Кәсіптік бағдардың тәрбиелік сипаты
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі заманымызға байланысты оқушыларға білім беру, сонымен қатар олардың кәсіптік бағдарын айқындау қажетті болып отыр. Өйткені, оқушы мектеп бітірісімен ол мамандық таңдап, оқу орнына түскісі келеді. Осындай жағдайда олар қаншама мамандық ішінен өзіне керегін таңдай алмай адасады. Сол себептен де оқушылардың мамандық таңдауында оларға бірден бір көмекші оның сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, ата-аналары болмақ. Ал енді сол кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізуде қандай жағдайларды ескеру керек?
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 3 бабында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдалран негізгі принциптерінде: Оқушыларды кәсіптік бағдарлау принциптері қамтылған. Қазіргі заманымызда оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру әрбір ұстаздардың алдына қойған басты мақсаты деп ойлаймыз. Ал енді білім мен тәрбие беру мен қатар оқушыларға кәсіптік білім беру көптеп қолға алынып жүр. Оқушылар мектеп бітірісімен белгілі бір кәсіп иесі болу керек. Бірақ оны іске асыру үшін және кәсіптік мамандық игермес бұрын кәсіптік бағдар жұмыстарына үлкен-көңіл бөлу қажет. Себебі оқушының кәсіптік ынтасын, икемділігін білмей кәсіпке баулу мүмкін емес. Осы кәсіптік бағдар жұмыстарын не үшін жүргізу қажет? Қалай жүргізуте болады? Нәтижесінде нені көруге болады? Осы сүрақтарға нақтылы жауапты төмендегі зерттеу жұмыстарының нәтижесінен байқауға болады.
Қазіргі таңда мемлекеттің басты проблемаларының бірі -бұл білім, сол білімді сапалы меңгеру үшін мектеп кезеңінен бастап кәсіптік бағдар жұмыстарының жүргізілуі, яғни оқушылардың кәсіптік бағдары. Мектеп бітіруші оқушылардың мамандық таңдауы олардың басты мәселесі. Оның мамандықты дұрыс таңдауы қоғамға да, өзіне үлкен пайда келтірмек.
Кәсіптік бағдар көптеген сұрақтарды қамтиды, соның ішінде; әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, психология-педагогикалық, медициналық физиологиялық және танымдық сұрақтарды қамтиды. Мамандықты дұрыс таңдамау, кәсіптік бағдар жұмыстарының бұрмалануынан оқушылар мамандықтан жалыға бастайды. Бұл өзінің таңдаған мамандығына қанағаттанбауынан, мамандықты, жұмыс орнын аустыруына әкеліп соғады, жұмыстың ауысуы, жұмысшыны қайта даярлау - бұл мемлекеттің, кәсіпорындардың және оның өзіне экономикалық шығынға түседі.
Жұмыстың мақсаты. Жалпы білім беретін мектептерде жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру процесін бақылау, болжау енгізудің жүйесін жасау, оны ғылыми теориялық жағынан негіздеу және әдістемелік талдау жасау.
Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер шешілді.
Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларының кәсіптік бағдарын бақылау, болжау және түзетулер енгізу Республикадағы нарықтық қатынастарды реттейді оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына және қазіргі кездегі еңбек ресурстарындағы өнімді күштерді айқындайтын болады.
Зерттеу болжамы жалпы білім беретін мектептегі жоғары сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу әдістері:
- Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру процесін бақылау, бағалау және болжау жолдарын айқындау.
- Қазіргі кезеңдегі жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар жұмыстарының тиімді жолдарын анықтау;
- Жалпы білім беретін мектептердегі жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының бірыңғай жүйесін құру;
Зерттеу пәні: жалпы білім беретін мектептерде кәсіптік бағдар беру процесі.
Зерттеу жаңалығы Бұл қазіргі жағдайға бейімделген әдістемелердің болмауы, нәтижесінде оқушылардың кәсіптік бағдар жұмыстарының реттелуін және олардың кәсіптік бағдар жұмыстарына дайын еместігін көрсетеді. Осы қарама-қайшылықтарды шешу үшін ізденіс біздің жұмысымыздың (зерттеуіміздің) проблемасын көрсетеді.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік маңызы жоғары сыныпоқушысының кәсіптік дайындығын диагностикалау жолдары, кәсіптік бағдар жұмысын жүргізудің әдістемесі жасалынды.
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 1. Жалпы орта мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудің
теориялық негіздері
1.1 Кәсіптік бағдардың мазмұны, мақсаты және тапсырмалыры
Жастардың кәсіптік бағдары мәні жағынан тек қана педагогикалық проблема болып қоймайды. Оны қоғамдық проблема десе де болады, оны шешу үшін тек қана педагогтардың көмегі ғана емес, мектептің, мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының (МОӨК), кәсіптік техникалық мектептің (КТМ), кәсіптік техникалық лицейдің (КТЛ), кәсіпорындардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік еңбекпен қамту қызметінің және т.б. бірлескен іс-әрекеті қажет. Кәсіптік бағдардың қоғамдық проблема ретіндегі мәні қоғамның кадрларға деген сұранысын, ондағы қайшылықты басып өтуден жастардың кәсіптік талпынысынан көрінеді. Әрине, бұл қайшылықты шешуде педагогикалық ұжымның, мұғалімдердің, оқушылардың еңбектік және кәсіптік дайындығына жауаптылардың іс-әрекеті басты роль атқарады. Кәсіптік бағдардың теориясы және әдіснамалық сұрақтарына келіп тоқталатын болсақ, оны төмендегіше қарастыруға болады екен.
Кәсіптік бағдардың мақсаты және тапсырмаларды теорияға және методологияға сүйене отырып жасалады. Теория мен әдіснамалық идеялар, көзқарастар, формалар, әдістер және принциптер түсініктері тексеріліп қалыптастырылады.
Кәсіптік бағдар түсінігі кімге болса да түсінікті. Бүл - оқушылардың сол немесе басқа мамандықтарға бағдары. Әдістемелік нұсқауларда да осындай анықтамалар береді, яғни ол жерде кәсіптік бағдар жұмыстарын жастарға мамандық таңдауда көмек ретінде көрсетеді.
Кәсіптік бағдар түсінігі көптеген ғылыми түсініктер сияқты бір орнында қалып қоймайды. Ол қоғамның мақсатының көзқарасына, тапсырмаларына, әдістеріне, формаларына, кәсіптік бағдардың мағынасына қарай дамып отырады.
Бұл түсініктің өзгеруі келтірілген анықтамалармен өзара байланысты, оның әр қайсысы кәсіптік бағдардың сол немесе басқада аспектілеріне әсерін тигізеді, қандайда бір функцияны бөліп көрсетеді, оның практикалық және теориялық даму деңгейін көрсетеді, басқару теориясының, педагогика, психология, позициясын қарастырылады.
Сондықтанда кәсіптік бағдардың жалпы анықтамасын бермес бұрын оның негізгі 3 кұраушысын; іс-әрекет, мамандық, бағдар нақтылап алайық.
Философиялық сөздіктерде іс әрекет түсінігі адамның спецификалық формасы табиғатқа қарым-қатынасын, оны саналы түрде өзгерту және пайдалану белсенділігі ретінде анықталады. Іс-әрекет ұғымының қарастырып отырған кәсіптік бағдар ұғымына енгізілуі кәсіптік бағдар ұғымын тек практика жағынан ғана емес, теориялық іс-әрекет ретінде, нақтылап айтсақ, белгілі бір білім дәрежесін ғана емес сол білімді меңгерудегі іс-әрекетті дисциплинаралық ғылыми бағытты көрсетеді. Кәсіптік бағдарда практикалық іс-әрекет туындап, теориямен толықтырыла түседі, нәтижесінде кәсіптік бағдарда теориялық және практикалық іс-әрекетті ажырамас бөлік ретінде қарастырамыз.
Кәсіп (лат. pofessio-белгілі бір іс-әрекеттің көрсеткіші, мамандық, profiteer-өзімнің ісім деп қарастырамын) - белгілі бір еңбек іс-әрекеті.
Атақты ғалым академик С.Г. Струмилинаның ойы бойынша бір біріне жақын мамандықтар топтарға біріктірілуі мүмкін, мысалы, металл өңдеушілер, ағаш өңдеушілер, музыканттар және т.б.
Бағдар түсінігі бірнеше ғылымдарда қолданылады, геометрияда бағдар тіке, қисық, жазықтыққа, химияда - молекулалардың бағдары. Бұл түсініктер астрономияда, географияда қолданылады. Мұндай жағдайда бағдар түсінігі барлық ғылымдарда орынды анықтау және қозғалыс бағытын таңдаумен байланысты. Энциклопедияда бағдар (фр. Orientation - шығысқа көрсетеді, лат. oriens - шығыс) тікелей мағнада түсіндіріледі.
Қандай анықтамалар келтірілсе де, бағдар түсінігі мамандық таңдауда негізгі бағытты көрсетеді. Егер жастар мамандық әлемінде бағдар алып белсенді түрде сол мамандық оның өмірге талпынысына сай ма, соны біліп жатса, мұндай жағдайда оның мамандыққа бағдарын көрсетеді.
Егер де бағдар беру педагогикалық немесе басқа іс-әрекеттің объектісі болса, оның өзіне және қоғамға қажетті мамандық таңдауына бағдар жасалса, онда оны мамандыққа бағдарлау дейді.
Практикалық жағы мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мектептердің сонымен қатар жалпы қоғамдағы және тұлғаның қызығуындағы әлеуметтік және кәсіптік анықталуындағы процесін дамытудағы жанұялардың іс-әрекетін қосады.
Кәсіптік бағдар теориясын төмендегіше анықтасақ болады; кәсіптік бағдардың іс-әрекетінің қарқынды (эффектілі) болу үшін, идеялардың және көзқарастардың өзіндік мағынасының айтылуы.
Қоғамдағы қайта дайындау міндетті түрде жастардың еңбекке деген мотивациясын, болашақ іскерлігін таңдауын өзгертеді. Сонымен қатар қазіргі таңдағы қатынастар олардың кәсіптік-квалификациялық құрылымдарының өзгеруіне басты себепкер болады.
Республикамыздағы экономиканың өсуі, әр-түрлі кәсіпкердік жаңа басқа да мамандықтардың шығуына байланысты еңбек рыногында бәсекелестік жүріп жатыр. Жастардың мүмкіндіктеріне, белгілі бір мамандыққа қызығушылығына қарай оларды жұмысқа орналастыру проблемасы тұр. Оқушылар мектеп қабырғасын бітірісімен сұранысты айқындайтын маман болуы қажет. Проблеманың бұл жерде шығуы, бітірушілер өздеріне қажетті мамандықты таңдай алмауында. Қазіргі кездегі қоғамдағы жұмысшы мамандыққа бағдар беру, яғни қоғамның сұранысын айқындау.
Проблеманың қазіргі кездегі жағдайда байланысты туындайды, яғни оқушылар таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуі оның жақсы маман болуы. Оның таңдаған мамандығының қазіргі кездегі сұранысқа еңбек нарығында сұранысқа ие болуы. Тақырыптың практикалық көкейтестілігі оқушылардың кәсіптік бағдар жұмыстарын бақылау, болжау және түзету модельдерінің психология-педагогикалық жеткіліксіз (өңделмеуіне) қаралмауына негізделеді.
Кәсіптік бағдар мемлекеттің кадрларға деген сұранысын және адамның өзіндік икемділігіне қарай мамандық таңдауының өлшемдер жүйесі (психологиялық-педагогикалық, экономикалық және т.б.).
Жұмысшы мамандығына сұраныс және басқа да аспектілер көрініс тапты. Біз бірнеше әдебиеттерді қарастырып өтеміз.
Кәсіптік бағдар жұмыстарының ғылыми әдістемелік негізі П.Р. Атутов, С.Я. Батышев, М.Н. Махмудов, Г.А. Уманов еңбектерінде кәсіптік бағдардың саясаттық базасы, кәсіптік білім мен жалпы білім беруді біріктіру мәселелерін қарастырады.
Бірақ-та, бүгінгі күнде арнайы зерттеулер оқушылардың кәсіптік бағдарын бақылау, болжау, түзету енгізудің нақты зерттеулері жоқ екенін көрсетті. Осыдан барып қайшылықтар туындайды.
Оқушылардың кәсіптік бағдар теориясының негізгі компоненттерін қарастырып өтейік. Олар; фактілер, заңдылықтар, прициптер. Кәсіптік бағдарда ғылыми әдістер көмегімен алынған нақты фактілер аз. Сондықтанда басты тапсырманың бірі - ол жаңа фактілер жинап, оларға дұрыс бағыт бағдар беру. Бұл жаңа фактілерді іздеу бір немесе бірнеше гипотезалар арқылы жүргізілсе ғана іске асады. Соңғысы теорияның бір бөлігін құрайды. Мысалы, әр бір аймақтың (ауданда) белгілі бір мамандық таңдауға әсер ететін өзінің спецификалық факторлары бар. Мұндай факторлардың гипотезасы қызығушылықты қалыптастыратын, оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмысының жақсаруына, іздену әдістерінің пайда болуына септігін тигізеді.
Кәсіптік бағдар теориясындағы басты компонент - заңдылықтарды анықтау. Оларды іздеу ғылыми іс-әрекеттің жалпы мақсатына (қызметіне) жатады.
Әрбір теорияның даму деңгейі принциптің сапасы мен оның құраушысы арқылы анықталады. Кәсіптік бағдардың принципін құрау (формулировать) үшін аз көңіл бөлініп жатқан жоқ. Бірақта кәсіптік бағдар жүйесінің өңделу жұмыстары бітті деп айта алмаймыз, алда барлық жайттарды қанағаттандыратын, қарсылықсыз жүйені қалыптастыру қажет.
Кәсіби бағдар беру іс-әрекетінің объектісі адамның өзін тануындағы әлеуметтік-кәсіптік процесс болғандықтан, біріншіден принцип топтарын жинақтап аламыз. Басқарылып отырған қыздар мен ұлдарды қоғамның әлеуметтік құрылымында өзіне мамандықты таңдап алуы. Осыған байланысты кәсіби бағдар беру принциптерін мынадай етіп топтастырамыз.
Танымдық принцип. Мамандық таңдаудағы еңбек іс-әрекетіндегі тек өзінің ғана қызығуын емес қоғамға пайда келтіруде қанағаттандыратын ұмтылыста айқын көрінеді. Қазіргі кездегі ауыл-шаруашылығына қажетті мамандықты таңдауды сезіну, тұлғаның танымының дамығанын көрсетеді.
Сай келушілік принципі. Қызығушылығы икемділігі, ынтасы, таңдаған мамандығы сонымен қатар қоғамның жалпы қажетті мамандықтағы кадрларға сұранысын қанағаттандыру. Қоғамда өмір сүріп қоғамнан еркін, тыс болуға болмайды дегендей, өзінің жеке қызығуына қарай қоғамның сұранысын есепке алмай мамандық таңдауға болмайды. Тұлғаның және қоғамның қажеттіліктерінің сай келу принципінің бұзылуы кадрлардың кәсіптік құрылымындағы тепе-теңсіздікке алып келеді.
Белсенділік (активность) принципі. Мамандық таңдаудағы өзін тану процесіндегі тұлғаның іс-әрекеттің түрін сипаттайды. Кәсіпті белсенді түрде әркім өзі іздеуі қажет. Бұл жерде оқушылар күшін еңбектік және кәсіптік дайындау процесінде практикалық сынау, ата-аналар кеңесі және олардың кәсіптік тәжірибесі, әдебиеттерді (қызығып отырған мамандығы бойынша) іздену және оқу, әр-түрлі үйірмелерде жұмыс, курстарға қатысу, тәжірибе барысында жұмыс жасау және көптеген басқа да нәрселер басты роль атқарады.
Бұл топтағы соңғы принцип-даму принципі. Бұл принцип кәсіп таңдау идеясында тұлғаның квалификациясының дамуына, тәжірибесінің өсуінен жалақысының өсуінен және кәсіптік тәжірибесінің өсуінен, қоғамдық жұмысына белсене араласуынан, тұлғаның мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыратынын, тұрғын үйге, демалысқа және т.б. қажеттілігінен көрініс табады.
Кәсіптік бағдарда жалпы педагогикалық принциптермен тығыз байланысты (көбінесе қиылысатында) принциптер тобы бар. Ол, төмендегі принциптер:
кәсіптік бағдардың іс-әрекетінің нарықтық бағыты мамандық тандаудағы мәселе нарықтық тәрбиенің жалпы тапсырмаларымен тығыз байланыста шешу, дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
кәсіптік бағдардың өмірмен, еңбекпен, нарықтық құрылыстың тәжірибесімен байланысы, адамға ауыл-шаруашылығының квалификациялы кадрларға сұранысы мамандық таңдаудағы алдын-ала көмегі;
кәсіптік бағдардың оқушылардың еңбек дайындығымен байланысы -оқушылардың техникалық шығармашылығын ұйымдастыру, өнімді еңбек, қоғамдық пайдалы еңбек арқылы политехникалық білім беру еңбекке тәрбиелеу және оқытуды жақсы алдын-ала дұрыс қоятын принципі.
Еңбек дайндығынан бөлініп кеткен кәсіптік бағдар белгісіз, түсініксіз сызықтар секілді болып түсініксіздікті тудырады және тұлғаның еңбектік және кәсіптік дамуына кері әсерін тигізеді. Кәсіптік бағдардағы қоғамның орта кәсіптік оқу орындарының, базалық шаруашылықтардың, жанұяның, мектептің өзара байланысы оқушылардың мамандық таңдаудағы оларға көмек көрсетудің жұмысымен тығыз байланыста болады. Осыдан барып бірігу іс-әрекетіне тұрғылықты (координациясының) мақсаттқа бағыттылығы артуы өсе түсуі жоспарланады.
Кәсіптік бағдардың тәрбиелік сипаты. Кәсіптік бағдар жұмысының еңбектік, экономикалық, танымдық, эстетикалық, құқықтық және физикалық тәрбиесі бірлігінде гармониялық тұлғаны қалыптастыру тапсырмасымен жүзеге асады.
Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізудегі диагностикалық және тәрбиелік әркеттердің (подход) өзара байланысы, бір әрекеттің (подход) - екіншісіне қарама-қайшылықты болдырмайтын принцип. Оның әр қайсысы өзінің тапсырмасын шешеді;
дифференциалды және индивидуальды әрекет (подход). Оқушылардың өмірлік жоспардағы үлгерім деңгейіне жас ерекшеліктеріне және кәсіптік қызығушылығының жинақталған (сформированность) деңгейіне бағынышты. Оқушылар тобымен диференциялау әсер етудің қүралдарын анықтайды. Ол бір топта қарқынды болғанымен екіншісінде төмен болуы мүмкін.
Кәсіптік бағдар берудің әдіснамалық мәселесі. Кәсіптік бағдардың әдіснамасында мамандық таңдау барысындағы қоғамның және тұлғаның қызығушылығын оңтайландыратын негізгі қосымшаны, құрылымды және кәсіптік өзін таңдаудағы ғылыми проблеманы зерттеу әдістерді және жастарға әсер етудегі практикалық әдістердің негізі.
Кәсіптік бағдардың әдіснамалық сұрақтарына кәсіптік бағдар жүйесін анықтау және оны дамыту сұрақтары да жатады. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектептің реформаларының негізгі бағыты оқушылардың кәсіптік бағдарды жақсарту тапсырмасы қойылған.
Кәсіптік бағдар жүйесінің жалпы анықтамасын жинақтамас бұрын, бастапқы бірнеше қосымшаны қарастырайық;
1. Кәсіптік бағдар жүйелік іс-әрекетті көрсетеді, оның ішінде мақсаттық орналастыру, тапсырмалар, прициптер, формалар, әдістер, қарқындылық(эффективность) критерийлері, деңгейлері, бағыттары, аспектілері және басқада жүйелік және құрылымдық пайда болушы элементтер кіреді.
2. Оқушыларды жалпы кәсіптік бағдар жүйесі олардың еңбек және кәсіптік дайындығының ішіндегі жүйе болып табылады.
3. Кәсіптік бағдар жүйесі - қазіргі қоғам дамуы кезіндегі өндірістік ара қатынастар және өндіргіш күштердің құрылымдық жүйесіндегі тұлға бағдары жүйесінің бір бөлігі.
4. Кәсіптік бағдар әлеуметтік жүйеге жатады, ол әр-түрлі проблемаларды соның ішінде, қоғамдық өндірістегі адам дамуының факторларына байланысты проблемаларды тудырады. Кәсіптік бағдарды қоғамдық проблема ретінде санаса болады. Кәсітік бағдар жүйесінің проблемасын шешуде бір ғана министрлік (Білім және Ғылым) немесе бір ғана ғылымның (мысалы, педагогика) күші жетпейді. Сол үшінде кәсіптік бағдар жүйесі тиімді болуы үшін бірнеше министрліктер және ведмоствалар, сонымен қатар әр-түрлі мамандықтардың ғалымдарын жұмылдырылуы қажет.
5. Кәсіптік бағдардың қарқындылығына көптеген әр-түрлі объективті және субъективті факторлардың әсері бар. Бұл жүйені ұйымдастыру және басқару өте қиын. Осы және басқа да жағдайлар кәсіптік бағдардың қиын екенін көрсетеді.
Жоғарыда келтірілген 5 жинақталған қосымшадан, оқушылардың кәсіптік бағдар жүйесінің анықтамасы шығады.
Оқушылардың кәсіптік бағдар жүйесі - бұл жалпы қоғамдағы тұлға қызығушылығындағы оқушылардың өмірге бейімделуінің (өзін тануы) әлеуметтік және кәсіптік процесін дамытуға бағытталған, әртүрлі мемлекеттің және қоғамдық бірлестіктердің, мекемелердің, мектептердің, сонымен қатар жанұяның ұйымдасқан, басқару іс-әрекеті.
Кәсіптік бағдар жұмысы жүйесінің жалпы мақсаты - оқушыларды өзінің жеке қызығушылығын және қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын мамандықты таңдауға даярлау. Бұл мақсат оқушылардың еңбек даярлығына сай келеді және осы дайындық процесі арқылы таралады. Мектептегі, оқу-өндірістік комбинатындағы кәсіптік бағдар жұмысы жүйесіне төмендегі негізгі компоненттер кіреді; мақсат, тапсырмалар, негізгі бағыттар сонымен қатар оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмысының формасы мен әдістері.
Мектептің, оқу-өндірістік комбинатының кәсіптік бағдар жүйесі іс-әрекеті төмендегі бағыттардың қамтиды;
1) Кәсіптік ағарту, оның ішіне кәсіптік информация, кәсіптік (пропаганда) кәсіптік адаптация кіреді. Оқушыларды қазіргі кездегі қоғамға және жуық 20-30 жылдан кейінгі қажетті мамандық әлемімен сонымең қатар олардың практикалық мүмкіндіктерімен таныстыру.
Кәсіптік насихаттау әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрінде қарастырылады, оның негізгі функциясы білімді, идеяны, көркемдік бағалылықты тарату. Кәсіптік насихаттаудың сипатты шектелуі - мақсатқа бағыттылығы, дифференциалдылығы, жоспарлылығы, формалар мен әдістердің әр-түрлілігі.
Кәсіптік насихат базалық кәсіпорындарға, аудандарға, қалаларға және т.б. аймақтарға оқушылардың мамандық таңдауына белсенді әсер етуді мақсат етіп қояды.
2) Тұлғаның мамандыққа мүмкіндігін және қызығушылығын анықтау үшін бағыттың кәсіптік диагностикасы. Бұл мақсатты орындау үшін анкеталық, аппаратуралық және тестік әдістер қолданылады.
3) Кәсіптік консультанттардың, мамандардың мамандық таңдауда берген көмегі. Кәсіптік консультацияда барлық оқушылар мен ата-аналар қамтылуы тиіс.
4) Кәсіптік іріктеу мектептерде, оқу-өндірістік комбинаттарда жүргізіледі. Бұл жерде таңдаушы алдына мақсат қойылады, яғни ол таңдаған мамандығының еңбек қиыншылықтарына қарамай оны меңгеруі керек.
5) Әлеуметтік-кәсіптік бейімделу оқу шеберханаларында, оқушылардың еңбек бірлестіктерінде және т.б. жүзеге асады. Әлеуметтік-кәсіптік бейімделупроцесі кең сатыда жоғарғы сынып оқушыларының базалық кәсіпорындағы өндірістік практикасы болып табылады.
6) Кәсіптік тәрбиелеуде оқушылар бойында таңдаған кәсібіне борыштық сезімін, жауаптылықты, кәсіптік құрметті қалыптастыруды мақсат етеді.
Жоғарыда келтірілген жұмыстың бағыттары өзара байланысты болсада әрқайсысы кәсіптік іс-әрекеттің әр бір облысы.
Әр-түрлі бағытта жұмыс жасауда кәсіптік бағдар жұмысының әдістері мен формасы шеңбері анықталады - бұл кәсіп туралы әңгімелер, кәсіпорындарға саяхат, анкета жүргізу, тестлер (кәсіптік икемділіктерді диагностикалау үшін), оқушылардың реферат жазуы, олармен бірге әр-түрлі ойындарды (дебат, пікірталас т.б.) өткізу.
Кәсіптік бағдар мәнінің ғылыми ізденіс әдістері қиынға түсуде. Кәсіптік бағдарды жеке ғылым ретінде бөліп қарау, оның өз алдын жеке әдістерінің болуын талап етеді. Бірақ кәсіптік бағдар проблемасын шешуде ғылыми зерттеу жұмысында педагогика, психология, экономика, социология, медицина әдістері қолданылады. Сондықтанда кәсіптік бағдар әзірше өз алдына жеке ғылым саласы ретінде қарастырмаймыз. Бұл қоғам және тұлға қызығуындағы, оның өзі таңдаған мамандығы бойынша қолданбалы тапсырмаларды шешуге арналған дисциплинарлық ғылыми бағыт.
Әдіснамалық негізгі басты мәнінің қатарына кәсіптік бағдар қарқындылығы критерилерін анықтайтын сұрақтар да жатады. Қазіргі уақытта мектептің, оқу-өндірістік комбинатының кәсіптік бағдар жұмысының қарқындылығын, оқушылардың қаншасы жұмысшы кәсібін таңдап және қаншасы сонымен жұмыс істеп жатқанын (пайыз бойынша) анықтау арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл критерий басты, бірақ жеткіліксіз. Басқа да көрсеткіштерді де есепке алу қажет. Мысалы, жоспарланған оқушылар саны орта кәсіптік техникалық училищелерде оқып, кәсіпорындарда жұмыс істеп жатыр, бүған әр-түрлі құралдар арқылы жетуге болады.
Мамандық таңдаудың жетістігі оқушының тұлғалық (жеке) және кәсіптік жоспарының еңбек сферасында қоғамдық талаптардың сай болуы. Сондықтанда кәсіптік таңдау қазіргі қоғамдағы кадр сұранысы құрылымынасай болса, соғұрлым кәсіптік бағдар жұмыстары жақсы жүзеге асады. Мұнда жағдайда кадрларға сұраныс тепе-теңдік өлшемі және шынайы таңдау кәсіпті бағдардың қарқындылығының басты критерии болып саналады.
Бізге белгілі болғандай мамандықты дұрыс таңдау еңбек сапасы ме өнімділігіне әсер етеді. Нәтижесінде мектеп, орта кәсіптік yчилищeлep бітірушілердің кәсіпорындағы жұмыстарында жеткен еңбек жетістіктері мамандық таңдау жетістігінің басты критериі болып саналады.
Мамандықты және жұмыс орнын дұрыс таңдап, өзінің таңдауын қанағаттанса, онда ол басты психологиялық критерии болып саналады. Мамандыққа, жұмысына, жалақысына қанағаттану деңгейін бағалау үшін тестер, анкеталар қолданылады.
Практика көрсеткендей кәсіптік бағдарды дұрыс таңдауда жетістікте және құлдырау да бар. Жастар тәрбие жұмыстарының дұрыс, ұзақ қойыл нәтижесінде, кәсіпке оқытылып өмірге сай бағдары болып, нақты еңбек дайындалса ғана жетістіктерге жете алады. Керісінше, құрғақ уәде болса онда олар құлдырауға ұшырайды.
Кәсіптік бағдар жұмыстарының қарқындылығының әділ көрсеткіші оқу орнынан кейін, армия қатарын бітіріп немесе туған жеріне қайта оралу.
Қорытындылай келе, кәсіптік бағдар жұмыстарының қарқындылығының (тиімділігінің) басты критериі болып қаланың, ауданның, аймақтың, жалпы қоғамның актуальды мамандарға деген сұранысына сай келу, мамандық бойынша жоғары оқу орнына, колледждерге, орта кәсіптік техникалық училищелеге, жұмысқа орналасушыларға, оқушылар санының тепе-теңдігінің өлшемі.
1.2 Оқушыларға кәсіби бағдар берудің мүмкіндіктері мен іскерлігін
тану принциптері
Кәсіптік бағдардың мәні әлеуметтік жағдайда және күтпеген жағдайларға адасқан адамдарды қалдырмау. Сондықтанда кәсіптік бағдар адам мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастарды тудырудың басты факторы болады.
Оқу бағдарламасы және кәсіптік бағдар тәрбие жұмыстары бағдарламаларының жалпы бір мақсаты бар, ол - тұлғаны тәрбиелеу оны жан-жақты дамыту.
Кәсіптік бағдардың тапсырмалары оқу пәндері және тәрбие жұмыстары бағдарламасында айқын көрініс табады:
- жалпы білім беретін оқу пәндерінің білім мазмұны, ғылыми теорияда
өмір тәжірибесімен өндіріспен байланыста оқыту, тәрбие және кәсіптік
бағдар бір мақсаты бар;
- оқушыларды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу;
- оқушының икемділіктері мен қызығушылықтарын дамыту;
- оқушыларға жалпы және политехникалық білім негіздерін оқыту;
- оқушылардың өздерінің білімін көтеруге қызықтыру;
- жан-жақты дамыған оқушыларды тәрбиелеу;
- бітіруші түлектерге жоғарғы оқу орны мен жұмыс саласын таңдауға
көмектесу.
Кәсіптік бағдардың негізі оның ішінде өндіріс процесінің барлық ғылыми негізі жатқан, еңбек дағдысын меңгеруге жағдай жасалатын, қарапайым еңбек құралын пайдаланудың іскерлігін, оқушыларды өнімді еңбекке тарту, яғни политехникалық оқу болып табылады. Оқушыларды мамандықты саналы таңдауға дайындауда жалпы білім беретін пәндердің үлкен мәні бар. Жалпы пәндерді оқу процесінде негізгі тапсырманы бөліп қарастырған жөн; оқу пәндеріне және осы пәндерге жақын кәсіптерге тұрақты қызығуды дамыту және осы кәсіптерге сай икемділіктерді дамытып, ұйымдастыру, кәсіптік қызығуларды, икеділіктерді дамытып, ұйымдастыру кәсіптік қызығуларды, икемділіктерді, мүмкіндіктерді дамытуды кластан тыс және мектептен тыс жұмыстарда мүмкіндіктер жоғары. Айрықша кәсіптік бағдар мүмкіндіктері арнайы мектептерде белгілі бір пәнді тереңдетіп оқыту мектептерде, оқу-өндірістік комбинаттарда жасалған.
Орта кәсіптік білім беру оқу орындарының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2001 жылғы 4 шілдедегі №539 бұйрығында;
1. орта кәсіптік оқу орындары орта кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады және еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша мамандар даярлаумен тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.
2. орта кәсіптік білім беру оқу орындарының алдына мынандай міндеттемелер қойылған болатын;
1) нақты мамандықтар бойынша қажетті теориялық білімі жәке практикалық дағдысы бар білікті кәсіпті білімді мамандарды даярлау.
2) еңбек рыногымен өндіріс салаларының талаптарына сай білікті мамандарды даярлаудың сапасын тұрақты жетілдіру.
Мектептегі кәсіптік бағдардың жақсы өңделген бағдарламасы барлық оқыту және тәрбие беру жүйесінде кәсіптік бағдардың басты ұтымды сілтемесі болып табылады.
Кәсіптік бағдар бағдарламасы Республикаға, ауданға (қала), әр мектепке бесжылдық сайын және әрбір оқу жылына құрылады (жасалады). Кәсіптік бағдардың бағдарламасы мазмұнының негізгі элементтерін қарастырамыз; -тұлғаны тәрбиелеуді және дамытуды, оқып үйрену (негізінде кәсіптік қызығулары және икемділіктерінің тәрбиесі және дамуы, темперамент және мінезі);
- ауыл шаруашылығы және мәдениеті, түрлі кәсіптер қоғам жұмыстары
туралы ақпараттар;
- консультация - жұмысқа сұранысы бар мамандарға ұсыныстар
және көрсетулер;
- мектеп бітірген соң оқу және жұмыс нәтижелерін бақылау;
бағдарламаның опперативті бөлімінде, қалай оқушы тәрбиелеу және дамыту, кәсіптік консультацияны және кәсіптік ақпаратты қалай ұйымдастыру, мектеп бітірген соң оқу және жұмыс нәтижелерін тіркеу және талдау жолдары дәлелденіп нақтыланды.
Оқушылардың мүмкіндіктері оқу және кәсіптік қызығулықтары әр-түрлі факторлардың әсер ету нәтижесінде құралады. Егер оның бәрі оң болса, онда шешуші фактор болып оқу және тәрбие беру деңгейі, мұғалімнің жеке қасиеті, оқу материалдық базасы.
Әрбір пән мұғалімі;
- нақты кәсіптік бағдарды іске асырады;
-сыныпта оқушылар арасында жолдастық қатынастарды реттейді;
-оқушылардың дүниетанымын, сенімін, моралдық, психологиялық
сапасын, дамытады және реттейді;
- оқушыларды оқытады және кәсіптік бағдар сұрақтары консультатция береді, оқушылардың белгілі бір еңбек саласына және оқу пәніне қызғуын тудырады және осы қызығуларды одан әрі дамыту үшін ұсыныстар береді;
- қандай да бір тақырыпты өту барысында мұғалім тақырыбына сай ауыл шаруашылығы және мәдениеті саласына және оған байланысты мамандықтарды сипаттайды, белгілі мамандардың жұмысымен жетістіктері туралы әңгіме етеді;
- пәндік, көркемдік және техникалық үйірмелерде, курстарда дарынды икемділіктері, жоғары оқушыларды сабаққа одан әрі тарта түседі;
- оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтар, мәселелер бойынша жеке әңгіме өткізу және ұсыныстармен көмектесу;
- оқушыларға оқу орнын және мамандық таңдауға көмектесу.
Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде басты ролді сынып жетекшісі атқарады. Ол бірнеше жыл оқушылармен тығыз байланысқан ата-аналармен қарым-қатнаста. Ол оқушылардың әр қайсысының мінезін ерекшеліктерін,икеділіктерін өте жақсы біледі. Бұл сынып жетекшісінің ата-аналармен бірге окушыларға кәсіптік бағдар беруіне, мамандықты саналы таңдауында ролі жоғары екенін көрсетеді.
Сынып жетекшісі сыныпта кешенді кәсіптік бағдарды жүргізеді; барлық пән мұғалімдерінің жұмыстарын бағыттайды және ұйымдастырады; түрлі әдістермен тұлғаның ерекшеліктерін, икемділіктерін, кәсіптік қызығуларын оқып үйренеді; алынған ақпараттарды жүйелендіріп арнайы бланкалар толтырады; оқушыларды түрлі мамандықтармен таныстыруды ұйымдастырады; олардың қызығушылыктарына байланысты түрлі сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырады; кәсіптік консультацияға жетекшілік жасайды; әр оқушының жанұялық жағдайын біліп және ата-ананың олардың баласы таңдаған мамандығы бойынша пікірін біледі; педагогикалық кеңес кезінде мінездеме - ұсыныс талқылауды ұйымдастырады.
Оқушылардың өміріне кәсіптік бағдарды енгізу үшін оны мектепте белгілі бір ұйым немесе оны жүйелі басқару керек. Окушыны мамандықты саналы таңдауға дайындауды тек директор немесе оның оқу-тәрбие жұмыстары орынбасары ғана емес арнайы кәсіптік бағдар кеңесі, пән мұғалімдері, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар мүшелері, мектеп дәрігері басқарады. Мектепте кәсіптік бағдар қызметін бүкіл педагогикалық ұжым және кәсіптік бағдар кеңесі жүргізеді. Кәсіптік бағдар кеңесі кәсіпті бағдардың барлық жоспарын тексеріп, бағалайды, оны бір жүйеге келтіреді, кәсіптік ақпаратты ұйымдастырады, кәсіптік консультацияны басқарады, мектеп төңірегінде сабақта мен түрлі шараларды өткізуді жоспарлайды және т.б. жұмыстарды жүргізеді. Жыл бойы әрбір пән мұғалімі өзінің оқушысын 5-10 мамандықпен таныстыруы қажет. Оқушыларды барлық мамандықтармен таныстырудың қажеті жоқ. Бірнешеуімен ғана бірақ оның өзін терең таныстыру керек.
Оқушылардың еңбек және кәсіптік оқу мазмұны - оқушылардың кәсіптік бағдарының басты құралы.
Мектепте кәсіптік бағдар жұмысын жүргізуде пәндер арасында еңбек сабағының мүмкіндігі жоғары. Еңбекке оқыту сабағының теориялық бөлімін оқушыларды материалдық өндірістегі кәсіптермен, ауыл-шаруашылығының салаларымен таныстыруға қолдануға болады. Бірақта бұл жұмыс егер кәсіптік бағдар материалы сабақ тақырыбымен тығыз байланысты болса ғана тиімді, ал информация кәсіптік өсу мүмкіндіктері, еңбек шарттары кәсіптік адамға қоятын талаптары оның таралуы туралы мазмұнды қамтыса, яғни кәсіптік бағдар материалы еңбек сабағы барысында сабақтың теориялық және практикалық бөлімінде елеулі орын алады.
Мектеп шеберханаларында, оқу - тәжірибе бөлімдерінде, практикалық жұмыс және практика өту барысында жұмысшы кәсіптермен таныса отырып іскерлік пен дағдыны қалыптастыра бастайды және өзінің кәсіптік қызығуын, икемділіктерін дамыта отырып, өзінің сол немесе басқа мамандықты таңдауға дайындығын тексереді.
I - IV сыныптарда еңбек сабағында қазіргі кезде қағаздан, картоннан, пластилиннен, табиғат материалдарынан т.б. оңай бұйымдар жасайды.
V - VII сыныптарда еңбекке оқыту мазмұны жеткіншектердің кәсіптік бағдарының дамуына және VIII -XI сыныптардан ары қарай кәсіптік оқуға жақсы база болып саналады.
VI - VII сыныптан бастап-ақ берілген кәсіп бойынша еңбек мазмұнын осы кәсіптегі адамдар қандай салаларда жұмыс істеп жатыр, еңбекке жарағы және пәндері, олардың шығарып жатқан өнімдері, қазіргі өндірістегі кәсіптің маңыздылығы туралы мақсатты түрде кәсіптік дамуы туралы мәлімет келтіріп оның дамуы туралы әңгіме өткізу.
VIII - IX сынып үшін жоғарыдан бөлек мынандай ақпараттарды беру керек; еңбек шарты, берілген мамандықтың жұмсшысы қандай арнайы іскерлік пен дағдыны, жалпы техникалық жалпы еңбектік білімді меңгеру керектігін, кәсіптің адамға қоятын гигиеналық сипатын, психофизиологиялық талапты, еңбек ақы төлеу жүйесі, кәсіптің дайындық және квалификациялық көтерілу жүйесімен таныстырылып өтілуі қажет.
Еңбек сабағындағы кәсіптік бағдар жұмыстарына VIII - IX сыныптарда көптеп көңіл бөлу қажет, оларда бұл кезде қай кәсіпті таңдап, қайда барып оқысам деген сұрақ туындайды. IX сыныпты бітірген оқушының біраз бөлігі мектепте қалып оқуын X -XI сыныпта ары қарай жалғастырады және белгілі бір өзінің психофизиологиялық ерекшелігіне сай (дайындық) кәсіп меңгере бастайды. Мамандық таңдауда немесе өзінің болашақ кәсіптік іс-әрекет сферасын оқушы IX сыныпта таңдап қоюы қажет. Ол үшін мұқият (тиянақты) дайындалу керек. Осы мақсатта VII - VIII сыныптарда (VIII - IX) алынып тасталған Өндіріс негіздері, Мамандық таңдау факультатив курстары қайта енгізілуі керек.
Кәсіптік бағдар мақсаты мазмұнының үлкен мүмкіндіктері X - XI сынып кәсіптік оқыту бағдарламалары бар. Мысалы, қазіргі кезде програмист, жас юрист, кіші медбике, және т.б. мамандықтар бар. Кәсіптік оқуды және кәсіптік жеке қызығушылығымен таңдай отырып оқушы таңдауын өзінің болашақ кәсіптік іс-әрекетімен байланыстырады.
Мұндай жағдайда еңбектік және кәсіптік оқу мазмүны оқу бағдарламалары мазмұны мен сай келуі I - XI сынып оқушыларының кәсіптік бағдарының басты шарттары болып саналады.
Еңбек сабағы.
I - VII сынып оқушыларының кәсіптік бағдары.
Оқушылардың кәсіптік бағдары мақсатқа бағытталған жұмысын I - IV сыныптардан бастап жүргізу керек. Оқушы ол кезде мамандық таңдаудан алшақ және арманы мен ойы тұрақты емес, айнымалы болады. Бірақ осы жастан бастап болашақ мамандық таңдаудың негізі қалана бастайды. I - IV сынып оқушысының мектептен алғаны оның есінде мәңгі қалып қояды.
I сыныптың бірінші еңбек сабағында оқушыны еңбек ету идеясына қызықтырып қою қажет. Осы сыныптан бастап фудаментті тұрғызып, келесі жылдары материалдық өндірістің кәсіптеріне қызығулықтарын және икемділіктерін дамытылып отырады. I - IV сыныптарда қағазбен, пластилиннен, картоннан, матамен және т.б. жұмыс жасауда оларды слесарь, дизайнер және т.б. көптеген кәсіптермен таныстыруға болады.
Бастауыш сыныптардағы кәсіптік бағдар жұмыстарының орта және жоғарғы сыныптардан айырмашылығы бар. I - IV сыныптарда оқушыларды белгілі бір мамандықты таңдауға мақсат қойылмайды. Оқушылар еңбек етушілердің кәсіптік іс-әрекетінің элементтерімен танысуы керек.
I - IV сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар жұмыстары келесі тапсырмаларды қамтиды;
1. оқушылар бойында еңбек - адам өмірінің негізгі мен еңбек арқасында
ғана жетістіктерге жетуге болатынын, түсінігін қалыптастыру.
2. оқушыларға адамдардың қазіргі ауыл шаруашылығы, өндірістік процестердің, жұмыс кәсіптерінің алғашқы кезеңін қалыптастыру.
3. оқушылар бойында біздің елдің жұмысшылары міндетті түрде терең берік ғылым негіздері білімін меңгертуді қалыптастыру.
4. оқушылардың жеке икемділіктері мен қызығулықтарын оқып үйрену.
Бұл тапсырмалар ғылым негізін оқуда, еңбек оқу сабағы және сыныптан тыс жұмыстары процесі кезінде мектеппен шешіледі.
Еңбек сабағы барысында оқушыларды, сол өңірде кең тараған кәсіппен таныстыру. Кәсіптік бағдар материалын сабақ тақырыбымен байланыстырып отыру қажет, осы жерде мақсатты түрде оқушылардың өздерінің ата-аналары өмірінен мысал келтіріп, қызықты фактілерді хабарлап отыру қажет.
Жоғарыда көрсетілгендей еңбекке оқыту пәні оқушыларды жаппай жұмысшы кәсібіне кәсіптік бағдардың және олардың бойында еңбек сүйгіштік пен кәсіптік басты сапаларын тәрбиелеуге мүмкіндіктерінің жоғарылығын көрсетеді.
Жоғары сыныптардағы еңбекке оқу процесіндегі оқушылардың кәсіптік бағдары.
Кәсіптік оқу - оқушылардың еңбек дайындығының соңғы (шешуші) этапы (кезеңі). Ол оқушылардың білімі, іскерлігі және дағдысын, политехникалық көзқарасын кеңейтіп, жалпы кәсіптермен таныстырады. Бұл жерде негізгі сабақ кәсіптік оқуда, кәсіп бойынша өткізілетін сабақ. Ол алғашқыда мектеп шеберханаларында және кабинеттерінде кейін, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттарда, базалық шаруашылықтардың оқу цехтарында жүргізіледі. Кәсіптік оқу процесі нәтижесінде, оқушылардың кәсіптік бағдарын тереңдете түсу қажет;
1. Берілген кәсіп бойынша, еңбек мазмұны және сабақ материалы арасында органиакалық байланыстың болуы. Мұғалім кәсіптік оқу сабағы - кәсіптік бағдардың сабағы емес екенін білуі керек.
2. Берілген бір ауданның белгілі бір кәсіпке қажеттілігі. Еңбек және кәсіптік оқу сабақтарында оқушыларға біріншіден базалық шаруашылық, аудан, облыс, республика өте қажет етіп тұрған мамандықтар (кәсіптер) бойынша мәлімет беру.
Мамандықты оқушы қызығып, қоғамның сұранысына сай және белгілі бір білім көлемін (мамадыққа сай) меңгерсе ғана біз оны саналы таңдау деп айта аламыз.
2. Мектеп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz