Ұлттық өнер арқылы көркемдік талғамды қалыптастырудың мазмұны


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақгы ұлттық рухани негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерімен тәрбиелеудің маңызы зор. Әрбір адам өз халқының рухани қазынасы мен оның үлттық мәдениетімен әдет-ғүрпы дәстүрлерімен неғүрлым тереңірек танысуы қажеттігі туындап отыр. Өйткені өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей басқа халықгың өзіне тән белгісін толық түсіну мүмкін емес. Қазақстанда эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықгың сан ғасырлық тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен және мәдениетімен тығыз байланысты. Адамдардың сырт-түрпатында, қарым-қатынастарында, киім-кешегімен үй-жайларында, тіл мен өнер туындыларында эстетикалық мәдениеттің, эстетикалық талғам мен үғымдардың ерекшеліктерімен әдістері көрінетіні даусыз.
Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдері мен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер ететіні мәлім. Қазақ халқы сонау ерте заманнан-ақ күнделікті еңбек қызметінде өзінің қолданбалы өнерін дамытып отырды. Қодданбалы өнерге тән ерекшеліктер: айналадағы ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз байланысты болды. Ұлттық қолданбалы өнердің әлеуметтік-тәрбиелік ролі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық күндылығымен бағаланбайды, сонымен қатар адамның өз заманына сай талғамын білдіруінен, өткеңдегі мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан көрінеді. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі отбасыңдағы еңбек тәрбиесінде негізделген. Кәсіп пен өнердің түрлері олар үшін күн-көріс көзі ғана емес, рухани кджеттілік тәрбие қүралы да болған. Отбасындағы еңбек тәрбиесі екі түрлі мақсатта: баланы еңбек етуге қабілет икем дағдысын дамытуға немесе сол негізінде оның бойында халықгық ізгі қасиеттерді дарытуға бағытталған. Балалардың отбасындағы еңбек дағдыларын одан әрі дамытуға елге танымал өнер мен кәсіп шеберлерінің халықгық тәрбиеші ретіндегі тәрбиелеу ықпалы зор болған. Халқымыз тек қана еңбек тәрбиесі емес, әр алуан саладағы тәрбиеге көңіл бөліп, оны алуан жолмен берудегі дағдыға енгізген.
Қазіргі уақытта халықгың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым жоғарылады. Себебі, қоғамның даму барысында мәдени, экономикалық, саяси-жағдайлардың бәрі де үлттық психология мен көзқарастар адамның сана-сезімінің, талғамының дамуына әсер етеді. Ал, тұтынушылардың арта түсуіне байланысты, мода ағымы да үнемі жаңарып отырады.
Ал "Еңбекке оқыту және тәрбиелеу" түжырымдамасында "Еңбек негіздерін мектеп жасында қалыптастырмай олардан іскер мамандар шықпайды" - деп окушыларды мектеп қабырғасында тігуге, токуға, бастырмалауға т. б., үйрету жүмыстары бағдарламаларда қамтылған.
"Еңбек өнер өрісі, өнер өмір жемісі"-деп халық мәтелі бекер айтылмаған, қазақ халқының үлттық өнерін көптеген академиктер көрсете білген. Мысалы, С. Тәжімұратов, А. Х. Марғұлан, А. Ғ. Алмабекова, С. Қасымов және т. б. Бүлар өз кітаптарын қазақ халқының ою-өрнегі мен сәндік қолданбалы өнерін шығу тегіне арналған. Халық арасынан шыққан дарынды, талантты шеберлердің есімдері халық жағынан да осы уақытқа дейін сақгалған.
Е. А. Глинская мен А. К. Наймушин, И. И. Литвин, Я. А. Шахова т. б. өз еңбектерінде тігін тігудің технологиясы, оның ішінде ең негізгі түрлері, түрлі қарапайым бұйымды тігу, адамның өлшемдерін алу, пішу технологиясын модельдеу жолдарын көрсеткен.
Жұмыстың мақсаты оқушыларға ұлттық киімін тігу барысында ою-өрнектердің орналасуын үйрету барысында біз окушылардың бойындағы әсемдікті түсіну және сезіну, эстетикалық көзқарасқа, ұқьштылыққа, сұлулыққа, іскерлікке, еңбек сүйгіштікке т. б. баулимыз.
Жұмыстың мақсаты . Көркем еңбек сабағында ұлттық киімінде ою-өрнектердің қолдану тәсілдері.
Зерттеу болжамы: Оқушыларға ұлттық қалыңдық киімін әзірлеуге болады, егерде: үйірме сабағында окушыларға ұлттық киімдерді қолдану мазмұнына қосымша енгізілсе, онда оларды еңбек етуге тәрбиелеу мүмкіндігі артады.
Жетекші идея. Жалпы білім беретін мектептерде педагогикалық іс-тәжірибеде және технология сабағы барысында пайдалануға болады.
Зерттеу әдістері:
- Көркем еңбек сабағының теориялық негіздерін анықтау;
- Ұлттық киімдерді технология сабағында қолдану тәсілдерінанықтау;
- "Киімді конструкциялау мен модельдеу" мамандығы бойыншаұлттық қалыңдық киімін технология сабағында қолданутәсілдерінің мазмұнын анықтау.
Зерттеу пәні . Ою-өрнектерді технология сабағында қолдану тәсілдері
Зерттеудің теориялық және әдістемелік маңызы:
- Ұлттық киімін сәндеудің қазіргі заман мәдениеті талабына сәйкестігі ескерілді;
- Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыруғамүмкіндігі барлығы нақтыланды.
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
- Ұлттық өнер арқылы көркемдік талғамды қалыптастырудың мазмұныҚазіргі заманда эстетикалық тәрбие мәселесі жеке түлғаның дамуы
Эстетикалық тәрбие мәселесі ерте заманнан бастау алады. Эстетикалық тәрбие туралы ойлар, оның міндеттері мен мақсаттары Платон мен Аристотель заманнан күні бүгінге дейін адам баласын толғандырып келеді.
Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердің бірі - келешек ұрпақтың рухани жаңғыруы. Бұл бағытты Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» ұлттық рухани дамудың кең көлемді мәселелерін көрсеті. «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» дегеніне сүйене отырып қазақ жастарын өнерге деген құштарлығы, эстетикалық талғамы жоғары, мәдениетті, ізгілікті, сезімтал, өнер сүйгіш етіп қалыптастырудың маңызы ерекше. Адам баласы қай кезде болсын өнерді, оның түрлерін өзінің қабілетіне қарай қабылдап, оған бейімделе білген [1, 36 б. ] .
Қазіргі мектептің алдында тұрған міндеттердің ең маңыздысы - оқушыны жан - жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу. Сол тәрбиенің ішінде эстетикалық тәрбие де қомақты орын алады. Эстетикалық тәрбие адамның өмірінде зор рөль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззатты сезінуге мүмкіндік береді. Эстетикалық тәрбие, ең алдымен, үй ішімен отбасынан, екіншіден, бала-бақшадан, үшіншіден мектеп қабырғасынан басталады. Баланың отбасы мен балабақшадан алған эстетикалық тәрбие қоры мектеп қабырғасында жетіле әрі дами түсіп, оқушының өмірге деген көзқарасы қалыптаса бастайды.
Қоғамымыздағы барлық азаматтардың адам баласының қол жеткізген жетіитіктерін пайдалануға құқы бар. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қажетті, бұл объективті жағдай біздің елеміздегі әлеуметтік факторы болып табылады. Біздің еліміздегі эстетикалық тәрбие жылдан-жылға артып келеді. Ересектер мен балалар эстетикалық құбылыстармен үнемі бетпе-бет кездеседі. Адамның рухани өміріне, күнделікті еңбегінде, көркемөнермен қарым-қатынасында - барлығында әдемілік пен сыиқсыздық елеулі рол атқарады.
Әдемілік адамдарға ләззәт пен қанағаттанушылық сыйлайды, еңбекке деген құштарлығын атқтырады, адамдармен кездесуде - қуаныш, ал сиықсыздық болса адамды жирендіреді.
Қазірғі заманда эстетикалық тәрбие мәселесі жеке түлғаның дамуында, онық эстетикалық мәдениетінің қалыптасуында тәрбие алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
«Эстетикалық тәрбие» ұғымына түрлі түрлі анықтама берілген, соның бірнешеуін алып қарасақ, оның өзінен-ақ мәнін аңғартатын негізгі қағидаларды бөліп айтуға болады
Біріншіден, бұл - тікелей әсер етуге бағытталған үрдіс.
Екіншіден, бұл - өмір мен өнердегі әдемілікті сезіну мен көру білуді, бағалай білу қабілеттерін қалыптастыру.
Үшіншіден, эстетикалық тәрбиенің міндеті: жеке тұлғаның эстетиқалық талғамы мен арман мұраттарын қалыптастыру.
Төртіншіден, әдемілікті жасауға және жеке дара шығармашылық қабілеттерін дамыту [2, 125 б. ] .
Қолданбалы өнермен айналысу халықтық өнер туындыларымен таныстырып, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып қана қоймай, оларға қажетті техникалық білім беріп, еңбек, білік дағдыларын жетілдіреді, шеберліктерін қалыптастырады, яғни еңбекке, мамандық таңдауға психологиялық және практикалық дайындық жасайды.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялык іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру мазмұны «Тсхнология» оку бағдарламасында тараулар қарастырылады. Балаларды жастайынан сәндік-қолданбалы өнерге үйрету бүгінгі күнге дейін өзінің маңызын жоғалтпаған, сәндік қолөнер бұйымдарын технологиялық өңдеуге үйрету көзделген.
Қазіргі кезде елімізде ұлттық кұндылыктардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Н. Назарбаевтың "Қазакстанның болашагы коғамның идеялық бірлігінде" еңбегіндегі “Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр " деген сөзі нақты айғақ бола алады.
Адамзат коғамының рухани және мәдени корының кымбат казыналарының бірі - халыктың колөнері мен әдет-ғұрпы, кай халықтың болсын бітім тұлғасы, психологиялық, этникалық жан сезім белгілері оның колөнер мен әдет-ғұрып, салт-санасынан көрінеді. Өткен ел тарихын, тұрмыс-тіршілігін ой елегінен өткізер болсақ, халық өміріңдегі әдет-ғұрып, салт-санасының дамуы тарихи оқиғалардан кейін заманның өзгеруіне байланысты болғаны айқын.
Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата дәстүрі халықтық өнер желісін үзбей, халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздерінің қарашағындай сақтап, ілгері дамытып өркендету - өнегелі іс. Адам өміріндегі қоғамдық салт-дәстүр, әдет-ғұрып қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына карай байып, мазмұны тереңдеп келе жаткан тәрбиелік мәні өте зор тағылым. Мұны ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибе белгілсрінен көруге болады.
Оқушылардың эстетикалық талғамын, шеберліктерін жетілдіре отырып жаңа технологиялык әдістерді қолдану, жас ұрпаққа сапалы да терең білім беру арқылы оқу-тәрбие үрдісінде жоғары нәтижеге жету - біздің басты міндетіміз.
Мектеп оқушыларының шеберліктерін қалыптастыруда адамның қажеттіліктерінен, күнделікті ақпараттардың сапасынан, көркемдік білім-ділігінен, оның "сұлулық заңы" бойынша іс-әрекеттерінің сипатынан талап етіледі. Өнерді үйрету барлық саладағы іс-әрекеттерді камтиды. Ұлттық сәндік қолданбалы өнер арқылы мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыру кажеттіліктердің дамуы адамның ұлттық мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетеді және рухани тұрғыдан дамуына ықпал етеді.
Қысқасы, сәндік-қолданбалы өнер туынлыларын технология пәндерінде тиімді пайдалану, қоршаған ортасын безендіру жұмыстарына қатысу, шеберлерімен бірлесіп бұйымдар жасау және т. б. жұмыс формалары оқушының сәндік іс-әрекетіне ыкпал ете отырып оған жаңа мүмкіндіктер береді, сәндік-колданбалы өнер саласынан білімдерін кеңейтеді, кәсіби шеберлігінің жетілуіне септігін тигізеді, әрбір баланың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, қиялын, фантазиясын оятуға іс-әрекеттерге белсеңді араласуына ыкпал етеді. Мектеп оқушылары ұлттық сәндік-қолданбалы өнерін оку мсн меңгеру барысында еңбек үрдісіндегі өздерінің іс-әрекеттерін басқаруга, оны жоспарлауға, мақсаттар мен міндеттер қоюга, еңбек мақсатына қол жеткізуге үйренеді, жаңа білімдер, іскерліктер мен дағдыларды меңгереді [3, 85 б. ] .
Сәндік-қолданбалы өнерге негізделген көркем-шығармашылық сабақтар, үйірмелер, тыс жұмыстар мектеп оқушыларына белсенділік береді, бейнелі ойлауын, қиялдауын дамытуға, шеберлігін арттыруға ықпал етеді. Мәселен, халықтың сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы бейнелер мен ою-өрнектерде берілген оюлар, халықтың дүниетанымы жеке тұлғаның эстетикалык сапаларын жетілдіре түседі. Бояу түстері мен материалдың, бұйым формасы мен нақыштарының үйлесімділігі, олардың әсемдігі мен жарасымдылығы адамның ой ұшқырына әсер етіп, оның рухани жан дүниесін байытады. Саналуан, киын да күрделі өрнектерді жүзеге асыру шығармашылықты шыңдайды, сәндік-қолданбалы өнер сабақтарында ырғақ, бояу түстері, сызбалардың икемділігі туралы негізгі үғымдарды меңгереді. Олардың әртүрлі материалдар мен құралдарды пайдалану тәсілдері туралы түсініктері қалыптасады. Халык шеберлерінің колынан шыққан бұйымдарын талдап қана коймай, соларға ұқсатып жасау баланың шығармашылык жұмысқа, ұлттық өнерге сүйіспеншілігін арттырады, әдемі заттар жасауға талпындырады.
1. 2 Ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді игеруде мектеп оқушыларының
шеберлігін қалыптастыру
Ұлттық сәндік-қолданбалы өнері қаншама жылдар бойы жасалып, жетіле түскен аса кәсіби дағдылар мен амал-тәсілдерге негізделген. Олар арқылы карапайым да көркем мәнерлілікке қол жеткізуге болады. Оларды жұлдызша. айшық, ирек сызықтармен бедерленген керамикалык ыдыстардан; ағаштан ойып жасалған бұйымдардан; жіптерді өру, айқастыру, шатыстыру аркылы токыған токыма үлгілерінен; жапсыру тәсілдерімен, асыл тастарымен, бағалы металдарымен ерекшеленген зергерлік өнер туындыларынан көруге болады. Осы техникалық әдіс-амалдарды үйрену де мектеп оқушыларына тән және бұл олардың шығармашылық қабілеттерінің байқалуына, дамуына кең мүмкіндіктер береді.
Халык өнерінің шығармашылығын игеру мектеп оқушыларының шеберлігін қалыптастыруда сәндік талғамын тәрбиелеп қана қоймай, олардың түрлі материалдардан бұйымдар жасау, ою-өрнектер түрін кұрастыру, оларды дамыта колдану, ою жұмыстарын орындау, тоқыма, кестелеу әдістерін меңгеру сиякты шығармашылық тұрғыдағы жұмыстармен жеке айналысуға құштарлығын оятады.
Мектеп оқушылары үшін сәндік-қолданбалы өнердің алуан түрлерін, дәстүрлі техникалық әдістері мен шеберлік дағдыларын жеңіл игереді [4, 136 б. ] . Сонымен мектеп оқушылары сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығымен танысуы негізінде қызығушылыққа бөленіп, сұлулық пен әсемдікке тәрбиеленеді, олардың талғампаздығы жетіледі. Сондай-ақ аталған өнер туындыларының мазмұнын жете меңгеруі мен ондағы ою-өрнектердің мәнін ұғынуы аркылы ақыл-ойлары өседі, адами саналары толыса түседі, сол туындыларды өз колдарымен жеке және сынып боп жасауы барысында рухани-адамгершілік сапалары артады, шеберлігі шыңдалады, еңбекке, еңбск адамдарына құрметі калыптасады, өз еңбегін және өзгелер еңбегін бағалай білуге тәрбиеленеді. Осы тұлғалық сапалардың қалыптасуы барысында де шеберлік дағдылары да үлкен мәнге ие болады.
Осыған байланысты қазіргі уақытта әрбір педагог халықтың сәндік-қолданбалы өнерін оқушылардың көркемдік-эстетикалык тәрбиесінде мақсаттылықпен қолдана білуі тиіс. Өйткені сәндік-қолданбалы өнер формасы жағынан да, мазмұны жағынан да оқушылар үшін түсінікті, олардың сұлулық сезімін дамыту күшіне ие. Бұл оқушылар туған ұлттық мәдениетін игеруге, барлық дәуірлердегі шығармашылық еңбекке сұлулық идеалы мен шеберліктің кажеттілігінің қалыптасуына ықпал етеді.
Жас ұрпаққа көркемдік талғамды қалыптастыру рухани дамуды білім мазмұнына, өнердің өмірдегі мәніне деген түсініктер деңгейіне, ұлттық мұраны келесі ұрпаққа жеткізудің бағыт-бағдарының үрдесіне тікелей байланысты сұлулық туралы түсініктердің көркемдік талғамының мәні өзгеріп заман талабына сай жаңа мазмұнға ие болады [5, 278 б. ] .
Арнайы әдебиеттерде талғамның басты мақсаты - қоршаған өмір шындығының өнердегі сұлулық пен келеңсіздікті ажырата білу деген ұғымда белгіленіп келеді. Қолданбалы өнер саласындағы белгілі ғалым А. Б. Салтыков: «Көркемдік талғам дегеніміз - әсемдікті ажарсыздан, нағыз сұлулықты жалған сұлулықтан ажырата білу қабілеті» - деп тұжырымдайды.
Сонымен, арнайы әдебиеттердегі авторлардың тұжырымдамаларынан эстетикалық және көркемдік талғам - адам бойында қалыптастыратын әрі дамитын сұлулықты түсіне білу қабілеттілігі талғам құбылысын қабілеттілік тұрғысынан зерделеу үшін ең алдымен сол қабілеттіліктің өзіндік табиғатын, оның қалыптасуына, дамуына мүмкіндік туғызатын басты әсерлі күшті айқындап алудың қажеттілігі туралы пікір - В. К. Скатерщиков, Ю. В. Ворев, В. Г. Лукьянов, Б. Р. Казыханова т. б. еңбектерінде баяндалады. Бұл мәселені анықтауда көптеген зерттеушілер, негізінен адамның эстетикалық сезімнің, шығармашылық ойы мен іс-әрекеттердінің, көркемдікті түйсіну қабілеттілігінің қалыптасуы мен дамуына зор ықпал жасайтын көркем-өнердің бай мүмкіндігіне жүгінеді, өйткені эстетикалық талғам: табиғат, өнер, адам сұлулығы т. б. өмір шындығы құбылыстарының барлық жақтарын қамтиды.
Егер сұлулық заңдылығы бұл құбылыстардың бәріне тән болса, онда талғам табиғатын анықтауда, аталғандардың кез-келгені зерттеу объектісі қызметін атқарады. Бірақ, олардың әрқайысысы көздеген мақсатқа тез жеткізеді, нақтылы жауап алуға мүмкіндік туғыза алады деген сұрақтарға жауап іздей отырып, зерттеушілер эстетиканың ең дамуындағы алғашқы эстетикалық іс-әрекеттің бірі -өнердің болмасына назар аударады. Мысалы, «талғам табиғатының өзіндік ерекшеліктерін ескере келіп, талғамды өнер туралы және басқа да эстетикалық құбылыстарды пайымдау қабілеттілігі тұрғысынан қарастыру дұрыс та нақтылы» - деп тұжырым жасайды.
Ж. Аймауытов «Жан жүйесі мен өнер таңдау» атты еңбегінде ең алдымен адам қабілетінің табиғатын зерттеген. Автор «адам туа белгілі бір өнерге бейім болып келеді, әр адамның бір нәрсеге талап, ыңғайлы қабілет зеректігі болады» - деген ойын көптеген мысалдармен, деректермен, тұжырымдармен дәлелдейді. Адамның дене мүшелердің физиологиялық қызметі, ойлау ерекшелігі, жүйке жүйесі, ми жұлын әрекеті, мінез-құлық (темперамент) ерекшелігін нақты тәжірибеден алынған мысалдар арқылы бейнелеп берді.
Талғам табиғаты, оның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, зерттеушілердің бірі талғамды өнер туралы және басқа да эстетикалық құбылыстарды саналы түрде пайымдау қабілеттілігі деп қарастырылған дұрыс, өйткені өнердің атқаратын қызметі барысында адам жанында орын тебетін, көркемдік талғам арқылы эстетикалық талғамды қалыптастыру қажет, тіпті эстетикалық тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда да бұл кезектілік сақталуы тиіс, - десе, енді бірі - «көркемдік талғам эстетикалық талғамның одан әрі дамуына қызмет етеді», - деп бұл тұжырымды нақтылай түседі. Бірақ, зерттеушілердің жан-жақты болжамдары мен тұжырымдарында, талғам негізінен «пайымдай білу қабілеттілігі» тұрғысында ғана белгіленіп, көркем туындыларды, өнер болмысын қабылдаудан пайда болатын рахаттану, ләззаттану сияқты эстетикалық сезімді қамти ма, немесе талғам - сезім мен ақылдың міндетін де атқара ала ма деген мәселелерді нақтылы ашып көрсетпейді [6, 189 б. ] .
Психологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенсек - сапалы танымдық деңгейіндегі пайымдау, шындық пен өнерді толық мәнде қабылдау үрдісі аяқталмай тұрып жүзеге асырылмайтын, эстетикалық сезім әсері де тек қабылдау үрдесі кезінде пайда болатынын көреміз. Бұдан дәлел: адам әдетте үстіртін көргендері мен естігендерінен нақтылы пайымдау жасамайды, ол үшін сол факторларға толық қанығуы және оны қабылдауы қажет. Сонымен, талғам табиғатын қабілеттілік тұрғысынан зерделеудің басты объектісінің бірі - өнер және оның туындыларын жасау барысындағы түрлі көркемдік іс-әрекеттер. Өнер шындық болмыстың құбылыстарын жаңғарта көрсетудегі суретшінің ақыл-ойы, қиялы мен сезімі, эмоциялық әсерлі көңіл-күйі және көркем бейне жасаудағы шығармашылық іс-әрекеттері арасындағы күрделі қатынастардың нәтижесі.
Өнер туындыларынан әсерленушілік өнер туралы жалпы түсініктердің сапасы мен де тікелей байланысты. Өнер түрлері мен жанрларының ерекшеліктері, көркем мәнерлік құралдары, жасалу заңдылықтары т. б. қасиеттері туралы толық, нақтылы түсініктің болмауы қабылдаудың сапалы болуына кері әсер етеді. Тіпті оны жоққа шығаруы да мүмкін. Сонымен, көркемдік талғам табиғаты және оны қалыптастыруға әсер ететін түрлі психикалық үрдестердің (қабылдау, сезім, таным, әсерлені т. б. ) өзіндік ерекше мән-мазмұны мен өзара бірлігін зерделей отырып, бұл құбылыстың эстетикалық тәрбиенің сапасын қажетті деңгейге көтерудегі маңызына тоқталуды ұйғардық.
Көркемдік талғам - адамның өнер туындылардын талапқа сәйкес мәнде қабылдай және бағалай білу қабілетін айқындайтын құбылыс. Ол жеке тұлғаның қоғамның көркемдік тәжірибесін қортындылайтын, айқындайтын үрдіс ретінде өнердің тікелей әсер етуі арқылы қалыптасады. Жеке тұлғаның көркемдік талғамын оның танымдық қабілетінің дамуымен тікелей бірлікте қарастыру қажет. Әсемдікті сезіну, түсіну, бұлардың өзіндік заңдылықтарын білуді әрі сезімталдықпен қабылдауды талап етеді. Эстетикалық тәрбие жүйесінде сезіну мәдениетінің және табиғаттағы заттар дүниесін, адамдар әлемі болмасының әсемдігін эмоциялық қабылдауды қалыптастыру маңызды орын алады.
Балалардың жас ерекшелігін ескере келіп, эстетикалық тәрбиеде баланың өнерге қызығушылығын сол арқылы қабылдауын, танымын, ойлауын жетілдіру эстетикалық сезімге әсер етеді.
Қызығу - деп баланың бір нәрсені не көріністі білейін деп айрықша ынталануын айтамыз. Баланы кейбір нәрсе ерекше қасиетімен қызықтырады. Қызығу тәрбиенің ықпалымен дамып жетіледі [7, 211 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz