Дәстүрлі музыкалық өнер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикалық мәдениет және спорт министрлігі
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық коненсерваториясы

Байтыкова Р.О

Кварта және квинта бұрауындағы қобыз күйлерінің орындалу ерекшеліктері:музыкалық-теориялық проблемалар

Дипломдық жұмыс

Мамандық 5В040400- Дәстүрлі музыкалық өнер

Алматы 2020
1
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Қобыз және баян кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Кварта және квинта бұрауындағы қобыз күйлерінің орындалу ерекшеліктері:музыкалық-теориялық проблемалар

Мамандық 5В040400- Дәстүрлі музыкалық өнер

Орындаған
Ғылыми жетекшісі
Бақылау сарапшысы

Алматы 2020
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Факультет: Халық музыкасы
Кафедра: Қобыз және баян
Мамандығы: Дәстүрлі музыкалық өнер
Тақырыбы: Кварта және квинта бұрауындағы қобыз күйлерінің орындалу ерекшеліктері:музыкалық-теориялық проблемалар

АҢДАТПА
Осы дипломдық жұмыста қобыз күйлерінің кварта және квинта күйлерінің орындалу ерекшеліктерін және музыкалық- теориялық проблемаларын қарастырамыз.
Дипломдық жұмысқа мұқабасы, аңдатпасы, кіріспесі, 2 бөлім мен 4 бөлімшеден тқратын негізгі бөлім, қорытындысы, 30 ғылыми және оқу-әдістемелік, әдеби еңбектерді қамтитын пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымша енгізілген

МАЗМҰНЫ
Кіріспе:
I тарау. ҚОБЫЗ КҮЙШІЛІК ӨНЕРІ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Қобыз өнерінің тарихи қалыптасуы
1.2. Қобыз күйшілік дәстүрінің көрнекті тұлғалары
II тарау. ҚОБЫЗ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ДӘСТҮРІНДЕГІ ОҢ (кварта) ЖӘНЕ ТЕРІС (квинта) БҰРАУЫНДАҒЫ КҮЙЛЕР
2.1. Қобыз күйшілік дәстүріеһндегі кварта (оң) және квинта (теріс) бұрауындағы күйлер тізбегі
2.2. Қобыз күйлерінің әуендік, тембрлік, ырғақтық және аймақтық стильдік ерекшеліктеріне жіктелуі
2.3. Кварта және квинта бұрауындағы қобыз күйлерін орындау әдістерінің теориялық аспектілері.

Кіріспе
Халқымыздың жан серігіне, рухани суйеушісіне айналған музыкалық төл аспаптарының бірі - қобыз.
Қыл-қобыз - екі ішекті аспап. Бұл аспап қазақ халқының тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерін күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұра. Қыл-қобыз аспабы аспабының тарихы Қорқыт атадан бастау алған. Қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы. Бақсылардың қобыз аспабының көмегімен ұлы күштерді бағындырып, халықты өзінің өнерімен таң қалдырған. Көптеген еңбектерде зерттеушілеріміз қобыз аспабын ең әуелі бақсылық дәстүрмен бастайды. Халқымыздың қобыз шанағынан төгілген, жан жүйені шымырлатып, жүректі тербейтін сиқырлы үнді емдік қасиеті де бар.
Күй атасы Қорқыттан бері келе жатқан күй сазы ғасырлар үнін, өмір тынысын, халық арманын, мұң-шерін, қуаныш-күйінішін баяндайды. Аты аңызға айналған Қорқыттан бастап, өмірдің қыры мен сырын күй тілімен сөйлетіп кеткен халық композиторларының есімдері мен мұраларының ел арасында сақталып келуі - халқымыздың өнер мұрасының молдығын көрсетеді.
Қорқыт күйлеріне тән ерекшелік - оларда әуендік байланыс, бір-бірмен сабақтастық бар. Бір күйдегі нақыш-саз екіншісінде ашық және жасырын түрде де қайталанады. Олар әрбір күйде кейбір ырғақтары, фактуралық сілемдері өзгеріп, түрленгенімен саздық байланыс үзілмейді.
Зерттеудің өзектілігі. Дипломдық жұмысымыздың өектілігі ретінде
Зерттеудің міндеті:
Зерттеудің нысаны:
Теориялық және әдіснамалық негіздері:
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыc кіріcпeдeн, eкі тaрaудaн, қортындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттeр тізімінeн, cурeттeр мeн кecтeдeн, қоcымшaдaн құрaлaды.

I тарау. ҚОБЫЗ КҮЙШІЛІК ӨНЕРІ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ
Қобыз өнерінің тарихи қалыптасуы
Дәстүрлі музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен өмірдегі қолданылуы - халықтың көшпенді тұрмыс-салт дәстүрімен, әдет ғұрпымен байланысты.
Әр халықта өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп, сақтап, қазынасына айналдырған ұлттық музыкалық өнері болады. Өнерімізді қобыз аспабының орны ерекше. Қобыз аспабын, қобыз күйлерін айтқанда күй атасы - Қорқыт ойымызға келеді.
Киелі аспаптың үнінен халықтың мұң-шерін, зарын қобыздың дыбысымен жеткізе білген. Ол түркі тілдес халықтарына ортақ бірден-бір көне мәдени ескерткіш - Қорқыт ата кітабы жырының негізгі кейіпкері әрі авторы болып табылады.[1]
Қорқыттың қобыз аспабын ойлап табуы жөнініде мынадай аңыз бар: Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде ойнайды екен. Алайда ол оған қанағаттанбай, адам мен жануардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанады. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай қалай., не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: Қорқыт, жаққан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған нар терісінен жасалған шанақ, ор текенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың кұйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен - деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна салып, осы айтылғандардың бәрін жасайды.[2]]
Қарағайдын түбінен
Қайырып алған, қобызым
Үйеңкіңін түбінен
Үйіріп алған қобызым.
Желмаяның терісің
Шынақ қылған, қобызым.
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған, қобызым.
Бесті айғырдың қобызын
Ішек қылған, қобызым.
Құлағыңды бұрайын
Осы айтқаным болмаса,
Қайырып жерге ұрайын,- деп қобызды қолына алған кезде, аспап боздап қоя беріпті. Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, ескен жел, жүгірген аң - бәрі тоқтай қалып, құлақ түре тыңдапты.
Күй атасы Қорқыттан бері келе жатұан күй сазы ғасырлар үнін, өмір тынысын, халық арманын, мұң-шерін, қуаныш-күйінішін баяндайды. Аты аңызға айналған Қорқыттан бастап,өмірдің қыры мен мұраларының ел арасында сақталып келуі - халқымыздың өнер мұрасының молдығын көрсетеді.[3,4

Қобыз күйшілік дәстүрінің көрнекті тұлғалары
Жалпы қобыз аспабында ойнаушылар (орындаушылар) жайында сөз болғанда оларды үш топқа бөлген дұрыс. Бірінші топқа - аспаты (қобызды) синкреттік дәстүрде меңгерген орындаушылар жатады. Олар: бақсы - балгерлер, жырау - жыршылар, ақындар, әншілер. Бұл топтағы орындаушылар аспапты негізінен көмекші құрал, сүйемел ретінде пайдаланған. Екінші топқа - қобыз аспабын мейілінше меңгеріп, онда күй тартып өнер көрсетіп, аспапты таза музыкалық құрал ретінде ғана пайдаланған орындаушылар жатады. Оларды күйші - қобызшылар деп атаймыз.Үшінші топқа - қобыз аспабының жаңғыртпаланған (реконструкциядан өткен қобыз - прима, басқобыз) түрлерінде ойнайтын осы заманға белгілі қобызшылар. Мысалы: Кетбұға (XII ғ.), Асан Қайғы (XV ғ.), Қазтуған (XV ғ.), Жанақ ақын (XIX ғ.) және т.б. Қобызшылар жайында саралап сөз қоғағанда, жоғарыдағы, екінші және үшінші топтадығы орындаушыларды ғана айтып, бірінші топтағыларды айналып өтуге тағы болмайды. Себебі, қалай десек те қобыз аспабының ислам дінінің қыспағынан мүлдем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық қызметтің түрлері
Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы
Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру
Халық музыкасы
Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық аспаптарға үйретудің мәні мен мазмұнының теориялық негіздері
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
Қазақстан мектептеріндегі музыкалық білім (1920-1960жж.)
Ұлттық өнердің нақты туындыларын және олардың оқушылардың эстетикалық қабылдауына әсерін талдау
Домбырамен сүйемелдеудегі дәстүрлі ән айту арқылы жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру
Пәндер