Барлық монадаларға тән қасиет осы түсінік


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім университеті КеАҚ
Гуманитарлық факультеті
Реферат
Тақырыбы: Г. Лейбництің монадологиясы
Тексерген: Мұқатаева А. А.Орындаған: Абылхамитова Сымбат
Тобы: ДЯ-801С
Семей қаласы, 2020 жыл
ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Г. Лейбництің өмірі мен еңбектерінің өзіндік ерекшеліктері
б) Г. Лейбництің монадологиясы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Жаңа заманғы ғылым мен философияның аса көрнекті өкілі Готфрид Лейбниц (1646-1716) Германияның Лейпциг қаласында туып өскен. Ол кезде Германия Еуропа елдерінің ішіндегі ең мешеу қалған, 300-ден аса ұзақ княздықтарға бөлініп кеткен, 50-ден аса дербес хұқықты қалалардан тұратын әлжуаз мемлекет еді. Лейбниц өз Отанының патриоты ретінде алпауыттарға қарсы болды, жаңа буржуазиялық қатынастардың қанат жаюына жан-тәнімен жақтасты. Бірақ та неміс бюргері жалтақ, әрі түрлаусыз болғандықтан алпауыттардың ыңғайына жығыла беретін ынжықтығымен ерекшеленетін. Өз тобының өкілі ретінде Лейбниц, негізінен, материализм мен атеизмге қарсы шықты. Сонымен қатар, схоластиканы қатал сынға алды, техника мен жаратылыстану ғылымдарының дамуын жақтады, Берлин ғылым академиясының негізін қалаушысы, әрі алғашқы президенті болды. Ол Петербург Академиясының ашылуына да дем берген еді. Оның әмбебап таланты әр қырынан керінді - математикада дифференциалдық теңдеулердің алғышарттарын ашты, физикада энергияның сақталу заңының негізі болған күштердің сақталу заңын ашты, геология мен биологияда эволюциялық ілімнің негізін қалады. Ол әрі тарихшы, әрі өнертапқыш, әрі тіл білімінің маманы, әрі философ болатын.
Өзінің философиялық өсу жолында Лейбниц механикалық материализмнен объективтік идеализмге бет бүрған еді. Декарт дуализміне, Спинозаға, Локктың таным теориясына қарсы күресе отырып, Лейбниц өзіндік ерекшелігі бар объективтік идеализмнің жүйесін қалыптастырды. Лейбництік монадологияның дүниеге келуіне сол кездегі жаратылыстану ғылымдарының қол жеткен табыстары, әсіресе көзге көрінбейтін ұсақ тіршілік иелерінің табылуы орасан зор ықпал еткенді.
Лейбництің логикасы Аристотельдің қағидаларын ілгері дамыта отырып, ақиқатты сандық қатынастар арқылы сараптауға жол салады. Шын мәнісінде Лейбниц осы күнгі математикалық логиканың алғашқы идеяларын тұжырымдай алған еді десек, артық айтқандық болмас еді. Ал танымдық теориясында Лейбниц сенсуализмге қарсы Декарт бағытын қуаттады. Алайда, ол Декарттың да «туа біткен идеяларына», ақиқаттың өлшемі анықтық, айқындық деген тұжырымына да, күмәндану қағидасына да қарсы шықты. Идеялар Лейбництің пікірінше, зердеде ұрықтық дәрежеде болады да, кейіннен саналы ұғымдарға айналады.
Ақиқат туралы ілімінде Лейбниц рационализм мен эмпиризмді жалғастырғысы келді. Алайда, онда рационализм сарыны үстем болды. Шығу тегі жағынан ақиқат екі түрге бөлінеді: 1) ақыл-ой ақиқаты немесе қажеттілік ақиқаты; 2) фактінің ақиқаты немесе кездейсоқ ақиқат. Бірінші ақиқаттың ерекшелігі оның жалпылығында және қажеттілігінде. Оны сезімдік тәжірибе арқылы айқындау мүмкін емес. Бұларға логика мен математикалық қағидалар жатады. Ал қайшылық принципі (қағидасы) - ақиқатты табудың жолбасшылық өлшемі. [1]
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Г. Лейбництің өмірі мен еңбектерінің өзіндік ерекшеліктері,
Г. Лейбництің монадологиясы
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Батыс Еуропадағы саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдай тудырған ғылым мен зерделі ойлау процесінің әрі қарай дамуы философия тарихындағы үлкен өзгерістердің пайда болуына әкеліп соқты. Міне, осындай тарихи құбылысты данышпандықпен көре біліп, оны өз шығармаларында жан-жақты талдап берген немістің атақты ғалымы, көрнекті философ Г. Ф. Лейбниц (1646-1716) болды. Ол Германиядағы жаңа қалыптасып келе жатқан капиталистік қатынастардың негізінен туған ғылыми теорияларды айқын көре білді.
Жаңа дәуірдегі таным теориясында эмпиризм мен рационализмнің арасындағы күрестің шиеленіскен жағдайы Лейбницке де өз әсерін тигізді. Ол өзінің "Адам зердесінің жаңа тәжірибелері", "Монадология" деген еңбектерінде таным теориясындағы рационалистік әдістің әрі қарай дамуына кеңінен жол ашуға тырысты. Алайда, оның рационализмі таным теориясындағы шиеленіскен қайшылықтардың түйінін шеше алмады.
Г. Лейбництің рационалистік көзқарасы оның ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жан-жақты үштасты. Ол өзі әрі физик, әрі математик, әрі механик, тағы басқа ғылымдардың негізін қалаушы болды. Оның осы ғылыми білімдер саласындағы пайымдық қызметі философиялық жүйені зерделік негізде толығынан жасап шығуға бөгет болмады.
Г. Лейбництің рационализмі өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Декарт пен Спинозаға қарсы бағытталды. Ол өзінің рационалистік көзқарасында осы ойшылдардың дүниетанымындағы негізгі кемшіліктерге тоқталды. Егер Декарт өзінің философиясында дүние екі субстанциядан тұрады деп, ал Спиноза ол субстанция - табиғатты жалғыз деп есептесе, Г. Лейбниц мұндай ойлардың ағат екендігін дәлелдеуге тырысты. Оның ойынша, субстанция ұшы-қиыры жоқ дүние заттары болып есептеледі және ол өте көп. Философ әрбір субстанция болмыстың "біреу", яғни жалғыз екендігін, монада (дара, қарапайым деген сөз) екендігін анықтады [2] . Монада материалдық емес, ол рухани атом. Кез келген монада әрі жан, әрі дене, сол екеуінің бірлігі. Монадалар арқылы материя мәңгі қозғалыс қабілетіне ие болды. Сөйтіп, ол материя мен қозғалыстың бір-бірінен ажыраспайтынын және өзара бірлікте екендігін анықтап берді.
Әрбір монада бір жағынан алғанда форма, ал екінші жағынан алғанда материя. Бірақ, форма материалдық емес, ол мақсаттылық негізде қозғалатын күш. Ал дене болса, механикалық күш. Бірақ, табиғатты механика арқылы, соның күштерімен, заңдарымен түсіндіру мүмкін емес. Олай болса, таным процесіне мақсаттылық принципін енгізу керек. Сонда әрбір монада, бір жағынан алғанда, барлық қозғалыс-қимылдың ішкі себебі және екінші жағынан олардың мақсаты. Философтың ойынша, жан дегеніміз дененің мақсаты. Бірақ, бұл дененің ішкі қозғалысын айқындайтын мақсат. Ендеше, осы ішкі мақсатқа қарағанда дене - жанның құралы ғана. Бұл жерде біз Г. Лейбництің дүниені механикалық негізде танудың тар өрістілігін байқап, одан шығудың жолын ол мақсаттылық принципі арқылы таппақшы болғанын көреміз. Философтың бүл принципі таным теориясында ғана емес, барлық ғылымдар саласында да үлкен рөл атқарды десек асыра айтқандық емес.
Субстанция ретінде әрбір монада бір-бірінен тәуелсіз. Бірақ, олар бір-бірінен бөлініп жатқан дүние емес. Әрбір монада бүкіл әлемнің құрылымын бейнелейді. Сондықтан болар, Г. Лейбниц монаданы әлемнің "тірі айнасы" деп атайды. Барлық монаданың екі түрлі табиғаты бар: бір жағынан ол - белсенді, рухани болса, екінші жағынан ол - енжар, материалдық. Монаданың ішіндегі үнемі болып тұратын өзгеріс пен қозғалыс ондағы негізгі принципке байланысты. Монадалардың дамуы арқылы көрінетін оның ұшы-қиыры жоқ әртүрлі жағдайлары оның материалдық емес, идеалды екендігін, яғни түсініктер екенін мойындатады. Олай болса, барлық монадалардың дамуына негіз болып отырған да осы түсініктердің күші. Бұл күшті Г. Лейбниц перцепция деп атайды. Барлық монадаларға тән қасиет осы түсінік. Бірақ, перцепция санада орныққан дей алмаймыз, ол негізінен табиғаттағы жан-жануарлар мен басқа да организмдерге тән. Ал адамдарға тәп қасиет - өзіндік сана қабілеті. Оны Лейбниц апперцепция деп атайды. Түсініктер қабілеті барлық монадаларға тән дей отырып, философ микродүниенің денелерін ашты. Мұның өзі біздің заманымыздан екі ғасыр бұрын ашылған үлы жаңылық. Монадалар, Лейбництің ойынша, тек атомға ғана емес, сонымен бірге микродүниелерге де ұқсас. Оның ойынша, бұл кіші дүние" әлемнің қысылған формасы.
Міне, біздің байқап отырғанымыздай, Г. Лейбництің таным теориясы мен монадалар идеясы оның зерделік ойынан келіп туып отыр. Монадалардың әртүрлі болуы, әр сатыда дамуы бейнелеу қабілетінің әртүрлілігіне байланысты. Төменгі сатыдағы монадалар қараңғы қабылдауға ие болған. Олар не өздерін, не өзгені айыра алмайды. Одан кейінгі саты күңгірт елестетуден тұрады. Мұндағы монадалар барлық заттарды өзінен айыра алады, бірақ, өзін-өзі түсіне алмайды. Олар елестеген нәрсені өзінен де, басқалардан да айыру кабілетіне ие болады. Г. Лейбництің бүл жердегі зерделі ойы монадалардың қалыптасуы арқылы адам баласының пайда болып, өсіп-жетілгенін және дамуын көрсетіп отырғандай.
Г. Лейбництің таным теориясындағы негізгі мәселелердің бірі - дамушы сананың әртүрлі сатыларының айырмашылығын көрсету. Оның ойынша, сана әрдайым даму үстінде. Ол қараңғы сананың айқындыққа өтіп отыратынын көрсетіп берді. Осыдан келіп Лейбниц мынандай қорытынды жасады: әрбір қазіргі монада, біріншіден, болашаққа ұмтылса, екіншіден, оның өткен дәуірі бар. Әрбір монаданың болашағы (сондай-ақ, өткен дәуірі) өзіне және де оның ішкі танымдық мазмұнының әрі қарай дамуына байланысты. Философтың бұл көзкарасы сол кезде кең өріс алған механикалық ілімге қарама-қарсы түр. Оның ойынша, әрбір даму - сапалы жаңа процесс.
Г. Лейбництің көзқарасы жаратылыстану саласын пайымдауға ғана негізделмей, зерделік ойлаудың барлык мүмкіндігін пайдаланып отыр. Сондықтан ол таным теориясындағы бір-бірімен шайқасып келген эмпиризм мен рационализмге тән сыңаржақтылықтан қалайда құтылмақшы болды. Сол себептен ол рационалист Декарттың білім туа пайда болады деген идеясын қатты сынға алды. Алайда, Лейбниц таным теориясында рационализмнің ықпалынан толық шыға алмай, туа пайда болмаса да ақылда (зердеде) орын алатын кейбір идеялар бар деуге мойын ұсынды. Олар дайын күйінде емес, тек мүмкіндік түріндегі ақылдың орналасуы. Бүл мүмкіндіктер қалайда болсын жүзеге асуы керек. Оның ойынша егер біз өзіміздің ішкі дүниеміздегі "мен"-ді, "өзіндік сананы" мойындайтын болсақ, онда сыртқы заттарға бағынбайтын қабілеттіліктің орын тебетінін айтқанымыз жөн. Өйткені, бұл ақылдың, зерденің табиғаты және ол өзін-өзі ғана қабылдайды. [3] Лейбництің осы ойы оның рационалистік көзқарастың біржақтылығынан шығып кете алмағанын көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz