-ақ түпнегіздерден құралады; адам денесі мен рухы ақиқаттың екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм). Антикалық философия үшін (Аристотель) адамды қоғамдық өмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы факторболды.
Ортағасырлық шығыс өкілдері де (Әбу Наср әл-Фараби, т.б.) діннің ықпалы күшейіп тұрғандығына қарамастан, Аристотельдің осы түсінігін ары қарай жалғастырды. Қайта өркендеу дәуірінде адам құдайдан дарыған еріктілік күші арқасында өз өмірі мен тағдырының негізін қалаушы және табиғаттың шектеусіз билеушісі ретінде танылды, сондықтан шебер жаратушының бейнесі Ренессанс символына айналды. 17 ғасыр (ғылыми-революция ғасырында) мен 18 ғасыр (ағартушылық дәуірінде) рационалистерінің ұғынуында нақ сол парасат, ақыл-ой адамның түпкізаты, өзіне тән ерекшелігі ретінде қарастырылады. Неміс классикалық философиясы үшін адам мәдениеттің жаратушысы, рухани іс-әрекет субъектісі және жалпы идеалдық бастау, яғни рух, парасат иесі. 19 - 20 ғасырлардағы постклассикалық философия (Фридрих Ницше, Артур Шопенгауэр, Серен Кьеркегор және т.б.) сезім, мықтылық және т.б. адамдық ақылдан шет қабілеттерге бет бұрады. Қазіргі философия адам тіршілігінің мәнін оның саналы қызметімен байланыстырады. Бұл қызметтің барысында адам тарихтың әрі алғышарты әрі жемісі болып шығады.
Абай, Шәкәрім және ислам теологы әл-Ғазали тәрізді даналардың айтуынша, адам болмысы үш бөліктен құралады: тән, нәзік болмыс және жан. Тән - табиғаттың негізгі бес элементінен: топырақтан, судан, ауадан, оттан және эфирден тұрады.
Тәннің құрылысын, оның жұмысын, өзгеру заңдылықтарын медицинаға байланысты ғылым салалары зерттейді. Адамның нәзік болмысына - сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және мен деген түсінік жатады. Бұлардың табиғатын ұғыну өте қиын. Нәзік болмыс табиғи және әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасады. Оны психология, парапсихология, спиритуализм, магия, бақсылық, йога тәрізді адам психикасын зерттейтін ғылымдар мен окульттік ағымдар қарастырады. Нәзік болмыстың түрлі атаулары бар: арабша - хауас сәлим, қазақша - рух, санскритте - аура, орысша - дух, латынша - спирит, ғылымда - психоэнергетикалық жүйе, т.б. Жан - адам өмірін басқарушы, қуат көзі, мәңгілік болмысы болып табылады. Тән мен материалдық болмыс оның уақытша киген киімі тәрізді. Олар ауысып отырады. Жан білімге және рухани ләззатқа құштар болғандықтан, ол бұл қасиеттердің қайнар көзін қоршаған ортаның материалдық болмысынан іздейді. Материалдық болмыс болса, әрқашан ақиқатты көмескілеп, бұрмалап көрсетеді және мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, ол жанды толық қанағаттандыра алмайды. Бұл жан мен тән арасындағы қайшылықты және олардың өзіндік сипаттағы үздіксіз күресін туғызады.
Шығыс философиясы бойынша адамның жетілуі дегеніміз жанның материалдық құрсаудан босану барысы. Материалдық құрсаудан неғұрлым азат болса, жан солғұрлым жетілген болып есептеледі. Адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы да осында. Адам материалдық болмысқа хайуанат дүниесіне қарағанда әлдеқайда тәуелсіз. Сондықтан оның өмірлік мақсаттарға жету мүмкіндігі мол. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана іске асады. Оның қасиеттері жетілу барысында білінеді. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемелді келеді. Абай тәнді жан билеу керек екенін айтады. Жан тәнді нәзік болмыс арқылы билейді. Сондықтан жан неғұрлым таза болса, адамның іс-әрекеті де соғұрлым кемел. Бұл адам өмірін мазмұнды етіп, бақыт сезіміне бөлейді. Адам микрокосм болғандықтан, оның өмірі макрокосм болып табылатын бүкіл әлем өмірімен тығыз байланыста. Сондықтан әркімнің өмірі бүкіл әлем заңдылықтарымен толық үйлесімді болғаны абзал. Абай өзін тәнмен балап, табиғи сезімдерінің ықпалында жүргенді пенде деп, нәзік болмысын жетілдірген интеллектуалдарды адам деп, ал жан тазалығы үшін рухани жолға түскендерді толық адам деп атайды. Белгілі бір тарихи дәуірге немесе ортаға тән мәнділік сол дәуірдегі я ортадағы адамдардың жалпы рухани кескінін құрайтын нәрсе. Адамдардағы нақты істер мен мақсаттар, олардың ойлау ерекшелігі (менталитет), жалпы тіршілігі мен ойлауының логикасы сол ішкі мәнділікпен сәулеленіп тұрады, белгілі дәрежеде соның көрінісі деуге болады. Сондықтан да мәнділік көбінесе тікелей көзге көрінетін құбылыс емес. Белгілі бір ортаның рухани мәдениетінің өзгеше болып тұратыны да оның түпкі негізінде ерекше мәннің жататындығынан. Осындай мән белгілі бір мәдениеттің ішкі ұйтқысы.
Аллаһ тағала адамды жербетіне халифа етіп жаратуы бұл адамға берілген ұлық мәртебе. Құран Кәрімнің аяаттарының бірінде (Мұхаммед ғ.с) сол уақытта Раббың періштелерге Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын! -деген еді. (Періштелер) Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз сені дәріптеп, мақтау мен пәктеудеміз деді. Алла: Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін [1,Бақара, 30-аят] Құранның осы аятында Аллаһ тағала адамды өзінің жер бетінде орынбасары-халифасы етіп жаратуын қалағаны белгілі болды. Демек адамзатқа үлкен сенім білдірілген. Аллаһтың жер бетінде орынбасары болатындай жоғары орынға лайық көрілген. Бұндай мархаметтің өзіне жараса үлкен жауапкершілігі де бар. Адамзат осыны түсінген хәлде өзін жер бетіне халифа етіп жаратқан Жаратушының бұйрығын атқару мен өзіне лайық көрілген орынға дақ түсірмеу міндеттенген.
Періштелердің Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Дегені белгілі жолмен адам баласының жер бетіндегі бұзақылық жасап қан төгетінін білгені өздерінің періштелік табиғатымен өздері айтып тұрған мақтау мадақтарын мақұлықтардың жаратылуы мақсаты деп білгені белгілі болуда.
Бірақ Аллаһтың ілімі басқа бұны періштелер білмейді.
Мен сендер білмегенді білемін -деді. Яғни, адамдардың кейбіреулерінің бүлік жасауы қан төгуі Аллаһ тағаланың жер бетіне халифа жаратуына тосын бола алмайды. Сондай-ақ, періштелердің әрдайым Аллаһты ұлықтап мадақтап тұруы адамның халифа болып жаратылуына тосың бола алмайды.
Сол үшін Алла тағала адамдардың бұзақылығына қарамай адамзатты топырақтан жаратты. Аллаһ Та`ала Өз қалауымен Адамды жаратқаннан кейiн, оның бойындағы барлық сезiмдерiн оятты және барлық нәрселердiң атауларын, өмiрдiң, табиғаттың құпия-сырларын тануды үйреттi, әлемнiң ақиқат шындығын сездiрдi. Бұл қасиеттер мен даналықтар Адам алейһиссәлам ұрпақтарының Жер бетiнде еркiн өмiр сүруiне мүмкiндiк бердi.
Сосын Аллаһ Та`ала перiштелерге Адамның алейһиссәлам өзiн көрсеттi.
- Жаңадан пайда болған Адам, мiне, осы. Мұның түсiнiгi де, бiлiмi де сендерден артық, - дедi Жаратушы. Перiштелер аса сұлу кейiпте жаратылған Адамға қызығып, таңырқай қарады. Аллаһ Та`ала Өз сөзiнiң шындығына перiштелердiң көзiн жеткiзу керектiгiн ұқты.
Бұл Құран Кәрімде былай айтылады: Алла адам (ғ.с)ға біртұтас атауларды үйретті де сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: Айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер[1,Бақара,30-аят]. Аллаһ тағала адамды өзінің жер бетінде халифасы етіп жаратқан кезде оған үлкен бір сырды бергені белгілі болды, ол - адамзатқа есімдерді үйрету. Адамзат өзін қоршап тұрған барлық нәрсенің есімдерін үйрену нығметіне бөленді. Адамзаттың өмірінде сезінетін, тәнге ие болған нәрселерді түсіну үшін нұтқ (сөздерді) істету құдыреті адамзат өміріндегі ең үлкен құдыреттердің бірі болып есептелінеді. Егер адам баласына бұндай құдірет берілмегенде біреуге бір тауды түсіндіру үшін таудың алдына алып барып тауды айналдырып түсіндіруден басқа шара қалмас еді. Ислам дінінде хабарларда келуінше бұның есімі түйе, бұл ат, бұл күн, бұл жұлдыз деп тіпті кішкентай нәрселерге дейін үйретілген. Яғни, адамның жер жүзінде халифа болуының негізгі себептерінің бірі-ілім алуға қабілеттің бар болуы. Қазіргі кезде адамзат ғылыми ізденумен барлық нәрселердің сырын ашып жатқаны сол кезде берілген қабілеттің нәтижесі. Аллаһ тағала адамға есімдердің барлығын үйреткенен кейін періштелерге кездестіріп, жер жүзінде бүлік жасайтын және қан төгетін адамды жаратасың ба? -деген сөздерін рас болса, осы нәрселердің есімдерін айтып беріңдер деді. Періштелер ол нәрселерге есім қойып айтудан әлсіз қалды. Бізде сен білдірген ілімнен басқа ілім жоқ. Шын мәнінде сен білушісің және хикмет иесісің. Сонымен адамзаттың періштеден үстем екені белгілі болды. Адамзат жер жүзінде бүлік жасап қан төгуде мүмкін, иләһи нығмет болған ілімді өз орынында істетіп періштелерден үстем болуы да мүмкін [18, 7 б.].
Ислам көзқарасы бойынша адам мәртебесі мен құндылығы өте жоғары. Жаратушы адамды өзі жаратты, оған жер мен көктегі тіршіліктің көшбасшысы болуына жағдай туғызды.
Адамға Халифатулла Алланың өкілі мәртебесі берілді. Адам бұл дүниеге сынақ етіліп жаратылған. Адам негізінде бүкіл адамзатты тамсил етеді, яғни, мысалдап бейнелейді. Бұл дегені, Адамның жаратылуы да, оның қиссасы да оның тек бір өзіне ғана емес, барша адамзаттың мінезіне, табиғатына қатысты ғибрат болатын оқиғалардың жиынтығынан тұрады.
Нұх сүресінің 17-18 аяттарында: Алла сендерді (адамзатты) жерден өндірді (жаратты). Сосын сендерді (қайтыс болғандарыңда) оған (жерге) қайтарады, (сөйтіп, қыямет күні) сендерді қайта шығарады деді. Сондықтан, адамзаттың бүкіл өмірі осы жер мен оның топырағына байланысты. Адам баласы өз өмірін қалай өткізгені, не істегені, өз ілімінін қалай жұмсағаны, мал-дүниесін қайдан тапқаны және қай нәрсеге жұмсағаны (яғни, жақсылыққа жұмсады ма, әлде жамандыққа ма) туралы ақырет күні міндетті түрде сұрауға тартылады. Хадистегі Адам жұма күні жаратылды дегенде оның денесіне рух (жан) берілген күн айтылған. Адам анадан туылған жоқ. Өйткені, одан бұрын мүлдем адамзат атаулы болған емес.
Адам жер жүзіне топырақтан жаратылған деп блеміз. Сондықтан, адамзат баласының түсі де осы топырақтың түсі сияқты түрлі-түсті келеді. Яғни, біреу қызыл, біреу ақ, қара түсті. Осы сияқты олардың мінездері де, қабілеттері де түрліше болып келеді. Адам организмінің химиялық құрамы түгел жер жынысын құрайтын элементтерден тұратындықтан өлген адамның денесі шіріп, түгелдей топырақпен араласып кетеді. Тіршілікте адам өзіне қажет азықты жерде өнетін (өсетін) заттардан алады. Ғылым-техниканың дамуы осындай хикметтердің кейбірінің бетін ашады. Мысалыға: Геология, биология саласындағы үздік ғалымдар Х. Хартман, т.б. балшықтың қасиеттерін зеттей келіп, егер балшық болмаса электроника ілімі дамымас еді - деген тұжырымға кеген [19, 7б.].
Жартылай өткізгіштер (диод, триод т.б.), компьютер, байланыс жүйелерінің негізі лайдан жасалған. Оның бізге белгісіз қасиеттері әлі жұмбақ болып қалуда. Адам баласына берілген саналы рух - жалпы адамзатқа берілген ең ұлық нығмет болып, ол, діннің мән-мағынасы, оның өмірдегі орны жайлы ой толғап, жақсы істерге жол ашу қабілетіне ие (басқа жаратылыстарда мұндай мүмкіндіктер жоқ). Сонымен қатар адам рух арқылы өмірде кездесетін түрлі жағдайлардың мән-жайын түсіне алады. Рухани қазыналардан сусындаған пенде дүниеуи ғылымдарды дамытып, соның негізінде ғылыми жаңалықтар ашу мүмкіндігіне ие.
Рух жайлы айтылған хадистердің мағыналарына назар салсақ, онда иманды рух - көркем рух, имансыз рух - нашар (былғаныш, жексұрын) рух деген сипаттамаларды кездестіреміз. Демек, иманды адамның рухы да, денесі де иманды, әрі көркем, ал, имансыздың рухы да, денесі де имансыз, әрі нашар саналады. Жұма күні Адамға рух еңгізіліп жан бітіргеннен соң, жұма күні оны жұмаққа кіргізді. Ал, жердегі нәрсенің барлығы адамзаттың игілігіне қызмет етуге арналған. Адам Атаның жер бетіне халифа етілуінің тағы бір хикметі, Тағала жер бетіндегі барша нәрсені адамзат баласына бағынышты етті, сондықтан, олардың бәрі адам баласына бой ұсынады, оның игілігіне қызмет етеді. Адам бұл - жаратылыстың ерекше сипаттағы қабілет иесі.
Адам баласы жаратылыстың жоғарғы сатыда жаратылған ерекше қабілет иесі. Адамның жаратылуы жайында Құран Кәрімде алуан түрлі дәлелдер келтірілген. Тіпті ол аяттарда адам баласының дүниеге қалай келетіндігі, ана құрсағында жатып қандай даму кезеңдерінен өтетіндігі жиі-жиі сыр шертіледі. Құран-Кәрімдегі адамның жаратылуы жайындағы аяттар қазіргі заманда ғылыми тұрғыдан да расталуда. Құран аяттарының бірінде: Ей адам баласы егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктеңсеңдер әрине біз сендерді топырақтан, сонан соң бел суынан, сосын ұйыған қаннан тағы жаралып біткен-бітпеген кесек еттен жараттық. Өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық. Сондай ақ жатырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында сәби түрінде шығарамыз. Одан кейін ер жетесіңдер, кейбіреулерің қайтыс болып, кейбіреулерің әрнәрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар[20, Хаж: 5]. Ал Құранның басқа аятында: Расында адамды нағыз балшықтан жараттық. Сонан кейін оны жатырда түратын тамшы қылдық. Сосын тамшыны үйыған қан жасадық. Ұйыған қанды кесек ет жасап, кесек етті сүйек жасадық та сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып, жан салдық. Жаратушылардың шебері ұлы Алла[ 20, Мұминун: 14]. Бұл аяттарда Құран түсірілген жетінші ғасырда адамдардың білуі мүмкін емес болған ғылыми жаңалықтар жатқанын байқау қиынға соқпайды.
Құран-Кәрімде бұл ақиқат былайша баяндалады: Адам баласы өзін (еш сұрақ алынбастан) басы бос қоя берілемін деп ойлай ма? Ол (әу баста) тамызылған бір тамшы шәует емес пе еді?[ 20, Қиямет: 35, 36].
Ал Құран аяттарындағы: Адамды нағыз балшықтан жараттық, -дегенді батыстық ғалымдар мойындауға мәжбүр болды. Соңғы жылдары геология және биология ғалымдарының жетекші мамандары үздіксіз зерттеулер жүргізіп осындай қорытындыға келді. Зерттеу жұмыстарымен Массачусетс технологи институтының ғалымы Хайман Хартман, Калифорния университетінен Лейл. М. Койн, Бельгияның Liege университетінен Пьер Лазизо және Glasgow универоситетінен Крахман К. Смит айналысты. Бұлардың бәрі әлемге есімі танымал атақты ғалымдар және өз мамандықтарының хас шеберлері.
Сонымен қасиетті Құран-Кәрімде: Адамды әу баста топырақтан жаратты. Ол адамзатты құмырадай сыңғырлаған құрғақ топырақ-тан, жындарды оттан жаратты [20, Рахман:13,14] дейді. Сыңғырлаған құрғақ топырақ деп аударған сөзіміз арабшада сол-сол,-деп келген. Сол-сол,-деп шертсе дыбыс шығатын халдегі лайды айтады. Осы аятта адамның жаратылуының түрлі кезеңдері қамтылған. Топырақтан лай жасалып, оны адам бейнесіне келтіріп, артынша жан үрленген. Топырақта қандай элементтер болса, адамның денесінде де сол элементтердің кездесетіндігін қазіргі ғылыми тәжірибелер растауда. Топырақта: карбон, кисларод, фосфор, күкірт, азат, кальций, хлор, темір, мыс, иод, алюмини сияқты жиырма түрлі элементтер кездессе, тура осы элементтер адамның бойында да бар. Егер топырақ пен құмның араласуынан пайда болған балшық болмаса электроника, құрлықаралық және жер серігаралық байланыс болмас еді.
Тіпті, XX ғасырдың ең үздік жаңалығыны деп есептелетін компьютерден де мақұрым қалар едік. Бұл туралы бір дерек электрондық элементтің негізі (диод, транзистор, резистор) болып есептелетін жартылай өткізгіштердің барлығы - саз. Саздың тағы бір қасиеті мұнайды өңдеуді тездетіп, катализатор рөлін атқарады. Ол сондай-ақ, удың утын қайтарып, өзіне қабылдағыш қасиетіне де ие. Радияциялық сәулені өзіне қабылдап, қоршаған ортаны тазалайды. Доктор Лейл,М. Койнның айтуынша балшық қозғалмай жатқан зат болғанымен, оның ішінде жұмбақ әлем жасырынған. Мен кеуіп қалған сазды балтамен екіге бөліп тастадым. Мына қызықты қараңыз әлгі бөлшек бір ай бойы зертханамда ультракүлгінді сәулелелер шығарып тұрды. Саз-сәуленің қайнар көзі болғаны мені таң қалдырды. Мен алғашқыда ештеңе түсіне алған жоқпын. Зерттей келе ол кристалдық элементтерден тұратынына көз жеткіздім. Кристалл молекуларлары бір-біріне жабысқан жапырақ тәріздес қатарлардан құралады. Ал, бұл кезегінде иондық байланыс тізбегін түзеді. Саздың әр бөлігінде орналасқан иондық бекітілген бағдарлама бойынша қозғалады [21, 28 б]. Бұл тірі жасаушының қасиетіне ие деген сөз!,-дейді ғалым. Зерттеу қорытындылары көрсеткендей сыртқы әсерлерден кристалдық иондық тізбек бұзылғанымен, арадан біршама уақыт өткенде жапырақ тәріздес қатар қайта қалпына келеді.
Иондық байланыстың қозғалуы электр қуатының пайда болуына әкеліп соғады. Қуаттан күш алған ол өмірдің қарапайым қозғалысын есімізге салады. Бұл тағы бір рет адамның топырақтан жаралғанына дәлел,-деп өз сөзін нақтылай түседі доктор Лейл, М. Койн. Ал, Хартман: Заманауи құрылғылармен біз саздың молекулаларының тіпті, атомның құрылысын зерттеуге әбден шамамыз келеді. Үлкен жетістіктерге жететінімізге еш күмәнданбаймын бірақ, зертханада адамның өмірін жарата алмайтмыз. Бұған ұлы Жаратушының ғана құдіреті жетеді,-деп мойындайды. Мойындаудың өзінде үлкен сыр бар. Өйткені адамның жанын ешбір ғалымның жарата алмайтыны ақиқат. Бұл жөнінде Құран-Кәрімде:Олар сенен жан туралы сұрайды. Жан дүниесін Тәңірім ғана біледі. Сендерге берілген білімнің шегі аз ғана-де[20, Исра: 85]. Ал дарвинизм теориясынан бастау алған адам маймылдан пайда болды,-деген пікір, бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, ғылыми түрде дәлелденіп, нақтылық тұғына жете алмады. Олай болса, бұл пікір қара дүрсін болжам ғана. Сондықтан оны талқылап жатудың өзі артық. Негізінде дарвинизм нақты дәлелденген ғылыми жетістік емес, бар болғаны гипотеза, болжам, яғни осылай болуы мүмкін деген ой-пікір.
Қорытындылай келсек Ислам көзқарасы бойынша барша адамзаттың атасы-адам атаны Алла тағала топырақтан жаратқан. Кейін оның нәсілінің мәни суынан тарғанын қалаған. Адам-Алла Тағала жаратқан мақұлықтарының ішіндегі ең құрметтісі. Оған басқа жаратылыстан ерекшелейтін ой-сана берілген. Бүкіл нәрселердің атауын үйретіп, тура жолға салды. Осылайша бүкіл мақұлықтардан артық етті.
Ал адам баласы не үшін жаратылды?-деген сұраққа Ислам діні Аллаһ Тағала адамдарды Оның серігі болмаған жалғыз өзіне құлшылық етулері үшін жаратып және пайғамбарларды адамдардың жаратылуынан болған хикметті оларға баяндаулары үшін, оған шақыру үшін және құлшылықтың түрлері мен оның қателіктерін, оған қарама қайшы келетін нәрселерді адамдарға баян етулері үшін жіберді.
Ислам діні тұрғысынан адам өмірінің мақсаты - Аллаһты тану және оған құлшылық ету. Демек адам өмірінің бақыты да Оның жарлығына сай өмір сүру арқылы жүзеге асады. Ислам діні ең алдымен адам мәселесін көтерді. Адамның осы дүниедегі алатын орны, оның жоғарғы сатыда жаратылғандығы, жер бетінде оның халифа болып аталуы, бұлардың бәрі де адам мәртебесін көтеріп әлеуметтік және жаратылыстағы мәнін ашуда. Дегенмен бұл мәртебені сақтап қалу тағы да адамның өз қолында екенін Құран бізге айтуда. Ислам дінінің қалыптасу кезеңіндегі ең басты мәселе, гумандықтың аяқ астында тапталуы еді. Ислам этикасы дінге негізделе отыра бұл мәселенің басын шешті. Ең алдымен әйелдердің беделін көтеріп оларды, ер кісімен тең ұстады. Сондай-ақ бай мен кедей, араб пен ажам (араб емес), түріне, түсіне, мансабына қарамай Аллаһ алдында тең екенін, арасындағы айырмашылықтың кісінің тақуалығы арқылы ғана екенін уағыздады.
Адамның ерік-қалауы мен ождан бостандығының ислам этикасында маңызы зор. Сондықтан да адам өз еркімен орындаған нәрсесі үшін ғана есепке тартылады, сондай-ақ басқасы үшін ешкім жауап бермейді. Бұл тұрғыдан алғанда ислам этикасы христиан этикасынан ерекше. Адам дүниеге күнаһар болып тумайды. Ол дүниеге таза болып келеді де сана сезімі қалыптасқаннан кейін өз амалынан ғана жауапты тұтылады. Адам бұл дүниеде халифа болып жаратылды. Аллаһ адамды өзіне құлшылық етуі үшін жаратты. Адамның да бұл дүниедегі басты міндеті осы әлемнің жаратушысын танып, оған құлшылық ету болып табылады. Адам бұған қабілетті де болып жаратылған. Басқа жаратылыстардан ерекшелігі оның атауларды білуі, ғылым-білім иесі болуы. Сол білімі арқылы адам өзінің қабілетін шексіз дамытып, дүниені танып сол арқылы Аллаһты да кеңінен таниды және оған құлшылық етеді. Бірақ адам осы бір жаратылу мақсатынан ауытқып, дүниелік істерменен шұғылданып оның артындағы жаратушыны ұмытып кетеді. Ислам этикасының да негізгі міндеті осы жерде қажет, яғни адамның жаратушысына деген қатынасын дұрыстау болып табылады [22, 100 б.].
Аллаһ Тағала осы өмірді, осы дүниені ақыретке кесіп өтетін бір жол қылды. Кімде кім өмірін Аллаһқа бой ұсынумен, Оған құлшылық етумен және құлшылықтың барлық түрінде Аллаһты бірлеумен әрі оның жіберген пайғамбарларына мойынсынумен өткізсе, амал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz