Шет тілін үйренудің тиімді әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі.
Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Университеті.

Факультет
Филология департаменті

Ғылыми жетекші:
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Шет тілін үйренудің тиімді әдістері.

Орындаған: 2 курс студенті Шағыр Динара
Жетекші:


Қостанай 2020
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I бөлім Мотивация туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Шет тілін оқытудың мақсаттары мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
Шет тілі және оны оқытудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Шетел тілін оқытудың қазіргі замандық әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
II бөлім. Шетел тілін үйретуде оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Шет тілі сабақтарын ойын түрінде өткізу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Шет тілі сабақтарын әндер арқылы үйрену әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
2.3 Шет тілін үйрену кезінде қолданылатын бағдарламалар ... ... ... ... ... .. .
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
IV. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Қазіргі заман талабына сай жас ұрпаққа ағылшын тілін меңгеруді талап етіп отыр. Ағылшын тілін оқып-үйрену мектеп қабырғасында оқытылып, іргетасы осында қаланатынын ескерсек, ағылшын тілін оқытудың әдістерін бүгінгі күн талабына сай етіп, оқушыны ынталандырып, қызықтыра білудің өзі үлкен ізденіс пен шеберлікті қажет ететіні сөзсіз. Осыған байланысты қазіргі кезде шетел тілін үйретуде түрлі ұтымды әдістерді қолданып, сабақ барысындағы іс-әрекеттерді тиімді ұйымдастыра отырып, оқушының ынтасын арттырудың тиімді жағдайын қарастырдым себебі қазіргі таңда оқушылардың оқуга деген кызыгушылықтары кенет бәсеңсігені байқалып отыр. Сондықтан шетел тілі сабактарында әндерді қолдану оқушының зияткерлігін дамытатын және ой-өрісін кеңейтетін тиімді әдістердің бірі. Бір жағынан ең үлкен құлшыныс, қуаныш сыйласа, екінші жағынан ән мәтінінің негізінде әр түрлі елдердегі жеткіншектерді мазалайтын мәселелердің бірі.
Шетел тілін оқытудың әдістерін қолдану нақты бір технологияны қолдану деп түсінген дұрыс емес. Әр технологияны немесе сол технологияның қандай-да бір элементтерін сабақ барысында қандай-да бір кезеңінде тиімді қолдану, жандандыру нәтижеге жеткізеді деп ойлаймын. Мектептерде білімді жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін сапасы мен маңызын арттырады мысалға; ойын түрлері әсіресе орта буында өте тиімді, әрі нәтижелі деуге болады, сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың пәнге деген қызығуын арттырады деп ойлаймын. Себебі шет тілінде үйрену процесінде ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқу өте манызды. Оқушылардың шет тідлінде сөйлеуін, қызығушылығын арттырып, белсенділігін көтеретін ойын.
Сапалы білім алу үшін қазіргі кезде қолданылып жаткан әдіс-тәсілдер көп, соған үйренуге деген қызығушылығын арттыруда жаңа технологиялар , әдістер көбеюде.
Зетрттеу жұмысының өзектілігі: Шет тілін оқыту барысында оқушыларды өздерін басқа әлемді түсіне білуге үйрету керек. Ең алдымен өз елінің , тілін, мәдениетін білмей, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне қол жеткізу мүмкін емес. Басқа тілді қоғамда, мәдениетте өз орнын таба білу үшін сол елдің тілін ғана меңгеру ғана емес сонымен қатар, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін де меңгеру керек. Оқушылар жаңа шығармашылық іс-әрекетке, жаңа ақпараттық технологияларды үйренуге, жеке тұлғалық және мәдениетаралық қарым-қатынаста туындайтын қарама-қайшылықты болдырмауға және оларды шешуге икемді болуы қажет. Зерттеу жұмысында шет тілін үйренудегі әдістерін және сол әдіс арқылы қызығушылықтарын оятатын жағдайларды қарастыру.
Зерттеу нысаны: Мектепттерде шет тілі оқып үйренудегі қызығушылығын арттырып, оның қажеттілігі мен маңыздылығына көз жеткізу, оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен қатысымдық құзырлылықтарын дамыту.
Зерттеу жұмысының пәні: Оқушыларындың шет тілін үйретудегі қызығушылықтарын арттыратын әдістердің жолдарын табу.
Зерттеу мақсаты: Оқушылардың шет тілін үйренуге деген танымдық қызығушылығын арттырудың тиімді жолдарын, әдістері мен құралдарын анықтау.
Зерттеудің міндеті:
Мектептегі ағылшын тілін оқытуда мотивацияның маңыздылығын зерттеу.
Шет тілін үйренуге деген танымдық қызығушылықты арттырудың қолданыстағы тәсілдері, әдістері мен құралдарының тиімділігін талдау.
Шет тілі және оның оқытудың әдістерің аныктау.
Шет тілінің оқытуының қазіргі замандағы әдістемесін анықтау.

I - бөлім
Мотивация туралы түсінік.
Мотивация дегеніміз- көздеген мақсатқа жету үшін өзін сол жұмысқа қызығушылығын арттыру және ынталандыру болып табылады. Ең алдымен шет тілін үйрену барысында сол тілге деген қызығушылық болу керек. Егер ешқандай қызығушылық болмаса ол көздеген мақсатына жете алмайды. Мектеп жасында оқуға деген мотивация қалыптастыру қазіргі мектептің негізгі мәселелерінің бірі деп атауға болады. Оның маңыздылығы адам қызметінің қайнар көздері, оның іс-әрекетінің, мінез-құлқының қозғаушы күштерін талдаумен байланысты.
Көптеген жылдар бойы мотивация мәселесі ағартушылар мен ғалымдардың зерттеу негізгі зерттеу объектісі болып келді. Себебі қазіргі уақытта бұл жағдай ауылдық мектептер үшін өте өзекті. Ауылдағы әлеуметтік жағдайлардың шиеленісуіне, ата-аналардың педагогикалық сауаттылығының төмен деңгейі және балалардың мектепке дейінгі дайындық деңгейінің төмендеуіне байланысты балалардың оқу іс-әрекетіне деген ынтасын қалыптастыру деңгейінің төмендігі туралы мәселе болып тұр.
Мотивация мәселесі білім берудің бастапқы кезеңінде ерекше орын алатын маңызды жәйт, өйткені балалардың оқуға қабілеттілігі болуына негізі бастауыш мектеп жасында қаланды. Сондақтан мотив шет тілін үйренудегі негізгі қызмет көзі болып табылады. [Маркова А.К. 1990-стр.192]
Мотивация - ол адамның айналасындағыәр-түрлі әрекеттерден көрініс табатын адамнығ ішкі психологиялық сипаттамасы.
Мотивацияның негізі 4 түрге бөлуге болады:
Мақсатты мотивация - бұл іс-әрекетке не қажет, ол не үшін бағытталған және ол не арқылы жүзеге асырылады.
Табыстылық мотивациясы - егер пәнді үйрену кезінде жақсы жетістіктер болса, онда ол сол пәнді ары қарай қызығушылықпен оқиды. Егер шет тілін үйрену кезінде сабақта ғана емес, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге ассырылса, шет тілдерін үйрену мотивациясы айтарлықтай артады.
Эстетикалық мотивация тіл үйренуде ынтамен, қызығушылықпен үйретуге көмектеседі.
Ынталандыру мотивациясы оқушылардың темпераментін ескереді және әр оқушыға өздеріне ұнайтын жұмыс түрінде көрінуге мүмкіндік береді. (С.А.Искрин, 2004: 95)
Оқушылардың оқуға мотивациясын қалыптастыру дегеніміз бұл мектепте оқуға деген ішкі ұмтылысты (мотив, мақсат, эмоция) қалыптастыру, оқушылардың саналы сезінуі, өздерінің мотивациялық қызығушылығын одан әрі дамытуы. Мұғалім бұл жағдайда оқушыладың мотивациялық қандай түрде қалай дамитынын және қалыптасатынын салқынқанды бақылаушы позициясын ұстанбай, керісінше психологиялық тәсілдер жүйесінің көмегімен оқу мотивациясының артуына дем беріп отыруы қажет.
Мотивтердің дамуы жайлы қарастырар болсақ, келесі кезеңдерге бөліп қарауымызға болады.
I-кезең- оқу әрекеті кезінде таныс болған мотивтер, яғни баланың әрекетінің алғаш бағаланған және қоғам арқылы пайдалы, құнды деп табылған кезеңдегі мотивтер жүйесі.
II-кезең-мектеп өмірінде сынып ұжымында болатын өзара қарым-қатынастар негізінде туындайтын мотивтер.
III-кезең-қоршаған өмірде алдағы мамандықпен, өмірлік мақсат міндеттермен тығыз байланысты болатын мотивтер жүйесінің кезеңі.[Байбекова М.М. 2005 ж 2б ]
А.К.Маркова атап өткендей мотивация баланың жаңа әлеуметтік рөлін анықтай отырып,(бұл жәй ғана бала ал енді оқушы болды) ол енді ұзақ уақыт бойы оқу процесін қолданып және өзінің мәнін бірте-бірте жоғалта бастайды. Сондықтан мотивті бастауыш сыныпта қалыптастыру, оқыту процесінің мағынасын ашып, баланың өмірлік мақсатына ұмтылуы, мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мотив іліміне стихиялықтың қажеті жоқ, ол өзінен-өзі пайда болады деп түсіндірді. А.К.Маркова айтқандай оқыту процесін жүзеге асыру барысында оқу-танымдық мотивтер қалыптасады, осы қызметтердің жүзеге асуы өте маңызды.
Негізгі факторларға оқыту процесінде тұрақты мотивациясын қалыптастыруға оң әсері болып табылады:
Оқу материалының мазмұны;
Оқыту процесі бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
Оқыту процесінде ұжымдық формалары;
Оқыту процесін бағалау; [Байбекова М.М. 2005 ж 2б ]
Көптеген зеттеулерге қарағанда оқушыларға толыққанды білім беру кезінде қалыптастыру үшін мақсатты жұмыс жүргізу қажеттілігі туындайды. Ұсынылған топтар арасында ерекше орын алатын оқу-танымдық себептер тек оқу қызметін белсенді меңгеру барысында қалыптасады. Ұсынылған топтар арасында ерекше орын алатын оқу-танымдық мотивтер тек оқу іс-әрекетінің белсенді дамуы кезінде қалыптасады.
Осы формалар оқушылардың белсенділігін ынталандыруға, оқуға қызығушылығын қалыптастыруға қызмет етеді:
дидактикалық ойындар мен жаттығулар;
оқыту мен тәрбиелеудегі тұлғаға бағдарланған тәсіл;
пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстар;
Әр түрлі тақырыптағы шығармашылық жұмыстары;
Пәндік олимпиадалар өткізу;
Әртүрлі білім беру технологияларын қолдану (проблемалық оқыту, ойын формалары, дамытушылық тапсырмалар және т.б.);
Біз мұны білеміз бе, жоқ па, бірақ өміріміздің әр сәтінде бізде бір нәрсе жасауға ынталанамыз мысалға: физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру (тамақтану, ұйықтау) немесе рухани қажеттіліктер (өлең жазу, театрға бару, пейзаждарды бояу ) осыларды орындауға қызуғышылығымыз артады. Адам бойында ешқандай мотивация болмаса, мотивация болмаса бұл адамның өлді дегеннің білдірмейді. Егер адам бір нәрсеге қол жеткізу керек екенін алдына мақсат етіп қойса , яғни оның қажеттілігін қанағаттандыруға оны дамытуға өзін-өзі итермелейді .
Мұғалімнің басты міндеті - оқушыны оқуға ынталандыру екені белгілі. Бұл арада мотивация әртүрлі аспектілерде зерттеледі, ал бұл құбылыс туралы түсінік әртүрлі жолмен түсіндіріледі. Мотивация мәселесінің көп өлшемді сипат оның табиғатын, мәнін және оны зерттеудің әдістерін түсіну үшін көптеген тәсілдеріге жүгіну қажет [Зайцева 2015].
Оқытудағы мотивация мәселесі әр мектепте әр пәнінді үйренуде туындайды. Алайда орта мектепте шет тілдерін үйренуге деген мотивация мәселесі әсіресе өткір болып табылады. Мотивация мәселесін жайлы зерттеушілер бір сыныптан екінші сыныпқа ауысуы туралы мәліметтерді ұсыныстарды ұстынды. Бір қызығы, шет тілін оқығанға дейін яғни шет тілін үйренуді бастамай тұрып , басында оқушыларда жоғары ынта болады. Олар құрдастарымен шет тілінде сөйлескісі келеді; шет тілінде өлең оқып, ән айтуға әуес болады; оқу арқылы, басқа елдерге шығу армандары болады. Бірақ қазіргі кезде шет тілін жетік үйренуге деген көзқарастары өзгеруде, көбісінде үйренуге деген қызығушылығы артта қалып барады. Шынында да, бұл процесс құрылыс материалының жинақталу кезеңін, әр түрлі қиыншылықтарды жеңіп, армандаған мақсаттарға жетуге итермелейтін кезеңді болжайды. (М.В. Зайцева, 2003: 23)
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру кешені - мотивацияны қалыптастыру жолындағы келесі қадам болып табылады. Оқу материалының мазмұнын оқушылардың оқу іс-әрекеті процесінде меңгереді. Оқу іс-әрекетінің жетістігі, ең алдымен, ол не үшін бағытталғанына, оқушылар мен мұғалімнің алдына қандай мақсаттар қоятындығына, бұл мақсаттар оқу материалын игеруге бағытталған ба, бұл жерде таным процесі дербес мақсат болып табылады ма, әлде білім беру қызметі олар үшін құрал ретінде қызмет ете ме осылар оқыту мазмұнымен байланысты және осы мазмұн оларды мақсаттарға жеткізеді.
Сонымен қорытындылай айтатың болсақ , әр авторлардың мотивация түсінігіне берген анықтамаларына сүйене отырып, оқытудың мотивациясы дегеніміз - адамды білім алуға итермелейтін, және жалпы бағыт - бағдар беретін, адам мінезіне энергетикалық импульстер беретін, психикалық үрдістер жиынтығы екенін анықтадық. Ж.Аймауытов айтқандай баланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің арқасында жетіледі. Сондықтан да бүгінгі күні мұғалімдер оқушылардың оқуға деген мотивациясын көтеру мақсатында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақтарды түрлендіріп өткізудің жолдарымен, жақсы нәтижелерге жетуге болады деген ойдамын. [Бегляров Э. 2010].
1.1 Шет тілін оқытудың мақсаттары мен мазмұны
Ана тілі болсын немесе шет тілі болсын тіл-байланыс құралы ретінде қызмет етеді, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына, әлеуметтік өмірдің табиғи жағдайларында бір-біріне әсер етеді. Шет тілін үйрену оқушыға объектілерді, құбылыстарды, олардың қатынастары мен қарым-қатынастары туралы ойлауды қабылдау мен білдірудің дамуына әсер етеді.
Шет тілін оқыту кезінде басқа пәндерді оқытқан сияқты қоршаған орта туралы шындық оқытпайды. Шет тілін үйрену кезінде бастапқы кезіңде оқушы өзі жайлы қасындағы адамға айтып бере алады. Шет тілін үйренудің орта кезеңінде сөйлеу қабілеті дамып әр тақырыптарға қысқаша мәлімет айта алады сонымен қатар лексика, грамматикаға мән беріле бастайды. Жоғарғы кезең категориясында оқушылар үшін өзекті тақырыптар бойынша әңгімелеседі. Шет тілін ерте жастан бастап үйрену өте тиімді себебі; жас өспірімдер тез қабылдайды, жылдам есте сақтайды.
Шет тілін үйрену кезінде оқытудын мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады. Оқу бағдарламасында пән атаулары мен тақырыптары, сағат саны белгіленеді, бұл оқытудың негізгі құжаты болып табылады. Бұд кұжат оқулыкпен салыстыру барысындағы өзгерістердін, толықтырулардың көрінісі. Сондықтан мұгалім өзінің оқыту-тәрбие жұмысын осы бағдарламаға сүйене отырып жоспарлап, жүзеге асыруы тиіс. Бағдарламаның түпкі және қосалкы мақсаттарын ажырата білу керек, себебі әр сабактың негізгі және қосалқы мақсаттары болады. Оқыту мақсаттарының 4 түрі бар:
Тәрбиелеу
Дамыту
Ағартушылық
Тәжірбиелік. [Павлодар Кереку 2013 6 б ]
Енді осы мақсаттарға жеке-жеке тоқталып кетсем. Бірінші бізде оқытудың тәрбиелік мақсаты. Көпшілігі шет тілін оқу кезінде үлкен қызығушылық алып келеді. Олар шет тілінде сөйлейтің адамдармен қарым-қатынас жасап сөйлегілері келеді. Бастапқы кезеңінде олар амандасуды, қоштасуды үйренеді, сол бір екі сөз сөйлеген өзінде оларға үлкен қызығушылық алып келеді. Осы кезеңде мұғалім оқушыларды тыңдай білу керек сонымен қатар оларды дамытып отыру қажет.
Шет тілін үйрену кезінде оқушылар оқуға үйренеді, кітаптар, журналдар оқиды соларды оқу кездінде мәденитті сөйлеуге үйренеді. Сонымен қатар мәнерлеп оқу оқушыларлың мәдениеттілігін көрсетеді.
Келесі дамытушылық мақсаттында оқушылардың акыл-ой, ерік-жігерін дамыту арқылы жүзеге асыруга болады. Даму тек қана ойлаумен ғана байланысты деп ойламаймын. Оқу кезінде ұйымдастыру білігі мен дағдыны қапыптастыру дамытушылық мақсатгардың бірі болып табылады. Себебі, оқушылардың тіл білімі деңгейі жоғарлайды сонымен қатар сол тілде ойлау білімі одан сайын дамытады. Дегенмен де оқытудың барлық мақсаттары өзара тығыз байланысты. Осы қарастырылып жатқан мақсаттардың барлығы кез келген тілді үйрену үшін өте маңызды, сондықтан да осы мақсаттарды алға қою арқылы оқушылар қалаған тілді де меңгеруге болатынын көреміз.
Оқытудың ағартушылық мақсаты. Тілдерді үйрену кезінде сол тілдің мәдниетіне баса назар аударған жөн. Себебі әр оқушы сол тілді үйрену кезінде сол тілдің халықтары туралы хабардар болады, сол арқылы ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді осының бәрі-тілдің ағартушылық мақсаты.
Оқытудың тәжірбиелік мақсаты. Тіл- сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі. Шет тілі әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеуге ықпал етеді. Шет тілін үйрену адамгершілікке тәрбиелейді. Оқыту барысында жеке тұлғаның ең маңызды адамгершілік қасиеттері тәрбиеленеді: патриотизм, интернационализм, гуманизм. Осы адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеудің өзіндік мазмұны сөзбен - сөйлеу құрылыстарымен, сонымен қатар оқытуды ұйымдастырумен байланысты. Бұл пәнді оқытуда оқушылар шет тіліндегі атаулармен, кұбылыстармен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Яғни шет тілі үйренген кезде ауызша да жазбаша түрде қолдана білуі тиіс. Ауызша сөйлеу, жазбаша жазу, тындалым шет тілін үйрнуге жақсы септігін тигізеді.
Шет тілін үйрену сөйлеуге оқытудың негізгі мақсаты болып табылады. Сөйлеу ол адам өміріндегі ең негізгі қарым-қатынас құралы ретінде қолданылады, және сөйлеу қызметі- адам қызметінің бір түрі. Сөйлеу арқылы адам өз ойын ашып айта алады, көңіл күйін, қуанышын, ренжісін білдіре алады. Сөйлеудің екі түрі бар. Олар:
1) диалогтық
2) монологтық.
Олар бір-біріне ұқсас болғанымен, олардың арасында елеулі айырмашылықтар бар. Монолог жеке адамнын біреуге арнап айткан сөзі, бұл сөйлеудің ерекшелігі сол, бұл жерде бір адам сөйлейді, басқалары тыңдайды. Ал диалогта аз дегенде екі адам сөйлейді. Бұл жерде сөйлеушілер кезек-кезек сөйлейді, яғни диалогтың екі жақтылығында. Диалогқа, яғни сұхбатқа қатысушылар саны екі және одан да көп болуы мүмкін. Диалог мазмұнына байланысгы сөйлеушілердің көңіл-күйі, дене қимылы, мимикасы өзгеріп тұрады.
беруге уйрету қажет деген ұғым. Әрине диалогта сұрактар мен жауаптар үлкен орын алады. Бірақ, диалогтық бірлестікті сурак-жауап беру деп қана түсінбеу керек. Монологтік пікір білдіру 1 бұл арнайы қалыптастыруды кажет ететін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін үйренудің тиімді жолдары
Ағылшын сөздерін есте сақтаудың тиімді тәсілдері
Шет тілі оқыту әдістемесі
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Шетел тілі оқыту әдістемесі
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу (ағылшын тілі материалы негізінде)
Көрнекілік әдістерді ағылшын тілін үиренудегі маңызы
Шет тілін үйренудің маңыздылығы
Ағылшын тілін есте сақтаудың тиімді әдіс - тәсілдері
ТІЛ ҮЙРЕНУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер