Таулы топырақтардың жіктелуі
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
___________________________________ ___________ кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:___________________________________ _____________________________________
Орындаған: __________________________
Тексерген: ___________________________
Алматы 2020 жыл
Жоспар:
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II.Негізгі бөлім
2.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары ... ... ... ...
2.2. Таулы топырақтардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Топырақтың пайда болуы, қасиеттерінің қалыптасуымен өзгеруі табиғи ортаның әсерімен тікелей байланысты болғандықтан жер бетінде алуан түрлі топырақтар кездеседі. Біздің Қазақстанның тек қана жазықтық өңірінің өзінде 700-ден аса топырақ түрі бар. Олардың морфологиялық белгілері, химиялық, физикалық-химиялық қасиеттері және құнарлылығы әр түрлі. Сондықтан топырақтардың қасиеттерін, ерекшеліктерін жақсы біліп, түсініп және оларды тиімді пайдалану үшін классификациялау қолданылады.
Топырақтарды классификациялау дегеніміз оларды басты қасиеттеріне және құнарлылығына байланысты топтарға жіктеп бөлу.
Топырақтарды классификациялау қатарына жататын жұмыстар: классификациялау принциптерін айқындап алу; таксономиялық бірліктерді қалыптастыру; топырақ номенклатурасы жүйесін және оның атауын анықтайтын диагностикалық белгілерді анықтау.Топырақты классификациялау өте күрделі жұмыс. Сондықтан осы күнге дейін топырақтардың үйлесімді жасалған халықаралық классификациясы жоқ. Әр мемлекет бұл мәселемен өзінше шұғылдануда. Осы мәселені шешуде жақсы жетістіктерге жеткен елдер Ресей мемлекеті (бұрынғы Кеңестер Одағы), Франция, АҚШ, Канада т.б.
Топырақ классификациясының негізгі бағыттары: экологиялық-генетикалық, факторлы-генетикалық, морфологиялық-генетикалық, эволюциялық-генетикалық т.б.Экологиялық-генетикалық топырақ классификациясын алғашқы болып В.В. Докучаев 1879 жылы ұсынып, 1886 жылы оны толықтырып жариялады. Ал 1895 жылы Н.М.Сибирцев осы классификацияға толықтырулар енгізді. В.В. Докучаев пен Н.М. Сибирцевтің генетикалық классификациясындағы қағидалар әлі күнге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ.
Қазақстандағы қабылданған топырақ классификациясы В.В. Докучаевтың экологиялық-генетикалық (географиялық-генетикалық) бағытына негізделген (К.Ш.Фаизов,2001). Бұл классификация топырақтың табиғи және тарихи дене, сонымен бірге өндіріс құралы екенін оның түзілуінің, құрылысының, құрамының, қасиеттері мен құнарлығының топырақ құраушы факторлардың өзара тығыз байланысының әсерінен қалыптасатынын ескереді. Топырақтың барлық табиғи қасиеттері - генетикалық қабаттары, биологиялық, физикалық-химиялық және басқа қасиеттері де ескерілген. Сондықтан осы классификация қағидалары Қазақстанда кездесетін көп түрлі топырақ жамылғысын жүйелеп топтауға қолайлы болып келеді.Қазіргі кезде топырақ классификациясын құру кезінде келесідей принциптер колданылады:
- классификация топырақтың негізгі қасиеттеріне және режимдеріне сүйеніп, топырақ түзілуін қамтамасыз ететін құбылыстарды ескеруі керек. Яғни ол топырақтың пайда болу тегін ескеріп және сонымен бірге экологиялық, морфологиялық және эволюциялық бағыттарды да қамтуы қажет;
-классификация ғылыми таксономиялық бірліктер жүйесіне негізделіп құрылуы керек;
-адамдардың әрекетінен болған топырақ құрамындағы өзгерістер, қасиеттер классификацияда ескерілуі шарт;
- классификация топырақтың өндірістік ерекшеліктерін айқындап, оны ауыл және орман шаруашылығында тиімді қолдануға мүмкіндік беруі керек.
Табиғатта кездесетін топырақтарды дұрыс жүйелеп оған толық атау беру үшін таксономиялық бірліктер жүйесі қолданылады. Топырақтану ғылымындағы таксономиялық бірліктер: топырақ типі, типшесі (подтип), тегі (род), түрі (вид), түршесі (разновидность), қатаршасы (разряды). Топырақ классификациясындағы таксономиялық негізгі өлшем топырақ типі болып есептеледі.
2.1.Таулы аймақтағы топырақтар
Таулы алқаптар топырақтары Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығысында 40-500 солтүстік ендіктер аралығында 2500км-ге созылып орналасқан. Аумағы 37 млн.га немесе республика жер аумағының 13,6% (К.Ш.Фаизов ж.б.,2001). Шығыс Қазақстанда Алтай таулары, Алматы облысында Жоңғар және Іле Алатаулары, Жамбыл облысында Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақстан облысында Қазығұрт пен Қаратау таулары орналасқан.Таулы аймақтың ерекшелігі-топырақтардың тік (биіктік) аймақтық таралуы заңдылығына сәйкес тау беткейлерінде белдеулене орналасуы болып табылады. Тау етегінен беткеймен жоғары көтерілген сайын, климаты мен өсімдік жамылғысы өзгеруіне байланысты топырақ жамылғысыда өзгеріп отырады. Таулы алқаптар топырақтарына қысқаша сипаттама беру үшін белдеулік аймақтар түгел кездесетін Іле Алатауын мысалға алып қарастыру ыңғайлы (Бигалиев А., ж.т.б.,1995).Таулы алқаптардың етегінде ені әр жерде әр түрлі болып келетін тау етегіндегі шөлді дала аймағы орналасады. Жазықтағы шөлді дала аймақшасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан бұл аймақта ылғал мөлшері молырақ болады. Жылдық ылғалдың түсуі 250-360 мм-ге жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және қысқы айларында түседі. Бұл аймақтың топырағы негізінен боз топырақтар. Таудан алыс жерлерде ашық түсті боз топырақтар, одан кейін тауға жақындау нағыз боз топырақтар, ал тауға ең жақын күңгірт түсті боз топырақтар және ашық қара қоңыр топырақтар орналасады. Тау етегі шөлді дала аймағынан биігірек алқапта аласа таулы дала аймағы басталады. Жыл ішінде түсетін ылғал мөлшері біршама жақсарып 460-780 мм-ге жетеді. Ауа температурасының белсенді жылу қосындысы 2500-31000 болады. Жердің биіктігі өсуіне байланысты ылғал мөлшерінің артуы және ауа температурасының жеткілікті болуы әсерінен шөптесін өсімдіктердің өніп-өсуі жақсарады. Сондықтан бұл аймақта қара-қоңыр және қара топырақ дамып, таралған.
Аласа таулы дала аймағынан биігірек орташа-таулы орманды-дала және орманды белдеу орналасқан. Бұл аймақта жылдық жауын-шашын мөлшері тағыда ұлғайып 840-880мм-ге дейін өседі, бірақ ауа температурасының салқындауы байқалады. Ауаның белсенді температурасыныың мөлшері 860-8800-қа дейін төмендейді. Бұл белдеуде қара топырақ және күңгірт қара-сұр орманның топырағы қалыптасқан. Биік таулы-шалғынды және шалғынды дала белдеуі Іле Алатауында (Солтүстік Тянь-Шань жотасы) 2800-3800м биіктікте орналасқан. Бұл белдеуде альпілік және субальпілік шалғынды өсімдік жамылғысы дамыған. Осы шалғындар астында таудың шалғынды және таудың шалғынды-далалық топырақтары қалыптасады. Бұлар таулы өлкенің, жазықтық жерде кездеспейтін, ерекше топырағы. Бұл белдеудің климаты салқын. Ауаның жылдық орташа температурасы 0,8-1,00С, жыл ішінде ауаның 100-тан жоғары температурасы бар күндер саны 57-60. Бір жылда түсетін ылғал мөлшері 730-750 мм.
Қазақстанның жер қоры 272,5млн. гектарды құрайды. Оның 235млн. гектары - 87% жазықтық, ал 40,5млн.гектары -13,4% таулы, тасты, құмды жерлер мен су айдындары.ТМД елдерінде таулы өлке топырақтары ауданы шамамен 650 млн. гектар, немесе барлық аумақтың 28,8% қамтиды.Тау өлкелерінде топырақтардың қалыптасуы және таралуы орыс ғалымы В.В. Докучаев ашқан тік аймақтық топырақ таралу заңдылығына бағынады.Климат жағдайы және өсімдіктер түрлері жердің биіктілігімен өзгереді. Жердің биіктілігіне байланысты топырақ типтерінің алмасуы тік аймақтық топырақ таралу заңдылығы деп аталады.Тау өлкелерінде топырақ аймақтары жазықтық аумақтағыға ұқсас белдеулер түрінде орналасады. Бірақ, тауларда, ендікте кездесетін кейбір белдеулер жалпы болмауы да мүмкін. Бұндай құбылыс топырақ аймақтарының интерференциясы деп аталады.
Таулы өлкелерде ауа-райы ерекше. Жазыққа қарағанда жауын-шашын мол, ауа ылғалдығы жоғары, температура төмен болады, күн радиациясы күшті болып келеді. Тау бедерлері кешенді және күрделі. Соның нәтижесінде топырақ жамылғысы ала-құлалығымен ерекшелініп тұрады. Таудың күн бетіне қарап орналасуына байланысты су және жылу тәртіптері күрт өзгеруі мүмкін. Оңтүстік жағындағы беткейлер, солтүстік беткейге қарағанда жылы және құрғақ келеді. Мұндай айырмашылық әр түрлі өсімдіктер дамуына себеп болады, осындай жағдай әр түрлі топырақтардың қалыптасуына ықпалын тигізеді.Топырақ түзуші жыныстар ретінде әк тасы, құмдар, тақта тастар, магматикалық тау жыныстарының үгілген өнімдері кездеседі. Тянь-Шань, Памир тауларында топырақ түзуші жыныстардың құрамында көп мөлшерде тұздар болады, сондықтан сортаңданған топырақтар қалыптасуы байқалады.Жердің биіктігіне байланысты биогидротермикалық жағдай өзгеруі әр түрлі топырақтар қалыптасуына әсер етеді.
Қазақстанда таулы-дала топырақтары барлық жер ауданының -0,9%; таулы-орман күңгірт топырақтары -0,2%; таулы орман қара топырақтары -0,1%; таулы орман қышқыл топырақтары-0,5%; таулы орманды топырақтары-0,5%; таулы орман шалғынды топырақтары -0,3%, таулы шалғынды қара топырақтар -0,5%; таулы шымды топырақтар 0,1 %; таулы - тундра топырақтар -0,1%; таулы-шалғынды субальптілік топырақтар -0,1%; таулы шалғынды альпілік топырақтар -0,3% құрайды.
Тянь-Шань тауының Іле Алатауы Алматы облысы бойынша шөл аймағының оңтүстігінде орналасқан. Батыстан шығысқа 300 км-ге созылған. Оның ең биігі Талғар шыңы 5017 м- болып табылады.Биіктігі 605 м-де орналасқан Шелек аймағында орташа-жылдық температура 8,90С, ал орташа жылдық жауын-шашын 198мм-ді құрайды. Алматыда 848м биіктікте орташа жылдық температура 8,70С, орташа жылдық жауын-шашын 557мм-ді құрайды. Алатауда ең көп жауын-шашын 881мм 2254 м биіктікте (Горельник) байқалады.
Іле Алатауында 600м биіктіктен бастап сұр (боз) топырақтарды ашық қара-қоңыр топырақтар алмастырады. Бұл топырақтар осындай жазық жердің топырақтарынан кебірленуі жоқтығымен және жалпы фосфор мөлшерінің көптігімен ерекшеленеді.Биіктілік 700-800м болғанда ашық қара-қоңыр топырақтар типшесі күңгірт қара-қоңыр топырақтар типшесімен алмасады ( 42-сурет). Бұл топырақтарда қарашірік мөлшері 3-4%, жалпы азот 0,25-0,30%-ды құрайды. Күңгірт қара-қоңыр топырақтарда кебірлер болмайды, бірақ карбонатты тектері ұшырасады.Биіктік 900-1500м-ге жеткенде таулы қара топырақтар аймағы басталады. 900-1000 м биіктіктер аралығында оңтүстік қара топырақ типшесі орналасқан. Қарашірік мөлшері 5,0-5,1%, ал жалпы азот 0,4% құрайды. Бұл топырақтар арасында көбінесе кәдімгідей және карбонатты тектері, кездеседі.
Одан жоғары (1000-1200м) орташа қарашірікті қара топырақ орналасады. Оның қарашірік мөлшері 7-8%, жалпы азоты 0,5%-ды құрайды. Оның үстінде (1200-1500м) қарашірігі 10-12%, жалпы азоты 0,6-0,7%, жалпы фосфоры 0,2% құрайтын қарашірікке бай қара топырақтар басталады. Бұл топырақтарда негіздер сіңіру сыйымдылығы 100г топыраққа 50-55мэкв құрайды.Орта және мол қарашінділі қара топырақтардың ішінде кәдімгідей және сілтісізденген типше таралған. Сілтісізденген қара топырақтар тереңде (90-100 см) шоғырланған карбонаттар қабатымен ерекшеленеді. Олар көбінесе солтүстік беткейлерде орналасқан болады.Бұл аймақта кебірленген топырақтардың болмауы жер астына жауын-шашын суларының жақсы өтуіне байланысты болып келеді.
1500-1800м биіктікте таулы орманды-далалар басталады. Бұл жерде ағаштардан ақ-қайың, көктерек және бұталар өседі. Осы ағаштардың астында күңгірт - сұр ормандық және күлгінденген қара топырақтар қалыптасады. Күлгінденген қара топырақтарда А мен В қабаттары арасында сұр түсті дақтар болады (силикаттар шоғыры). Бұл топырақтардың сіңіру кешенінде сутегі иондары біраз мөлшерде болады-5%. Бұл аймақтың ашық далаларында қарашірігі мол (12%) сілтісізденген қара топырақтар таралған.1800-3000м биіктік аралығында Тянь-Шань шыршалардың астында таулы орман топырақтары қалыптасады. Мұндай топырақтарда қарашірік мөлшері қара топырақтарға ұқсас жоғары болады, 9-10%-дан көп. Бірақ қара топыраққа қарағанда оның мөлшері төменге бара күрт азаяды және бұл топырақтарда күлгінді қабат айқын түзілмеген. Жалпы азот мөлшері 0,4-0,5%, негіздер сіңіру сыйымдылығы 100.г топырақта 50-55 м экв.2800-3000 м биіктіктен субальпі және альпі шалғындары басталады. Олардың астында таулы-шалғынды субальпі және альпі топырақтары қалыптасады. Бұл топырақтарда қарашірік мөлшері 15-16 пайыздан көп, жалпы азот 0,7-0,8%, негіздер сіңіру сыйымдылығы 100г топырақққа 45-50м экв-ті құрайды. Сіңірген негіздердің ішінде сутегінің үлесі 30 пайызға дейін болуы мүмкін.
Жоңғар Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатауда, Қырғыз, Талас, Кетпен жоталарында Іле Алатауындағыдай тік аймақтық айқын байқалмайды. Бұл жоталарда қара топырақ аймағы болмайды. Оның орнында қара топырақты жеке сәл ауданда қалыптасқан дақтарды бақылау мүмкін. Қырғыз жәнеТалас жоталарында қара топырақ аймағымен орман аймағыда болмауы мүмкін. Мысалы, Қырғыз жоталарында күңгірт қара-қоңыр топырақтар бірден таулы - шалғынды топыраққа ауысып кетуі мүмкінАлтай тауларының Тарбағатай, Калбин және Оңтүстік жоталарының топырақтары. Алтай тауында ең биік Белуха шыңы-4620м. Ол Қазақстан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz