Сөз тіркесінің нормалық сипаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ТАРИХЫ
0.1 Сөз тіркесі жүйесінің қалыптасуы
0.2 Сөз тіркесінің нормалық сипаты
1 СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
0.1 Т. Сайрамбаев сөз тіркесін зерттеуі жайында
0.2 М.Балақаев, М.Серғалиев сөз тіркесін зерттеуі жайында
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын, оның құрылымдық және мағыналық ерекшеліктерін ажыратып алмай, әрі сөз тіркестерін құраушы бөлшектердің тіркесу қабілеттілігі мен оларды байланыстыратын амал - тәсілдерді айқындап алмай, сөз тіркесі мен сөйлемдер синтаксисі жөніндегі мәселелерге тоқталу мүмкін емес. Сонымен қатар сөз тіркесі мен сөйлемдердің жұмсалу қалпы да айрықша сөз етуді қажет етеді.
Сөз тіркесі - мағыналық жақтан да, грамматикалық жақтан да өз ара байланысты, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі
Зерттеу өзектілігі. Сөз тіркесінің жалпы мәселелермен бірге оның жеке тілге, яғни қазіргі қазақ тіліне тікелей қатысты мәселелерін жан-жақты зерттеу қажет. Бұл - оның байланысу формасы мен байланысу тәсілі, түрлері, кейбір сөз таптарының тіркесу қабілеті т.б. мәселелерді жеке-жеке қарауды талап етеді. Біз төменде сол мәселелердің әрқайсысына арнайы тоқталамыз.
Тілдің басқа салалары сияқты, оның синтаксистік құрылысы да даму барысында өзгеріске түсіп отырады. Синтаксистік құрылыстағы өзгерістер қоғам өміріндегі сондай құбылыстармен тығыз байланысты болып келетіні тіл білімінде әр кез айтылып жүрген жайт. Ал, синтаксистік құрылымының үлкен бір саласы - сөз тіркестері құрамындағы болуға мүмкін өзгерістер жайлы Н.Ю.Шведова: Изменения в системе словосочетаний происходят значительно быстрее, чем в системе предложения деп атап атйтады.. Осы пікірді қазақ тілі материалы бойынша Т.Қордабаев, С.Исаев, т.б. көптеген авторлар қолдайды.
Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер олардың құрылымдық ерекшеліктерінен, яғни, байланысу формасынан, байланысу амалдары мен құрылымдық түрлерінен көрінеді. Сөз тіркесінің байланысу формалары мен тәсілдеріндегі өзгерістер, шындап келгенде, морфологиялық, яғни әрбір сөз тобы құрамында кейін пайда болған құбылыстармен тығыз байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, сөз тіркесіндегі өзгерістер, түптеп келгенде, әрбір сөз табының тарихи дамуымен тығыз байланысып жатады.
Зерттеу нысаны: сөз тіркестері
Зерттеу мақсаты. Қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесінің зерттелу тарихына сипаттама беру.
Зерттеу міндеттері:
Сөз тіркесі жүйесінің қалыптасуын сипаттау;
Сөз тіркесінің нормалық сипатына шолу жасау;
Сөз тіркесін зерттеген мамандарға сипаттама беру.

Зерттеу әдістері: бақылау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу, жүргізілген іс - тәжірибені сараптау, эксперимент нәтижесінен баға беру.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ТАРИХЫ

Сөз тіркесінің жалпы мәселелермен бірге оның жеке тілге, яғни қазіргі қазақ тіліне тікелей қатысты мәселелерін жан-жақты зерттеу қажет. Бұл - оның байланысу формасы мен байланысу тәсілі, түрлері, кейбір сөз таптарының тіркесу қабілеті т.б. мәселелерді жеке-жеке қарауды талап етеді. Біз төменде сол мәселелердің әрқайсысына арнай тоқталамыз.
Тілдің басқа салалары сияқты, оның синтаксистік құрылысы да даму барысында өзгеріске түсіп отырады. Синтаксистік құрылыстағы өзгерістер қоғам өміріндегі сондай құбылыстармен тығыз байланысты болып келетіні тіл білімінде әр кез айтылып жүрген жайт. Ал, синтаксистік құрылымының үлкен бір саласы - сөз тіркестері құрамындағы болуға мүмкін өзгерістер жайлы Н.Ю.Шведова: Изменения в системе словосочетаний происходят значительно быстрее, чем в системе предложения деп атап атйтады.. Осы пікірді қазақ тілі материалы бойынша Т.Қордабаев, С.Исаев, т.б. көптеген авторлар қолдайды.[1]
Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер олардың құрылымдық ерекшеліктерінен, яғни, байланысу формасынан, байланысу амалдары мен құрылымдық түрлерінен көрінеді. Сөз тіркесінің байланысу формалары мен тәсілдеріндегі өзгерістер, шындап келгенде, морфологиялық, яғни әрбір сөз тобы құрамында кейін пайда болған құбылыстармен тығыз байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, сөз тіркесіндегі өзгерістер, түптеп келгенде, әрбір сөз табының тарихи дамуымен тығыз байланысып жатады.
Синтаксистегі өзгешіліктердің морфологиялық өзгерістерімен тығыз байланыстылығы туралы айта келіп Б.Серебренников пен Н.Гаджиева туыс тілдерде тарихи морфологиялық тарихи синтаксис болмайды деп, біріншіден, басқа тілдермен салыстыру дәрежесін, екіншіден, бір фактіні бір тілдің бұрынғы күйі мен қазіргі күйі тұрғысынан салыстыруды ұсынады.
Қазақ тілі ыңғайында мына тәрізді тарихи өзгерістерді айтуға болар еді. Кейбір қосымшалар бір байланысу формасындағы сөз екінші байланысу формасына ауыстырып жібереді. Мысалы, -шы қосымшасы Жүреді қашанғы өлмей адам (Топ жарған) деген мысалдағы қашан сөзі барыс жалғауында өлмей сөзімен өзара меңгеріле байланысқан сөз тіркесін құраған. Дегенмен, оған -ша қосымшасының жалғауы енді оны қабыса байланысқан сөз тіркесіне айналдырған.
-Ғы,-гі жұрнағының кейде арнайы байланысу формасындағы сөздерді өзгертетіндігі туралы А.М.Шербак дұрыс айтады.
а) Жатыс - жолдағы, ертеңгі т.б.
б) әр түрлі формадан кейін
Сол сияқты автор -сыз,-сіз жұрнақтары бір сөз тобындағы сөзді екінші сөз табына, яғни су зат есімі сусыз болып енді сын есімді қабыса байланысқан сөз тіркестерін жасайтындығын көреміз. Кейбір шылаулы тіркес туралы проф. К.Мусаев Қазан революқиясына дейін үшін шылаулы ілік жалғаулы есімдікті керек ететіндігі міндетті болғандығын айта келіп, қазіргі кезде мен үшін яғни ілік жалғауынсыз да айтылуын сөз етеді. Мұның өзі кейде шылаулы тіркестер қазіргі кезде көбіне атау мен іліктен басқа септіктерге тән делінетін қағидаға аз уақыттың ішінде өзіндік өзгерістің болғандығын дәлелдейді.[2]
А.М.Шербак орта ғасырлық Түркі тілдерінде ілік септіктің табыс септігімен алмасып жұмсалатын көрсетеді. Мұның өзі біздің еліміздегі матасу ретінде жұмсалатын ондай тіркестерді ол тілдерде меңгеру арқылы берілетіндігін де айқындайды.
Проф. М.Томанов ерсілі-қарсылы, азды-көпті т.б. -- ды қосымшасы ескі дәуірде септік жалғауы ретінде қолданылған дейді. Бұрын меңгеріле байланысқан сөздердегі қосымша жалғаулық қызметінен ажырып, қазіргі кезде өлі формаға айналуынан, енді олар, тек қабыса байланысу ертінде қалыптасқандығын көруге болады. Осы іспеттес өзгерісті септік жалғауы ретінде жұмсаған -тағ, -тег, -тек қосымшасының -- дай, -дей түбіріне айысу арқылы қалыптасқан сөз тіркестерін де көруге болады.
Аффикс -- сіз, -сіз не присоединяется к прилагательным и числительным.
Изредка рассматриваемый аффикс приобретает дополнительный әлемент -ін, -ін являющийся омертвевшим аффиксом орудиного падежа. А: сенсізің, без тебя; ТН: күлсізін, без рабов. А.Шербак қабыса байланысатын -сіз, -сіз жұрнақты сөздердің септік жалғауын қабылдап, бір уақыттарды меңгеріле байланыста болғандығын мезгейді, бірақ қазіргі тілімізде ондай құбылыс (жіктеу есімдіктері -сіз жүрнағын қабылдап, содан соң септелуі кездеспейді. Бұдан бірде қабыса, бірде меңгеріле байланысатын формалардың тарылу процесін көруге болар еді.
Көптеген зерттеушілер үстеулерді жасалуына қарай есімді және етістікті деп екіге бөліп қарайды да, сонын ішінде үстеулердің сөйлем құрамында жұмсалу барысында септік жалғауларының көнеленуі қалыптасқандығын көрсетеді:
барыс септікті - бірге
жатыс септікті - қайда, анда
шығыс септікті - қайдан
құралдық септікті - кундузун.
Бұл фактіден морфологиялық және фонетикалық өзгерістер нәтижесінде бұрын меңгеріле байланысқан сөздерден енді басқа байланысу формасына ауысу процесін көруге болар еді.
Т.Қордабаев жарыссөз, мейраммен құттықтау, жалынды сәлем т.б. жаңа сөз тіркестері туралы айта келіп, жарыс және сөз екеуі де бұрыннан бар екендігін, сондықтанда сөз жарыстыру, сөз таластыру тәрізді сөз құрағанмен, жарыс сөз түрінде айтылмағандығын көрсетеді. Ал қазіргі тілімізде жарыс және сөз өзара қатынасы жағынан да, мағыналық жағынан да басқа-басқа зат есімдер болса да, енді анықтауыш қатынастағы есімді сөз тіркестерінің қалыпты формасына түскен. Якут тілінде септігінің жалпы болмауы, түптеп келгенде, матасу, байланысу формасының жоқтығы, өзбек, татар тілдерде көмектес септектің мәні оны белән шылауы арқылы берілуі (трамвай белән килдим) синтетикалық тәсілдің орнына аналитикалық тәсілдің орнығып қалғандылығын көрсетеді.[3]
Бұл айтылғандардан мынаны аңғаруға болады.
1. а) Септік жалғауындағы өзгерістер түптеп келгенде, меңгеру, матасу тәрізді байланыс формаларындағы өзгерістерге алып келеді
б) Сөз тіркесі құрамындағы өзгерістер бір байланыс формасының
тәсілдері ішінде болады.
в) Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер кейде жұрнақтармен
байланысты болып келеді. Солап арқылы бір байланыс формасы екінші
тілге ауысып отырады.
2. Жұрнақтардың да не көнеленуі немесе жаңа мән алуы да сөз тіркесі құрамының дамуына әсер етеді.
Сөз тіркестерінің негізі - сөз таптары. Сөз таптарының бір-бІрімен сөз тіркесінің құрауының басты тірегі тіркесімділік.
Сөздердің тіркесімділігі тілдің сөз байлығымен, оның дамуы дәрежесімен тығыз байланысты. Тіл құрамындағы сөздердің мағыналық, грамматикалық жағынан дамуы, жазба әдеби тіл құрамындағы дифференқия - барлығы да оның синтаксистік құрылысына әсер етпей қоймайды. Сөздердің жеке грамматикалық топтары құрамындағы болған семантикалық және грамматикалық өзгерістер, айналып келгенде, сөз тіркестерінің жеке құрылымдық жаңа түрлерінің қалыптасуына алып келеді. Осы тұрғыдан қарастырсақ , тіліміздегі қазіргі есімді, етістікті және ортақ бағыңқы сөз тіркестері іштей бірнеше топқа жіктелуінің өзі синтаксистік құрылыстың басынан өткен өзгерістердің жеке сөздер тобының тіркесімділік қабілетінің, олардың өз ішіндегі семантикалық дифференқияның нәтижесі болып табылады.
Тіпті сөз тіркесінің басыңқы сынарында үстеулердің жұмсалуы, соның нәтижесінде үстеулі сөз тіркесі деп аталатын топтың қалыптасуы кейінгі кездің әсіресе тіл құрамында жеке сөздер тобының тіркесімділік қабілетінің артуының нәтижесі А.Г.Гуломов, М.А.Асқаровалар сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті және үстеулі (жуде тез, оғыздан тез, уклон тез) деп тіпті сөз тіркестерінің басыңқы сынары ретінде үстеуді де негізге алады. Осы тәрізді пікірді қазақ тілі материалының негізінде К.Ахановта қолдайды. Осы сияқты басыңқы сыңардағы өзгешіліктер олардың бағыныңқы сыңарлары құрамындағы ерекшеліктерге негіз болғанына сөз жоқ . Егер бүгінгі тіл фактілерін Х-ХУІ, XIX ғ. Нұсқалары фактілерімен салыстыра зерттесе, мұндай өзгерістердің мол болғандығын байқауға болар еді. Әрине, әзір біздің қолымызда ондай зерттеулер нәтижесі жоқ.
Сөз тікестері құрамындағы болған өзгерістердің кейбіреуін бүгінгі тіліміздің фактілерін салыстыру жолымен де айқындауға болар еді. Осы тұррғыдан қазақ тілі оқулықтарында беріліп жүрген ережелері мен тілдің бүгінгі фактілеріне көз жүгіртсек, мынадай жай көзге түседі. Қазіргі тіліміздегі сөздердің грамматикалық топтары соларға жататын сөздердің саны, аумақ-көлемін мен олардың тіркесу қабілетін, соның аясын ескермейді, немесе қамти алмайтындығы байқалады. Мысалы: А.Ысқақов Сын есім заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-түсін) және басқа сол сияқты сыр - сипаттарын білдіретін лексика грамматикалық сөз табын айтамыз -деген тұжырым айтады. Осындай дереже басқа да ғылыми әрі практикалық еңбектерде де орын алған. Солайына солай. Бірақ бұл сияқты ереже бойынша сын есімдер тек зат есімдермен тіресіп келіп, анықтауыш қана болуы тиіс. Бірақ сол еңбектің өзінде сын есімдер зат есімдермен тіркесіп анықтауыш, етістіктермен тіркесіп келіп пысықтауыш қызметін атқара алатындықтары айтылады.[4]
Дұрысы сын есімдер жайлы ереже мен оның синтаксистік қызметі жайлы айтылған тұжырымы арасындағы қайшылық олардың тіркесімділік қабілетінің артуфактісін ескермеуден туса керек. Өйткені сөздердің грамматикалық кластары жайлы көзқарас қазіргі жазба әдеби тілдің енді ғана бой көрсете бастаған кезінде қалыптасқан. Алайда әдеби тілдің кейінгі даму барысында әр түрлі объективті себептермен жеке сөзь топтарының тіркесімділік қабілеті молайғаны белгілі. Солардың бірі - сын есімдер. Бұл жерде мынандай заңдылық бар: бір сөз табының қызметінің артуы, біріншіден, ең алдымен олардың дамуына мағыналық жағынан негізделсе, соның салдары есебінде тіркесетін сөздерінің аясы молаяды. Сын емісдердің заттану процесі де олардың тіркесу қабілетінің кеңеюіне алып келеді, ал соңғы құбылыс олар негіз болған сөз тіркестерінің мағыналық топтарының көбеюіне себеп болды. Міне, сын есім аясындағы бір ғана өзгешелік тек сөз тіркесі құрамына емес сөйлем мүшесі, олардың орын тәртібі сияқты синтаксистің басқа да салаларына өзгеріс алып келді. Мұндай құбылыс тек сын есімдерден ғана емес, басқада сөз таптарыннан, атап айтқанда, сын есім, үстеу, көмекші сөздерден, тіпті зат есім, етістіктерден де анық байқалады.

1.1 Сөз тіркесі жүйесінің қалыптасуы

Синтаксистің негізгі салаларының бірі сөз тіркесі тіл жүйесінде ерекше орын алады. Сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын, оның құрылымдық және мағыналық ерекшеліктерін ажыратып алмай, әрі сөз тіркестерін құраушы бөлшектердің тіркесу қабілеттілігі мен оларды байланыстыратын амал - тәсілдерді айқындап алмай, сөз тіркесі мен сөйлемдер синтаксисі жөніндегі мәселелерге тоқталу мүмкін емес. Сонымен қатар сөз тіркесі мен сөйлемдердің жұмсалу қалпы да айрықша сөз етуді қажет етеді.
Сөз тіркесі - мағыналық жақтан да, грамматикалық жақтан да өз ара байланысты, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі.
Сөз тіркесі ұлт тілінің лексика-грамматикалық заңдылықтарына лайық жасалады. В.В. Виноградов сөз тіркестері ұлт тілінің ерекшеліктерін айқын көрсететін категория деп жазады.
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесін басыңқы сыңардың мағыналық қасиеттеріне қарай топтастыруда кейбір ерекшеліктердің байқалатыны анық. Мәселен, ғалым К. Аханов пен профессор М. Серғалиев есімді, етістікті сөз тіркестеріне үстеулі сөз тіркестерін қосқанды жөн санаса, ал профессор Т. Сайрамбаев ғалым М. Балақаевтың Ортақ меңгеру деген пікірін негізге алып, есімді, етістікті сөз тіркестерінің қатарына Ортақ басыңқы сөз тіркестерін қосқанды құптайды.[5]
Еркін сөз тіркестері сөйлеу кезінде жасалып, коммуникативтік қызмет атқарады. Еркін сөз тіркестерінің сөйлеу кезінде жасалатыны жөнінде ғылымда айтылған тұжырымдар өте көп. Соның негізгі түйіндісі профессор Р.С. Әмірдің Жай сөйлем синтаксисі атты оқулығында қарастырылған деп есептейміз. Автор былай деп жазады: Сөздер сөйлем құрау үстінде өзара түрлі функциялық қатынасқа түседі, ол функциялық қатынас сөздердің грамматикалық байланысы арқылы көрінеді. Демек, сөздердің грамматикалық байланысы арқылы көрінісі еркін сөз тіркестері десек, олардың сөйлеуде пайда болатыны, сөйтіп негізінен коммуникативтік қызметте жұмсалатыны түсінікті болады. Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі (немесе одан да көп) сөздің сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз, - деп жазады Р. Әмір аталған зерттеуінде.
Сөз тіркесі синтаксисінде сөздердің сөйлемдегі тіркесе алу қабілеттігі, олардың байланысу тәсілдері мен тұлғалары, сөз тіркесінің құрамы мен мағынасы, сөз тіркесінің типтері қарастырылады. Осылардың әрқайсысының дәстүрлі жұмсалу дағдысы, берілу жүйесі мен амалдары бар. Сөздердің сөйлемдегі тіркесу ережелері, заңдылықтары, амалы болады.
Тілдің синтаксистік құрылысындағы құбылыс, ең алдымен оның құрамына енетін жеке сөздер тіркесінен айқын көрінеді. Сөйлемдегі болатын құрылымдық өзгерістер мен жаңалықтар сөздердің сөйлем мүшелік қызметіндегі өзгерістерге, олардың бір - бірімен қарым - қатынас түрлеріне тікелей байланысты. Сөз тіркесі мен сөйлемнің лексикалық-грамматикалық элементі сөз. Олардың өзгеруі, басқа сөзбен байланысқа түсіп жұмсалуы сөйлемде (мәнмәтінде) ғана анықталады. Синтаксистік сөз тіркесі де сөйлем арқылы көрініп, оны құраудың материалы болады. Сондықтан сөз тіркесі жүйесіндегі өзгерісқұбылыстардың орнымен болуын, синтаксистік нормаға, синтаксистік қатынасқа қатысты өзгерісті, қала берді оның тіл дамуындағы мәнін ашу орынды болмақ.
Тіл фактілерін әдеби тіл норма тұрғысынан алып зерттеудің, білудің ғылым үшін де, жазбаша және ауызша сөйлеу үшін де үлкен мәні бар. Өйткені қандай да бір құбылыстың, фактінің жұмсалу нормасын, даму жолдарын, тілдік қолданыстағы орнын білмей тұрып, оның қазіргі жай - күйін, сырын түсіну мүмкін емес.
Синтаксистің негізгі обьектілерінің бірі - сөз тіркесін тану, зерттеу мәселесі В.В. Виноградов, Н.А. Баскаков т.б. ғалымдардың еңбектерінде сөз болып, зерттеу нысанына айналды. Сондай-ақ, сөз тіркесі туралы Н.К. Дмитриев, Н.П. Дыренкова, И.А. Батманов, А.К. Боровков, А.Н. Кононов, Е.И. Убрятова, Л.П. Поцелуевский сияқты көрнекті зерттеушілер өз еңбектерінде арнайы тоқталып, көптеген пікір - тұжырымдар келтіреді.
Б.Н. Головин сөз тіркесімен сөйлеу мәдениетінің маңызын былай көрсетеді: а) признаки и свойства, которые говорят и о ее коммуникативном совершенстве; б) совокупность навыков и знаний человека, обеспечивающая целесообразное и незатруднительное применение языка в целях общения; в) область лингвистических знаний о культуре речи как совокупности и системе ее коммуникативных качеств. Сонда сөз тіркесінің сөйлеу мәдениетін игерген адам білімі мен дағдыларының жиынтығын мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз ете отырып, тілді қарым - қатынас мақсатында қиналмай қолдана алады.
Қазақ тіл білімінде бұрыннан зерттеу нысаны болып келген сөз тіркесі құрылымдық, қалыптасу заңдылығы (М. Балақаев, Р. Әмір, Т. Сайрамбаев, Е. Ағманов т.б.) жағынан жан-жақты зерттеулермен теориялық тұрғыдан толыға түсуде. Сөз тіркесінің зерттелуі кейінгі кездің жемісі болғанмен, тиянақты зерттеулер жасалғаны белгілі. Осы орайда сөз тіркестерінің көптеген теориялық мәселелерін жан-жақты ашып зерттеген профессор М. Балақаевтың еңбегі қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркі тілдерінде де, ерекше орын алатыны дау туғызбайды.[6]
Профессор М. Балақаевтың сөз тіркесі жөніндегі ой тұжырымдары мен пікірлерінің өзіндік орны бар. Осы бағытта ғалымның ізін жалғастырушылар да сөз тіркесінің әр түрлі мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әр қырынан танытып, өз жалғасын тапты. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік сөз тіркестерінің синоним болу мүмкіндіктері туралы профессор М. Серғалиевтің Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы деген еңбегінде кеңінен баяндалады.
Сөйлем құрамына енетін сөздер бір - бірімен ретсіз, қалай болса солай тіркесе салмайды. Олардың тіркесуінде белгілі бір заңдылықтар болады.
Олар:
1. Сөздердің грамматикалық сипаты негізінде, сәйкестігі арқылы байланысқа ену заңдылығы;
2. Сөздердің мағына жақындықтарына, мағына үйлесімділігіне орай тіркесу заңдылығы;
3. Грамматикалық сәйкестіктері мен мағынасы жағынан орайлас (жақын) келетін сөздердің белгілі бір дәнекерлер, тәсілдер арқылы байланысқа ену заңдылығы.
Адам баласының таным дүниесі уақыт өткен сайын дамып, жетіліп отырса, соған қарай сөздердің тіркесімінде назар аударарлықтай өзгерістер болып жатады. Тіркесімдердің құрылымдық сипаты мен жұмсалу ерекшеліктері айқындала түсіп, олардың қолданысындағы жеке қасиеттерін тану үрдісі кеңи түседі. Осыдан келіп синтаксистік тіркесімділіктің мағыналық құрылымы мен орнымен жұмсалу тұрғысынан сипаттама беру қажеттілігі шығады. Оның әдеби нормаға қатыстылығын, қолданылу мүмкіншілігін, жиілігін анықтау мәселесі тұрады.

1.2 Сөз тіркесінің нормалық сипаты

Г.В. Степановтың норма мен жүйенің қатынасынан туындайтын пікіріне зер салайық: Тіл жүйесі жаңа формалардың пайда болуына жағдай жасап қана қоймай, соған орай нормалардың негізін қалайды, өйткені жүйе өзіне қатысты көптеген іске асыратын потенциалдық мүмкіндіктерді қамтиды. Жүйе тек норманың қалыптасуына ықпал етіп қана қоймайды, сонымен бірге өзіне сәйкестілігін қамтамасыз етеді. Сондықтан да тіл білімі тілдік нормалар жүйесіндегі жаңа құбылыстарға баға беру кезінде өлшем ретінде олардың қалыптасқан жүйеге сәйкес болу қажеттілігін, олардың осы жүйеге енуінің табиғилығын талап етеді және соны басшылыққа алады. Норма тілге тосыннан енгізілген, ойдан шығарылған нәрсе емес, ол көбіне тілдегі заңдылықтарға, жүйеге негізделеді.[7]
Сондықтан норма мәселесі тілден тыс қаралмайды, оның өн бойында болатын құбылыс. Сөз тіркестері өзара байланысты жеке сыңарлардан жасалады. Жалпы сөз тіркестерінің жеке тілдік тұлға ретінде танылуы үшін нақты бір өлшемнің болуы шарт. Сөздерді сөз тіркесіне жеткізетін өлшем - синтаксистік байланыс. Ал синтаксистік байланыс дегеніміз - сөздерді түрліше грамматикалық амал-тәсілдер арқылы мағыналық, тұлғалық жағынан өзара тығыз байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін құрастыратын формалардың көрінісі.
Қазіргі қазақ тіл танымындағы синтаксистік қолданыстар дәл, анық, түсінікті болып, негізгі принциптер мен заңдылықтарға сай жұмсалса, ол ғылымның дамуына септігін тигізетін үлес болмақ. Қазақ тілінің қалыптасқан өз заңы, құрылысы, жүйесі болғандықтан табиғатына тән заңдылықтарды бойына сіңіріп қолданыстарда да осыны тірек ететінін аңғарамыз.
Тіл құрылымын жақсы білу, яғни ондағы сөз бірліктерді, фразеологиялық оралымдарды, синтаксистік құрылымдарды әрбір нақты жағдайда сөйленімді жеткізуге қажетті құралдар ретінде таңдай білу жақсы нәтиже береді. Бұл тіл жүйесін, оның құрылымдық элементтерінің арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды білуге жетелейді.
Тілші - ғалым Е. Ағманов қазақ тілінің синтаксистік құрылысындағы өзгеріс заңдылықтарды ашып көрсететін еңбегінде сөз тіркестері туралы мынадай пікір айтады: Сөз тіркестерін құрауда түрлі құбылыстар, тұрақты ережелерден ауытқулар болып тұрады. Сөз тіркесі жүйесінде болатын мұндай құбылыс негізінен септік жалғаулары арқылы байланысып, түрлі қатынасты білдіретін сөз тіркестерінің қабысу амалына көшуінен көрінеді. Бұл бір жағынан тілдің үнемділікке, ықшамдылыққа талпынуына байланысты болса керек. Мұндай сөз тіркесіндегі азды-көпті өзгерістер, ауызекі тілінде (Астана бардым) сақталған бұл қалып көркем әдебиеттерде де ұшырасады. Оны мына үлгіде келетін мысалдардан көреміз.
А. Географиялық атау ретіндегі жалқы есімдер етістік сөзбен пысықтауыштық қатынасқа түскенде атау тұлғада тұра алады.
Мысалы:
1. Тері - терсек, тай - тұяқ, танша - тана, азын - аулақ астық өнімдері сияқты басы артық бұйымызды пұлдау үшін Қоянды келдік (А. Сейдімбеков).
2. - Естімеп пе едің, Құныкең қартайған кезде Меке барып, дүние сөзінен тиылып жатса керек (Ғ. Мұстафин).
Бұл мысалдардағы Қоянды, Меке грамматикалық қосымшаларды қабылдамай-ақ бет алысты білдіре береді. Мұнда бағытты жалпы көрсетеді, әйтеуір барар жері айтылады. Әдейі назар аударған реттерде болмаса, сол атау күйінде тұрғанның өзінде жалпы қолданыста кең орын алған. Етістік пен септік жалғауындағы сөздің ішкі мағыналық байланысы табиғи екендігі соншалық - бағыныңқы компоненттегі септік жалғауы түсіріліп айтылғанмен, оның қандай тұлға екендігі етістік мәнінен белгілі болып тұрады: Көкшетауға бару - Көкшетау бару. Ал, септік жалғаулы есім сөз тіркестерінде олай болмайды, жалғауды түсіріп айтқан жағдайда синтаксистік қатынас өзгереді.
Мұндай тіркестерді кеңістік қатынастағы сөз тіркестері тұрғысынан сөз еткен профессор М. Серғалиев екі жағдаймен байланыстырады. Біріншіден, айтушы я жазушының мақсатына байланысты: егер автор сол барар жерге мән бере, ерекшелендіре, даралай көрсеткісі келсе, барыс жалғауы міндетті түрде тұруға тиіс. Екінші жағынан, ол өзінің (бағыныңқы сыңары) сөйлем ішінде орнына байланысты болып келеді.
Қазақ тілі энциклопедиясында барыс септік жалғауының түсіріліп жұмсалуын кетті етістігімен байланыста қарайды: кетті етістігімен тіркесіп айтылатын жер - су, мекен атауларындағы барыс септік жалғауы кейде түсіріліп айтылады: Алматыға кетті - Алматы кетті.[8]
Бұл құбылысты, яғни барыс септік жалғауының түсіріліп жұмсалуын Е. Ағманов септік қабысу деп атайды. Оның пікірінше, барыс септігіндегі сөздің тілдік қоршауда әр түрлі себептермен өзінің негізгі функциясынан басқа қызметте жұмсалуының арқасында, өздері бағынатын етістіктермен байланысы солғындаудың нәтижесінде меңгеруден қабысуға қарай ығысуы болады. Ауызекі сөйлеу тілінде, кейбір көркем шығармаларда аз қолданылса да қай стильде де мол ұшырасатыны және әдеби тіл нормасына лайық тұратыны ықшамдалмай қосымшаның толық түрінің қолданысы.
Ә. Мезгіл атауларын білдіретін зат есім сөздердің атау түрінде қабыса байланысатын кездері болады. Мұндай жағдайда ол пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Қыс азығын жаз жина (Мақал). Қыс көзі қырауда... Бұл құбылыс поэзия тілінде де ұшырасады. Мысалы:
1. Байлар да мал қызығын біле алмай жүр,
Жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр (Абай).
1. Жиналғандар, қара бұқараға туған жерден кетудің қиын екенін түсінсе де, бөтен лаждары болмағандықтан, күз көшуге көнді (І. Есенберлин).
2. - Қолыңнан қой болудан бөтен келмесе, жаз жайылымыңды, қыс қыстауыңды біліп жайыңа жүрмейсің бе? (І. Есенберлин).
Осыған ұқсас сан есімдердің де қабыса байланысып жұмсалатыны байқалады. Мысалы:
1. Мен жетпіс астым (Ғ. Мұстафин).
2. Ортаңғы палаткадан ақырын ғана екеу шықты (Ә. Әлімжанов).
3. Міне алымдарын айдап екеу келеді (Ғ. Мұстафин).
Сөз тіркестерін құрауда болатын мұндай құбылысты профессор Р.С. Әмір септік жалғаулары арқылы байланысып, түрлі қатынасты білдіретін сөз тіркестерінің қабысу амалына көшуі деп түсіндіреді.
Тілдегі үнемдеп сөйлеу принципі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз тіркесі жүйесінің қалыптасуы
М.Балақаевтың лингвистикалық ой-пікірлері
ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСІ
Сөз және күрделі сөз тіркестері
Тіл мәдениеті және лексикалық норма
Сөйлеуді түсіну
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. МОНОГРАФИЯ
Түркі тілдерінің жіктелу түрлері
Қазақ тіліндегі окказионал (тосын) фразеологизмдер және олардың қазіргі тілдік қордағы жиі қолданылу сипаты
Аударма барысындығы сөйлем мүшелерін өзгерту
Пәндер