Аудиовизуалды әдіс арқылы қазақ тілін оқытудың тиімділігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Филология және педогогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

Қазақ тілін оқыту әдістемесі
пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Аудиовизуалды әдіс арқылы қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары

Мамандық шифры
Оқу бөлімі
5В020500
Күндізгі

Орындаған: __________________ М.С.Уәлиден

Тексерген: __________________ С.К.Жукенова

Бағасы: __________________

Көкшетау, 2020
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

3
І АУДИОВИЗУАЛДЫ ӘДІС АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

5
1.1 Аудиовизуалдыәдіс мәселесінің зерттелуі
5
1.2 Қазақ тілі сабағында аудиовизуалды әдісті пайдаланудың жолдары
9
1.3 Аудиовизуалды әдіс негізінде орындалатын жұмыс түрлері
14
1.4 Аудиовизуалды әдіске құрылған көрнекі құралдар
17
1.5 Аудиовизуалды әдіс арқылы қазақ тілін оқытудың тиімділігі

21
ҚОРЫТЫНДЫ

24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

25

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі білім беру саласы оқытудың заманауи педагогикалық технологияларына негізделген. Заман талабына сәйкес әлемдік өркениеттің биік дәрежеге көтерілуі және ғылым мен техниканың қарыштап дамуы 400-ге жуық кәсіптің әдіс-тәсілін шебер меңгертуді талап етеді. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (8-бап) білім беру жүйесінің басты міндеті ...ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау [1] делінген. Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде пәндерді интеграциялау, ынтымақтастық педагогикасы, мектеп өмірін демократияландыру сияқты жаңа формалар өмірге келді. Осыған орай қазіргі қоғамға бейім, жан-жақты, шығармашылық қабілеті жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Аталған міндеттің жүзеге асуы оқыту әдістері және жаңа педагогикалық технологиялар арқылы шешімін табады.
Қазақ тілін оқытуда аудиовизуалды әдісті пайдалану оқушылардың жаңа тілдік материалды меңгеруі кезіндегі оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар жаңа ақпараттық технология құралдарын ұсынылып отырған материалға жоғары деңгейдегі көрнекілік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, оқыту үдерісіне алуан түрлі жаттығуларды енгізу мүмкіндігін кеңейтеді, үздіксіз қарым-қатынас барысында оқу үдерісінің жандануын қамтамасыз ете алады. Филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Оралбаева: Көрнекілік оқушылардың материалды тез және саналы түрде түсінуімен бірге, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі, - дейді. Ал К.Д.Ушинский: Бірнеше сезім мүшелері қатысуы арқылы жаңа ұғым адам санасына тез қонады және берік те сақталады, - дейді [2,18]. Қазіргі таңда қазақ тілі сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану, оқушылардың жаңа сөздерді, лексикалық және граммматикалық ұғымдарды көріп біліп, тікелей қабылдауына көмектеседі. Оқу үдерісінде қазақ тілі сабақтарында аудио және бейнематериалдарды пайдалану сабақтың тиімді өтуіне, оқушылардың материалды тез әрі терең меңгеруіне және оқушылардың қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыруға ықпал етеді және диплом тақырыбының өзектілігін танытады.
Зерттеудің мақсаты. Қазақ тілін оқытуда аудиовизуалды әдісті пайдаланудың тиімділігін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибе негізінде дәлелеу.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей нақты міндеттер қойылды:
- қазақ тілін аудиовизуалды әдісті пайдалану арқылы оқытудың жолдарын көрсету;
- жалпы білім беретін орта мектептерде аудиовизуалды әдісті пайдаланудың тиімділігін көрсету, ұсыныстар даярлау.
- аудиовизуалды әдіске арналған жаттығулар жүйесін жасау;
І. АУДИОВИЗУАЛДЫ ӘДІС АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Аудиовизуалды әдіс мәселесінің зерттелуі
Қазіргі заманның талабына сай қазақ тілі сабақтарында қолданылып жатқан жаңашыл әдіс-тәсілдер көп. Атақты ғалым, әдіскер Ахмет Байтұрсынұлы Қай әдіс жақсы? деген еңбегінде: Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі - бір ғана әдісті болу. Шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу, керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек - деп атап көрсетті. Сол себепті әр мұғалім өз сабағына жауапкершілікпен дайындалып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін әр түрлі жақсы әдіс-тәсілдерді қолданады. Сондай әдістердің бірі - аудиовизуалды әдіс болып табылады.
Аудиовизуалды әдістің тарихына келетін болсақ, ХХ ғасырдың 50 жылдары Францияда пайда болды. Бұл әдіс Ж. Гугенейма жетекшілігімен француз тілін шетелдерде оқыту және тарату үшін Ғылыми-зерттеу орталығында, әдіскерлер және тілшілер ұжымында кең талқылаудан өтті. Сол кезде осы зерттеу орталығының құрамына Сен-Клу педагогикалық институты кірген болатын. Алғаш рет аудиовизуалды әдісті тіл ғылымы әдістемесіне Поля Ривана мен Петара Губерину енгізген.
Аудиовизуалды әдістің мазмұны мынандай ұстанымдарға негізделеді:
:: Ауызша сөйлеуге бағыттайтын ұстаным. Бұл ұстаным бойынша оқушылар түрлі тақырыптағы диалогтар арқылы өз тілдеріне жаттықтырылды. Мұнда яғни, әдеби мәтіндер емес, материалдар диалог формасында беріледі.
:: Ауызша оқыту негізі ұстанымы. Онда оқыту негізін ауызша сөйлеу тілі құрайды. Оқушылар ең алдымен тілді түсінуге, естуге жаттығады, сосын сөйлеу дағдысын қалыптастырады, кейін өз ойын ауызша және жазбаша формада жеткізе алуға машықтанады. Ауызша сөйлеу ұстанымына сәйкес, аудиовизуалдық әдіс жұмысы мына тәртіп бойынша ұйымдастырылады: тыңдалым - сөйлесім - оқылым - жазылым.
:: Жағдаяттар ұстанымы. Оқу материалы күнделікті өмірде болып жатқан жағдаяттарды бейнелейтін диалогтардан тұрады. Бұл диалогтар оқушылардың сабаққа, оқуға деген қызығушылықтарын арттырады.
:: Функционалдық ұстаным. Бұл ұстанымның негізгі бағыты грамматикалық тақырыпты практика жүзінде үйрету болып табылады. Оқушыларға тақырыпты меңгерту үшін әр түрлі үлгідегі тапсырмалар ұсынылады.
:: Жаһандық ұстаным. Бұл ұстаным бойынша тілдік материалдарды игеру есту арқылы жүзеге асады. Бұл ұстанымды кейде құрылымдық - жаһандық ұстаным деп те атайды.
:: Көру мен есту қабілеттерінің ұстанымы. Мұнда сабақта көру (фильм) мен естуге (аудио таспа) арналған көрнекі құралдарын пайдалану қарастырылады. Бұл әдіс ғалымдардың пікірінше, бір уақытта суреттер мен дыбыстарды қатар жүргізу, көру мен есту қабілеттерін өте жақсы дамытады. Сол себептен, жаңа материалдың мағынасы суреттің көмегімен ашылады, ал дыбыстық мәтін жағдаятты жақсы түсінуге көмектеседі.
Аудиовизуалды әдіс - көру мен есту көрнекі құралдарын қолдану көмегімен жүзеге асатын әдіс. Бұл әдіс жаңа материалды тыңдау арқылы қабылдауға және оның мәнін бейне құралдардың көмегімен ашуда тиімді. Аудиовизуалды әдіс тіл үйренушінің ойлау қабілетін дамытады, өз ойын жинақтап, суретті түрде бейнелеп беруге талпындырады. Сонымен қатар жаңа материалды тез есте сақтауға мүмкіндік береді.
Аудиовизуалды әдістің теориялық негіздері төмендегідей:
Аудиовизуалды әдістің әдістемелік негізі тура әдістің концепциясынан шыққан болатын, психологиялық, бихевиористік психология. Аудиовизуалды әдіс теориясында бихевиоризм идеясы механикалық қайталауға бейімделген жаттығуларға баса назар аудару салдары болатын тілді игеру үшін стимул-реакция сызбасы мәнін шамадан тыс қолдануда көрініс табады. Тіркес жеңіл туу үшін ... толықтай алынған мәтін жиі қайталау нәтижесінде автоматты түрде айтылуды талап етіледі. Ережені саналы түрде қолдану сезімі жоғалғанда, велосипед тепкен кезде өз қозғалысын еш сезіне бермейтін автоматтық әрекетіне ұқсас болғанда, автоматты түрде толықтай болмақ. Дағдыны қалыптастыру кезеңінде грамматикалық бірліктерді түйсінуге жол жоқ, ол кезде сөйлем, тіркес туралы шамамен жалпы мәні ғана беріледі. Дағдыны қалыптастыру бойынша жұмыс жүйесінде магнит жазбасына басты назар аударылады, осы әдісті ұстанушылардың басты үлесі аудиотехникамен жұмыс жасаудың түрлі жаттықтыру жаттығуын құрастыру болмақ. Алайда, стимулды механикалық айтуға бағытталған тапсырманың басым көпшілігі жаттықтыру шеңберінен еш шыққан емес.
Аудиовизуалды әдістің негізін қалаушылар тілдік сипаттама жасағанда тіл біліміндегі құрылымдық бағыттың іргесін қалаушы Фердинанд де Соссюрдің концепциясына жүгінді [Соссюр 1933; Слюсарева 1975]. Ғалымның көзқарасын қолдай отырып әдіс өкілдері шет ел тілін оқытуда нысанның басты мақсаты тіл (аударма грамматикалық әдісті қолдауға тән болғандай) емес, күнделікті өмірде шет ел тілін қолдануға мүмкіндік беретін тілдесу, тілдесу қызметін басты деп таныған болатын.
Келесі кезекте аудиовизуалды әдістің оқыту моделіне толығырақ тоқталатын болсақ, мынадай үлгіде қалыптасады. Аудиовизуалды әдіс бойынша сабақ жүйесіне сабақтасқан, рет-ретімен келетін төрт кезең жатады: ұсынукіріспе, түсіндіру, бекіту, дамыту.
Ұсынукіріспе. Кезең мақсаты -- жаңа материалды енгізу және оны көру-есту бейнесіне сүйене отырып игеру. Оқытушы аудиожазбасы бар диафильмді кадрлап көрсетуді ұйымдастырады. Әр кадрға мәтіннің әр сөйлемі сәйкес келеді. Демонстрация (көрсету) кезінде мазмұнды мейлінше толықтау игеруге бағытталуы мүмкін материалды ауқымды игеру жүзеге асады. Көрсетелім алдында: Қараңдар, тыңдаңдар, есте сақтаңдар деген тапсырма беріледі де, жұмысқа даярлайды. Фильмді көріп болған соң Қараңдар, тыңдаңдар, қайталаңдар деген тапсырма тағы да айтылады да, диафильм екінші рет көрсетіледі, ал көрсетелім кезінде оқушылар диктор соңынан сөйлем, тіркестерді қайталайды.
Әдісті шығарушылар ойынша нәтижесінде көру-есту синтезі жүзеге асады, сонымен қатар таныс және бейтаныс материалға бөлу іске асады, ол кезде контекст (мәнмәтін) бейтаныс материалды түсінуге көмек етеді.
Түсіндіру. Кезең мақсаты -- кадрлап көрсету нәтижесінде диафильм мазмұнын толықтай игеру. Қараңдар, түсніктемені тыңдаңдар тапсырмасынан соң оқытушы диафильмді қайтадан көрсетеді де, әр кадрға түсініктеме беріп отырады. Оқушылар тарапынан мәтін ілеспесіне қатысты қандай да бір қиындық туындаса оқытушы аудармасына жүгінеді.
Сұрақ қоя отырып оқушылар материалды түсінгеніне көзі жеткенде оқытушы Қараңдар, тыңдаңдар, сұраққа жауап беріңдер тапсырмасын береді де, диафильм мен аудиожазбаға қайтадан жүгінеді. Оқушылар әр кадр бойынша қойылған сауалға жеке не бәрі қосылып жауап береді. Жауап үшін қажет уақытты өзі ретттей отырып, оқытушы нашар топқа өзі сауал қояды.
Бекіту. Бұл кезеңде тілдесу дағдысы қалыптасады да диафильм тақырыбы шеңберінде даярланған сөйлесу деңгейіне қол жетеді. Бұл жерде екі кезеңшені бөліп алуымызға болады. Бірінші кезеңде -- оқушылар ОТҚ кабинетінде өздігінен жұмыс жасайды, онда олар диафильм мәтінін аудиожазбада тыңдайды және жаттығулар орындайды. Жаттығудың негізгі түрі диктор соңынан мәтінді қайталауға құрылған. Нәтижесінде айту-сөйлеу, ритмика, тіркеске екпін қоя білу дағдысы қалыптасады да, көп рет қайталау нәтижесінде тілдесу автоматтануы өңделіп қалыптасады. Қажет болған жағдайда оқытушы оқушы қатесін түзетеді, алайда әдістемелік нұсқаулық оқушылардың өздік жұмысына мүмкіндігінше сирек араласуды ұсынады, оның басты мақсаты оқытушының сөйлеу ерекшелігіне үйреніп қалмау: себебі диктор сөйлеу үлгісі ең үздік деп саналады.
Екінші кезеңше -- аудиторияда оқытушымен жұмысты жалғастыру. Тыңдаушылар Кадрға қойылған сұраққа жауап беріңіз, Тіркестегі сөзі мағынасы жуық (қарсы) сөзге ауыстырыңыз, Кадрға сұрақ қойыңыз, Келесі тұжырыммен келісіңіз не келіспеңіз, Тірек сөзбен кадр сипатын құрастырыңыз және т.с.с. типтес диафильм бейнеқатарын тірек етіп алып түрлі жаттықтыру жаттығуын орындайды.
Дамыту. Бұл кезеңде игерген дағды негізінде тілдесу біліктілігінің қалыптасуы және сабақ тақырыбы бойынша еркін (даярланбаған) тілдесусөйлеу деңгейіне қол жеткізіледі. Осы мақсатта оқушыларға ұсынылған жағдайға орай тілдесу әрекетіне еркін енуді қамтамасыз ететін түрліше шығармашылық тапсырма ұсынылады. Осы типтес жаттығу ретінде: диафильм (қысқаша немесе толықтай, нақты түрде көру қатары не жадындағы мәліметке сүйене отырып) мазмұнын айтып беру, диафильмді дыбыстау, персонажға сипаттама беру, олардың әрекетіне баға беру, диафильмнің басты ойын жеткізу, ұсынылған тақырып бойынша пікірталасқа қатысу, рөлдер бойынша диафильм ойнап шығуды ұсынуға болады. Сабақтың соңғы бөлігі оқу және жазуға бөлінеді [8].
Оқулық пен оқу құралдары.
Аудиовизуалды әдістің идеясы шет елдік және еліміздің орыс тілінің аудиовизуалды курсында жүзеге асырылыған [Мепас,1962; Капитонова және басқалар. 1966; Магкоу 1968; Юх және бас.. 1969; Щукин 1970; Вятютнев, Сосенко, Протопопова 1971 -- 1973; Вятютнев, Плужникова 1974; Щукин 1983]. Бұл оқулық пен құралдар ХХ ғасырдың 60-80 жылдарында курстың та, жоғары оқу орнының да жүйесінде қолданылған.
Аудиовизуалды әдісті бағалау. Аудиовизуалды әдісті қатысымдық бағытталуы нақты сипатталған оқыту әдістеме қатарына жатқызу керек. Елімізде бұл әдіс тіл иесімен қатынасқа жеделдетіп ену мақсатымен қысқа мерзімді курс, жоғары оқу орынның бастапқы кезеңінде кеңінен қолданылды. Жоғары оқу орын бастапқы кезеңінде орыс тілін оқыту үшін оқытушылар әзірлеген аудиовизуалдық нұсқасының шет елдік әдістемеде қолданылатын әдісті жасаушылар ұсынған нұсқасынан айырмашылығы болған. Онда негізінен саналылық принципі және қатысымдық оқыту әсерімен дамыған ресей әдістемесінің ерекшелігі сипатталған болатын. Бұл нұсқаның келесі ерекшелігін бөліп көрсете аламыз.
Оқыту кезіндегі саналықтың рөлі жоғарылады. Материалды енгізу кезеңінде оқытушы аудармаға жүгінбей түсіндірудің бар амалын тауысқан жағдайда түсіндірудің көмекші құралы ретінде аударманы қолдануға жол беріледі. Орыс тілі оқытушылар ауқымдылық принципінен де бас тартып отыр, себебі ол кезде контекстен (мәнмәтіннен) игерілген және құрамдас бөлікке бөлінген құрылым түріндегі тілдік материал енгізіледі. Қазақ тілінің өзіндік ерекшелігінің рөлі аз емес, қазақ тіліне ғана тән сингармонизм заңдылығы, бірнеше қосымша, жалғаудың жалғануы, екпіннің соңғы буынға түсу тұрақтылығы, негізгі ойды сөйлем соңындағы етістіктің беруі, анықтауыштың анықтайтын сөз, толықтауыштың толықтыратын сөз алдында келуі секілді негізгі заңдылықтары бұған кедергі болмақ.
Сонымен қатар, оқытушылар ұзақ ауызша озып кетуден де бас тартып отыр. Аудиовизуалды курс қатарында оқу мен жазу материалын ауызша игеруден соң бірден келеді. Олар ауызша жұмысты материалмен бекітіп отырады да оның берік игерілуін қамтамасыз етеді. Тәжірибе барысында анықтағанымыз, сөздің графикалық бейнесі мен жалпылау ережесі болған кезде тілді оқытудың бастапқы кезеңінде ауызша оқыту сәтті шығады екен [Громова 1977]. Сондықтан да, кей әдіскер кіріспе мен материалды алғашқы бекітуден соң монологиялық мәтін түріндегі тіректі әдіс ретінде ұсынғаны түсінікті болып отыр [8, 62].
Заман сұранысы және талабына сай соңғы кезде курстар өткізу кезінде, өткен ғасыр еншісінде қалған диафильмді сәйкес сурет және фотомен ауыстыру заңдылығы байқалады. Осылайша, бейнефильм, слайдшоу және тағы да сол сияқты көрнекі құралды тиімді қолдану арқылы өткен ғасырда бастама алған әдісті бүгінгі заманға шақтап қолданудың тиімді екендігіне көз жеткізіп отырмыз.
Қорыта келгенде, қазақ тілі сабақтарында аудиовизуалды әдісті ұтымды қолдану оқушылардың тілді тиімді және ұтымды меңгеруіне бірден бір септігін тигізетіні анық.

1.2 Қазақ тілі сабағында аудиовизуалды әдісті пайдаланудың жолдары
Оқыту әдісі - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқушылардың танымдық жұмыстары оқытудағы ең басты нәрсе болып табылады. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Әрі тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Оқыту тәсілдерінің түрлері:
- ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
- мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
- оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
- жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдісі дидактиканың негігі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады. Әдіс деген сөз гректің metodos деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді [9, 265].
Әдіс - бұл оқыту тәсілдерінің жүйесі (Рахманов 1947); Әдіс - бұл оқыту ұстанымдарының жүйесі (Беляев 1965); Әдіс - бұл оқыту тұжырымдамасы (Ванников, Кудрявцева 1980, Есаджанян 1980); Әдіс - бұл оқыту бағыты (Капитонова, Щукин 1987).
Әдіс - оқытушы мен оқушының іс-әрекет амалы. Әдіс түсінігі белгілі бір міндетті жүзеге асыру жолындағы шындықты теориялық және практикалық жолмен шешудегі амалдар мен тәсілдердің жиынтығы - дейді А.Н.Щукин [20]
Ғалым Ф.Оразбаева: Әдіс оқыту процесіндегі тактиканы емес, стратегияны анықтайды. Сондықтан да ол оқытудың шарттарына тәуелді болмайды. Әдісте барлық қағидалардың басын біріктіретін ең негізгі идея болады. Басты идея методологиялық рөл атқара келіп, әдістің жүзеге асуы үшін барлық мәселелердің басын біріктіреді десе, әдіскер Е.Пассов: Әдіс дегеніміз - әдістемелік принциптердің өзара байланысты жүйесі, - дейді [28, 15].
Ал әдіскер-ғалым А.Байтұрсынов: Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі - бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу. Керек орнында жоқ әдісті табу да қолынан келу, - деп ой түйіндеген.
Әдіс дегеніміз - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуі үшін қолданылатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жетуге бағытталған жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызу керек. Олар оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді [23, 51].
Әдіске қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым- қатынас және іс-әрекет.
Олай болса, оқыту әдістері - оқытудың мақсат міндеттеріне сай оның мазмұның оқушыларға меңгертуде, мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал - тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Оқыту әдістері педагогика саласында талас тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Соған орай, бүгінгі таңда оқыту әдістернің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған.
Бұл мәселені зертеуші авторлар ( С.И.Архангельский, С.И.Зиновьев, Н.В. Кузьмина, Т.А.Ильина, Н.Д. Никандоров т.б.) оқыту әдістеріне түрліше анықтама беріп, оларды әртүрлі негізде топтастыруды ұсынады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде әдісті топтастырудың жиырмадан астам түрі бар екен.
Оқушылардың таным белсенділігіне қарай М.Н.Скаткин мен И.Я. Лернер әдістің төрт түрін көрсетеді. Оны төмендегі кестеден көруімізге болады.

М.Н.Скаткин мен И.Я. Лернер әдісті 4 топқа бөледі

Оқушылардың таным белсенділігіне қарай М.Н.Скаткин мен И.Я. Лернер:
Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Т.А. Ильина әдісті 6 топқа бөледі:
* жаңа білім беру әдісі;
* біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдістері;
* техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі;
* өзіндік жұмыс істеу әдісі;
* білімді тексеру әдісі;
* проблемалық, программаланған оқыту әдісі.
Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай Ю.К. Бабанский әдісті келесі топтарға бөледі:
* оқу - танымдық әрекеттерді ұйымдастыру әдісі;
* оқуға ынталандыру әдісі;
* оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері. Ал әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай Р.Г. Лемберг:
* ауызша баяндау әдісі;
* есеп шығару әдісі;
* өнер құралдарын пайдалану әдісі деп 3 топқа бөліп қарастырды.
Ал В.Оконь мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай төмендегідей 5 топқа бөлді:
* жаңа білімді игеру әдісі;
* өзіндік білім әдісі;
* проблемалық әдіс;
* практикалық әдіс.
* көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Солардың ішінде ең көп тарағаны - білім берудің көздеріне қарай И.Т. Огородников, С.И. Перовский және Е.Я. Голанттың: сөздік немесе ауызша баяндау әдісі, көрнекілік әдісі, тәжірибелік әдістер болып табылады. Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе мұғалім оқушыларға білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктер болып есептелінеді т.с.с. Ал қазіргі таңда қолданылып жүрген жаңа әдістер-тәсілдер өте көп. Сол әдістерге тоқталатын болсақ:
Жаңа әдіс-тәсілдер

+ Тура әдіс - бұл сөйлеу тіліне үйрету әдісі. Қазіргі әдістемелік әдебиеттерде тура әдіс термині ХІХ ғасырдың 70-80 жж АҚШ пен Батыс Европа елдерінде пайда болған.
+ Аудиолингвалды әдіс;
+ Аудиовизуалды әдіс



+ Грамматикалық аударма әдісі;
+ Мәтіндік (текстуально) аударма әдісі;
+ Саналы-салыстырмалы әдіс.

+ Алғашқы құрастырылған әдіс;
+ Саналы-практикалық әдіс
+ Қатысымдық әдіс.

+ Суггестопедиялық әдіс;
+ Ұжымның және жеке мүмкіндіктердің белсенділік әдісі;
+ Психотерапиялық әдіс.

Ал біз қарастырып отырған әдіс - аудиовизуалды әдіс болып табылады.
Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр оқытушының өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі - сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол - сонымен бірге басқа ұлт оқушыларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Сабақта жаңа әдіс ретінде аудиовизуалды әдісті пайдаланусабақтың тиімділігі мен уәжін арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпалын тигізері сөзсіз [31, 109]. Аудиовизуалды әдіс сабақты түрлендірудің, ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар сабақты жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі болып табылады. Оны біз төмендегідей мысалдардан көруімізге болады.
Мысалы:
1. Ассоциация және болжам.
Оқушылар топпен, жұппен немесе жеке тапсырма алады. Мәтіннің тақырыбын естігеннен кейін қандай ассоциация пайда болды? Мәтін не туралы болады деп ойлайсыз?
2. Сұрақ-жауап.Мәтінді үнтаспадан тыңдайды, содан кейін оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Өздерінің жауаптарынан мәтін құрады. Құрастырған мәтіндері мен аудиомәтінді қайта тыңдап, салыстырады.
3. Мәтінді тыңдап, аяқта.Оқушылар мәтіннің басын тыңдап, соңын өздері аяқтайды.
4. Мен диктормын.Аудиомәтінді бірнеше рет тыңдап, диктор рөліне еніп, (мүмкіндігінше жаттап алады) сөйлейді.
5. Мен музыкамен көркемдеушімін. Мәтінді тыңдап, мәтін мазмұнына сай әуен таңдайды. Бұл әуенді неге таңдағанын түсіндіреді.
Оқытудың аудиовизуалды технологиялары дегеніміз оқытудың мақсатына жету үшін қолданылатын аудиовизуалды компьютерлік құралдарды пайдалану арқылы қызметті ұйымдастырудың тәсілі және де оқытудың кез келген технологиясы сияқты аудиовизуалды технологияларға бірнеше белгілер тән:
oo диагностикалық мақсатталу;
oo алгоритмдік;
oo қойылған мақсатқа сәйкес аудиовизуалды құралды таңдау;
oo оқыту үдерісінің басқарылуы, яғни кері байланысты болуы;
oo нәтижелілік;
oo үнемділік.
Аудиовизуалды әдісті сонымен қатар, көптеген әдіскерлердің пікірінше, оқыту құралы ретінде оқу үдерісінің кез келген кезеңінде пайдалануға болады: уәждік, ақпараттық, дербес ақпарат көзі, білімді тексеру мен бақылау және түзету [21].
Аудиовизуалды әдісте міндетті түрде танымдық, өз бетінше орындалатын, шығармашылық тапсырмалардың дұрыс таңдалуы қарастырылады. Өйткені, кез келген оқыту үдерісі материалдың дұрыс қабылданып, оның әрі қарай өзектеліп, одан кейін қажетті жағдайға белсендірілуін көздейтіні белгілі. Осыған байланысты адам бойында қызығушылық пайда болады, ал ол қызығушылық өз кезегінде мынадай үш жағдаймен сипатталады екен:
* қызметке деген оң және жақсы эмоция;
* сол эмоциялардың танымдық қырларының болуы;
* сол қызметтің өзінен шығып тікелей туындайтын уәждің болуы. Аудиовизуалды әдістің оқыту құралы ретіндегі рөлі табысты және нәтижелі болып табылады. Осыған байланысты Г.Щукина оқушы қызығушылығын оқу материалының мазмұны арқылы және оқу үдерісінің өзінің арнайы ұйымдастырылуы арқылы іске асатынын атап көрсетеді [20]. Соның ішінде бейне топтамалар мен бейнефильмдер оқушыларға сөйлеуден гөрі құбылыс пен үдерістің дамуын көру және есту арқылы тиімдірек қабылдайтынын әдіскер ғалымдар атап көрсетеді. Сонымен қатар, тілді үйрету мен оқытудағы оқу материалының осындай фильмдер мен бейнематериалдар арқылы берілуі тілдік материалдың да игерілуін толыққанды қамтамасыз ететінін көруімізге болады.
Жоғарыда атап өткендей, аудиовизуалды әдіс оқу құралы ретінде әр түрлі міндеттерді жүктейді және оларды түрлі мақсатта пайдалануға болады. Ол міндеттер мен мақсаттар мыналар: уәждік, ақпараттық, бақылау және түзету. Бұл міндеттерді қазақ тілі сабақтарында жеке немесе барлығын біріктіріп іске асыруға болады. Ол әрекеттің табысты болуы сол таңдалған аудиовизуалды құрал арқылы берілген кодталған ақпараттың дұрыс шешіліп алынуы болып табылады [21, 123]. Сондықтан да ақпараттар да әр түрлі жолмен беріледі. Мысалы, слайдтар, суреттер, фотолар, динамикалық визуалды қатарлар, т.б. Ал ақпараттың қайта өңделу үдерісі әр түрлі, бірақ олар міндетті түрде бір-бірін өзара толықтырады және бір-бірімен өзара байланыста болады.
Қазақ тілін оқытуда аудиовизуалды компьютерлік кешендерді қолдану оқыту мазмұнын да өзгертеді және онымен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері пайда болады.
Аудиовизуалды әдісті қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту мақсатына жетудегі бірден бір оңтайлы әдіс деп тануға болады.
Аудиовизуалды әдісті сабақта пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттері қалыптасады, ассоцативтік өрісі кеңейеді, қазақша сөйлеу және жазу (сюжеттегі рөлдердің сөздерін жазу арқылы) қабілеттері дамиды, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығы және белсенділігі артады. Сол себепті аталған әдістердің ішіндегі ең тиімді деген әдіс аудиовизуалды әдіс деп айта аламыз.
Техникалық құралдар бізге әр түрлі жұмысты тез және қысқа мерзімде, жан-жақты, түрлі-түсті, көркем етіп жеткізуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АУДИОЛИНГВАЛДЫ ӘДІСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Есімдікті бастауыш сыныпта оқытудың тиімді жолдары
Ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер
Шетел тілдеріне оқыту әдістері
Құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын тиімді әдістер
Аудио оқыту құралы ретінде
Оқытушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы өзіндік оқытудың тәсілдері
Тілдік төрт дағды
Сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары
Бұқаралық ақпарат құралдардың классификациясы
Пәндер