Қазіргі кезең ақпараттық оқыту технологиялары мен құралдарының оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы рөлі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі ақпарат заманында ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін қолданатын қызмет көрсету саласы рөлінің арта түсуіне байланысты еліміздің бәсекеге қабілеттілігі, адам капиталы туралы мәселесі күн тәртібіне қойылуда. Қазіргі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Адамның болашағы оның алған біліміне, ғылыми таным қабілеті мен белсенділігіне байланысты. Қоғамдағы жоғары қарқынды өзгерістер, қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдар, Республикамыздың қуатты елдер қатарына қосылуға деген ұмтылысы ғылым мен білім саласын әлемдік деңгейге көтеруде қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Сондықтан бүгінгі күні білімнің әр саласында біліктілігі жоғары, өзін, елін танытатын азаматты қалыптастыру, құзіретті тұлға, белсенді маман даярлау мәселесі өзекті, әрі күрделі болып отыр.

ХХ ғасырдың ортасында ақпаратты өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды. Ақпараттық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірістік роботты пайдалану адамның қатысуна бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкеледі. Мұндай технологияны жасау ісі басталып та кетті. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да басталып келеді.

XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Ақпараттық технологиялардың қолданылуы Қазақстан экономикасы үшін маңызды орынға ие болып келе жатыр. Бүгінгі білім саласында алға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі - білімді ақпараттандыру, яғни оқу ақпаратын қолдану үшін тиімді құралдар мен қажетті мүмкіншіліктер жасауды қамтамасыз ету. Ол мүмкіншіліктер қатарында ақпараттанған қоғамның білім жүйесін ашық жүйе ретінде құрап, оңтайландырып, орталықтан алшақтандырылған өркениетті құралдар негізінде жасау міндеті де бар.

Жұмыстың мақсаты оқушыларға тігін бұйымдарын оқытуда ақпараттық құзыреттіліктерін ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану арқылы дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және оны практикалық негізінде тексеру.

Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер шешілді қазіргі кезде арнайы мектептер, гимназиялар, жоғары оқу орындары жеке пәндерді тереңдетіп оқытумен қатар оқу үдерісін жаңаша оқытуға негізделе бастаған.

Зерттеу болжамы технологияға оқыту үдерісі.

Жетекші идея. Дәстүрлі оқу теориясы мен іс-тәжірибесінің қазіргі кездегі білім саласы ақпараттық технологияларды пайдалану қажеттілігін тудырады. Білім алушылырдың қабілетін дамыта алатын оқу үдерісін, әсіресе өз бетінше орындалатын жұмысты ұйымдастыру, ақыл-ой іс-әрекетінің қалыптасуына ықпал етуі керек.

Зерттеу әдістері болып, жаңаша (ақпараттық) оқыту теориялары, «құзырлылық», «құзыреттілік», «білім беру мазмұны», «ақпараттық технология» ұғымдарының мәнін ашып көрсететін және олардың білім беру мазмұнын дамытуға ықпалының педагогикалық-психологиялық тұжырымдары мен ұстанымдары саналады.

Зерттеу пәні көркем еңбек және сызу.

Зерттеу жаңалығы:

1. Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытуда жаңаша (ақпараттық) технология негізінде білім беру жүйесінде қолданудың негізгі мәселелері айқындалды.

2. Жоғары сынып оқушыларының ақпараттық құзыреттілігін дамытуда ақпараттық технология құралдарын қолданудың әдістемелік жолдары анықталды.

3. Оқушыларды тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеуге ақпараттық технология құралдары негізінде дамытудың мазмұны әдістемелік тұрғыдан негізделді.

4. Оқушыларды тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеуге оқытуда ақпараттық технология құралдарын қолдануға негізделген әдістемелі ұсыныстар берілді.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік маңызы:

1. Оқытудың ақпараттық технологияларын білім беру жүйесінде қолданудың негізгі мәселелерін айқындау.

2. Жоғары сынып оқушыларын конструкциялау мен модельдеуге оқытуда ақпараттық технология құралдарын қолданудың әдістемелік жолдарын анықтау.

3. Оқушыларды конструкциялау мен модельдеуге ақпараттық технология құралдары негізінде оқытудың мазмұнын әдістемелік тұрғыдан негіздеу.

4. Оқушыларды конструкциялау мен модельдеуге оқытуда ақпараттық технология құралдарын қолданудың тиімділігін тәжірибелік негізде тексерістен өткізу.

Жұмыстың құрылымы және көлемі: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 Көркем еңбек пәнін оқытуда оқушылардың ақпараттық

құзыреттілігін жаңаша оқыту технологияларын қолдану арқылы

дамытудың теориялық негіздері

1. 1 Құзыреттілік ұғымына сипаттама және ақпараттық құралдарды

пайдалану

Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғары оқу орындарының үлкен жауапкершілікті сезініп, кәсіби білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді.

Құзіреттілік бірінші орынға білімгердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін алға қояды. Мұғалім қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, қоршаған ортамен, адамдармен, балалармен, қарым-қатынасқа тез түсе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т. б. қасиеттерді жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзыреттілігі анық байқалып тұрады [1, 59 б. ] .

Құзыреттілік - күрделі де көпқырлы категория. Бұл философияда, педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кәсіби білім берудің теориясы мен
әдістемесінде акмеологияда, андрогогикада, еңбек психологиясында т. б. гуманитарлық ғылымдарда әр қырынан қарастырылып зерттелуде.

Құзыреттіліктің сипаты қандай? Деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, кейбір сөздіктерді қүзыреттілікке белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға, салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірілген. Ал, қазір құзыреттілік дербес және жауаптылықпен әрекет етуге белгілі бір жұмысты орындауға қабілеттілік пен икемділікті меңгеруге жол ашатын психологиялық ахуал, психикалық сапалардың қосылымы ретінде белгіленіп жүр.

Құзыреттіліктің бар-жоғын адам еңбегінің нәтижесіне қарап
пайымдау қажет. Құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді.

Кейінгі кезде құзыреттіліктің тағы бір түрі туралы орынды айтылып жүр. Ол - адамның кенет болған қиын жағдайда жұмыс істеуге дайындығын білдіретін «экстремалды кәсіби құзыреттілік». Осыны меңгерген және психологиялық сапасы осыған жуық адамдар, басқаларға қарағанда, кәсібін ауыстыруға, қайта үйренуге дайын болады, ондайларға жұмыссыздық қаупі көп төнбейді.

Құзыреттілік, біздің түсінігімізде, жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесіне сай белгілі бір міндеттерді орындауға дайындығы және қабілеті.

Құзыреттілік теориясының негізін қалаушы ғалымдардың бірі Н. С. Розов құзыреттіліктің екі жақты қырын ұсынған. Бірінші жағына танымдық және практикалық жаңалық енгізуді (инновация) ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жағын - білім беру жүйелерінің әр түрі, тип, профилі сатыларына қойылатын білім талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады.

Автордың пікірінше, құзыреттіліктің мынадай қырлары бар:

  • мәндікаспект, неғұрлым жалпы мәдени контекстегі ахуалдыжете түсінудің деңгейін көрсетеді: бұл контекстің аясына осысияқты ахуалды бағалау, оны ұғыну мен оған деген қарым-қатынаскіреді;
  • проблемалық-практикалықаспект, бұл - осы бір жағдайдаахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларын алға қоюмен орындау тиімділігінің қажеттілігін сипаттайды;
  • коммуникативтік(қатысымдық) аспект, бұл - осы тәріздесахуалдағы қатысымның және адамның осындай жағдайға қатысынжәне өзара ыкпал жасауға тиісті мәдени үлгі деңгейін қамтамасыз етеді.

Белгілі ғалым Б. С. Гершунский кәсібиқұзыреттілікті жеке тұлғаның онтогенетикалық дамуы контексінде қарастырады. Олар әр адам өзінің жаңа білім деңгейіне біртіндеп көтерілу барысы мен нәтижесінде жеке тұлға ретінде қалыптасу жолына жетеді деген дәлелдер келтіреді.

Ғалым тұлғаның білім деңгейлерінің келесідей басқыштарын ұсынады:

  • қарапайым және функционалдық сауаттылық;
  • жалпы білім;
  • кәсіби құзыреттілік;
  • кең түрде мәдениетті игеру;
  • дара тілін қалыптастыру.

Б. С. Гершунский мен А. Г. Асмоловтың ұғындыруынша, мұның үшінші басқышы қоғам мен жеке тұлға үшін кәсіби маңызды сапалардың қалыптасуымен байланысты. Бұл сапалар еңбектің нақты бір түрінде адамға өз жолын адаспай табуға мүмкіндік береді, еңбектің қоғамдық қажетті бөлінісіне және белгілі бір біліктілік пен профиль қызметкерінің неғұрлым өнімді және бәсекеге қабілетті түрде қызмет етуін ынталандырудың нарықтық механизміне сәйкес келеді деген қорытынды жасаған [2, 147 б. ] .

Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі - кәсіби интегративтік қасиет, оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты) ; экстраверсия (тағайындалған деңгейі мен эффективті жетекшілікті көрсетеді) ; тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білуі; сыпайылылық; жалпы қабілеті жатады.

Коммуникативтік құзыреттілік - біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы үдерісіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздың педагогикалық қарым-қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейін меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс-әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысуы; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, “бағдар ету”, сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық тұрғыда еш қиындықсыз шешім таба білу қабілеті.

Ақпараттық құзыреттілік өзі туралы оқушылар мен олардың ата-аналарының, басқа ұстаздардың жұмыс тәжірибесі жөнінде ақпаратты білу мөлшерін қамтиды.

Регулятивтік құзыреттілік оқытушының өз іс-әрекетін басқара білу мүмкіншілігін білдіреді. Оған мақсаттылық, жоспарлау, тұрақты белсенділік пен өзін көрсете білуі, рефлексия, іс-әрекетінің бағасы енеді. Іс-әрекеттің негізгі факторы - ізгілік, құндылық болып табылады.

Интеллектуалды құзыреттілік талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау сияқты қарастыра білудің кешені, аналогия, қиял, ойлау қабілетінің икемділігі мен сындылығы ретіндегі зерденің қасиеті түрінде қарастыруға болады.

Қоғамдық-саяси даярлық болашақ мұғалімдерді қоршаған дүниені, табиғатты, қоғамдық өмірдің құбылыстарын тану әдіснамасына, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін пайымдау, талдау, маңыздысын ажырата білуге, адамдармен қарым-қатынастағы жоғары мәдениеттілікке үйренуге мүмкіндік береді.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталады.

Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Бүгінгі күні зерттеуімізде қарастырылып отырған мәселенің теориялық-әдіснамалық негізін дәлелдеу мақсатында ғылыми еңбектерге талдау жасап, «құзыреттілік», «ақпараттық құзыреттілік» ұғымдарының өзара байланысына, анықтамаларына, құрастырылған жүйелеріне мазмұндық сипаттама беру қажеттілігі туындайды.

«Құзырлық» сөзі «құзыр» сөзінен алынған туынды сөз екендігіне баса назар аударамыз. Бұл туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) - жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген [15] . Ал Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында «құзырет (компетенция) » - нақты органның не лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы деп көрсетілген [16] . Латын тілінен аударғанда (competentia - әділ, дұрыс қорытынды; competere - дегеніне жету, сәйкес келу, жақын келу) «құзырлық - өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ, онда «құзыр » - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал « құзырлық »- адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Бұл екі ұғымды керек болған жағдайда бөліп қарастырады. Мысалы, құзырлық оқушылар дайындығына алдын-ала қойылатын талаптарды, ал құзыреттілік олардың қалыптасқан тұлғалық сапасын және белгілі бір саладағы іс-әрекетке қатысты жинақталған тәжірибесін айтады.

Қазақ тілі сөздігінде «құзыр (компетенция) » ұғымының мән-мағынасын анықтауға бағытталған мәселелер ғылыми-әдістемелік басылымдарда, білім саясатын анықтайтын құжаттарда және әлеуметтік, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде жиі қолданылатынына көз жеткіздік [17-20] . Бұл осы ұғымның жалпы білім берудегі жүйелілік-практикалық қызметімен байланысты. Дәстүрлі оқыту әдістемесінде «құзырлық» жаңа ұғым емес. Мәселен, лингвистикалық құзырлықты орыс тілін оқыту әдістемесінің мамандары пайдаланса, ал филология мен информатика сабақтарында «коммуникативтік құзырлық» ұғымы жиі қолданылады.

Егер отандық әдебиеттерде құзырлық ұғымы жоғарыдағыдай тұжырымдалса, «Ресейдің мектептегі білімді модернизациялау стратегиясында» білім мазмұны - құрылымы бойынша адамның мәдениетіне теңестірілген, изоморфты, педагогикалық тұрғыдан бейімделген, тұлғаның кәсіби тәжірибесі ретінде қарастырылады. Ол негізгі төрт элементтен тұрады: танымдық қызмет тәжірибесі, қызметтің белгілі амалдарын жүзеге асыру тәжірибесі, шығармашылық қызмет тәжірибесі, эмоциялық-құндылық қатынастар жасау тәжірибесі. Осы төрт тұрпатты тәжірибені меңгеру оқушыларда әрекет етудің күрделі мәдениеттілікке сиымды қабілеттерін қалыптастырады. Бұл қабілеттер құзыреттілік деп аталады [3, 245 б. ] .

Соңғы жылдары білім берудің жаңа бағытына қатысты Еуропа Кеңесінің ұсыныстарына сәйкес құзыр ұғымына көп мән беріліп жүр. Соған сәйкес ғылыми әдебиеттерде құзырлық түсінігіне әртүрлі бағытта анықтамалар берілген. Шетел тілінің сөздігінде «құзыр», «құзырет» (XVIII ғас. соңында) - «қандай да бір мекеме, мемлекет органының немесе лауазымды тұлғаның құзырындағы іс-әрекеттері. Сот құзырлығы. Шығындарды бақылау менің құзырыма жатады. Бұл шешім әкімшіліктің құзырында» деп түсінік берген. Ал XIX ғасыр ортасында «құзырет» - адамның жақсы ақпараттандырылған, кәсіби талғамы бар, істің мәнісін білетін сұрақтардан тұрады. Біреудің құзырында болу. Бұл оның құзырында. Шешімді жылдам қабылдауда оның бұл мәселедегі құзыреттілігі қатты әсер етті.

Мысалы, философиялық энциклопедиялық сөздігінде құзырлық «компетенция» - сөзінің француз (competence - құзыретті, хабардар), латын (competentia - әділ, дұрыс қорытынды; competere - дегеніне жету, сәйкес келу, жақын келу) тілінен келгендігін, әмбебаптық тұрғыда қолданылатын термин екендігі көрсетілген. Өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған, негізді ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды белгілі бір саладағы құзыреттіліктерді меңгерген деп есептеуге болады [4, 78 б. ] .

«Құзыреттілік (компетентный) (XIX ғасыр ортасында) - құзырлығы қалыптасқан - біреуге қатысты немесе қандай да бір істерге байланысты белгіленген өкілеттіліктерінің құқықтары мен міндеттерін жетік біледі. Құзырлы органдар. Құзырлы органдарды хабардар ету. «Біз мұражайдың құзырлы сарапшыларын шақыруға тырыстық».

«Құзырлық» және «құзыр» ұғымдары абстрактілік пен нақтылық диалектикалық категорияларының арақатынасы, яғни құзыр - бұл жүзеге асырылған құзырлық, іс-әрекеттегі құзырлығы. Осылайша түсіндірілетін құзырлықтар негізгі немесе тұғырлық және қосымша немесе кәсіби болып бөлінуі мүмкін. Білім беруде тұлғаның негізгі құзырлықтарын қалыптастыруға және дамытуға бағытталуы оны ұйымдастырудағы құзырлық бағытын айқындады және ол қазіргі білім жүйесінің әдіснамасында нақты білімділік технологияларының негізі ретінде танылып отыр. Бұл айтылған Ресейлік «тұжырымдамаға» В. В. Краевский мен И. Я. Лернер және басқа зерттеушілер қорытып шығарған тұжырымдар негіз болғанын көреміз.

Құзырлықты ғылыми-теориялық негізде зерттеу жұмыстары Л. А. Петровскаядан, ал жалпы білім беру саласын құзырлық тұрғыдан зерттеу И. А. Зимняя еңбектерінен басталғаны белгілі.

Білімдік парадигманы өзгертудің немесе одан шығудың жаңа моделдерін. В. С. Леднев пен М. С. Каган ұсынады. Олардың пікірінше білім мазмұнының негізі ғылыми пәндік сала емес, адам қызметі болуы тиіс. Оның түрлеріне тәжірибелік қайта құрушылық, танымдық, коммуникативтік, құндылық бағдарлық және көркемдік-эстетикалық құзырлықтарды жатқызуға болады.

Құзырлық тұрғыда қарастыру дегенде, бірінші орынға оқушылардың алған ғылыми хабардарлығы емес, мәселені шешудегі біліктілігі тұруы тиіс. Мұндай жағдайлар: біріншіден, қоршаған ортадағы құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; екіншіден, қазіргі заманғы техника мен технологияларды меңгеруде; үшіншіден, адамдармен қарым-қатынаста, этикалық нормаларда, өзінің іс-әрекетін бағалауда; төртіншіден, отбасы мүшесі, сатып алушы, көрермен, қала тұрғыны сияқты күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік рөлдерін орындауда; бесіншіден, құқықтық және әкімшілік құрылымдарда, талап-тілегін білдіруде және эстетикалық тұрғыда баға беруде; алтыншыдан, мамандық таңдауда, өзінің кәсіптік оқу орнына түсуге дайындығын анықтауда, еңбек рыногын бағдарлауда, өзінің өмірдегі орнын, өмір сүру мұраты мен стилін, келіспеушілікті шешу амалдарын табу сияқты көптеген тікелей өзіне байланысты мәселелерді шешуде пайда болады. Осы тұрғыдан қарағанда құзырлық ұғымын кезеңдік сол заманғы оқу парадигмасы мен әлеуметтік тапсырысына сәйкес қолданғанын көреміз.

Қазақстандық ғалымдар құзырлық ұғымына ұқсас ұғымдарға өздерінің түсінігін береді. С. М. Құдайқұлов «қабілеттілік - белгілі бір қарекетті нәтижелі орындайтындай тұлғаның жеке дара ерекшелігі [5, 74 б. ] . Ол қарекетті жылдам, тұрақты, сапалы орындаудың әдіс-тәсілдерімен сипатталады. Оның жоғары деңгейі-творчествалық, таланттық, дарындылық, данышпандықпен және бәсекелестікпен ерекшеленеді» десе, М. М. Жадрина «біліктілік - білім жүйесінің соңғы нәтижесі оқушының жеке пәндер бойынша алған білім, білік дағдылары емес, оларды пайдалану арқылы қалыптасып, дамитын өмірлік дағдылар, құзырлықтар» деп, ал Л. Т. Қожамкұлова «әлеуметтік икемділік - әлеуметтік мәртебелер жүйесінде адамның жағдайының өзгеруіне байланысты әлеуметтік стратификациялар механизмі» деп икемділікті құзырлық ұғымына жақын тұлғаның іс-әрекеті ретінде

Жоғарыдағы айтылған теориялық идеяларға сүйене отырып, құзыреттілік ұғымына келесідей анықтама берілді: құзыреттілік - алған білімін пайдалана білу қабілеті; кәсіби мамандығына қатысты қабілеттер мен шеберліктерін меңгере білу; әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес келетін және қоршаған ортаның әсер ету факторларына төтеп бере алатын тұлғаның интегративті қасиеттер жиынтығы.

Энциклопедиялық сөздіктерге жасалған талдау көрсеткендей, құзыреттілік феноменінің мәндік ерекшелігін түсінуде индивидтің, субъектінің біліктілігі, қайсыбір тапсырманы орындауға деген қабілеттілік деп түсіндіріледі. Сонымен қатар «құзыреттілік» ұғымдары психологиялық, педагогикалық сөздіктерде түрліше түсіндіріледі. Онда өзіне деген сенімділік, дәрменсіздік сезімінің жоқтығы, алға қойған мақсаттарға жету жолындағы қиындықтарға назар аударуы, өздігімен оқуға дайындығы және қабілеттілігі, табандылығы, шешім қабылдай алу қабілеті, қиын мәселелерді шешуге дайындығы, жеке жауапкершілігі сияқты ұғымдар қамтылған. Жоғарыдағы сөздіктердегі түсініктемелерді негізге ала отырып, мынадай тұжырымға келеміз: құзыреттілік:

1) белгілі бір деңгейдегі күрделі тапсырмалар мен мәселелердің шешімін табуда тұлғаның білім, білік және тәжірибесінің сәйкес келуі;

2) нақты міндеттерді орындауда өздігімен және жауапкершілікпен әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттілік пен біліктілігі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру
Бастауыш шет тілі
Жаңа ақпараттық - коммуникативтік технология
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің құрылымы
Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану
Жекелеп оқыту технологиясы
Ақпараттық технология бойынша сабақ өткізу
Болашақ бастауыш мұғалімдерін оқу тәрбие үрдісінде ойын технологиясын меңгерту
Тақырыптың мақсат - міндеттері
Оқушыларды математикалық олимпиадаларға дайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz