Жылқы малына байланысты тілдік единицаларды “ғаламның тілдік бейнесі” теориясы тұрғысынан зерттеу



Ғылым мен техниканың дамуы ғылымның барлық салаларына, соның ішінде тіл білімінің дамуына да өз әсерін тигізуде. Қазіргі заман талабына сай лингвистикада жаңа бағыттар мен түрлі салалардың негізі салынып, дамып, тіл білімінің зерттеу нысаны кеңейе түсті. Этнолингвистика, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттаным, паралингвистика, прагмалингвистика тәрізді лингвистика салалары тілді жан.жақты, ғылыми тұрғыда зерттеуге мүмкіндік ашты. Қазақ тіл білімі де жаңа бағыттардағы зерттеулермен толығу, даму үстінде. «Ғаламның тілдік бейнесі» теориясы да өз кезегінде тілдік зерттеулерге негіз болып, тілдің дамуына өз үлесін қосуда.
Әрбір жекелеген ұлт түсінігінде әлем әр түрлі көрініс табады. Бұл, әсіресе, тілде айқын байқалады. Яғни тілдегі әлем бейнесі адамның әлемді тануының негізі. Бұған Б.Уорф пен Э.Сепирдің көзқарастары тұрғысынан қарасақ, әр түрлі ұлт осы ғаламды өзінше танып, өзінше пайымдайды. Демек, тіл біздің ата.бабаларымыздың “ғалам бейнесін” қалпына келтіруімізге мүмкіндік жасайды, тіл арқылы біз ата.бабаларымыздың “ғалам бейнесін” елестете аламыз.
Тілдегі ғалам бейнесі, біріншіден, адамның әлемге көзқарасымен сипатталатын болса, екіншіден, әрбір жеке тілдегі әлем моделіне қоғамдағы ұлттық әлем бейнесіне ұласады. Бұл жеке тілдің өзінше сипатқа ие болуына ықпал етеді. Себебі әр тілдің өзіне ғана тән концептуализациялық әдістері бар. Яғни әрбір жеке тіл ғаламды өзінше бөлшектейді, әрбір концептуальды тілдің негізінде ғалам бейнесі кескінделген. Ал осы концепт ұғымы . “когнитивтік лингвистикадағы негізгі ұғым. Семантикалық бағытта концепт сөзге сәйкес келсе, логикалық бағытта ұғыммен сәйкес келеді. Демек, әлемнің пәк бейнесі (наивная картина мира) когнитивтік модельде айқындалады. Ол өз кезегінде ұжымдық санамен, көзқараспен, ұжымдық философиямен байланысты болады” [1;17].
Бұл мәселе А.А.Уфимцева, Ю.М.Караулов, В.Н.Телия, Е.С.Кубрякова т.б. ғалымдардың зерттеулеріне негіз болды. Концепт ұғымының мәнін ашуда А.П.Бабушкин, М.В.Никитин сынды ғалымдардың үлесі зор. Никитинше айтқанда, концепт дегеніміз . елестету және ұғымның бірлігі. Демек, концепт шындық өмірдің бейнесі, әрі ұлт санасындағы бейне [2;5].
Әлемнің пәк бейнесі когнитивтік модельде айқындалатын болса, “ол өз кезегінде ұжымдық санамен, көзқараспен, ұжымдық философиямен байланысты болады. Демек, ғаламның тілдік бейнесі негізінен және толығымен адамдар санасындағы әлемнің логикалық бейнесімен сәйкес келеді. Ал ғаламның кез.келген ұлттық тілдік бейнесінің әмбебаптығы және өзіндік
Ғылым мен техниканың дамуы ғылымның барлық салаларына, соның ішінде тіл білімінің дамуына да өз әсерін тигізуде. Қазіргі заман талабына сай лингвистикада жаңа бағыттар мен түрлі салалардың негізі салынып, дамып, тіл білімінің зерттеу нысаны кеңейе түсті. Этнолингвистика, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттаным, паралингвистика, прагмалингвистика тәрізді лингвистика салалары тілді жан-жақты, ғылыми тұрғыда зерттеуге мүмкіндік ашты. Қазақ тіл білімі де жаңа бағыттардағы зерттеулермен толығу, даму үстінде. «Ғаламның тілдік бейнесі» теориясы да өз кезегінде тілдік зерттеулерге негіз болып, тілдің дамуына өз үлесін қосуда.
Әрбір жекелеген ұлт түсінігінде әлем әр түрлі көрініс табады. Бұл, әсіресе, тілде айқын байқалады. Яғни тілдегі әлем бейнесі адамның әлемді тануының негізі. Бұған Б.Уорф пен Э.Сепирдің көзқарастары тұрғысынан қарасақ, әр түрлі ұлт осы ғаламды өзінше танып, өзінше пайымдайды. Демек, тіл біздің ата-бабаларымыздың “ғалам бейнесін” қалпына келтіруімізге мүмкіндік жасайды, тіл арқылы біз ата-бабаларымыздың “ғалам бейнесін” елестете аламыз.
Тілдегі ғалам бейнесі, біріншіден, адамның әлемге көзқарасымен сипатталатын болса, екіншіден, әрбір жеке тілдегі әлем моделіне қоғамдағы ұлттық әлем бейнесіне ұласады. Бұл жеке тілдің өзінше сипатқа ие болуына ықпал етеді. Себебі әр тілдің өзіне ғана тән концептуализациялық әдістері бар. Яғни әрбір жеке тіл ғаламды өзінше бөлшектейді, әрбір концептуальды тілдің негізінде ғалам бейнесі кескінделген. Ал осы концепт ұғымы - “когнитивтік лингвистикадағы негізгі ұғым. Семантикалық бағытта концепт сөзге сәйкес келсе, логикалық бағытта ұғыммен сәйкес келеді. Демек, әлемнің пәк бейнесі (наивная картина мира) когнитивтік модельде айқындалады. Ол өз кезегінде ұжымдық санамен, көзқараспен, ұжымдық философиямен байланысты болады” [1;17].
Бұл мәселе А.А.Уфимцева, Ю.М.Караулов, В.Н.Телия, Е.С.Кубрякова т.б. ғалымдардың зерттеулеріне негіз болды. Концепт ұғымының мәнін ашуда А.П.Бабушкин, М.В.Никитин сынды ғалымдардың үлесі зор. Никитинше айтқанда, концепт дегеніміз – елестету және ұғымның бірлігі. Демек, концепт шындық өмірдің бейнесі, әрі ұлт санасындағы бейне [2;5].
Әлемнің пәк бейнесі когнитивтік модельде айқындалатын болса, “ол өз кезегінде ұжымдық санамен, көзқараспен, ұжымдық философиямен байланысты болады. Демек, ғаламның тілдік бейнесі негізінен және толығымен адамдар санасындағы әлемнің логикалық бейнесімен сәйкес келеді. Ал ғаламның кез-келген ұлттық тілдік бейнесінің әмбебаптығы және өзіндік
1. Қайырбаева Қ. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың символдық мәні. Фил.ғыл.канд. ғылыми дәрежесін алу үшін. –Алматы, 1997. -29 б.
2. Никитин М.В. Лексическое значение в слове и словосочетании. Владимир, 1974, 22 с.
3. Каракузова Ж.К., Хасанов М.Ш. Космос казахской культуры.
4. Юсупов М. Ұлың өсіп ер жетер, қызың өсіп бой жетер. Жігіттің үш жұрты. –Алматы: Қайнар, 1994. -192 б.
5. Толыбаев Қ. Ұлттық дәстүр – рухани қазына. Жігіттің үш жұрты. –Алматы: Қайнар, 1994. -192 б.
6. Гачев Г.Д. Национальные образы мира. –М., 1998. -448. с
7. Шаймерденов Е. Қазақ елінің рәміздері. –Алматы: Балауса, 1993. -80 б.
8. Фукс С.Л. Обычное право казахов в ХҮІІ века. –Алматы: Наука, 1981. -224с.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ЖЫЛҚЫ МАЛЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТІЛДІК ЕДИНИЦАЛАРДЫ “ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ”
ТЕОРИЯСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЗЕРТТЕУ

Ғылым мен техниканың дамуы ғылымның барлық салаларына, соның ішінде
тіл білімінің дамуына да өз әсерін тигізуде. Қазіргі заман талабына сай
лингвистикада жаңа бағыттар мен түрлі салалардың негізі салынып, дамып, тіл
білімінің зерттеу нысаны кеңейе түсті. Этнолингвистика, когнитивті
лингвистика, лингвомәдениеттаным, паралингвистика, прагмалингвистика
тәрізді лингвистика салалары тілді жан-жақты, ғылыми тұрғыда зерттеуге
мүмкіндік ашты. Қазақ тіл білімі де жаңа бағыттардағы зерттеулермен толығу,
даму үстінде. Ғаламның тілдік бейнесі теориясы да өз кезегінде тілдік
зерттеулерге негіз болып, тілдің дамуына өз үлесін қосуда.
Әрбір жекелеген ұлт түсінігінде әлем әр түрлі көрініс табады. Бұл,
әсіресе, тілде айқын байқалады. Яғни тілдегі әлем бейнесі адамның әлемді
тануының негізі. Бұған Б.Уорф пен Э.Сепирдің көзқарастары тұрғысынан
қарасақ, әр түрлі ұлт осы ғаламды өзінше танып, өзінше пайымдайды. Демек,
тіл біздің ата-бабаларымыздың “ғалам бейнесін” қалпына келтіруімізге
мүмкіндік жасайды, тіл арқылы біз ата-бабаларымыздың “ғалам бейнесін”
елестете аламыз.
Тілдегі ғалам бейнесі, біріншіден, адамның әлемге көзқарасымен
сипатталатын болса, екіншіден, әрбір жеке тілдегі әлем моделіне қоғамдағы
ұлттық әлем бейнесіне ұласады. Бұл жеке тілдің өзінше сипатқа ие болуына
ықпал етеді. Себебі әр тілдің өзіне ғана тән концептуализациялық әдістері
бар. Яғни әрбір жеке тіл ғаламды өзінше бөлшектейді, әрбір концептуальды
тілдің негізінде ғалам бейнесі кескінделген. Ал осы концепт ұғымы -
“когнитивтік лингвистикадағы негізгі ұғым. Семантикалық бағытта концепт
сөзге сәйкес келсе, логикалық бағытта ұғыммен сәйкес келеді. Демек, әлемнің
пәк бейнесі (наивная картина мира) когнитивтік модельде айқындалады. Ол өз
кезегінде ұжымдық санамен, көзқараспен, ұжымдық философиямен байланысты
болады” [1;17].
Бұл мәселе А.А.Уфимцева, Ю.М.Караулов, В.Н.Телия, Е.С.Кубрякова т.б.
ғалымдардың зерттеулеріне негіз болды. Концепт ұғымының мәнін ашуда
А.П.Бабушкин, М.В.Никитин сынды ғалымдардың үлесі зор. Никитинше айтқанда,
концепт дегеніміз – елестету және ұғымның бірлігі. Демек, концепт шындық
өмірдің бейнесі, әрі ұлт санасындағы бейне [2;5].
Әлемнің пәк бейнесі когнитивтік модельде айқындалатын болса, “ол өз
кезегінде ұжымдық санамен, көзқараспен, ұжымдық философиямен байланысты
болады. Демек, ғаламның тілдік бейнесі негізінен және толығымен адамдар
санасындағы әлемнің логикалық бейнесімен сәйкес келеді. Ал ғаламның кез-
келген ұлттық тілдік бейнесінің әмбебаптығы және өзіндік ерекшелігін
айқындайтын метафора, теңеу және символ болып табылады” [1;18].
Жалпы жан-жануарлар символикасы жайында Қ.Қайырбаеваның кандидаттық
жұмысында өте жақсы айтылады. Біз тақырыбымызға сәйкес жылқы малына
байланысты символдарға тоқталмақпыз.
Бұл дүние түгілі о дүниені де жылқысыз елестете алмайтын қазақ халқы
үшін жылқы біріншіден, күннің, қозғалыстың, тұрақтылықтың символы. Сонымен
бірге қазақ ұғымында жылқы – жоғарғы әлемнің символы. Сиыр – о дүниенің
бейнесі болса, қой – материалдық әлемнің белгісі, ал түйе – ғарыштың
символы [3;32]. Ж.К.Каракузова, М.Ш.Хасанов “Космос казахской культуры”
деген еңбегінде өзге төрт түлікпен қатар жылқы малының да символдық мәніне
тоқталады. Авторлар жылқы – жоғары әлемнің, даналық әлемінің, ата-бабалар
әлемінің символы, ол әсіресе салт-дәстүрлерде айрықша көрініс тапқан дейді.
Расында да дүниеге келу, үйлену, жерлеу рәсімдерінде басқа түліктерден
жылқы түлігінің орны ерекшеленіп тұрады. Сондықтан болар, тілімізде жылқы
малына қатысты жөн-жораларды, салт–дәстүрлерді көптеп кездестіруге болады.
Мәселен, нәресте дүниеге келгенде кіндігін ай балтамен кесіп, таза
жіппен байлайды. Кіндік кескен балтаны пайдаланбай, сақтап қояды. Кіндік үш-
төрт күнде түседі. Ұл баланың кіндігін “үй күшік болмасын, далада өскен
батыр болсын” деп, қырдан асырып лақтырып жібереді. Ал қыз баланың кіндігін
“үйдің құты болсын” деп, от басына, ошақтың түбіне көмеді. Кейде бала “ат
құлағында ойнасын” деген тілекпен, аттың жалына байлап қоятын да дағды бар.

Ал сәбиді бесікке кез-келген әйел салмайды. Бұл қызметті бойы таза,
инабатты, жөн білетін, ел-жұртқа сыйлы, немерелі-шөберелі бәйбіше
орындайды. Баланы бесікке саларда таза темірді немесе сол үйдегі қысқашты,
темір көсеуді отқа қыздырып, бесіктің арқалығынан бірнеше жерді қариды. Бұл
– жын-шайтан өлсін, балаға бәле-жала жабыспасын дегені. Сонан соң
әйелдердің біреуі: “Бала қырандай алғыр болсын” деп, бүркіттің тұяғын
бесікке байлайды. Тағы біреуі бесіктің екі жағынан қылыш жарқылдатып: “Жау
жүрек батыр болсын” десе, үшіншісі бесіктің екі жағынан қамшы үйіріп:
“Тақымынан тұлпар кетпесін, бәйге бермес шабандоз болсын” деген тілек
айтады. Яғни, бұдан байқайтынымыз, қазақ халқы үшін жылқының орны ерекше.
Ата-ана үшін баладан артық қандай қуаныш бар? Ал сол балаға бұл дүние
есігін ашар-ашпастан “тақымыңнан тұлпар кетпесін” деген тілек айтылса,
жылқының қазақ халқының өмірінде маңызы зор болғандығынан деп ойлаймыз.
“Қыз баланың жат жұрттық екенін мойындағанмен, қазақ атамыз жиендерін
ешқашан сыртқа теппеген. Қайта олар жат бауыр болып кетпес үшін жиі-жиі ат
ізін салып, жиендерін жыл сайын бір-екі рет сыйлы қонақ етіп, тік тұрып
күтіп алуды үлкен мәртебе санаған. Ес біліп, етек жия бастаған кезінен-ақ
нағашылары жиендерін қамқорлықтарына алып, баулып, аталары оған үйірлі
жылқының ішінен таңдап жүріп, тай мінгізеді. Ол жиеннің бәсіресі, бәсіре
тай, немесе “жиенқұрық” деп аталады. “Ат – ер қанаты”. Осындай нағашы
аталары таңдап берген бәсірелерімен сал серілігі, атбегілік атағы шыққан
бозбалалар халқымызда аз болмаған. “Үйдің жақсы болмағы – ағашынан, баланың
жақсы болмағы – нағашыдан” деген нақылды да аталарымыз осындайдан айтса
керек.
Қысқасы, шыр етіп жарық дүниеге келгеннен, ат жалын тартып мініп
азамат болғанға дейін, одан оңаша отау тігіп, өз алдына үй болғанша
нағашылар жағы жиендерін назардан тыс қалдырмайды” (Д.Досжанов).
Әр жылы бие ағытарда туыстарының балаларына құлыннан бәсіре беретін
Биағаң биыл кезекті кәрі күйеудің тайыншаға мінген балаларының біреуіне
атап жүр еді ішінен (А.Жүнісов).
“Қазақ қызға енші бермейді” деп кейбір шығыстағылар қате түсінеді. Қыз
ұзатылады деп жасауын бір әкетсе, артынан төркіндеп келді деп еншісін екі
әкетеді. Бұдан қалғанын қырық серкешім деп, шұбар тайым деп жиендер жиып
алады (А.Жүнісов).
Атқа (ашамайға) мінгізу тойы. Бала үш жасқа толғанда жеке атқа
мінгізіледі. Ол үшін балаға арнап ашамай дайындалады. Оның беттері
ересектерге арналған ер ағаштың бетіндей алтынмен апталып, күміспен
күптелмейді. Ұзағанда сырмен ою-өрнек салынады. Ашамайдың мұндай қарапайым
болуын халқымыздың “жас балаға тіл мен көз тигіш болады” дейтін ырымынан
бөле қарауға болмайды. Жас баланың атқа мінуі халқымыздағы балаға арналған
тәрбиелік маңызы ерекше аялы қамқорлықтың бірі. Бұл оқиға ес біле бастаған
жасөспірім үшін мәңгі естен кетпес қуаныш. Сондықтан да баланың атқа міну
қуанышына арналған той бала өміріндегі тойлардың ең елеулілерінің бірі
болып саналатын. Ауқатты адамдар “жоғарғы елге жорға бие, төменгі елге
төбел бие сойып” дегендей ұланғайыр той жасап, ат шаптырып, балдан түсіріп,
көкпар тартқызатын. Баланың мінген атына да салмақты шарт қойылатын. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
І.есенберлиннің “көшпенділер” романындағы жылқы атауларының этнолингвистикалық мәні
Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»
Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері
Танымның адам өмірінде алатын рөлін мәтінге талдау жасау арқылы айқындау
І. Есенберлин шығармаларындағы туынды бірліктер және олардың жасалу жолдары
Қазақ тілдесім бірліктерінің коммуникативтік және прагматикалық ерекшеліктері
Этнолингвистиканың теориялық негіздері
Жұмабаев Мағжанның тілдік тұлғасы
Фразеологизмдердің уәжділік тұрғысынан зерттелуі
Ғаламның тілдік бейнесі динамикалы негізді және ғалам бейнесіне тілдік араласудың нәтижесі
Пәндер