Педагогикалық ғылымның институциализациясы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Жас ұрпаққа сапалы білім беру- күрделі ұйымдастырылған жүйе. Оның нәтижелері нақты мемлекеттің, оның мәдениетінің әлеуметтік-тарихи дамуына байланысты әлеуметтік мазмұны, бағыттылығы, белгілі бір кеңістіктік шекаралары бар. Сондықтан Қазақстанның білім беру жүйесін зерттеу, оның үрдістері мен негізгі кезеңдерін анықтау Қазақстан Республикасының тарихымен тығыз байланысты.
Статистикалық деректер мен көптеген мұрағат материалдарын, ғылыми зерттеулерді талдау XIX ғасырдың соңында қазақстандық білім беру жүйесінің даму жолдары мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында білім беру және мәдени процестердің әлеуметтік салдары туралы қалыптасқан көзқарастарды қайта бағалау және стереотиптерді еңсеру қажеттілігі туралы толық негізбен айтуға мүмкіндік береді[1].
Саяси-экономикалық білім саласындағы реформаларда егеменді еліміз игі бастамаларға қол жеткізгені мәлім. Алдағы уақытта адамгершілік құндылықтар, рухани білім, өскелең ұрпақты көзі ашық қылып тәрбиелеу, сонымен қатар, бойларына патриоттық рух пен сенімділік сыйлау барысында оқу-білімге, педагогикаға, педагог мамандардың біліктілігіне назар аудару-заман талабы болып табылады.Себебі,қазақилығымыздың иісі аңқып шығар төл салт-дәстүрлерімізді, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық болмысымызды қайта жаңғырту болып табылады. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жалпы рухани жаңғыру, білім, ғылымға баса назар аударуы-білікті саясаткерлік пен көрегенділіктің белгісі іспеттес.Ол дегеніміз-жалындап жанған жас ұрпақтың бақытты болашағы мен еш алаңсыз келешегі үшін жасалынған жоспар. Себебі, білім-ғылымның көгіне өрмелеп шығу, елді-жерді көркейту- әр азамат пен азаматшаның, жеке индивидтер мен қоғамның, ел ертеңі үшін маңызды бастама болып табылады.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев 2019 жылғы 5 қазандағы жолдауында: 2019 жыл - жастар жылы деп жариялады[2]. Бұл-жас қазақстандықтарға жаңа мүмкіндіктер ашады. Барлық ел бойынша мемлекеттік қолдау шаралары қабылданып, бірыңғай іс-шаралар жоспары әзірленді. Бүгінгі таңда Қазақстан болашаққа жоспар құрған кезде, оның стратегиялық дамуы жастар көшбасшысының, барлық өскелең ұрпақтың энергиясынсыз, олардың ел құру жөніндегі процестерге мүдделілігі мен қатысуынсыз мүмкін емес болып табылады.
Оқу-білім арқылы рухани құндылықтарға оңай қол жеткізу үшін ол тұлғаның санасын өзгерту арқылы , оны қоршаған қоғамның санасының жаңғыруы болып табылады. Міне, сондықтан да, біздің тәуелсіз мемлекетіміз білім беру саласы, жастар саясаты жөніндегі заңнамаларға үлкен маңыздылық беріп отыр. Расымен де, қазіргі қоғамның жаһандық ауқымды кеңістігінде жаңашылдық бетбұрыс қажет. Бұл үлкен бұрылыс, біріншіден, жастар үшін мүмкіндік, екіншіден,тыңғылықты жауапкершілік. Әрине, жастар үшін-бұл үлкен бедел. Мемлекеттік қолдау өскелең ұрпақтың жарқын болашаққа деген сенімін арттырады.
Жаһандық уақытта шерумен шектелуге болмайды. Менің ойымша, қазіргі жастар өз мүмкіндіктерін жіберіп алмауы керек. Қазіргі Тәуелсіз елдің игілігі үшін өткенді тану мен дәстүрлерін қолдану-ата-баба рухына деген құрмет болып табылады. Жастар үшін батыл халықтың ұрпақтары, олардың шешуші рөл атқаратынын көрсету уақыты келді деп санаймын.
Қазіргі заманғы техникалық мамандықтар, гуманитарлық ғылым мен инновациялар заманында жастар шеберлік шыңына ұмтылуы тиіс, білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуы тиіс.Ең жақсы жоспар-уақыт талаптарына сай бейімделген жоспар. Жас ұрпақтың басты мақсаты - бақытты халықтың, қасиетті Отанының, гүлденген жердің-Қазақстанның беделін көтеру.
Жастар бар елді жарқын болашақ күтіп тұр. Сондықтан біз, жастар, қазіргі қоғамның барлық салаларына белсенділік танытып, Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне күш салып, еңбек етуге тиіспіз. Мемлекеттің тұңғыш басшысы Н.Назарбаев: "Қазақстанның болашағы - қазіргі жастар. Оларға қандай білім бересіздер, Қазақстан да сол деңгейде болады". Яғни, еліміздің ертеңгі күні жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне байланысты. Елбасы ұсынған саясат университет студенттеріне, жас ұрпаққа жаңа серпіліс беретін жаңа қадам болды.
Жоғарыда айтылып кеткен ұстаным мен қағидалардың тарихи сипаттамасы ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялыларының еңбектерінде де кездеседі. Ұлт зиялылары өздерінің тарихи мақалаларында жас ұрпаққа оқу-білім алу арқылы ұлтқа адал еңбек етудің негізгі бағыттарын көрсетіп кеткен.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі,бірінші кезекте Қазақстандағы білім беру жүйесін кезеңдеу мәселелері, жас буынды оқыту, сонымен қатар, сапалы біліммен қамтамасыз ету, тарих-педагогикалық ғылымда ғылыми жалпылау үшін маңызды болып табылады. Кезеңдеу нақты елге, аймаққа немесе жалпы адамзатқа тән білім беру жүйесінің генезисінің негізгі мазмұнының мәнін анықтайды.
Қазіргі заманғы тарихи-педагогикалық ғылымда білім беру жүйесін кезеңдеу мәселесіне әртүрлі көзқарастар бар. Бұл проблеманың күрделілігі дүниежүзілік тарихи процестің, сондай-ақ оның өңірлік тарихының негізделген мүшелігіне қажеттілікті қанағаттандыруға қабілетті бірыңғай өлшем, негіз белгілеу ғана емес. Білім беру реформаларының нақты нәтижелерін олардың ойы мен орындалуынан мүлдем шығаруға болмайды, өйткені олардың білім беруге әсері әртүрлі әлеуметтік-мәдени факторлармен айқындалады.Білім-ғылым-қай ұлттың болмасын, тарихи тағдырына әсер етер шешуші рөл атқарады.Себебі, білім мен ғылымның біздің өткен тарихымызда да, бүгінімізде де, болашақ тағдырымызда да алар орны ерекше болып табылады.
Білім беру жүйесінің тарихын кезеңдеу мәселесі әдіснамалық тәртіптің проблемасы болып табылады. Кеңестік педагогикалық тарихнамада кезеңдеу мәселелерін бірнеше рет шешуге тырысты. 50 - ші жылдардың соңында" Советская педагогика " журналының беттерінде білім беру тарихын кезеңдеу мәселелері бойынша пікірталас өтті. Ғалымдар кезеңдер мен уақыт кесінділерін, кезеңділіктің принциптері мен критерийлерін ұсынды. Алайда ғалымдар білім беру жүйесінің мерзімділігіне қатысты бір пікірге келе алмады. Бұл фактіні ерте түсіндіруге болады, өйткені білім беру мен педагогика тарихының мәселелерін зерделеу әлі тиісті деңгейде болған жоқ.
Бұл бағытта қазақ зиялыларының әлеуметтік динамикасын және оның буындарын, олардың оқу-ағарту саласына қосқан үлестерін жан-жақты зерттеп, ой елегінен өткізу-бүгінгі таңдағы білім саласындағы міндеттерді шешуде өз пайдасын тигізеріне ешкім күмән келтіре алмайды. Себебі, ғасыр бұрын өзекті болған проблемалар бүгінде біз бетпе-бет кездесіп жүрген проблемамен сәйкес келеді. Демек, біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілік деңгейі, ауқымы өте жоғары деп санаймыз.
Сондықтан да, дипломдық жұмыстың басты мақсаты XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы педагогика, қазақ зиялыларын даярлау ісіндегі Ресей оқу орындары, дәстүрлі тәрбие мен зайырлы ағартудың синтезі, оқу-ағарту саласындағы Алаштың зиялы қауымдарының көзқарастары мен ұлттық мақсат-мүдде тұрғысынан саралап, анализ жасау. Осы мақсатқа қол жеткізу барысында бізге мынадай міндеттерді шешу керек:
XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы оқу-ағарту ісінің даму деңгейін қарастыру;
XX ғасыр басындағы Алаш қайраткерлерінің оқу-ағарту жөніндегі мәселелерін зерттеу;
Рухани мәдениеттің даму ерекшелігі, мектеп-медреселердегі білім мәселелерін қарастыру;
Қазақстан аумағында білім беруді дамытудағы Ресей зиялыларының рөлін қарастыру;
Кеңестік билік жылдарындағы Алаш зиялыларының оқу-білім туралы ойларын қарастыру;
Ахмет Байтұрсынұлының, А.Құнанбайұлының тәрбие, білім туралы жауһар ойларын талдау;
Ш.Уәлиханов, М.Дулатов еңбектеріндегі оқу-білім туралы мәселелерді саралау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
ХIX ғасырдың аяғы-XX ғасырдың басынан бастап,Ресей ғалымдарының, мәдениет қайраткерлерінің, ойшылдарының қазақ тарихына, олардың дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына, наным-сенімдеріне жоғары қызығушылық байқалады. Орыс ғалымдары, педагог-ағартушылар Г.Н. Потанин, А.И. Левшин,Г.Е. Катанаев, Н.М.Ядринцев, А.А. Словохотов, В.В.Васильев, Н.И.Ильминский, В.В.Бартольд, А.Харузин, А.Е. Алекторов, И.И.Крафт және т.б. педагогикалық жүйенің дамуына елеулі үлес қосты.
Қазақ ғалымдары: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов дәстүрлі педагогикалық дәстүрлердің жалғастырушылары болды. Ш.Уалихановтың дүниетанымы мен ағартушылық идеяларын қалыптастыруға орыс ғалымдары мен ойшылдары: Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев, Ф.М.Достаевский, С.Ф.Дуров сияқты ғалым-педагогтар елеулі үлес қосты.
Қазақ фольклорын зерттеуші-ғалым А.Е.Алекторов кейіннен саяси қызметке ие болған А.Байтұрсыновқа жақсы септігін тигізді.Омбы мен Орынбор орыс интеллигенциясы Дала өлкесінде ағартушылықты дамытуда маңызды рөл атқарды. Осы қалаларда Дала Уәлаятының газеті (Қырғыз дала газеті), Қазақ, Қазақстан, Ишим даласы, Серке, Айқап сияқты газет-журналдар жарық көрді. Омбыда, Орынбор қаласында орналасқан Орыс географиялық қоғамы өлкенің тарихын, мәдениетін, әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттеумен айналысты. Орыс географиялық қоғамының жұмысына А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин қатысты. Петербург ғылыми қоғамымен Ш.Уәлиханов пен А.Бөкейханов белсенді айналысты. Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқушылары үшін Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге бастапқы басшылық, Қырғыз хрестоматиясы оқу құралдарын құрастырды. А.Байтұрсынов араб әліпбиін бейімдеп, қазақ әліпбиін реформалауды жүргізді. Орынборда оның Әдебиет танытқыш (Әдебиеттануға кіріспе) атты еңбегі жарық көрді.
XX ғасыр басында Алаш қайраткерлерінің оқу-ағарту мәселесіндегі көзқарастарын зерттеу еңбектері осы кезеңде басталып, бүгінгі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді.Осы кезең аралығында білім-ғылым мәселесіне арнап жазылған түрлі еңбектер жария болды.
Алайда, деректану ғылымының өзіндік талаптарына сәйкес, біз ол еңбектердің не мақсатта,не себепте жазылғанын жадымыздан еш шығармауымыз тиіспіз. Ең өзектісі сол, олар Ресей империясына адалдықпен қызмет атқарған орыс миссионерлері болғандықтан да, Қазақстандағы білім-ғылым тарихын да империя тарихына сәйкестендіріп жазды. Міне, сол себепті де Мұхтар Әцезов өзінің 1923 жылы жария болған Шолпан журналында Ильминскийді: ... орыстың белгілі қара жүрек сиқыршысы,-деп атап кеткен. Ол дегеніміз, орыс миссионерінің қара ниетті екенін сол кездің өзінде-ақ сезген екеніне дәлел.
Келесі зерттеулердің қатарына XX ғасырдың басындағы Алаштың асқақ көсемдері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов сияқты азаматтардың еңбектерін жатқызуға болады.Осы аталған Алаштың асқақ рухты азаматтарының еңбектерін дерек көздері ретінде қолданамыз.
Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі білім-ғылым тарихына арнап жазылған Қазақстан ғылымдарының зерттеу материалдары өткен ғасырдың 50-80 жылдары басылып шықты. Олардың қатарына осы XX ғасырда басылып шыққан жаңаша мектептер мен медреселер тарихын зерттеуге арналған Н.Сәбитовтың, А. Е. Алекторовтың Қазақстан аумағындағы мемлекеттік мектептердің пайда болу хронологиясы туралы, И.А.Гармстың орыс-қазақ мектептері туралы жазған диссертациялық жұмысын, Б.Нұрлыбековтың Оңтүстік Қазақстан аумағындағы мектептердің даму тарихына арналған еңбектерін жатқызуға болады. Сонымен қатар, Т.М. Храпченконың қазақтың балалары арасында мектептегі жүйе арқылы орыстандыру саясатын жүзеге асыруы туралы және XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірін зерттеуге арналған Д.И. Дулатованың еңбегін жатқызуға болады.
Кеңестік заманда оқу-ағарту ісімен шұғылданған ғалымдардың зерттеулерін ешкім де жоққа шығара алмайды. Себебі, олар халық ағарту ісінің негізгі ерекшеліктерін, қоғамдық-саяси өзгерістердің де тигізген әсерлерін көрсетті. Жалпы, бұл кезеңде қазақ баспасөзі, соның ішінде демократиялық сарындағы ұлттық басылымдарды пайдалануға рұқсат берілмеді. Сондықтан да, мәселенің тарихын толық зерттеп көрстеу мүмкін емес еді.
Зерттелетін мәселенің түрлі аспектілері, ең алдымен, жалпы және этикалық педагогика, этнология еңбектерінде қозғалды. Іргелі педагогикалық еңбектердің ішінде біздің зерттеуіміз үшін В. Давидовтың дамыта оқыту, В. Щедривицкийдің білім беру жүйесінің теориясы бойынша және т.б. жұмыстар маңызды болды. Ресейдегі этномәдени білімнің тұжырымдамалық және ғылыми-әдістемелік негіздері Т. И. Бакланованың еңбектерінде көрсетілген. Сонымен қатар Н. Джандильдин, М. М. Сужиков, В. А. Тишковтың ұлттық-тілдік мәдениет бойынша, В. Аврорин, М. В. Дьячков, А. Т. Кайдаров, Л. Б. Никольский, Б. Хасанов, сондай-ақ Ж. Мабдильдин, Э. С. Маркарян, К. Е. Кушербаев, А. Н. Нысанбаев, М. С. Хасановтың ұлттық-бағдарланған білім берудің жалпы мәселелері бойынша еңбектері де назар аударды. Онда қоғамдағы қос тілділік пен көптілділік, Қазақстанда мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту, ұлттық мәдениетті жаңғырту және пайдалану, Мәдениет диалогы, жалпыадамзаттық жетістіктер мен қазіргі заманғы ұлттық-мәдени және білім беру саясатының мәселелері қарастырылды. Зерттелетін проблеманы әзірлеуге мәдениетаралық қос тілді білім беруді (У. Ф. Макки, М. Сигуан, М. Суньига), көпмәдени білім беруді (Д. Бэнкс) зерттеген, әр түрлі мәдени, тілдік, этнопсихологиялық, менталдық дәстүрлер мен парадигмалардың біріздендірілген моделіне (Э. Дюркгейм, У. Куайн, Э. Сепир, А. Тойнби, Б. Уорф, К. Юнг) сәйкес келмеу идеясын негіздеген шетелдік ғалымдар белгілі бір үлес қосты.
Қазақстандық ғалымдардың іргелі еңбектерінде Қ. Қ. Қуантаев, Т. С. Садықов, А. П. Сейтешев, ГА.Уманов, Н. Д. Хмель және т.б. Қазақстанда білім берудің әртүрлі жақтарын (жалпы орта, кәсіптік-техникалық) ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылды. Біздің зерттеулеріміз үшін қазақ халқының педагогикалық ойының пайда болуы мен даму тарихы (Қ. Б. Жарықбаев), қазақ халық педагогикасының ғылыми-педагогикалық негіздері (С. Қ. Қалиев) қарастырылған, қазақ халық педагогикасының (С. А. Ұзақбаева) және қазақ дәстүрлі көркем мәдениетінің (М. Х. Балтабаев) құралдары арқылы эстетикалық тәрбиенің заңдылықтары мен ерекшеліктері анықталған докторлық диссертациялардың маңызы зор. Қазақстандағы этномәдени білімнің жекелеген түрлеріне А. Жолтаеваның, С. Жукенова мен Ю. Ю.Сапарованың кандидаттық диссертациялары арналған. Біз сондай-ақ этнопедагогика саласындағы басқа да авторлардың зерттеулерін ескереміз: Г. Н. Волкова, А. Ш. Гашимова, А. Э. Измайлова, Я. Н. Ханбикова, Б. Л. Христова.
Сонымен қатар, Т.Амандосов,Х.Бекхожин, Б.Кенжебаев, С.Имашев сынды азаматтардың еңбектерінде XX ғасыр басындағы білім беру ісі жайлы қазақша баспасөздердің тарихы зерттелінген. Алайда, осы аталған авторлар оқыту мәселелерін жалпы айта кеткенімен, Алаштың ардақты азаматтарының ағартушылық бағыттағы көзқарастарын ескермеген.
Мысалы, Г.К.Сәтбекова өзінің кандидаттық диссертациясын Айқап журналы-Қазақстан тарихының дерек көзі деген тақырыпта қорғап шықты. Шығатын қорытынды, оқу-ағарту, білім-ғылым мәселесі де Қазақстан тарихы сияқты ұлттың мүддесіне қызмет етуі тиіс. Кейінгі он жылдық аралығында осы тақырып ауқымында бірнеше еңбектер жарық көрді, диссертациялық зерттеу жұмыстары жазылды. Тағы мысал ретінде айтатын болсақ, әйгілі ғалымдар Мекемтай Мырзахметов пен Жанұзақ .Қасымбаевтардың еңбектерін айтуға болады. Жанұзақ Қасымбаев 1990 жылы жарық көрген өзінің мақаласында: Кеңестік Қазақстан тарихнамасында, қазан төңкерісіне дейінгі аралықта қазақтарда тек 2 пайыз ғана сауатты адамдардың бары туралы қалыптасқан тұжырымның қате екенін дәлелдесе, Мекемтай Мырзахметов 1993 жылы жарияланған Қазақтар қалай орыстандырылды атты мақаласында патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген миссионерлік саясаты негіздерін талдап көрсетті. Қазақтың рухани болмысын оларды шоқындыру, бірыңғай емелеге негізделген араб жазуының орнына орыс жазуын енгізу арқылы идеологиялық жағынан меңгеру арқылы қазақққа орыстың оқуын енгізудегі мақсатты ашық көрсете білді.
Ресейдің боданындағы халықтардың өміріндегі орыстың оқуының рөлі Дина Исабайқызы Дулатованың еңбектерінде сипатталды. Сонымен қатар, сол кезеңдегі идеологиялық қысымның қаттылығы Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың еңбегінде де сипатталады. Н.Нұртазина Қазақ мәдениеті және ислам атты тарихи-мәдениеттанулық бағыттағы 2002 жылы жарық көрген зерттеу еңбегінде XIX ғасырдың II жартысында кең етек алған орыс жазуының тигізген пайдасы мен зияны туралы Алаштың ардақтыларының оқу-білімге көзқарастарына талдау жасады.



Патша өкіметі уақытында Қазақстан жеріндегі оқыту жұмыстарына орыстандыру принципін баяндаған С.Қ.Жақыпбек пен З.Т.Садуақасовалардың еңбектерін атап кетуге болады. Осы аталған зерттеушілер патша өкіметінің реакциялық сипаттағы саясатын әшкере еткен. Мысал ретінде Ә.Омаровтың Қазақстандағы ағартушылық және патша өкіметінің озбырлық саясаты атты 1997 жылы басылып шыққан еңбегін атап кетуге болады.
Кейінгі кезеңдерде еліміздің әр түкпірлерінде оқу-ағартушылыққа байланысты жария болып жатқан түрлі диссертациялық материалдар, оқу-көмекші құралдары, мақалалар да баршылық. Мысалы: М.А. Жолсейітованың еңбегі XIX ғасырдағы Қазақстанның халық-ағарту ісі, Г.Ы.Копенованың еңбегі Орынбор өлкесіндегі оқу-ағартушылыққа арналған. 2002 жылы жарық көрген С.А.Урашевтің XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасыр басындағы Верный(Алматы) қаласындағы ағартушылықтың сипаты туралы жазып кеткен. Сонымен қоса, Қ.Ж.Адамбосыновтың Қазақстан тарихының мектептер мен жоғары оқу орындарында беру тәртібі атты журнал беттерінде жарияланған мақалаларда XX ғасырдағы Орталық Азия елдеріндегі мектеп пен медреселерде тарих сабағын оқыту мәселелерін көтерген болатын. Әрине, осы аталған еңбектерде оқу-ағартушылық туралы Алаштың ардақты зиялыларының да көзқарастары ескерілген.
Сонымен қоса, қазан төңкерісіне дейінгі аралықта қазақ баспасөзіндегі Алаш ардақтыларының да зерттеулерінің жария болғанын айта кетуіміз жөн. Олар: 1981 жылы жарық көрген Х.Бекхожиннің Қазақ баспасөзі тарихының очеркі еңбегі, онда қазақ баспасөзінің тарихына жан-жақты талдау жасалған,идеялық мазмұны да уақыттың талабына сай өрбіген. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ баспасөзі, соның ішінде, газет пен журналдар тарихына арналған Н.Омашевтің Қазақ журналистикасы, Ө.Әбдіманапованың Қазақ газеті, Көне басылымдар. Құнды деректер, Аяулы есімдер атты Қ.Алдабергеннің монографиялық зерттеулері жарық көрген.
Тәуелсіздік жылдары ұлттық басылымдарымыз тарихи дерек көзі ретінде аударылып, бағасын арттырды. Мысал келтіретін болсақ, Ұ.Субханбердина мен С.Дәуітовтың құрастыруымен 1998 жылы жария болған Айқап журналы және Қазақ газеті шықты. Соңғы жылдары жарияланған Алаштың көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтардың тариха басылымда ұсынылған мақалалары да тарихи құнды дерек көзі ретінде қолданылды. Тағы айта кететін болсақ, профессор Қ.Атабаевтың Қазақ баспасөзі-Қазақстан тарихының дерек көзі(1870-1918) жж. атты тарихи монографияда XIXғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы Қазақстан тарихының жазба деректерінің бірегей нұсқасы қазақ баспасөзінің пайда болуы, қалыптасуы мен ғылыми құндылығы туралы айтылып, деректанулық талдау әзірленген.
Сонымен қатар, осы жылдары Қазақ газеті және білім беруге арналған С.Рамазанованың, деректанушы Қ.Атабаевтың монографиялық зерттеу жұмыстары да жария болған. Қ.Атабаев әр түрлі деректерге талдау жасай отыра, газет пен журналдың бір міндетті атқаратынына, мазмұны жағынан да ұқсас болуына ықпал етті. Екеуіне де ортақ белгілер: білім-ғылым, ағартушылық, отырықшылық, жер, өнер, әйел адамның теңдігі, салт-дәстүр мен түрлі қасиеттерді жатқыза білді.Екеуі де қаражат тапшылығынан өздерінің жұмыс жасауын тоқтатты,-деп атап кеткен.
Қорыта айтатын болсақ, тақырыптың зерттелу деңгейі біздің зерттейтін тікелей объектіміз Қазақстандағы ағартушылық болса, екінші жағынан XX ғасырдағы қазақ баспасөзінің оқу-ағартушылық кезеңде дерек көзі ретінде пайдаланылуы болып табылады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы білім беру жүйесін кезеңдеу, дәстүрлі тәрбие мен зайырлы білім, қазақ ағартушылары мен Алаш көсемдерінің тәрбие мен білім туралы көзқарастарын, XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Халық Ағарту Комиссариаты және Қазақстандағы оқу-ағарту мәселелері аралығындағы кезеңді қамтиды.
Зерттеу жұмысының территориялық ауқымы. Қазақстан Республикасының түгелдей аумағын және де көрсетілген кезеңде қазақтар мекен еткен Ресейдің өзге де қалалары: Томск, Қазан, Петербург қалалары және Х1Х ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқы арасында мәдениет пен ағартуды дамытуда Дала генерал-губернаторлығының орталығы Омбы қаласы мен Түркістан өлкесінің орталығы-Ташкент қаласы маңызды рөл атқарды.
Зерттеу жұмысының деректік негіздерінде білім беру жүйесінің қалыптасуында озық педагогикалық басылым да маңызды рөл атқарды. Олардың ішінде"Айкап" журналы ерекше назар аударарлық. Оның беттерінде мәдени-ағартушылық, жер, құқықтық және діни мәселелерге арналған мақалалар жарияланып, Қазақстан мектептерінде оқытудың мазмұны мен әдістері талқыланды. Орыс ғалымдарының, педагогтардың озық идеяларын насихаттауға көп көңіл бөлінді. Бұған қазақ демократиялық интеллигенциясының өкілдері, алдыңғы қатарлы орыс ойымен жақсы таныс. Олардың ішінде М. Сералин, Ж. Сейдалин, Ш. Әлжанов, С. Торайгыров және т.б. халық ағарту, кітап шығару мәселелері жалпыұлттық баспа органының - "Қазақ"газетінің беттерінде кеңінен жарияланды. А. Байтұрсынов, А. Бөкейханов, М. Дулатов және Шығыс пен батыстың ұлы ағартушыларының дәстүрлерінде тәрбиеленген қазақ демократиялық интеллигенциясының көптеген өкілдері дінді мектеп пен мемлекеттен бөліп, діни экстремизмге қарсы, барлық ресейліктердің заң алдында жынысына, ұлтына, дініне қарамастан теңдігін жариялай отырып, сөз сөйледі.
XX ғасыр басында белгілі бір уақыт аралығында шығып тұрған Айқап журналы және жалпыұлттық баспа органы Қазақ газетінің материалдары және Үшкөлтай Хасенқызы Субханбердинаның әзірлеген осы аталған басылымдардың библиографиялық көрсеткіштері енген Дала уәлаятының газеті кітабы құрайды [37].
Жұмысымызда Ресей үкіметінің білім саласына қатысы бар заңнамалық актілер, естелік және заманхаттар, өзге де деректік маңызы бар мәліметтерді қосымша пайдаландық.
Жұмыс барысында Алашорданың түйіткіл мәселелерін зерттеген К.Нұрпейісовтың тарихи әдебиет беттерінде ең алғаш Ә.Бөкейхановтың Алаш партиясын құрудағы рөлін көрсетіп, М.Қойгелдиевтің зерттеулерін қолдандық. Атап айтқанда, Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов және қазақ ағартушыларының білім-ғылым туралы көзқарастары пайдаланылды.
Мәдени мұра бағдарламасының оқу-ағарту үрдісіндегі алатын орны жайында жазылған мақаласында Ә.Н. Құдайбергенов республиканың мәдени және ғылыми жақтарына тұжырымдар берілген [13]






Өскелең ұрпақты патриотизм және интернационализм рухында тәрбиелеу процесінде педагогтар Қазақстанның тарихы, мәдениеті, ағартуы бойынша материалдарды - адамгершілік сезімдерді қалыптастыруға көмектесетін, тұлғаның құндылықты бағдарларын жасайтын материалдар жеткіліксіз пайдаланатынын атап өткен жөн. Ал жастарға қызмет қағидалары мен қазіргі заманның өзекті мәселелері өткеннің прогрессивті гуманистік идеяларында терең тарихи тамыры бар екенін көрсету өте маңызды. Бұл идеяларды таратуда ХІХ ғасырдың қазақ ағартушылары, қоғамдық білім берудің гуманистік қағидаттары мен идеалдарын қорғап қалған ағартудың дәйекті ұстанымдары үлкен рөл атқарды. Ш. Уәлихановтың педагогикалық көзқарастары. Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев Білім беруді дамыту тарихында оң рөл атқарды,көп жағдайда олар өз маңызын жоғалтпайды. Олардың ілімі тұтас және бірегей педагогикалық жүйе болып табылады, онда көптеген педагогикалық проблемалар көрініс тапқан, пайдалануға енгізілді.
Зерттеушілер Қазақстандағы халық білімінің тарихымен байланысты көптеген мәселелер мен мәселелерді зерттеді.Т.Тәжібаевтың,А. Ситдыковтың, А. Сембаевтың тарихи-педагогикалық еңбектері Қазақстандағы халық білімі мен мектеп ісінің даму тарихымен байланысты мәселелерді әзірлеуге арналған. 50 жылдардан бастап мектептер тарихы мен Қазақстандағы халық білімі бойынша революцияға дейінгі және кеңестік кезеңдерде бірнеше кандидаттық диссертация жазып, қорғалды.Атап айтқанда,Л.П. Герасимованың "Қазақстандағы педагогикалық білім беру тарихынан" (1950 ж.) диссертациясы. Онда әңгіме өлкеде мұғалімдер семинариясының құрылу тарихы туралы болып отыр. И. Я. Гармстың "революцияға дейінгі Ресей қазақтарының арасындағы халық білімі" (1958 ж.) кандидаттық диссертациясында Қазақстандағы мектеп білімінің талдауы берілген. Бұл диссертациялардың мазмұны жеке мақалалар түрінде жоғары оқу орындарының "ғылыми жазбалар" беттерінде және педагогикалық журналдарда жарияланған. Бірақ жоғарыда көрсетілген зерттеулердің авторлары Қазақстанның Ресейге қосылуы кезеңінде қазақ ағартушыларының шығармашылығында халықтық педагогика мен білім беру идеяларының тарихын зерделеудің арнайы міндетін қойған жоқ. Мәдениет саласында В. В. Востров, Х. А. Кауанованың "қазақ халқының материалдық мәдениеті"; Қ. Т. Жұмағұловтың "Ы. Алтынсарин және қазақ халқының мәдениетін дамыту", халық педагогикасы саласында: А. Э. Измайловтың "Орта Азия және Қазақстан халықтарының халықтық педагогикасы", К. Ж. Қожахметованың "Қазақ этнопедагогикасы"әзірлемелері өте маңызды болып табылады.
Соңғы уақытта ұлттық педагогика мәселелері қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, оның мәдениетімен, тіл проблемаларымен, адамгершілік-рухани құндылықтармен байланысты практикалық міндеттерді шешу кезінде жиі ескерілді. Бұл республиканың егемендігі туралы Декларацияны қабылдаумен, оның тәуелсіздігін жариялаумен байланысты. Республика егемендігінің идеялары қазіргі қоғамның экономикалық, саяси және идеологиялық өмірінің барлық формаларына жете бастады. Халық педагогикасы менталитеттің ерекшеліктерін, ғасырлар тереңінен келе жатқан тілдің ерекшелігін, оқыту мен тәрбиелеудің халықтық әдістерін көрсету міндетін қояды. "Егер бөтен адамды білгің келсе, оның салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын біл" деп бекер айтылмаған. Бұл білім беруді дамытуда және қазақ ағартушыларының шығармашылығында халық педагогикасының идеяларын зерделеу қазіргі кезеңде өзекті деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғандар зерттеу проблемасын тұжырымдауға мүмкіндік береді, халық педагогикасының идеялары революцияға дейінгі кезеңде қазақ ағартушыларының шығармашылығында қалай іске асырылды және олардың білім мен тәрбиені дамытуға қаншалықты ықпал етті. Бұл мәселені зерттеу біздің Зерттеудің мақсаты болып табылады.





I Қазақстанда білім беру жүйесін кезеңдеу мәселелері

Қазақстандағы педагогикалық ойдың пайда болуы және дамуы

Қазақстанның білім беру жүйесі қазақ халқының педагогикалық ойының гуманистік дәстүрлері мен мәдениетінің қалыптасуының және дамуының күрделі жолынан өтті. Отандық педагогикалық ой әрқашан рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу, тәрбиеленушінің жеке тұлғасына тұтас көзқарастан, өз халқына, Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуден басымдыққа ие болды.
Білім беру, педагогика және педагогикалық ой тарихы қазіргі педагогикалық білім жүйесінде басым бағыт алады.Білім беру күрделі ұйымдастырылған жүйе және оның нәтижелері нақты мемлекеттің, оның мәдениетінің әлеуметтік-тарихи дамуымен байланысты әлеуметтік мазмұнға, белгілі бір кеңістіктік шекараларға ие. Қазақстанның білім беру жүйесі мен педагогикалық ойларын зерттеу, негізгі кезеңдер мен үрдістерді, ерекшеліктерін анықтау біздің мемлекет тарихындағы өзекті әлеуметтік-экономикалық, мәдени мәселелерді қамтумен тығыз байланысты. Қазіргі жағдайда білім беру мен тәрбиелеуді ізгілендіру және демократияландыру, өткеннің педагогикалық мұрасын қайта қарастыру оны ретроспективті зерттеуді, талдауды және қорытуды талап етеді.

Педагогикалық ғылымның ерте кезеңдерінде Қазақстанның қазіргі заманғы авторлары Г.М.Храпченков пен А.Н.Ілиясова ұлттық білім беру жүйесі мен педагогика ғылымдарын біріктірді. "Кеңес кезеңіндегі Қазақстандағы мектеп пен педагогиканың дамуы"атты жұмысында Г. М. Храпченков пен В. Г. Храпченков Қазақстандағы халықтық білім беру мен педагогикалық ғылымның дамуында үш ірі кезеңді бөліп көрсетеді[9, 101-111 Б.].
I кезең: 20-жылдардың басы-30-жылдардың басы. Қазақстанда білім беру жүйесінің пайда болуы мен қалыптасуы, бастауыш оқытуды жүзеге асыру. Қазақстандағы қоғамдық-педагогикалық өмірдің айырықша ерекшелігі оның көп салалы болуы, онда әртүрлі идеологиялық бағыттағы көптеген педагогикалық ағымдардың кездесуі болды. Жетекші мектеп құрылысында партиялық саясатты дәйекті жүргізу қажеттігін көрсеткен ресми, большевиктік ағым болды. Оның құрамында: О.Жандосов, С.Меңдешов, С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов және т.б. болды.
Екінші толқыны ұлттық-демократиялық (национально-демократическое) өзегі А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев және т. б. болды
II кезең: 30-шы жылдардың басы мен 50-ші жылдардың ортасы. Мектептердің бірыңғай типологиясын қалыптастыру, бастауыш оқытудан жеті жылдық оқуға көшу. Бұл кезеңде Қазақстанның халықтық білім беру мекемелері мен педагогикалық ғылымын қамтымаған жаппай қуғын-сүргінге ұшырағанымен ерекшеленеді. Халық ағарту комиссариатының өкілдері: А.Байтұрсынов, Т.Жүргенов, С.Меңдешов және білім-ғылымның көрнекті қайраткерлері: Ш.Әлжанов, С.Асфендияров, М.Жолдыбаев және өзге де жүздеген ағартушылар атылған болатын. Әрине, бұл онсыз да ғалымдар мен мұғалім кадрларының жетіспеушілігіне қарамастан, республикадағы халық білімінің жалпы прогресіне теріс әсерін тигізбей қоймады. Бірақ, осы жылдары да білім беру жұмыстары өз жалғасын тапты. Бірнеше мұғалімдер мен педагогикалық институттар, бірқатар педучилищелер, сондай-ақ басқа да ЖОО-дар ашылды. 1933 жылы мектептің оқу-тәрбие жұмысын, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік қамтамасыз ету үшін көп еңбек еткен педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының ашылуы елеулі оқиға болды.
Педагогикалық ғылымның институциализациясы.
III кезең: 50-ші жылдардың ортасы-90-шы жылдардың басы.
Бұл даму тарихының бізге жақын бөлігі. Қазақстандағы үлкен білім жетістіктері мен елдегі білім дағдарысының басталу уақыты.
Мұғалімдерді дайындау ісіне көп көңіл бөлінді. Кеңес өкіметі жылдары Қазақстанда арнайы орта және жоғары білімнің, оның ішінде педагогикалық білімнің дамыған жүйесі құрылды. 60-70 жылдардың соңында республикада 18 педагогикалық институт пен 18 педагогикалық училищеде мұғалімдер даярлау ісі қолға алынды. 70-жылдары педагогикалық білім беру жүйесі қайта құрылды. 90 жылдардың басынан бастап, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылу уақытымен тұспа-тұс жоғары білім реформасы жүзеге асады. Реформа барысында педагогикалық оқу орындарының студенттері және профессор-оқытушылардың құрамы қысқарды [9, c. 119].
Осы кезеңді талдау барысында біз педагогикалық ғылымның дамуы ғана емес, жалпы білім беру ісінің дамуына көп көңіл бөлінгенін аңғарамыз.
А.Н.Ілиясованың Қазақстандағы педагогикалық ғылымның қалыптасуы мен дамуы (1917-1988 жж.) атты диссертациялық жұмысында Қазақстандағы жалпы білім беретін мектеп пен педагогикалық ғылымның мынадай даму жолдарынан өткенін көрсеткен [10, с. 11]:
I кезең. Қазан төңкерісі кезеңі және қазақ мектебі мен социалистік педагогиканың қалыптасуы (1917-1920 жж.). Бірінші кезең Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауымен сипатталады. Осы кезеңге тән социалистік басқару жүйесін құру, бірыңғай еңбек мектебін ұйымдастыру болып табылады. Қарастырылып отырған кезеңде қалыптасу ісінде социалистік педагогика саласында алғашқы қадамдар жасалды.
II кезең. Халық шаруашылығын қалпына келтіру және социалистік қайта құру кезеңінде Қазақстанның мектебі мен педагогикасын дамыту (1921-1929 жж.). Екінші кезең мектеп пен педагогиканың дамуы халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңімен сипатталады. 1921-1929 жылдары марксистік-лениндік теория негізінде Қазақ кеңестік педагогикалық ғылымын құру жолыда алғашқы қадамдар жүзеге асырылды. Қарастырылып отырған кезеңде республиканың пионер ұйымы құрылып, бірінші педагогикалық жоғары оқу орны құрылды.
III кезең. Социализм құрылысы кезеңіндегі мектеп пен педагогикалық ғылымның дамуы(1930-1940 жж.). Үшінші кезеңде мектеп пен педагогикалық ғылымды одан әрі дамыту жолдары партия мен үкіметтің қаулыларымен анықталды. Республикада К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин идеяларын, революционер-демократтардың, жауапты педагогтардың педагогикалық идеяларын көпшілікке тарату бойынша жұмыс басталды.
IV кезең. Қазақстанның педагогикалық ғылымы Ұлы Отан соғысы кезінде (1941-1945 ж. ж.). Төртінші кезеңнің ерекшелігі соғыс уақытының қиындығы, жаңа мектеп ғимараттарының құрылысын тоқтату, мұғалімдердің майданға жаппай кетуі болып табылады, осыған байланысты педагогикалық кадрлардағы өткір жетіспеушілігі және т. б. мәселелер туындады.
V кезең. Халық шаруашылығын қалпына келтіру және социалистік қоғамды одан әрі дамыту кезеңіндегі Қазақстанның педагогикалық ғылымы (1946-1958 жж.). Қазақтың ағартушы-ғалымдары педагогикалық ғылымның бағыттары бойынша түрлі мәселелерді зерттей бастады. Т.Т. Тәжібаев 40-жылдардың соңында педагогикалық ойдың, ағартушылықтың, республика мектептерінің тарихының даму мәселелерін зерделеумен айналысты.
Қ.Б.Бержанов негізінен интернационализм,ұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеді. А. И. Сембаев революцияға дейінгі мектептен бастап, Кеңес кезеңінде балалар мен жасөспірімдерді жалпыға бірдей міндетті оқытуды жүзеге асыруды аяқтай отырып, Қазақстандағы халықтық білім беруді дамытудың негізгі мәселелерін зерттеді.
VI кезең. Социализм құрылысы жағдайында Қазақстанның педагогикалық ғылымын одан әрі дамыту (1959-1985 жж. сәуір). Республика мұғалімдері өзінің ғылыми-практикалық жұмысын партия мен Үкіметтің қабылданған қаулыларымен байланысты жүзеге асырды.Осы кезеңде қазақстандық жастарға үлкен көңіл бөлінді:педагог-ғалымдар мен дидактика, пионерлік ұйымның құрылу тарихы, әйелдер білімі тарихы, "коммунистік тәрбие мәселелері", кәсіби-техникалық білім беру, пәнаралық байланыс мәселелерін одан әрі дамыту көзделді.
VII кезең. Қоғамның демократиялануы мен барлық әлеуметтік болмысты түбегейлі қайта құру жағдайында халықтық білім мен педагогикалық ғылымды қайта құру (1985 ж. сәуір айынан бастап). Қоғамның демократиялануына және социалистік құрылыстарға байланысты халықтық білім беру мен педагогикалық ғылымды қайта құру партиялық шешімдер негізінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету, коммунистік құрылыс перспективасы, жалпы білім беру жүйесін демократияландыру қажеттілігін ескере отырып, халықтық білім беру жүйесін жетілдіру талабы қойылды, ғылыми-педагогикалық мекемелердің қызметін қайта құру көзделді.
Қазіргі ғалымдар A. Құсайынов, И. Наби, Ш. Таубаева [11] ХХ ғ.
Қазақстан ғалымдарының педагогика бойынша диссертациялардың қорғалу динамикасының негізінде:
Бірінші кезең: 1962 жылға дейін.
Екінші кезең: 1962-1984 жж.
Үшінші кезең: 1985 жылдан кейін.
Қазақстан Республикасында нақты аяқталған педагогикалық зерттеулер шеңберінде теориялық ережелер, практикалық ұсынымдар әзірленді, мектеп пен басқа да тәрбие мекемелерінің тарихы мен жұмыс тәжірибесін ашатын деректер мен құжаттардың мазмұны, тұлғалардың педагогикалық идеялары - көрнекті ғалым-педагогтер мен республиканың көрнекті қайраткерлерінің тізімі жасалды [11, 18 б.].
Бұл ғалымдар педагогикалық ғылым салалары бойынша қорғалған диссертациялар статистикасы бойынша Қазақстанның педагогикалық ғылымының даму кезеңдерін бөледі. Олар ұсынған анықтамалық-аналитикалық шолуда 1985 жылға дейін қорғалған 8 докторлық және 79 кандидаттық диссертацияның және 1985 жылдан 2010 жылға дейін қорғалған 245 докторлық және 1240 кандидаттық диссертацияның атаулары келтірілген.
[11, с. 17]. Диссертациялардың мұндай бөлінуі бірінші топқа қарағанда,яғни 1985 жылға дейін қорғалған диссертациялардың екінші тобы маңыздылығы бойынша зерттеу саласына қатыстылығы бойынша талдауға ұшыраған. Авторлар атап өткендей, әрбір жұмыс үшін толық сараптама жүргізудің мақсаты қойылмаған, өйткені бұл қажет емес, алайда олардың әрқайсысы үшін ҚР ЖАК бекіткен ғылыми мамандықтар номенклатурасында және мамандық паспортына сәйкес зерттеу саласында орын табылды. Айта кету керек, авторлар аяқталған зерттеулер шеңберінде нәтижелерді бағалауда тек өз позициясын көрсеткен.
1985-2009 жылдары Қазақстанда зерттеу объектілері болып өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерін жетілдірудің түрлі мәселелері болды. Зерттеу нәтижесінде мектеп дидактикасы, кәсіби педагогика, тарих негіздері қаланды, педагогикалық білім беруде жүзеге асты.
Қ. Жарықбаев пен С. Қалиев Қазақстанның педагогикалық ғылымының дамуын келесі кезеңдерге бөледі, олар: педагогикалық ой, оқу-жаттығулар және басылымдар [12, 22-27 б.]
I кезең. ХХ ғ. басында, Дала өлкесінде әлеуметтік-саяси идеялардың, педагогикалық ойлардың жаңа толқынының қалыптасу кезеңінде аймақ қарқынды дами бастайды.
ІІ кезең. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында баспа ісін жолға қою басталды. Мысалы, 1919 жылы Бөкей Ордасының ішкі істер бөлімі мұғалім педагогикалық журналын шығарады("Учитель"), 1925 жылдан бастап Жаңа мектеп(Новая школа) педагогикалық журналын шығара бастады және т. б.
IV кезең. Ірі тарихи-педагогикалық, дидактикалық, әдістемелік даму мәселелері бойынша зерттеулер әзірленді: Т.Тәжібаева (1962 ж.), А.И. Сембаева (1963 ж. т.), К. Бержанова (1965 ж.), С. Қирабаева (1964 ж.).), Г. А. Уманова (1970 ж.), К. Жарықбаева (1982 ж. т .) және т.б.
У.А.Рустамованың диссертациясында Орта Азия және Қазақстан ғалымдарының жарияланымдарының қарқындылығы, динамикасы және мазмұны талданды. Кеңестік педагогика (Советская педагогика) журналында (қазіргі уақытта Педагогика), бұл осы елдердегі педагогиканың даму көрсеткіштерінің бірі болуы мүмкін. Журнал КСРО аумағында жетекші рөл атқарды , қоғамдық педагогикалық сананы бейнелеп, қалыптастырды. 1948 ж. осы журналда Р. Лемберг мақаласы пайда болды , кейін Т. Тәжібаев, А. И. Сембаев, С. Мусин, Қ. Б. Жарықбаев және т. б. педагогтердің мақалалары жарияланды[13].
Біз Қазақстанның педагогикалық ғылымының дамуын екі кезеңге бөлеміз : кеңес кезеңі мен Қазақстан Тәуелсіздігі кезеңіне және келесі кестедегідей:
Қазіргі ғалымдардың пікірі бойынша ХХ ғасырдағы Қазақстанның педагогикалық ғылымының даму кезеңдері:
Г.М. Хрaпченков
А.Н.Ілиясова
А.Құсайынов, И.Наби, Ш.Таубаева
Біздің пікіріміз
I. 20-шы жылдардың басы-30-шы жылдардың басы
II.30-шы жылдардың басы-50-ші жылдардың ортасы
III. 50-ші жылдардың ортасы-90-шы жылдардың басы
І. Қазан төңкерісі және қазақ мектебі мен социалистік педагогиканың қалыптасуы(1917-1920 жж.).
II.Халық шаруашылығын қалпына келтіру және социалистік қайта құру кезеңінде Қазақстан мектебі мен педагогикасының педагогикасының дамуы(1921-1929 ж).
III.Социализм құрылысы кезеңіндегі Қазақстандағы мектеп пен педагогикалық ғылымның дамуы(1930-1940жж)
IV.Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстанның педагогикалық ғылымы (1941-1945 ж. ж.)
V.Халық шаруашылығын қалпына келтіру және социалистік қоғамды одан әрі дамыту кезеңіндегі Қазақстанның педагогикалық ғылымы (1946-1958 жж.)
VI.Социализм құрылысы жағдайында Қазақстанның педагогикалық ғылымын одан әрі дамыту (1959-1985 жж. сәуір).
VII. Қоғамның демократиялануы мен барлық әлеуметтік болмысты түбегейлі қайта құру жағдайында халықтық білім мен педагогикалық ғылымды қайта құру (1985 ж. сәуір айынан бастап).

I. 1962 жылға дейін
II.1962-1984 жж.
III. 1985 жылдан кейін
Педагогикалық ғылымды дамытудың кеңестік кезеңі Қазақстан
I. 1933 жылға дейін конституциялық емес педагогикалық ғылымның дамуы.Эмпирикалық білім туралы ғылымды дамыту
II. 1934-1962 жж. Кеңестік кезеңдегі қазақстан негізіндегі педагогикалық ғылым.Педагогикалық ғылым мен ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың басталуы.
III.1962-1991 жж. Қазақстандағы кеңестік педагогикалық ғылымның қарқынды дамуы.
IV.1991-2010 жж. Тәуелсіз Қазақстан кезеңі.Ғылыми мектептерді жандандыру және өсіру.Тәуелсіз Қазақстанның педагогикалық ғылымының қарқынды дамуы
V. 2011 жылдан -осы уақытқа дейінуақыт-Қазақстанның педагогикалық ғылымының дамуы жаһандану және жаңа сын-қатерлер жағдайында. Жаңа дайындық жүйесі
ғылыми кадрлар

1 аралық. Қазақстан педагогикасының кеңестік даму кезеңі.
I кезең. 1933 жылға дейін педагогикалық ғылымның конституциялық емес дамуы. Білім туралы ғылымның эмпирикалық дамуы. М. Жұмабаевтың "Педагогика" (Орынбор,1922) еңбегі танымалдыққа ие болды. Онда Я. А. Коменскийдің және басқа да ғалымдардың идеяларының ықпалы, сондай-ақ Ы. Алтынсарин идеяларының ұлттық ерекшеліктерін есепке алу да байқалады.
II кезең. 1934-1962 жж. орталықтандыру негізінде қазақстандық педагогикалық ғылымның кеңестік даму кезеңі. Педагогикалық ғылымның, ғылыми-педагогикалық кадрларды қалыптастыру жүйесінің институционалдануы орын алды. 1935 жылы аспирантура арқылы ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау басталды.Мысалы, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.С. Қожахметова ҚазМУ Ғылыми кеңесінде Қазақ Кеңестік мектебінің дидактикалық принциптерін әзірлегені үшін (1939 ж.).
III кезең. Қазақстандағы кеңестік педагогикалық ғылымның қарқынды дамуы. Идеологиялық мазмұны педагогикалық марксизм-ленинизм, диалектикалық материализм негізіндегі жұмыстар Кеңес өкіметінің сұраныстарына сәйкес келді.
II аралық.Тәуелсіз Қазақстан жылдарындағы педагогикалық ғылымның дамуы.
IV кезең. Тәуелсіз Қазақстанның даму кезеңі. Ғылым дамуындағы дағдарыстық құбылыстарға қарамастан, ғылымды қаржыландыру; тәуелсіздікке ие болуына байланысты алдыңғы қатарлы дәстүрлерді сақтау және трансформациялау әрекеті тәуелсіз Қазақстанның педагогикалық ғылымының қарқынды дамуы байқалды. Қазақстандық ғылыми мектептер де белсенді дамыды.
V кезең. 2011 жылдан осы уақытқа дейінгі аралық.Жаһандану және жаңа сын-қатерлер жағдайында Қазақстанның педагогикалық ғылымының дамуы. Ғылым практика сұраныстарын, білім беру жүйесінің барлық салаларын реформалау бойынша мемлекеттің тапсырысын көздейді.
2010 жылдан бастап педагогикалық ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жандандыру, білім беруді интернационалдандыру жүріп жатыр. Халықаралық білім беру жобаларында ғылыми қызмет, әлемнің әр түрлі журналдарында ғылыми мақалаларды белсенді жариялау және т. б. шаралар жүзеге асты.2011 жылдан бастап Қазақстан жаңа жүйеге көшті.Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауда бұрынғы жүйе бойынша ғылым кандидаттары мен докторларын даярлау жойылды, PhD дәрежесін қорғау енгізілді. Жүйені одан әрі жетілдіру жоспарлануда.
Біз жинақтап, жүйелеуге қол жеткізген кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғаудың сандық деректеріне қысқаша тоқталамыз.
А. А. Сайпова "педагогика кафедрасының ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың қалыптасуы мен дамуы" атты диссертациясында Абай атындағы АМУ педагогика кафедрасында орындалған кандидаттық диссертациялар қорғауының өсу динамикасы жинақталған (1950)-
2002 ж. адам саны бойынша), 3-кесте [14].

3-кесте-Абай атындағы АМУ педагогика кафедрасында орындалған Кандидаттық диссертацияларды қорғау өсімінің динамикасы (1950-2002 ж. ж. адам саны бойынша) [14, 22 б.]
Жылдар
1951
1952
1953
1954
1961
1962
1963
1964
Кандидаттық
1
1
4
2
1
1
1
1
Жылдар
1965
1966
1967
1968
1969
1970
1971
1972
Кандидаттық
5
5
3
2
1
7
1
5
Жылдар
1973
1974
1975
1976
1977
1978
1979
1980
Кандидаттық
2
4
3
2
5
5
5
4
Жылдар
1981
1982
1983
1984
1985
1986
1987
1988
Кандидаттық
10
11
12
11
14
8
10
14
Жылдар
1989
1990
1991
1992
1993
1994
1995
1996
Кандидаттық
14
17
24
10
12
17
18
8
Жылдар
1997
1998
1999
2000
2001
2002

Кандидаттық
9
13
14
4
11
8


70 және 90 жылдары кандидаттық диссертацияларды қорғаған ғылыми-педагогикалық кадрлар санының өсу қарқынының артуы байқалды. ҒЗЖ бойынша жинақ бойынша кандидаттық, докторлық және педагогика бойынша PhD диссертациялар қорғалғаннан кейін (1996-2015 жж. адам саны бойынша) [15]. Нәтижесінде 2010 жылы қорғағандар саны жағынан ең үлкен көрсеткіш - 195 кандидаттық, 35 докторлық және 2 PhD дәрежесі бойынша диссертация, жалпы қорытындысында - 232 диссертация қорғалды.
Диссертация қорғағандардың ең көбі 2010 жылы 195 кандидаттық диссертация, 44 докторлық диссертация,2011 жылы және 2014 жылы 21 PhD диссертация (1 сурет).




Жалпы ғылымның дамуымен былай қадамдастыруға болады: алғашқы ғылым-- классикалық ғылым --неоклассикалық ғылым -- постнеоклассикалық ғылым. Іс жүзінде біздің кезеңділікке тән XIX ғ. соңы мен ХХ - ға енгізілді.
Кеңес өкіметі жылдарында республикадағы Қазақ Кеңестік мектебі мен халық білімінің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері А. И. Сембаевтың "Қазақстандағы Кеңес мектебінің даму тарихы" монографиясында, Л. К. Ибрашеваның "Қазақстанда мектептен тыс балалар мекемелерінің пайда болуы мен дамуы (1917-1941 жж.)", Т. М. Мешитбаевтың "соғысқа дейінгі бесжылдық жылдарында мұғалім кадрларын даярлау және тәрбиелеу бойынша Қазақстан Коммунистік партиясының қызметі"атты еңбектерінде көрініс тапты. А. И. Сембаевтың жетекшілігімен 15 кандидаттық диссертация қорғалды.
Халық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым - қатынас барысын баскару
Педагогикалық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздері
ҚР Конституциясы ғылым мен ғылыми шығармашылық туралы
Ғылыми педагогикалық зерттеу негіздері пәнінен дәрістер
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі пәні. Лекция тезистері
Педагогикадан дәрістер
Педагогикалык зерттеудердің әдіснамасы
Ғылымдағы парадигма
Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны
Ғылыми педагогикалық зерттеуді ұйымдастырудың әдістемесі мен әдіснамасы пәні бойынша дәрістер
Пәндер