Аударма түрлері және лексикалық аударма ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2
I Теориялық бөлім.
1. 1. Аударма үдерісі және технологиясы . . . 6
1. 2. Аударма түрлері және лексикалық аударма ерекшеліктері . . . 9
1. 3. Аударма мәселелері және терминология . . . 20
II Практикалық бөлім.
2. 1. Аударма үдерісі және технологиясы. 27
2. 2. Аударма түрлері және лексикалық аударма ерекшеліктері . . . 29
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
Қосымша . . .
Осы курстық жұмыс зерттеудін өзектілігі келесі ол қазіргі әлемдегі ақпараттық процестерде басқа елдермен өзара қарым-қатынасты жасаудың ерекше өзектілігі болып табылады. Аударма ерекшеліктерін білу, мысалы, ағылшын тілінен өте маңызды, өйткені аудармашылар өз қызметін жүзеге асыра отырып, олардың арасында тілдік кедергілерді алып, адамдарға көмек көрсетеді. Аудармашылар шет тіліндегі мәтіндерді сол тілдің тасымалдаушысы болып табылмайтын басқа адамдардың түсінуі үшін қол жетімді етеді. Аудармашының мәтінді аудару ерекшеліктері туралы білімі кең болған сайын, осы жұмыс соғұрлым сапалы жүзеге асырылады. Бұл курстық жұмыстың объектісі ағылшын мәтінінің аудармасының ерекшеліктері болып табылады.
Кең мағынада "аударма теориясы" термині "аударма практикасы" терминіне қарама-қайшы келеді және аударма практикасына, оны жүзеге асырудың тәсілдері мен шарттарына, оған тікелей немесе жанама әсер ететін әртүрлі факторларға қатысты кез келген тұжырымдамаларды, ережелерді және бақылауларды қамтиды. "Аударма теориясы" түсінігінде "аударма" ұғымына сәйкес келеді.
"Аударма теориясы" тар мағынасында аударматанудың теориялық бөлігі ғана кіреді және оның қолданбалы аспектілеріне қарама-қайшы келеді
Курстық жұмыстың мақсаты: ағылшын мәтінінің мәнін және оның аудармасының ерекшеліктерін зерттеу.
Жұмыстың міндеттері: ағылшын мәтінінің кейбір ерекшеліктерін және оның басты белгілерін зерттеу; -ағылшын мәтінінің аударма теориясын қарастыру.
Жұмыс құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен. Бірінші тарауда мәтін және оның негізгі белгілері, мағынасы бойынша сөйлемнің мүшеленуі, фразалар арасындағы байланыс, мәтіннің басты және негізгі мазмұны, абзацтың логикалық құрылымы және ойдың дамуы қарастырылады. Екінші тарауда аударма теориясы, сөйлеу қызметі, Жеке сөз бен сөз тіркестерімен жұмыс істеу, эквивалентсіз лексиканы аудару, аударманы тілдік ресімдеу, тіл жүйесі, норма және узус талданады. Қорытындыда қорытындылар келтіріледі.
Курстық жұмыстың міндеттері :
Аударма теориясынның мәселесінің ерекшеліктерін, аударма технологиясын
, аударма мәселесін, лексикалық аударма ерекшеліктері зерттеу.
Теориялық бөлім
- Аударма үдерісі және технологиясы
Аудармалық немесе тіларалық трансформация дегеніміз - қайта жасап өзгертудің көмегімен оригинал бірліктерінен аударма бірліктерінен өтуді айтады. Аудармалық трансформация мазмұн мен мәнері бар тіл бірліктерімен жасалатындықтан олар формальды-семантикалық сипатқа ие, әрине бастапқы бірліктерді форма жағынан да мағына жағынан да өзгерте ді. Аударма процесін сипаттау шеңберінде аудармалық трансформация статистикалық жағынан, яғни бастапқы тіл бірліктерімен олардың сөздіктегі сәйкес келушілігінің арасындағы қатынасты талдау емес, динамикалық жағынан, яғни аударма тәсілі(әдісі) ретінде, аудармашы әртүрлі оригиналды аудару кезінде сөздік сәйкестігі жоқ, контекст бойынша қолдануға келмейтін жағдайда қолдана алатын аударма тәсілі ретінде қарастырылады. Бастапқы тіл бірліктерінің сипатына (түріне) қарай аудармалық өзгертулер лексикалық және грамматикалық болып 2-ге бөлінеді. Сонымен бірге күрделі лексика-грамматикалық өзгертулер, яғни бір мезгілде оригиналдың лексикалық және грамматикалық өзгерту немесе деңгей аралық, яғни лексикалық бірліктен грамматикалық бірлікке не керісінше грамматикалық бірліктен лексикалық бірлікке өту түрі болады. Аударма процесінде қолданылатын лексикалық өзгерулердің негізгі типтері мынандай аудармалық тәсілдерден тұрады: аудармалық транскрипция және транслитерация, калькирование және лексикалық-(конкретизация-нақтылау, генерализация-жалпылау және модуляция) . Ең көп тараған грамматикалық өзгертуге: синтактикалық ұқсасу (уподобление) (дословный перевод - сөзбе-сөз, өзгеріссіз), сөйлемді мүшелерге бөлу, сөйлемдерді біріктіру, грамматикалық ауыстыру (сөздің формасын, сөз табын немесе сөйлем мүшесін) ауыстыру жатады. Күрделі лексикалық-грамматикалық өзгертуге: антонимдік аударма, экспликация (описательный-перевод - сипаттау) және компенсация жатады. Транскрипция және транслитерация
Дегеніміз - оригиналдық лексикалық бірліктерінің формасын аударма тілінде әріптердің көмегімен қайта жасайтын аударма тәсілі. Транскрипция бойынша (арқылы) бөгде сөздің дыбыстық формасы қайта жасалынды, ал транслитерация арқылы сөздің графикалық формасы (әріптік құрамы) қайта жасалынады. Калькирования дегеніміз - оригиналдың лексикалық бірліктерін, олардың құрамдас бөліктерін - морфеманы немесе сөзді олардың аударма тіліндегі лексикалық сәйкестіктерін ауыстыру жолымен болатын аударма тәсілі. Калькированиянің мәні бастапқы лексикалық бірліктің структурасын көшіре отырып, аударма тілінде қайтадан жаңа сөз немесе тұрақты сөз тіркесін жасау болып табылатын.
Мысалы: Лексикалық, логикалық-семантикалық, грамматикалық, антонимдік компенсация. Лексикалық-семантикалық ауыстырулар дегеніміз- оригиналдың лексикалық бірліктерін аударма тілінің бастапқы тілдің бірліктерімен мағыналық жағынан сәйкес келмейтін, бірақ белгілі бір логикалық қайта жасаудың көмегімен жасалынатын тәсіл. Мұндай ауыстыруларға негізінен нақтылау, жалпылау және модуляция (мағыналық даму) жатады. Нақтылау дегеніміз - бастапқы тілдің кең көлеміндегі заттық-логикалық мағыналы сөздері мен сөз тіркестерін аударма тіліндегі тар шеңбердегі мағыналы сөздер мен сөз тіркестерімен ауыстыру.
Кейбір жағдайда нақтылау әдісін қолдану аударма тілінде кең мағыналы сөздердің жоқтығына байланысты.
Жалпылау дегеніміз- нақтылауға қарама-қарсы яғни тар мағынадағы бастапқы тілдің бірліктерін аударма тілінің кең мағыналы бірліктерімен ауыстыру. Жасалынған сәйкестік жаңа ұғым (жаңадан туған) яғни бастапқы түрді сақтай отырып жаңа ұғым білдіреді. He visits me practically every week-end. Ол шамамен маған әр аптада келеді. Жалпылама мағынасы бар сөзді қолдану аудармашыға автордың «уик - энд» айта отырып, сенбі ме жексенбі ме анықтап жатудан сақтайды. Кейде мұндай ауыстырудың қажеттілігі стилистикалық себептерге байланысты. әдеби шығармаларда қазақ тілінде адамдардың бойын белгілі бір өлшем бірліктерімен (қадам, метр) тура өлшеп айту деген болмайды. Ал ол ағылшын тілінде солай қалыптасқан. Мысалы: A young man of 6 feet 2 inches дегенді аудармада неғұрлым жалпылау әдісімен кең ұғымды қолданамыз: «ұзын бойлы, орта бойлы, тапал»
Модуляция немесе мағыналық даму дегеніміз - бастапқы тілдің сөздері мен сөз тіркестерін аударма тіліндегі, яғни мағыналары логикалық түрде бастапқы тілдің бірліктеріне шығатын бірліктермен ауыстыру өте жиі аударма мен оригиналдың сәйкес келетін сөздерінің мағыналары себеп - салдарлық қатынасы байланыста болады: I don’t blame them - Мен оларды түсінемін. Мен оларды кінәламаймын, себебі мен оларды түсінемін. Себеп-салдармен ауыстырылып отыр . He always made you say everything twice. - Ол үнемі бір нәрсені қайта сұрайтын. (Сіздің айтқаныңызды қайталауға тура келетін, себебі ол қайта сұрайтын) . Модуляция тәсілін қолдануда себеп -салдарлық қатынас үлкен мәнге ие, бірақ дегенмен логикалық байланыс әрқашан ұқсасу (сөзбе - сөз, өзгеріссіз) аудару дегеніміз - оригиналдық синтактикалық құрылысын аударма тілінің ұқсас структурасымен қайта жасау әдісін айтамыз. «нольдік » ауыстырудың бұл типі оригинал мен аударма тілінде параллель синтактикалық структуралар болған жағдайда қолданылады. Синтактикалық ұқсасу оригинал мен аудармадағы тілдік бірліктердің санының толықтай сәйкес келуін және олардың орын тәртібінің сәйкес келушілік жасайды: I always remember his words. Мен үнемі оның сөздерін есімде ұстаймын. Бірақ, кейде синтактикалық ұқсасуды қолданғанда, кейбір структуралық компонентерді өзгертуге тура келеді.
Аудармада сөйлемнің құрылысын өзгертудің себебі, сөзбе -сөз, өзгеріссіз аудару тәсілімен аударма эквивалентін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда болады. Сөйлемді мүшелерге бөлу тәсілі дегеніміз - оригинал сөйлемінің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп предикативті структураларымен қайта қайта жасау тәсілін айтамыз. Грамматикалық өзгертулер тәсілі дегеніміз-оригиналдың грамматикалық бірлігін аударма тілінің басқа грамматикалық мағыналарымен өзгерту тәсілін айтамыз. Бастапқы тілдің кез-келген деңгейдегі грамматикалық бірлігі : сөз формасы, сөз табы, сөйлем мүшесі, белгілі типтегі сөйлем ауыстырылуы мүмкін. Аударма кезінде бастапқы тілдің формасын аударма тілінің формасына ауыстыру болатыны түсінікті. Грамматикалық ауыстыру аударманың ерекше тәсілі ретінде аудармада аударма тілінің формасын жай ғана қолдану емес, сонымен бірге аударма тілінің формасын қолданудан бас тарту, яғни бастапқы тілге ұқсас, өзге тілге мұндай форманы ауыстыру грамматикалық мағынасы жағынан олардан өзгеше болатын формадан бас тарту болып табылады.
Антонимдік аударма тәсілі дегеніміз аудармада оригиналдың болымды формасы аударма тілінің болымсыз формасымен немесе керісінше, болымсыз мағынаның болымды мағынамен ауыстырылуы бастапқы тілдің лексикалық бірліктерін аударма тілінің қарама-қарсы мағыналы формаларымен ауысатын лексикалық - грамматикалық ауыстыру.
Экспликация немесе суреттеу (сипаттау) аудармасы дегеніміз - бастапқы тілдің лексикалық бірлігі аударма тілінің сөз тіркестерімен, яғни олардың мағынасын сипаттау (суреттеу) арқылы толық түсінік немесе анықтама беретін лексикалық - грамматикалық ауыстыруды айтамыз. Экспликацияның (суреттеудің) көмегімен оригиналдағы кез-келген эквивалентсіз сөздің мағынасын беруге болады: conservationist қоршаған ортаны қорғауды жақтаушы, whistle -stop speech - сайлау алдындағы үгіт жұмысы кезіндегі кандидаттың сөйлеуі. Компенсация тәсілі дегеніміз - оригиналдағы бастапқы тіл бірліктерінің элементтерінің мағыналарының жойылуы немесе түсіп қалуын аударма тілінде қандай-да бір басқа тәсілдерімен орнына келтіру тәсілін айтамыз.
1. 2. Аударма түрлері және лексикалық аударма ерекшеліктері.
Аудармада тілдік жүйенің әр деңгейінің (лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, синтаксистік) бір-бірімен тығыз байланысты екені ерекше көрінеді. Бір тілден екінші тілге аудару мәселесін қарастыруда басты назарды әр тілдің өзіне тән ерекшелігі бар грамматикалық, лексикалық құбылыстарға аудару керек. Дегенмен ортақ грамматикалық сипаттары бар тілдердің аударма тілден өзгеше лексикалық құрылымдарын аударма тілге қалай жеткізудің типтік жолын, мүмкіндігін табуға болады. Әрине, бұндайда әр тілдегі ерекшеліктердің көрінісін есепке алып отыру керек болады. Қазақ тілінің басқа тілдегі өзгеше грамматикалық құрылымдарды жеткізе білу мүмкіндігі, ол өзгешеліктерге белгілі бір сәйкес элементтерге сүйену керек. Аударманың жадында болатын бір нәрсе - ол сәйкестіктердің тек формалық қана сипатына сене бермеу. Мәселем, түпнұсқа тілдегі морфологиялық құралдар (жалғау, көмекші сөз, шылау т. с. с) арқылы берілген мағынаны бара-бар етіп аудару үшін лексикалық бірлік іздеуге немесе синтаксистік бірлікпен мағынаны толыққанды етіп беруге тура келуі мүмкін. Ешқандай теория, соның ішінде аударма теориясы да, типтік құбылыстарды жинақтаусыз іске аспайды. Алайда сол жинақтаулардың өзі де материалдың көлеміне, қандай тұсқа қолданылуына байланысты айқындалады, жіктеледі. Лексика - тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады. Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикалық аударулар. Бұл туралы негізгі мәселелер аударманың лексикалогиялық тұрғысына қатысты айтылды. Екі тілдегі сөздердің мағыналық ауқымы әр түрлі болады, соған байланысты түпнұсқа тіліндегі кең мағыналы сөздерді аударуда нақтыландыруға тура келеді немесе, керісінше, түпнұсқа тілдегі тар мағыналы сөзді аудармада кең мағыналы сөзбен береміз. Бұның бірінші тәсілін - нақтыландыру (конкретизация), екіншісін жалпыландыру (генерализация) деп атайды. Аударма кезінде аудармашылардың неліктен лексикалық трансформацияларға жүгінулеріне тура келеді. Олар екі тілдің семантикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Сөздердің мағыналық құрылымдары олардың қолданыстары, бір - бірімен сәйкес болу шарттары, әрбір тілдің сөздік қорлары-міне осы факторлар аудармашыға қиындықтар туғызуы мүмкінАударманың трансформациялық теориясының мәні аударма үдерісі барысында ой-мазмұнды толыққанды беру мақсатында түпнұсқалық лексикалық бірліктің ішкі формасын түрлендіруде немесе оны аударма тілінің лексикалық бірлігімен ауыстыруда. Аударманың трансформациялық үлгісін жасауда аудармашы аударма үдерісі кезінде қиыншылық тудырған күрделі мәселені тауып, оның шешімін табу үшін аударманың басты мақсаты оның адекватты болуы екенін ескере отырып, қажетті аудармалық трансформацияларды жасауы тиіс. Лексикалық трансформацияларды аударудың ерекшеліктеріАғылшын тілінен қазақшаға аударуда лексикалық трансформациялардың қолдану ерекшеліктерін анықтау болады. Аударма барысында келесі міндеттерді орындау керек. Аударманың трансформациялық теориясын қарастыру; Аудармадағы трансформацияның түрлерін анықтау; Аудармадағы лексикалық трансформациялардың жіктемелерін қарастыру. Лексикалық трансформация жасаудың тәсілдерін белгілеу; Лексикалық трансформацияларға сипаттама беру; Лексикалық трансформацияларға көркем әдебиеттен мысалдар қарастырып, оларды талдау. Жоғарыда қойылған міндеттерді орындау барысында жарнама газет аудармаларын зерттеу әдістерінің келесі түрлері болу керек :Жалпылама таңдау әдісі; Грамматикалық талдау; Лексикалық талдау; Синтаксистік талдау; Семантикалық талдау; Кешенді талдау әдісі; Салыстырмалы анализ. Қандай да бір қалыптағыдан тыс ерекше шарт қоятын контекстіде функционалдық қызметінен ауытқыған басқа бір бірліктер қолданылуы тиіс. Басқаша айтқанда, трансформация жасау қажет. Аударма-адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір-бірінен тілінің бөліктігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құралысымен-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын “қос тілді” адамдар-тілмаштар пайда болған. Халық тіршілігінде жазу-сызу қалыптасқан соң сөйлеушіге ілесе, қосарласа отырып, ауызша аударатын тілмаштар легіне аударуды жазбаша түрде жүзеге асыратын тәржімашылар қатары қосылды. Жазба аудару қалыптасқан тұстан бастап-ақ тәржімә халықтың мәдени-қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар өріліп, біте қайнасып жататын күрделі құбылысқа айналды. Қазіргі кезде сот отырысы, нотариустың қатысуымен құжаттарға қол қою сияқты маңызды іс-шараларға ауызша аудармашының қатысуы іскерлік өмірімізде ажырамас бөлікке айналды. Аударма-халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы, халықтардың арасында үзілмейтін үрдістердің бірі. Оның тұтастай алғанда әлем әдебиетіндегі, жекелеген халықтардың мәдениетіндегі рөлі айрықша маңызды. Осы ғасырда өркениетті елдердің барлығында да аударма жұмысымен шұғылдану өте-мөте белсенділік танытып отыр, Еуропа зиялы қауымның бүгінгі дәуірді “аударма ғасыры” деп аталуында мән бар, себебі нақ сол ой-санасы жоғары қауым бұл арнаны жер бетіндегі күллі ұлттармен ұлыстардың келісім-татулығын, бейбіт қарым-қатынастарын қалыптастыруға сүйеу бола алатын басты тіректердің бірі деп таниды. Әлемдік әдебиетпен әлемдік өркениеттегі таңдаулы мәдениет қазыналардың бірін-бірі байыту мүддесіндегі аударма ісінің маңыздылығы соншалықты, 1948 жылдан бері қарай ЮНЕСКО-да дүниежүзі тілдеріндегі аударма әдебиетінің жылма-жылғы тізімі жасалып, ресімделіп отырады. Демек аударма ісі-қоғамдық құрылымдағы қайшылықтарға, саяси ағымның екпініне тәуелсіз. Сөз жоқ, бір тілден екінші тілге аудару ісіне жүктелген міндет әр заманның талап-мақсаттарына сай әр қилы болды. Қазіргі заман деңгейіне қарағанда, арғы-бергі тарихта, бастапқыда ауызша, кейіннен біріңғай жазбаша қалып алған тәржіма саласынан қазақ халқы үшін мәдени-танымдық, қоғамдық-әлеуметтік сан түрлі қызметінің екі арнаға қарай тоғысатынын көруге болады: оның бірі-білім-ғылымды, оқу-оқыту ісін дамытуға қосқан үлесі; яғни ағартушылық қызметі; екіншісі-қаза әдеби тілінің қалыптасуына, тілдің сөздік қорының, жарнама газет аталымдар жүйесінің қосқан үлесі; жазба әдебиет нұсқасы ретінде тілді байыту қызмет. Ұлттық мәдениетті өркендетудің, әлемдік әдебиет нұсқаларымен, көршілес, туыстас халықтар әдебиетін оқып-үйренудің, жалпы алғанда, әлемдік өркениетке жақындаудың негізгі ұтымды көзінің бірі ретінде танылған аударма жұмысының дұрыс жолға қойылу қоғам мүшелерінің энтилектісін көтеру мен қатар, халықтар арасындағы экономикалық, саяси, мәдени байланыстарды нығайтуға жол ашатындығын ұғынған зиялы қауым өкілдері осы процеске белсене араласты. “Аударма” - көпмағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үрдісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның/жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс-әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді. Жарнама газет аударманың аталмыш бұл екі сипатын бөліп қарау бар. Бұл, біздің ойымызша, дұрыс емес сияқты, өйткені, ең алдымен, бұл екі ұғым (үрдіс пен оның өнімі) әрдайым өзара тығыз қатыста, ажыратуы қиын байланыста болады: үрдісі десек, оның нәтижесі алдын-ала өзінен-өзі ұйғарылып отырады. Егер аудару іс-әрекетінің кезеңдері мен жекелеген сәттері белгілі болса, оның өту барысының сипаты арқылы түпкі нәтиже болатын тілдік туындының белгілі бір ерекшеліктерін түсіндіруге болады. Не болмаса, керісінше, аударудың нәтижесіндегі өнім мен түпнұсқа мәтіннің байланыстарының ерекшеліктеріне сүйеніп, аудару үрдісінің мәтіннің байланыстарының ерекшеліктеріне сүйеніп аудару үдерісінің қозғалысы, қалай өткерілгені туралы ұйғарым-тұжырымдар жасауға болады. А. В Федоров аударманы түпнұсқасымен қатысты, екі тіл ерекшеліктерімен байланысты, материалдың жанрлық ерекшелігімен байланысты тілдік шығарма ретінде зерттейді. Аудармаға байланысты, басты екі жайт бар:
1. Аударманың мақсаты - бастапқы түпнұсқа тілін білмейтін оқырманды/тыңдарманды өзге тілдегі мәтінмен мүмкіндігінше жақын таныстыру;
2. Аударма дегеннің өзі - басқа тілдің құралдарымен бейнелегенді екінші бір тілдің құралдарымен бейнелегенді екінші бір тілдің құралдарымен толық та нақты, нық шынайы, сенімді бейнелеу. Аударма мынадай тұстарда қолданылады.
1. диалектіден оның әдеби тіліне;
2. әдеби тілден оның диалектісіне (негізінен, жазбаша түрде емес, ауызша түрде болатын үдеріс) ;
3. бір диалектіден екінші бір әдеби тілге (керісінше болуы мүмкін емес, яғни бір әдеби тілден екінші бір тілдің диалектісіне аудару қажетті жұмыс емес) ;
4. бір тілден екінші бір тілге;
5. туыстас тілдер арасында;
6. тегі бөлек тілдердің арасында;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz