Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1 ФИТОФАРМАКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІНІҢ ТЕОРИЯСЫ5

1. 1 Дәрілік өсімдіктерді іздеу, жинау және кептіру әдістері5

1. 2 Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау19

2ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНАН ДӘРІЛІК ФОРМАЛАР ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ БОЛАШАҒЫ22

2. 1 Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарының болашағы22

2. 2 Ветеринарияда пайдаланылатын өсімдік шикізатынан дәрілік формалар дайындау регламенті28

ҚОРЫТЫНДЫ37

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ38

КІРІСПЕ

Мындаған жылдар бойы адамзат адамның әртүрлі аруларымен күресуге дәрілік өсімдіктерді пайдаланды. Әрине ол әртүрлі елдерде әрқалай, әртүрлі дәрежеде пайдаланылады. Өркениетті елдерде дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың өте бай тәжірибесі жинакталды. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде фармакологияда синтетикалық химияның дамуы көптеген ауруларды емдеуге пайдалануға болатын жасанды препараттарды өмірге әкелді. Соның нәтижесінде көптеген елдерде сол синтетикалық препараттарды пайдаланудың нәтижесінде дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгере бастады, яғни қызығушылық төмендеді. Бірақ та соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерге деген көзқарасы өзгеріп, оларды кеңінен пайдалана бастады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүние жүзі халқының 80%-ы ндай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Индия бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық емшелерінің емдерін кеңінен қабылдауда.

Соңғы жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардың көбісі табиғи жолмен алынған дәрілерді арттық көре бастады. Мысалы, Жапонияда фармацевтикалық жолмен алынған препараттарды сатып алу 2, 6 есе өссе, табиғи жолмен алынған дәрілер 15 есе өсті. Қытайда 1993 жылы өсімдіктерден алынған дәрілер сатудың жалпы бағасы 2, 5 млрд. доллар болды.

Америка Құрама Штаттарында дәрігерлердің жазған рецептерінің 25%-ы өсімдік препараттары. Халықтың арасында сұрау жүргізгенде сол мәлімет берген адамдардың Голландияда және Бельгияда 60%, Англияда 74% қмша медицинаны халықтың пайдалануға мүмкіншілігі болу керек деген. Қазақстанда дәріханаларда сатылатын қымбат дәрілердің 70-90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елімізде фармацевтикалық өндірісті дамыту үшін әрине көп уақыт керек. Сондықтан мұндай жағдайда біздің еліміз үшін әрине дәрілік өсімдіктерден препараттарды алуды тезірек ұйымдастыру елдеқайда тиімдірек. Ол үшін медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерін кеңірек пайдалану қажет.

Соңғы жылдары мәселенің өзектілігін ескере отыры Қазақстан үкіметі Республикалық ғылыми техникалық бағдарламаларға көңіл бөліп қаржыландырып келеді.

Кейбір институттардың, акционерлік қоғамдардың және жеке кәсіпкерлердің белсенділігі нәтижесінде соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерден алынған шикізат мөлшері айтарлықтай артты. Дәрілік өсімдіктерден алынатын препараттарды жасау жолындағы жұмыстардың ауқымы кеңеюде. Әрине бұл бағыттағы жұмыстардың табиғат үшін әсіресе кейбір дәрілік өсімдіктер үшін қауыпты жақтары да жоқ емес. ған байланысты дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәрілік өсімдіктермен жұмыс жасаудың нұсқауын жасады. Ол нұсқау барлық елдердің азаматтары үшін бұлжытпай орындалатын ереже болуы керек. Соңдықтан сол ДДСҰ-ң нұсқауын халыққа тезірек жеткізіп түсіндіру үшін Қазақстанда академик Н. Д. Беклемишевтің басшылығымен біраз маман ғалымдар Рахимов К. Д., Сатыбалдиева Ж. А., Суходоева Г. Н., Адекенов С. М., Тулемисова Қ. А. Қазақстан республикасының фармакологиялық мемлекеттік комитетінің ұсынысымен және мақұлдауымен 1999 жылы «Дәрілік өсімдіктермен жұмыс жасаудың нұсқау» деген арнайы жинақ кітап шығарды. Бұл жинақта дәрілік өсімдіктерді зерттеуге байланысты халықаралық талаптар келтірілген. Бұл жинақ негізі төрт бөлімнен тұрады:

«Дәрілік өсімдіктер» пәнінің мақсаты мен міндеттеріне келетін болсақ, ол биологиялық білім саласындағы пәннің қазіргі замандағы жағдайын көрсету. Студенттер мен магистранттарды теориялық курста, семинар сабақтарында негізгі дәрілік өсімдіктермен, олардың таралу ерекшеліктерімен, медицинада пайдаланумен таныстыру. Бұл пәнді оқығанда сіздер мына мәселелер туралы хабардар болуларыңыз керек.

Әртүрлі систематикалық топтардың негізгі дәрілік өсімдіктері және олардың биологиялық белсенді заттары туралы;

Арнайы танылған - мойындалған қолдануға ресми рұқсат етілген яғни фармакопеялық тізімдегі өсімдіктер туралы;

Қазақстанның жалпы белгілі дәрілік өсімдіктері туралы;

Дәрілік өсімдіктердің жалпы және Қазақстанда таралуы туралы;

Дәрілік өсімдіктерді пайдалану туралы.

Бұл пәнді оқығаннан кейін сіздер алған білімдеріңізді ғылыми, өндірістік және практикалық мәселелерді шешуге пайдалануды, зертхана және далалық жағдайда жұмыс істеуге, дәрілік өсімдіктер туралы ғылыми әдебиеттермен дұрыс жұмыс жасауда, дәрілік өсімдіктерді жинау және кептіру әдістерін білулеріңіз керек.

Ғылыми жұмыстар жүргізгенде басқа пәндерді өткенде игерген әдістерді пайдалануға және ғылыми проблемаларды көтеруге практикалық әдеттенулеріңіз керек.

Курстық жұмыстың мақсаты: Фитофармакология негіздерінің теориясын саралай келе, өсімдік шикізатынан дәрілік формалар дайындау және оларды пайдалану болашағына талдау жасау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Дәрілік өсімдіктерді іздеу, жинау және кептіру әдістерін зерттеу;

- Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғауға шолу жасау;

- Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарының болашағын негіздеу;

- Ветеринарияда пайдаланылатын өсімдік шикізатынан дәрілік формалар дайындау регламентін талдау.

1. ФИТОФАРМАКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІНІҢ ТЕОРИЯСЫ 1. 1 Дәрілік өсімдіктерді іздеу, жинау және кептіру әдістері

Көптеген жаңа ғылыми жұмыстар әлі белгісіз дәрілік өсімдіктерді зерттеуге бағытталған. Жаңа дәрілік өсімдіктерді табудың 3 жолы бар.

1-ші жолы - биогенетикалық ұсастық, туыстық әдіс. Өсімдіктердің бір - біріне ұқсастары көп болады. Олардың негізінен басты белгілері өсімдік мүшелерінде болады және ндай ұқсас түрлерді ботаниктер бір туысқа жатқызады.

Ұзақ уақыт бойы қиын эволюциялық процестер кезінде өздерінің ұқсастықтарын жоғалтқан түрлер де өте көп. Мысалы: гранат - оңтүстік өсімдігі, оның жемісі дәрі ретінде пайдаланылады. Бұл өсімдіктің Европа мен Оңтүстік Азия аймақтарында, Испаниядан бастап Қытайға дейін тек бір түрі бар. Ол тек Үнді мұхитындағы Сокотро деген жерде кездеседі. Көбінесе тек түрлер ғана емес бір тұқымдасқа жататын туыстар да кейбір морфологиялық белгілері бойынша, мысалы: гүлінің құрылысы, жапырағы, анатомиялық құрылысы бойынша да, сонымен қатар ортақ химиялық белгілері, биологиялық активті заттармен де ерекшеленеді.

Дәрілік өсімдіктердің жақын түрлерін зерттеу өте үлкен маштабта жүргізіледі және өте бағалы нәтижелер береді. Мысалы, Digitalis purpuraea (наперстянка пурпурная) өсімдігі маңызды жүрек гликозидтерінің көзі болып табылады. Бұл өсімдік бұрынғы КСРО аймағында өспейді. Кавказда оған жақын түрлер кездеседі, ол наперстянка ржавая, н. ресничная және н. крупноцветковая. Молдавияда Н. шерстистая және т. б. бұлардың барлығында жүрек глюкозидтерінің бар екендігі анықталды.

Дәрілік өсімдіктерді табудың екінші жолы - елек деп аталады. Оның негізі емдік маңызы бар деген жергілікті флора өсімдіктеріне жаппай химиялық талдаулар жүргізу болып табылады. Дәрілік өсімдіктерді ізденудің бұл жолы аса көп еңбекті талап етеді. Бұл әдіспен фармацевтикалық өңдірісте маңызды орын алатын, көптеген дәрілік заттар табылады. Мысалы, бұл әдіспен Рихтер сораңы (Salsola richteri Karel), бұйырғын (Anabasis) және т. б. бір қатар дәрілік өсімдіктер анықталды. Сондықтан елек әдісі медицина үшін өте маңызды және бұл әдіспен жұмыс істеуге болады.

Дәрілік өсімдіктерді табудың үшінші жолы - халық медицинасы, ол ұрпақтан ұрпаққа ауыз екі тілде айтылуы бойынша қалады. Бұрын барлық мемлекеттерде екі медициналық жүйе қатар жүрген. Біреуі адам ағзасының табиғатын, құрылысын және қызметін, аурулардың пайда болуын және оларды емдеу жолдарын зерттеуді дәрігерлер және ғалымдар қатар алып жүрген. Келесі медицина - қарапайым халықтың медицинасы, көптеген ұрпақтар бойы қалыптасқан, тамаша пайымдаулары да, тұрақты қателесулері де бар. Адам тарихының бастауларында екі медицина бір болды. Және кезгелген эмпирикалық медицина жүйесі Шумер - Египет - Грек, Үнді және Қытайлық - халықтық медицинадан бастау алады.

заманғы медицина халықтық медицинаға қарсы қойылды. Біріншісі, жазбаша мәліметтерге, дәрілерге арқа сүйенсе, ал екіншісі тірі табиғат пен араласудан алынған бақылауларға сүйенді. Ғылыми зерттеулерді халық пайдаланды және халық тәжірибесі ғылыми медицина зерттеулеріне негіз болды, жалпы алғанда бұл екі медицина бір-біріне сеніміз көзқараспен қарайды. Бұрынғы заманғы медицина эмпирикалық медицинадан биік тұрады. Халықтық медицина локальді, негізінен жергілікті аймақта өсетін, өсімдіктермен байланысты. Әрине, адамдар бір орыннан екінші орынға көшіп отырған, бұрынғы ормандарын, шалғандарын және жайылым жерлерін басқаларға қалдырып, адамдар территорияларын үлкейтіп, шөлді жерлерді игерді. Бірақ адамзат тарихында бір тайпа екінші тайпаны ауыстырап отырған, олар бұрыннан жерді, өсімдіктерді қалай игеру керек екендігін үйреніп алды. Мындаған жылдар бойы адамдар өзі орналасқан аймақтағы өсімдіктерді зерттеп таныды.

дан жүздеген немесе, ондаған жылдар бұрын ауылдық жерлерде тұратын халыққа замануи медицина жетімсіз болса, ал қазір медициналық көмек ала алмайтын ауылдық жерлер жоқ деуге болады. ған байланысты халықтық медицина қажеттілігі төмендеді. Себебі жергілікті аймақта ол қанша маңызды болса да, қазіргі заманғы ғылыми ұжымдық медицинамен қатар жүре алмайды.

Халықтық медицина жайындағы мәліметтер жинау және ған сүйене отырып жаңа дәрілік өсімдіктерді табу немесе ескі дәрілік өсімдіктерді жаңа заман медицинасында жаңа қасиеттерін тауып қолдану күрделі жұмысты талап етеді. Дала және орман аймақтарында өсімдіктердің әртүрлі түрлері өседі, сондықтанда халық медицинасы әлі толық зерттелмеді.

Халық медицинасы туралы мәлімет жинауда, басты мәселе қариялармен сөз табысу болып саналады, себебі көптеген мәліметтер қариялар жадында сақталған.

Халық медицинасын зерттеудің негізгі формасы «рецепт» жазу. Ақпарат жазу әңгімелесу үстінде болуы тиіс, ал егер ондай мүмкіндік болмаса, сұрастырып болған соң кешіктірмей жазу крек. Жазу уақытын, елді мекеннің нақты аты және айтып отырған адам жайында толық көрсетілуі керек. Ескере кететін жайт, егер қандай да бір себептермен өсімдіктің ғылыми атауы анықталмаса, жазба құндылығы болмайды. Өсімдіктің емдік қасиеті бар бөлігін көрсету өте маңызды. Сондықтан әрқашан, айтылып отырған өсімдіктің кепкен түрін немесе ең жақсы далада өсіп тұрған күйінде көрсетуді сұрау керек.

Дәрі жасау әдісін жазып алу оңай жұмыс, бұл кезде әдістер бір тектес, бірақ, кейде ырымдаушылыққа, пайымдаушылыққа байланысты күрделіленіп кетеді. Міндетті түрде барлық сатыларын қалдырмай, мағынасыз көрінсе де, жазып алуымыз тиіс. Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа. Ғылыми медицинада белгілі аурулар түрлерін, халық медицинасы біле бермейді. Мәлімет жинаушы адамның жақсы бір ережесі бар: бір адамға берілген бір ауруды емдейтін өсімдік, ол әлі мәлімет емес. Егер бұл өсімдік бір ауруды емдейді деп бірнеше адам және маңыздысы бір - бірін танымайтын, әр жерден болса, бұл өсімдікке көңіл бөлуге болады.

Халық медицинасы - көпғасырлық ұжымдық тәрбиенің жемісі. Бірақ бұл тәжірибе білімнің әрқашан бірдей болмайтынына көңіл бөлу керек. Табиғатты бақылауға және емдеу өнімдерімен шұғылдануға ниеті бар адамдар әрқашан болған және болады да.

Халықтық тәжірибе тірі және өзгермелі. Ол көне мәліметтерден ғана емес, соңғы бақылаулардан да тұрады. Қазірде де өсімдіктердің емдік қасиетін анықтап жатқан адамдар кездеседі. Халықтық тәжірибе медицинаны әрқашан толықтырып отырады. Бұл соңғы онжылдықтарда анық көрінді, қазір оны қателесу деп санамайды, керісінше терең зерттелуде деп қабылдайды. Бірақ зерттеуде асықпасақ, халық медицинасы жойылу алдында, онымен бірге еш жерде жазылмаған көп жылдық тәжірибелер жоғалады.

Бұл жолмен алынған мәліметтер көпшілікке қызықты. Енді ғана халықтан алынған мәліметтер, ғылыми медициналық тексерістен өтуі керек, содан кейін ғана дәрігерлермен науқасты емдеу үшін қолданылады. Халықтан жиналған мәліметтерді өзіне немесе туыстарына қолдану өте қауіпті.

Әдетте, дәрілік өсімдіктерді суреттеріне қарап зерттейді, әсіресе олар түрлі - түсті гүлдері болса, гербариіне қарап зерттейді. Бірақ тірі күйінде қарап зерттейді. Бірақ тірі күйінде қарап зерттеген дұрыс. Өкінішке орай, дәрілік өсімдіктердің біздің мемлекеттің жеке облыстарында таралуы туралы мәліметтер көп емес. Кеңес үкіметінің флорасы жалпы алғанда толық зерттелінген. «Флора СССР» көп томдық басылымында 17 мыңға жуық жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлері тіркелген. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктер туралы өте жақсы әрі толық таралған анықтауыштар көп. Олардың негізгілері әдебиеттерде келтірілген. әдебиеттердің барлығында әр дәрілік өсімдіктердің КСРО-ның қай географиялық аймағында өсетіндігі көрсетілген. Жабайы өсімдіктердің зерттеу диапазоны өте кең. Дәрілік өсімдіктердің әртүрлі аймақтарда өнуіне көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, олардың биологиясына: гүлдеу уақытына, жеміс беруіне, көбеюіне, басқа өсімдіктермен байланысына, жылу сүйгіштігіне, ылғалға, топырақтың құрамына, өсу жағдайына да көңіл бөледі де, егер оларды шабатын, қазатын болса. Бұның бәрі жинау ережесін жасаған кезде яғни жоспарлағанда өте маңызды болып табылады. Себебі, белгілі бір ережеге сүйенбей жасалса, белгілі бір аймақта бағалы дәрілік өсімдіктердің жоғалуына әкеліп соғуы мүмкін. Дәрілік өсімдіктерді іздеуді жеңілдету үшін оларды өсімдіктің белгілі бір типіне жатқызу керек. Толокнянканы далалық аймақтардан іздеуге болмайды, себебі олар ол жақта өспейді және де шыршалықтарда да өспейді. Оларды ормандарда кездестіруге болады. Бірақ дәрілік өсімдіктерді табумен бәрі де аяқталмайды, оны қалай жинауды білу керек. Себебі дәрілік заттар көп болу үшін оны жинау ережесін білген дұрыс. Сонымен қатар жиналған затты сақтау мен кептіруді білу керек. Бұл процестің барлығы өсімдіктен дәрі жасамай тұрып, жүзеге асу керек. Жылдың әр мезгілінде өсімдікте дәрі ретінде құндылығын анықтайтын биологиялық белсенді заттардың мөлшері әртүрлі болады. Ереже бойынша өсімдіктердің жер үсті жасыл бөліктері - жапырақтарында, сабақтарында, әсер ететін заттар гүлдеу және жеміс берудің бастапқы кезінде көп мөлшерде болады. Толық пісіп жетілген кезде, жемісінде емдік заттардың барынша көп мөлшері болады, ал тамырында - күздің аяғында өсімдіктің жер үсті мүшелері солып қалғанда.

Шөптесін өсімдіктерді жинаған кезде өсімдіктің жер үсті бөлігін гүлімен қп төменгі жапырақ жағынан орақпен орып алады. Кейбір биік өсімдіктерді жинағанда гүлдейтін жоғары жақтарын кесіп алады немесе гүлдейтін сабағын ғана сындырып алады. Жапырағы жоқ жуан сабақтарын алудың қажеті жоқ. Себебі оларда шипалық қасиеті бар заттар өте аз. Және мұндай шикізаттардан дәрі дайындауға болмайды. Егер жинайтын өсімдікте сабағы көп болса, оны кептіріп болған соң жапырағы жоқ сабақтарды тастайды. Мұндай әдісті көбінесе жұпаргүлге, түйежоңышқаға және т. б. қолданады (бұл өсімдіктедің барлығында сабақтары көп және оларда әсер етуші заттары жоқтың қасы) кейбір дәрі-дәрмектер тек «гүлдерден» ғана жасалады, біз бұл сөзді тырнақшаға аламыз. Себебі, бұндай атпен фармакогнозияда тек жеке гүлдерді ғана емес бүкіл гүлденуді атайды. Әсіресе күрделі гүлділерде, сонымен қатар гүлдің жеке бөліктері де қарастырылады. Гүлді гүлдеудің бастапқы кезеңінде жинау керек, гүл солу белгілерін қорсетпей тұрғанда. Бұл кезенде гүлдерде әсер етуші заттар көп болады, сақтау кезінде аз түседі, кебуді жақсы өткізеді және өздерінің нақышын жақсы сақтайды. Гүлдерді қолмен жинайды. Шикізат ретінде гүлдерін қолданатын өсімдіктер үшін ерекше жинау үлгісі бар. Гүлшоқтары ірі кейбір өсімдіктерді жинаудың оңай механизмі бар, арнайы қалақша және тырнауыштары бар қорапша жасайды (төменгі жағында ұстауышы бар) . Тырнауышты гүлшоқтарына жақындатып әкеліп, тез жыдамдықпен жұлып алады, кейіннен ол қалақшаға түседі. лай мысалы, дәріханалық түймедақтың (аптечная ромашка) гүл шоқтарын жинайды.

Жемістері де жапырақтары мен гүлдері сияқты құрғақ ауа-райында жиналады. Олардың толық піскен кезеңінде қолмен сындыру арқылы жинайды. Шетен және тмин өсімдіктерінің жемістері зонтиктерінде орналасқандары күйінде жұлып алынады. Кейін кептіріп болған соң аяқшаларынан айырып алады. Жемісті қолмен тазалау арқылы алады. Шіріген жемісті алмайды. Көптеген нәрлі жемістерді (черника, таңқурай, бүлдірген) жинау өте қиын, ішінен матамен қабатталған корзинаға саламыз, жемістер бір-бірін езіп тастамас үшін әр қабатын жапырақтарымен жабамыз. Бұд кезде жемісті дәрі үшін жинап жатқанымызды ұмытпауымыз керек. Тамырын немесе тамырсабағын күзде немесе жаздың соңында өсімдік гүлдеп болған соң қазып алады. кезде бұларда шипалық қасиеті бар заттар көп болады және олар үлкен, әрі ауыр болады. Тамырды жинау уақытын созып жіберуге болмайды, себебі, жапырағы мен жемісі түсіп біткен соң өсімдікті тану өте қиын. Кейбір түрлердің тамыры мен тамырсабағын ерте көктемде қазып алуға болады. Қазу үшін арнайы күрек болу керек. Дәрілік қсімдіктердің кез - келгенін кетпенмен де (тяпкамен) қарапайым күрекпенде қазуға болады. Тамырды қазу үшін күректі сабағынан 10 - 12 см алыс тереңдікке кірзізу керек. Сн топырақтың қазылған жерін кеңейту үшін қозғау қимылдарын жасайды, сн бір қозғалыспен қазылған тамыр мен тамырсабағын жердің бетіне алып шығарады. Тамырды сілкілеп топырағынан босатады сн суға немесе кәрзинкаға тамырмен толтырып, суға салып қояды. Себебі су топырақтан тамырға жабысқан ұсақ тастарды жуады. Жуылған тамырларды таза шөпке, қаптарға немесе пергамент қағазға қойып кептіреді. Сн тамыр мен тамырсабақты сабақтың қалдықтарынан тазалайды. Сонымен қатар тамырды зақымдалған немесе шіріген бөліктерінен тазалап, соңғы кептіру аймағына алып кетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік өсімдіктер (шипалы өсімдіктер )
Дәрілік өсімдікті дайындауды ұйымдастыру
Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа
Дәрілік өсімдіктерді пайдалану туралы жалпы түсінік
Дәрілік өсімдіктердің тарихы
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер
Арашаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны
Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау
Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар ресурстары
Орман қорын қорғау, кешенді пайдалану мәселелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz