Авторлық құқықтың түсінігі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым миннстрлігі
М.Өтемісов атыңдағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих,экономика және құқық факультеті
Құқықтық пәндер кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: ҚР-да авторлық құқықты қорғау негіздері мен ерекшеліктері
Орындаған: Кенбаев А.Т.
Юр-27 студенті
Тексерген:Есенгазиева А.К.
Орал,2020жыл
Жоспар
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II. Авторлық құқықтың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
III. Авторлық құқық принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
IV. Авторлық құқықтың қолданылу аясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
V. Авторлық құқықтың субъектілері мен объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
VI. Автор құқығы, оның мазмұны және іске асуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
VII. Авторлық құқықты қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
VIII. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
XI. Пайдаланылған әдеиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Бұл мәселеге, яғни, авторлық құқықтарды халықаралық қорғау жалпы авторлық құқыққа қарасты тұрғыдан мән берер болсақ ол тіпті әлемдік денгейде әлі күнге дейін, өз шешімін таппай отырған үлкен бір өзекті проблемалар қатарында тұр десек артық айтпағандық болар еді. Авторлық құқықтарды халықаралық қорғаудың өзектілігін, сондай-ақ мына мән жайлардан-ақ байқап көруге болар еді. XXІ ғасырдың басында ғылыми-техникалық прогресстің өте қарқынды ілгерілеп дамуы авторлық құқықтың жаңа объектілері мен субъектілерін өмірге алып келуде, соның бір мысалы ретінде тек интернет жүйесін алып қарар болсақ құқықтық тұрғыдан әліде өз шешімін таппаған қыруар мәселелердің барына көз жеткізу мүлдем қиын емес деп ойлаймын. Бүгінде біздер осы жайларға және өзге де мәселелерге жете мән берер болсақ Қазақстанда авторлық құқық саласын үнемі әрі үздіксіз жетілдіріу қажеттілігін аңғару қиын емес деп білемін. Авторлық құқықтарды халықаралық қорғау жағдайын теориялық тұрғыдан талдау жасауға және авторлық құқықтың түсінігін, объектілері мен субъектілері қарастыра келіп авторлық құқықтарды халықаралық қорғау реттейтін халықаралық құжаттарға және сонымен бірге шетелдердегі авторлық құқықтарды қорғау мәселелеріне талдау жасап кеткі келеді.
Авторлық құқықтың түсінігі
Авторлық құқық-азаматтық құқықтың бір институты. Авторлық құқық реттейтін мүліктік және мүліктік емес қатынастар әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығару және қолданумен байланысты. Авторлық құқық жеке институт ретінде белгілі бір мәселелерді реттейді, оған мүліктік, мүліктік емес құқықтар және автордың заңды мүдделерін толықтай қорғау, ғылыми және көркем туынды шығару үшін құқықтық әдістерді пайдаланып жағдай жасау, туындының қоғамда кең қолданылуы жатады. Объективті мағынада авторлық құқық дегеніміз ғылым, өнер, әдебиет туындыларын шығару және қолдануға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Субъективті мағынада авторлық құқық дегеніміз ғылым, өнер, әдебиет туындысын шығарған адамның мүліктік және мүліктік емес қатынастары.
Авторлық құқық принциптері
Қазақстандағы авторлық құқыққа жалпыға бірдей принциптер тән. Еркін шығармашылық принципі автор қызығушылық танытатын тақырыпқа болашақ туындының формасын, шығару әдісін, өз туындысын рұқсат етілген әдістермен қолдануға ерік береді. Конституциялық заң шығармашылық, ғылым, өнер және әдебиетті дамытуға негізделген ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық еркіндігіне кепіл береді. Автордың жеке мүдделері бүкіл қоғамның мүдделерімен үйлесу принципі Азаматтық кодекстің 983-баптың 1 - 2 тармақтарында баяндалған. Бұл баптар бойынша жеке қажеттілікті қанағаттандыру үшін автор туындыларын қолдануға болады. Азаматтық кодекстің 983-баптың 2-тармағы бойынша автор туындысын автордың келісімінсіз пайдалану және оған жаңа жеке шығармашылық туынды шығару үшін, оған дейін шығарған туындысына сыйақы беруге болады. Автордың туындыны шығару және қолдануға моральдік және материалдық қызығушылық принципі. Тәжірибеде моральді мадақтаудың жеке формалары кездеседі мысалы құрметті атақ беру (еңбек сіңірген әртіс және т.б.) немесе халық қолдауына ие болған туындыларды қайта басып шығару. Ғылым, өнер және әдебиет туындыларының авторларына моральді және материалды мадақтауға әртүрлі мемлекеттік және атаулы атақ беру жатады. Белгілі бір туындыға ұтыс тігу де материалды мадақтаудың бір түрі болып табылады. Автордың заңды мүдделерін және негізгі құқықтарын қорғау принципі тек авторлық құқықтық қатынастарға түсетін адамдардың міндеттері мен құқықтары реттелген, субъективті құқықтардың іске асу кепілін бекітетін мемлекеттік органдардың құзырын анықтайтын нормаларда ғана көрсетілген жоқ.
Сонымен қатар, бұзылған авторлық құқықтарды қорғау нормаларында да бейнеленген. Ғылым және көркем шығармашылық саласындағы қатынастар әртүрлі нормативті актілермен реттеледі, осы актілердің жиынтығы авторлық құқық заңдарын құрайды.
Авторлық құқықтың қолданылу аясы
Осы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңына сәйкес авторлық құқық:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бірақ авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерінің азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қандай да болсын объективті нысанда болатын туындыларға қолданылады;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бірақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қандай да болсын объективті нысандағы туындыларға қолданылады және Қазақстан Республикасының азаматтары -- авторлары және олардың құқықтық мұрагерлері деп танылады;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бірақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қандай да болсын объективті нысандағы туындыларға қолданылады және авторлардың (олардың құқықтық мұрагерлерінің) -- шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп танылады. Егер туынды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алғаш жарияланған күннен кейінгі отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жарияланса, ол Қазақстан Республикасында жарияланды деп саналады. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес, егер ол Қазақстан Республикасы бекіткен тиісті халықаралық шарттың ережелері бойынша айқындалатын туындының шыққан елінде авторлық құқықтың осы елде белгіленген қолданылу мерзімінің бітуінің салдарынан қоғам игілігіне айналмаса және авторлық құқықтың қолданылу мерзімінің бітуінің салдарынан Қазақстан Республикасында қоғамның игілігіне айналмаса, туындыға қорғау беріледі.
Авторлық құқықтың субъектілері мен объектілері
Авторлық құқық субъектілері: Авторлық құқық субъектілері шығармашылық еңбекпен әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығарған тұлғалар болып табылады. Субъективтік авторлық құқық азаматтың жасына, денаулығына, мүліктік жағдайына, шығарманы жарыққа шығарудың орнына байланысты болмайды. Егер шетел азаматының туындысы бірінші рет Қазақстанда шықса немесе белгілі бір объективті формада Қазақстан территориясында болса шетел азаматы Қазақстандық авторлық құқық субъектісі болып табылады. Авторлармен қатар, авторлық құқық субъектілерінің қатарына әдебиет, ғылым және өнер туындысын шығару процесіне қатыспаған тұлғаларды да жатқызуға болады. Оларды мирасқорлар деп атайды. Мирасқорларға туындыны пайдаланудың белгілі бір құқықтары өтеді. Заң мұрагер мен автор арасында жасалған шарт белгілі бір құқық шеңберінің мирасқорға өтуінің негізі болып табылады. Автормен оның туындыларын пайдалану туралы шартқа отырған мұрагерлер, мемлекет немесе мекемелер (баспалар, театрлар және т. б.) мирасқорлар болып саналады. Жоғарыда аталған тұлғалардың құқықтары автор құқықтарымен салыстырғанда шеклеулі болады. Мұрагер мен автор құқықтары көлемі жағынан ғана емес, пайдалану мерзімі жағынан да әртүрлі. Мұрагердің авторлық құқығы автор өлгеннен кейін 25 жыл ғана күшінде болады. Белгілі бір жағдайларда ғана мемлекет авторлық құқық субъектісі болып табылады. Мысалы: авторлық құқықты еріксіз саттырғанда, туындыны халық игілігі деп жариялағанда, авторлық құқыққа ие болған заңды тұлғаның жойылуы кезінде. Азаматтық заң негіздері бойынша: энциклопедиялар, газеттер, журналдар, ғылыми еңбек жинақтарын және т. б. жарыққа шығаратын баспалар өздері шығарған өнімді (кітаптар, журналдар, жинақтар, газеттер және т. б.) пайдалануға құқықтары бар. Сол сияқты кино-телестудиялар фильмді пайдалануға құқықтары бар. Бірақ заң бұл құқықтарды авторлық құқықтар қатарына жатқызбайды. Осыған байланысты заң бойынша авторлық құқыққа шығармашылық коллектив мүшелері, композитор, суретші, қоюшы-режиссер, оператор және басқа да шығармашылық жұмысшылар ие болады.
Автор құқығы, оның мазмұны және іске асуы:
Париж Конвенциясында авторлық құқық 1955 жылы 16 құркүйекте күшіне енді. Бұл конвенция ашық сипатқа ие. Оған қосылу үшін ЮНЕСКО-ның Бас директорынан сәйкес құжатты алу жолымен жүзеге асырылады. Париж Конвенциясында қайта қарау бойынша 1971 жылы жаңа мәтінде пайда болды. Бүкіләлемдік Конвенцисының ерекшелігі - ол заңды тұлғалармен қатар, халықаралық ұйыдардың вторлық құқықтарын қорғайды. Туындыны қорғаудың ең төменгі мөлшері конвенция бойынша автордың өмір бойы 25 жыл ол қайтыс болғаннан кейін, яғни Берн Кнвенциясынан 2 есе төмен
Әдебиет, ғылым, өнер туындыларының авторы келесі құқықтарға ие: Авторлық құқық, тақырып таңдау құқығы, туындыны жариялау және пайдалану, шығармаға қол сұқпаушылық және т.б. Ғылым немесе көркем шығармашылық пен айналысатын тұлғаның ең негізгі құқығы автор құқығы.
Автор құқығы бойынша автор оның туындысын пайдаланған жағдайда авторға сілтеу жасауды талап етуі де мүмкін. Автор құқығы туындының формасына немесе туындының мақсатына байланыссыз сақталады. Туынды басылса да, басылмаса да автор құқығы сақталады.
Авторлық құқық болып туындыға қатысты авторлық құқықтар жататын тұлғалар табылады. Қазақстандық заңнамаға сәйкес авторлық құқықтар қазақстандық азаматтар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, олардың мұрагерлері мен құқықмирасқорлары иеленеді. Әр санаттары үшін туындыға құқық әртүрлі заңды фактілерге байланысты - туындыны тудырумен, мұра бойынша авторлық құқықтардың өтуімен, т.б. туындайды. Авторлық құқықтың негізгі субъектілері болып туындының авторы табылады. Автордың құқықтық мәртебесі кез келген тұлғада авторлық құқықпен қорғалатын туындыны жасау сәтінен бастап анықталады. Сонымен қатар, заң осыған қатысты ешқандай шектеулерді авторлық құқықтың субъектілеріне қоя алмайды. Ғылым, әдебиет және өнер туындыларына авторлық құқық оны тудыру фактісіне орай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеудің, өзге рәсімдеудің немесе шарттылықтың сақталудың қажеттілігі міндетті емес. ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 9-бабы). Авторлық құқық субъектілерін жіктеудің келесідей топтамалары :
- "Субъектілер алғашқы және туынды болып бөлінеді".
- Сонымен қатар, алғашқы субъект ретінде "автор деп - шығармашылық еңбегімен туған туындының жеке тұлғасы" танылады.
- Мәні бойынша субъектілерді "алғашқы және туынды" деп бөлу дұрыс деп саналады. Заңда кездесетін "туынды шығармалар" терминінің бар болуына байланысты кейбір терминологиялық келіспеушіліктер болуы да мүмкін. ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңның 12-бабында). Авторлық құқық субъектілері жөніндегі мәселе жалпы цивилистикалық әдебиеттерде, сондай-ақ авторлық құқыққа арнайы арналған еңбектерде орын тапқан. Революциялық кезеңге дейін әдебиеттерде осы мәселеге С.А.Муромцевтің,В.В.Спасовичтің,И.Г .Табашниковтың,К.П.Победоносцевтің және басқаларының еңбектері арналған. И.Г.Табашников әдеби меншіктің субъектісін зерттей отырып, мынандай қорытындыға келді: авторлық құқықтың субъектісі болып ең алдымен туынды өзінің пайда болуына міндетті болатын тұлға табылады. Қалған барлық тұлғалар авторлық құқықтың субъектілері болып "одан мирасқорлыққа байланысты ғана күшіне еніп" табылады. Заңды байланыстың күшіне қарай үшінші тұлғалар авторлық құқықтың субъектілері болып әртүрлі жағдайларда және шарттық қатынастарда пайда болатын заңда тікелей көрсету түрінде болады.
К.П.Победоносцевтің "Азаматтық құқық курсында", "Құқық иеленуші" -"иеленуші" мағынада "осы құқыққа иеленуші" табылады. "Авторлық құқық белгілі тұлғаға беріледі, яғни сол тұлғамен байланысты: бұл туынды авторы, тудырушы. Бірақ кей кезде бір туындының бірнеше тудырушылары болуы мүмкін, және осындай жағдайда тудырушылардың өзара қатынастары мен туындыға қатысу деңгейі әртүрлі болуы мүмкін". Бұл жерде назарды автор мен туынды арасындағы үзіліссіз байланысқа бөлу қажет. Әрекет етуші заңның терминологиясы бойынша "өндіруші - сабақтас құқықтардың ғана субъектісі".
Г.Ф.Шершеневич авторлық құқықтың субъектілері мен объектілерінің мәселелерін құқыққа сәйкес: әдеби туындыларға; мерзімді басылымдарға, көркем әдебиеттерге; музыкалық туындыларға орай жеке қарастырады. Әдеби туындыларға авторлық құқықтың субъектісі болып "әдеби туындыны тудырған автор мен оның мұрагерлері, құқықмирасқорлары және өзінің құқығын басқаға берген тұлғалар да" табылады. Көркем туындыларға құқықтың субъектісі - "туынды өзінің бар болуына міндетті жағдай ретіндегі ой мен өнердің суретшісі, мүсіншісі, сәулетшісі немесе гравері". Біздің заң бұл жағдайда да заңды тұлғалар үшін көркемдік құқықтың субъектілері болып табылу мүмкіндігін таниды. Сонымен, музыкалық туындының субъектісі - "музыкалық ой мен оның сыртқы нысанын айқындаған сазгер". Бұл жерде мынандай сұрақ туындайды бұл музыкалық туындыны орындаушы бөтеннің туындысын орындады ма? Біздің көзқарасымыз бойынша бұл жерде орындау кезіндегі шығарма, яғни импровизация туралы сөз болып отыр. А.А.Пиленконың пікірінше, авторлық құқықтың субъектісі болып тек қана жеке тұлға табылады, ал заңды тұлғалардың авторлық құқығы, яғни әртүрлі қоғамдар шарт немесе қызметтік жағдай бойынша заңды тұлғаларға автордың құқықтары өтуіне негізделеді. Осындай тұжырымды мемлекеттік ұйымдарға қатысты айуға да болады. Олар қызметшілерге жалақы төлей отырып, олардың әртүрлі ережелер, жарғылар, нұсқаулықтар құрастыруы бойынша еңбектерімен өздерінің меншікке қатысты авторлық құқықтарын жоғалтпай-ақ пайдалануға құқылы.
Г.Ф.Шершеневич пікірі бойынша, "авторлық құқықтың субъектісі болып өзінің бар болуына рухани шығармашылық еңбегі нәтижесінде тәуелді болатын шығарманың тұлғасы саналады. Бұндай тұлға ретінде, тек қана ойлай алатын және тудыра алатын тұлға бола алады". Заңда авторлық құқықтың заңды тұлғаларға қатысты орнықтырылуы, Г.Ф.Шершеневичтің айтуы бойынша өзінің құқықтарын осы фиктивті субъектіге беру шын мәніндегі авторлардың мүмкін болатын еріктерімен түсіндіріледі. Авторлық құқықтың субъектілерінің бір түрі осылай туындайды, яғни "шығармашылықтың рухани байланысымен құрастыруда тікелей әрекет етпейтін". Олар - тудырушы, продюсерлер, әдеби агенттер және т.б. Сондай-ақ авторлық құқықтың субъектілері ретінде әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығармашылық еңбекпен тудырған тұлғалар танылады(авторлар). Субъективтік авторлық құқықтардың азаматта пайда болуы оның жасына, денсаулық жағдайына, мүліктік жағдайына, туындыны шығару жері мен жарыққа шығарумен және т.б. байланысты емес.Шетел азаматы қазақстандық авторлық құқықтың субъектісі болуы мүмкін,егер оның туындысы алғаш рет мемлекеттің аумағында жарыққа шығарылса немесе шығарылмаса, бірақ оның аумағында белгілі бір объективтік нысанда болып табылса. Шетел авторының туындысы алғаш рет шет елге жарияланса немесе сол жерде белгілі бір объективтік нысанда болса, онда ол ҚР-ның бекіткен келісімдерінің күшінде және онымен бекітілген шектерді ғана қазақстандық авторлық құқықтың субъектісі болып табылады. Авторда субъективтік авторлық құқықтар туындыны тудыру фактісінің нәтижесінде пайда болады. Оның құқықтарын заң әдебиеттерінде алғашқы деп тану қабылданған .
Авторлық құқық нақты сол алғашқы субъекті мүдделері жөнінде ерекшеқорғалуды көздеп отыр, яғни туындыны жасаушының, автордың өзінің авторлық құқығы оның өмірінің барлық сәтіне дейін танылады. Мұрагер - мирасқорға қатысты заңмен көзделетін авторлық-құқықтық қорғау уақытына байланысты шектеулі сипатқа ие (автордың қайтыс болғанынан кейін 50 жыл). Авторлармен қатар авторлық құқықтың субъектілерімен қоса әдебиет, ғылым және өнер туындыларын жасауға қатыспайтын тұлғалар (азаматтар мен ұйымдар) танылады. Оларды құқықмирасқорлар дейді. Құқықмирасқорларға автордың туындысын пайдалану бойынша авторлық құқықтардың белгілі бір шеңбері өтеді. Құқықмирасқорлар болып мұрагерлер, мемлекет, автордың туындысын пайдалану бойынша шарттық қатынастарды орнатқан ұйымдар (баспалар, театрлар және т.б.) саналады. Көрсетілген тұлғалардың құқықтарының шегі авторға қарағанда, сипаты бойынша туынды болып келеді, өйткені олар автордан өтеді. Авторлық құқықтың субъектілері ретінде мұрагерлер заң күшіне немесе өсиеттік нұсқауларға сай құқықты иеленеді.
Заң мен өсиет бойынша мұрагерге туындыны жариялау, қайта жаңғырту және тарату құқығы, сыйақы алу құқығы тиесілі. Мұрагер шығарылған туындыларды пайдалану жөнінде мәселені шешуге, сондай-ақ әлі жарыққа шықпаған туындыларға да қатысты құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. Мұрагер мен шын мәніндегі автордың құқықтарының айырмашылықтары олардың көлемінде ғана емес, сондай-ақ әрекет ету мерзімінде де айқындалады. Мұрагерлердің авторлық құқықтары автор қайтыс болғаннан кейін 25 жыл мерзім ішінде әрекет етеді. ҚР АК-нің 497-бабына сай,
туындыны шығару, көпшілік алдында орындау және өзге пайдалануға авторлық құқық мемлекетпен сатып алынуы мүмкін. Әр жағдайда туындының пайдалану тәртібі мен талаптарын анықтайтын Үкіметтің қаулысы қабылдануы тиіс. Мемлекет авторлық құқықтардың барлығын иеленуші болып табылмайды, ал тек қана жеке құқықтарға ие болады. Авторлық құқықтың субъектісі ретінде мемлекетті танудың өзге негізі болып туындыны мемлекет игілігі ретінде жариялау табылады. Бұл жерде заң авторлық құқықтың мерзімі өтіп кеткен туындыларға қатысты келтіріп отыр. (АК-тің 496-бабы). Бұл жағдайда да мемлекет игілігі деп танылған туындыларды пайдаланудың тәртібі мен шарттарын анықтайтын Үкімет қаулысы қабылданады. Әрекет етуші заңнама авторлық құқықты заңды тұлғаларда арнайы бекітілген заңнама шегінде және жағдайында таниды. Азаматтық Кодекс энциклопедия, газеттер, журналдар, ғылыми еңбектердің жинақтары мен өзге де мерзімді басылымдарды шығарушы баспалар үшін туындыны (кітаптар, журналдар, жинақтар, газеттер) пайдалануға құқығын (479-бап); кино-телестудиялар үшін - тұтасымен фильмді пайдалану құқығын (480-бап); эфирлік хабар тарату ұйымдары үшін - олардың бағдарламаларын басқа ұйымдарға тарату, жазу және қайта жаңғыртуға рұқсат беру құқығын, сондай-ақ телебағдарламаларды көпшілік алдында қайта жаңғыртуға рұқсат беру құқығын (480-бап) танып отыр. Бірақ, бұл құқықтар заңмен авторлық деп аталмайды.Осындай ұстаным заңда авторлық құқықтарды шығармашылық ұжымның мүшелеріне - сценарий авторын біріктіретін, сазгер, суретші, режиссер-қоюшы, оператор және өзге шығармашылық қызметкерлеріне бекітуге негіз бола алады. Өйткені, қатаң түрде алып қарайтын болсақ, кез келген жағдайда туынды нақты азаматтардың шығармашылық еңбегімен туындайды, ал заңды тұлғалар авторлар (тудырушылар) ретінде емес, олардың туындыларды пайдалану барысында тек авторлық құқықтық қатынастардың субъектілері ғана болуы мүмкін. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңы авторлық құқықтың субъектілерінің келесідей түрлерін көрсетуге мүмкіндік береді:
1) автор (4-бап);
2) аудиовизуалдық туындылардың авторлары (13-бап);
3) жұмысберуші (14-бап);
4) мұрагерлер (29-бап);
5) авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар (43-бап);
6) өзге тұлғалар.
Жекелеген авторлық құқықтардың субъектілері болып сабақтас құқықтардың субъектілері табылуы мүмкін - орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымдары ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңның 36-бабының 1-бөлігі).
Сонымен, авторлық құқық субъектісі пайда бола алмайтын фактілік құрамға үш элемент кіреді:
1.туындыны тудыру барысындағы автордың шығармашылық еңбегі;
2.туындыны тудыратын нақты автордың немесе бірнеше тең авторлардың, немесе авторлық құқықта шартты түрде "заңды тұлға" түсінігіне біріктірілетін авторлардың тобының бар болуы;
3.бекітілген талаптарға жауап беретін субъектіде авторлық құқықтардызаңмен танудың бар болуы.
Осы үш жағдайлардың барлығының сәйкес келуі ғана авторлық құқықтың субъектісінің пайда болуына әкеліп соғады. Авторлық заңнама мен азаматтық кодекстің ережелерінен шыға отырып, "авторлық құқықтың субъектісі" түсінігі "автор" түсінігінен кең екенін көруге болады. Өйткені, авторлық құқықтарды (туындыны пайдалану үшін айрықша құқықтар) автордан басқа өзге тұлғалар да иелене алады (мысалы, еңбек шарты бойынша автордың өз міндеттерін орындау тәртібінде туындыны тудыру жағдайында жұмысберуші нақты құқықтық қатынастарға байланысты қатысушысы болып табылатын автор). Авторлық құқықтың объектілері мен субъектілері. Кез-келген субъективті құқықтар сияқты авторлық құқықтың объектісі болып оның қатысушылырының құқықтары мен міндеттері неге байланысты пайда болып қайда бағытталса сол авторлық құқықтың объектіс болып табылады.
Авторлық құқықтың объектілері: Азаматтық кодекстің 971 бабына сәйкес авторлық құқық әдебиет, ғылым және өнер туындыларына таралады. Шығармашылық әрекетінің басқа нәтижелерінен ерекшеленетін, белгілі бір нышаны бар туындылар ғана құқықпен қорғалады. Бұл нысандар заңның өзінде белгіленген. Ең алдымен туынды шығармашылық қызмет нәтижесі болу керек. Содан кейін оның көшірмесін қамтамасыз ететін объективті нысанда болу керек. Авторлық құқықтың объектісі болып табылатын туынды шығармашылық қызметтің нәтижесінде пайда болады, бірақ тек әдебиет, ғылым және өнер саласына жататын туындылар ғана авторлық құқық объектілері болып саналады. Заң әдебиеттерінде жаңа шығарма жасауға бағытталған жеке әрекеттер жатады. В. И. Серебровский бойынша шығармашылық бұл белгілі бір нәтижеге жету мақсаты бар саналы, көп жағдайда көп еңбек сіңіруді қажет ететін процесс. Шығармашылыққа саналы жұмыс және шығарған туындының жаңалығы тән болу керек. Шығармашылық адамның саналы, жеке әрекеті туындыны шығарғанша оның санасында қалыптасады.
Туындының болашақ үлгісі түпкі ой өз дамуында бірнеше кезеңнен өтеді. Түпкі ой-арман, түпкі ой-жоспар, болашақ туындының үлгісі, түпкі ойды іске асыру, туындыны шығару. Бір кезеңнен екінші кезеңге өту шығармашылық процесті құрайды. Әрбір кезеңнің өз ерекшелігі бар. Олар авторға ақиқат болмысты түсініп, оны эмоциялық қабылдаумен салыстыруға көмектеседі. Сонымен қатар, шығармашылық әдістері мен стилі бойынша әртүрлі болады. Жаңалық тек туындыға ғана емес шығармашылық қызметке де тән болады. Автор бірегей туынды шығарған кезде және белгілі бір туындыға негізделіп жаңа туындыны шығарған кезде жаңалық байқалады. В. И. Серебровский бойынша шығармашылықтың элементі жаңалық-жаңа мазмұн, туындының жаңа формасы, жаңа идея, жаңа ғылыми концепция түрінде көрінеді. Шығармашылық әрекеттің жаңалығынан басқа объективті көрініс тапқан туынды жаңалығы болады. Ол заңмен бекітілген міндетті және жеке белгісі бар ғылыми немесе техникалық шығармашылық нәтижелері. Авторлық құқық объектілеріне байланысты заң жаңалық белгілерін анықтамаған. Заң әдебиеттерінде туындының жаңалығын оның тақырыбы, идеясы, мазмұны және формасымен байланыстырады. Туындының басқа белгісі объективті көрініс. Түпкі ой іске аспағанша қорғау объектісі де болмайды. Оның әдебиет, ғылым, өнер туындыларына белгілі бір құқықтық реттеуді талап етеді. Әрбір шығарма белгілі бір көріну формасын иеленеді. Ол жазбаша, ауызша, қолжазба түрінде, сызу және т. б. Туындыны авторлық құқықтың объектісі ретінде тану үшін заң туындының аяқталуын талап етпейді. Туынды аяқталмаған болса да заңмен қорғалады. Авторлық құқық объектілеріне туындыны шығарған кезде автор пайдаланған эскиздер, жоспорлар және т.б.материалдар жатады. Туынды, оны авторсыз көшіруге болатындай объективті формада болу керек. Егер туындыны авторсыз көшіру мүмкін емес болған жағдайда, туынды авторлық құқықтың объектісі болып танылмайды. Авторлық құқық объектілерінің негізгі түрлері Авторлық құқық объектілерінің басым бөлігін әдеби шығармалар құрайды. Ой, сезім, идея және образ сөз арқылы берілгендіктен, бұл шығармалар ерекше болып келеді. Әдебиет шығармаларымен қатар өнер тундыларын да бөліп көрсетуге болады. Олар: музыкалық, хореографиялық, бейнелеу өнерінің шығармалары, кинофильм, телефильм және т. б. Музыкалық шығармалар ырғақпен байланысқан әуенді құрайтын дыбыстар арқылы көрініс табады. Олар оратория, симфония, соната, квартет және т. б.форма түрінде болады. Музыкалық шығармалармен қатар музыкалық-драмалық шығармалар да бар. Олар әдеби-драмалық негізге (либретто) сүйеніп, сахнада опера, балет және опера түрінде көрініс табады. Композитор музыкалық шығармаларды ерекше белгілермен жазады. Пантомима және хореографиялық шығармалар адам денесінің икемді қимылдары арқылы жасалады. Музыкамен бірге хореография музыкалық-сахналық туындыны құрайды. Бейнелеу өнері туындыларының қатарында кескіндеме, мүсін өнері, графика, қолданбалы сәндік өнер, сурет және т.б.Авторлық құқықтың объектілеріне жататын архитектуралық туындылар инженерлік өнердің, бионика, кескіндеме, мүсін, ғылым, архитектура синтезі болып табылады. Бұл туындыларда ғылым, техника, өнер біріктірілген. Заң әдебиетттерінде авторлық құқық тек архитектура өнерінің материалдық тасушысын ғана қорғайды деген пікір қалыптасқан. Бұл даулы мәселе, өйткені авторлық құқық идея мен образды да қорғайды. Кинематографиялық туынды кино түсіру үшін көптеген шығармаларды қамтиды. Мысалы, сценарий, жоспарлар, диктор тексті, өлең текстері, кинофильмдер және т. б. Кинотелевизиялық фильмнің материалды тасушылары-пленка, видеокассета, видеодисктер т. б. Осыған дейін тек түпнұсқа туындылар туралы айтылды. Түпнұсқа туындыларының негізінде жасалған тәуелді шығармаларды да заң қорғайды. Бұл туындылар-аудармалар қайта жасау нәтижесінде пайда болады. Әдеби, ғылыми және көркем шығарманың аудармасы дербес туынды болып табылады. Авторлық құқық объектілерінің қатарына заң аударманы да қосып, оны басқа туындыларды сияқты қорғайды. Егер де аудармашы шығарманы сөзбе-сөз аударса, бұл аударма авторлық құқық объектілеріне жатпайды. Егер де бір аудармашы белгілі бір туындыны автор немесе оның мирасқорының келісімімен аударса да, бұл екінші аудармашының сол туындыны аударуына кедергі келтірмейді.
Авторлық құқық объектілеріне шығармалар жинақтары да жатады. Бұл жинақққа белгілі бір автор еңбегі болмайтын туындылар да кіреді (заңдар, сот шешімдері және т. б.). Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, авторлық құқық объектілері мыналар болып табылады:
1) әдеби туындылар (әдеби-көркем, ғылыми, оқу, публицистикалық және т.б.);
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарийлік туындылар;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтінді және мәтінсіз туындылар;
6) аудио-бейне туындылар, (кино, теле және бейне фильмдер, диафильмдер және басқа кино, теле туындылар), радио туындылар;
7) кескіндеме, мүсін, графика туындылары мен басқа да бейнелеуөнерінің туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнері тундылары;
10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдістермен алынған туындылар;
11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендірмелер мен үш өлшемді туындылар;
12) ЭЕМ-ге арналғн бағдарламалар;
13) өзге де туындылар;
14) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да өңделімдері);
15) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа да іріктелу және (немесе) материалдардың орналасу бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады. Туынды және құрастырылған шығармалар олардың негізге алынған немесе оларға енген туындылардың авторлық құқықтың объектілері болу-болмауына қарамастан авторлық құқықпен қорғалады. Авторлық құқық объектілері болып табылмайтын туындылар:
1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, заң шығару, әкімшілік, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтіндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;
2) мемлекеттік рәміздер мен белгілер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгілері және өзге де мемлекеттік рәміздер мен белгілер);
3) халық шығармашылығының туындылары;
4) ақпараттық сипаттағы музыкалық шығармаға құқық кітапқа немесе кассетаға емес, әдеби немесе музыкалық шығарманың меншік иесіне тиесілі болады.
Сондықтан кітаптың немесе кассетаның меншік иесі әдеби немесе музыкалық шығарманың меншік иесінің келісімінсіз кітапта жарияланған немесе кассетаға жазылған шығармаларды көбейтуге және таратуға құқысыз болады. Сонымен, авторлық құқықтың объектісіне түсініктеме Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекісінің 971 бабында берілген, яғни осыға сәйкес Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралың Заңның 6-бабының 1 тармағына сәйкес, авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. Осы жоғарыда аталған баптың 2 тармағында көрсетілген, авторлық құқық белгілі бір объективті түрге ие болған:
1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқт);
2) ауызша (көпшілік алдында айтушылық, көпшілік алдындаорындаушылық және сол сияқты);
3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық,магниттік, оптикалық және сол сияқты);
4) бейнелеу (сурет, нобай, көркесурет, жоспар, сызба,кино, телебейне - немесе фотокадрлар және сол сияқты);
5) көлемді -кеңістікті (мүсін, үлгі, макет, ғимарат, және сол сияқты) түріндегі жарияланған туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да қолданылады.
Сонымен қатар, авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптерін, әдістердің, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактілердің өздеріне қолданылмайды. Туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектіні меншіктену құқығымен байланысты емес. Материалдық объектіні меншіктену құқығының немесе материалдықобъектінің иелену құқығының өзгеге берілуі, осы Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралың Заңның18-бабында көзделген реттерді қоспағанда, сол объектіде көрсетілген туындыға қандай да болсын авторлық құқықтың ауысуына өздігінен әкеп соға алмайды. Сонымен қатар, авторлық құқық объектілері болып табылатын туындыларды, атап айтқан жөн. Мыналар авторлық құқық объектілері болып табылады:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер,аннотациялар, рефераттар, түйіндер, шолулар, инсценировкалар,музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шағармаларын өңдеулер):
2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының іріктелуі және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын басқа да құрамды туындылар.
Туынды және құрама шығармалар, өздерінің негіізгі алынған немесе өздеріне енген туындылардың авторлық құқық объектілері болу - болмауына, авторлық құқықпен қорғалады. Осы орайда айта кету керек, дәл осындай анықтама бұрынғы ҚазКССР Азаматтық кодекісінің 471 бабында да дәл осы мазмұнда берілген болатын. Авторлық құқықтың объектілері туралы заң әдебеттерінде әр түрлі ой пікірлер айтылып жүргені белгілі, мәселен В.И. Серебровскийдің пікірінше авторлық құқықтың объектіс болып туынды авторының творчествалық әрекеті нәтижесінде пайда болған және оны қандай да бір тәсілдер арқылы қабылдауға мүмкін нысандағы автордың идеялары, ойлары немесе бенелеуі табылады. Осы және өзгеде берілген анықтамаларда авторлық құқықтың объектісі болып табылатын игіліктердің яғни туындылардың материалдық емес сипатта екендігін мойындалады. Осыған сәйкес авторлық құқықтың объектісі болып табылатын игілікті екі құрамдас бөлікке жіктеп қарастыруға болады деп болжам айтуға негіз туындайды. Олар ең алдымен осы материалдық емес сипаттағы туынды, ал екіншіден туындыны заттық яғни материалдық сипатқа айналдыруға мүмкіндік беретін нысан деп қарастыруға болады. Мысалы, қолжазба, сурет, нота түріндегі жазба тағы сол сияқты. Бұл арада біздер авторлық құқықтың объектісі болып табылатын игіліктің материалдық және материалдық емес құрамдар мен тұтасып ажыратылмайтын сипатта болатындығын аңғаруымызға болады. Авторлық құқықтың субъектілері. Автордың құқықтары әрқашанда авторлық құқықтың өзге субъектілерінен кең. Авторлық құқықтың субъектілерінің ішінен авторға ғана тән туындыны кез келген нысан мен тәсілде пайдалануға айрықша құқықтар тиесілі. ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңның 16-бабында бекітілген "мүліктік құқықтар"). Сондай-ақ, Заңның 15-бабындағы автордың жеке мүліктік емес құқықтары тән. Авторлық құқықтың қалған субъектілері туындыға қатысты мүліктік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz