Кәсіпорын азаматтық құқықтың объектісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих,экономика және құқық факультеті
Құқықтық пәндер кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Кәсіпорынды жалдау шартының құқықтық ерекшеліктері

Орындаған:юр-27 топ студенті
ЕлеубаеваМ.Д
Тексерген: . . . аға оқытушы
Есенгазиева.А.К

Орал2020
Жоспар
Кіріспе 3
1.Кәсіпорынды жалдау шартының ұғымы мен мазмұны
1.1Кәсіпорын азаматтық құқық тың обьектісі
1.2 Кәсіпорын жалдау шартының субьектілері
1.3. Кәсіпорын жалдау шарты тараптарыныңм құқықтары мен мідеттері
2.Кәсіпорын жалдау шартын жасау тәртібі және орындау
2.1Кәсіпорынды жалдау шартын жасасу
2.2Кәсіпорынды жалдау шартының орындалу ережелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Кәсіпорыңды жалдау шартының ұғымы және мазмұны.
Жалға берушi мүлiк жалдаудың басқа да шарттары бойынша сияқты жалға алушыға мүлiктi беруге мiндеттi. Жалға берушiге кəсiпорынды жалға беруге дайындықпен байланысты ауыртпашылықтар жүктеледi. Оның берiлуi өткiзу актiсi бойынша жасалады. Өткiзу актiсiн жасау мен қол қоюға ұсынуды қоса алғанда жалға берушiнiң мiндетi болып табылады жəне оның есебiнен жүзеге асырылады. Егер кəсiпорында борыштар болса, кəсiпорын жалға алушыға жалға берушiден мiндеттемелердi тоқтатуды немесе мерзiмiнен бұрын орындауды талап еткен несие берушiлермен есеп айырысу аяқталғаннан кейiн ғана берiлуi мүмкiн. Жалға алушының басты мiндетi жалданған кəсiпорынды шарт жағдайларына жəне оның құрамына кiретiн мүлiктiң тағайындалуына сəйкес пайдалануды жəне арендалық төлемдердi (ақыны) төлеуде болып келедi. Кəсiпорыны жалдау шартының кəсiпкерлiк сипаттамасы болған соң кəсiпорынның құрамына кiретiн мүлiкке билiк ету бойынша жалға берушiнiң құқықтарды едəуiр кеңейтiлген ҚРАҚ 578бабының мағынасы бойынша жалға алушы, жалға берiлген кəсiпорын мүлкiнiң құрамына кiретiн материалдық құндылықтарды (олар айналып қаражаттарына жатса) егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушiнiң келiсiмсiз сатуға, айырбастауға, не қарыз етiп беруге құқылы. Бiрақ осының нəтижесiнде кəсiпорынның құны азаймауы тиiс. Негiзгi қорларды (қаражаттарды) жалға алушы уақытша пайдалануға, қосалқы жалға бере алады немесе осындай мүлiк арендасының құқықтары басқа тұлғаға берiлуi мүмкiн. Жалға алушының мүлiкпен осылай билеуi өзге тұлғалар құқықтары бұзылуына (кемсiтiлуiне) əкелмеуге тиiс. Егер жалға берушiнiң немесе басқа тұлғалардың мүддесiне залал келтiрiлетiн болса, жалға алушы оны өтеуге мiндеттi. Шартпен немесе заңмен жалға алушының мүлiктi билiк етуге құқықтары шектеулi мүмкiн. Жалға алған мүлiктi пайдалану үшiн ақы шарт жағдайларына сəйкес төленедi, егер олар шартта қарастырылмаса, онда ақы мүлiк жалдау шарттары бойынша ақы төлеу тəртiбiн бекiтетiн АК нормаларына сəйкес төленедi. Ең қолданымды (қолайлы) ақы нысандары болып ақшалай төлемдер жəне өндiрiлген өнiмнiң белгiлi үлесiн бөлiп беру келедi. Сондайақ, егер жалға алушы мүлiктi жақсартатын болса, онда ол жасалған жақсартулардың құнын арендалық төлемдердiң есебiне жатқыза алады. Кəсiпорынды жалға алушының құқықтарының көлемдiгi тағы да мынадан көрiнiс табады. Жалға алушы жалға алынған мүлiктiк кешеннiң құрамына өзгерiстер енгiзуге, оны қайта құруға, кеңейтуге, техникамен қайта аспаптауға құқылы жəне осының барлығы жалға берушiнiң келiсiмiн талап етпейдi. Кəсiпорынды жалдау шарты бойынша мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығы тараптардың арасында басқа мүлiк жалдау шарттарының көпшiлiгiне қарастырылмаса, онда мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығы толығынан жалға алушыға жүктеледi. Сондықтан оның үлесуi туралы бiз шартты айтып отырмыз. Кəсiпорын арендаторы шарт күшiнде болатын барлық мерзiмде кəсiпорынның тиiстi техникалық күйiн қамтамасыз етуге тиiс, оны ағымдағы жəне күрделi жөндеуiн жүргiзедi. Осымен бiрге жалға алушы жалға алынған мүлiктi тұтынумен (пайдаланумен) байланысты барлық өзге де шығындарды көтеруге мiндеттi. Кəсiпорын күрделi жөндеуiн өткiзу жалға алушының мiндетi болып қаралғасын, оның күрделi жөндеудi жүргiзуге кеткен қаражаттарды өтеттiрiп алуға құқығы болмайды. Жалдау шарты тоқтатылған жағдайда кəсiпорын тұтастай мүлiк кешенi ретiнде ережелердi сақтай отырып жалға берушiге қайтарылуға тиiс. Өткiзу актiсiн жасауды жəне оны қол қоюға табыс етудi қоса алғанда, кəсiпорынды жалға беруге дайындау, егер шартта көзделмесе, бұл жағдайда жалға алушының мiндетi болып табылады жəне соның есебiнен жүзеге асырылады. Жалға алушы кəсiпкерлiк қызмет субъектiсi болған соң оған берiлген мүлiктiң сақтығы үшiн кiнəсiз жауапкершiлiктi қатердi жəне мүлiктiң жойылуы немесе бүлiнуi бой бермейтiн (дүлей) күштердiң салдарынан болғанын дəлелдегенде ғана жауапкершiлiктен босатылуы мүмкiн.

1.1Кәсіпорын азаматтық құқықтың объектісі.
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өтуіне байланысты жеке бизнеспен айналысушы тұлғаларға толық мүмкіндік кешенді иеленуге үлкен мүмкіншілік туып отыр. Олар оны өндірістік қызметті жүзеге асыруға толық пайдалана алады.
Кәсіпорында азаматтық құқықтық объектісі ретінде қарастыру алғаш рет 31.05.1991 жылғы Азаматтық зандар негізінің 4 бабында қарастырылады. Осы баптың 10 тармағында азаматтық құқықтық объектілерінің тізімін анықталған немесе онда мүлікте қамтылып өткен, ал осы баптың 2 тармағында мүлікті жылжыйтын немесе жылжымайтын деп бөлуді қарастырған. Айтып өткеннің соңғысының құрамына ғимараттар кәсіпорын немесе басқа да мүліктік кешендер енгізілген.
Қазіргі кезде қарастырып отырған объектінің пайда болуына байланысты қатынастарды реттеуші нормалар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормаларында немесе 19.06.1995 ҚР Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заң күші бар жарлығында қарастырылған. Көріп отырғанымыздай кәсіпорынды азаматтық құқықтық объектісі қатарына заңмен қарастыра отырып қосу кейінгі кезде ғана пайда болды. Міне осыған байланысты қарастырып отырғандай объектіге қатысты күқықтық реттеу ережелері ары қарай дамытуды, кемшіліктерді жою және қарама-қайшылықтарды жоюды қажет етеді.
ҚР Азаматтық Кодексінің 119 бабы 1 п. Сәйкес "кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланатын мүліктік кешен құқықтық объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады". Ал ҚР Президентінің "мемлекеттік кәсіпорын туралы" Жарлығының 12 бабы 2 п. Кәсіпорынның анықтамасы сәл басқаша берілген. Соған сәйкес "мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік меншік құқығы объектісі болып табылатын жылжымайтын мүліктік кешен деп танылады".
Екі бапта да кәсіпорын анықтамасы құқық объектісі ретінде мүліктік кешен ұғымы арқылы беріледі.
Заң кәсіпорын құрамына мүліктік кешен ретінде мыналарды енгізеді. Біріншіден мүліктің барлық түрлері -- үйлер, ғимараттар, жабдықтар, кұрал-саймандар, шикізат, өнімдер; екіншіден мүліктік құқықтар, атап айтқанда, талап ету құқықтары, борыштар; үшіншіден, оның қызметін дараландыратын (фирмалық атау, тауар белгілері) айрықша құқықт ар.
Кәсіпорынның ерекшеленетін белгілерін анықтауға болғанмен, ол құқық теориясында көрсетілмеген. Біріншіден, кәсіпорын азаматтық құқықтың объектісі ретінде заңмен берілген, бекітілген қолдану саласын қамтиды, яғни "кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін". Осыған байланысты мынаны айтуға болады, заңда мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды пайдалану мақсаты белгілі-бір шекте қысқартылған .1
Кәсіпкерлік қызмет, шаруашылық қызметінің бір түрі болып табылады, басқаша айтқанда шаруашылық қызметі кәсіпкерлік қызметке қарағанда кең болып табылады, өйткені кез-келген шаруашылық қызметі кәсіпкерлік қызмет ретінде анықтала бермейді. Біздің ойымызша кәсіпорынды пайдалану мақсаты кең ұғымда берілуі керек.
Екіншіден, кәсіпорынның ерекшелігі оны динамикалық объект ретінде анықтауға мүмкіндік болып табылады. Заң әдебиеттерінде объектілерді түрге бөлу критерийі қолданылмайды. Бірақ кәсіпорынды осы үғымда шектеуге ұмтылыстар болған. Мысалы, Ю.Г.Жариков және М.Г.Масевич мынадай көрсетуді қолданған, "кәсіпорын қозғалыс жағдайында түр" деп объект ретінде кәсіпорынның ерекшелігін көрсету үшін қолданған1.
Кәсіпорынның динамикасы объект ретінде қозғалмайтын басқа статистикалық объектілерден айырмашылығы оны пайдалануы бойынша көрінеді. Мүліктік кешенге ғимарат, кұрал-жабдық түріндегі мүлік қана емес шикізат, айналымдағы тарауда жатады. Кәсіпорынға үйлер, бұрынғы өндірістік ғимараттар кәсіпорын деп саналған жағдайларды тәжірибеден келтіруге болады. Бұл біздің ойымызша дұрыс емес.
Объект ретінде кәсіпорынның динамикасына ҚРАК бекітілген кәсіпорынның анықтамасының бөлігі көрсетеді -- "мүліктік кешен ретінде қолданылады", сонымен қатар кәсіпорын құрамына талап ету құқықтарын енгізу мүмкіндігі жатқызылады. Сонымен ҚРАК кәсіпорынды әрекет етуші динамикалық объект ретінде нақты анықтай көрсетеді.
Егер кәсіпорын әрекет етуін тоқтатса, онда ол объектінің динамикалық критерийі жойылады және ол мүліктік кешен ретінде немесе қозғалмайтын объект ретінде қарастырылады. Ол бұл жағдай кәсіпорын ретінде қарастырыла алмайды. Біздің ойымызша бұл критерий заңмен кәсіпорынның ерекше құқықтық режимін анықтау кезінде қолданылуы керек. Бұл оны мүліктік кешен болып табылатын объектілерден айырып көрсетеді.
Біз бұл жерде кәсіпорын оның тәртібі көрінетін азаматтық құқық объектілерінің бірі болып табылады деген И.В.Амирханованың көзқарасын қолдаймыз.
Мүліктік кешенді құрайтын талап ету құқығы, борыштар, шикізат, өнім тұрақты өліпеп емес немесе өзгеріске тәуелді. Азаматтық құқықтық көптеген объектілері объектінің статистикасын көрсетеді .2
Кәсіпорынның келесі ерекшелігі оның құрамына, оның қызметін дараландыратын белгілерге қүқықтар (фирмалық атау, тауар белгілері) немесе егер заң құжаттарында немесе шартты өзгеше көзделмесе, басқа айрықша құқықтар енеді. Тауар мен қызметтің үлкен айналымында кәсіпкерлерге өзінің өнімін дараландыру үшін шаралар қолдану қажетті болып табылады, бұл үшін субъектілер әртүрлі әдістерді қолданылады. Бұл мақсат үшін ыңғайлы немесе дамыған тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері деп айтсақ қателеспеген болар едік. Тауар белгісі басқа тұлғаға берілуі мүмкін, мінеки сондықтан кәсіпорынды сатқан кезде тауар белгісін сатуға да мүмкін болады.
Шетел заңдарын саралай отырып мынаны атап өтуге болады, шетелдерде фирмалақ атау субъектіні дараландыру құралы қызметін атқарады, ал тауар белгісі объектілерді дараландыру құралы болып табылады. Біздің ел заңы фирмалық атауды кәсіпкерлік іске жатқызады нақты алғанда фирамық атау мен тауар белгісінің мәні алмастырады, біздің ойымызша бұл дұрыс емес секілді.
Тағыда атап өтетін нәрсе КРАК 38 немесе 1020 баптарына сәйкес фирмалық атау заңды тұлғаның азаматтық айналымға түсетін ретінде анықталған. Яғни бұл құқық субъектісін дараландыру құралы. Бірақ заң ережесі осы анықтамада тұрақты емес болып табылады. ҚРАК 1023 бабына сәйкес. Заңды тұлға қайта үйымдастырылған немесе кәсіпорын тұтасымен иеліктен алынған жағдайларды қоспағанда, занды тұлғаның фирмалық атауын кұқық иелеігіне алуға немесе ауыстыруға жол берілмейді.
Кәсіпорынды талдау шартының объектісі ретінде саралай отырып, оның күрделі зат екенін көруімізге болады.

1.2. Кәсіпорынды жалдау шартының субъектілері
Кәсіпорынды жалдау шарты консепсуалды, екіжақты немесе ақылы болып табылады. Бұл мыңдаған жылдық тарихы бар классикалық шарттардың бірі болып табылады. Бірақ ол бәрібір кезенде өзінің негізгі мазмұнын көп өзгерте қоймаған.
Кәсіпорынды жалдау шартының мақсаты мүлікті уақытша пайдалануды қамтамасыз етеді. Бұған шарттың екі тарапыда мүдделі болады. Жалпы ереже бойынша арендатор мүлікке уақытша мұқтаж болады немесе оны меншігіне алуға мүмкіндігі болмайды. Ал жалға беруші мүлікті басқа тұлғаға бере отырып одан пайда табу мақсатын көздейді. Соңғы белгі аренда шартын міндеттемелерден ажыратуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда мүлікті тегін пайдалануға беру шартынан.
Арендаторға, жалға алынған мүлікті пайдалану құқығы тиісті. Бұл аренда шартынан туындайтын арендатордың негізгі құқығы болып табылады. Осыған орай аренда шарты мүлікті пайдалануға беретін шарттардың бір түрі болады.
Пайдалану дегеніміз -- бұл заттың пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу немесе өзге нысандарда болуы мүмкін (ҚРАК 188 б. 2 т:).
Жалпы ереже бойынша, жалданған мүлікті пайдалану нәтижесіңде жалға алушының алған өнімі, жемістері және өзге де кірістері, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, оның меншігі болып табылады (ҚРАК 554 бап). Сонымен қатар, муліктерді пайдалану нәтижесінде алынған түсім (жемістер, өнімдер, табыстар), егер заңда немесе бұл мүлікті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлікті заңды негізде пайдаланушы адамға тиісілі болады (ҚРАК 123 бап). Яғни жемістер, өнімдер, табыстар жалға берушінің немесе үшінші тұлғаның меншігіне өтеді.
Жалға алынған мүлікті пайдалану құқығы бүл мүлікті сатып алудыда қарастыруы да мүмкін. Мүлік жалдау шартында жалға алынған мүлік жалға алушының меншігіне талаптардың келісімінде белгіленген жағдайларда көшеді деп көзделуі мүмкін.
Егер шартта жалға алынған мүлікті сатып алу туралы ереже көзделмесе, ол тараптардың қосымша келісімімен белгіленуі мүмкін, бұл орайда олар мүлікті пайдалануға бұрын төлеген ақысын сатып алу бағасына есептеу туралы уағдалануға құқылы.
Жалға алынған мүлікті сатып алуға тиым салу жағдайлары заң актілерімен белгіленуі мүмкін (ҚРАК 562 бап.). Мүндай аренда шарты сатып алу -- сату шарттарының элементтерін қамтиды десекте болады.
Арендатордың пайдалану құқығы заттық-құқықтық қорғауды пайдаланады немесе бұл жағдайда меншік немесе басқа да заттық құқықтарға теңестіріледі. Бірақ ол мұндай қорғауды, тек арендатор затты пайдалану құқығымен қатар иелену құқығына ие болған жағдайда ғана ала алады. Мұндай арендатор жалға беруші мүлік иесінің талабынан қорғалады. Егер әңгіме иеленусіз, пайдалану ғана туралы болса, ол онда заттық-құқықтық қорғауға ие бола алмайды.
Арендатордың пайдалану құқығына затқа ілесе жүру сипаты төн болып келеді.
Жалға берілген мүлікке меншік құқығының шаруашылық жүргізу құқығының немесе оралымды басқару құқығының басқа тұлғаға ауысуы мүлік жалдау шартын өзгертуге немесе бұзуға негіз болып табылмайды.
Қозғалмайтын мүлікті жалға алушы болып табылатын азамат қайтыс болған жағдайда осы мүлікті жалдау шарты бойынша оның құқықтары мен міндеттері, егер Заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе оның мұргерлігіне ауысады.
Мұндай мұрегерге шарттың қолдану мерзімінің қалған уақытында шарт жасаудан бас тартуға, шарт жасасу жолға алушының жеке басының қасиеттеріне байланысты болған жағдайды қоспағанда, жалға берушінің кұқығы болмайды.
Жалға алушыға заттық-құқықтық қорғауды беру немесе жалға алынған мүлікті пайдалану құқығына ілесу құқығы оны заттық құқықтардың жеке түріне жатқызуға негіз болады.
Бірақ кез-келген жағдайда жалға алған мүлікті пайдалану құқығы иеленумен байланысты болмаса заттың қорғау қатарына жатқызылмайды. Өйткені мұндай құқық ҚРАК 13 тарауының мазмұнына сәйкес заттық-құқықтық қорғауды пайдалана алмайды.
Шарт тараптары жалға беруші немесе жалға алушы. Жалпы ереже бойынша жалға алушы рөлінде азаматтық құқықтық кез-келген субъектісі болуы мүмкін, яғни азаматтар немесе заңды тұлғалар, ал соңғылардың ішінде коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымдар, сонымен қатар мемлекет, әкімшілік-аумақтық бірлестіктер болуы мүмкін. Тек аренда шартының кейбір түрлерінде ғана жалға беруші мен жалға алушы ретінде арнайы субъектілер болуы керек.
Жалға беруші бұл заңмен немесе меншік иесімен мүлікті жалға беруге өкілетті мүлікті пайдалануға беруші меншік иесі.
Мүлікті жалға беру -- бұл жалға берушіге тиесілі меншік құқығын жүзеге асыру тәсілі болып табылады. Ал басқа заттық құқықтарды иеленушілер, яғни меншік иесі болып табылмайтын тұлғалар бұл мүлікті жалға беруге өкілеттілігі болуы керек. Мұндай билік ету өкілеттілігі заңмен немесе меншік иесінің еркімен берілуі қажет.
Арендатор -- бұл мүлікті пайдалануға алуға мүдделі тұлға. Жалпы ереже бойынша заңмен оған арнайы талаптар қойылмайды.
Кәсіпорынды жалдау шарты жеке түрге оның пәніне байланысты бөліп қаралады. Бұл шарттың пәні қозғалмайтын мүлікке жататын тұтас мүліктік кешен ретінде кәсіпорын болып табылады. Оған негізгі немесе айналымдағы қорлар, табиғи қорларды пайдалану құқығы, айрықша құқықтар, талап ету құқығы немесе борыштар енгізіледі. Кәсіпорын құқық объектісі ретінде өмір сүру процесінде өзінің құрамын тұрақты өзгертіп, компоненттердің алмасуы болады, Мінеки сондықтан ол арнайы реттеуді қажет етеді.
Сонымен қатар кәсіпорындарды пайдаланудың мәні оның компоненттерінің тұрақты алмасуында болып табылады. Мінеки сондықтан кәсіпорынды жалға алушы жалға берілген кәсіпорын мүлкінің құрамына кіретін материалдық қазыналарды, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушінің келісімінсіз сатуға, айырбастауға, уақытша пайдалануға не қарыз етіп беруге, оларды қосалқы жалға өткізуге немесе шарт бойынша осындай құндылықтарға катысты өз құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға беруге құқылы, мұндай жағдайда бұл кәсіпорынның құнын кемітуге әкеп соқпауы немесе жалдау шартының басқа ережелерін бұзбауы керек (ҚРАК 578 б.). Көрсетілген тәртіп жерге және басқа да табиғат байлықтарына қатысты қолданылмайтын немесе заңмен қарастырылатын басқа да жағдайлар болуы мүмкін.
Егер кәсіпорынды жалдау шартында өзгеше көзделмесе, жалға алушы жалға берушінің келісімінсіз жалға алынған мүлік кешенінің құрамына оның құнын арттыратын өзгерістер енгізуге, оны қайта құруға, кеңейтуге, техникамен қайта жарақтандыруға құқылы.
Кәсіпорынды пайдалану құқығының мазмүны қарапайым жалдау шартымен салыстырғанда кең болып табылады. Бірақ талаптардың келісімі бойынша мүндай кеңейту жойылуы мүмкін.
Сонымен бірге кәсіпорын жалдау объектісі ретінде ҚРАК 119 бапта берілген кәсіпорынның жалпы ұғымы еніп кетеді. Кәсіпорынның жалдау объектісі ретінде ерекшеленетін белгісі кем дегенде үшеу немесе оның барлығы кәсіпорынды жалдау негізінде бір қолдан екінші қолға ауысуымен байланысты болады. Ал кәсіпорынның жалпы ұғымын беру кезінді бұл аспекті есепке алынбайды.
Егер жер учаскесі, ғимарат, құрал-жабдық немесе баска да негізгі құралдар жалға берілетін кәсіпорын құрамына кіретін болса, қалған компоненттер тек шартпен анықталған тәртіппен, жағдай шеңберінде ғана кіре алады. Сонымен бірге ҚРАК 119 бабында бекітілген кәсіпорын ұғымы мұндай айырмашылықгы келтірмейді. Азаматтық кодекстегі мұндай түсінік кәсіпорынды жалға берушіге, жалға берілетін кәсіпорынның негізгі қаражат көлемін, табиғи қорларға құқықты, айрықша құқықты, талап ету құқықтары мен борыштар көлемін өз еркімен анықтауға құқық береді. Кәсіпорынды жалға беру кезінде мынадай нәрсе атап өтілген, басқа тұлғалардың меншігіндегі мүлікті иелену немесе пайдалану құқығын оны жер немесе басқа да табиғат байлықтарын беру заңмен қарастырылған тәртіппен жүзеге асырылады. Кәсіпорын құрамын анықтау кезінде ҚРАК 119 бабында мұндай атап өту жоқ болып табылады.
Жалға алушыға борыштарын аударғаны туралы жалға беруші өз кредит берушілерін жалдау шарты жасалғанға дейін жазбаша түрде хабардар етуге міндетті, олар осындай аударумен келіспеген жағдайда хабарлама алған күннен бастап үш айдың ішінде жалға берушіден тиісті міндеттемелерін тоқтатуын немесе мерзімінен бұрын орындауын және залалды өтеуін талап етуге құқылы. Егер көрсетілген мерзімде осы талаптардың ешқайсысы қойылмаса кредит беруші тиістиі борышты жалға алушыға аударуға келісім береді деп танылады.
Кәсіпорын жалға алушыға жалға берушіден міндеттемелерді тоқтатуды немесе мерзімінен бұрын орындауды талап еткен кредит берушілермен есеп айырысу аяқталғаннан кейін ғана берілуі мүмкін.
Кәсіпорынды мүлік кешені ретінде жалға бергеннен кейін жалға беруші мен жалға алушы берілген кәсіпорынның құрамына енгізілген жалға алушыға кредит берушінің келісімінсіз аударылған борыштар бойынша бірдей жауапты болады. Ал ҚРАК 119 бабы бұл туралы ештеңе көрсетпеген.

1.3. Кәсіпорынды жалдау шарты тараптарының құқықгары мен
міндеттері.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 576-588 бабтарында кәсіпорынды жалдау шарты талаптарының құқықтары мен міндеттері қарастырылған.
Жалға алушының міндеті қарапайым жалдаумен салыстырғанда біраз өзгерістерге үшырады. Жалға беруші мүлікті жалға алушыға шарт талаптары мен мүліктің мақсатына сай күйде беруге міндетті. Бұл кәсіпорынды өткізу актісі арқылы нақтыланған.
Кәсіпорынды жалға алушыға беру өткізу актісі бойынша жүзеге асырылады. Өткізу актісін жасаумен қол қоюға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық объектісінің түрлері
Азаматтық құқық обьектісінің түсінігі
Мүліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде
Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Заттардың ұғымы және оны саралау
Азаматтық құқықтар объектілерінің ұғымы мен түрлері
Заңды тұлғаларды ұйымдастырушылық- құқықтық нысаны
Мүліктік құқықтар
Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі мазмұны және түрлері
Пәндер