Бала сезімін дамыту орталығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі МКҚК

Тіл және әдебиет кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРМЕН ЖЕКЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҰМЫСЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІГІ
Мамандық атауы: 0111000 Негізгі орта білім беру
Пәні: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

Орындаған: Айдархан Ж.
Ғылыми жетекші: Жоламанова Т.М.
Курстық жұмысты қорғаған бағасы:

Кафедра меңгерішісі Рахым А.Қ.
Хаттама№_____ ______ _____________20_____ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Компьютерлік ойындарды дайындау және қолданудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3. мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы компьютерлік сауаттылыққа үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тіл дамыту - қазіргі оқытудың басты мәселесі. Тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу, ауызша және жазбаша тілін дамытып, тіл мәдениетін жетілдіруде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің алатын орны ерекше. Әр мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды. Сондықтан қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі көркем сөздің осы сияқты ерекшеліктерін оқушыларды тіл мәдениетіне үйретіп жетілдірудің мықты құралы ете білуге тиіс. Оқушының тілін дамыту жұмысы,ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы пәнді оқып үйренсе де, өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбе-күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады, яғни оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырылса, сондай-ақ, ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында нақтылы тәрбиелік процесте ауызша тіл дамыту жұмыстары қай жерде, қалай жүргізіледі, оқушылардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктер қандай әдіс-тәсілдер арқылы түзетіліп отырады-мұның бәрін ойластырып, педагогикалық, психологиялық, методологиялық тұрғыдан қарап, дұрыс шешімін табатын тек қана тіл маманы болып табылады. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту, сапалы білім беру-қазіргі кезде мектеп мұғалімдерінің, тіл мамандарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Қазіргі заман талабына сай білім беру үрдісі білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай отырып, тұлғаны жан-жақты дамытуға, шығармашылықпен айналыстыруға жол ашып отыр. Алайда, осы іс-шаралардың барлығы мұғалімнің ұйымдастыруы мен шеберлігінің нәтижесінде іске асырыларды.
Сондықтан оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін өрістетіп, жетілдіріп отыруды көздейтін мектеп көлемінде тиісті шаралар белгіленіп, жаппай жұмыс жүргізілмесе де, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері оқу материалдарының мазмұны мен түрлеріне байланысты сынып жағдайында және одан тыс уақытта да бұл жұмысты үздіксіз жүргізіп отыруға міндетті.
Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңында
Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту-дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы өзекжарды мәселелерді де айқындайды.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге,өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі - тіл дамыту жұмыстары. Оқушылардың тіл дамыту жұмысын дұрыс ұйымдастырып, дұрыс жүргізіп отыру-әдебиетті сөз өнері ретінде шығармашылық шабытпен шебер оқыта білудің бір көрінісі болып саналады. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне,сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Оқушының білімі ғана жетіліп қоймайды, қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады.Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың сөйлеу тіліне мынадай талап қойылады:Оқушы айтайын деген ой-пікірін жүйелі, байланысты түрде әңгімелеп беруге жаттығу.
Сөз тартымды, мазмұнды болуға тиісті.
Әдеби тілдің нормасынан ауытқып кетпей, оны сақтап мәнерлеп сөйлеуге дағдылану.
Сөзді дұрыс, орынды қолданып, сөйлемді дұрыс құрап ойын айта білуге машықтану.
Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорда жатады. Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді. Сөздік қорды байыту жұмысында іріктелініп алынатын атаулар, ұғымдар ұлттық дәстүріміз бен өткен тарихымызға байланысты болса, оның жан-жақты маңызы артып отыратындығы белгілі.Өйткені оқушылар өзінің туған халқының тарихымен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен байланысты атауларды үйрену арқылы білім қорын жинай бастайды.
Зерттеудің мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын дамыту, әдебиет және қазақ тілі сабақтарынан білімдерін толықтыру. Сабақ кезінде және сабақтан тыс қазақша сөйлеудегі сөздік қорын дамыту.
Зерттеудің міндеттері:
oo Мектептегі тіл дамытудың жолдары.
oo Әдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары.
oo Тіл дамыту жаттығуларының ерекшелігі
oo Оқушылдарды шығармашылыққа баулу.
Зерттеудің Болжамы: Егер, болашақта әр ұстаз оқушылардың тілін дамыту барысында әр тапсырма мен жаттығуға аса назар аударса,әр жас жеткіншек қазақша еркін сөйлеуіне бір мүмкіндік болады.

0.1. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды қолдану
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты - баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.
Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығынада байланысты.
Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде.
Әрине мұндайда педагогикалық технологияға анықтама берген ғалымдардың бірін атап өтсек те болады. Олар: В.П.Беспалько, В.М.Монахов, В.М.Кларин, П.И.Третьчков, И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, М.А.Чошанов т.б. өз еңбектерінде қарастырып өткен.
Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқытут.б.
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты - мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, бабалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық.

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.

Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.
Бала бақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.
Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсаты - баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Заман талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ оқыту процесінде кенінен пайдаланады. Түрлі танымдық салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда. Баланың жас ерекшелігіне және пайдаланатын компьютерлік бағдарламаларға сай интерактивті тақта ойындағы баланың оппоненті, бағдарлаушы (әңгімелеуші), жаттықтырушы, емтихан қабылдаушы болуы мүмкін.
Оқытуда балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға араналған пайдаланатын компьютерлік құралдар бар: олар қөру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлау, т.б.
Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда оқуға, жаңа білім алуға деген құштарлық туғызады.
Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы (түс, графика, дыбыс, замануи видеотехникалық құралдар) түрлі жағдайлар мен ортаны моделдеуге болады. Мультимедиалық бағдарламаларға еңгізілген ойын компоненттері үйренушінің таңымдық әрекетін белсендіреді және материалды ұғынуды күшейтеді.
Оқытуда пайдаланатын интерактивті құралдар: тақта, компьютерлер балаларды диагностикалауда жақсы көмекші болып келеді:

Зейінің дамытуда

Есте сақтау қабілетін дамытуда

Ойлау қабілетін дамытуда

Тілің

Жеке тұлғасың дамытуда

Оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда

Ақпараттық мәдениетке бейімдеу - ол тек ғана компьютерлік сауаттылық емес, сонымен қатар этикалық, эстетикалық және интеллектуальдық сезімін меңгеруі болып табылады. Балалардың онай түрде түрлі электронды, компьютерлік жаңалықтармен жұмыстана білу тәсілдерін меңгеруі сөзсіз. Бала бір минутта 1 мыңға дейін шартты бірлік ақпаратты қабылдап өндей алады, ал көру органдары қосылғанда 100 мың шартты бірлік ақпаратты қабылды деген эксперимент арқылы дәлелденген. Мектепке дейінгі ересек жастағы балада ырықсыз зейіні жақсы дамығаны белгілі, бірақ балаға ақпарат қызықты, көрнекілік болғанда зейіні жинақталатыны, жағымды эмоциялар туғызатыны да белгілі. Компьютерді біріккен және өзбетімен әрекеттенуде қолдану баланың мотивациясын көтеру және оқуға деген жекелендіруінің бір тиімді тәсілі болып келеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады және жағымды эмоциялық фон туғызады. Осыдан АКТ-ні оқытуда пайдаланудың тиімділігі көрінеді.Мектепке дейінгі мекемелерде АКТ пайдалану балаларда қоршаған ортаның ақпарат ағымын бағдарлай білу дағдыларын дамытуға, ақпаратпен жұмыстанудың практикалық тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, заманауи техникалық құралдар арқылы ақпаратпен бөлісу дағдыларын дамытады.Оқу іс-әрекеттерінде АКТ пайдалану түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту тәсілінен гөрі әрекет жасауға көшу мүмкіндігін береді, бала педагогикалық ықпалдын пассивті обьектісі емес, белсенді субьекті болады. Осы, мектепке дейінгі балаларды саналы білім алуға әкеледі. Интерактивті оқу іс-әрекеттерін өткізу бөлмесі келесі міндеттерді орындайды:

балаларды жаңа технологиялары арқылы оқыту;

сауық және ойын орталығы;

мұнда көлемді білімдендіру және сауықтыру міндеттер орындалады;

балаларға және тәрбиешілерге жұмыстануға өте жағымды жағдайлар туғызады;

балаларды компьютерлік технологияның мүмкіндіктері мен дағдыларымен таныстырады.

Интерактивті тақтаны пайдалану

Оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді. Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және педагогикалық инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Бірнеше технологиялардың пайдаланудың әсері, оқыту нәтижесінін сапасын күшейтеді.
Электрондық жүйеде оқытуда мультимедияны пайдалану, балаларға ақпаратты беру жылдамдығын, оны түсінуді көтеріп ғана қоймай, соңымен қатар мынандай маңызды сапаларды интуиция, образдық ойлауын дамытады.
Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті тақтаны пайдалану тәсілдері өте көп. Бұлар презентациялар, интерактивті оқыту бағдарламалары, графикалық, бағдарламалық орталықтарда жобалар құрастыру.

Интерактивті тақтаны пайдалануда қандай дағдылар болу қажет:

Компьютерді қолдана білудің бастапқы білімі

Word, Power Point бағдарламаларымен жұмыстану

Интернет жүйесінде жұмыстану практикасы (бейнелерді, әзір презентациялар мен оқыту бағдарламаларын тауып алу).

Өздігінен даму технологиясы (Монтессории мектебі) - бұл баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуіне, мұнда оқыту бала дамуына сәйкес болуы керек, сонда ғана бала өзін дамыта алады. Итальян психологі М.Монтесори түсіндіруінше баланың туғаннан азамат болғанға дейін барлық өмірі - оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады.
Бұл технологияның ерекшелігі оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Балабақшада сабақ болмайды әр күн жалпы жиыннан басталады және жиыннан кейін әркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады. Әр баланың іс-әрекеті өз еңбегіне қарай үлкендермен бағаланады. Мұндағы басты мәселе, бала өз-өзін бағалайды.
Балалар, әртүрлі жастағы топ болып жұмыстанады, мысалы 2 жастағы баланың қасында 4 жасар бала жұмыстанады, олар бір-біріне кедергі келтірмейді, керісінше бір-біріне көмектеседі.
Бала сезімін дамыту орталығы
Баланың сезім тәрбиесі, баланың қабылдауын дамыту және қоршаған әлемдегі заттардың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру: пішіні, көлемі, түсі, салмағы, кеңістіктегі орны, иісі, шығаратын дыбысы, т.б. болып табылады.
Іс-әрекет жасау орталығы

Бұл орталықта балалар өздерін күтуге арналған заттар орналасады. М.Монтессори балаға өзбетімен жұмыстануға үйрету, баланың инттелектуальдық қабілеттерін дамыту, өз-өзін тәрбиелеу және жоғарғы баға беру күшті түрткіш болып келеді деп тұжырымдайды. Сонымен қатар практикалық жаттығулар орындау арқылы бала өзінің қимылын жетілдіреді.

Тіл дамыту және жазу орталығы

Материалдар баланың дұрыс тілін дамытуға көмектеседі, сөздік қорын байытады, қолын жазуға дайындайды, фонематикалық есту қабілетін дамытады, оқуға және жазуға үйретеді.

Математика орталығы

Математика орталығында балалар 10-ға дейін сандармен, жиынтықтармен, арифметикалық операциялармен танысады.

Осы орталықтың Монтессори-материалы балаға қиын абстрактылық математикалық түсініктерді және операцияларды түсінуге көмектеседі.
Ғарыш орталығы

Осы орталық балаларды қоршаған ортамен таныстырады. Осы орталық материалы ботаника, зоология, анатомия, география, физика, астрономия негіздерін меңгеруге көмектеседі.

Бала орталықты және Монтессори-материалын өзі тандайды. Монтессори- тәрбиеші бала әрекетіне қажет болғанда қатысады.
Өсе келе бала қажетті дағды мен іскерлікті меңгереді, сонымен қатар балада тәуелсіздік, өзіне деген сенімділік сезім қалыптасады.
М. Монтессори әдісі балада өзінің мүмкіндіктеріне сай дамуға деген қызығушылық, жаңа білімді тануға деген құштарлығын оятады. Бала не істегісі келеді емес, неге дайын соны істейді. Ересектер ереже ұсынады, балалар өз бағытымен сол ережелерді орындап, дамиды. Сонымен бала өз әрекетінің нәтижесіне жауапкершілік сезіммен қарайды.

Проблемалық оқыту технологиясы- баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, балалардың белсенділігі арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады.
Ынтымақтастық педагогикасы-педагогтың талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшуі. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі: тәрбиеші-бала, бала-тәрбиеші, бала-бала, яғни бала да тәрбиеші де субъектілер болып табылады. Сонымен қатар, баланың жеке басына ізгілік қарым-қатынас, бала мен тәрбиеші арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас жасау.
Бұл технологияның негізгі мақсаты-баланы азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы-білім, білік, дағдыны меңгерту болып табылады. Әр баланы қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, балалардың әр түрлі топ ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды бейімдеу, ыңғайлау.

Модульдік оқыту технологиясы-оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық процесті ұйымдастыру, тәрбиешіге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Балалармен жүргізілетін жұмыстарда кездесетін қиыншылықтардың алдын-алу және түзету жұмыситарының жүйесін құру.

Қорыта келіп айтатын болсақ аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.
Тәрбиеші - бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптар студенттерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.
Ұрпақ болашағы - тәрбие мен білімде.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2008 жылдың 6 ақпанындағы халыққа Жолдауында Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым - қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек - деп айтылған.

Жас ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен міндетті шешуге мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің орны ерекше. Олар өмір есігін жаңа ғана ашқан жас буындар денесінің, ақыл - ойының, сана - сезімінің дамуына, адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық талғамның қалыптасуына жағдай жасайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсатты қоғам талабынан туады. Өйткені елімізге Отанын сүйетін, білімді, моральдық бейнесі жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген адамдар қажет.

Тәрбие мақсатын анықтау - қашанда қоғам шешетін қажетті мәселе, өйткені жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің жүйесін құру, қоғамдық тәрбие орындарының типтері, оқу - ағарту мекемелерінің сипаты, оқу - тәрбие жұмысының мазмұны, әдісі, формасы тәрбие мақсатына байланысты анықталады.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл - ой қабілетін жан - жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың ақыл - ой қабілетін дамыту мүмкіндіктері мол. Ғалымдардың пікірінше табиғи жаратылысында ақыл - ой қабілетінің алғашқы шарттары 50 - 60% байқалған. Баланың ақыл - ой ерекшеліктері жаратылысынан шығармашылық, ізденімпаздық сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл - ой қабілетін дамыту, оның нақты бағыттарын айқындау ең алдымен оның жас және дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты. Балалардың толыққанды ақыл - ой тәрбиесін сенсорлық процестерді қалыптастырудан бастау қажет. Ойлау әрекетін дамыту сөйлеусіз мүмкін емес. Бала тілді меңгере отырып заттар, олардың қажеттері, белгілі туралы білімдерді игере бастайды. Нақты бағдарлама мазмұнына сай балалар қарапайым математикалық ұғымдарды меңгеру негізінде санау, салыстыру, заттардың ұғындырып, енін, биіктігін өлшеу, сұйық және сусымалы заттардың көлемін шартты өлшеуіштердің көмегімен өлшеу, сондай - ақ жиын, сан, есептеу ұғымдарын да дидактикалық және танымдық ойындар арқылы үйренеді.

Білім берудің ең төменгі сатысы - мектепке дейінгі кезең және тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырудың ең қуатты кезеңі. Бұл сатыдағы баланың есте сақтау қабілеті, қабылдауы төмен болғанымен білуге құштарлығы зор болады.
Даму ортасының негізінде тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемесі, баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт.

- Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;
- Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету;
- Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру;
- Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым - қатынасты орнату;
- Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау;
Мұндай педагогикалық технологиялардың жан - жақты тарағаны оң нәтижесін танып жатқан бірқатар түрлерін атауға болады.
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы әлемді, шарлау, эссе құру, тірек сызбалар әдістерін үйренсе.
- Ойын арқылы оқыту, білім беруді ізгілендіру технологиясында қарапайымдылық, кішіпейілділік, өзара түсінушілік сезімдерін баулиды.
- Оқытудың ақпараттық технологиялары арқылы мультимедиялық құралдарды пайдалану.
- Психофизиологиялық талаптарды басшылыққа ала отырып компьютерлік ойындарды қолдану. Мектепке дейінгі балалардың ата - аналарына кездескен проблемаларды бірлесіп шешу мүмкіндігін бере отырып, оларды білім беру мен тәрбие беру процесіне тартуға міндетті.
Отбасында ата - аналарға педагогикалық білім өте қажет, себебі ата - ана бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерін айқын түсінбей бала тәрбиесінің жолдары мен амалдарын ойдағыдай іске асыра алмайды.
Ата - аналармен әңгіме кезінде өсіп келе жатқан сәбидің мүмкіндіктері зор, бірақ олар шексіз емес екендігін олармен бірге өткізілетін тренингтерде ескерту қажет.
Баланың мүмкіндіктерін ескермей дамуды жеделдетуге болмайды, сондай - ақ даму барысында кідірісте болмау қажет. Сондықтан ата - ана ерте сәбилік және мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуының психофизиологиялық көрсеткішін білуі маңызды.
Бүгінгі таңда біз Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа стандартымен жұмыс істеудеміз. Оқу жүктемесі 5 білім саласы бойынша жүргізіледі: Олар Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік орта.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.

1.2. 1.2. Компьютерлік ойындарды дайындау және қолданудың маңызы
Ғылым мен техниканың жедел қарқынмен дамуы жылдан-жылға оқыту технологияларының жаңа, озық түрлерін ұсынуда. Қазіргі кезде қоғамымыздың даму бағытында жүктеліп отырған мәселе - жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас буындардың білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.

Бүгінгі таңда балалардың сүйікті іс-әрекеті - компьютерлік ойындар. Балаларға арналған компьютерлік ойындар баланың шығармашылық қасиеттерін, логикалық және жобалық ойлау, алда болар шешімді болжау қабілеттерін дамытады.

Бірақ, бұл компьютерлік ойындардың күңгірт тұстары да бар. Қазіргі уақыттағы компьютерлік ойындардың түрлеріне байланысты, жасөспірімдер шым-шытырман оқиғаларға толы ойындарды ойнайды. Мұның баланың болашағын бұлыңғырлайтын, өзін де, өзгені де ұмытар лудоманияға салар қаупі бар. Себебі, бүгінде көптеген балалар кейбір ойындардың салдарынан қоршаған ортамен байланысын жоғалтуда. Осыдан келіп оқшаулану, қалыптасқан дағдылардан айырылу, қатыгездену, жалғызсырау, өзінің ішкі әлеміне кету сияқты жайттар пайда болуда.

Ал, екіншіден, осындай виртуал ойынның оқиға желісін басшылыққа алып, шын өмірдегі әрекеттерін сәйкесінше арнаға бұрып жатқан жасөспірімдер арасында топтасып төбелесу, қарақшылық шабуыл, нашақорлық сияқты келеңсіз көріністерді жиі байқаймыз.

Компьютерлік ойын (кейде видеоойын термині бір мағналы емес болып пайдаланылады) - ойында серіктестермен байланыста немесе өзі серіктес қызметінде қатысатын, ойын барысында ұйымға қызмет ететін, компьютерлік бағдарлама немесе компьютерлік бағдарлама бөлшегі.

Компьютерлік ойындар фильмнің және кітаптардың негізінде құралады және басқада қарама-қарсы уақиғаларда болады. Арнаулы әзірленген ойындар ойыншыларға ғылыми-зерттеу жұмыстарда қолдануға рұқсат етіледі. Сондай-ақ 2011 жылдан бастап компьютерлік ойындар - ресми түрде АҚШ-тың үкіметінің және американдық ұлттық қормен өнердің жеке көрінісімен, қатар театрмен, киномен және т.б. мен қабылданды.

Жанр ойынның мақсатымен анықталады. Келесі жанрлар: экшен, қойылымды, стратегиялы, симуляторлы, головоломкылі, қызықты және білімді болып бөлінеді.

Өзіне үйретуші бағдарлама элементтерін қосатын, ойын барысында өзі арқылы берілетін, және осыған байланысты ерекше жағдай құрметіне орай қызығушылығы артып, әрі қарай жақсы сақталатын ойын, білімді ойын деп аталады.

Оқылатын сұрақтар, сабақтың әдістемелік зерттемесімен байланысты, компьютерлік ойындар сабақтың мақсатында қолданылатын,компьютерлік оқуды зерттеудің маңызды бағыты болып табылады. Компьютерлік ойындарға бөлінетін айрықша көңіл екі жағдайға байланысты. Біріншіден, Басқа ұйымдық оқу әдістеріне қарағанда, дәстүрлі маңызды орын алатын компьютердерді пайдалану, оқу барысында ойындарды қолдану жаңа сапалы кезең болып табылады. Екіншіден, компьютерлік ойындардың қолданылуы және дамуы олардың үлкен танымалдылығына және кеңінен таралуына байланысты. Қазіргі уақытта компьютерлік ойындар "ғылыми-техникалық төңкеріс заманында толық құқылық элемент болып саналады.

Ойын күрделі әлеуметтік-психологиялық көрініс болып табылады, жеткілікті қарым-қатынасты сезіну, қобалжу амалына тексеріс болып,өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі кемелдендіру, ішкі шатақтың жеңуі, және де көңіл-күйін ынталандыруға серпіліс болады. Ойын баланың әлемдегі адами құбылыстары мен қатынастарына байланысты формада қарастырылып, ойын мағынасы әлеуметтік тұлға барысында анықталады. Ойын, сондайлық даму сатысында туындаған, басқа жоғары деңгейлі еңбек формаларының бала істеуіне мүмкін емес , сонда оның тәрбиелену шаттары мен заманауи әрекеттеріне және ересектер өміріне ұмтылуы қалыптасады.

Компьютерлік ойын мағынасының дамуы мектеп оқушыларының кіші жасөспірімдер кезіне өте маңызды. Компьютердің қолдану сабақта эмоциялық икемделу жасайды, себебі өз кезегінде, оқушылардың дамуына жағымды әсер етеді. Бұл ретте компьютер бағдарламаның әрекетінің қаталдығының, балаға ылғи біраз қатал талаптармен шұғылдануын, кейбір жұмыстардың сақтамаса жүзеге аспауын көрсетеді. Бұл жағдайда компьютер оқу барысында орын алатынын көрсетеді.

Қазіргі таңда ойын құрудың көп мөлшерде бағдарламалары бар,және де ол бағдарламалармен жұмыс жасау үшін әдебиеттерде бар. Екі жағдайда да оқиға ойынның құрылысы туралы айтылады. Құрылыстары көмегімен ойын құрастыруға болады. Басқа сұрақ, қандай сапада бұл ойын болады. .

Білімді ойындар құру барысында көбінесе Adobe Flash аспаптарының мүмкіндіктерін пайдаланады.

Adobe Flash - бұл веб-қосымшаларын құру үшін өте танымал мультимедиалық технология. Бұл бағдарлама салыстырмалы түрде жақында шыққан (алғашқы нұсқасы 1995 жылы шыққан және оны FutureSplash Animator, кейіннен Macromedia Flash, 2006жылдан бастап Adobe Flash деп атаған ) және содан бастап маңызды бола бастады.

Қазіргі кезде Flash растрлықпен, векторлықпен, 3D жазу-сызумен, аудио және видео конентпен жұмыс жасауға, осының барлығынан анимировалық сахна (векторлық морфинг бойынша) немесе интерактивті орда құруға мүмкіндік береді.

Бүгінде Adobe Flash көп мөлшерде ғаламтор-жарнамалар (банерлер), ойындар, бейнесуреттер, қосымшалар және әлеуметтік желілер құрастыруда. Adobe - Flash бөлшектер құрылысы Professional және Flash Builder компанияларынан болып табылады.

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.

Келешегімізден үмітті болуымыз үшін жас буын өскенде, ата-баба мұрасын білу қажет. Ол үшін жас буынды уақыт санына төтеп беріп, тұрмыс өлшеміне шақ келген ата-бабаларымыздың қасиетті тәжірибесімен ауыздандыру керек. Себебі, қазіргі адамгершілік, әдептілік, имандылық сынды шынайы қасиеттерді адамзаттың әлсіз тұсы деп қарауға жетіп қалған техногендік өркениеттіліктің уытын қайтару үшін салт-дәстүрлерге маңызды рөл жүктеледі. Мектепте оқытылатын информатика пәні оқушыларға компьютерлік технологиялардың барлық мүмкіндіктерін үйретуге негізделген. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоғамдық тәрбиелеу
Жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы жалпы түсінік
Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Қорқыныш сезімінің пайда болуы және түрлері
Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани - адамгершілік дамуын талдау
Мектепке дейінгі мекемелерде интерактивті оқыту үрдісін пайдалану
Ересек балалардың бейнелеу оқу іс-әрекетінде көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш сезімі
Тәрбиешілердің балаларды өсімдіктермен таныстыру үрдісіндегі жұмыстары
Пәндер