КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Конституциялық құқық

Тақырыбы:ҚР-да конституциялық заңдардың қалыптасу кезеңдері

Орындаған:
ЮП-19-9 тобының студенті
Жунаев Бекзат
Рецензент:
Қасымбек Айдаш

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
1.1.Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының арақатынасы және конституциялық заңдарының қалыптасу кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.2.Конституциялық өзгертулер шеңберінде саяси жүйенің демократиялануы бойынша бірқатар стратегиялық міндеттемелері
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 18

Жоспар:
oo КІРІСПЕ
oo І.КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ
oo ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ
oo ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
oo а)Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының арақатынасы және конституциялық заңдарының қалыптасу кезеңдері
oo III.ҚОРЫТЫНДЫ
oo Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жұмыс - ҚР Конституциялық құқық пәнінің маңызды институты болып есептелетін ҚР-ның Конституциялық дамуының кезеңдері мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, құқықтық институттың проблемалық тұрғыда ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт бопып табылады. Республика Конституциясының қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, мемлекеттік тетік, сондай-ақ қоғамдық, саяси институттар ретіндегі қызметтің негіз боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Республика Конституциясы конституциялықтың демократиялық дәстүрлеріне сүйене отырып, Қазақстанның көпұлтты халқын мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнәр көзі деп таныды. Мемлекеттік биліктің бірлігін атап көрсете отырып, Конституция билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу принципін мемлекеттің, ұйымдық және қызмет ету тетігіне негіз етіп алды. Қазақстан Республикасы құрылыс нысаны бойынша -- президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес тұрақты жұмыс істейтін қоспалаталы Парламент заң шығарушы орган ретінде танылды. Сөйтіп Қазақстан Республикасында парламенттіктің берік құқықтық негізі жасалды. Конституцияның маңызды артықшылығының бірі -- оның жалпыға мәлім демократиялық құқықтық идеялар мен принциптерге бейімділігі болып табылады. Конституцияның кіріспесінде жария етілген қазақстан халқының бостандық, теңдік мұраттарына адалдығы оның нормаларында нақты көрініс тапты.
Қазақстан Республикасының Конституциясында тек адамның, азаматтың, мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың мәртебесі ғана емес, сонымен бірге стратегиялық құқықтық идеялар да айқындалды. Бұл атап айтқанда, Конституциядағы Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп орнықтыратыны жөніндегі қағидада көрініс тапқан. Қысқа кезеңде мұндай мемлекет болу мүмкін емес. Алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қалыптасуының тарихи тәжірибесі көрсеткендей алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір уақыт, табанды талап, белсенді шығармашылық іс-әрекет қажет.

I.КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ
Бұрынғы КСРО ғалымдары Конституцияның қолданылу мәселесі туралы жазбады десе де болады. Конституцияның қолданылуы конституциялық құқықтығы өте маңызды проблема болса да, ол мәселе жөнінде жекелеген ой түйіндері ғана кездеседі. Оны айқындау шын мәнінде Конституцияның мемлекет, қоғам, саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер, таптар, ұлттар, жекелеген адамдар өмірінде алатын орнынтүсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан өркениетті, демократиялық қоғамда Конституцияға, оның қолданылуын, тиімділігіне айрықша мән беріледі. Осыған орай Конституция, оның мазмұны туралы оны қабылдағанға дейін-ақ мұқият ойластырлады. Тиісінше, Конституциының мәселесі екі кезеңнен: 1) оның жобасын әзірлеу және 2) қолдану кезеңінен тұрады.
Бірінші кезеңде Конституцияның қағидалары және нормаларымен бірге оның қабылданғаннан кейінгі қолданылу механизмі де терең, мұқият ойластырлады. Бірінші кезекте тұжырымдама әзірленеді және Конституция нормаларының мазмұны айқындалады. Сонымен бірге мәселе тек қайсібір тұжырымдамамен шектелмейді, әсте, Конституцияныңөзі көптеген бөліктерден тұратын актілерді білдіреді. әр бөлік белгілі бір тұжырымдама үшін объект болып табылады. Сондықтан Конституцияның жобасы Конституцияының тұжырымдамаларын жасауға жол ашады. Мемлекеттік құрылыс тұжырымдамасы, адам құқы тұжырымдамасы, меншік құқы тұжырымдамасы және басқалар осындай тұжырымдамалар болып табылады. өз кезегінде мемлекеттік құрылыс тұжырымдамасы шартты түрде дербес теориялық бөліктерден: билікті бөлу теориясынан, мемлекеттік құрылым және басқару нысандары, мемлекеттік қызмет, мемлекеттің мезханизмі теорияларынан тұрады. Адам құқы тұжырамдамасы адамның, азаматтың құқы және басқаларынан тұрады. Егер Конституцияның тұжырымдамалары практикалық материалдарды қолданып тотырып, мұқият әзірлебесе, онда ол Конституцияға елеулі зиян келтіреді. Егер әп дегеннен тұжырымдамалық қағидалар айқын болса, онда ол конституциялық қағидалардың қалыптасуына теріс ықпал етеді. Мұның мысалы ретінде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясындағы жерге меншік құқығы туралы қағиданы атауға болады. Бұл Конституцияның жерге мемлекеттік меншік құқын орнықтырғаны белгілі. Алайда, қоғамның жерге жеке меншікті енгізбеуге болмайтын нарықтық қатынастарға көше бастағаны бәрімізге белгілі болатын. Демек, 1993 жылғы Конституцияның негізіне алынған меншік құқы тұжырымдамасы іс жүзінде зиян болды.Дегенмен, былай да болуы тұжырымдама айқын, ал оны толық көлемінде жорамалдауғ коституциялық нормалар, қағидалар жарамсыз болып шығуы мүмкін. Билікті бөлу тұжырымдамасы, мамамен осылай болып шықты. Билік бөлуді тепе-теңдік механизмін жан-жақты әзірлеген жағдай да ғана енгізуге болатындығы түсінікті еді. Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасы нұсқаларының бірінде биліктің әр түрлі тармақтарының арасындағы тепе-теңдік механизмінің шартты түрдегі толық жүйесі ұсынылды. Алайда, он екінші шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мұндай механизмді қабылдауға теориялық жағынан да, практикалық жағынан да әзір болмады, сөйтіп, бұл билікті бөлу тұжырымдамасынан алшақтап кетуге әкеліп ұрындырды. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясындағы билікті бөлу туралы қағида өміршең болмай шықты және көп ұзамай республиканың екі Жоғарғы Кеңесі таралғаннан кейін толыққанды тепе-теңдік тетікті құру қажеттігі туралы мәселе қатаң қойылды, ол міндет Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында белгілі бір деңгейде орындалды.Конституцияның тұжырымдамалардың маман заңгерлердің, экономистердің және басқалардың шағын тобы әзірлемеуі тиіс. Олардың мүдделерін анықтап, Конституцияда оны ескеру үшін оны әзірлеуге ір түрлі партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, таптардың, ұлттардың, әлеуметтік топтардың және басқаларының өкілдерін тарту керек. өйткені қоғамдық қатынастардың аталған субъектілерінің мүдделері объекктивті факторлармен елеулі түрде белгіленген. Мен бүкіл қоғамның үдемелі дамуының жалпы процесінен туындайтын және оларды ескермеу бүкіл қоғам өміріне кері әсер ететін факторлар туралы айтып отырмын. Айталық, Қазақстанда мемлекеттілік сипаты тұжырымдамасын әзірлеген кезде, бүкіл халықтың мүддесін білдіреді және мемлекеттік биліктің қайнар көзі халық болып табылады деп атап көрсетілгенмен басты назар бірұлттыққа аударылды. Іс жүзінде, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясындағы өзін-өзі танушы қазақ ұлтының мемлекеттілігі туралы қағиданы қоғамдық сана бірауыздан қабылдамады және Қазақстан мемлекетінің құрылуы бүкіл халықтың өзін-өзі тануының жемісі екендігі туралы пікір қалыптасты. Бұл қағида Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылды. Менің пікірімше, бұл ымыраға келудің нәтижесі емес, халықтың нақты жағдайының орнығуы. Бұл мән-жай Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясын баршаның халықтық мемлекеттің негізгі заңы ретінде тануына ықпал етуі тиіс.Конституцияның тұжырымдамалырында ақылға қонымды мәміле элементтері көрініс табады. Егер мәиіле объективті түрде белгіленсе және жалпы мүддеге қызмет етсе, сөз жоқ, танылып, Конституцияда орнықтырылуы тиіс. Конституцияда мәміледен туындаған нормалардың боллуы қоғамдағы елеулі қайшылықтардың бейбіт жолмен, қоғамдық келісімнегізінде шешуге қызмет етеді. Орыс тіліне көзқарас осының мысалы болып табылады. Қазақстан Республикасының 1989 жылғы Тіл туралы Заңында, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі ретінде танылады. Алайда, мұндай қағида орыс тілді тұрғындарды қанағаттандармады, орыс тілінің мәртебесін көтеру туралы мәселе күн тәртібіне түспей қойды. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясындағы аталған қағидның тұрғындардың белгілі бір бөлігінің мүддесін бейнелей алмайтындығын, сондықтан Конституцияны тұрғындардың осы бөлігінің тұтастай қолдамайтындығын көрсетті. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түлде орыс тілінің қазақ тілімен бірдей қолданылатындығы жазылды. Орыс тіліне қатысты қол жеткен мәміле мәселенің толық шешілгенін, қайшылықтың жойылғанын білдірмейді. Қазақ тілі іс жүзінде мемлекеттік тілге айналғанша мұндай қайшылық созыла береді. Тиісінше, аталған мәмілелік қағиданы жүзеге асыру мемлекеттік органдардың басты назарында болды, аталған саладағы қайшылық ұлтаралық қайшылыққа айналып кетпеуі тиіс.Мемлекеттік және тұтастай алғанда қоғам мүддесі прициптеріне қайшы келетін идеялар да тұжырымдамалық сипатта ерекшеленуі мүмкін. Мұндай тұжырымдамалық идеялар конституциялық нормаларда орнықтырлмауы тиіс. Мұның мысалы ретінде кезінде ұлтаралық келісімге, Қазақстан мемлекетінің түпкі негізіне нұсқан келтіретін саналы түрде сезінген немесе сезінбегендердің табандылықпен ұсынған қос азаматтық туралы қағидасын атауға болады.Екінші кезең - Конституцияның қолданылуы.Конституция тікелей қолданылады. Конституциялық құқық саласындағы белгілі маман Ю. А. Тихомиров: Конституцияның тікелей қолданылуы оның тікелей азаматтар, ұйымдар жүзеге асыратын құқық шығармашылық ықпалын, кемшіліктен сақтанушылықты, қоғамдағы өмір салты мен көңіл-күйге игі әсер ету, институттық қайта құрылуларды білдіреді деп жазды.Алайда, Конституцияның мұндай тікелей қолданылуын Ю. А. Тихомиров қарастырмайды. Дегенмен, Конституцияның қандай қытымен қолданылатынын ол дұрыс атаған деп ойлаймын. Тағы бір қағидамен келісуге болады: барлық осы қырларында, олар құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, Конституция нормалары тура және тікелей қолданылады.Конституция нормаларының тікелей қолданылу көріністерін жеке-жеке қарастырайық.Конституцияның құқық шығармашылық рөлі үш бағытта көрінеді.Қандай заңдар қабылдау керек екендігін Конституция тура көрсетеді. Бұд заңда не дәл аталады, не жалпы сипатта көрсетіледі. Айталық, Қазақстан Республикасының Конституциясының алпыстөртінші бабында Үкіметтің құзіретті, ұйымдық тәртібі мен қызметі конституциялық заңмен бекітілетіні; Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі Конституциялық заңмен реттелетіні жетпіс бірінші баптың алтыншы тармағында көрсетілген. Тағы бір мысал -- Конституцияның Парламенттің заң шығарушылық саласын атауы: меншік режимі, салық салу туралы, сот құрылымы мен сот ісін жүргізу және басқалары туралы заңдар шығарды.Конституцияның құқық шығармашылық рөлі үш бағытта қөрінеді Қазақстан Республикасының Конституциясы іс жүзінде құқықтық анықтама береді: ол осы арқылы бүкіл мемлекеттік органдарды нормативтік-құқықтық актілердің: а) заңдардың, ә) заңға сәйкес актілердің, б) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының белгілі бір түрлерін құқықтық шығармашыққа бағыттайды. Анықтаманың қай-қайсысы да шартты сипатта болады, сондықтан құбылыстың мәнін толық бейнелемейді. Конституциядағы анықтама мүмкіндін туралы дауласуға болады. Бұл жағдайда дау басқа жәйт бойынша тууы мүмкін, айталық, құқық пен заңды ұқсастыру мүмкін бе? Құқық ғылымында құқық пен заңды ұқсастыруға болмайтындығы баршаға белгілі.Конституция олардың нысандарын көрсете отырып, бірқатар жоғары мемлекеттік органдардың норма шығармашылық өкілеттігін белгілейді. Парламент - заңдар, Президент - белгілі бір жағдайларды заңдық күші бар нормативтік жарлықтар, Үкімет - нормативтік қаулылар, Конституциялық Кеңес және Жоғарғы Сот - нормативтік қаулылар қабылдайды.Конституция нормаларының тура қолданылуы барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде соттардың да қызметіне де қатысты. Конституция тікелей қолданылуы нені білдіреді? Ол мемлекетті органдардың белгілі бір жағдайларға байланысты Конституция нормаларын тура және тікелей қолдана алатындығын қолдану қажеттігін білдіреді. Олар қандай жағдайларда тікелей қолданылады? а)мемлекеттік органдардың қарауына жататын қатынасты реттейтін арнаулы нормативтік акт болмаса; ә)арнаулы нормативтік акт болғанмен, ол Конституцияға қайшы елсе; б)адамның және азаматтың құқығын, бостандығы мен жауапкершілігін анықтайтын нормативтік құқықтық акт қабылданған жағдайда Конституция қағидасы оны қолданудың мүмкіндігін көрсете алмаса; в)Конституцияның қағидасы мән-мазмұны бойынша қосымша регламенттікті қажет етпесе мұндай жағдайларда Конституция нормалары тура және тікелей қолданылады.Егер Конституция нормаларына қайшы келсе, егер азаматтардың құнын, бостандығын, жауапкершілігн белгілейтін нормативтік актілерде жарияланбаған болса ондай нормативтік құқықтық актілерді қолдануға мемлекеттік органдардың құқы жоқ. Егер сот қолданылатын нормативтік актінің Конституция қағидаларын қайшылығын байқаса немесе ондайлардың Конституцияға сәкестігіне күдіктенсе, онда ол іс жүргізуді тоқтатуға және мұндай актінің конституциялығын анықтау туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. Конституцияның жетпіс сегізінші бабына және Президенттің Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы Конституциялық заң күші бар Жарлығының он жеті және жиырмасыншы баптарына сәйкес істі қараудың бірінші сатысында сот осындай сұрау салуы, алкассациялық және қадағалау сатысында іс қараудың кез келген сатысында сұрау салынуы мүмкін.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты конституцияны қолдану жөнінде соттарға қылмыстық алқаларға бірқатар нұсқаулар берді.Қылмыстық іс жүргізу кодекісінде тұтқындалған адамның прокурордың қамауға алуға және күзетте ұстауға берген рұқсатына байланысты соқа шағымдануына құқы туралы қағида қаралмаған, Конституцияда тұтқындалған адамға мұндай құқық берілген.Сондықтан соттарға тікелей конституцияны тікелей басшылыққа алуға ұсынылады. Қамауға лау және күзетте ұстауға рұқсат берген прокурордың әрекетіне байланысты түскен шағымда соттар мейілінше қысқа кем дегенде он күн мерзімде қарауы тиіс.Конституциялық нормаларды тікелей азаматтар және ұйымдардың өздері жүзеге асыра алады. Конституцияның көптеген нормалары азаматтарға, олардың бірлестіктеріне өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі реттеуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда заң аясында әр түрлі, айталық, жеке кәсіпкерлік қызмет саласында құқықтық ақтынастарды қолданған азаматтардың іс-әрекетіне мемлекет араласпайды. Әрине, азаматтарға кең көлемде берілген құқық пен бостандақ мұндай конституциялық нормаларда баршаның, тұрақөта және ұдайы қолднаылатындыңын білдірмейді. Әлеуметтік зерттеу Конституцияға, оның номаларына адамдардың әр түрлі: ниглитік, конформистік, енжар атқарушылық, белсенді, күштеп-атқарушылық көзқараста қарайтындығын көрсетеді. Бір маңызды мәселеге: азамттардың хабардарлығы мн құқықтық тәрбиесіне ерекше назар аударған жөн.Ежелгі принцип бойынша заңды білмеу жауапкершіліктен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституцияға қайшы елсе
ҚР-ның Конституциялық дамуының кезеңдері
Мемлекеттік тілді (қазақ тілін) қашықтан оқыту
Конституцияның құрылысы
Қазақстан Республикасының конституциялық құқық негіздері
ҚР Конституциялық құқығының түсінігі,принциптері
Құқықтық Мемлекеттің концепциясы
Құқықтық мемлекеттегі негізгі заңның ерекшеліктері
Конституциялық құқық қайнар көздері
ҚР Конституциялық құқығының түсінігі,принциптері, жүйесі
Пәндер