Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау


Колледждегі білім алушылардың тәрбиелілігін бағалау өлшемдері
- Колледж білім алушыларының тәрбиелілігін бағалау өлшемдерінің ғылыми негіздеріКолледж білім алушыларының тәрбиелілігін бағалау өлшемдерінің білім алушылардың тәрбиелілігін бағалау өлшемдерінің білім алушылардың тәрбиелілігін бағалау өлшемдерінің критерийлері
- Колледждегі білім алушылардың тәрбиелілігін бағалау өлшемдерінің әдістемесіКолледже тәрбие жұмысының тұжырымдамалық негіздеріКолледждегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдістеріКолледж білім алушыларының тәрбиелілігін бағалау әдістемесі
Зерттеудің өзектілігі.
Бүгінгі жаһандану үрдісінде еліміздің алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарынан көрінуге және экономикалық еркін аймаққа мүше болуға ұмтылысы, білім беру жүйесінің Балон декларациясына сәйкес, әлемдік білім кеңістігіне кіруі біздің алдымызға маңызды міндеттер жүктейді. Еуропалық және Азиялық өркениеттің аралығында орналасқан Қазақстанның географиялық-саяси орны, ана тілімізбен, ұлттық мәдениетіміздің қазіргі жай-күйі, еліміздің көп мәдениттілік, көп конфессиялық сипаты ұлт тәрбиесінің даналығынан, философиялық ой тұжырымдарынан, тәуелсіз ұлттық білім мен тәрбие жүйесін құруды талап ету міндеттерден туындайтыны сөзсіз. Олай болса, әлемдік жаһандану ұлттық тәрбие үрдісі тек мемлекеттік тұрғыда ғана емес, әлемдік деңгей тұрғысынан зерттеуді қажет ететін бүгінгі күннің басты талаптарының бірі.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық тұсында болады. Елімізді дамытатын негізгі күш бүгінгі жаста» - деп атап көрсеткен болатын [1, 120] . Осыған орай бүгінгі жаһандану жағдайындағы заман талабына сай тәрбие беру, оның мазмұны мен мақсатын, қағидалары мен міндеттерін қайта қарастырып, жаңарту қажеттігі күн сайын артуда.
Аталған қайшылықтың шешімін зерттеуіміздің тақырыбын «Колледж білім алушыларының тәрбиелілік деңгейін бағалау өһлшемдері» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: колледж білім алушыларын қалыптастыруда тәрбие мен құндылықтар ықпалын теориялық тұрғыдан негіздеп, оның әдістемесін жасау.
Зерттеудің нысаны: колледж білім алушыларының тәрбиелелігін бағалау өлшемдері
Зерттеудің пәні: колледж білім алушыларын тәрбиелеу процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында білім алушыларының ұлттық тәрбиесі мен құндылықтарының ықпалын анықтап, осы орайда оларды оқытып тәрбиелеудің моделін жасап, оқу-тәрбие процесіне ендірсе, онда жастарға жаһандану ықпалына төтеп бере алатын тәрбие берудің тиімділігі артады, өйткені халықтық тәрбие мен құндылықтың ұлттық педагогикалық тәжірибесі адамзаттық тәрбие өзегі.
Зерттеудіңміндеттері:
- Колледж білім алушыларының тәрбиелілігін бағалау өлшемдерінің ғылыми негіздерін анықтаудың теориялық негіздерін ашу;
- колледж білім алушыларына ұлттық тәрбие мен құндылықтарын өлшеу ықпалы ерекшеліктерін көрсету, мәнін ашу;
- колледж білім алушыларының тәрбиелілік деңгейі ықпалының теориялық моделін жасау;
- колледж білім алушыларына ұлттық тәрбие мен құндылықтарын аықпалы негізінде әдістемесін жасап, оның тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері: ұлттық педагогикалық ой пікірлерге байланысты философтардың, тарихшылардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері мен ой-пікірлері, этнопедагогика және этнопсихологияның теориялық қағидалары, тәрбие теориясы, бір тұтас педагогикалық процесс теориясы және кәсіби білім берудің теориясы.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-педагогикалық, әдебиеттерге талдау жасау; оқу орындарында жастардың оқу-тәрбие процесін бақылау; білім алушылармен әңгіме жүргізу; сауалнама алу; модельдеу; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестілігін, тиімділігін тәжрибелік-педагогикалық зерттеу жұмысы арқылы тексеру; алынған нәтижелерд ісұрыптау әдістері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- колледж білім алушыларының тәрбиелелігін анықтаудың теориялық негіздері ашылды;
- «тәрбиелілік» пен «ұлттық тәрбие мен құндылықтар» ерекшеліктері айқындалды және анықтамалары нақтыланды;
- колледж білім алушыларының тәрбиелелігін бағалау өлшемдерінің әдістемесі жасалды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі: кәсіптік және техникалық білім беру орындарының білім алушыларын тәрбиелеуде жинақталған тарихи-педагогикалық материалдарды кәсіптік және техникалық білім беру оқу - тәрбиесінде, қоғамдық мекемелердің тәрбие практикасында пайдалануға болады.
Зерттеудіңбазасы: Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі
Зерттеуқұрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
«1. Колледж білімалушыларының тәрбиелілігін бағалау өлшемдерінің ғылыми негіздері» атты бірінші тарауда колледж білім алушыларының тәрбиесі мен құндылықтарына ықпалының мәні ашылды, колледж білім алушыларының ұлттық тәрбиесі мен құндылықтарына ықпалы барысында теориялық мазмұны жасалып, сипатталды.
«2. Колледждегі білім алушылардың тәрбиелілігін бағалау өлшемдерінің әдістемесі» атты екінші тарауда кәсіптік және техникалық білім беру орындарында ұлттық тәрбиесі мен құндылықтарына ықпалын анықтау мүмкіншіліктері және оқу-тәрбие процесінде колледж білім алушыларының ұлттық тәрбиесі мен құндылықтарына ықпалы қарастырылып, жұмысты жүргізу әдістемесі көрсетіледі және оның нәтижелеріне талдау жасалынады.
- М. Жұмабаевтың тәрбие процесіне қатысты көзқарастар мазмұны
- Адам баласымен бірге жасасып, бірге өмір сүріп келе жатқан қоғамның қажетті және тұрақты функциясының бірі - тәрбие болып табылады. Әр түрлі тарихи-экономикалық формацияда, әр елде тәрбиенің мақсаты мен міндеттері сол елдің нақты талаптарына сай кейбір өзгеріске ұшырағанымен тәрбиенің негізгі мақсаты - жас ұрпақты өмірге дайындау, оған өз халқының ғасырлар бойы жасап, қалыптастырған әлеуметтік тәжірибелерін үйрету негізінен сақталып келеді.
- Олай болса тәрбие - мәңгілік категория. Соған қарамастан тәрбие әрдайым толықтырып, жаңартып отыруды, тіпті басқа халықтардың тәрбиелік тәжірибелерін де үйренуді, меңгеруді талап етеді.
Жастарға ұлттық тәрбие беру мәселелерін теориялық тұрғыдан терең зерттеп, елеулі үлес қосқан Қазақстанның көрнекті ғалымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Қалиев болды.
Серғазы Қалиев еңбектерінде ұлттық тәрбие, сол ұлттың мәдениеті дамудың қозғаушы күші ретінде қарастырылып, халықтың тұрмыс-тіршілігінде рухани тәжірибемен тығыз байланыстырып зерттеді.
Жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие берудің басты міндеттерін еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев былай деп анықтады: «Қазақстанда әрбір адам өзін осы елдің перзенті ретінде сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды» [33. 78] . Сондықтан ғалым-педагог Серғазы Қалиевтың шығармаларындағы басты бағыт - ол халқымыздың ғасырлар бойы мысқалдап жинаған тәлім-тәрбиелік әдет-ғұрыптарын, салт-саналақ дәстүрлерін, асыл құндылықтарын білуге, игеруге қызықтыру, ұлттық тәрбиені меңгерту. Жас ұрпақты тәрбиелеудің жалпыға ортақ моральдық-психологиялық нормасы белгіленді, оның мәнін ғалым «сегіз қырлы, бір сырлы» деген нақыл сөзден жақсы байқады. Серғазы Қалиевтың бұл ойын педагогика курсының «Тәрбие теориясы» бөлімінде «Тәрбие мақсаты» тақырыбын өткенде дала тұрғындарына биік моральдық талаптар қойылғанын, солардың ең бастысы - көшпелі мал шаруашылығының тетіктерін жете игеру; еңбексүйгіштік пен төзімділік; ел намысын қорғаудағы жау жүректілік; ата-тегін ардақтап, сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау; ата-салтын бұзбау, жасы үлкенді сыйлау, қонақжайлылық. Жас ұрпаққа еңбек тәрбиесін беруде ғалым-педагогтің «Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы» атты еңбегінде халқымыз балаларын жас кезінен бастап тәрбиелеген. Қыз баланы үй шаруашылығына, яғни төсек жинауға, ыдыс-аяқ жуып, шай құюға, ас пісіруге, нан жасауға, киіз басып, өрмек тоқуға, іс, кесте тігуге т. б үйдің ішкі жұмыстарына үйреткен. Ал, ұл балаларды қозы-лақ қайыруға, мал бағуға, тайды үйретуге, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден, сүйектен түрлі бұйымдар жасауға - қол өнер шеберлігіне үйреткен. Осы жағдайларға байланысты мақал-мәтелдер туып отырған: «Ана көрген - тон пішер, әке көрген - оқ жонар», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Ұлдың ұяты - әкеге, қыздың ұяты - шешеге». Сөйтіп халқымыз ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың міндеті деп саналған. Сонымен ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбек сүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, ақын, яғни бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Халқымыздың педагогикалық ойлары мен педагогика тарихын жасау туралы, оларды болашақ ұрпақ кәдесіне жарату туралы салт-санамызды, әдет-ғұрпымызды өмір талаптарына сай өркендете аламыз деп ойлаймыз. Осыған байланысты 1990 жылы Қ. Б. Жарықбаев пен С. Қалиевтың қазақ орта мектептерінің Х-ХІ сыныптарында факльтативтік сабақ ретінде өткізуге арналған «Қазақтың тәлім-тәрбие тарихы» курсының бағдарламасы жасалынды. Бұл бағдарламада жастардың ел тарихын білуге, оның салт-дәстүрінен үлгі алып дамуына, оларды әрі қарай жалғастыруына жол ашу мүмкіндігін туғызды. Сондықтан педагогика курсындағы «Тәрбие тәсілдері, құралдары» туралы лекция, практикалық, лабораториялық сабақтарда салт-дәстүрдің қазіргі кездегі тәрбиелі мәнін ашып, болашақ педагогтарды жүргізілетін тәрбие жұмысына дайындауда пайдаланса құба-құп болар еді. Қазіргі кездегі тәрбиенің басты қағидаларының бірі - жастарды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, тәрбиеде жеке тұлғалық бағыт ұстау, жастардың бостандығы мен әлеуметтік құқығын мойындау. Осы тұрғыда да ғалым С. Қалиев көптеген зерттеулер жасады.
Қазіргі кездегі тәрбиенің басты қағидаларының бірі - жастарды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, тәрбиеде жеке тұлғалық бағыт ұстау, жастардың бостандығы мен әлеуметтік құқығын мойындау. Осы тұрғыда да ғалым С. Қалиев көптеген зерттеулер жасады.
Педагогика курсында «Тәрбиенің принциптері» тақырыбын өткенде С. Қалиұлының ұлттық педагогиканың негізгі қағидаларын жіктеуін пайдаландық.
Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды жэне көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық жэне құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.
Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі
130
ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.
Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады.
Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.
Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.
Тәрбие мазмұны - эр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік тәжірибені меңгеру адамдардың, халықтардың қандай болса да нәсілдік, ұлттық, тайпалық, діни және әлеуметтік топқа жататындарына қарамастан, өзара түсінушіліктерін, ынтымақтастықтарын нығайтуылары тиіс, сонымен қатар, әр-түрлі дүниетанымдық көзқарастар ерекшеліктерін ескерулері қажет.
Тұтас педагогикалық процесс теориясында педагогикалық процесс мәнінің қазіргі қоғамдағы тәрбие мақсаты - қоғамның шығармашылық іс-әрекетін белсенді қатыса алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырумен толық сәйкес келуіне көп көңіл аударылады. Сондықтан да педагогикалық процесстің негізгі тәрбиелік механизмдері оқушыларға қатысты барлық іс-әрекеттер түрлері қалыптасатын қатынастар жазықтығында орналаскан.
Жеке тұлға тек өз іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны бәрімізге белгілі. «Іс-әрекет тек қана менікі, менің жүрегімде тууы тиіс» - деп кезінде К. Д. Ушинский түсінікті де, әсерлі анықтама берген.
131
Сондықтан да педагогтар тәрбие процессін ұйымдастыру барысында балалар әрекеттерінің ішкі мотивтеріне сүйене отырып, тәрбиеленушілердің кез келген әрекеттер түрін мазмұнды етіп толықтырулары қажет.
Тәрбие мазмұнының мэселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше жасап, қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады. Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.
Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады.
Осы ойлар "Мектепке дейінгі жэне мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасында" (1995 ж. ), "Білім беру жүйесіндегі мемлекет саясатының тұжырымдамасында "(1996 ж. ), "Қазақстан республикасындағы этномәдени білім беру тұжырымдамасында "(І996 ж. ), "Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында" (2000 ж. ), "2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында"(2004 ж. ), «Қазакстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасында (2004 ж. ), және мектептегі тұтас педагогикалық процесті ұйымдастырудағы Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің тағы басқа құжаттарында көрініс алады.
Жас ұрпақты тәрбиелеу үнемі тұрақты идеялар мен құндылықтарға негізделуі керек. Сондықтан да, қазіргі замандағы барлық тәрбие жүйесінін идеялық негізі ретінде бірнеше ғасыр тәжірибесінде қалыптасқан және дәледенген гуманизм принциптері болуы тиіс.
Гуманизм ең алдымен адамның адамдығын білдіреді: адамдарға деген махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық сабырлықтың жоғарғы деңгейі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау, қошеметтеуді көрсетеді. . '«Гуманизм» ұғымы адамды ең жоғарғы құңдылық ретінде санайтын құндылық бағдарлары жүйесі ретінде қалыптасады.
Гуманизмді қазіргі заман талабына сай қарастырсақ онда адам тұлғасының тұтас, жан-жақты қалыптасуына көп көңіл бөлінеді.
132
Бұл жан-жақтылық оның интеллектуалды, рухани, адамгершілік, дене және эстетикалық қабілеттерінің үйлесімді дамуы арқылы айқындалады. Сонымен, гуманизм тұрғысынан, тәрбиенің түпкі мақсаты болып әрбір адамның таным, қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудың толық субъектісі болуы, яғни, өмірде орын алатын барлық жағдайларға жауапты, тәуелсіз, дербес тұлға бола алуы қарастырылады.
Тұлғаның жан- жақтылығы оның адамзат мәдинетін меңгеруіне байланысты дамуының мазмұнды сипаты ретінде.
Тұлғаның жан жақты үйлесімді дамуы туралы түсініктер сонау көне дәуірдің философиялық ілімдерінде, қайта өркендеу дәуірінің гуманист-педагогтарынын еңбектерінде кездеседі. Біздің заманымызда да бұл ұғым өзекті орын алып отыр. Түрлі тарихи кезеңдерде жан-жақты үйлесімді даму ұғымына түрлі түсініктер берілтен. Тек адамның жақсы болуға, жан-жақты жетілуге деген ұмтылысы ғана бірдей болған.
Барлық халық ертегілерінде, аңыздарында жағымды кейіпкерлер образдары арқылы адам тұлғасын жан-жақты жетілдіру ойлары орың алып отырған. Жан - жақты жетілген адам тураты көзқарас әдебиет пен өнер шығармаларында, халық шығармашылығында дамытылып отыр.
Жан-жақты' үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру -тәрбиенің басты мақсаты. Бірақ, кез келген қоғамда тәрбие мақсатының екі түрлі мағынасы болатынын айтып ету керек, яғни тұлғаның екі педагогакалық идеалы болады. Бірінші идеал өте жоғары деңгейде қарастырылады, ол идеал-мақсат, ол тәрбиенің ең жоғарғы мәнісін- өмірге келген әр адамға өзін-өзі іске асыруға, өздігінен дамуға мүмкіншіліктер жасауды камтамас етуге бағытталған арманға ұқсайды. Ол тәрбиеленушілерді неғұрлым жақынырақ жетелейтін жарқын үлгі, негізгі бағыт-бағдар. Екінші идеал неғұрлым, шындыкқа жақынырақ күнделікті өмірде орын алуы мүмкін. Тәрбиеленушілер үшін олар жарқын тұлғалар, сол заманның белгілі ардагерлері, жағымды кейіпкерлер, солардың орнында болуды армандайтын, үлгі алғысы келетін атақты адамдар.
Тәрбиенің жалпы мақсатын іске асырудағы қиыншылықтар жалпы білім беретін мектептің міндеттерін қайта қарастырып нақтылауды талап етеді. Әлеуметтік институт ретінде мектеп педагогикалық процесске қатысушьшардың өзін-өздері іске асыруларына және өздерінін өмірдегі орнын анықтай алуларына жағдай жасауға тырысады.
Тұлғаны жан-жақты дамыту идеясын іске асыру негізінде батанын жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оның ақыл-ойын дене
133
бітімін, күш-жігершілігін үйлесімді дамыту заңынын талаптары жатыр.
Қазіргі кезде ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы айтатын пікірлері бірдей емес. Мектепті ізгілендіру және демократияландыру процесстерімен қатар басқа да сұрақтар кеңінен талқыланып, олардың шешілуі тәрбиені жаңа сапалы деңгейге көтеруі тиіс. Бірақ барлық зерттеуші-педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы ізденістері мынандай маңызды идеяларға негізделген:
1. Тәрбиенің мақсаттарын нақты түрде қою.
2. Мектептің, жанұяның педагогикалық процессінде балалар мен үлкендердің ынтымақтастығы.
З. Адамның өмірдегі өз орнын анықтай білу мәдениеті.
4. Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы. Аса көп көңіл бағдарламалар мен іс-шараларды орындауға емес, тек балаға бөлінуі керек.
5. Баланың қабілеттерін, қызығушылықтарын, ескере отырып, баланы өз еркімен тәрбиеге қатыстыру.
6. Ұжымдылққка бағыттау.
Қазіргі кезде көптеген авторлар тәрбие ұғымын жеке тұлғаны жалпы адамзаттық мәдениетке өндіру процесі ретінде, және оның жоғарғы құндылықтар негізінде' өзін қоршаған шынайы өмір мен үйлесімді бірігіп тіршілік ету қабілеттерін қалыптастыруды қарастырады.
Тәрбиенің жалпы мақсатьгмен бірге тәрбие процессінде әр тәрбиеленуші үшін жеке мақсат, жеке даму жолы болуы тиіс. Себебі әр бір адам дара, қайталанбас жан. Әр адамның өзінің жан дүниесі, өз мақсаттары, ұмтылыстары, өзінің өмірлік ұстанымдары болады.
Егер де біз жеке тұлғаны тұтас құрылым деп қарастыратын болсақ, онда оқушы тұлғасын қалыптастыру мәселесі оқушыларға іс-әрекет мазмұнын, түрін, формасын таңдап алуға мүмкіндігі мол оқу материалын меңгеру кезінде де жөне оқудан тыс жұмыста да шешіледі.
Тәрбие стратегиясының нақты ұстанымдары "Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында" анықталған. Мектептегі тұтас педагогикалық процессті ұйымдастыру барысында мұғалімдер төмендегі аталып отырған принциптерді іске асыруға қабілетті болулары қажет:
- педагогтың тәрбиеленушіні өз дамуына өзі жауапты субъект ретінде қарастырып отыр, тәрбиенің гуманистік бағытта жүргізілу принципі;
134
- табиғи жэне әлеуметтік мәдени процесстердің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан түсінуді қарастыратын табиғатқа сәйкестілік принципі;
- жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген ұлттық мәдениет ережелері мен регионалдық дәстүрлерге сәйкес тәрбиелеуді қарастыратын мәдениетке сәйкестілік принципі;
- әлеуметтік бейімделу дағдыларын, өзін-өзі іске асыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік әрекеттестіктің тиімділік принципі;
- тұлғаның әлеуметтік және мәдени құзырлығын (компетенттігін) дамыту принципі.
Тәрбие мазмұны жеке тұлғаның жан-жакты дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрлері арқылы іске асады. Оған: көзқарасты қалыптастыру, адамгершшікке, еңбекке баулу, тұлғаның саяси-идеялық, эстетикалық дамуы, дене шынықтыру, оқушылардың түрлі іс-әрекеттеріне, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға жағдай жасау жатады.
Тәрбиенін түрлері мен олардын өзгешеліктерінін си
п
аттамасы.
Адамның жеке тұлға ретінде дамып қалыптасуында әлеуметтік тәжірибе мен жалпы адамзаттық мәдениеттің маңызы зор. Кең мағынада мәдениет адам іс-әрекетінің белсенді-шығармашылық сипатында қарастырылады. Әлеуметтік ортадағы әр
бір адам мәдениеттің материалдық, рухани, әлуметтік-нормативті болып бөлінетін үш бөлігін игеруі тиіс. Жалпы адамзаттық мәдениеттің әр -бір бөлігі әр адамның дайындық деңгейінің бір қырын көрсетеді.
Мәдениеттің белгілі бір саласьшың немесе бір іс-әрекет түрінің дамуына байланысты, қоғамда өсіп келе жатқан ұрпақты осы іс-әрекет түріне дайындау қажеттілігі туындаған. Яғни, нақты бір іс-әрекет түріне даярлауды ұйымдастыру тәрбие түрін анықтайды. Мысалы, өнердің дамуына байланысты эстетикалық тәрбие қажеттілігі туындады. Әлеуметтік-экономикалық бағыттың дамуымен қоғамның нарықгық экономикаға, нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде жас ұрпақты экономикалық тәрбиелеу қажеттілігі пайда болды. Яғни, қоғамдағы барлық процесстер өзара тығыз байланысты да, өзара келісілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz