Мал - мүліктерін ысырап еткендерге ешнәрсе бермеңдер


Исламдағы ысраф түсінігі және қазіргі қоғамдағы ысрафшылық
ЖОСПАР
2. 1 Қазіргі кездегі мұсылман қоғамындағы ысрафшылдықтың
көріністерірі . . .
КІРІСПЕ
Ислам діні мұсылман баласына ішіп жеуде, киім киюде, дүние жинауда және оны пайдаланып, жұмсауда орта жолды ұстауды бұйырған. Ішкен-жегеніміздің, киген киіміміздің, тапқан табысымыздың адалдығын қадағалаумен қатар, күнделікті тіршілігіміздегі несібемізді пайдалану жолында ысырап болмауына да көңіл бөлуіміз басты керек. Ауыздан-ауызға тарап кеткен қазақтың көркем сөздерінде «Судың да сұрауы бар» және де Абай атамыздың «Адам болам десеңіз Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» дегені ысрапшылдықты тыюға шақырғаны.
Тақырыптың өзектілгі: Жаһандық статистика бойынша, жер бетінде өндірілген тағам түрлерінің күн сайын миллиондаған тоннасы далаға тасталады. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі Ұйымының баяндамасында АҚШ-та тағам өнімдерінің 40%-ға жуығы қоқысқа тасталатыны, Еуропада жыл сайын 100 млн тонна азық-түлік өнімдері лақтырылатыны келтірілген. Егер, бүкіл дүниежүзіндегі далаға тасталған тағамдардың көлемін есептесе, ол Мексиканың территориясына баршылық екен [1, 19 б. ] . Құранда: « . . . Ішіңдер, жеңдер бірақ ысырап етпеңдер, шындығында Алла тағала ысырап етушілерді сүймейді» - деп, берілген нығметті қалауымызша тұтынуымызды, бірақ ысырап жасамауымызды ескертсе, Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) :«Жеңдер, ішіңдер, садақа беріңдер және киініңдер, бірақ ысырапшылдық пен даңдайсуға жол бермеңдер» - дейді. Далаға тасталған тамақ біздің нығметіміз. Ендеше, Алланың берген нығметінен ішіп-жеп, сонымен бірге дәулет артылып жатса жағдайы жоқтарға, кедей-кепшіктерге, жетім-жесірлерге, медресе, мешіт, балабақша, аурухана сияқты орындарға жұмсаудың зор сауапты іс екендігін ұқтыруда [2, 6-7 бб. ] .
Сондай-ақ, тәкаппарлыққа ұрындыратындай сырт көзге көрсету, мақтану ниетімен қымбат киіну де ысыраптың бір түрі.
Қаражатымызды жалпыға пайдасы тиетін жерге жұмсап, зияны тиетін істен аулақ болуымызды нұсқайды. Себебі, Алла тағала дүние-мүлікті пенделерге жақсылық жасауы үшін үлкен мүмкіндік ретінде берді.
Жоғарыда айтылған мәселеге тағы да назар аударсақ. Себебі неде, оны қалай тоқтатамыз немесе алдын-алу шаралары қандай болмақ?
Азық-түлік ысырабына тиісті сақтау орындарының, арнайы қоймалардың, тоңазытқыштардың болмауы, яғни, маркетингтік тәжірибенің төмендігі, егіс даласы мен нарық арасындағы тепе-теңдікті ескермеу, адамдардың нем-құрайлылығы едәуір әсер етеді. Тағы бір үрдіс, қазір бүкіл әлем елдерінде ірі дүкендер желісі кең таралған (мысалы, еліміздегі «Магнум», «Метро», «Рамстор» және т. с. с. ) . Мұндай дүкендер көкөніс, жеміс-жидек өнімдерін өткізушілерден өнім қабылдаған кезде олардың белгілі бір көлемде, әдемі әрі біркелкі болғанын талап етеді. Бұл көкөністердің, жеміс-жидектердің «косметикалық идеалды» стандарттарын талап етуден шықты: мұндай әдеміліктен ада немесе стандартқа сай еместері қабылданбайды, тіпті елдеріндегі супермаркеттер қалыпқа (стандартқа) сай емес өнімдерді тастамаудың жолын іздей бастапты [3] . Көптеген дүкендерде «тасталған тауарлар» деген арнайы көрсеткішті төмендету үшін оларды арзандатып сату, арнайы биозауыттарға өткізу, қайырымдылыққа беру іспетті үрдістер байқалады, АҚШ-тың Нью-Йорк штатында тағам қалдықтарын қоқысқа тастауға тыйым салатын заң да шықты. Және де мұндай көріністер көбейіп келеді. Батыс елдері кекірігі азған қоғамның алысқа бара алмасын дер кезінде аңдаған тәрізді [4, 139 б. ] .
Ал, біздің халықта бұл үрдіс қалай қалыптасқандығына назар аударсақ. Қазақстанның бір байлығы - астығы. Бірақ, диқанның маңдай терімен, Жер-ананың мейірімен келетін осы өнімді дер кезінде жинап алмай, шірітіп, қар астында қалдырып жүргеніміз жасырын емес. Жыл сайын жыр болатын бұл мәселені отандық баспасөз айтудай-ақ айтып, жазып келеді. Алайда, нәтиже жоқ. Бір ғана Қостанай облысында 2014 жылы 32 мың гектардың астығы дер кезінде орылмай қалған. Биыл да солтүстік облыстарда бидай қар астында қалды. Жауапты адамдар астықтың ысырап болуын арнайы қоймалардың жетіспеушілігіне, тасымалдау кедергілеріне, элеваторлардың аздығына сілтейді. Бірақ, бұл себептердің ешқайсысы да ас атасы нанның аяқ асты болуын, еш болған диқан еңбегінің өтеуі кімнен екенін түсіндіріп бере алмасы анық. Ысырапшылдықты дәстүрлі қазақ ұғымында құпталмайтындығын, Ислам дінінің әуел бастан ысырапшылдыққа қарсы екендігін ескерсек, әрбір адам білуі керек дүние - үнемшілдік. Ысырапқа бармау үшін үнемшіл болу қажет. Үнемшілдік - шектен тыс кетпеу, керегінен аз немесе көп жұмсамау, яғни орта жолды ұстай білу керек деген ұғымды білдіреді. Алла тағала: «Ысырап етпе, сөзсіз ысырап етушілер шайтанға бауыр болмақ. Ал, шайтан болса, Раббысына тым күпірлік етуші», - деп, оның қаншалықты күнә екенін білдіреді.
Аятта дүниені оңды-солды шашуға болмайтындығы ескертілуде. Оңды-солды шашудағы мақсат, дүниені аз немесе көп жұмсауында емес, оны не мақсатқа пайдаланғаны маңызды. Ислам ғалымдарының көзқарасы бойынша Алла үшін жұмсалған дәулет ысырапқа жатпайды. Ал, жеке мүдде үшін қаражатты орынсыз шашу ысырап. Ол отбасының берекесін қашыратын жағымсыз әрекет. Құранда: «Ысырап етпеңдер, күдіксіз Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді», - деп ысырапқа үзілді-кесілді жол бермеу керектігі айтылған.
Қазіргі кезде өмірімізде кездесетін ысыраптың түрлері: заттай ысырап (суды, электр энергиясын шектен тыс пайдалану) тыйым салынған нәрселерге шашылу, оның ішінде ішімдік, құмар ойындары, киімге, мүлікке қалай болса солай қарау, тез тоздыру; қонақ шақырғанда тым артық тағам дайындау, ол астың рәсуа болуы; бір тауарды, затты сатып алғанда артық, өз бағасынан асыра ақша төлеу; рухани ысырап немесе жан ысырабы [3] .
Соңғы бірнеше онжылдықта халқымыздың тұрмыс-тіршілігі едәуір өзгеріс-терді бастан кешті. Атап айтсақ, материалдық өркениет, экономикалық құрылымдар адамдардан белгілі бір мінез-құлықты, ғұрыптарды қабылдауын, айнала қоршаған ортаға бейімделуін талап етеді, бұл біртіндеп әдетке айналады. Еліміз бойынша 2000-жылдардан бастап әлеуметтік-экономикалық ахуал жақсара бастады, елдің тұрмысы да көтерілді. Нарықтық қатынастар өмірімізге еркін еніп, сауда-саттық ұлғайды, азық-түлік түрлері көбейді, дастархан молайды. Сонымен бірге, барды бағаламау, обал-сауапты ұмыту іспетті теріс құбылыстардың пайда болғаны да осы кез. Өйткені, кейбір кезде молшылық, қонақжайлылық пен ысыраптың қай жерден басталатынын білмей, олардың шекарасын аңғара алмай қалатынымыз бар. Барды бар деу, әрине, керек. Бірақ, сараң екен деп айтпасын деп қана шектен тыс қонақжайлылық таныту мақтанудың бір түрі әрі бұл ысырапқа жол беру екені рас. Ас та төк дастарханнан артылып, қоқысқа тасталған астың обалы кімге?!
Жұмыстың мақсаты-міндеттері: Бұл дипломдық жұмысты жазудағы мақсатым - Исламдағы ысраф түсінігін ашып көрсету, қазіргі қоғамдағы ысрафшылық мәселелерін айқындау. Оны Исламдағы мысалдармен көрсетіп, оларды тыю мен қауіпті тұстарын ашып беру. Қазіргі кездегі мұсылман қоғамындағы ысрафшылдықтың көріністерін қарастырып, ысрафшылдықты азайтатын діни амалдарды ұсыну менің мақсатым болды. Міндетім - Исламдағы қағидаттарды қарастыра отырып, халыққа дұрыс бағыт көрсету.
Зерттеудің нысаны. Әлемдегі ысырыпшылдық.
Зерттеудің пәні. Ысырапшылдықтың қоғамымыздағы зардабы.
Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері:
Тақырып бойынша дереккөздер мазмұны және сипаты жағынан әр түрлі.
Дипломдық жұмыс келесі топтағы негізгі дереккөздерді меңгеру барысында жазылған:
- Ысраф жайлы жазылған еңбектер қазақ тілінде мәліметтер аз болғандықтан түрік әдебиеттері және орыс тілінде жазылған мақалала еңбектері қарастырылды. Сонымен бірге Ресей және Батыс Европа тұтыну әлеуметтану еңбектері, Түркия мемлекетінің тұтынуға байланысты сайттардаң мәліметтер қарастырылды.
- Құран мен хадистер жинақ еңбектер;
- Қазақтың мейрамдарына және Араб мемлекеттерің ысрап ететің шығындары жайлы интернет порталда жазылған жаңалықтарда қарастырылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыстың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан, сілтеме және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Зерттеу жұмыстың жалпы көлемі 64 бет. Дипломның бірінші бөлімінде исламдағы ысраф ұғымы және шариғи үкімдері қарастырылса. Екінші бөлімінде күніміздегі ысрафшылдық жайлы қарастырылды.
І ИСЛАМДАҒЫ ЫСРАФ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ШАРИҒАТ ҮКІМІ
- Құран мен сүннет негізінде айтылған ысрапшылдық
және олардың түсіндірмесі
Зая кеткен әрбір сәт, бостан босқа жанып тұрған жарықтар, бет алды төгілген тамақтар, тасталған нандар ысырап пен тұтынудың шегі мен дәрежесінің көрінісі болса керек.
«Ысырап» сөзі араб тілінен енген, «текке шашу», «ысырап ету», «мөлшерсіз жұмсау», «шегінен шығу» деген секілді мағыналарды білдіреді. Яғни, ысырап - «астамшылыққа жол бермеу мен орта жолды ұстану» деген үнемдеу сөзінің антонимы.
Алла тағаланың тарту еткен несібесін бет алды шашу, түбінде адамға өкініш алып келетін күнә. Құран Кәрімде: «Жақындарыңа, кедейлерге, жолда қалғандарға қарайласыңдар. Бірақ оңды-солды шашушы болма. Себебі ысырап етушілер шайтандарға бауыр болмақ. Ал шайтан Раббысына тым күпір етуші» [5, 17:26-27] деп, ысырап етуші мен дүниені оңды-солды шашушыларды шайтанға теңеген.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) адамзатқа берілген әрбір нығметтің сұрауы бар деп, Алланың берген нығметін оңды-солды шашпауға, әсте тәкаппарлық пен ысырапқа жол бермеуге бұйырған. Тіпті, құлшылық мақсатында дәрет не ғұсыл құйыну кезінде де қолданылатын суды ысырап етпеуге шақырған. Астамшылық жасағандарға ескерту жасаған. Бірде сахаба Сағд ибн Әби Уаққасқа «Ей, Сағд! Дәретті өзен суынан алсаң да, ысырапқа жол берме» деп, пайғамбарымыз ескерткен.
Әрине, ысырап етуді тек ішіп-жеумен, мал-мүлік немесе материалдық мүмкіндіктермен ғана шекеуге болмайды. Себебі оның қолдану аясы өте кең.
Алла тағаланың адам баласына тарту еткен материалдық һәм рухани нығметіне лайық бола білу өте маңызды. Десе де, пенде ғапылдыққа салынып бұл нығметтердің қадірін сезінбей орынсыз ысырапқа жол беруде.
Артық сөз, артық тамақ, артық ұйқы - ысырапқа жатады. Тіпті, уақыт пен денсаулықтың қадірін білмеу де ысырап.
Жеке тұлғаның немесе көпшіліктің қандай жағдай болмасын пайдасынан зияны көп әрі орынсыз шығындалар болса - ол ысырапқа жатады. Имам Ағзам Әбу Ханифа бір сөзінде «Өз орнымен жұмсалған шығын ысырапқа жатпайды, ал ысыраптың өзі еш уақытта жақсы нәтиже бермейді» деген болатын [6, 13б. ] .
Ысырапшылдық - Алла Тағала сүймейтін іс. Өйткені, ысырапшылдық жеке тұлғаға, отбасына, қоғамға қауіп төндіретін, тірнектеп тапқан дүниенің түбіне жететін, бұл дүниенің өзінде де кесірін тарттыратын қатерлі дерт. Алла Тағала құлдарын кең мейірім, рақымымен сан-алуан нығметке бөлеген. Ішіп-жеу, киім-кешек, дүние-мүлік тәріздес нығметтердің барлығы Алла Тағаланың құлына сыйлаған ерекше сыйы. Ал адамзатқа жүктелген міндет - сол берілген сансыз нығметтерді жөнімен қолданып, астамшылық көрсетпей, ысырапшылдыққа жол бермеу. Себебі, берілген дүние-мүлік пәни дүниедегі тіршіліктің сәні ғана. Бұл туралы қасиетті Құранда былай делінген: «Байлық пен балалар - дүние тіршілігінің сәні. Ал бақи қалатын жақсылықтар болса, Раббыңның қасында, табыс бойынша да жақсы әрі үміт тұрғысынан да жақсы»[5, 18-46] .
Иә, бала-шаға, мал-мүлкіміздің барлығы осы жалған дүниенің сәні. Бірақ осы дүниеде істелген игі амалдарымыздың жемісін мәңгілік ақыретте жейтініміз сөзсіз. Ибн Аббастың айтуынша, жақсы амалдарға күнделікті бес уақыт намаз және әрбір Алла разылығы үшін жасаған іс-әрекеттеріміз, сөйлеген сөздеріміз жатады.
Сондай-ақ дүние-мүлік те - адам баласының игілігіне берілген нығметтің бірі. Ал пенде әр нәрсенің адал, арамын ажыратып білуі тиіс. Алла Тағала былай бұйырады: Яғни, адамзаттың ағзасына, ақылына зиян келмейтін әрі кері әсер етпейтін Алланың берген сансыз халал рызығынан жеңдер деуде. Өйткені ішіп-жейтін барлық қоректеріміздің қайсысы халал, қайсысы харам екені ашық та айқын көрсетілген. Пайғамбарымыз былай дейді: «Расында, халал мен харам анық. Ал халал мен харамның арасында адамдардың көбi хабарсыз болған күмәндi нәрселер бар. Күмәндiден сақтанғандар - өзiнiң дiнi мен ары үшiн тазарған болады»[7] .
Олай болса, Жаратушы иеміздің сансыз нығметтерін, оңды-солды шашпай, харам мен халалды ажыратып пайдалану пенденің басты міндеттерінің бірі болмақ. Құранда: « . . . Ішіңдер, жеңдер бірақ ысырап қылмаңдар, шындығында Алла Тағала ысырап қылушыларды сүймейді»[5, 7-31] - деп, берілген нығметті қалауымызша тұтынуымызды, бірақ ысырап жасамауымызды ескерткен.
Демек, Алланың берген нығметінен ішіңдер, жеңдер сонымен бірге дәулет артылып жатса жағдайы жоқтарға, кедей-кепшіктерге, жетім-жесірлерге, медресе, мешіт, балабақша, аурухана сияқты орындарға жұмсау зор сауапты іс. Сондай-ақ тәкаппарлыққа ұрындыратындай сырт көзге көрсету, мақтану ниетімен қымбат киіну де ысыраптың бір түріне жатады.
Сондықтан қаражатымызды жалпыға пайдасы тиетін жерге жұмсап, зияны тиетін істен аулақ болуымыз абзал. Себебі, Алла Тағала дүние-мүлікті пенделерге жақсылық жасауда үлкен мүмкіндік етті.
Ал енді ысырап сөзі қандай мағына береді, жалпы ислам тұрғысынан ысырапты қалай түсінуіміз керек деген сауалдарға жауап қарастырып көрейік.
«Ысырап» сөзінің тілдік мағынасы, дүние-мүлкіңді, керек-жарағыңды орынсыз шашу, артық шығынға жол беру, мөлшерден артық ішіп-жеу, уақытыңды дұрыс қолданбау, Алла Тағаланың сыйлаған әрбір нығметін өз орнымен қолданбау дегенді білдіреді.
Ысырапқор адам берілген нығметке қанағатсыздық танытып, тек іше берсем, жей берсем, үсті үстіне бола берсе деген тоғышарлық мінез танытады.
Олай болса, ысырапқа бармау үшін үнемшіл болу қажет. Үнемшілдік - шектен тыс кетпеу, керегінен аз немесе көп жұмсаудан алыс болу, яғни орта деңгейді ұстай білу.
Үнемшілдік - шүкіршіліктің белгісі. Үнемшіл адам Алланың берген нығметтерінің қадірін біледі. Сондай-ақ құрметпен қарап, ондағы Алланың мейірімі барын сезініп, өзіне берілген сый-сыяпаттың қадірін түсініп, оны босқа жұмсаудан тартынады. Белгілі бір өлшемде ғана қажетіне жұмсайды. Осылайша Жаратушының бергенін қанағат қылады. Оларды тиімді жұмсау біреудің қолына телміруден құтқарады. Және де өз ар-намысын сақтаумен қатар сарқылмас берекеге кенелтері сөзсіз.
Сондай-ақ ол үнемшілдік арқылы Алла Тағаланың разылығына бөленуге болады. Ал ысырап қылушы шайтанның достарынан болып табылады.
Алла Тағала: Ысырап етпе, сөзсіз ысырап етушілер шайтанға бауыр болмақ. Ал шайтан болса, Раббысына тым күпірлік етуші», - деп, ысырап етудің күнә екендігін, тіпті, кісіні шайтанға бауыр ететін Жаратушыға жағымсыз іс екенін білдіреді.
Аятта дүниені оңды-солды шашуға болмайтындығы ескертілуде. Оңды-солды шашудағы мақсат, дүниені аз немесе көп жұмсауында емес, оны қай жерге пайдаланғаны маңызды. Ислам ғалымдарының көзқарасы бойынша, Алла үшін жұмсалған дәулет ысырапқа жатпайды. Ал жеке мүдде үшін қаражатты орынсыз шашу ысырапқа жатады.
Сондай-ақ ысырап үлкен күнә, әр отбасының берекесін қашыратын жағымсыз пиғыл. Құранда: «Ысырап етпеңдер, күдіксіз Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді», - деп ысырапқа үзілді-кесілді жол бермеу керектігі айтылған [8, 124-125 бб. ] .
Мәселен, үлкен күнәлар қатарына жататын арақ, құмар ойнау, зинақорлыққа жұмсалған қаражаттың түбі неге апаратыны айдан анық. Өйткені, ішімдікке қаражат жұмсап, сонысына тояттаған адам өз отбасының шырқын бұзады. Оның ақыры жанұяның ажырасуына, шиеттей сәбилердің жетім қалуына әкеп соғады. Сол сияқты құмар ойынға ақша жұмсағандар, соған әуестеніп, санасын улағандар түрлі қиындықтарға душар болып, сан соғып қалып жатады. Сондай-ақ пара беріп өз ойын іске асырғандардың да, болмашы дүниеге алданып арын сатқан барлық зинақордың да күні осылай болмақ. Ондай жолдың соңы жақсылыққа апармайтыны белгілі. Міне, осы кесірлердің бір себебі мақтанышпен дүние шашушылық, -яғни ысырапшылдық. Тіпті кейде бұның ысырап екенін білмей, өз істеріне сүйсіне жасайтындарда ұшырасады. Құран Кәрімде былай делінген: «Солайша шектен шығушыларға (ысырап қылушыларға) істеген істері көркем көрсетіледі».
Яғни бұл аятта адам баласына қандай да бір қиыншылық төнсе, ауырса, кедейленсе, Жаратушы иемізден әр кейіпте: тұрып та, отырып та, жатып та жәрдем сұрайтынын айта келе, әлгі дерттен айықтырған сәтте барлығын ұмытып, баяғы әніне қайта басатындығы айтылған. Бұған қоса өз білгенін дұрыс көріп, ысырапшылдығын тыймайды.
Негізінен жұртқа көрсетіп, байлығымен масаттану үшін жасалған мұндай істердің сыбайласы шайтан. Өйткені, олар жетім-жесірлерді жебеп, кембағал-кәрілерге көмек жасамайды. Ал Құранда: «Туысы жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға міндетті түрде қарайласыңдар. Және мүлде ысырап қылмаңдар»[5, 17-26], - деп ескертіледі.
Туған-туысымызға, міскін-кедейлерге, сапарға шығып жолда қалғандарға қанша қайырымдылық көрсетсек те ысырапқа жатпайды. Керісінше олардың жағдайын жасау міндетіміз. Және де мүмин орта жолды ұстанғаны дұрыс. Алла Тағала: «Олар мал сарп қылғанда, ысырап жасамай, сараңдық қылмай, ортасында болады»[5, 25-67], - дейді.
Яғни, өздерінің сарп қылған дүниелерінде ешбір ысырапқа жол бермей әділдікті ұстанып, ортаны игі тұтқандар. Шынайы құлдар Жаратушымыздың көрсеткен шариғатынан асып кетпей, сонымен қатар парыз қылған әмірін кем қылмай орындайды. Сондай-ақ дүние-мүлікті жинап, пайдалы жерге жұмсамай сараңдық танытып, қол қусырып отырғанның да дұрыс еместігін Алла Тағала ескертуде.
Тағы бір аятта: «Қолыңды мүлде мойныңа байлаулы қылма да бүтіндей ашпа (өте сараң да, тым дарақы да болма) »[5, 17-29], - дейді.
Ысырап қылу мен бірге тым сараңдық таныту да Исламға жат қылық. Себебі, пендені күтпеген жерінен рызықтандырушы, мал-мүлік беруші - Алла. Бірақ таршылық көрсек, сабырлық танытқанымыз абзал. Адамзатқа ненің керек, ненің керек емес екенін жақсы білетін Алла Тағала әрбір істі хикметпен жаратыны сөзсіз. Олай болса, дүниені сарп ету мен оған сараңдық таныту тек бір Аллаға тән сипат. Өйткені, Ол - мүліктердің Иесі
Жалпы, шектен шығу туралы Құранда Таха сүресі, 81 аятында нақ айтылған:
«Бірақ шектен аспаңдар, әйтпесе сендерге қаһар да төгемін. Ал менің қаһарым кімге келсе, ол сөз жоқ, күйрейді» деген қағиданы тағы бір рет ескерейік дегіміз келеді. Әділдіктің төресі Алла тағала еңбектің еш болғанын қаламайды.
Ислам діні мұсылман баласына ішіп жеуде, киім киюде, дүние жинауда және оны пайдаланып, жұмсауда орта жолды ұстауды бұйырған. Ішкен-жегеніміздің, киген киіміміздің, тапқан табысымыздың адалдығын қадағалаумен қатар, күнделікті тіршілігіміздегі несібемізді пайдалану жолында ысырап болмауына да көңіл бөлуіміз басты мәселе.
Адам баласы бұл дүниеге бостан босқа жаратылмаған. Ақыл-есі бар адамзат әрбір ісі мен сөзі үшін, өзін жаратқан Жаратушы Алланың алдында жауапты. Алла Тағала әрбір ақыл иесіне: «Біз сендерді бостан-босқа жараттық, әрі сендер Бізге кері қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?» [5, 23-115] деп сауал қояды.
Сыры мен сынағы көп мына дүниеге келген адамдардың әрқайсысының жаратылысы әрқилы болып келетіні сияқты, материалдық жағдайымыздың да әрқилы болуы Алланың тағдыры әрі сынағы.
«Байлық мұрат емес, кедейлік ұят емес» демекші, байлық нәсіп етсе шүкір етумен, кедейлік келсе, сабыр етумен де сауапқа кенелуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz