Сырдария өзені бойындағы бекеттердің сипаттамасы


ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану ғылымдар факультеті
География және гидрология кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ АҒЫНДЫСЫНЫҢ КӨП ЖЫЛДЫҚ ӨЗГЕРІСІНЕ КЛИМАТТЫҚ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
Орындаған:
4 курс студенті Жанәділ. А. Д
Ғылыми жетекшісі:
проф. қ. а. Молдахметов М. М.
Норма бақылаушы:
оқытушы Жанабаева Ж. А.
Қорғауға жіберілді
“___” 20 ж.
метеорология және гидрология
кафедрасының меңгерушісі:
г. ғ. к., проф. қ. а. Джусупбеков Д. Қ.
Нұрсұлтан, 2020
1
1
Қорытынды
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыс 81 беттен, 7 суреттен және 19 кестеден тұрады. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, 4 тараудан, қорытындыдан және 14 атаулы әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу нысаны - Сырдария өзені алабы.
Жұмыстың мақсаты Сырдария өзенінің жылдық ағындысын климаттық және антропогендік өзгерістерді есепке ала отырып бағалау .
Негізгі қолданылатын сөздер: су өтімі, су деңгейі, ағынды модулі, ағынды қабаты, ағынды көлемі, экстраполяциялау, су жинау алабы, тұстама, су айрық сызығы, сабалық кезең, өзен арнасы, бекет, қамтамасыздық қисығы, өзен аңғары, вариация коэффициенті, асимметрия коэффициенті, корреляция, регрессия, репрезентативтік кезең, орташа квадраттық ауытқу, ұқсас өзен, ағынды үлестірімі.
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың тақырыбы - Сырдария өзенінің жылдық ағындысын климаттық және антропогендік өзгерістерді есепке ала отырып бағалау .
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Сырдария өзенінің жылдық орташа ағындысына климаттық және антропогендік факторлардың үлесін есептеу және бағалау.
Берілген дипломдық жұмыста Сырдария өзенінің физикалық - географиялық сипаттамасы, гидрологиялық зерттелгендігі және су режимінің жалпы ерекшелігі қарастырылған.
Сырдария өзені Орталық Азиядағы өзен болып табылады, және де өзен Қырғызстан мен шығыс Өзбекстандағы Тянь-Шань тауларындағы екі өзеннің Қарадария мен Нарын өзендерінің қосылуынан бастау алады да, 2, 212 км қашықтықта орналасқан Арал теңізіне құяды. Сырдария өзенінің су жинау алабы 800 000 шаршы километрді құрағанымен, су іс жүзінде соның тек 200 000-ынан ғана жиналады. Сырдария өзенінің суы Орталық Азиядағы ең құнарлы мақта өсіретін аймақтарды суғаруға қолданылады, сонымен қатар оның бойындағы Қоқан, Худжант, Түркістан және Қызылорда қалаларын сумен қамтамасыз етуге қолданылады. [29] Сырдария өзенін игеру сонау ежелден жүргізілгені бізге белгілі. Оны грек ғалымдары Птоломей ( б. Э. Б. ІІғ. ) мен Герадоттың (б. Э. Б. ІІғ. ) еңбектерінен көреміз.
1 СЫРДАРИЯ өзені алабының физикалық-географиялық жағдайы
Сырдарияның жалпы ұзындығының 1000 км- ден астамы Қазақстан территориясы арқылы өтеді, және орталық Тянь - Шаньда екі ірі өзен: Нарын мен Қарадарияның қосылуынан құрылып, бастауын алады. Нарынмен есептегенде оның ұзындығы 2900 км-дей, бассейннің жалпы ауданы 462000 кв км, оның 219 000 кв км-і таулы аймақты алып жатыр. Нарынның құйлысынан төменде Сырдария Ферғана аңғары арқылы оңтүстік - батыс бағытқа қарай ағады, және де Ферғана аңғарынан шыққанан кейін өзен солтүстік - батысқа қарай бұрылады. Сырдарияға жоғарғы ағысынан көптеген салалар қосылады.
- Жер бедері
Бұрынғы КСРО-ның жалпы суармалы егістіктерінің жартысы Сырдария өзенінің бойында орналасқандығы бізге белгілі. Бұл жерлер, яғни Қаратау жотасы мен Қызылқұм үстірті арасында орналасқан үлкен үшбұрыш іспетті. Жалпы территория ендік бағытта 400км, ал меридиан бағытта 200-250км-ге созылады. Яғни Сырдария өзенінің атырауы теңіз бағытымен баяу ылдилап орналасқан жазықтық болып табылады. Сонымен қатар, жазықтың әр жерінде жатаған жусан өскен шағыл құм төбелер мен жалды бұйрат құмдар кездеседі. Кейде биіктігі 60-80м жететін жалғыз жарым төбелер және де биіктігі 40м болатын ежелгі қорғанның орындары-асарлар да кездеседі. Мысалы айтсақ, Жеті асар, Шірік, Құмқала және т. б.
Атыраулық жазық шығыстан батысқа қарай 140-151м абсолюттік биіктіктен (Шиелі, Тартоғай бекеттеріде), 100м абсолюттік биіктіктен (Жосалы), 55м абсолюттік биіктікке дейін төмендеп кетеді. Ауданның шекарасы:батыста-Арал теңізі жағалауындағы құмды массивтерден құралған, оңтүстігінде-Қызылқұмның жоғарғы құмдарымен, ал солтүстігінде-Сырдарияның қазіргі арнасының суландырылған зонасы (көлдік және батпақты ойпат) болып табылады.
Ерте кезде қазіргі Сырдарияның атырауы мен Арал теңізінің орнында бір-біріне мүлдем ұқсамайтын, тіркесе жатқан үлкен екі қазаншұңқыр болған.
- Геологиялық құрылымы
Ұзақ геологиялық даму барысында Сырдария ойпаты терригенді материалы бар аккумуляциялық облысты құраған. Ежелгі полеозой фундаменті теңіздің шөгінді жыныстары, әрі Сырдария өзенінің атыраулы-аллювиалды шөгінділерімен де көмкерілген. Бұл қабатта: шаңды саздар, саздақ, құмдақ және ұсақ түірлі мезазой-кайнозой және төрттік кезеңдердің құмдары кездеседі.
Мезазой кезеңінің шөгінділерінен кең тарағаны бор жүйесінің шөгінділері, олар котиненталды шұбар ала ұсақ түйірлі құмы бар саздармен көмкерілген. Олардың қалыңдығы 140-450м-ге жетеді. Оларда негізгі жер асты суларының су жүретін қабаттары орналасқан. Ал жоғары жатқан континенталды неоген жүйесінің шөгінділері плиоцен жасының құмды-сазды жыныстарының қалыңдықтарымен 60м-ге дейінгі қалыңдықта берілген. Дәл осы неогенде нақты жазықтың беті қалыптасқан. Осы жазықтың бетіндегі жыныстар төрттік кезеңнің шөгінділері болып табылады, олар 70-80м қалыңдықтағы құм, құмдақ және саздармен берілген
1. 3 Алаптың климаттық жағдайы
А. П. Алисов бойынша алынып отырған территория континенттік Солтүстік Тұран климаттық облысының құрамына кіреді.
Жауын-шашынның жағдайына, радиация балансының әркелкілігіне, атмосфера циркуляциясының жағдайына байланысты Сырдария өзені атырауы өз бетінше Арал климаттық ауданына бөлінеді.
Негізінен Сырдария өзені орналасқан алқаптың көп жері құмды және сазды болып келген шөл және шөлейттер болғанымен де оның агроклиматтық жағдайы біркелкі емес. Вегетация кезіндегі жылу мен ылғалдың көрсеткішіне орай, облыстың территориясы бірнеше агроклиматтық аудандарға бөлінеді. Жазы құрғақ, ыстық мамырдың бiрiншi жартысында басталады. Жауын-шашын көктемде 41, 6 мм немесе жылдық мөлшердiң 30, 3% құрайды. Дегенмен жоғары температура жыл бойынша жауын-шашын тұрақсыз түсуi, желдiң күшеюi, буланудың жоғарыланып, ерте-көктемгi кебудiң пайда болуы басымдайды. Көктемде топырағы ылғал қорын тез жоятын эфемерлi өсiмдiктер күштi дамиды да, жаздың басында өсiп-өнуi аяқталды.
Кесте 1. Сырдария өзенi атырауының негiзгi климаттық көрсеткiштерi
( Қазалы бекетi бойынша 1970-2005 жылдар)
Абс.
мин мм
% шақ
қанда
Қ:К:Ж:К:
Құрғақшы
лық индексi
1. 3. 1 Ауа температурасы
Ауаның +10 0 С-тан жоғарғы температурасының жиынтығы 3600-4200 0 , ал мезгілдің ұзақтығы 180-200 күн, жазы ыстық, әрі құрғақ. Шілде айының орташа температурасы+27, 9 0 С, ал ең жоғарғы көрсеткіші +40-42 0 С. Аймақтың қысы ұзақ, бұлтты күндер аз. Қаңтар айының орташа температурасы -6, 5 0 -11 0 С, ал ең төменгі көрсеткіш 12, 8 0 С болса, ол солтүстік аудандарда -14, 2 0 с. Аязды күндер саны 149-462. Жауын-шашын аз жылына -100-200мм. Желтоқсанның екінші-үшінші онкүндігінде қалыңдығы 10-15см қар жауады, ол 1, 5-2, 5 ай бойы жатады. Ауаның айлық және жылдық температуралық көрсеткіші 5-кестеде көрсетілген.
Кесте -5. Ауаның айлық және жылдық температуралық көрсеткіші ( 0 с. есебімен)
Аймақтың қысы ұзақ, бұлтты күндер аз, төменгі температурасы 12, 8 0 С болса, ол солтүстік аудандарда 14, 2 0 С-қа төмендейді. Аязды күндер саны 149-462-га жетеді.
1. 3. 2 Жауын-шашын
Аймақтың жауын-шашыны біркелкі таралмаған. Жауын-шашын жылына 100-200мм түседі. Ол көбіне көктем мен кыс айларына келеді. Сонымен катар аймақтық солтүстігіне жауын-шашын 46, 7мм, ал оңтүстігіне -32, 1мм түседі де, ол жылдық мөлшердің 23, 4-25, 2 пайызын құрайды. Атмосфера жауын-шашынының айлық және жылдық көрсеткіші 6-кестеде көрсетілген.
Кесте -6. Атмосфера жауын-шашынының айлық және жылдық көрсеткіші (мм. есебімен)
Аймақтың климаттық жағдайы жылдың әр мезгілінде әркелкі болатыны белгілі. Біз қарастырып отырған ауданның қысы ұзақ, бұлтты күндер аз, төменгі температурасы-12, 8С 0 болса, 14, 2С 0 -ға дейін солтүстік аудандарда төмендейді. Аязды күндер саны 149-462 күнге жетеді.
Территорияның солтүстігінен Сібір антициклонының суық ауа массалары жеткізіліп, қаңтар мен ақпанда температура-42 0 С дейін төмендейді. Жауын-шашын жылдың салқын уақытында аймақтың солтүстігінде 46, 7мм, ал оңтүстігінде 32, 1мм түседі, ол жылдық мөлшердің 23, 4-25, 2 пайызын құрайды.
Көктем айы өте өзгермелі. Аймақта көктем 25-30 наурызда түседі. Оған ауа температурасының орташа көтерілуі, мұздың ауысуы, желдің күшеюі, топырақтың тез кебуі тән. Сәуір айында наурыз айына қарағанда температура 13-14 0 С-қа жоғарылайды, ал мамыр айында айдың орташа температурасы оңтүстікте +18, 8 0 С болса, солтүстікте +17, 8 0 С-қа тең.
Ауданда өсімдіктің өсіп өну кезеңі 191-200күнді көрсетеді. Жауын-шашын көктемде 41. 6мм немесе жылдық мөлшердің 30, 3 пайызын құрайды. Дегенмен жоғарғы температура жыл бойынша жауын-шашын тұрақсыз түсуі мен желдің күшеюі, буланудың жоғарылап, ерте көктемгі құрғақшылықтың басталуына алып келеді. Көктемде топырақтағы ылғал қорын тез жоятын эфемерлі өсімдіктер күшті дамиды да, жаздың басында өсуі мен өнуін тоқтатады.
Жазы құрғақ, ыстық мамырдың бірінші жартысында басталады. Ыстық аудандардағы температура айырмашылықтары білінбейді, бірақ ең ыстық ай-шілдеде температура+27, 9 0 С, абсолюттік максимум +42+44 0 С-ға жетеді .
Жазы бұлтсыз, ал күннің түсу ұзақтығы 1605, 8 сағатты құрайды. Жауын-шашын біркелкі тарамаған.
Күз кезеңі көктеммен салыстырғанда ұзақ. Күздің бірінші жартысы құрғақ, әрі жылы болып келеді. Осы кезде термикалық депрессия жоғалып, салыстырмалы ауа ылғалдылығы төмендейді. Ауданның жалпы климаттық құрғақшылығы ауданның ерекшеліктерінің бірі. Шөлдік ауданның климаттық ресурстарының қолайсыздығына байланысты мұнда тек суармалы егістіктің түрін ғана дамытуға болады.
Қазіргі кезде аймақтың ауа бассейіні қатты ластанған. Онда ( 1998ж мәліметтер бойынша) 64 мың т. түрлі зат түседі екен. Оның ішінде 27, 2 пайызы ЖЭС-нан, 69, 5 пайызы- мұнай өндіруден, 3, 3 пайызы-өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығынан. Ауада қазіргі кезде көмірқышқыл газы мен күкіртті газдардың мөлшерлері шамадан асып отыр.
Жалпы ауаның ластануы негізінен күн сәулесінің түсуін және оның әсерінен фитохимиялық реакцияларға түсіп, ауаны одан да улы түзілістермен улауда. Дегенмен де қазіргі кезде оның алдын алу және жақсарту шаралары қолданылуда. Оған жалғыз ғана мысал, 1990ж бері қарай жұмыс атқарып келе жатқан “ Жасыл желек” айтуға болады.
1. 3. 3 Қар жамылғысы
Күз әдетте жауынсыз қар жамылғысы желтоқсанда ғана түседі және қар жамылғысының тұрақты ұзақ жатуы орта есеппен 50-70 күнді құрайды. Қар жамылғысынын түсуі наурыздың ортасында белгілейді. Жазда жауған қар жабындысы жарымсыз және тұрақты емес. Әдетте қар желтоқсан айының екінші үшінші онкүндігінде жауады, қалыңдығы 10-25см, 2, 5 ай бойы жатады. Кей жылдары қардың жатысы 4 айға созылады. Мысалы, 1993-1994 жылдың қысында, қараша айының басынан баста қыс бойы 14 рет жауған қалың қар наурыздың бірінші онкүндігінде ериді.
- Ауа ылғалдылығы
Сырдария өзені алабының ылғалдылығы аз. Аймақтың климатына тән ерекшелігі құрғақшылық. Жауын шашын өте аз. Орташа жылдық ауаның абсолюттік ылғалдылығы оңтүстікте 5, 0 мб солтүстікте 6, 0 мб дейін ауытқиды. Ауаның абсолюттік ылғалдылығы жыл ішінде 1, 6 мб-12, 5 мб дейін өзгеріп, оның амплитудасы түрлі жылдарда 9, 0-11 мб дейін (кесте 4) өзгереді. Орташа жылдық ауа ылғалдылығының тапшылығы солтүстік аумақтарында 5, 0-5, 5 мб дейін, ал оңтүстікте 7, 5-9, 5 мб дейін өзгереді.
1. 3. 5 Жел режимі
Жел режимі аймақтың ауа айналымына оның атмосфеталық қысымына әсер ететіні белгілі. Қызылорда, Түркістан метеостанциясынан алынған жел режимінің мәліметтері 2-кестеде және 3-кестеде көрсетілген.
Желдің бағыты
Мезгілдер
Кесте 2. Қызылорда метеостанциясынан алынған мәліметтер
Кесте 3. Түркістан метеостанциясынан алынған мәліметтер
Желдік режим жыл бойы солтүстік-шығыс пен шығыстан соғады. Бұл бағыттағы желдердің көбі жаз және көктем айларында болады. Олар Арал және Батпақдаланың құмдарынан шаң мен тұздардың осы өңірге келуіне септігін тигізеді. Тек осы бағыттағы желдер ғана емес сотүстік және солтүстік желдер де түлі заттарды алып келеді. Ең сирек соғатын желдер шығыс бағыттағылар. Желдік режим жыл бойы 4-6м/сек орташ жылдамдықпен солтүстік-шығыс пен шығыстан соғады. Мұнда күшті желдер болатын күндері көп. Оны төменгі кестеден көруге болады. Жел жылдамдығының көп жылдық көрсеткіші 4-кестеде көрсетілген.
Кесте 4. Желдің жылдамдығы
Кестеден көріп отырғанымыздай желдің орташа айлық жылдамдығы біршама жоғары. Біршама күшті желдер қыс пен көктем айларына келеді екен. Қазіргі кезде желдік режимнің өзін климаттық, агроклиматтық, экологиялық мәселелерді шешуде де пайдаланып жүр. Түркістан метеостанциясындағы жел бағыты 2-суретте көрсетілген.
2-сурет. Түркістан метеостанциясындағы желдің бағыты
1. 4 Топырақ жамылғысы
Сырдария өзені етегіндегі топырақтарды топырақтанушылар шөлді сұр топырақ зонасына жатқызады. Зерттелген аудандағы негізі зоналды топырақ типтерінің қатарына: құба, сұр-құба, құмды шөлді топырақтар мен сорлар, сортаңдар, тақырлар енеді. Сырдария өзені осы топырақтардың табиғи шекарасы болып табылады.
Қоректік заттардың жалпы қоры топырақтың құнарлылығын көрсете бермейді. Өйткені, бұлардың көп бөлігі өсімдік қорегіне жарамды емес. Тиімді құнарлылығын арттыру үшін топырақта өсімдік бойына сіңіре алатын керекті тыңайтқыштарды дұрыс қолдануға жоспарлауға, сайып келгенде, дақылдардан жоғары өнім алуға тыңайтқыштарды үнемдеуге, дақылдардың өзіндік құнын қоректік заттар қаншама екенін білу керек. Топырақта қоректік заттар мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болады. Мысалы, өсімдіктер үшін азотты қоректік заттардың негізгі қоры - органикалық заттар. Азот қара топырақта көп, сұр топырақтарда аз кездеседі. Адамның өндірістік әрекеті - дақылдардың өзара алмасуы, тыңайту системалары және басқалар - азоттың топырақтағы мөлшерін болмашы ғана өзгертеді. Міне, Сырдария өзені егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарына минералды және органикалық тыңайтқыштарды қолданудың агрохимиялық картограммаларын пайдалану ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды түрде дамытуға, экономикада ашылмай жатқан резервтерді игеруге мүмкіндік береді. Еңбек өнімділігін бір процент арттыруға және өнімнің өзіндік құнының қосымша ең аз дегенде жарты процентке төмендетілуіне қол жеткізуге жағдай жасайды. Басқаша айтсақ, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Топырақтардағы қоректік элементтердің құнарлығын қадағалау кез - келген дақылдарға төмендетуге, қауырт науқандарда тыңайтқыштарды жедел қолдануға негіз жасайды. Атыраудың топырақтары екі фактордың әсерінде болады: шөл зонасының қасиеттері мен белгілерін иемденген басты зоналды топырақ және интрозоналды.
Аудан гидроморфты сияқты, автоморфты топырақтардың кездесуімен де ерекшеленеді. Сырдария өзені атырауының қазіргі топырақтарының гидроморфты және автоморфты қатарына: аллювилі-шалғынды, аллювилі-шалғын тоғайлы подтиптерге бөлінетін шалғынды топырақ, батпақты топырақ, оның подтиптеріне: майлы батпақты, қарашірікті батпақты, торфты-батпақты, шалғынды-батпақты: сор, тақыр түстес, сұр құба, шөл сорплары, құмды шөлді топырақтар жатады [31] .
Негізгі топырақ түзуші жыныстарға: полеоген, неоген, төрттік жастағылар және Сырдария өзенінің аллювиалды шөгінділері енеді.
Құба топырақ ауданның солтүстігінде кездеседі. Онда сорланған және сорланбаған топырақтар мен қатар құмдақтар мен саздақтар да кездеседі. Қабаттың қалыңдығы 5-7м, астыңғы төсеніш қабатында майда құмдар мен сулар 6-7м тереңдікте кездеседі. Бұл топыратар құрамындағы қарашірік мөлшері 1 % аспайды. Алайда бұл топырақтар сорлануға бейім келеді. Сондықтан да оны оқтын-оқтын сумен шайып отыру қажет.
Ал сұр, сұр-құба топырақтар Сырдария өзенінің арналарының қырқалары мен бұйратты суайрықты жиектеріндегі ойлы жерлерде және Қаратаудың бөктерлерінде тараған. Олар шөлдік топырақ түзуші зоналық типті айқындайды және аз карбонатты сұр-құба топырақтың подтипіне жатады. Осы сұр-құба топырақтардың құрамында қарашірік мөлшері аз, олар 0, 3-0, 9%-ке дейін ауытқып отырады. Бұл топырақтардың мханикалық құрамы жеңіл; қабаты көп қабатты, онда құмдақтар мен саздақтар басым. Қабаттың қалыңдығы 1-6м, одан төмен майда құмдар, ал су қабатының тереңдігі 6-7м. Мұнда да жоғарғыдағыдай шараларды қолдану қажет.
Тақыр түстес топырақтар жазықтың сорланған жерлерінің арасындағы шайылған бөліктерді алып жатыр. Ол ежелгі Жаңақуаңдария мен қазіргі Сырдария атырауындағы гидроморфты топырақтардың шөлдену өнімін көрсетеді. Оларда 2-4м тереңікке дейін құмдар мен саздар және саздақтар кездеседі. Одан тереңде майда және ірі құмдар таралған. Сулы қабат 1. 5-4. 0м тереңде кездеседі, әрі дәмі ащы кермек.
Тақыр түстес топырақтартардың құрамында органикалық заттардың аз екені белгілі, оның құрамындағы органикалық заттардың мөлшері 1 пайыздан да аз. Оларды ауыл шаруашылығыда белгілі шараларды қолдану негізінде пайдалануға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz