Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне жағымды әсері
Көкшетау қаласындағы
физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламасына сәйкес тақырыптың бағыты: Қазақстан Республикасының мәдениеті
Тақырып:
Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне әсері
(2640 сөз)
Орындаған: Абишева Алем, 12B
(аты-жөні, қолы)
Жетекші: Калиева З.С.
(аты-жөні, қолы)
Ішкі модератор: Бектасова Г.Е. ____________
(аты-жөні, қолы)
Көкшетау, 2020
Мазмұны
I. Кіріспе 3
II. Негізгі бөлім 3
1. Теориялық зерттеу 3
1.1. Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне жағымды әсері 3
1.2. Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне жағымсыз әсері 4
1.3. Мемлекет Жаһандану мәдениетімізге әкелетін жағымсыз әсерлермен қалай күресуде 5
2. Практикалық зерттеу 7
2.1. Сұхбат алу нәтижесі 7
2.2. Сауалнама нәтижесі 8
2.3. SWOT - талдау 8
III. Қорытынды 9
Пайдаланған әдебиеттер 10
Кіріспе
Өткен ғасырдың аяғынан бастап әлемде жаһандану үрдісі кең етек алуда, және оның ықпалы күннен күнге артып келеді.Бұл үрдіс әртүрлі мемлекеттердің экономикасын, саясатын, мәдениетін және тағы басқа салаларын бірдей шаблонға келтіру нәтижесінде, айтарлықтай өзгерістер енгізеді. Дегенмен жаһандану үрдісінің әкелетін өзгерістері халықтардың мәдениеттерінде ең айқын көрініс табады. Тарих бетін парақтасақ, қазақ ұлтының салт-дәстүрлері, әдет-ғүрыптары, өнер мен ұстанымдары да уақыт өте келе батыс мемлекеттерінің ықпалына түсіп, қалай өзгергенін байқауға болады. Бүгінгі таңда жаһанданудың ықпалына түскен қазақ халқының дәстүрлі болмысының маңыздылығы мен ерекшелігі ақырын-ақырын жойылып бара жатқандықтан, ұлттық мәдениетіміздің болашағы бұлыңғыр. Ұлттық кодымыздың жоғалу мәселесі көтерілетіндіктен, жаһандану ықпалын тез арада төмендету керек деп санаймын.
Мен бала кезімде ауылда өскендіктен, әрі ата-әжелердің жастық шақтарында бастан кешірген қызық оқиғалары туралы жиі тындап жүргендіктен жастайымнан қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылым пайда болды. Қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы пәндерінің арқасында мен қазақ халқының ұстанымдарын, әдет-ғұрыптарын сезіне алдым, ал әдебиет пәнінде оқыған Абай жолы сияқты роман-эпопеяларда көрініс табатын салт-дәстүрлер мен үшін өте қызықты, және осындай шығармаларды оқыған сайын ұлттық дәстүрлердің маңыздылығын аңғарамын. Сол себепті, мен Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне әсері тақырыбын таңдап, мәдениетіміздің қазіргі жағдайын зерттегім келді. Жоба жазу барысында мен қазақ мәдениетіенің Батыс елдерінің ықпалына түскені болашақта халық ерекшелігінің жойылуна әкеледі деген тұжырым жасадым және алдыма курсытық жұмысты жазған кезде жауап беруді қажет ететін бірнеше сұрақ құрастырдым:
Жаһанданудың жағымды және жағымсыз әсерлері қандай?
Жаһанданудың жағымды әсерлерін өз игілігімізге қалай жарата аламыз?
Жаһанданудың жағымсыз әсерлері мәселесін қалай шешуге болады?
Сондықтан бұл жұмыс қазақ халқының жаһандану үрдісінің ықпалына қаншалықты түскенін зерттеп, оның жағымды және жағымсыз әсерлерін талдап, болашақта пайда болатын қауіп-қатерлерді болдырмау үшін мәселенің бірнеше шешу жолдарын ұсынады. Зерттеу жұмысымның мақсаты жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне жағымды және жағымсыз әсерлерін зерттеп, талдау, сонымен қатар негізгі мәселелерді анықтап, оларды шешудің жолдарын ұсыну. Осы мақсатқа жету үшін мен Интернет ресурстары мен бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, керекті ақпаратты табатын боламын, сауалнаманы және сарапшымен сұхбат жүргіземін.
Негізгі бөлім
Теориялық зерттеу
Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне жағымды әсері
Заманауи архитектурамыздың басты ерекшілігі Европа мен Азия елдерінің стилдерін араластырып өзіндік Еуразиялық стиліміздің пайда болуы. Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның елордасында - Нұрсұлтан қаласында, ғимараттардың құрылысында еуропалық архитекторлар ат салысты. Мысалы, қаланың ғана емес, еліміздің басты көрікті орындарының бірі, биіктігі 200 метрге жететін Хан Шатыр сауда ойын-сауық кешені - Великобритания елінің танымал архитекторы Норман Фостердің еңбегі, ал Қазақстан орталық концерт залының ерекше сыртқы түрі мен жабдықталуына Еуропаның жетекші сәулетшілерінің бірі болып табылатын итальяндық сәулетші Манфреди Николетти міндетті. Хан Шатыр батыс елдерінде елестету қиынға соғатын прогрессивті технологиялар мен жарқын ұлттық шешімдердің бірегей үйлесімін көрсете отырып, бейбітшілік және келісім сарайымен бірыңғай ансамбльді құрайды. Қазір ТМД-ның бірде-бір мемлекетінде Қазақстан ОКЗ сияқты бірегей құрылыс жоқ және ол, әрине, қазіргі Қазақстан аумағындағы ең маңызды мәдени нысандардың бірі болып саналады. [1]
Қазіргі таңда Республикамызда бұрынғы еуропалық классика жанрынан басқа, жаппай әлемдік музыка жанрлары да, рок, рэп, поп, джаз және тағы басқа, танымал болып бара жатыр. Халқымыздың музыка өнеріне ритмикалык, қатты дыбысты әуендер де пайда болды. Жыл сайын өтетін Gakku Дауысы, Жыл Таңдауы және тағы сол сияқты отандық музыкалық концерттер мен премияларда енді шетелдік атмосфера байқалатын болды. Елімізде жаңа музыкалық тармақ, Еуропалық және Азиялық стильдерді қатар қосып Q-POP жанры пайда болды. Бұл мемлекетіміздің абыройының артуына әкелетіні сөзсіз. Мысалы, Димаш Құдайбергенов атты эстрада жұлдызы талай шетел нәзік жандыалрдың жүрегін жаулап алды: Қазақстанға келген шетелдік туристтердің көбісі - Димаштың жанкүйерлері. Сол сияқты, Q-POP жанрының ірге тасын қалаған Ninety One тобы да ТМД елдерінің ғана емес, Азия елдерінің көңілінен шыққан.
Елбасымыздың Қазақстан-2050 жолдауында Жаңа қазақстандық патриотизм-біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі деген бағытты ұсынған болатын. [2] Патриотизм қасиеті халықаралық аренада елімздің беделін қорғайтын спортшыларда айқын байқалады және олардың көмегімен насихатталады. Мысалы, Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA (Super), WBC (Interim), IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин біздің ғана емес, шетелдік жастардың да кумиріне айналды. Жалпы, елімізде жаңа спорт түрлерінің дамуына байланыста тәуелсіздік жылдары ішінде қазақстандық спортшылар алты Жазғы Азия ойындарына қатысып 138 алтын, 141 күміс және 200 қола медаль жеңіп алды және бес Қысқы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар 69 алтын, 51 күміс және 44 қола медаль жеңіп алды.[3] Қазіргі таңда жастарға спортпен шұғылдануға көп мүмкіндік жасалынған. Ұлттық спорт түрлерімен 278 235 адам қамтылған,бұл ел халқының дене шынықтырумен және спортпен айналысуының 6,1 пайыздан астамын құрайды. Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңінде 20-дан астам ұлттық спорт түрі белсенді дамыды. [4]
Сондықтан, жаһандану Қазақстан мәдениетін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, дәлірек айтсақ, оған әлемдік қауымдастықтың назарын аударады. Яғни, қарапайым сөзбен айтқанда, әлемді еліміздің мәдени құндылықтарымен таныстыруға мүмкіндік бар. Әлемдік прогресстің кейбір егжей-тегжейін ескере отырып, біз музыка, кино және сәулет өнерін дамыта аламыз.
Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне жағымсыз әсері
"Қазақтың кең алқапқа қоныс тепкен, сан жағынан көп өзіндік этномәдени мұрасы бар. Бірегей антропологиялық тұрпаты, ұлттық мінез-құлқы бар екенін де естен шығаруға болмайды. Бір ғажабы - аса зор кеңістігі мекендегеніне қарамастан, оның кезенде өз рухына қуат берерлік нәр таба алады да, рухани дүние байлығы адамзатқа ортақ болғанымен, әр ел оны түсінуге өз тіршілігі тұрғысынан келеді"- деп жазады Қазақстан философтары І.Ерғалиев пен Е.Телібаев.
Қазақ халқында қонақжайлылық; үлкенге - кұрмет, кішіге - ізет; әйелді жесір, баланы жетім қалдырмау; үлкеннен бата алу сияқты этика мен моральдар қалыптасқан. Қонақжайлық - қазақтардың ежелгі қасиеті. Қазақ халқының бойындағы кеңдік пен дархандық, жомарттық қасиеттер елден ерекше қонақжайлық дәстүрінен айқын көрінеді. Қонаққа лайықты құрмет көрсету, қабақ шытпай қарсы алып, үйіндегі барын дастарқанға қойып күту - ежелден қалыптасқан дәстүр. Бұл тұрғыда Қонақты құдайындай күту әр шаңырақтың парызы саналады. [5] Дегенмен, Батыс мемлекеттерінің әсерінен мемлекеттегі зорлық пен зомбылық, қылмыс деңгейлерінің өсуінен халықта қорқыныш сезімі арта түсті. Нәтижесінде, адамдар үйлеріне бейтаныс адамды кіргізбей, темір есіктің екі жағынан бір-бірімен сөз алмасады. Сонымен қатар, жұмысбастылық пен технологиялардың әсерінен қазақстандықтардың айтарлықтай бөлігі өздерінің көршілерін танымайды, ал танығанның өзінде, араларындағы қарым-қатынас жақсы емес. [6]
Жаһанданудың нәтижесінде, балаларын далада қалдыратын, қарт ата-анасын қарттар үйінде тастайтын қазақстандықтар пайда болды. 2017 жылдың статистикасына сүйенер болсақ, сол жылы елдегі 7236 бүлдіршін балалар үйінде тұруға мәжбүр болды. Алайда, қуанышымызға орай, бұл көрсеткіш жыл сайын 10-12%-ға түсіп келеді. Бірақ, бұл тенденция қарттар үйлері мәселесінде байқалмайды. 2019 жылдың 1-қаңтарында қарттар үйінде тұратын кәрі кісілер саны 12754 деп табылды, және бұл көрсеткіш әлі де артып келеді. Осылайша, үлкенді құрметтеу сияқты ұстанымдарымыз Батыс мемлекеттерінің ықпалына түсіп, өкінішті салдарға алып келді. [7]
Жаһандану үрдісі мемлекеттік тіліміз - қазақ тілімізге де зардап әкелді. Орыстандыру саясатының ықпалына түсіп, онсыз да қиын жағдайға қалған тіліміз, заманның өзгеруіне байланысты да оның қолданыс аясы тарылды. Бүгінгі таңда әлемдік тіл мәртебесіне ие болған ағылшын тілінің қолданылмайтын саласы жоқ: технологиялар, ақпарат, байланыс, оқу бағдарламалары. Қазақстанның жаһандану процесіне интеграциясының күшеюі қазақ тілінің толыққанды мемлекеттік тілге айналу мүмкіндігін азайтады, өйткені бұл оның маңыздылығын төмендетеді. [8] Сонымен қатар, бүгінгі күнгі урбандалу үрдісіне байланысты, дамып келе жатқан билингвизм, яғни қос тілділікке және 2006 жылдың қазан айында Елбасының бастаумыен Қазақ Халқы Ассамблеясының 12-ші съезінде жарияланған Үш тұғырлы тіл саясатына байланысты қазақ тіліміздің қолданысы азайып барады.
Мемлекет Жаһандану мәдениетімізге әкелетін жағымсыз әсерлермен қалай күресуде
Қазақстанда осы мәселеге орай көптеген бағдарламалар мен стратегиялар іске асып отыр. Мысалы, жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне тигізетін кері әсері мәселесін шешу үшін Рухани Жаңғыру бағдарламасы жүзеге асырылуда.2017 жылғы 12 сәуірде Мемлекет басшысы Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламалық мақаласын жасады, онда қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты контурлары көрсетілген. [9]Қазақ тілін дамытуда Рухани Жангыру бағдарламасы үлкен рөл атқарады. Бұл ұлттық деңгейдегі шынымен ауқымды жоба. Бұл қоғамның барлық салаларына әсер ететін ерекше. Оны қазіргі кезеңдегі және ұзақ мерзімді перспективада қазақстандық қоғамның дамуы үшін өзіндік идеологиялық алаң деп атауға болады. [5]Бұл бағдарламаның бірінші бағыты - қазақ алфавитінің латын графикасына көшуі. Латын қарпіне көшу процессі күрделі болғандықтан, жүйелі стратегия мен нақты жоспар болуы күн тәртібінен түмпегені абзал. Осы үшін мамандарды даярлауға, халықтың әртүрлі топтарын оқытуға және оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге бағытталған кезең-кезеңдік іс-шараларды ұйымдастыру қажет. Латын әліпбиіне көшу мәселесі Қазақстан қоғамында үлкен резонанс тудырды. Латын әліпбиіне көшудің басты мақсаты бірден түсінікті болды-мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және оның болашағын қамтамасыз ету. Негізінде, мемлекеттік тіл, сондай-ақ ту, елтаңба және гимн сияқты, елдің тәуелсіздігін көрсететін, ешкім қарсы сөйлеуге тиіс емес мемлекеттік рәміздердің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақ қоғамының бір бөлігі мемлекеттік тілдің тәуелсіздігін көріп, ұсынысты ықыласпен қабылдады. Туындаған дауға қарамастан, мемлекет латын әліпбиіне көшу жоспарын қарқынды іске асырып отыр. Екінші бөлім кириллицада жазылған рухани мұраны жоғалту қаупімен дәлелдей отырып, қарсы шықты. Екінші бағыт - Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, қоғам қайраткерлері және жетекші саясаттанушылар арасынан қазақ тіліне аударылатын оқулықтарды іріктеу бойынша жұмыс тобы құрылды. Жаңа гуманитарлық білім: 100 жаңа оқулық жобасы аясында оқулықтарды таңдау бойынша іс-шаралар жоспары жасалды. Оқулықтардың бастапқы тізімі университеттердің ұсыныстары негізінде 800 дана көлемінде құрастырылды. Жұмыс тобы оқулықтарды әзірленген өлшемдерге сәйкес іріктей бастады. Қазақ тіліне аударманы жүзеге асыру, оқулықтарды басып шығару және тарату үшін Ұлттық аударма бюросы коммерциялық емес қоры құрылды. [10] Қазір Рухани Жанғыру бағдарламасы аясындағы ең үздік 100 кітаптың 48-і қазақ тіліне аударылды Олар - философия, әлеуметтану, психоло - гия, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz